ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 18:02, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 Халықаралық экономикалық интеграция………………
1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……
1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
ерекшеліктері…………………………………………………………………….
1.3 Аймақтық экономикалық ұйымдар...............................................................
1.3.1 Солтүстік америкалық еркін сауда зонасы
1.3.2 Оңтүстік америкалық ортақ рынок
1.3.3 Африка және Араб елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы

2 ТМД елдеріндегі экономикалық интеграциялық процестер
2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті
ерекшеліктері
2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу
кезеңдері
2.3 ТМД елдерінің сауда қатынастары
2.4 ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының дамуы
2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі
2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық қатынастары

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс
ерекшеліктері
3.2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы инвестициялық
саясат
3.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелері
3.4 ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселері
мен ерекшеліктері
3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДЖ. интегр.проц..doc

— 1.08 Мб (Скачать документ)

1994 жылы Еуропа еркін  сауда ассоциациясы мен Еуроодақ  «Бірыңғай экономикалық кеңістік»  құру туралы келісімге қол  қойды, оған батысеуропалық елдерден  Швейцария ғана кірген жоқ. Келісімнің негізін қалаушы принцип — жеке тұлғалардың және капиталдың, тауарлардың, қызметтердің еркін орын ауыстыруы.

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің кедендік одақ болып  табылмайтынын атап өтуіміз керек. Еуропа еркін сауда ассоциациясы мен Еуроодақ құрылымдары аясында оған кіретін мемлекеттер үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауда саясатқа да, ортақ кедендік тарифке де ие емес. Бірыңғай экономикалық кеңістікті келісімнің қатысушы-мемлекеттерінің министрлерінен тұратын Кеңес басқарады.

Құрамына кіретін мемлекеттердің дамуының және олардың арасындағы өзара  экономикалық байланыстардың жоғары деңгейіне  қарамастан, Еуропа еркін сауда ассоциациясы толыққанды интеграциялық топтама бола алмады. Нақты түрде ол ЕЭС/Еуроодақ жаңа мүшелері үшін өзіндік «дайындық класы» болып табылды. Қазіргі уақытта Еуропа еркін сауда ассоциациясының көптеген мүшелері оны шығыс еуропалық және батыс еуропалық елдер арасындағы еркін сауданың әлеуетті аймағы ретінде қарайды.

Еуропа еркін сауда  ассоциациясы 1996 жылы 12 елден орталықеуропалық еркін сауда аймағын құруды қуана қарсы алды. Уақыт өте келе бұл мемлекеттер  Еуропа еркін сауда ассоциациясын толықтыратыны, олардың мүше болуы Еуроодаққа қарай олар үшін бірінші қадам екендігі есептелмей қалған жоқ.

Еуроодақтың экономикалық қуаты, оның кеңеюінің қозғалысы мен Батыс Еуропаның жекелеген елдерінің олармен саудаға күшті тәуелсіздігі «Еуропада бизнесті қалай жасау керек?» деген белгілі кітаптың авторы Вольфганг Хойердің есептегеніндей, таяу болашақта қалған елдердің алдына баламалы жолды ұсынады: не Еуроодаққа өту қажет және өз тәуелсіздігінен ішінара бас тартып, бірақ әлемнің ірі рыноктарының барлық мүмкіндіктерін пайдаланады немесе бәрінен сырт қалып, өз экономикасы үшін барлық теріс салдарларымен Батыс Еуропаның бірігу процесіне қатысуға өз жолын өзі кеседі.

Еркін сауда туралы Орталық Еуропалық келісім. Бұрынғы социалистік мемлекеттердің интеграциялық топтасуы — Экономикалық Өзара көмек Кеңесі өз қызметін доғарғаннан кейін бұл ұйымның бұрынғы мүшелері тереңдетілген ынтымақтастықтан бас тартқан жоқ. 1990 жылы олар Венгрия, Польша және Чехословакия құрамына кірген «Жоғары қалалық үштік» — өздерінің интеграциялық топтамасын құрды. Чехословакия қирағаннан кейін бұл топ «Жоғары қалалық төрттікке» қайта құрылды. 1993 жылғы 1 наурыздан осы топ аясында алымды бірте-бірте өзара төмендетуді қарастыратын еркін сауда туралы Орталықеуропалық келісім (СЕФТА) күшіне енді. Бұл қадам арнаулы «еуропалық келісімге» қарамастан, Еуроодақпен «Жоғары қалалық төрттік» елдерінен әрқайсысы, олардың сауда-экономикалық қатынастары тұтасынан алғанда қанағаттанарлықсыз дамуынан туындады. Сондықтан да Орталық Еуропаның соңғы ондаған жылдағы қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарын сақтау және көбейту үшін осы интеграциялық топ құрылды.

1992 жылы келісім-шартқа қол қойылған кезде 2001 жылға қатысушы елдер арасындағы барлық кедендік кедергілерді жою болжамдалды. Алайда кейінірек бұл процесті жеделдетуге шешім қабылдау керек болды. Соның өзінде алты мемлекет (құрылтайшыларға қосымша Румыния мен Словения қосылды) аймақта сауданы белсенді жүргізуді көздеуде. 1995 жылдың қыркүйек айынан СЕФТА ашық ұйым мәртебесін иеленді. СЕФТА қызметінің маңызды принципі — «ішкі рыноктар бәсекелестік үшін емес, бірін-бірі толықтыру үшін ашылады». Келісім-шартқа егер Бүкіләлемдік Сауда ұйымына мүшелігі бар және СЕФТА-ның қатысушысының әрбірімен және Еуроодақпен еркін сауда туралы келісім болғанда кез-келген мемлекет қосыла алады. 1998 жылдың шілдесінде СЕФТА-ға Болгария қосылды. Перспективада мамандардың пікірінше, Литва, Латвия, Эстония, Украина қосыла алады. Бұл аймақта тұратын тұрғындар 120 млн-нан астам адамды құрайды. Мұнда СЕФТА аясында айналатын тауарлардың 30 пайызы ғана салық салуға жатады.

Қазірдің өзінде СЕФТА  аясында өнеркәсіп тауарларын сатудың  көп бөлігі еркін сипатқа ие. Ауыл шаруашылығы секторында іс жағдайы күрделірек. «Алтылықтағы» барлық елдер қандай да бір дәрежеде ұлттық рыноктарды шетелдік бәсекелестерден қорғауға ұмтылады. Тауар рыноктарын («көзге түсетін» тауарлар) либерализациялаудан басқа қатысушылар капитал және қызметтер рыногын либерализациялау мәселелерін де шешеді.

1992 жылдың ортасында  Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы  — бірқатар еуропалық мемлекеттердің  қатысуымен жаңа халықаралық  аймақтық ұйым құрылды. Оның  мүшелігіне 11 мемлекет енді: Әзербайжан, Албания, Армения, Болгария, Грекия, Грузия, Молдавия, Румыния, Түркия, Украина және Ресей. Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы аясындағы экономикалық ынтымақтастық айырықшалау негізінде құрылады. Интеграцияға қозғалыс интеграциялық типтегі басқа еуропалық топтардағы сияқты жолмен емес (ол әзірге екінші қатарда орналасады), энергия жеткізуді тасымалдау, энергетикалық жобаларды жүзеге асыру, транспорттық инфрақұрылымдарды қосқанда, масштабты салалық жобаларды жүзеге асыру базасында іске асады. Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығының бірегейлігі сондай-ақ әр түрдегі қарама-қайшылықтардың күрделі жиынтығына қарамастан, ұйымның құрылып, тұтасынан табысты дамуды жүзеге асыруымен анықталады.

 

1.3 Аймақтық экономикалық ұйымдар

Батыс Еуропадағы экономикалық интеграция даму табыстары әлемнің дамушы аймақтарында назар аударды. Латын Америкасында, Африкада және Азияда кедендік және экономикалық одақтар, бірнеше ондаған еркін сауда аймақтары туындады.

 

1.3.1 Солтүстік америкалық еркін сауда зонасы

Неғұрлым елеулі дамушы интеграциялық процестердің бірі НАФТА  еркін сауда солтүстікамерикалық  аймағының ұйымдастырылуы және қызмет етуі процесі болды. АҚШ-тың Канадамен  қолданыстағы экономикалық интеграциясы және олардың батысеуропалық әріптестерімен ынтымақтастығы АҚШ-ты қанағаттандырмайтын бола бастады. Соның нәтижесінде Солтүстік Америкада интеграциялық процестер мемлекет шегінен шығып кетті. Еркін сауданың солтүстік америкалық аймағы туралы келісім-шарт жасалды, ол 1994 жылғы 1 қаңтардан күшіне енді. НАФТА-ға АҚШ пен Канададан басқа, Мексика кіреді. Блок аумағы 370 млн адам тұрғындарымен ауқымды территорияны және қуатты экономикалық әлеуетті құрайды. Бұл елдердің жыл сайынғы қызметтер мен тауарлар өндірісі 7 трлн доллар құрайды. Олардың үлесіне әлемдік сауданың барлық көлемінің 20% шамасы келеді.

