Мажеритарлық сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 16:20, контрольная работа

Краткое описание

1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Содержание

1. Момер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М. Прогресс-Универс., 1993 г.

2. Конституционное право зарубежных стран: Учебное пособие. М., 1997.
3. Иностранное конституционное право. (конституции зарубежных государств). / Под ред. В.В.Маклакова. М., 1996.
4. Конституционное право России. Сборник методических материалов. М., 1999.
5. Ө.Қ.Қопабаев. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 1998.
6. А.Абельдинов, О.К.Копабаев. Конституционное право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
7. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 1. / Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1993.
8. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 2. /Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1995.
9. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М., 1998.
10. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М., 1998.
11. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М., 1997.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мико.doc

— 969.50 Кб (Скачать документ)

366-бап. Несие берушiнiң мерзiмдi өткiзiп алуы 

1. Егер несие берушi борышқор  ұсынған тиiстi дәрежедегi орындауды  қабылдаудан бас тартса, немесе заңдарда немесе шартта көзделген, не iскерлiк айналым дәстүрлерiнен немесе аяқталғанға дейiн борышқор өз мiндетiн атқара алмаған мiндеттiң мәнiнен туындайтын әрекеттердi жасамаған болса, ол мерзiмдi өткiзiп алған болып есептеледi.

Борышқордың мiндеттеменi орындағанын тиiстi түрде растаудан бас тартқан жағдайда да несие берушi мерзiмдi өткiзiп алған болып есептеледi.

2. Егер несие берушi мерзiмдi өткiзiп  алу, не өзi, не заңдар бойынша  немесе несие берушiнiң тапсыруымен  мiндеттеменiң орындалуын қабылдап алу жүктелген адамдар жауап бермейтiн жағдайларға байланысты болғанын дәлелдеп бермесе, несие берушiнiң мерзiмдi өткiзiп алуы борышқорға мерзiмдi өткiзiп алудан келтiрiлген залалдың орнын толтыруға құқық бередi.

Мерзiмдi өткiзiп алған несие берушiге мерзiмдi өткiзiп алған кезде мiндеттеменi орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмай қалуының барлық қолайсыз салдары жүктеледi.

3. Ақшалай мiндеттеме бойынша  борышқор несие берушiнiң мерзiмдi өткiзiп алғаннан кейiнгi уақытына  сыйақы (мүдде) төлеуге мiндеттi емес.

Ескерту. 366-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

21-тарау. Мiндеттеменi тоқтату 

367-бап. Мiндеттеменi тоқтату негiздерi

1. Мiндеттеме орындалса, талаптан  бас тарту төлемi төленсе, борышты  есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешiру арқылы борышқор мен несие берушi бiр тұлға болса, орындауға мүмкiндiк болмаса, мемлекеттiк органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, толық немесе iшiнара тоқтатылады.

2. Мiндеттеменi тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға жол берiледi.

3. Заңдар мен шартта мiндеттеменi  тоқтатудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн. 

368-бап. Мiндеттеменi орындау арқылы  тоқтату 

1. Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалғанда тоқтатылады.

2. (алынып тасталды)

Ескерту. 368-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

369-бап. Бас тарту төлемi 

Тараптардың келiсiмi бойынша мiндеттеме орындалудың орнына бас тарту  төлемiн беру (ақша төлеу, мүлiк беру және т.б.) арқылы тоқтатылуы мүмкiн. Бас тарту төлемiнiң мөлшерiн, мерзiмдерiн және тәртiбiн тараптар белгiлейдi.

370-бап. Мiндеттеменi есепке жатқызу  арқылы 

тоқтату

1. Мiндеттеме мерзiмi жеткен, не  мерзiмi көрсетiлмеген немесе мерзiмi талап ету кезiмен белгiленген бiртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлiк-бөлiгiмен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бiр тараптың өтiнiшi жеткiлiктi.

2. Мына талаптарды:

1) егер тараптардың бiрiнiң өтiнiшi  бойынша талапқа заңды талап мерзiмiн қолдануға болса және ол мерзiм өтiп кетсе;

2) азаматтың өмiрi мен денсаулығына  келтiрiлген зиянды өтеу туралы;

3) алимент өндiрiп алу туралы;

4) өмiр бойы асырау туралы;

4-1) егер кредитордың талабы талап  ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын болса, консервациялау немесе тарату процесiнде тұрған банкке қойылатын талаптарды;

5) заңдарда немесе шартта көзделген  басқа да жағдайларды есепке  жатқызуға жол берiлмейдi.

3. Талап өзгеге өткен жағдайда  борышқор жаңа несие берушiнiң талабына қарсы өзiнiң бастапқы несие берушiге керi талабын есепке жатқызуға құқылы.

