ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 18:02, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 Халықаралық экономикалық интеграция………………
1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……
1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
ерекшеліктері…………………………………………………………………….
1.3 Аймақтық экономикалық ұйымдар...............................................................
1.3.1 Солтүстік америкалық еркін сауда зонасы
1.3.2 Оңтүстік америкалық ортақ рынок
1.3.3 Африка және Араб елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы

2 ТМД елдеріндегі экономикалық интеграциялық процестер
2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті
ерекшеліктері
2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу
кезеңдері
2.3 ТМД елдерінің сауда қатынастары
2.4 ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының дамуы
2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі
2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық қатынастары

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс
ерекшеліктері
3.2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы инвестициялық
саясат
3.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелері
3.4 ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселері
мен ерекшеліктері
3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДЖ. интегр.проц..doc

— 1.08 Мб (Скачать документ)

ТМД – ның қалыптасқан  уақытынан бергі аралықта жалпы  сыртқы сауда көлеміндегі өзара  тауар айналым үлесі бірте  – бірте қықарды (1992 ж. – 7,2%, 1994 ж. – 52,5%, 1997 – 27,8%, 2001 ж. – 17,3%). Бұған әртүрлі себептер әсер етті. Олардың ішінде өндіріс көлемінің қысқаруы, Достастық мемлекеттерінің өзара қарыздарының өсуі және төлем қабілетсіздігі сияқтыларды атауға болады. Дегенмен, бұл жерде ең басты орынды сауда шарттарының тиімсіздігі алады. Айта кететін нәрсе, өзара саудадағы экономикалық шарттар кәсіпорын бағасы және өндіріс рентабельділігінен, сондай – ақ қосымша құн салығынан (ҚҚС), акциздерден,салықтардан, транспорттық шығындардан, кедендік баждардан тәуелді сату бағасымен анықталады. Достастықтың құрылғанынан бергі уақыттағы ондағы елдердің әлеуметтік – экономикалық дамуындағы жағымсыз нәтижелердің ең үлкені өндіріс тиімділігінің азаюы болды.

 

 

ТМД экономикалық кеңесінің бағалауы бойынша, тұтастай Достастық бойынша қоғамдық

еңбек өнімділігі қазіргі уақытта 1990 жылғы деңгейдің  шамамен 70% - ын құрайды, сондай – ақ

ауыл шаруашылығы - 55%, электр қуаты, түсті металлургия, мұнай өндіру және өндеу, газ 

өнеркәсібі - 65% - ды құрайды [53]. 

Достастық мемлекеттері арасындағы өзара тауар  айналымының өсуін тежеуші тағы бір үлкен себеп - өзара есеп айырысудың сәйкессіздігі.

Бірақ ТМД елдері арасындағы сауда байланыстарының қысқаруы әртүрлі – біреулермен үлкен  дәрежеде, басқаларымен аз мөлшерде. Нәтижесінде шаруашылық байланыстарды ел (географиялық) қасиеттері бойынша түпкілікті қайта құру орын алды. Бұл олардың өзара сауда құрылымындағы ТМД елдері үлесінің өзгерістерімен көрініс тапты.

ТМД – дағы әртүрлі  қарқынды интеграцияның практикалық  түрде жүзеге асуы бірқатар өзгешеліктермен ерекшеленеді. Олардың ішіндегі маңыздысы – елдер арасындағы кеңестік кезеңде қалыптасқан терең экономикалық өзара тәуелділік. Бірақ мұндай өзара тәуелділік интеграциялық процестердің тиімді дамуы үшін жеткіліксіз екендігін ескеруіміз қажет. Дегенмен, елдер арасындағы өзара тәуелділік деңгейін анықтау бүгінгі таңда ТМД территориясындағы аймақтық бірлестіктердің қалыптасу алғышарттары мен сауда – экономикалық тұрғыдағы басты мақсаттарын бір қырынан байқауға толық мүмкіндіктер береді.

Осындай мақсаттарда  біз ТМД елдеріндегі 1990 ж. мен 2001 ж. аралығындағы өзара тәуелділік өзгерістерін анықтауды жөн көрдік.

          Егер қарастырылып отырған уақыт аралығында бұл үлес елдер арасында өзара ұлғаятын болса, онда сол кезеңдегі олардың өзара тәуелділіктерінің өскендігін айтамыз. Жүргізілген есептеулер бізге Достастықтың қай мемлекеттері арасында 1990 – 2001 жж. және ол 7-суретте көрсетілген.

Мысалы, 1990-2001 жж. аралығындағы Ресей мен Қазақстан экономикаларының өзара тәуелділігі, Ресейдің ТМД елдерімен сауда қатынасындағы Қазақстанның үлесі 1990 жылғы 9,7% - дан 2001 ж. 19% - ға дейін өсті. Бірдей уақыт аралығында Қазақстанның осындай сауда байланыстарындағы Ресейдің үлесі 1990 жылғы 60,7% - дан 2001 ж. 80% - ға көтеріледі. Дәл осындай үрдіс Ресей мен Беларусь, Грузия мен Армения, Ресей мен Украина, Түрікменстан мен Әзербайжан және т.б. арасында байқалады.