Келісім-шарттың негізгі  ережелері мыналарды біріктіреді:

* АҚШ, Канада, Мексика  өзара сататын тауарларға кедендік  алымды өзгерту;

* солтүстік америкалық  рынокты Мексика арқылы АҚШ-қа  өз тауарларын реэкспорт жолымен американдық алымдардан қашуға талпынатын азиялық европалық компаниялардан қорғау;

* Мексикада банк және  сақтандыру ісінде американдық  және канадалық компаниялардың  бәсекелестігі мен күрделі салымдарына  тиымды алып тастау;

* қоршаған ортаны қорғауға  байланысты проблемаларды шешу үшін үш жақты топтарды құру.

Бес жыл ішінде АҚШ  Мексикадан импортқа өнім атауларының  үштен екісі шамасына тарифтерді өзгертеді.

Жасалған келісімнен неғұрлым көп тиімділікті сауда  блогының тұтынушылары алды, өйткені, тарифті төмендету және бәсекелестікті күшейту нәтижесінде тауарлардың ауқымды бөлігіне баға төмендеді. Американ өнеркәсіпшілері тиімді жағдайда болып шықты, өйткені, арзан жұмысшы күші ағыны өсе түсті. табыстың кепілдендірілген өсімі американдық экономиканың электроника, компьютерлік жабдықтау, құрылыс материалдары, автобөлшектер, т.б. сияқты өндіріс секторларында күтілуде. Сондай-ақ осы кезде қант, жеміс-жидек, қысқы көкөністер өндіретін американдық фермерлер зиянға қалуда. Мексикаға келетін болсақ, ол НАФТА көмегімен өзінің экономикалық даму қарқынын жылдамдатуға, ЖІӨ өсімін шамамен 1,6-2,6 пайызға өсіруді жоспарлауда. Нәтижесінде Мексика өз экономикасының реформалау кезеңін қысқарта алады және жарты ғасырдан 10 – 15 жылға дейін дамыған елдер тобына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

НАФТА – дан бастапқыдан  Канада басқаларға қарағанда аз тиімділік  алады. Оның экономикасы АҚШ –  пен тығыз, ал Мексикамен аздаған  мөлшерде байланысты. Алайда, НАФТА  – ның даму ыңғайына қарай Канада интеграциялық процестерге көбірек  тартылып, кеңейтілген рыноктан дивиденттер ала бастайды.

НАФТА – ның алғашқы  екі жылдық қызмет етуі экспорт көлемін  ұлғайту есебінен қосымша жұмыс  орындарын құру тұрғысында сенімді  ақтамады. Бұдан басқа Мексика  мен АҚШ – тың саудадағы  оң сауда сал досы жоғалып, 1995 – ші жылы дефицитке орын берді. Түпкі нәтижеде НАФТА құрушыларының жоспары бойынша толыққанды солтүстік америкалық рынок 2010 жылға қарай құрылуы мүмкін делінді. Қазірдің өзінде америкалық экономистер Аляскадан Отты жерге дейін созылатын жеткілікті деңгейдегі панамерикалық сауда блогын құруды модельдеуде.

 

15.1 кесте 1990-жылдардың ортасындағы НАФТА және Еуроодақтың негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Еуроодақ (15 ел)

НАФТА

Территориясы, мың шаршы  км.

Тұрғындары, млн. адам

ЖІӨ, млрд долл.

Әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі,%

3232,0

372,55

7250,0

20,5

13522,0

378,0

8500,0

24,0


 

1.3.2 Оңтүстік америкалық ортақ рынок

Интеграциялық процестер  Оңтүстік америкада да белсенді жүре бастады. Өз ретінде (60-шы жылдардың  басы) Орталықамерикалық ортақ рынок  құрылды. Алайда саяси және экономикалық дағдарыс Орталықамерикалық ортақ рынок аясында интеграциялық жоспарларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. 90-шы жылдардың ортасына қарай интеграциялық процестер Аргентина, Бразилия, Уругвай және Парагвай арасында МЕРКОСУР сауда пактісін 1991 жылы жасау жолымен белсенді жүре бастады.Өзінің өмір сүрген жылдарында Оңтүстік конус елдерінің ортақ рыногы — МЕРКОСУР әлемнің ең қозғалысты интеграциялық топтарының біріне айналды. 1998  жылдың өзінде бірлестіктің төрт қатысушылары арасындағы сауда көлемінің 95% дерлік алымға жатпайды, ал қалған тауарлар ХХІ ғасырдың басына өзгертілетін болады.

Егер 90 – шы жылдардың  ортасында Латын Америка Елдері НАФТА блогына көбірек тартылса, ал қазір бұл жағдай өзгерді. МЕРКОСУР – ға еркін сауда туралы келісім  негізінде Чили мен Боливия қосылды. МЕРКОСУР мен Анд тобы арасында ынтымақтастық туралы келіссөздер алға жылжуда, онда Боливиядан басқа Венесуэла, Колумбия, Перу, Эквадор кіреді. МЕРКОСУР жоспарында — Панама каналынан Магеллан бұғазына дейін созылатын САФТА — еркін оңтүстікамерикалық сауда аймағын құру.

МЕРКОСУР – ды құру өзара сауданың күрт ұлғаюына, басқа  аймақтық сауда топтары мен сауда  экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге  әкелді. Өзара инвестициялық белсенділік  елеулі түрде өсті, шетелдік инвестициялар ұлғайа түсуде. МЕРКОСУР – дың табысты қызметі аймақтағы саяси тұрақтылыққа елеулі ықпалын тигізуде.

Батыс еуропалық интеграцияға қарағанда, бұл оңтүстік америкалық бірлестік айырмашылығы, деңгейі  бойынша әр түрлі мемлекеттер  бірыңғай ұйымда өмір сүріп қана қоймайды, сондай-ақтабысты ынтымақтастықта да бола алады. Бұл үшін мұндай бірлестіктердің барлық буындарын тыңғылықты дайындау, олардың қызметіне жоғары біліктілікпен басшылық жасау, бұл процесте әрбір ел үшін өз орнын таба білу, қарама-қайшылықтарды үйлестіру, келісімді қалау және соған бара білу қажет.

 

1.3.3 Африка  және Араб елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы

 

Өз аймағында интеграциялық  процестерді африкалық мемлекеттер  де дамытуға ұмтылуда. 1989 жылы Африка континентінің  солтүстік бөлігінде Алжир, Ливия, Мавритани, Марокко және Тунистің қатысуымен Араб Магрибі Одағы құрылды. Бұл одақ туралы келісім-шарт аймақтық интеграция деңгейінде кең ауқымдағы экономикалық ынтымақтастықты ұйымдастыруды қарастырады. Алайда Солтүстік Африка аймағы ұлттық шекараларда өзінше тұйықталған, бір-бірінен оқшауланған бес рыноктарды ұсынады.

Басқа африкалық елдердің экономикалық интеграцияға ұмтылуы ішкі рыноктың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған өнеркәсіпті дамыту үшін Африканың жекелеген субаймақтарында қолайлы жағдайлар құруда іс жүзінде өзара экономикалық байланыстары жоқ, артта қалған мемлекеттердің ұмтылысын білдіреді. экономикалық және кедендік одақтарға ене отырып, африкалық елдер үйлестірілген саясат негізінде өзара экономикалық байланыстарды дамытуды, жекелеген аймақтарда салыстырмалы түрде сыйымды ішкі рыноктарды экономиканы модернизациялау үшін база ретінде құруды жоспарлады. Интеграция көп жағдайда «өз күшіне сүйенгенде» прогреске жету әдісі ретінде, дамудың баламалы жолы ретінде қарастырылды. Бұл идея 2001 жылы шілдеде еуроодақ типі бойынша Африкалық Одақты құру туралы жариялаған Африкалық Бірлік ұйымы жоспарында да болды. Африкалық одақ аясында жалпы африкалық парламент, сот, сондай-ақ бірыңғай банк және валюталық қор құру жоспарлануда. Газ және мұнай құбырын, электр желісін, электр станциясы құрылысын бірлесіп пайдалануды жүзеге асыру көзделуде.

Африкалық мемлекеттердің басшылары жариялаған тереңдетілген  ынтымақтастық бағыттарын жүзеге асырудың Африкадағы интеграциялық процестер  практикасы негізінен барлық осы мақсаттар мен міндеттер құр игі тілек күйінде қалатындығын дәлелдейді. Кедей және артта қалған елдердің экономикалық ынтымақтастығы дәстүрлі формада «кедейліктің кесірлі айналымынан» шығуға әкелмейді, қандай да бір сезілетін прогресті қамтамасыз етпейді.

Интеграцияға, тығыз өзара  тиімді ынтымақтастыққа ұмтылу парсы  шығанағындағы араб мемлекеттері арасында да байқалады. 1981 жылдан бастап Сауд Арабиясын, Кувейтті, Катарды, Бахрейнді, Біріккен Араб Әмірліктерін және Оманды («мұнайлы алтылық») біріктірген бірақатар араб мемлекеттері ынтымақтастығы бойынша Кеңес құрылып, қызмет етуде. 1992 жылы құрылтайшылардың ойлары бойынша, ТМД мұсылман республикалары — ортаазиялық, Қазақстан, Әзербайжан қосылуы тиіс болашақ Орталық азиялық ортақ рыноктың үлгісі болуға тиіс Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығы ұйымын құру туралы жарияланды.

Информация о работе ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі