Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 18:02, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 Халықаралық экономикалық интеграция………………
1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……
1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
ерекшеліктері…………………………………………………………………….
1.3 Аймақтық экономикалық ұйымдар...............................................................
1.3.1 Солтүстік америкалық еркін сауда зонасы
1.3.2 Оңтүстік америкалық ортақ рынок
1.3.3 Африка және Араб елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы
2 ТМД елдеріндегі экономикалық интеграциялық процестер
2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті
ерекшеліктері
2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу
кезеңдері
2.3 ТМД елдерінің сауда қатынастары
2.4 ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының дамуы
2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі
2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық қатынастары
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс
ерекшеліктері
3.2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы инвестициялық
саясат
3.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелері
3.4 ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселері
мен ерекшеліктері
3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ
ТМД ішінде неғұрлым тығыз ынтымақтастық есебінен экономикалық өсу үшін елеулі резервтерге Украина, Кавказ бойы республикалары, Қазақстан, Молдавия, Тәжікстан ие болды. Олардың әлеуеті шамамен 50%-ға өсе алады. Сондай-ақ алыс шетелдермен сауда қатынастары негізінде жалпы сыртық өнімді ұлғайту бойынша бұл елдердің мүмкіндіктері 4-8%-ға шектелді және Украинаны қоспағанда, негізінен шикізат тауарларын экспорттауға қатысты.
Ауыр әлеуметтік дағдарыстармен, экономикадағы сәтсіздіктермен қоса жүрген тәуелсіздіктер шеруі әлемдік шаруашылықтың әр түрлі бөліктерінде экономикалық интеграцияның өспелі табыстары ауанында жүрді. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің басшылары халықаралық экономикалық интеграция процестері өзінің барлық проблемаларына қарамастан, әлемдік экономика дамуының жетекші ағымдарының бірі болып табылатындығын мойындауларына тура келді. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне енуді өз мақсаттарының бірі ретінде айқындай отырып, әлемдік экономиканың дамуының басты желілерінен сырт қалуға болмайтын еді.
Сонымен бірге Достастық елдері арасындағы интеграцияны дамытуды елеулі түрде күрделілендіре түсетін бірқатар объективті факторлар да болды.
Біріншіден, бұрығы кеңестік кеңістікте интеграцияда экономикалық әлеуеті, шаруашылық құрылым, экономикалық даму деңгейі бойынша бір-бірінен елеулі түрде өзгешелігі бар органдар қатысатын. Мәселен, Ресейдің үлесіне жиынтық жалпы сыртқы өнімнің 80% келді. Өз кезегінде Украинаның үлес салмағы — 8%, Қазақстан —3,7%, Белоруссия — 2,3%, Өзбекстан — 2,6%, басқа республикалар проценттің ондаған үлесі төңірегінде.
Екіншіден, ТМД-да интеграция терең экономикалық дағдарыс жағдайында жүзеге асырылуда. Ол материалдық және қаржы ресурстары қардарлығын тудырды, тұрғындардың өмірі мен даму деңгейінде елдер арасындағы айырмашылықтарды ұлғайтты.
Үшіншіден, ТМД елдерінде
рыноктық қайта құрылымдаулар аяқталған
жоқ. Оларды жүзеге асыру жолдары
мен қарқындарына қатысты қадамдарда
өзгешеліктер бар. Бұл ұлттық шаруашылық
механизмдерінде
Төртіншіден, ТМД елдерінің интеграциялық процестеріне жетекші әлемдік державалардың белгілі бір деңгейде қарама-қарсы әрекеттері орын алуда. Оларға халықаралық рынокта, оның ішінде бұрынғы кеңестік кеңістікте бірыңғай күшті бәсекелес қажет емес.
Аталған факторлардан басқа, ұлттық сепаратизм, ұлттық элиталардың аймақтық мүдделері сияқты интеграцияға кедергі келтіретін бірқатар субъективті факторлар да бар.
2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу кезеңдері
1991 жылдың желтоқсанында
бұрынғы кеңестік кеңістіктегі
интеграциялық кеңістікке
Экономикалық одақ құру туралы келісім-шарт ортақ экономикалық кеңістікті кезең-кезеңімен қалыптастыру туралы ережені жариялады. Ондағы қатынастар рыноктық экономика принциптерінде, өзара мүдделерді ұсынатын ірі экономикалық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін тең деңгейдегі мүмкіндіктер мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге, сонымен бірге экологиялық проблемаларды шешуге құрылымдалуы тиіс. Тауарларды, қызметтерді, капиталды, жұмысшы күшін еркін қозғалту, ақша-несие, бюджет, салық, баға, сыртқы сауда, кедендік және валюталық саясатты, экономикалық қызметті реттеу әдістерін жақындастыруды келісу болжамдалды.
Экономикалық одақты
құру туралы келісім ТМД қатысушылары
— мемлекеттерінің
Еркін сауда аймағын құру кедендік тарифтер (немесе шектеулі кедендік реттеуді) мен мемлекеттер арасында тауарлар қозғалысында сандық шектеулерді болдырмауды болжамдайды. Мұнда еркін сауда аймағына кіретін елдер басқа мемлекеттерге — аймаққа қатыспайтындарға қатысты өз тарифтерін дербес анықтайды. Еркін сауда аймағын құру туралы келісім 1994 жылғы 15 сәуірде қабылданды. Бұл құжатқа ТМД-ның барлық 12 мемлекетінің басшылары қол қойды, бірақ алтауы ғана шартты бекітті. Еркін сауда аймағы туралы келісім кедендік одақты құруға өтпелі кезең ретінде қарастырылды. Кедендік одақты еркін сауда аймағы туралы шарттарды орындайтын мемлекеттер құруы мүмкін.
Еркін сауда аймағын құру туралы келісім оның құрылуы Экономикалық одақ құрылысының бірінші кезеңі болып табылатындығын қарастырды. Кедендік одақты құруға өту осы келісімнің шарттарын орындағаннан кейін ғана мүмкін болады. Алайда, жекелеген елдер жеделдетілген интеграцияны жүрізуі мүмкін әр түрлі жылдамдықтағы интеграция концепциясы принципіне сүйене отырып, 1995 жылдың қаңтар айында Ресей, Белоруссия, Қазақстан Кеден одағын құру туралы жариялады, оған кейінірек Қырғыз елі мен Тәжікстен қосылды (1998 ж.).
2000 жылдың мамыр айында Кедендік одақтың Мемлекетаралық кеңесінде оны «Халықаралық мәртебемен халықаралық экономикалық ұйымға» айналдыру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде сол жылдың қазан айында Кеден одағының мүшелері Астана қаласында Еуразия экономикалық қауымдастығы жаңа халықаралық ұйымын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл ұйым Еуропа қауымдастығына ұқсас және соның үлгісі бойынша ТМД елдерінің Ресейге және бірі-біріне неғұрлым қатты тартылатын кең ауқымдағы экономикалық интеграцияға өту құралы ретінде ойластырылды. Өзара әрекеттесудің мұндай деңгейі қатысушы елдердің экономикалық, оның ішінде сыртқы сауда кедендік-тарифтік саясатын сәйкестендірудің жоғары дәрежесін болжамдайды.
ТМД аясында интеграциялық процестің маңызды жетістігі 1997 жылғы сәуір айында Ресей мен Белоруссияның — «Екеудің одағын» құру болды. Славяндық екі мемлекет көп ғасырлық ұлттық, экономикалық, мәдени байланыстарға ие. БҰҰ-ның деректеріне қарағанда, 178 елдің арасында Белоруссия тұрғындарының тіршілік деңгейі бойынша 38-ші орынды иеленеді. Ресей 37-ші орында орналасқан. Белоруссия арқылы Ресейдің экспортының 70% өтеді.Ресейден еуропа елдеріне жүк тасымалдағанда Белоруссияның жүк тарифтері көрші Украинаның осындай бағаларынан 20% төмен. Ресей Белоруссия үшін ірі сауда әріптесі болып саналады. 1997 жылы Ресейдің үлесіне белорустық сыртқы тауар айналымының 50,7% келді.
Екі мемлекеттің бірігу процесі ресейлік билік айналасындағылар мен елдің жетекші экономистері арасында бітіспес дау тудырды. Біреулері мұндай одақтың тіршілік етуге қабілетсіздігін дәлелдейтін тұжырымдарын алға тартты, ал екіншілері, оған керісінше, бұның екі жаққа да тиімді екенін дәлелдеп жатты. Түпкі нәтижеде келісім-шарт жасалып, Ресей мен Белоруссия Одағының Жарғысы бекітілді.
Одақтың экономикалық саладағы міндеттері негізінен мыналар болып белгіленді:
* Одақ қатысушылары
— мемлекеттердің үдемелі
* шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қызметтерінің
* жалпы инфрақұрылымды, оның ішінде бірінші кезекте транспорт және энергетика жүйесін біріктіру, байланыс жүйесін, бірыңғай ғылыми-технологиялық және ақпараттық кеңістік құру және дамыту;
* ақша-несие, бюджет
және салық жүйелерін
* үшінші жақтармен
қатынастарда сауда, жалпы
* бірлескен тарнсұлттық
компаниялар қызметі үшін
Жарғының 15 бабы энергетика, транспорт және байланыс саласында жалпы рынокты құру және реттеу, Одақ шекараларында өндіріс факторларын еркін жылжытуды қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп ережелерінің бірыңғай стандарттарын енгізу, бірыңғай статистиканы жүргізу бойынша Одаққа өкілеттіктер береді.
Белоруссия мен Ресейдің Жарғысы іс жүзінде өз мақсаты ретінде еркін сауда аймағын, кедендік одақты, бірыңғай экономикалық кеңістікті, бірыңғай мемлекетке — саяси одаққа қарай өсумен экономикалық және валюталық одақты біріктіретін неғұрлым пісіп-жетілген интеграциялық бірлестік құруды алға қойды. Алға қойылған мақсаттар ауқымды және көп қырлы, жария етілген Одақтың жүзеге асырылуға тиісті алға бастайтын ойлары бар. Одақта елеулі проблемалар да аз емес, ол негізінен үшінші елден кедендік одақ аумағына әкелінетін тауарлар үшін кедендік төлемнің Белоруссия мен Ресей бюджеті арасында бөлінуі бойынша туындайды.
2.3 ТМД елдерінің сауда қатынастары
Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылған кезден бастап ТМД елдері арасында Достастық елдері арасында өзара сауданы дамытуда екі негізгі ағымдар белгіленді.
Бірінші ағым Достастық
мемлекеттерінің өзара сауданың
мәселелерін еркін сауда
Екінші ағымның мәні
мынада: ТМД-нің көптеген мемлекетері
еркін сауданың көп жақты ассоциациясы
арқылы көп жақты міндеттемелермен
өздерін байланыстырғысы
ТМД аясында өзара
сауда байланыстарының
Кесте 1.1 Достастық елдері экспорттық-импорттық операциялар жалпы көлемінде ТМД елдерінің және қалған әлем елдерінің үлесі (%)
1990 ж. |
1996 ж. |
2000 ж. | ||||
ТМД елдері |
Қалған әлем елдері |
ТМД елдері |
Қалған әлем елдері |
ТМД елдері |
Қалған әлем елдері | |
Экспорт Азербайжан Армения Белоруссия Грузия Қазақстан Қырғызстан Молдова Ресей Тәжікстан Түркіменстан Өзбекстан Украина Импорт Азербайжан Армения Белоруссия Грузия Қазақстан Қырғызстан Молдова Ресей Тәжікстан Түркіменстан Өзбекстан Украина |
92,3 94,7 83,9 92,4 87,7 93,9 88,8 62,5 86,1 91,4 86,0 80,2
71,5 73,0 69,8 69,4 77,4 72,5 73,9 42,7 79,6 79,6 78,5 68,7 |
7,7 5,3 16,1 7,6 12,3 6,1 11,2 37,5 13,9 8,6 14,0 19,8
28,5 27,0 30,2 30,6 22,6 27,5 26,1 57,3 20,4 20,4 21,5 31,3 |
46 46 67 65 54 78 68 18 43 67 21 51
35 34 66 39 70 58 61 31 57 30 32 63 |
54 54 33 35 46 22 32 82 57 33 79 49
65 66 34 61 30 42 39 69 43 70 68 37 |
13 25 60 43 27 42 58 13 49 - - 31
32 19 70 32 55 53 33 35 83 - - 58 |
87 75 40 57 73 58 42 87 51 - - 69
68 81 30 68 45 47 67 65 17 - - 42 |