Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

2.ҚР мемлекеттік  қызмет түсінігі мен қағидалары

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесінсаяси; әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.

3.Әкімшілік жауапкершілік

Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.

Әкімшілік жауапкершілік  әкімшілік құқық бұзушылыққа  заңды  түрде жауап беру болып  табылады. Заңмен және заңдық актілермен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылық  жасағаны үшін, соттау немесе жұмыстан босату сияқты жазалар қолдануды  қажет етпейтін, әкімшілік сөгіс  қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілік  шараларын қолдануға негіз құқық  бұзушылық болып табылады (құқық  бұзушылық белгілерінің болуы).

Аталған сөгістің қайсыбірін қолдану бір жыл бойы тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын  білдіреді, тек бір жылдан кейін  әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

 

БИЛЕТ  № 23

1.Әкімшілік құқықтық  қатынас субъектілері

Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл мемлекеттік басқару  аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық  нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу —құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына карай өкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей) қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы, атқару билігі органы мен азамат). Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын қатынастарды реттеп отырады

2.Экологиялық құқық  түсінігі

Экологиялық құқық – бұл  жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың  және мемлекеттің экологиялық құықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша, қоршаған табиғи ортаны және табиғи ресурстарды  тиімді пайдалануды қорғау бойынша  қатынастарды реттейтін құқықтық мөлшерлер  жиынтығы.

Экологиялық құқықты құқықтық реттеу мәні келесі қатынастар болып  табылады: а) жеке тұлғалардың, заңды  тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық  құықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша; б) табиғатты қорғау қатынастары; в) табиғи ресурсты қатынастар.

Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу әдісі әкімшілік және азаматтық  құқық әдістеріне тән биліктік-авторитарлық және автономдық сипаттарды бойына біріктіреді.

Экологиялық құқық жүйесі оқу тәртібі ретінде Жалпы, Ерекше және Арнайы бөлімдерден тұрады. Жалпы  бөлімде экологиялық құқықтың мәні, әдісі, жүйесі, дерек көздері сияқты; табиғи ресурстарға меншік құқығы; табиғатты пайдалану құқығы және т.б.  мәселелер қарастырылады. Ерекше бөлімде табиғаттың  жеке нысандарын ( жер, жер қойнауы, ормандар, жануарлар әлемі және т.б.) пайдалану және қорғаудың құқықтық режимі қарастырылады. Арнайы бөлімде қоршаған табиғи ортаны және табиғатты пайдалануды халықаралық-құқықтық қорғаудың мәселелері қарастырылады.

3.Құқықтың қайнар  көзі

Жалпыға міндетті, заңдық маңыз  берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс-құжатты  нысанда көрінетін нормалардың  жиынтығы құқықтың қайнар көздері деп  аталады. Құқықтың дерек көздерінен құқықтың нысандарын айыра білу керек. Біріншіден, құқықтың дерек көздері  әрқашан құқықтық нысан түрінде  институтталған, ал құқық шығару іс-әрекетінің нәтижесі. Екіншіден, адамдардың мінез-құлығын  құқықтың нысанына сіңген құқық ережелері  анықтайды, реттейді.Құқықтану, құқық  негіздеріне байланысты әдебиеттерде құқықтың алты қайнар көздері көрсетіледі: құқықтық дәстүр, нормативтік кесім, соттық үлгі, шарт, сот практикасын  байыту, ғылыми құқықтық доктрина.

Құқықтың пайда болуы  мемлекеттің пайда болу себептерімен айқындалады. Мемлекетаса маңызды  әлеуметтік нормаларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтың жаңа нормаларын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асырады.

Құқық - мемлекет белгілеген жалпыға міндетті, белгілі бір  өзін-өзі ұстау мәнері ережелерінің жүйесі, оның көмегі арқылы жеке тұлғаның және қоғамның аса маңызды мүдделері  жүзеге асырылады. Құқық нормаларымен қоса қоғамда қарым-қатынасты реттеуші ретінде мораль нормалары, діни нормалар т.б. қызмет жасайды. Алайда құқық басқа  әлеуметтік нормалардан мемлекет тарапынан  шығатындығымен ерекшеленеді; құқық  нормалар жалпыға бірдей міндетті; жазбаша түрде ресімделген, бекітілген.

Құқық қоғамдық қатынастарды реттей алу үшін сыртқы көрінісі болуы  керек. Құқықтық доктринада құқықтың қайнар көзі, яғни жеткізу амалы және құқықтық нормаларды бекіту секілді ұғым пайдаланылады.

 

БИЛЕТ  № 24

1.Қазақстан Республикасы  – біртұтас, демократиялық, зайырлы,  құқықтық және әлеуметтік мемлекет

Конституцияның 1-бабында  Қазақстан Республикасы егеменді, демократиялық, зиялы (зайырлы), құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып жарияланған. ҚР егемендігі  басқа мемлекеттердің егемендігін  бұзбай ішкі және сыртқы мәселелерді  өзі шешуді көрсететін тәуелсіздігін  көрсетеді. Демократизмнің басты құрамы халықтық басқару, үкімет бөлу, саяси плюрализм, ұлттық егемендік, жергілікті өзін-өзі басқару болып табылады.

Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет. Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет – ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды. Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды. Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.

ҚР зайырлы  мемлекет деп жариялау Республикада ресми мемлекеттік діннің болмауын, мемлекеттің барлық діндерге тең қарауын білдіреді. Дін мемлекеттен толық бөлінген, діни негізде саяси партиялар қызметтеріне жол берілмейді. Мемлекет діни бірлестіктердің қызметтеріне араласпайды, олардың дамуына кедергі жасамайды.

Әлеуметтік  мемлекет – саяси ұйым, оның басты міндеттері  адам өміріне лайықты жағдай құру, әлеуметтік теңдік принциптері құқығын бекіту болып табылады. Әлеуметтік қатынастар  еңбек, білім беру, денсаулық сақтау, демалыс, зейнетақылық қамтамасыз ету және т.б.  мәселелерді қамтиды.

Құқықтық  мемлекет лауазымды адамдар мен азаматардың мемлекеттік органдар үшін міндетті құқықтық құсқамалары белгілерімен сипатталады; мемлекет пен тұлғалардың өзара жауапкершіліктері; заңның басымдылығы; үкімет бөлу принциптерін іске асыру; заң басымдылықтары; сот үкіметтерінің тәуелсіздігі және басқалар.

ҚР Конституциясы басқарудың республикалық нысанын белгілейді. Мемлекет басында бүкіл халық  сайлаған Президент тұрады. Ол Қазақстан  халқының аты мен барлық мемлекет атынан сөйлеуге құқылы

2.Жеке еңбек  шартын бұзу

Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шартбойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.

Еңбек шарты - бұл қызметкер  мен жұмыс беруші арасында жасалатын  екіжақты келісім, ол бойынша қызметкер  белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс  берушінің актілерін орындауға, ал жұмыс беруші уақытында және толық  көлемде қызметкердің еңбекақысын, заңмен және тараптардың келісімі бойынша  көзделген басқа да ақшалай төлемдерді төлеуге, еңбек туралы заңнамамен және ұжымдық шартпен көзделген еңбек  жағдайын қамтамасыз етуге  міндеттенеді.

Еңбек шарты белгіленбеген  мерзімге, бір жылдан кем емес белгілі  бір мерзімге  жасалуы мүмкін. Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі;

Қызметкермен еңбек шарты  жұмыс берушінің бастамасы бойынша: 1). жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі  тоқтатылған; 2). қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған;     3). біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 4). өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 5). сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған;

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"