ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 18:02, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 Халықаралық экономикалық интеграция………………
1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……
1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
ерекшеліктері…………………………………………………………………….
1.3 Аймақтық экономикалық ұйымдар...............................................................
1.3.1 Солтүстік америкалық еркін сауда зонасы
1.3.2 Оңтүстік америкалық ортақ рынок
1.3.3 Африка және Араб елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы

2 ТМД елдеріндегі экономикалық интеграциялық процестер
2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті
ерекшеліктері
2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу
кезеңдері
2.3 ТМД елдерінің сауда қатынастары
2.4 ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының дамуы
2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі
2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық қатынастары

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс
ерекшеліктері
3.2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы инвестициялық
саясат
3.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелері
3.4 ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселері
мен ерекшеліктері
3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДЖ. интегр.проц..doc

— 1.08 Мб (Скачать документ)

3.3.3 Орталық Азия экономикалық қауымдастығы

Орталық Азия экономикалық қауымдастығы -1998 ж. құрылды қазір «Орталық Азия қауымдастығы» (ОАҚ) деп аталады. Мүшелері Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстан. Бұл субаймақта 55,5 млн.адам тұрады, ІЖӨ көлемі 32,3 млрд. долл., экспорт 16,2 млрд. долл.Ұйымның басты мақсаттары: географиялық орынның ортақтығын, тарихи-экономикалық-географиялық, мәдениеттіқ, этностық ұқсастықтарды пайдалана отырып, ұлттық экономиканы нығайту, интеграциялық және жаһандану үрдісіне біртұтас ену, экологиялық мәселелерді (Арал мәселесі) бірігіп шешу, су және энергия ресурстарды кешенді пайдалану т.б. мәселелер. Сонымен бірге Қазақстан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ), оның ішінде Ислам даму банкіне (ИДБ) кіру арқылы Ислам конференциясы ұйымына (ИҚҰ) мүше болды (12 желтоқсан 1998 ж.) ИДБ-аса ірі халықаралық қаржы ұйымы, 12 тамыз 1974 ж. Сауд Аравиясында Джидд қаласында құрылды. Бұл банк Қазақстанның темір және автокөлік жолдарын, Астана,Алматы қалаларының инфрақұрылымын құруға техникалық және қаржилық көмек жасап жатыр.

Қазақстан Республикасы Азия даму банкіне (АДБ) 19 қаңтар 1994ж. мүше болып кірді.АДБ-і 1966ж. БҰҰ-ның  Азия және Тынық мұхиты елдерінің экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) шешімі бойынша құрылды. Қазір мұнда 56 мемлекет-мүше, Қазақстан бұл банктің ірі акционерлік мүшесі болып есептеледі (14-орын).

Қазақстан Халықаралық  валюта қорының, Халықаралық даму және реконструкция банкінің, Еуропалық  даму және реконструкция банкінің және Бүкіләлемдік дүниежүзілік банктік экономикалық көмегін несие түрінде алып тұрады.

1947 ж. халықаралық сауданы реттеу үшін Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы (БСҰ) құрылды. Әзірге аталмыш ұйыммен 162 аймақтық әріптестік шарт жасаған. Қазақстан Республикасы дүние жүзінде еркін сауда жасауға, тауарлардың шетелдерде антидемпингке ұшырамай, еркін айналымға енуі үшін осы ұйымға мүше болуды мақсат етіп отыр. Ол үшін «еліміз экономикасын бәсекелестікке шыдас беретіндей деңгейде дайын ба?» деген сұрақ туады. Себебі, біріншіден, отандық орта және шағын кәсіпкерлік өндірген тауарлар ІЖӨ-нің тек 13 %-ын құрайды. Ал дамыған индустриалды елдерде бұл көрсеткіш 50%-дан жоғары болып табылады. Екіншіден, сыртқы экономикалық саудада мұнай, газ, түсті және қара металл, бидай, т.б. шикізаттар сатуға қол жеткізсек, осы аталғандардың бағасының күрт құлдырап кетуі отандық экономикалық көрсеткішке кері әсер етуі мүмкін. Үшіншіден, әлемдік рыноктың тұтыну стандартына сай сапалы өңделген өнімдер шығару мәселелсін шешу керек, себебі дамыған елдердің тауарларына Қазақстан рыногында жол ашылар болса, отандық өнімдер сауда рыногынан ысырылып қалуы мүмкін. Төртіншіден, ауыл шаруашылығы енді-енді көтеріліп келе жатқаны белгілі. Өткен ғасырдың 90-шы ж. бұл салада өндірілген өнім ЖІӨ-нің 34 %-ын құраған болса, 2003 ж. бар-жоғы 7-8 %-дан аса алмай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың дайын өнім сапасы алдыңғы қатарлы елдердің тауарларына бәсекелесе алмайды.

