Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 18:02, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 Халықаралық экономикалық интеграция………………
1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……
1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
ерекшеліктері…………………………………………………………………….
1.3 Аймақтық экономикалық ұйымдар...............................................................
1.3.1 Солтүстік америкалық еркін сауда зонасы
1.3.2 Оңтүстік америкалық ортақ рынок
1.3.3 Африка және Араб елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы
2 ТМД елдеріндегі экономикалық интеграциялық процестер
2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті
ерекшеліктері
2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу
кезеңдері
2.3 ТМД елдерінің сауда қатынастары
2.4 ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының дамуы
2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі
2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық қатынастары
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс
ерекшеліктері
3.2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы инвестициялық
саясат
3.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелері
3.4 ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселері
мен ерекшеліктері
3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ
Төртінші кезең — бірыңғай экономикалық саясатпен, ортақ валютамен және ұлттық реттеумен толық интеграция. Интеграцияның бұл деңгейіне жету (саяси-экономикалық одақ) оған енетін мемлекеттердің интеграцияның бұрынғы кезеңдерінің қол жеткен нәтижелері есебімен бірлескен сауданы, сосын үшінші ел тұрғысынан тұтасынан экономикалық саясатты жүргізу туралы, сондай-ақ экономиканы реттеу жүйесін сәйкестендіру туралы келісімге отыруды болжамдайды. Интеграцияның бұл сатысы қатысушы-елдердің сыртқы саясатты келісуін болжамдайды, бұл әрбір қатысушы-елдердің және тұтасынан бүкіл одақтың шаруашылықтық даму мүддесіне қаржы мен күштерді өзара тиімділікпен біріктіру үшін бұрынғыдан да неғұрлым кең мүмкіндіктерді береді.
Соңғы екі кезең қандай
да интеграциялық топтардың
Халықаралық экономикалық интеграция үш деңгейлі модель ретінде қарастырылады (әсіресе, оның батысеуропалық вариантында):
* микродеңгейде, яғни корпоративті деңгейде, онда жекелеген компаниялар тікелей шаруашылық байланыстарға шығады, интеграциялық процестерді жүзеге асырады;
* мемлекетаралық деңгейде,
онда мемлекеттің мақсатты
* ұлттық деңгейде, мұнда
қатысушы-елдер одаққа бұл
1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
ерекшеліктері
Экономикалық интеграция өзінің неғұрлым толық дамуын Батыс Еуропада алды. Объективті экономикалық процестерден басқа, батысеуропалық интеграция арасында В. Гюго, И. Кант және басқалары бар көптеген еуропалық саясаткерлер, қоғамдық қайраткерлер және ойшылдары ұсынған бірыңғай Еуропа идеясымен қанаттанды.
Еуропалық одақ. Еуропалық одақтың құрылуы мен дамуының қазіргі заманғы тарихы 1951 жылдан басталады. Осы жылдың сәуір айында көмір мен болаттың еуропалық бірлестігі туралы келісім – шартқа қол қойылып, оған алты ел — Франция, ГФР, Италия, Бельгия, Нидерланды және Люксембург кірді. Бұл өз түріндегі батыс еуропалық интеграцияның алғы тарихы еді. Оның нақты өмірге келуі мен дамуының бастауы 1957 жылдан есептеледі, осы мерзімде елдер еуропалық экономикалық қоғамдастықпен еуропалық атом энергиясы бойынша қоғамдастықты құру туралы келісімге қол қойды. Қоғамдастықтың құрамына дамудың жоғарғы деңгейіндегі елдер кірді, бұл олардың соңғы 15 жыл мерзім ішіндегі экономикалық өсуінің жоғарғы қарқынымен бірге анықталды.
Батыс Еуропалық интеграцияның
дамуы елуінші жылдардың
Батыс Еуропа экономикалық интеграциясының даму процесін шартты түрде 4 кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең, (50 – жылдардың аяғы — 70 – жылдардың ортасы) қоғамдастық өмірінің «Алтын ғасыры» деп есептеледі. Ол жедел түрде кеден одағын құру мен, салыстырмалы түрде бірыңғай аграрлы рынокты табысты құрылымдаумен, еуропа экономикалық қоғамдастығына үш жаңа елдің: Ұлыбританияның, Данияның, Ирландияның кіруімен тарихта қалды.
Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың немесе оны жиі айтатындай, «Ортақ рыноктың» құрылуының нақты мақсаты мыналар болды:
Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында кешенді басқару құрылымы құрылды, олар — еуропа экономикалық одағының министрлер кеңесі, еуропалық одақтастықтың комиссиясы, еуропалық кеңес, еуропалық сот, еуропалық парламент.
Еуро – экономикалық қоғамдастықтың бірінші мақсаты қатысушы елдердің жұмысшы күші мен қызметтерін, капиталын, тауарлардың ортақ рыногын құру міндетін шешу болып табылды. Бұл үшін кедендік одақ құрылды. Еуропалық экономикалық негізінде нақ кедендік одақ жатады. Кедендік одақ аясында мына шаруалар атқарылды:
Осы шаралардың барлығы өнеркәсіптік интеграцияның жеделдеуіне жағдай жасады. Сонымен бір мезгілде ауыл шаруашылық қоры арқылы қаржыландыру және өтемақы жинағы көмегімен ұжымдық протекционизмді орнату формасында аграрлық интеграцияны жүзеге асыру бойынша әрекеттер жасалды. Еуропалық одақтың аграрлық саясаты еуропалық одақтың мүше елдерінің көптеген ауыл шаруашылық өнімдері үшін бірыңғай төменгі бағаны белгілеуге кепілдік беретін бірыңғай баға жүйесіне негізделеді.
Ортақ рынокты қалыптастыру еуропалық экономикалық қоғамдастықтың елдерінің ұлттық монополиясын транс – ұлттыққа айналдыру процесін жеделдетті, әріптес елдердің экономикасына енуге жағдай жасады. Еуропалық экономикалық қоғамдастықты дамыту, қоғамдастықтың қатысушы елдерінің тұйықталған ұлттық шаруашылығынан сыртқы рынокқа ашылған ашық типтегі экономикаға интенцивті өтуін білдірді.
Екінші кезең, (70 – жылдардың ортасы — 80 – жылдардың ортасы) еуропалық одақ тарихына еуропалық, валюталық, ынтымақтастық бағдарламасын қабылдау, сыртқы саяси консултациялар механизмін құру реті келуімен енді.
Осы кезеңдегі барлық пайда болған негативті ағымдар батыс еуропалық экономикалық интеграциясының елеулі дағдарысына алып келді. Бұл дағдарыс «Еуро скелероз» деген атақ алды. 70 – жылдары және 80 – жылдардың басында еуропалық одақтың елдері арасындағы даму деңгейінде айырмашылықтар ұлғайды. 1981 жылы еуропалық одаққа Грецияның енуімен бұл ағым тіпті көбірек көрінді, өйткені бұл елдің экономикасы қоғамдастықтың басқа қатысушыларымен салыстырғанда елеулі түрдегі айқын төменгі деңгейде орналасқан еді.
Үшінші кезең, (80 – жылдардың екінші жартысы — 90 – жылдардың басы) — қоғамдастықтың құрамын одан әрі кеңейту кезеңі. 1986 жылы қоғамдастыққа Испания мен Португалияның қосылуы бұрыннан бар елдер аралық диспропорцияның шиеленісуіне әкелді. Еуропалық одаққа кіру сәтінде Португалияның жан басына шаққанда кірісі еуропалық экономикалық қоғамдастық бойынша орташа деңгейдің шамамен жартысындай, ал Испанияда төрттен үш бөлігі шамасындай болды. Жаңа қатысушы елдерде шамамен бес адамның біреуі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал бұл көрсеткіш еуропалық экономикалық қоғамдастықта он үштің бірі болып есептеледі. Сонымен бірге нақ осы кезең бәрінен бұрын Бірыңғай Еуропалық Акт қабылдаумен байланысты Батыс Еуропа интеграциясын дамытуда жаңа серпінмен сипатталады.