Егер талап борышқор талап етудi беру туралы хабарды алған кездегi негiзден туындаса және талап мерзiмi оны алғанға дейiн туса, не ол мерзiм  көрсетiлмесе немесе талап ету кезiмен белгiленсе, ол есепке жатқызылады.

Ескерту. 370-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

371-бап. Мiндеттеменiң борышқор  мен несие 

берушiнiң бiр тұлға болуы себептi

тоқтатылуы 

Мiндеттеме борышқор мен несие берушi бiр тұлға болуы себептi тоқтатылады.

372-бап. Мiндеттеменiң жаңғыртылуға  байланысты 

тоқтатылуы 

1. Мiндеттеме тараптардың арасында  болған бастапқы мiндеттеменi  ауыстыру туралы келiсiммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын немесе әдiсiн көздейтiн басқа мiндеттемемен (жаңғыртылуға байланысты) тоқтатылады.

2. Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына  келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi және алимент төлеу жөнiндегi мiндеттемелерге қатысты жаңғыртылуға жол берiлмейдi.

3. Жаңғыртылу, егер тараптардың  келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бастапқы  мiндеттемеге байланысты қосымша  мiндеттемелердi тоқтатады. 

373-бап. Борышты кешiру 

Несие берушi борышқорды мойнына алған  мiндеттерiнен босатқанда, егер бұл несие берушiнiң мүлкiне қатысты басқа адамдардың құқықтарын бұзбайтын болса, мiндеттеме тоқтатылады.

374-бап. Орындауға мүмкiндiк болмағандықтан 

мiндеттеменiң тоқтатылуы

1. Егер мүмкiндiктiң болмауы борышқор  жауап бермейтiн жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеме тоқтатылады. Бұл ереженiң күшi ақшалай мiндеттемелерге қолданылмайды.

2. Тараптың өзi де, екiншi тарап та  мiндеттеменi орындауға жауап  бермейтiн мән-жайдан тарап мiндеттеменi  орындай алмайтын ретте, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, бiр тараптың екiншi тараптан мiндеттеменi орындауды талап етуге құқығы жоқ. Бұл орайда мiндеттеменi орындаған әрбiр тарап орындалғанды қайтаруды талап етуге құқылы.

3. Борышқор несие берушiнiң әрекеттерi кiнәсiнен мiндеттеменi орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда несие берушiнiң одан мiндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.

375-бап. Мемлекеттiк органның  құжаты негiзiнде 

мiндеттеменiң тоқтатылуы

1. Егер жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың құжат (жария құжат) шығаруы салдарынан мiндеттеменi толық немесе iшiнара орындау мүмкiн болмаса, мiндеттеме толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатылады. Осының салдарынан залал шеккен тараптар осы Кодекске сәйкес олардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

2. Мiндеттеменiң тоқтатылуына негiз  болған жария құжат белгiленген  тәртiп бойынша жарамсыз деп  танылған жағдайда, егер тараптардың  келiсiмiнен немесе мiндеттеменiң  мәнiнен өзгеше жағдай туындамайтын  болса және мiндеттеменiң орындалуына несие берушiнiң мүдделiгi жоғалмаса, мiндеттеме қайтадан қалпына келтiрiледi.

376-бап. Азаматтың қайтыс болуымен  мiндеттеменiң 

тоқтатылуы 

1. Егер мiндеттеменi орындау борышқордың  жеке өзiнiң қатысуынсыз жүргiзiлмейтiн  болса не мiндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, борышқордың қайтыс болуымен мiндеттеме тоқтатылады.

2. Егер мiндеттеменi орындау несие  берушiнiң жеке өзiне арналса,  не мiндеттеме басқаша түрде  борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушiнiң қайтыс болуымен мiндеттеме тоқтатылады.

377-бап. Заңды тұлғаның таратылуымен 

мiндеттеменiң тоқтатылуы

1. Таратылған заңды тұлғаның  мiндеттемесiн орындау заңдармен  басқа заңды тұлғаға (азаматтың  өмiрi мен денсаулығына зиян келуi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, мiндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие берушi) таратылғанда тоқтатылады.

2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы  органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру осы органда борышқор болған мiндеттемелердi тоқтатуға әкелiп соқтырмайды. Егер тиiстi органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру туралы шешiмде өзгеше көзделмесе, көрсетiлген мiндеттемелердi орындау қарамағында бюджет қаражаты бар органға жүктеледi.

2-бөлiмше. Шарт туралы жалпы  ережелер 

22-тарау. Шарт ұғымы және оның  ережелерi

378-бап. Шарт ұғымы 

1. Екi немесе одан көп адамның  азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады.

2. Шартқа осы Кодекстiң 4-тарауында  көзделген екiжақты және көпжақты  мәмiлелер туралы ережелер қолданылады. 

3. Екiден көп тараптармен жасалатын  шарттарға (көпжақты шарттар), егер  бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады.

379-бап. Шарттан туындайтын құқықтық  қатынастар 

1. Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық  қатынастар туындауы мүмкiн. 

2. Шарттан туындаған мiндеттемелерге,  осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 268-377-баптары).

3. Шарттан (бiрлескен қызмет туралы  шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады.

380-бап. Шарт еркiндiгi 

1. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi.

2. Тараптар заңдарда көзделген  шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.

381-бап. Аралас шарт 

Тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерi бар шарт жасаса алады (аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың  келiсiмiнен немесе аралас шарттың  мәнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады.

382-бап. Шарт жағдайларын анықтау 

1. Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен  жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз  қалауы бойынша белгiленедi.

Шарттың ережесi заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше (диспозитивтiк  қалып) белгiленбесе, тараптар өздерiнiң  келiсiмдерiмен қалыптың қолданылуын  жоя алады немесе сол қалыпта  көзделгеннен өзгеше жағдайды белгiлей алады.

2. Егер шарттың ережесiн тараптар  немесе диспозитивтiк қалып белгiлемеген  болса, тиiстi жағдайлар тараптардың  қатынастарында қолданылатын iскерлiк  қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтармен  белгiленедi.

383-бап. Шарт және заңдар

1. Шарт тараптар үшiн оны жасасу  кезiнде қолданылып жүрген заңдармен  белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес  келуге тиiс. 

2. Егер шарт жасалғаннан кейiн  шарт жасалған кезде қолданылып  жүрген ережелерден өзгеше, тараптар  үшiн мiндеттi ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда, өз күшiн сақтайды.

384-бап. Ақылы және ақысыз шарт 

1. Шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады.

2. Бiр тарап екiншi тарапқа одан  ақы алмай немесе ешнәрсе бермей  бiр нәрсенi ұсынуды мiндетiне алған  шарт ақысыз шарт болып табылады.

3. Егер заңдардан, шарттың мазмұнынан  немесе мәнiнен өзгеше туындамаса, шарт ақылы болуы мүмкiн. 

385-бап. Баға 

1. Шарттың орындалуы тараптардың  келiсiмiмен белгiленген баға бойынша  төленедi.

Заң құжаттарында көзделген жағдайларда  оған уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар белгiлейтiн немесе реттейтiн баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады.

2. Шарт жасалғаннан кейiн бағаны  өзгертуге шартта, заң құжаттарында  көзделген реттер мен жағдайларда  немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша жол берiледi.

3. Ақылы шартта баға көзделмеген  және шарт ережелерiн негiзге  ала отырып оны анықтау мүмкiн  болмаған реттерде шартты орындау  шарт жасасу кезiнде осыған  ұқсас жағдайларда әдетте осы  сияқты тауарлар, жұмыс немесе  қызмет үшiн алынатын баға бойынша жүргiзiлуге тиiс деп есептеледi.

386-бап. Шарттың қолданылуы 

1. Шарт оны жасасқан кезден  бастап күшiне енедi және тараптар  үшiн мiндеттi болып табылады (осы  Кодекстiң 393-бабы).

2. Тараптар өздерi жасасқан шарттың  ережелерi олардың шартты жасасуға дейiн пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгiлеуге құқылы.

3. Егер заңдарда немесе шартта  шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша  тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына  әкелiп соқтырады.

Қолданылу мерзiмi көрсетiлмеген шарт тараптардың онда белгiленген мiндеттемелердi орындауы аяқталып бiткен кезге дейiн  қолданылады деп танылады.

4. Шарттың қолданылу мерзiмiнiң  аяқталуы тараптарды осы мерзiм  бiткенге дейiн орын алып келген  шартты бұзғандық үшiн жауапкершiлiктен босатпайды.

387-бап. Жария шарт 

1. Коммерциялық ұйыммен жасалған  және өз қызметiнiң сипатына  қарай оған өтiнiшпен келетiн  әркiмге қатысты жүзеге асырылатын  тауарларды сату, жұмыстарды атқару  немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.).

Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ.

2. Тұтынушылардың кейбiр категорияларына  жеңiлдiк беру заңдармен жол  берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң  бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып белгiленедi.

Информация о работе Мажеритарлық сайлау жүйесі