Сондықтан, Қарағандыда  өткен Халықаралық экономикалық конгрестің шешіміне қарағанда еліміздің  әлеуметтік және экономикалық өсуі үшін 4-5 жыл қажет болса, соның ішінде негізгі қорға түсетін қаржы өндірістің жалпы құнының 28 %-ын, ал мемлекеттік қаржы құю көлемі ЖІӨ-ге шаққанда 4 %-ды құраулары тиіс. Белгілі қазақстандық экономистер 15 жыл дайындықтан соң БСҰ-ға мүше болған Қытай тәжірибесін үлгі етіп, ешқандай дайындықсыз өткен Грузия мен Қырғызстанның қателіктері мен кемшіліктерін еске ала отырып, Қазақстанның БСҰ-на кірудің талаптарына сай 5-6 жыл қажет деп есептейді.

 

 

3.4 ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселері

мен ерекшеліктері

 

Қазіргі таңда орын алып отырған проблемалардың түп негізі тарихпен тамырлас мәселелер. Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын, дәлірек  айтсақ, 1991 ж. желтоқсанда, тұтастай Еуразия  цивилизациясында және ортақ халықтық шаруашылық кешені тарихында төңкеріс орын алды. Әлемдегі ең ірі және оның тарихындағы саяси, әлеуметтік – экономикалық интеграциялық құрылым – КСРО – ның ыдырауы оның субъектілеріне келеңсіз құбылыс туғызды.

Дегенмен, Кеңес империясының ыдырауы адамзат дамуының жалпы заңдылықтарын жойған жоқ, олардың бірі – интеграция. КСРО ыдырағаннан кейін ізінше оның орнындағы 15 жаңа мемлекеттердің 12 – сі өзара қарым – қатынасты қайта құру мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) түрінде ұйымдық форма орнатқаны белгілі.

Өткен онжылдықта ТМД  елдерінде 1992 – 1997 жж. арлығында экономикалық құлдырау шыңы орын алды, бұл кезеңде  Достастық елдеріндегі жиынтық  жалпы өнім - өндіріс көлемі шамамен 1,7 есе төмендеді. Бұл кәсіпорындар мен өндірістік бірлестіктер, ғылыми кешендер және инновациялық фирмалар, шикізатты тұтынушылар мен жеткізушілер және т.б. мыңдаған шаруашылық субъектілері арасынлдағы кооперациялық байланыстардың үзілуімен бұзылған әсердің салдары болды. Капитал салым деңгейі мен оның тиімділігінің күрт төмендеуі экономикалық даму перспективасына теріс әсерін тигізетіндігін байқатты. ТМД – ның барлық елдерінде, тіпті экономикалық өсу қарқынының төмендеуін тежей білген Беларусьтің өзінде өте ірі мемлекеттік бюджет тапшылығы орын алды. Ал бұл жағдай ақша эмиссиясына алып келсе, оның салдары инфляцияға немесе өндірістік, әлеуметтік және қаржылық құлдырауына соқтыратыны белгілі.

ТМД елдеріндегі қиыншылықтар «жас мемлекеттердің» жалғыз әрекет ете алмайтындықтарын байқатты. Бұл елдердің бір – бірімен өте тығыз экономикалық байланыста екендігін көптеген шаруашылық және қаржылық процестер куәландырады. Оның бір аргументі Ресейдегі 1998 жылы тамыз айында орын алған қаржы – экономикалық дағдарыстың бұрынғы КСРО республикаларына әсері нәтижесінде, ТМД - ның Мемлекетаралық статистикалық комитетінің мәлімдеуінше, 1998 ж. қорытындысы бойынша Достастық шеңберіндегі ЖІӨ көлемі 1997 жылмен салыстырғанда тағы да 3,5 % - ға төмендеді. Соққы нәтижесінде бұрынғы 12 кеңестік республикалардың жиынтық ЖІӨ - і 1990 ж. көрсеткіштің 46 % - ын ғана құрап, екі еседен астам төмен деңгейге жетті.

