Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

3.Мемлекеттік қаржы  қызметі

Мемлекеттің қаржылық қызметі  оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану  сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы  функцияларында білінеді.Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін  құрудың ерекшеліктері мен анықталады.Мемлекет әр - түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай – ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің  ақша қаражаттарына өзінің ықпалын  жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік  кәсіпорындардың қаржы –қаражаттарын  жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі  функцияларын жүзеге асырады.

Сол немесе өзге функциялардың  мазмұны, рөліне және іс - қимылының  ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік  басқару атқарушы - өкімші қызмет түрінде  жүзеге асыралады.Мемлекеттің биліктің жоғары органы-Қазақстан Республикасының  Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі  органдары – депутаттардың жиналысы-маслихаттар.Атқарушы биліктің басшысы Президент болып  табылады, атқарушы - өкімші қызметті Қазақстан  Республикасының Үкіметі, жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді.

А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен байланыстырады: 1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық өмірдің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді; 2) техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне кажеттілікті кажет етеді, бұл капитапды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар камтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың кызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге катысуы тиіс; 3) көрсетілетін кызметтерден болатын пайда экономикалықбағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.

 

БИЛЕТ  № 10

1.ҚР құқық қорғау  органдары жүйесіндегі Прокуратура

Прокуратура – Республика аумағында заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірқалыпты қолданылуын  жоғарыдан бақылаудың, жедел іздестіру  қызметінің, анықтау және тергеу, әкімшілік  және атқарушы өндірістің заңдылығын қамтамасыз етеді.

Прокуратура қызметі көп  қырлы және мазмұндылығы жағынан  маңызды. Ол қоғамдық қатынастардың  заңнамалық реттеуді талап ететін көптеген салаларын қамтиды. Құқықтық нормаларды қолданған кезде туындайтын қандайда болмасын мәселе прокуратураның (юрисдикциясына) хұкімі шегіне енеді. Прокуратураның барлық органы Бас прокурорға бағынады. Прокурордың лауазымды атқару мерзімі белгіленбеген. Бас прокурор 5 жыл мерзімге тағайындалады.

Прокурорды тағайындаудың  басты себебі, құқық бұзушыларға, құқық бұзушылыққа және олардың  салдарларына императивтік ықпал етудің мейлінше тиімді демократиялық әдісін қолданып, сондай-ақ елдегі заңдылықтың  нығайюына жәрдемдесу болып табылады. Прокуратура құзыреттігі:

1) қылмыспен күресте басты ұйымдастырушы және үйлестіруші болады;

2) тергеу, анықтау және жедел іздестіру қызметін жүргізуге құзырлы барлық мемлекеттік органдар қызметінің заңдылықтарын бақылайды;

3) тұтқындау және барынша маңызды тергеу әрекетіне санкция береді;

4) жазаланушыны сотқа береді;

5) мемлекеттік айыптауды қолдайды;

6) заңда қарастырылған жағдайларда азаматтық процесстерде арыз беруші тарапынан басты процессте айыптаушы жақ болады;

7) қылмыстық және азаматтық істер бойынша наразылық білдіру құқығына ие;

8) басқа да өкілеттіліктер атқарады.

Прокурорлар келесі қадағалау  түрлерін жүргізеді:

1) адам және азаматтың құқықтары мен бас еркіндіктерін, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерінің сақталуын қадағалау;

2) жедел іздестіру қызметін қадағалау;

3) тергеу және анықтау заңдылықтарын қадағалау;

4) әкімшілік істердің заңдылығын қадағалау;

5) атқарушы істердің заңдылықтарын қадағалау;

6) сот қаулыларының заңдылықтарын қадағалау.

Қадағалау міндетінен басқа  прокуратура басқа міндеттерді  атқарады – бұл қылмыстық іздестіру  және сотта мемлекет мүддесін қорғау.

Прокурор жүзеге асыратын қылмыстық іздестіру қылмыс жасаған  тұлғалардың кінәсын мойындату, сондай-ақ оларға жаза қолдану немесе басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал  ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету. Прокурор бұл ретте, анықтау  және алдын-ала тергеу органы сияқты жеке тергеу әрекеттерін жасауға, оларды жүргізу туралы тапсырма беруге құқылы.

2.Жеке тұлғаның  конституциялық-құқықтық мәртебесі

Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының  нормаларында көрсетілген адам мен  азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен  анықталады.   Тұлғаның құқықтық дәрежесінің негізі бүкіл құқық  пен еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен еркіндігін қамтиды. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі

Конституциялық-құқықтық мәртебе—Конституциямен өзге де конституциялық-құқықтық нормаларда бекітілген, мемлекет таныған және кепілдікке алған, адам және азаматтың  негізгі құқықтары, бостандықтары, зандық мүдделері мен міндеттерінің  жиынтығы. Конституциялық мәртебе құрылымына мынадай бөліктер кіреді:негізгі  құқық, бостандықтар, заңды мүдделер мен міндеттер; азаматтық; құкық  мәртебесінің кепілдіктері.

