Ақдала кен орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2014 в 16:00, дипломная работа

Краткое описание

Берілген дипломдық жұмыста Ақдала кенішінде уранды сілтілендіріп өндіруде жерасты суларының әсерін зерттеуге бағытталған.
Кенорнында уранды өндіру жерасты сілтілендіру арқылы жүргізіледі.
Кеніш Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында, Степное елді мекенінен солтүстік батысқа қарай 60 км қашықтықта орналасқан.
Сонымен бірге жұмыста қоршаған ортаны қорғауға қатысты сұрақтар қарастырылған.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................
Жалпы бөлім ...............................................................................................
1. Кен орны және оның ауданы туралы жалпы мағлұмат ..
1.1. Орналаскан жері .......................................................................................
1.2. Орография ..................................................................................................
1.3. Климат, жауын – шашын, өсімдіктер және жануарлар әлемі ...............
1.4. Жер беті сулары ........................................................................................
1.5. Кен орнының ашылу тарихы, зерттелінуі және барлануы .................
2. Ауданның геологиялық құрылымы .........................................
2.1. Статиграфия ...............................................................................................
2.1.1. Кристалдық фундамент ..........................................................................
2.1.2. Литификацияланған шөгінді қабаттың орта-төменгі палеозойлық құрылымы ..........................................................................................................
2.1.3. Мезо – кайнозой кешені ........................................................................
2.1.3.1. Платформалы бор – палеоген кешені..................................................
2.2. Гелогиялық дамудың тектоникасы ...........................................................
3. Кен орнының гидрогеологиялық сипаттамасы ....................
3.1. N21 – N22 Тоғызкен шөгіндісінің неоген қатпарындағы жерасты сулары
3.2. Р23 - N22 Бетпақдала свитасы шөгінділерінде таралған жерасты сулары
3.3. Палеоцен – эоцен шөгінділеріндегі арынды сулардың кешені .............
3.3.1. Р22-3 орташа- жоғары эоценнің Ынтымақ сулы горизонты .................
3.3.2. Р11-2 палеоценнің Уванас сулы горизонты ............................................
3.4. Жоғарғы бор сулы кешені .......................................................................
3.4.1. К2 кm- Р11 Жалпақ сулы горизонты ......................................................
3.4.2. К2t2 - st Інқұдық сулы горизонты .........................................................
3.4.3. К2t1 Мыңқұдық сулы горизонты ..........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом дайын.doc

— 757.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі құрылымдардың өзіндік ерекшеліктері бар.Оларға бедердің палеозойлық негізінің бедері және платформалық тыстың қалыптасуына соңғы ауысулардың айтарлықтай әсері бар. Итмұрын көтерілімінде  мен Ақдала бөлікшесі кіретін субмеридиан жолағында осындай үрдістер жүргенін байқауға болады.

Ең үлкен қарқынды жаңа тектоникалық белсенділік плиоцен мен төрттік кезең шекарасында жүрген,мұндай эпиплатформалық Қаратау жотасының және сол жотаға жататын Итмұрын көтерілімінің жаралуына әкеп соқтырды.

Сарысу ойпаңы орталық қабаттың құрылымдық жобасында Аранды субмеридиандық кезеңі арқылы екіге: Сарысу және Орталық Байқадам ойысына бөлінеді. Геофизикалық мәліметтерге қарағанда,ойыс локальді брахиантикальдық құрылымдарға (Барс, Ыстамқазы, Құмды, Ақжар, Мұсабай, Шолақ, Еспе және т.б.) бөлінеді.

Ауданның құрылымының қалыптасуына әсер еткен солтүстік –батыс терең түзілімдері (каледондық) ,сонымен қатар солтүстік –шығыс кейінгі  палеозой түзілімдері басты жарылымдар болып табылады.

Ауданның батыс бөлігі Ақдала кенорнының кенді бөлікшелерінің «клин» тәрізді болып келетін Арединг көтерілімімен жапсарласады.Негізгі ерекшеліктеріне кенорынның оңтүстік –шығыс бөлігі Қыземшек құрылымы космогендік шығу тегі болып ерекшеленеді.

Платформалық тыста және оның іргетасындағы тектоникалық кішігірім жарықшақтар мен үзіліп бұзылулар кенді жарылымдарға тән сипаттама бермейді.

 

3.Кен орнының гидрогеологиялық сипаттамасы

  Ақдала кен орнының аумағының  масштабы 1:200000 картаның ортаңғы бөлігінде орналасқан және Шу-Сарысу ойпаңының Тасты көтеріліміне жатады.

  Шу-Сарысу артезиандық ойысы  аумағын аудандарға бөлгендегі құрылымдық – гидрогеологиялық сұлбасы бойынша Ақдала кен орны Шу-Сарысу 1-ші ретті артезиандық шұңқырына кіретін, 2-ші ретті Сарысу артезиандық әуітінің 3-ші ретті Тасты артезиандық алабы маңында орналасқан.

  Тасты артезиандық алабының тік бөлімінде екі құрылымдық гидрогеологиялық  қабат байқалады.

-А- жоғарғы – құрамына кеуекті – грунтты және кеуекті – қатты сулар кіретін мезозой-кайназойлық қабат;

-Б- төменгі- құрамы жарықшақты қатаң, жарықшақты – карстан және жарықшақты судан тұратын, аралық қабаттан түзілген палеозойлық құрылымдар;

  Жоғарға гидрогеологиялық қабатта  үш судан тұратын кешен ерекшеленеді. Бірінші – булы грунт суы және кездейсоқ таралған төрттік – неоген түзілістер; екінші - арынды және палеоцен-эоцендік түзілістердің әлсіз арынды кабат -булы сулары; үшінші- жоғарғы борлы түзілістердің өктемді сулары.

  Стратиграфисы мен литология  бойынша, жатыс мен айналымы, қоректену мен жүктемелеу шарты бойынша Ақдала кенінің жоғарғы гидрогеологиялық қабаты аймағында келесі сулы кешендер мен горизонттар ерекшеленеді:

а) N12-N22  тоғызкен шөгіндісіндегі неоген шөгінділерінде кездейсоқ таралған жерасты сулары;

б) P32-N11бетпақдала свитасы жоғарғы олигоцен-төменгі миоцен түзілімдерінде кездейсоқ таралған жерасты сулары;

в) P11-2 –P22-3  палеоцен-эоцендік түзілімдеріндегі арынды суларының сулы кешені;

г) K2  - жоғарғы борлы сулы кешен.

Төменгі гидрогеологиялық қабаттан Р1 zd- желденген қабат төменгі перм жиделісай қабатының жарықшақты суларының зерттелген.

3.1.N12-N22  тоғызкен шөгіндісінің неоген қатпарындағы

кездейсоқ таралған жерасты сулары

Лиоценді және плиоценді шөгінділерінде жиналған грунтты суларының жиналуы, сыртқы қабатына қарағанда аз гипсометрлік белгілері бар такырмен тұйықталған қазаншұңқырдың  даму аудандарына жақындастырады. Басқа аумақтарда олар кездейсоқ орналасқан, немесе мүлде жоқ.

  Су жыныстар қиыршақтасты  әртүлі түйірлі және ұсақ түйірлі құмдар. Төсеніш жыныс ретін қалындығы 3-8м қызыл түсті лиоцендік батпақ алынды.   Құмның сулану қалындығы аз ғана, яғни жалпы 12-22см қалыңдықтан 0,5-15м құрайды. Жату тереңдігінде грунтты су айнасы 16,5-21ом. Үлес дебиттер деңгейі 0,8-1,2м ден 0,2-0,4 дм3/с аралығында өзгереді. Су сапасы бойынша аз тұздалған, минералдығы 1,1-2,6г/дм3. Химиялық құрамы сульфатты натрийлі.

  Сулар егін шаруашылығы мен  мал суару үшін қолданылады.    

3.2. P32-N11 бетпақдала свитасы шөгінді қабатында таралған

жерасты сулары

 Жоғарғы олигоцен және төменгі миоцен шөгінділеріне таралған грутты сулар кездейсоқ таралған.

Сулы жыныстар ұсақ түйірлі қызғылт, қызыл кірпіш түстес құммен  және қалындығы 6,6м дейінгі жоғарғы эоценді сазбен қабысады.

  Қалыңдығы 17м дейінгі свитаның төменгі бөлігі суланған болып саналады. Жерасты суларының жатыс деңгейі жер бетімен салыстырғандағы тереңдігі 45,13м-ді құрайды. Су әлсіз арынды, арын 6,4м құрайды.

 Свита шөгіндісі суға аз қанықан . Сүзілу және сыйымдылық қасиеттері төмен. Сүзілу және су өткізгіштік коэффициенті сәйкесінше 0,44м/тәу және 7,4м2/тәу.

Бетпақдала свитасының жерасты сулары аз тұздалған минералдығы 1,8г/дм3 , сульфатты- хлоридті  натрийлі (3.1.-кесте). Су температурасы 130 С

3.1.-кесте

Жерасты суларының химиялық құрамы

Ұңғыма, №

мг/дм3; мг-экв/дм3; % - экв

рН

Жалпы қат-ғы, мг-экв/дм3

Жалпы минер-ғы, мг/дм3

  Аниондар

  Катиондар

HCO3-

SO42-

Cl-

Na++K+

Ca2+

Mg2+

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жақын бөлігі

42оп

122

784

333

382

118

63

6,95

1,1

1802


  Бетпақдала свитаның жерасты суларының қоректенуі атмосфералық жауын мен қар суының инфильтрациясы арқылы жүзеге асады. Қабаттың жерасты суларының кездейсоқ таралуы Ақдала кенішін өңдеуде кері әсерін тигізбейді.

3.3. Палеоцен – эоцендік тузілімдердің арынды су кешені

 Аталған кешен құрамына екі сулы горизонт бөлінеді: Ынтымақ және Уванас.  

3.3.1. Р2 2-3 орта- жоғарғы эоцендік  Ынтымақ сулы горизонты

Бұл сулы горизонт Арадиндік ойылымының шығысында таралғандығы ескеріледі, Ақдала ауданына қатысты қырынан 448 шығысына қарай. Ауданның батыс бөлігінде Ынтымақ горизонты шөгінді жұмыстары батпақ негізінде ұсынылған оларды су тегеурін ретінде қарастыруға болады. Ынтымақ сулы горизонты Ақдала ауданынан солтүстікке қарай Мыңқұдық кеніші маңында зерттелген және құрамында 1-У және 2-У сынақ түйіндері бар, екі жеке ұңғымалармен сыналған (сипатталған аумақ территориясында). Қалыңдығы 4-8м қиманың ортаңғы бөлігі суланған деп саналады. 

Сулы жыныстар жұқа және ұсақтүйірі құмдар, жасыл–сұр саздар топтамасының арасында жиналған құмдар болып табылады. Жатыс деңгейі 50м. Өкте сулар.Горизонт жабынына арын шамасы  21-23м-ге жетеді.

Жыныстың суға қанығуы, горизонтың сүзілу және сыйымдылық қасиеті айтарлықтай аз.  Ұңғыманың дебит деңгейі дм3/с  1000-нан 100 бөлігіне дейін, деңгейдің 4,3-15,0 (3.2-кесте) дейін төмендеуіне дебиттері 0,004-1,02 дм3/с-ді құрайды .

                                                                                                                     3.2.- кесте

Ынтымақ сулы горизонтының гидрогеологиялық параметрлері

Жиек қуаты,м

Дебит, дм3/с

Төмендеу,м

Меншікті дебит, дм3/с

Сүзу коэф-і,

м/тәу

Су өткізгіштік коэф-і ,м2/тәу

355г

7,8

0,32

45,88

0,007

0,37

1,0

356г

17,8

3,06

12,0

0,26

2,0

35,0


 

Су сапасы бойынша тұздалған минералдығы 4,5-6,8 г/дм3. Су құрамы хлоридті –сульфатты натрийлі, судағы уран мөлшері (2-4) 10-5г/дм3 (3.3.-кесте)

3.3.- кесте

Судың химиялық құрамы

Ұңғыма, №

 

Мг/дм3; мг-экв/дм3; % - экв

рН

Жалпы қат-ғы, мг-экв/дм3

Жалпы минер-ғы, мг/дм3

Аниондар

Катиондар

HCO3-

SO42-

Cl-

Na++K+

Ca2+

Mg2+

320оп

134

17,11

26,38

20,98

1,6

246

8,85

21,2

6834

 

2,2

35,6

74,4

91,2

0,8

20,2

     
 

2

32

66

81

1

18

     

390оп

146

1285

2507

1130

228

124

7,9

21,6

4465

 

2,4

26,7

42,5

49,2

11,4

10,2

     
 

3,0

38

59,0

70

16

14

     

 

Сулы горизонттың қоректенуі гипсометрлі төмен орналасқан палеоцен горизонттары, сыртқы борл шөгінділерінің итеруі арқылы іске асады.

Сулы горизонтар сүзгіштік, сыйымдылық қасиеті және сулануы төмен, бұл Ақдала кенішін ЖС  әдісімен өңдеуге кері әсерін тигізбейді.

3.3.2. Р2 2-3 төмен-жоғары палеоцендік Уванас сулы горизонты

 Палеоцен шөгіндісі  аудандық таралуының шектелуімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, Уванас горизонты жұмыс ауданында ішуге арналған және шаруашылыққа жарамды бірден – бір су көзі болғандық, оның сипаттамалары нақтырақ қарастырылады.

 Горизонт ауданның оңтүстік – батыс бөлігінде таралған, ал басқа аумақтарды шөгінді жасына сәкес шаймалар орналасқан.

Горизонт көгілдір- жасыл құмды саз бен қалындығы 5м дейінгі жалпақ сулы горизонтының сазды құмдармен қабысқан. Ынтымақ горизантының теңіз сазы жабыны болып табылады.

  Сулы жыныстар  қалындығы 10м дейінгі ұсақ құмдар. Горизонттың сулануы әлсіз, сүзілу және сыймдылық қасиеті төмен. Ұңғыма дебиті 45,9-12,0м-ге дейін төмендеуде 0,32-31дм3/сек аралығында өзгереді, меншікті дебит 0,007-0,26 дм3/сек.  Сүзілу коэффициенті 0,37-2,0м/тәу аралығы (3.4.-кесте)

3.4.-кесте

                 Уванас сулы горизонтының гидрогеологиялық параметрлері

Ұңғымы, №

Су тұтқыш көкжиегінің қуаты, м

Дебит, дм3/сек

Төмендеуі,м

Меншікті дебит, дм3/сек

Сүзгілі коэффициенті. м/тәу

Су өткізгіш коэффициенті, м2/тәу

355г

7,8

0,32

45,88

0,007

0,37

1,0

356г

17,8

3,06

12,0

0,26

2,0

35,0


 

 Сулар аз тұздалған және минералдығы 1,1-3,8 г/дм3 дейін, химиялық құрамы бойынша хлоридтің – сульфатты натрийлі (3.5.-кесте). Судың температурасы -16-170С.

Уванас сулы горизонты шеткі оңтүстік–батыс аудан бөлігінде минералдығы  1г/дм3 –ге жететін тұшы су бар екенін ескерткен жөн.  

Информация о работе Ақдала кен орны