Достастықтың бірқатар елдерінде әлі де болса ұлттық шаруашылықтардың нақты секторының салалары мен кәсіпорындарына қысым  түсіртетін, мысалы, төлем қабілетсіздігі сияқты дағдарыстық факторлардың әрекет етуі жалғасуда; банктік – қаржылық дағдарыстардың шиеленісе түсу қаупі әлі де болса жоғары.

ТМД елдері экономикалық әлуеті бойынша бір – бірінен  ерекшеленеді, мысалы, жиынтық ЖІӨ - ң 80% - ын Ресей өндірсе, 8% - Украина, 3,7% - Қазақстан, 2,3% - Беларусь, 2,6% - Өзбекстан өндіреді. ТМД – ның 7 мүшесіне ЖІӨ - ң шамамен 3% - ы тиесілі. Дәл осындай жағдайда ТМД, оның ішінде Ресей, барлық ТМД мүшелерінің теңдігін үйлестіретін және олардың экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігін есепке алатындай шешім қабылдау механизмін құра алмады. Мұндай механизмнің жоқ болуынан Достастықтағы әрбір мемлекеттің ұлттық мүдделерінің ағымдық және перспективалық балансы үзілді, интеграция туралы келісілген шешімдер орындалған жоқ.

Басқа интеграциялық  топтарға қарағанда ТМД терең экономикалық дағдарыс жағдайында қалыптасты. ТМД – ның ең ірі елі Ресей қазіргі уақытқа дейін өзінің ресурстарымен интеграция процесін қолдай алмады. ТМД елдерінің көпшілігі үшін шет ел инвестициясы дағдарыстан шығудың басты жолына айналды. Ең ірі деген Ресейдің өзінде ТМД елдерімен тауар айналымы 1991 – 2001 жылдар аралығында 7 есеге дейін төмендеді (23,4 млрд.долл.дейін).

ТМД елдерінің әлемдік  экономикалық қауымдастықта  тең  серіктестік болуын тек экономикалық интеграция ғана қамтамасыз ете алады. Орталық Еуропа елдерінің тәжірибесі олардың тіпті жақын батысеуропалық көршілес нарықтарға енудегі жалғыз әрекет етулері сәтсіз аяқталғандығын көрсетеді. Әлемдік экономикада лайықты орынды иемденуге жаңа үміткерлер қарым – қатынасты жекелеген елдермен емес, интеграцияланған мемлекеттер бірлестіктерімен құруға мәжбүр болып отыр.

Қазіргі уақытта ТМД  ортақ нарық құрудың алғашқы  кезеңдерінде деуге болады және оны  қалыптастыруда ТМД барлық мүшелері тең дәрежеде қатыспайды. ТМД –  дағы интеграциялық процестерге  оған қатысушы елдердің әртүрлі дәрежедегі дайындықтары және терең экономикалық  өзегрістер жүргізуге олардың әртүрлі көзқарастары әсер етеді, мысалы, өз бағытын табуға ұмтылу (Өзбекстан,Украина), лидерлік рөл ұстану (Ресей,Беларусь,Қазақстан), күрделі келісім – шарт процесіне қатысудан бас тарту (Түрікменстан), әскери – саяси қолдау табуға ұмтылыс (Тәжікстан), Достастық есебінен өзінің ішкі проблемаларына шешім іздеу (Әзербайжан,Армения,Грузия) т.б.

Достастық елдеріндегі  бірігулер тек нарықтық реформалау аяқталғаннан кейін ғана мүмкін деген пікірлер интеграция кедергілерінің бірі болып табылады. Бұл жерде мынадай қорытынды жасауға болады: бұл іспетті пікірге сенсек, «жүргізіліп жатқан реформалар сипаты мен қарқынындағы, сондай – ақ саяси айырмашылықтар интеграция жолындағы жеңе алмайтын тосқауылдар болып табылады» . Әлемдік тәжірибе интеграцияның бұл кедергілерден әлде қайда күштірек екенін көрсетеді. Мысалы, социолистік Вьетнам өзінің нашар дамыған нарықтық қатынастарымен және әлсіз өндірісімен 1995 ж. Қазіргі әлемдік лидерлердің бірі – Оңтүстік – Батыс Азия бірлестігіне мүшелікке енді. Бұл, өз кезегінде, Вьетнамдағы реформаларды тез арада жеделдетті.