Бірыңғай Еуропалық Акт-да Қауымдастықтың қатысушы-елдерінің ортақ мақсаты — Қауымдастықтың қатысушыларының саяси альянсын білдіретін және олардың экономикалық, валюталық-қаржыдық, гуманитарлық жоғары дәрежесін ғана емес, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қосқанда, сыртқы саясатын да келісуді қарайтын бірлестікті — Еуропалық одақты құру. Бірыңғай Еуропалық Актінің орталық ережесі еуропалық экономикалық өзара көмек мүшелері - әртүрлі елдері онда бірыңғай шаруашылық организм құратын бірыңғай экономикалық кеңістікті құру мақсаты болып табылады. Бірыңғай Еуропалық Актінің қабылдануымен микро және макроэкономика, саясат және құқық, ғылым және экология, аймақтық даму, әлеуметтік қатынастар саласында қоғамдастықтың мүше елдерінің интеграциялық процестері күшейе түсті. 90-жылдардың басында еуропалық қауымдастық мүше елдері бірыңғай рынок негіздерін құруды іс жүзінде аяқтап, және валюталық-экономикалық, саяси одақтарды құруға мейлінше жақындай түсті.
Төртінші кезең (ХХ ғасырдың 90-жылдарының ортасы – ХХІ ғасырдың басы). Бірыңғай Еуропалық Актіге сәйкес 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап қоғамдастық шекаралар ішінде өндіріс факторларын еркін қозғалту енгізілді. Нақты іс жүзінде қоғамдастық аясында бірыңғай экономикалық кеңістік туындады, бұл еуропалық қоғамдастықтың экономикалы интеграцияның сапалы жаңа кезеңіне енгендігін білдірді.
Масстрихтск келісім шартының негізінде (1992 жылғы ақпан) 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап еуропалы экономикалық кеңес 15-ке дейін саны жеткен қатысушы елдердің көлемімен еуропалық одаққа өтті. Еуропалық одақ аясында бірыңғай ішкі рынокты толығымен құру жүзеге асырылады. Одан арғы интеграциялық ынтымақтастықтың мақсаттары айқындалды. Олар ішкі шекарасыз бірыңғай батыс еуропалық кеңестікті құруды, еуро бірыңғай валютасы эмиссиясы құқығымен бірыңғай еуропалық банкті құруды біріктіреді.
Он бес мемлекет мүшеден тұратын еуропалық одақ АҚШ және Жапониямен қатар әлемдегі басты өндірушілер мен тұтынушылар қатарында тұрады. Еуростаттың мәліметтері бойынша оның үлесіне әлемдік экспорттың 57%-і және импорттың 55%-і келеді. Сондай-ақ, әлемдік саудада еуро одақ елдерінің үлесі одақ мүшелерінің саны ұлғайғандығына қарамастан, соңғы екі онжылдықта құлдырай түсті. Тұтынушылық қабілет аумағына есептелген, тұрғындардың жан басына шаққандағы жылдық жалпы ішкі өнім мөлшері орташа алғанда еуро одақ елдері үшін 17,3 мың ЭКЮ. Мейлінше жеткілікті әлеуметтік экономикалық жетістіктері мен еуропалық одақ, оның тұрғындары әлемнің 7%-ін ғана құрайды.
Еуро одақтың ілгерлемелі дамуы одақта қиындықтар мен қарама-қайшылықтар жоқ дегенді білдірмейді. Жоғарыда еуро одақтың жаңа мүшелерін біріктіру нәтижесінде туындаған еларалық және елішілік теңсіздіктер аталып өтті. Ауылшаруашылығының негізгі өнімдеріне бірыңғай орталықтандырылған баға, бірыңғай аграрлық саясатты жүзеге асыру процесінде елеулі проблемалар туындады және туындайды. Еуросоюз идеологтарын халықаралық рыноктарда еуропалық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің құлдырауы, әлемдік саудада еуро одақ үлесінің қысқаруы, компьютерлендіруде АҚШ-тан қалып қою мазасыздандырады.
Еуроодақ елеулі проблемалармен өзіне жаңа мүшелердің енуімен байланысты жолығуы мүмкін. 1998 жылдың наурыз айында Еуропалық одаққа енуге үміткер-елдер тобымен белсенді келіссөздер басталды. Еуропалық одақ Шығыс Еуропаға бет бұра бастады. Еуропалық одақтың болашақ жаңа мүшелері Кипр, Чехия, Венгрия, Словения, Эстония бола алуы мүмкін. Еуропалық одаққа ену ұмтылысында Түркия белсенді бола бастады. 1996 жылғы қаңтардан бастап Еуропалық одаққа Түркияның кедендік одағы туралы келісім күшіне енді.
Кипр мен Түркияны қоспағанда, Еуропалық одаққа мүшелікке барлық жаңа үміткерлер Шығыс және Орталық Еуропаның бұрынғы социалистік аймағындағы енді ғана реформаланып жатқан рыноктық және демократиялық үйлесімді ұсынады. Еуропалық одаққа жаңа «шығыстық» мүшелердің енуі бойынша келіссөз процесі Еуроодақ эксперттері есептегендей, мейлінше күрделі және ұзақ уақытқа созылатын болады. Ал Еуропалық одаққа енуге кандидат елдердің бейімделуі бойынша шығындар мейлінше жоғары болады. Бастапқы кезеңде Еуроодақ жыл сайын бұл мақсаттарға жылына 1,7 млрд. доллар шамасында бөледі. 2000 жылдан бастап бұл сома екі еселенеді. Негізінен қаржы артта қалған ауыл шаруашылығын модернизациялауға, транспортты дамытуға, қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметті толық қайта құруға, АЭС қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және басқа салаларды қаржыландыруға кетеді.
Еуроодақ атымен батысеуропалық интеграция теоретиктері «әр түрлі жылдамдықта» және «Концентрациялы айналым Еуропасы» экономикалық интеграцияны дамыту концепциясын ұсынды. «Әр түрлі жылдамдықтағы Еуропа» концепциясына келсек, онда Еуропадағы интеграциялық процестер кемі бес жылдамдықта қозғалуда. Ең жылдамы — бұл валюталық одақтың 11 мүшесі. Одан кейін бірінші кезеңде евроны енгізуден бас тартатын Ұлыбритания, Швеция, Дания, Грекия тұрады. Олардан соң ең соңғысы Түркия болып табылатын ең лайықты 11 үміткердің «бес қосу бір» жүреді.
Еуропа еркін сауда ассоциациясы. Батыс Еуропада экономикалық интеграция Еуроодақ аумағымен ғана шектелмейді: 60-жылдардың басынан Еуропа еркін сауда ассоциациясы өмір сүріп келеді. Еуропа еркін сауда ассоциациясының Еуроодақтан айырмашылығы ұлттан жоғары функциялар мен мемлекетаралық үйлестіруші институттар болмайды. Еуропа еркін сауда ассоциациясы басты мәселе ретінде экономикалық ынтымақтастықты алға қояды. Бірінші кезекте ол кедендік кедергілерді жою мен сауданы либерализациялауға ықпал етті. Еуропа еркін сауда ассоциациясы мүше-елдері (80-жылдары олар жеті, 90-жылдардың ортасында — төртеу — Норвегия, Исландия, Лихтенштейн, Швейцария болды) үшінші елдермен қандай да бір сауда-экономикалық келісімге ерікті түрде қосылды, оның үстіне Еуропа еркін сауда ассоциациясының қатысушыларының әрқайсысы бұл елдер тұрғысынан кез-келген кедендік тарифтерді белгілеуге құқылы болды. Еуропа еркін сауда ассоциациясы мүше-елдері арасында саудада еркін алымсыз сауда айналымы Еуропа еркін сауда ассоциациясы конвенциясы әрекеті ауыл шаруашылығы өнімдеріне таралмайтындықтан, өнеркәсіп тауарлары тұрғысынан ғана әрекет етті.
1972 жылы Еуропа еркін сауда ассоциациясына кіретін әрбір мемлекет Еуропа экономикалық одағы/ Еуроодақ келісіміне қол қойды, соған сәйкес өнеркәсіп тауарларына сандық шектеулер мен алымдар бірте-бірте төмендетілді. Бұл елдер арасындағы алымсыз сауда тауардың шығуы тегіне қатысты жасалған күрделі ережелер жүйесіне негіз салады. Еуропа еркін сауда ассоциациясы ішінде бірыңғай кедендік тариф болмауынан алымсыз сауда еркіндігі мүше-елдерде өндірілген тауарлар үшін ғана жүреді.