Ал Қырғызстанның ТМД  елдерімен саудасындағы  Қазақстанның үлесі 1990 жылғы 11,6 пайыздық көрсеткіштен 2001 ж. 28,3% - ға жоғарылады. Қазақстанның шаруашылық байланыстарында Қырғызстан үлесі, керісінше, 1990 жылғы 2,8% - дан 2001 ж. 1,9% - ға төмендеді. Яғни, Қырғызстанның Қазақстанға тәуелділігінің ұлғайғанын айта аламыз. Ұқсас жағдай Грузия мен Украина, Ресей мен Молдова т.б. елдерде байқалады.

 

 

1990 – 2001 жж. аралығындағы ТМД елдерінің өзара  тәуелділіктерінің нығаюы

 

 

7-сурет

 

Бұл процесс бірте  – бірте ұйымдастырылған қалыпқа  келтірілді және қазіргі уақытта  ТМД елдері әртүрлі типтегі 4 аймақтық бірігулерді құрайды.

  1. Беларусь пен Ресей одағы ( Б және РО, 1997 ж.);
  2. Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ, 2000 ж.);
  3. Орталық Азиялық экономикалық қауымдастық (ОАЭҚ, 1998 ж.);
  4. ГУУАМ (1997 ж.)

Достастық экономикалық кеңістігінің аймақталу үрдісін  талдау барысында ТМД елдерінің жоғарыда көрсетілгендей аймақтық бірлестіктер құрылуларының мақсаттары бір – бірінен айтарлықтай ерекшеленетінін есепке алу қажет. Бұл, ТМД – ның кейбір елдерінің бір мезгілде әртүрлі аймақтық бірлестікке мүше болуына қарамастан, әрбір бірлестікті өз бетінше бір объект ретінде қарастыруды талап етеді.

ТМД елдерінен құралған аймақтық  бірлестіктердің  тұтастай Достастықтың макроэкономикалық көрсеткіштеріндегі үлес салмақтары әртүрлі. ТМД – дағы үлесі жоғарысы – ЕурАзЭҚ, кему тәртібі  бойынша одан кейін Б және РО, ГУУАМ және ОАЭҚ. Бұл динамика 1 – кестеде көрсетілген.

Достастықтардың негізгі  макроэкономикалық көрсеткіштеріндегі аймақтық бірлестіктер үлес салмағы  динамикасындағы айтарлықтай ерекшеліктер осы бірлестіктердің экономикалық даму қарқындарындағы әртүрлі өзгерістерге негізделген. Мұны аймақтық бірлестіктердің ЖІӨ динамикасы дәлелдейді (2 – кесте).

 

ТМД елдері аймақтық бірлестіктерінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша. (1 – кесте).

 

 

 

 

 

 

 

Беларусь  және Ресей одағы

Тұрғындар саны

ЖІӨ (ағымдық бағамен)

Өнеркәсіп өнімдері

Ауылшаруа – қ өнімдері

Таратудың барлық жолдары арқылы бөлшек тауар  айналымы.

1990

1996

2001

1990

1996

2001

1990

1996

2001

1990

1996

2001

1990

1996

2001

 

56,2

 

 

 

55,5

 

55,3

 

68,0

 

83,0

 

74,2

 

67,5

 

65,5

 

66,8

 

54,9

 

55,1

 

55,4

 

63,6

 

83,9

 

75,7

ЕурАзЭҚ

65,7

64,8

64,6

74,2

87,2

81,2

72,8

70,3

73,8

63,9

60,1

63,0

70,2

86,4

80,6

ОАЭҚ

16,8

17,6

18,3

9,4

6,8

10,4

8,3

11,2

11,4

14,4

15,5

20,4

10,8

5,7

13,5

ГУУАМ

31,7

32,3  

32,3

24,0

12,2

18,3

25,9

28,1

25,1

34,2

33,9

35,9

26,4

13,1

19,9


 

Мәліметтер көзі: ТМД  статкомитетінің жылдық статистика көрсеткіштері бойынша.

  • Түркістанды қоспағанда
  • Тәжікстанды қоспағанда

 

ТМД елдері аймақтық бірлестіктерінің ЖІӨ динамикасы (тұрақты  бағада),%.

 

шгооТТМооааааааакеккк

    Аймақтық                   

   бірлестіктер

Өткен жылға % - қ қатыста  төмендеу (-), өсу (+) қарқыны

2001 ж. 1999 ж % - қ қатыста

2001 ж. 1990 ж. % - қ қатыста

 

 Беларусь және      

 Ресей одағы

 ЕурАзЭҚ

 ОАЭҚ

 ГУУАМ

   2000 ж.

     2001 ж.

   

    +7,9

 

    +8,0

    +7,7

    +5,6

      4,9

 

     +5,5

     +9,4

     +7,8

      113,2

 

      114,0

      117,9

      113,8

          68,3

 

          69,1

          86,3

          55,3

 

 


Осылайша, реформалау барысында  Достастық экономикалық Достастық  экономикалық кеңістігінің аймақталуы орын алды. ТМД территориясында аймақтық бірлестіктер қалыптасты және олар экономикалық даму қарқындары бойынша бір – бірінен ерекшеленеді. Ал бұл өз кезегінде бірлестіктер арасындағы шаруашылық байланыстардың қысқаруына, олардың автономды дамуының күшеюіне және Достастық мемлекеттерінің экономикалық кеңітігі біртұтастығының бірте – бірте әлсіреуіне әкеледі.

Интеграциялық процестер  мәнін ашатын негізгі белгілердің  бірі – тауар айналымы ТМД елдерінің  аймақтық бірігулеріндегі интеграциялық үрдістерді салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, 2001 жылғы қорытынды бойынша, аймақтық бірлестіктер елдері ішіндегі өзара тауар айналымындағы алатын үлесін көрсеттік (1 – сурет).

Бұл кескінделуге сүйене отырып, біз өзінің ішкі тауар айналымы қарқынмен ТМД территориясындағы ерекшеленетін қарқынмен ТМД территориясындағы ерекшеленетін бірлестік ЕурАзЭҚ екенін айта аламыз. Сондай – ақ оның ОАЭҚ үлесінен 2,4 есе жоғары екендігін айта кету қажет. Тауар айналымы үлесінің жоғарылығымен ескерілетін келесі аймақтық бірлестік – ГУУАМ (26,2% ). Б және РО үшінші орынды иемденеді. (17,2%).

Өкінішке орай, 10 жылдық кезең ішінде ешбір аймақтық және субаймақтық бірлестіктер қалыптастырған интеграциялар айтарлықтай нәтижелерге  жеткен жоқ. Бұл алдымен, оларда аймақтық экономикаға тән қажетті құқықтық, ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси – экономикалық жағдайлардың енді – енді қалыптасуымен түсіндіріледі. Ал мұнсыз мемлекетаралық интеграция сәтті дами алмайды.

Дегенмен, жоғарыдағы талдаулар  нәтижесінде, бұрынғы КСРО кеңістігінде қалыптасқан интеграциялық топтар ішінде салыстырмалы түрде қарқынды да перспективті дамып келе жатқан ЕурАзЭҚ пен Б және РО екенін айта аламыз.

Қазірде мемлекеттердің еркін түрде  шешім қабылдау мүмкіндіктері жоғары: интеграциялық немесе басқа да қатынастарды кіммен және қалай қалыптастыру, қай елмен ортақ нарық құру, қайсысымен жай сияқты. Әртүрлі қарқынды интеграция өзара байланыстағы мүдделер мен артықшылықтарды айқындады, ал бұл посткеңестік кеңістіктегі әртүрлі аймақтық бірлестіктердің қалыптасуында көрініс тапты. Біздің ойымызша, бұл ұйымдарды алға қойылған мақсаттары мен артықшылықтарына қарай екі топқа бөлуге болады.


 

Аймақтық бірлестіктердің  өзара тауар айналымының достастық  көрсеткіштері  ішендегі үлесі, 2001 ж.

 

 

8 – сурет

 

Бірінші топ – Достастықтың барлық 12 елі әзірше дайын емес, неғұрлым экономикалық және саяси өзара әрекет ету жөнінде шешім қабылдау сияқты жолдармен интеграцияны жеделдетуді мақсат етіп қояды. Бұған Б және РО және ЕурАзЭҚ – ты жатқызуға болады. Жоғарыда қарастырылғандай, олардың іс жүзіндегі қызметтері мысалынан әртүрлі қарқынды интеграцияның теориялық негізделулерін келтіруге болады.

Екінші топ – бұл  аймақтық мүдделер негізінде қалыптасқан  бірлестіктер: транспорттық – коммуникациялық  әлуеттерін бірлесіп пайдалануда ортақ мүдделерді көздейтін ОАЭҚ және ГУУАМ. Бұл ұйымдарда өзара әрекеттесуді куәландыратын ортақ шешімдер жоқ.

Егер ЕурАзЭҚ пен  Б және РО интеграциялық процеске енген мемлекеттер үшін өзінің ұтымдылығы мен тиімділігін көрсете, бұл  болашақта Достастықты анағұрлым белсенді әрекеттерге итермелеуге әсер етеді.

Сондықтан да қазіргі  уақытта тұтастай ТМД емес, керісінше, оның территориясындағы пайда болған бірлестіктер ішіндегі интеграциялық  әлуетті дамытуға үлкен назар  аударған жөн.

Дегенмен, Достастық мемлекеттерінің аймақтық бірлестіктеріндегі интеграциялық үрдістердің күшеюі бірлестіктердегі сыртқы сауда айналымының айтарлықтай қысқаруы жағдайында орын алуда. Көрсеткіштерден байқағанымыздай, оның көлемінің құлдырау тереңдігі олардағы ЖІӨ көлеміндегі көрсеткіштен айтарлықтай көп. Бұл интеграциялық  әлуеттің жоғарылығын көрсетеді, бірақ қазіргі уақытта ол ұтымды пайдаланылмай келеді.

Информация о работе ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі