Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

3.Азаматтық құқықтағы  шарттар

Азаматтық-құқықтық қатынастардың  басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше  ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса  да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы  сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар  арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын  дәлелді құжат болып табылған.

Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы  қоғамның әлеуметтік – экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға  мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық  айналым әртүрлі субъектілер  мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету  үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал  қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы әсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.

Одан берігеректе тарап  кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болмады.

Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі – сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып  алу-сату шарты. Мысалы, осы жерде  айта кететін нәрсе, бұрын Кеңес  одағы кезінде кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты  болмаған, ал қазіргі нарықтық экономикада  «жаппай жекешелендіру» бағыт-бағдарына  сәйкес пайда болды.

Қоғамымыздың қазіргі  сатыдағы дамуы азаматтық-шарттық  қатынастардың кең түрде қанат  жаюмен сипатталады, мұның өзі Қазақстан  Республикасының әкімшілік басқару  жүйесінен бас тартып нарықтық қатынастарды дамытуға бет бұрғандығының куәсі. Нарық субьектілерінің белсенді қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы  және өндіріс капиталының «көлеңкелі бизнеске» қарай ойысуына апаратын бірден-бір себеп болар еді.

 

БИЛЕТ  № 19

1.Заңды тұлға  түсінігі және түрлері

Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел  басқару құқығындағы оқшау мүлкі  бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды  тұлға дербес балансы немес сметасы  болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды  тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар  арасында бөлмейтін заңды тұлға  коммерциялық емес ұйым деп танылады.

3-бап. Заңды тұлға ұғымы

1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу  немесе жедел басқару құқығындағы  оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен  өз мiндеттемелерi бойынша жауап  беретiн, өз атынан мүлiктiк  және мүлiктiк емес жеке құқықтар  мен мiндеттерге ие болып, оларды  жүзеге асыра алатын, сотта талапкер  және жауапкер бола алатын  ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы  немесе сметасы болуға тиiс.

2. Заңды тұлғаның өз  атауы жазылған мөрi болады.34-бап.  Заңды тұлғалардың түрлерi мен  нысандары1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi  көздейтiн (коммерциялық ұйым) не  мұндай мақсат ретiнде пайда  келтiре алмайтын және алынған  таза табысын қатысушыларына  үлестiрмейтiн (коммерциялық емес  ұйым) ұйым заңды тұлға бола  алады. 2. Коммерциялық ұйым болып  табылатын заңды тұлға мемлекеттiк  кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк,  акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив  нысандарында ғана құрылуы мүмкiн  3. Коммерциялық емес ұйым болып  табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк  қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық  қор, дiни бiрлестiк нысанында  және заң құжаттарында көзделген  өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. 
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. 3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. 4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (осы Кодекстiң 110-бабы). 5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi. Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 1998.12.16. N 320, 2007.01.12. N 225 Заңдарымен.35-бап. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi1. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты мiндеттердi осы Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн.Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн. 
Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады.2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi. Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320 Заңдарымен.

 

2.Әлеуметтік қамсыздандыру  бойынша құқықтыққатынас түсінігі  және түрлері

Бұл қай орган және қандай мәселелер бойынша оларды қабылдағанына  қарай ажыратылатын нормативтік  құқықтық актілер. Әлеуметтік қамсыздандыру  құқығының қайнар көздерінің түсінігі тура мағынада әлеуметтік қамсыздандыру  құқығының нормаларына бастау беретін, әлеуметтік қамсыздандыру туралы құқықтық нормалардың мазмұнын анықтайтын қасиетті білдіреді, сол себепті әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерін әлеуметтік қамсыздандыру құқығының  нормаларынан тұратын, құзыретті органдардың  жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады.

Нормативтік құқықтық актілер  негізгі және туынды болып бөлінеді.Қазақстан  Республикасында қабылданатын заңдар мен өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі  тиіс.Конституцияға сәйкес Қазақстан  Республикасы саясаты адамның жақсы  өмірі мен еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған  саясатқа ие әлеуметтік мемлекет болып  табылады.Қазақстан Республикасында  адамдардың еңбегі мен денсаулығы қорғалады, отбасын, балаларды және аналарды, мүгедектерді және қарт адамдарды мемлекеттік  қолдау қамтамасыз етіледі, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дамып жатыр, мемлекеттік зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік қорғаудың өзге де кепілдіктері белгіленеді. Соған қоса, азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру  саласындағы құқықтары ҚР Конституциясының жекелеген баптарында белгіленген (28, 29, 30-баптары).Бұл заңдылық қағидасының  мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті  пайдалану саласындағы барлық маңызды  қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс  берушілер мен азаматтардың еңбек  қабілеттігі мәселелері жөніндегі  негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты маңызды  мәселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы заңға  сәйкес актілермен реттеледі.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздері  өз жүйесіне ие, ол әлеуметтік қамсыздандыру  құқығының барлық заңдарының біртұтас кешенде орналасу құрамын, өзара  байланысын және кезектілігін білдіреді.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерін былайша түрлерге бөлуге болады:1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (28, 29, 30-баптары);2. Халықаралық-құқықтық актілер – халықаралық конвенциялар, декларациялар, ТМД елдерінің арасындағы келісімдер;ҚР Конституциясына және ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес заңдардың келесі түрлерін атап өтуге болады:А) ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар. Олар ҚР Конституциясында (62-б. 3-т.) белгіленген тәртіппен қабылданады. Мысалы: мемлекеттік қызметшілердің жасына қойылатын талапты жойған  ҚР 1998 жылғы 7 қазандағы «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы (33-б. 4-т.);Еңбекті қорғаудың негіздері туралы заң еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысында қызметкерлердің өмір және денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін, сонымен қатар әлеуметтік қорғау мәселелерін реттейді.Заңдардан өзге барлық қайнар көздер заңға сәйкес актілер болып табылады, олар: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары және т.б.Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен қабылданған бірқатар актілер де бар.

3.Құқық қорғау  органдарының жүйесіндегі Конституциялық  Кеңес

Конституциялық кеңес  – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын ерекше сот органы (Франция, т.б. елдерде). Ол белгілі бір заңның, әкімшілік актінің немесе өзге шараның  Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені сот рәсімдемесінің ережелері бойынша  талқылау жолымен емес, кеңестің бір  мүшесінің осы мәселе бойынша  баяндамасын талқылау арқылы қарайды. Конституциялық кеңес Конституциялық сот сияқты, әдетте, аралас негізде  жасақталады: мүшелердің бір бөлігін  республика президенті, бір бөлігін  парламент палаталарының төрағалары немесе өзге органдар тағайындайды. Қазақстан  Республикасында Конституциялық кеңес  – Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік  организация Конституцияның мәртебелілігі  – билік органының немесе оның лауазымды тұлғасының қандайда болсын құқықтық актісінің, іс-әрекетінің Конституцияға  сай келуі, оған қайшы келмеуі. Конституциялық кеңестің өкілеттіктері де Конституция  нормаларының бұзылуына жол бермеуге, оның алдын алуға бағытталған. Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз етуде Конституциялық кеңес дербес және мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға  тәуелсіз болып табылады және тек  Конституцияға ғана бағынады, қандай да болсын және басқа саяси себептерді негізге ала алмайды. Қазақстан  Республикасының Конституциялық кеңесі жеті мүшеден жасақталады. Бұған  қоса республиканың экс-Президенттері  де оған өмір бойы мүше болады. Конституциялық кеңестің Төрағасын Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 1-тармағына сәйкес Конституциялық кеңестің қарауына мынадай мәселелер жатады: дау туған жағдайда республика Президенті сайлауының, Парламент депутаттары сайлауының және республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешеді; Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Республиканың халықаралық шарттары бекітілгенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Конституция нормаларына ресми түсініктеме береді; Парламент республика Президентін мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы шешім қабылдағанға дейін және республика Президентін қызметінен босату туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін – белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталуы туралы қорытынды береді. Сондай-ақ, сот қолданыстағы заң немесе өзге де нормативтік-құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан жағдайда, акт Конституцияға сай келмейді деп тану туралы соттардың өтініштерін қарау және конституциялық іс жүргізу тәжірибесін қорыту нәтижелері бойынша жыл сайын Парламентке республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жіберу өкілеттіктері де Конституциялық кеңестің құзырына жатады. Аталмыш 5 өкілеттік тобын Конституциялық кеңес республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша жасақтайды.

 

БИЛЕТ  № 20

1.Құқық қорғау  органдарының жүйесіндегі ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  қызметі. Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен  қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді. ҰҚК жүйесінде  барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік  мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган  және басқа құрылымдар жұмыс істейді. ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның  ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген  адамдарының барлау және дұшпандық  қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен  әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі. ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа  маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады. 
Лаңкестікпен күресу – 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда Мәскеудегі театр орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды. Сондықтан ҚР-ның ҰҚК-ті лаңкестікпен күресу жөніндегі өз қызметін басқа мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырады. ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді.

2.Қылмыс құрамы

Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау үшін аса маңызды болып табылады. Қылмыстық  заң бойынша қылмыстың субъектісі болып қылмыстық жауаптылыққа тартылуда  кез келген адам жатады. Қылмыстық  жауаптылыққа есі дұрыс. Қылмыс жасаған  уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14, 18-ге толған жеке адамдар жатады.

Сонымен кез келген қылмыс құрамының субъектісінің жалпы  белгілері болып жеке адам, есі  дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар  саналады. Қайсыбір қылмыс құрамдары  үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден  бөтен қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін. Әдетте мұндай қосымша белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді. Мысалы, пара алудың субъектісі болып тек мемлекеттік  органдардың адамдары ғана, ал әскери қылмыстардың субъектісі болып тек  әскери қызметкерлердің болуы қылмыстың  субъектісін белгілейтін белгілердің  қылмысты саралау үшін, қылмыстық  жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін анықтауда маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық  құқық теориясында қылмыстың  құрамының қажетті міндетті белгілері  және факультативтік белгілері болып  өзгешеленеді. Мұндай өзгешелену қылмыс құрамының мазмұнын ашуға, қылмыстық  іс-әрекетті дұрыс саралауға көмектеседі. Қылмыс құрамының қажетті, міндетті белгілері дегеніміз бұл кез  келген қылмыс құрамында болатын  белгілер. Ондай белгілердің кем  дегенде біреуінің болмауы қылмыс құрамының мүлдем болмауының көрінісі болып табылады. Мұндай белгілерге жататындар: әрекет немесе әрекетсіздік, кінәнің нысаны, адамның есі дұрыстығы, оның белгілі бір жасқа толуы.

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"