Құқықтық мәртебенін түрлері: а) азаматтардың жалпы немесе конституциялық мәртебесі; ә) азаматтардын кейбір санаттарына  арнайы және туғанынан берілетін  мәртебесі; б) жеке адам мәртебесі; в) жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі; г) шетелдіктердің, азаматтығы жоктардың, босқындардың мәртебесі; ғ) шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының мәртебесі; д) салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқыктық және т.б. е) кәсіби және лауазымдық мәртебе (депутат, министр,судья, прокурор мәртебесі); ж) әр түрлі шүғыл жағдайларда және еліміздің арнайы аймактарында жұмыс істейтін тұлғалардың мәртебесі

 ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілген, «адам құқықтары  мен бостандықтары әркімге тумысынан  жазылған, олар абсолютті деп  танылады, олардан ешкім айыра  алмайды». Дәл осы тұрғыдағы құқықтар  конституцияда бекітіледі. Негізгі  еркіндіктер мен құқықтарға ерекше  заңдық қасиет тән:   а) конституциялық  құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның  құқықтық дәрежесінің ядросын  құрайды және басқа құқық салаларында  бекітілген барлық құқықтың негізінде  болады;  б) әрбір адам мен  азаматқа негізгі құқықтар мен  еркіндктер бекітіледі. Барлық басқа  ( негізгі емес) құқықтар мен еркіндіктер  тұлғаның әртүрлі дәрежені иеленуімен  байланысты (жұмысшылар мен қызметшілердің, мүлік иелерінің, тұрғын үйді  иеленушілер және т.б.)  в) негізгі  құқық, еркіндік пен міндеттердің  негізгі сипаты олардың жалпыға  бірдейлілігі. Олар тең және бәрі  үшін түгелімен ортақ, сәйкесінше  әр адам немесе әр азамат  үшін. Мемлекеттің қандай да бір  құқықты негізгі деп тануы  оның барлығымен жүзеге асырылу  мүмкіндігінен туындайды.   г)  ҚР азаматтарының негізгі еркіндіктері  мен құқықтары басқа құқықтар  мен міндеттердің пайда болу  негізінен ерекшеленеді. Жалғыз  мұндай негіз ҚР азаматтығында  болу болып табылады. Негізгі  құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның  мемлекетпен байланысын, оның азамат  ретіндегі дәрежесін көрсетеді;  д) ҚР азаматының негізгі құқықтары  мен еркіндіктерін азамат өзін  еркін білдіру бойынша иелене  алмайды және айырылмайды. Олар  оған азаматтықтың күшімен келеді, құқықтық дәрежеден бөлінбейді және тек азаматтықты жоғалтқан кезде ғана жоғалтуы мүмкін.  е) негізгі құқықтар мен еркіндіктер оларды жүзеге асыру механизмімен ерекшеленеді. Басқа құқықтар мен азаматтың нақты құқықтық қатынастарға қатысуы арқылы оның құқықтық қабілеттілігін жүзеге асыру процессінде адам мен азаматтың игілігі болуы мүмкін. Негізгі құқықтар нақты сферада кез-келген құқықтық қатынастың алғы шарты ретінде және әр бір құқықтық қатынасқа қатысушының тұрақты ажырамас құқығы болады.   ж) негізгі құқықтар, еркіндіктер мен міндеттердің басты сипаты олардың бекітілуінің ерекше заңдық формасы, олар жоғарғы заңдық күші бар мемлекеттің құқықтық актісі – Конституцияда жазылған.

3.Әлеуметтік қамсыздандыру  құқығы түсінігі

Әлеуметтік қамсыздандыру  құқығының қайнар көздерінің түсінігі тура мағынада әлеуметтік қамсыздандыру  құқығының нормаларына бастау беретін, әлеуметтік қамсыздандыру туралы құқықтық нормалардың мазмұнын анықтайтын қасиетті білдіреді, сол себепті әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерін әлеуметтік қамсыздандыру құқығының  нормаларынан тұратын, құзыретті органдардың  жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады.

• Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі бұл нормаларды, жүрістұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттің уәкілетті органдарының құқықты қалыптастыруға, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар және өзге де нормативтік құқықтық актілер нысанын беруге байланысты тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз құқық қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.

• Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарының зейнетақы және өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығармашылық қызметінің нәтижелерін түсінуге болады. Басқаша айтар болсақ, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері – бұл әлеуметтік қамсыздандыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер.

• Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының  қайнар көздері осы саланың нормаларынан тұрады, оларды осы нормаларды қолдану актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы еңбекке жарамсыз азаматтарды зейнетақылармен немесе жәрдемақылармен қамтамасыз ету туралы нормалардан тұратын құқық.

• Әлеуметік қамсыздандыру бұл қағидаға тек еңбек пен немесе қоғамдық жұмыспен айналысқан  ғана емес,сонымен қатар жұмыс істемеген азаматтардың да(мысалы жетім балалар,мүгедектер,жұмыс істемеген азаматтардың да әлеуметттік зейнетақы алуға құқығы бар)зейнетақы алу құқығына ие болатынын көрініс табады.

• Сонымен қатар,жалпыға ортақтық қағидасы әлеуметтік қамсыздандыру құқығын тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес,соған қоса,егер заңдарда және халықаралы шарттарда өзгеше көзделмесе,ҚР аумағында тұратын шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ жететіндік көрініс табады.Әлеуметтік қамсындандырудың қол жететіндік қағидасы әлеуметтік қамсындандырудың жекелеген түрлерін тағайындау,беру және төлеу тәртібін бекітетін нормалардан өз көрінісін табады..Әлеуметтік  қамсындандырудың  бүкіл жүйесі адамға әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түрін алушыға мейілінше жақындау үшін құралған.

 

БИЛЕТ  № 11

1.Экологиялық құқық  – құқықтың қайнар көзі ретінде

Экологиялық құқық – бұл  жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың  және мемлекеттің экологиялық құықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша, қоршаған табиғи ортаны және табиғи ресурстарды  тиімді пайдалануды қорғау бойынша  қатынастарды реттейтін құқықтық мөлшерлер  жиынтығы.

Экологиялық құқықты құқықтық реттеу мәні келесі қатынастар болып  табылады: а) жеке тұлғалардың, заңды  тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық  құықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша; б) табиғатты қорғау қатынастары; в) табиғи ресурсты қатынастар.

Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу әдісі әкімшілік және азаматтық  құқық әдістеріне тән биліктік-авторитарлық және автономдық сипаттарды бойына біріктіреді.

Экологиялық құқық жүйесі оқу тәртібі ретінде Жалпы, Ерекше және Арнайы бөлімдерден тұрады. Жалпы  бөлімде экологиялық құқықтың мәні, әдісі, жүйесі, дерек көздері сияқты; табиғи ресурстарға меншік құқығы; табиғатты пайдалану құқығы және т.б.  мәселелер қарастырылады. Ерекше бөлімде табиғаттың  жеке нысандарын ( жер, жер қойнауы, ормандар, жануарлар  әлемі және т.б.) пайдалану және қорғаудың  құқықтық режимі қарастырылады. Арнайы бөлімде қоршаған табиғи ортаны және табиғатты пайдалануды халықаралық-құқықтық қорғаудың мәселелері қарастырылады.

Экологиялық заңнама - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың және мемлекеттің  заңды мүдделері мен экологиялық  құқықтарын қорғауға, қоршаған табиғи ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды  тиімді пайдалануға бағытталған  мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер жиынтығы. Экологиялық құқықтың кайнар көздеріне ҚР Конституциясы, ҚР Заңдары (15.07.0997ж. «Қоршаған ортаны қорғау туралы», 18.03.1997ж. «Экологиялық сараптама туралы», 15.07.1997ж. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», Жер Кодексі), сондай-ақ Президенттің, Үкіметтің, министрліктердің, ведомстволардың нормативтік құқықтық актілері жатады. Объективтік мағынадағы табиғи ресурстарға меншік құқығы - табиғи ресурстарға меншіктік қатынасты реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Субъективті мағынада - нақты меншік иесінің табиғи ресурстарды иелену, пайдалану құқығының жиынтығы. Мемлекет, жеке және заңды тұлғалар табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері болып табылады. Объектілері - жер, жер қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі. Табиғатты пайдалану құқығы  объективті мағынада - табиғатты пайдаланудың тәртібі мен шарттарын, табиғатты пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттемелерін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Субъективті мағынада - нақты табиғатты пайдаланушының табиғи ресурстарға иелік ету және пайдалануы бойынша экологиялық заңнамамен белгіленген  құқықтар жиынтығы. Табиғатты пайдалану құқығының субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Табиғатты пайдалану құқығының мазмұнын табиғатты пайдаланушының құқықтары мен міндеттері құрайды.

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"