Біздің ойымызша, Достастықтағы  интеграция кедергілерінің тағы бір  көлемдесі – шикізат және өндеу  салаларындағы мүдделердің қарама – қайшылығы. Мұнай, газ және басқа да тапшы ресурстар экспортерлі ТМД – дағы кедендік тосқауылдардың алынып тасталуына, қосылған құн салығының өндірілген елде салуын жою сияқты мәселелерге аса қызығушылық  танытпайды. Себебі, олардың өнімдері онсыз да бәсекелестік қабілетке ие. Мұны әлемдік тәжірибе дәлелдейді. Мысалы, Норвегияның Еуропалық одаққа кірмеуінің де себебі, оның мұнай және газ интеграциясыз да өтімділік қабілетке ие. ТМД – ның қай жолмен дамуына (жоғары технологияларды дамыту немесе Батысты шикізатпен жабдықтаушы) интеграция перспиктивасыы тәуелді болмақ.

ТМД интеграциясына басқа  да факторлардың әсерін айтуға болады. Мысалы, Ресейдің Күнгей Кавказ мемлекеттерімен  кедендік одақ құруына кедергілердің  бірі – аймақтық жанжалдар.

Сөйтіп, біз ТМД мемлекеттеріндегі интеграцияның бірқатар маңызды ерекшеліктерін көрсете аламыз:

ТМД – ға экономикалық даму деңгейлері бойынша едәуір айырмашылқтары бар елдер бірігеді (Ресей, Қазақстан, Беларусь тұрғындарының нақты табысы Тәжікстан мен Грузия тұрғындарының нақты табысынан әлдеқайда жоғары). Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, мұндай елдер Еуропалық одақ сияқты бірлестіктер құра алмайды және олар әдетте капитал құрылысы мен еркін сауда аймағын құрумен шектеледі (оның айқын мысалы – НАФТА).

ТМД құрамына сауда көлемінің негізгі бөлігі басқа мемлекеттерге (үшінші елдерге) бағытталған елдер біріккен. Айталық, Ресей мен Әзербайжанның сыртқы сауда айналымындағы ТМД үлесі 19% - ды құрайды, Қазақстанда – 37, Украинада – 44, Қырғызстанда – 48, Беларусь пен Тәжікстанда – 65%. Әлемдік тәжірибеден бір негізгі серіктестері дамыған елдерден құралған дамушы елдер бірлестігін білеміз (мысалы, МЕРКОСУР тобындағы өзара сауда үлес көрсеткіші олардың АҚШ – пен сауда үлесінен әлдеқайда төмен). Экономикалық интеграцияның мұндай формасының экономикалық одақ деңгейіне дейін көтерілуі мүмкін емес.

  • ТМД құрамына шикізат әулетімен басымдылық танытатын елдер (Ресей, Қазақстан, Әзербайжан сияқты), сондай – ақ табиғи ресурстарға кедей (салыстырмалы түрде) елдер де кіреді (Грузия, Молдова, Беларусь, Украина және т.б.). Әлемде мұндай бірлестіктер аналогы кездеспейді (айталық, ЕО – бұл дамыған, бірақ табиғи ресурстары кедей елдер бірлестігі; сондықтан да табиғи ресурстарға бай Норвегияның ЕО – ға еңбеуін осылай түсіндіруге болады).
  • ТМД шеңберінде әлемдік несиеге тәуелді қарыз – елдер біріккен. ХВҚ, Дүниежүзілік банк және АҚШ Достастық елдерінің Ресей Федерациясымен интеграциялануына және бұл елдерде жоғары технологияның дамуына қарсы сыңай білдііреді. Дегенмен,  Ресейдің қатынасуынсыз Орталықазиялық экономикалық қауымдастық, «Кавказ парламенті», ГУУАМ сияқты интеграция\лық бірлестіктер белсенді қаржылық қолдау табуда.

ТМД перспективасы өте  үлкен үміт күттіреді. Ғаламдану  процесінің белсенділігі жағдайында Достастық  елдері, өзінің бірегей геосаяси жайын епті қолдана отырып, ұлттық мүдделерді қорғай алады және әлемдік нарықтарға белсенді әсер ете алады. Ол үшін Достастықта қажетті алғышарттардың бәрі бар. Олар әлем территорисының 16,3% - ын, тұрғындар санының 5% - ын, 25% табиғи ресурстар қорын, 10% өнеркәсіп өндірісін, 12% ғылыми – техникалық әлуетті, 10% ресурсты құраушы тауарлар бөлігін алып жатыр. Жақын уақыт аралығында ТМД – дағы транспорттық – коммуникациялық жүйе тиімділігі АҚШ пен Қытайға қарағанда бірнеше есе жоғары болады. Ең маңызды артықшылықтарына ТМД – ның географиялық орналасуын жатқыза аламыз. Оның территориясымен Еуропа мен Оңтүстік – Шығыс Азияны жалғайтын ең қысқа құрлық және теңіз жолдары өтіп жатыр (Мұзды мұхит арқылы). Бүкіләлемдік банктың бағалауы бойынша,Достастықтың транспорттық – коммуникациялық жүйені іске асыру есебінен 100 млрд.долл. табыс құрау мүмкіндігі бар. ТМД елдерінің басқа бәсекелестік ресурстары – арзан жұмыс күші мен энергоресурстар экономиканы көтеру үшін әлуетті мүмкіндіктер туғызады. Мұнда әлемдік электр қуатының 10% - ы өндіріледі, ал оны өндеуде әлемде төртінші орынды иемденеді.

Дегенмен, бұл мүмкіндіктер ұтымды пайдаланылмай келеді. ТМД  елдеріндегі соңғы жылдары байқалған  экономикалық өсу әзірше ондағы қалыптасқан  ұдайы өндіріс процесінің бұзылуын жоюға әсер ете алмайды. Тек өткен онжылдықтағы макроэкономика үшін жағымсыз салдардың әлсірегендігін айта аламыз. Бұл деформациялар олардың салалық мамандандырылуы мен экономикалық жүйелер масштабтарындағы айтарлықтай айырмашылықтарға қарамастан, әлемдік нарықтың өндіріс тиімділігі мен өнім сапасына қоятын ортақ талаптарынан тұратын жалпы сипаттағы үрдістермен анықталады. Достастық елдері олардың әсеріне төтеп бере алмады.

Қазіргі ТМД өзінің ұлттық экономикаларының интеграциялану дәрежесі бойынша, сондай – ақ жалпы үрдіс бойынша басқа әлемдік топтардан әлдеқайда артта келеді. Бірқатар негізгі көрсеткіштері бойынша ТМД Еуропалық одақ, НАФТА, Азия – Тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастық ұйымдарының (АТЭҚ) соңында келеді.

ТМД елдерінде шаруашылық субъектілер мүдделерінің және тұтастай Достастық экономикаларын «алыс шет ел» нарықтарына қайта бағытталуына алып келетін дезинтеграциялық үрдістер жалғасуда. Оның басты себебі – технологиялық артта қалу. Ескірген технология, тиімсіз өндіріс құрылымы негізінде құрылған Достастық мемлекеттерінің интеграциясы олардың халықаралық еңбек бөлінісіндегі тең дәрежеде қатыса алмайтындығын білдіреді. Көптеген шығаратын өнімдердің бәсекелестік қабілеттерінің әлсіздігі байқалады. Достасық елдеріндегі өндірістің күрт төмендеуі мен олардың ішкі нарықтарының алыс шет ел тауарларымен толуына алып келді. Ресей ғылым академиясы ғалымдарының мәлімдеулері бойынша, 1990 ж. Достастық елдерінің жалпы тауар айналымындағы ТМД – дан тыс мемлекеттермен тауар айналым үлесі 69% - ды құрады.[2,65]. 90 – жылдардың ортасында алыс шет елдермен сауда – саттық қатынастарда Достастық елдері бойынша Ресейдің үлесіне жалпы экспорттың 84% - ы, Украина үлесіне - 8% - ға жуық, Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь елдеріне шамамен 2% - дан, Әзербайжан,Түрікменстан және Тәжікстан үлестеріне – 0,7% - дан, Молдава және Қырғызстанға – 0,2% - дан тиді. Достастықтың жалпы импортындағы Ресейдің үлесі де басқа мемлекеттерден әлдеқайда басым болды (21,7%). Украина – 7,6%, Қазақстан - 4% шамасын қамтыды [3,34]. Біздің есептеулеріміз бойынша, 2001 ж. ТМД елдерінің жалпы тауар айналымындағы алыс шет елдер үлесі экспорттың 80% - ын,ал импорттың 59% - ын құрай отырып, 72,6% - ды құрады. Бұл елдерге шығарған жиынтық экспорт ТМД елдері арасындағы жиынтық экспорт көлемінен 4 есе асты [4,67]. Бұлайша кең көлемде алыс шет елдерге бағытталу ТМД – да ішкі шаруашылық байланыстардың едәуір әлсізденуіне адып келді.

Информация о работе ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі