ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 18:02, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 Халықаралық экономикалық интеграция………………
1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……
1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
ерекшеліктері…………………………………………………………………….
1.3 Аймақтық экономикалық ұйымдар...............................................................
1.3.1 Солтүстік америкалық еркін сауда зонасы
1.3.2 Оңтүстік америкалық ортақ рынок
1.3.3 Африка және Араб елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы

2 ТМД елдеріндегі экономикалық интеграциялық процестер
2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті
ерекшеліктері
2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу
кезеңдері
2.3 ТМД елдерінің сауда қатынастары
2.4 ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының дамуы
2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі
2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық қатынастары

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс
ерекшеліктері
3.2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы инвестициялық
саясат
3.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелері
3.4 ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселері
мен ерекшеліктері
3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДЖ. интегр.проц..doc

— 1.08 Мб (Скачать документ)

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР (ҮДЕРІСТЕР)

050116 – География мамандығы

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...............................................................................................................

1 Халықаралық экономикалық интеграция………………

1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……

1.2 Батыс Еуропалық  экономикалық интеграцияның даму 

ерекшеліктері…………………………………………………………………….

1.3 Аймақтық экономикалық  ұйымдар...............................................................

1.3.1 Солтүстік америкалық  еркін сауда зонасы

1.3.2 Оңтүстік америкалық  ортақ рынок

1.3.3 Африка және Араб  елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы

 

2 ТМД елдеріндегі экономикалық  интеграциялық процестер

2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті

ерекшеліктері

2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық  формаларының қалыптасу

кезеңдері

2.3 ТМД елдерінің сауда  қатынастары

2.4 ТМД елдерінің өндірістік  кооперация мен валюталық-қаржы  ынтымақтастығының дамуы

2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі

2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық  қатынастары

 

3 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ  ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ

3.1 Қазақстан Республикасының  сыртқы экономикалық байланыс

ерекшеліктері

3.2 Қазақстан Республикасы  мен ТМД елдері арасындағы  инвестициялық 

саясат

3.3 Қазақстан Республикасы  мен ТМД елдері арасындағы  интеграция мәселелері

3.4 ТМД елдеріндегі  экономикалық реинтеграция мәселері

мен ерекшеліктері

3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Диплом тақырыбының  өзектілігі. Шаруашылық өмірді интернационализациялау ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік шаруашылықты дамытудың жетекші ағымына айналды. Өндірістің халықаралық кооперациясы және халықаралық еңбек бөлінісі (ХЕБ) дамуы нәтижесі ретінде әлемдік шаруашылықты ауқымды интернационализациялаудың негізгі ағымдарының бірі қандай да державаның немесе неғұрлым дамыған елдердің ықпал етуінің көлемді аймағын құруда көрінеді. Бұл елдер немесе елдер тобы әлемдік шаруашылық байланыстар мұхитында өзіндің материктер құрай отырып, төңірегіне басқа мемлекеттер топтасатын өзіндік интеграциялық орталыққа айналады.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасының мемлекеттік шекарасы толығымен анықталып, екіжақты қазақстан-өзбекстан, қазақстан-түркіменстан, қазақстан-қырғызстан келісімдеріне қол қойылды.

Қазақстан Республикасының  дүние жүзіндегі жаһандану сыртқы экономикалық байланысын жетілдірудің бір түрі – дүние жүзілік және аймақтық экономикалық ұйымдарға мүше болу, олардың жұмысына қатысу. Оның ішінде Қазақстан экономикасының дүние жүзілік жаһандану және интеграциялық үрдісіне қатысуда басты роль атқаратын ұйымдар: Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ), Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Орталық Азия экономикалық қауымдастығы.

Ұлттық экономиканың дүние жүзілік шаруашылықпен  қосылуының өзіндік ерекшеліктері  бар. Кез-келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде. Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.

Қазіргі кезде кез-келген мемлекеттің, сыртқы экономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы – ұлттық шаруашылықтың дүние жүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді. Дүние жүзілік шаруашылықтың р жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және қарама-қайшылықтар болып тұрады. Шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға: баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңдары жатады.

Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүние жүзілік шаруашылыққа, халықаралық экономикалық байланыстарға кіруге итермелейді. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады. Бұлар автоматты түрде өздігінен іске аспайды, сондай-ақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды.

Әрине, әр ұлттық шаруашылық өзіне табыс әкелетін айырбас  түрінде ұмтылуы керек. Бұндай байланыстарды  ұйымдастыруда мемлекет өзіне табыс  түсетін жағын ойластырады. Ал бұл  тек дайын өнім айырбастауда ғана жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан өндіріске ең алдымен білікті маманның, ғылымның, инженердің күрделі еңбегін қажет етеді. Тек сонда ғана әр ұлттық экономиканың халықаралық байланыстар жүйесіне деген тең құқықтығы сақталады [1].

Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі: экономикалық, саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін тереңдете түседі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі интеграциялық процестер (үдерістер) ерекшеліктеріне, дүние жүзі елдері мен Қазақстан арасындағы интеграциялық байланыстар географиясына баға беру.

Дипломдық жұмыс  нысаны. Дүние жүзі елдерінің экономикалық-географиялық қарым-қатынастары болып табылады.

Зерттеу пәні. Дүние жүзі елдерінің қарым-қатынас түрлері, қызмет рыногының қалыптасуы мен экономикалық қатынастары болып табылады.

Зерттеу болжамы. Қазақстан Республикасы мен дүние жүзі мемлекеттерінің интеграциялық қарым-қатынас ерекшеліктері қарастырылып, келешектегі маңызды мәселелері, кейбір геосаяси жағдайлары талданды. Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері, Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму ерекшеліктері, аймақтық экономикалық ұйымдар: Африка және Араб, т.б. елдердің интеграциялық ынтымақтастығы, ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті ерекшеліктері, ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу кезеңдері, ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының даму барысы, Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі сараланып, келешектегі бағыттары қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

– Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдеріне сипаттама беру;

– Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму ерекшеліктерін сипаттау;

         – Аймақтық экономикалық ұйымдар: Африка және Араб, т.б. елдердің интеграциялық ынтымақтастығына баға беру;

– ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті ерекшеліктерін қарастыру;

– Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу кезеңдерін салыстыру;

– ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының даму жолдарын қарастыру;

– Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесін саралау;

– Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс ерекшеліктерін қарастыру;

– Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелерін айқындау;

– ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделін қалыптастыру.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі интеграциялық процестер (үдерістер) мәселелерін зерттеуде экономикалық географиялық, т.б. ғылыми әдебиеттерде біртұтас көзқарастар мен пікірлер қалыптасқан. Интеграциялық процестер жайындағы ғылыми, әдіснамалық және теориялық еңбектерді талдау нәтижесінде көп жағдайда ресейлік және отандық экономист ғалымдардың мәліметтері мен зерттеулерін негізге алып жұмыс жасай аламыз. Ш.М. Надиров, Н.К. Исинғарин, А.А. Аубакирова, Ж.Я. Аубакирова, Е.Н. Нәбиев, Б.Б. Темірғалиев, Е.М. Арынов, Н.Қ. Мамыров, Д.М. Мадиярова, Э.Г. Кочетов, Е.Ф. Авдокушин, В.А. Сухов, В.И. Фомичев, Е.Д. Черевик, т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен еңбектері негізге алынды. Осы ғалымдардың еңбектерінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі интеграциялық процестер (үдерістер) мәселелерін теориялық және практикалық жағынан әр түрлі аспектіде қаралып кеңейтіліп отырды.

Н.К. Исинғарин, Д.М. Мадиярова, А.А. Аубакирова, Е.Н. Нәбиев, Е.Ф. Авдокушин зерттеулерi диплом жұмысында кең пайдаланылды. Дегенмен жоғарыда аталған жұмыстарда интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне талдау жасау мақсат етiп қойылмаған, тек теориялық тұрғыдан қарастырылған. Бұл ғалымдар мен зерттеушiлер аталмыш мәселенiң тек жекелеген аспектiлерiн қозғаған.

Дипломдық жұмыстың деректік көзі Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агентігінің, интернет сайттарының, ғылыми әдебиеттердің ақпараттары құрады.

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының  зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың нәтижелері салыстырмалы талдау әдістері, бағалау әдістері, статистикалық әдістер, хорологиялық (аймақтық зерттеу), аралас сынды әр түрлі географиялық әдістерге негізделді.

Диплом жұмысының практикалық  маңызы және жаңалығы. Орта және арнаулы оқу орындарындағы интеграциялық процестерді тереңдете оқытудың қажеттілігі туындайды. Интеграциялық процестердің даму барысын білу – экономиканың күрделі мәселелерін айыра білуге, аймақтардағы қазіргі халықаралық қатынастар мүмкіншіліктерін дұрыс бағалап, экономиканың дамуындағы ірі өзгерістердің мәнін түсінуге жәрдемдеседі.

Дипломдық жұмыс  құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі         бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Халықаралық экономикалық интеграция

1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері

 

Өндірісті интернационализациялаудың  қол жеткен деңгейі бойынша формальды  және нақты сипатқа ие бола алатын интеграциялық құрылымдарды ажыратып қарау керек. Формальды интернационализация интеграция сияқты, өзара әрекет жасайтын елдер өндірісі деңгейі дамуының тиісінше өлшемдерімен шарттастырылмаған, МРТ базасында елдер арасында экономикалық байланысы белгіленуі негізінде өндірістің халықаралық қоғамдастырылуын білдіреді. Өндірістің халықаралық кооперациясы дамуы мүмкін, бірақ оның қатысушылары түпкі нәтижеге ықпал ететін әр түрлі экономикалық жағдайларда орналасады.

Нақты экономикалық интеграция қатысушы-елдердің негізгі әлеуметтік-экономикалық өлшемдерінің белгілі бір паритет қарастырылатын өндірістің халықаралық қоғамдастырылуын білдіреді. Экономикалық интеграция, өз кезегінде, негізгі әлеуметтік-экономикалық өлшемдерін теңестіре отырып, бұл процестің қатысушы-елдерінің өндірісін интернационализациялауды жеделдету үшін шарт жасайды. Экономикалық интеграцияға әкелетін процестерді схемалы түрде мынадай өзара байланысқан тізбекпен (кері байланыспен) білдіруге болады: өндірістік күштердің дамуы → МРТ → капитал мен өндірістің интернационализациялануы → экономикалық интеграция. Экономикалық интеграцияға жоғарыда айтылған екі фактор — ғылыми-техникалық прогресс және трансұлттық компаниялар елеулі түрде ықпал етеді.

Әлемдік шаруашылықта интеграциялық  процестер дамуының жинақталған  тәжірибесі экономикалық интеграцияның қалыптасуы мен дамуында төрт кезеңнен өту қажеттігі туралы тұжырымға негіз болады.

Бірінші кезең — қатысушы-елдер  арасында кедендік тарифтер мен басқа  да шектеулерді өзгертумен еркін  сауда аймағын құру.

Бұл сатыда қатысушы-елдер өзара сауда кедергілерін жояды, бірақ үшінші елдермен экономикалық байланыстарда әрекеттің толық еркіндігін сақтайды (мысалы, жаңа кедендік алымдарды немесе басқа шектеулерді өзгерту немесе енгізу құқығы, сауда-экономикалық келісім-шарттарын жасау құқығы).

Осылардың салдарынан елдер  арасында тауарлардың шығу жерін, олардың  қиып өтетін мемлекетік шекараларын, соған  сәйкестікте тауарды үшінші елден  жеңілдікпен әкелуге жағдайды бақылайтын кедендік шекаралар мен постылар сақталады. Мұндай еркін сауда аймағының классикалық мысалы 1960 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Еуропа еркін сауда ассоциациясы болып табылады.

Екінші кезең —  бұл жұмысшы күші және капитал  қозғалысында, сонымен бірге саудада  бірыңғай тарифтерді белгілеумен кедендік одақты құру.

Интеграцияның бұл деңгейінде мемлекет өзара сауда кедергілерін жойып қана қоймайды, сонымен бірге үшінші ел тұрғысынан ортақ кедендік алымдар мен сыртқы сауда кедергілерінің бірыңғай жүйесін құрады. Мұнда ішкі шекаралардағы кедендік қызметтерді жояды және ал олардың қызметі сыртқы шекаралардағы тиісті қызметтерге беріледі. Оған кіретін мемлекеттер шектелген бөліктерімен бірыңғай кедендік кеңістік туындайды.

Мұндай құрылымның мысалы еуропалық Одаққа өскен Еуропалық  экономикалық қоғамдастық болып  табылады.

Үшінші кезең нақты экономикалық интеграцияның бастапқы фазасы —  экономикалық одақ туындауын білдіреді. Бұл сатыда мемлекеттер ұлттық шекаралар  арқылы тауардың ғана емес, сондай-ақ капитал, жұмысшы күші, технология, ақпараттарды қосқанда, өндірістің барлық факторларын еркін қозғалту туралы келісімге келеді. Нәтижесінде ортақ рынок, ортақ рыноктық кеңістік қалыптасады.

Информация о работе ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі