Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 18:02, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 Халықаралық экономикалық интеграция………………
1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……
1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
ерекшеліктері…………………………………………………………………….
1.3 Аймақтық экономикалық ұйымдар...............................................................
1.3.1 Солтүстік америкалық еркін сауда зонасы
1.3.2 Оңтүстік америкалық ортақ рынок
1.3.3 Африка және Араб елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы
2 ТМД елдеріндегі экономикалық интеграциялық процестер
2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті
ерекшеліктері
2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу
кезеңдері
2.3 ТМД елдерінің сауда қатынастары
2.4 ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының дамуы
2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі
2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық қатынастары
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс
ерекшеліктері
3.2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы инвестициялық
саясат
3.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелері
3.4 ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселері
мен ерекшеліктері
3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ
1998 жылдың көктемінде
Ресейдің Орталық банкі ТМД
елдері жедел рыногы үшін
1998 жылдың сәуірінде
Қор рыногы қатысушыларының
Интеграциялық процесс бастамашыларының пікірінше, мұндай одақты құру қажеттігі ТМД елдері рыноктарының инфрақұрылымдарын дамытуға қор рыноктары қатысушыларының қызығушылығы өсуімен туындаған. Өз кезегінде, мұндай келісімге қол қою одақ қатысушы-елдерінің бағалы қағаздармен операциялар бойынша тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.
90-жылдардың ортасына қарай ТМД елдері арасында күрделі ағындардың белгілі бір жандануы өтеді. Ресей 1994-2000 жылдары ТМД елдерінің экономикасын 1,5 млрд. долларға инвестициялады. Алайда ТМД-нің бірқатар елдерінде оның инвестициялық белсенділігі фактісін Ресейге тәуелділіктің күшеюі және егемендікке төнген қауіп деп қарайды.
Сонымен бір мезгілде ТМД елдері Ресей экономикасына бірлескен кәсіпорындар құру арқылы инвестициялауды бастады. Олардың инвестициялық мөлшері тұрақты түрде өсіп келеді (16.3 - кесте).
1991 жылдан 1998 жылға дейін Ресей экономикасына ПИИ формасында 0,5 млрд доллардан астам қаржы құйылды. Мұнда Қазақстан инвестициясы 276,1 млн, Украина — 116,7 млн, Өзбекстан — 34,2 млн, Қырғыз елі — 13,2 млн, Молдова — 15 млн, Белоруссия — 11,0 млн доллар құрады. Басымдылық шикізат салаларына беріледі.
Тұтасынан алғанда өзара инвестициялармен алмасу үшін мүмкіндіктер жеткіліксіз пайдаланатындығын мойындау қажет. Достастықтың көптеген елдерінде шалғай шетелдерден шетелдік капиталдар басымдықты түсіп жатады. Бұл тұрғыдан Қазақстан жетекші орында тұр. Шет елдік инвестициялардың жалпы көлемі бойынша бұл республика тек қана Венгрияға жол беріп ТМД – ның барлық елдері мен социалистік достастықтың бұрынғы өңірлерінің барлығынан басып озады. Мұнда Қазақстандағы шетелдік салымдардың 44 пайызы Америка Құрама Штаттарына тиесілі.
КСРО құлағаннан кейін жаңа мемлекеттердің арасындағы қатынастарда сыртқы қарыздарлық проблемасы туындады. Ресей кредитор болып, ал ТМД бойынша қалған әріптестер оның қарызгерлеріне айналды. Ресей ұсынатын несиелер бойынша ТМД елдері қарыздарының жалпы көлемі 5,57 млрд доллар көлемін құрайды. Алынған ресейлік несиелер бойынша жетекші орында Украина мен Қазақстан тұр (16.2 – кесте).
16.2 кесте
Ресей ұсынған несиелер бойынша ТМД елдерінің қарыздары (1997 жылға)*
ТМД елдері |
Қарыз мөлшері, млрд доллар |
ТМЛ елдері |
Қарыз мөлшері, млрд доллар |
Украина Қазақстан Өзбекстан Тәжікстан Грузия Қырғыз елі |
2,4 1,6 0,5 0,3 0,2 0,2 |
Молдавия Түркмения Әзербайжан Армения Белоруссия |
0,1 0,1 0,09 0,08 0,0007 |
* РФ Сыртқыэкономбанк мәліметтер
2001 жылы Ресей ТМД
елдерінің Ресейге қарызы
16.3 кесте
Ресей алдындағы
ТМД қатысушы-елдерінің
2001 жылғы 1 қаңтарға, $ млн.
Елдер |
Негізгі қарыз |
Пайызы |
Барлығы |
Армения Белоруссия Грузия Қырғыз елі Молдавия Тәжікстан Өзбекстан Украина |
108,45 75,10 156,86 139,03 122,06 300,07 500,61 1974,36 |
8,02 8,88 - 36,56 1,29 14,73 110,36 - |
116,47 83,98 156,86 175,59 123,35 314,80 610,97 1974,36 |
Дерек көзі: Сыртқыэкономбанк.
Соңғы жылдардағы барлық Ресейлік несиелер «байланысты» болып табылады. Бұл мемлекет аралық келісімдерде Ресейден сатып алынатын белгілі бір өнімдердің түрлері ғана емес сондай – ақ процеске қатысушы екі жақтағы елдердің нақты компаниялары да аталады дегенді білдіреді. Несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін қарыз алушы кәсіпорындардың акциялары ұсынылатын кепілдік пайдаланылады. Бұл механизм Армения, Грузия, Қырғыз елі, Украина, Өзбекстанмен келісімшарттарда қарастырылған. Тәжікстанмен келісімде кепіл ретінде алтын қойылады. Сыртқы экономикалық банктың мамандарының куәландыруынша ресейлік несиелер қиындықпен қайтарылады. Мерзімінен созылған қарыздар төлемге тағайындалған қаржының жартысынан астамын құрайды.
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс ерекшеліктері
Халықаралық экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті. Оған жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер және жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу – айырбас жасау тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді. Халықаралық экономикалық қатынастар дамуының алғышарты әлемдегі жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техниканың, ғылыми – техниканың және әлеуметтік құрылымның орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып табылады [39].
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланысы қоғамдық, территориялықеңбек бөлінісінің дамуы мен нәтижесі, оның ішінде территориялық (географиялық) еңбек бөлінісінің басты көрсеткіштерінің бірі, ол өндіргіш күштерінің даму деңгейіне, қуатына, дүние жүзілік рыноктың құрылуы мен дамуына, ішкі және сыртқы рыноктың қалыптасуына байланысты болып келеді. ҚР сыртқы экономикалық байланысы еліміздегі ғылыми – техникалық прогрестің жылдам қарқынмен дамуына, өндірісте қысқа мерзімде жаңа технологиямен, материалдармен, шикізатпен, машина т.б. құрал – жабдықтармен, жаппай тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етуге, экономикалық тиімділікті арттыруымен әсер етеді. Географиялық тұрғыдан қарасақ, сыртқы экономикалық байланыс жер шарының түкпір – түкпірін, яғни барлық елдерді қамтитын экономикалық құбылыс деуге болады. Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымына мыналар кіреді:
Экономикалық байланыстан басқа, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық, туризм және спорт салаларындағы халықаралық байланыстарды атауға болады [40].
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысын географиялық тұрғыдан зерттеуде 3 мәселеге көңіл бөлу керек:
Сыртқы сауда байланысының географиясына талдау жасаудың басты статистикалық көрсеткіштері:
Сыртқы сауда ағымының географиялық таралуы мына схемамен жүргізіледі:
- тауарды экспорттау – тауарды пайдаланатын елдер;
- тауарды импорттау – тауарды өндіретін елдер.
Тәуелсіз егеменді мемлекет
ретінде Қазақстан отандық
КСРО-ның ыдырауы және еліміздегі экономикалық дағдарыс сыртқы экономикалық байланыстың сандық және сапалық параметрлеріне әсер етпей қойған жоқ. Ол мыналар:
Жоғарыда айтып кеткен мәселелерге байланысты тәуелсіз жас мемлекетке сыртқы экономикалық байланысты қайта қалпына келтіруге тура келеді. Онда мынандай мәселелерді шешу керек болады:
Жоғарыда айтылған мәселелерді шешудің арқасында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатында, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне ену және халықаралық байланыс жүйесінде, өз орнын табу үшін басымдық жаңа бағыттар пайда болды. Экспорт пен импортты мемлекеттік тұрғыда реттеу саясатынан нарықтық саясатқа көшу жолға қойылды. Екіншіден, Қазақстан дүниежүзілік және аймақтық одақтар мен ұйымдарға мүше болу арқылы өзінің экспорттық және импорттық потенциалын тиімді пайдалануға жол ашылды. Қазіргі уақытта Қазақстан 64 халықаралық ұйымның мүшесі және 1300-ден астам сауда экономикалық келісім-шарттар мен мәмілелерге қол қойды. Республикада 500-ден астам шетел компанияларының, фирамаларының, банктердің, басқа да ұйымдардың өкілеттіктері аккредитацияланған. Еліміз дүние жүзінің 180-нен астам елдерімен қарым-қатынаста. Үшіншіден, Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалын арттыра отырып, экспорт пен импорттың құрылымын өзгерту, яғни дүние жүзі рыногында бәсекеге тиімді тауарлар өндіретін, ең жаңа технологияға негізделген өңдеу өнеркәсібін дамыту, көзделіп отыр.
Қазақстан 90 ж.ж. басында сыртқы рынокқа тауарлардың 290 түрін шығарды және бұрынғы Одақта мыс тауарлардан экспорттық негізгі жабдықтаушысы болды. Хром рудасының – 95 %-ын, феррохром – 90, қорғасынның – 75, мырыштың 50 %-ы, сонымен қатар экспортталатын мыс, титан, магний, сирек кездесетін түсті металдардың басым бөлігін шығарды. 1991 ж. ҚР Сыртқы экономикалық байланыс министрлігі мен Кеден басқармасы құрылды. 1994 ж. осы министрлік пен Сауда және өнеркәсіп министрлігінің негізінде ҚР-ның Өнеркәсіп және Сауда министрлігі құрылды. Дүние жүзі экономикалық үрдістің жаһандануына қарамастан, әр елдің, оның ішінде ҚР-ның халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнымен және ерекшелігімен көзге түседі. Оның себебі, тәуелсіз Қазақстанның экономикалық байланыстарының негізі еуропалық және азиялық бағытқа көзделеді. Қазіргі кезде Кеден декларациясының мәліметтері бойынша, еліміз дүние жүзі 140 елімен сауда байланысын жасайды. Оның ішінде: 26 – Еуропа елдері, 28 – Азия, 11 – Африка, 9 – Америка, т.б. Сыртқы сауда айналымында алдыңғы қатарда: Ресей, Бермуд, Виргин аралдары, Италия, Қытай, Германия, т.б. елдері орын алады. 1995 жылдан сыртқы сауда балансы сальдосында (1998 ж. санамағанда) тұрақтана бастап, онда экспорт үлесі басым болды, яғни, 58 %-дан 2003 ж. 65 %-ға жетті. Сыртқы сауда айналымы 1991 ж. 2639 млн. АҚШ долл. болса, 2003 ж. 21327 млн. долл. өсті, яғни 8 есеге ұлғайды. Оның ішінде осы жылдарға сәйкес экспорт 1620 млн. долл.-дан 12900 млн. долл.-ға, яғни 8 есеге; импорт 1019 млн. долл.-дан 8327 млн.долл., яғни 8,2 есеге өсті. Бұл жылдары (1995-2003) сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі алыс шетелдермен 2,5 есеге ұлғайса, ТМД елдерімен 7 %-ға төмендеді, осыған сәйкес алыс шетелдердің үлесі жалпы сауда айналымында 39 %-дан 64 %-ға ұлғайса, ТМД елдерінің үлесі 61 %-дан 36 %-ға азайды. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 1995 ж. 1193 млн. долл. болса, яғни экспорт басым болса, 2003 ж. бұл көрсеткіш 4573 млн.долл. тең болды (1-сурет).