ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 18:02, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 Халықаралық экономикалық интеграция………………
1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……
1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
ерекшеліктері…………………………………………………………………….
1.3 Аймақтық экономикалық ұйымдар...............................................................
1.3.1 Солтүстік америкалық еркін сауда зонасы
1.3.2 Оңтүстік америкалық ортақ рынок
1.3.3 Африка және Араб елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы

2 ТМД елдеріндегі экономикалық интеграциялық процестер
2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті
ерекшеліктері
2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу
кезеңдері
2.3 ТМД елдерінің сауда қатынастары
2.4 ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының дамуы
2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі
2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық қатынастары

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс
ерекшеліктері
3.2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы инвестициялық
саясат
3.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелері
3.4 ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселері
мен ерекшеліктері
3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДЖ. интегр.проц..doc

— 1.08 Мб (Скачать документ)

 

1-

1-сурет

 

Қазақстан Республикасының экспорттық тауарлар құрылымы, негізінен, табиғат ресурстары өніміне байланысты болып отыр. Оның себебі, біріншіден, ішкі жалпы өнім бойынша өнеркәсіп құрылымында тау-кен өнеркәсібі басым болса, екіншіден ол өнімдердің дүниежүзілік бағасының өсу динамикасы әсер етті (әсіресе, мұнай, газ, түсті металдар рудасы) (2-сурет).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет

 

 

 

 

2-сурет

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет

 

Экспорттық тауарлар құрылымында  соңғы 10 жылда өзгерістер болғанын 3-сурет көрсетеді. Тау-кен өнеркәсібі өнімдерінің үлесі 29 %-дан 65 %-ға өсті, ал қара металлургия өнеркәсібінің өнімдер саны 41 %-дан 20 %-ға азайды. Қазіргі кезеңде экспорт құрылымында минералдық өнімдер мен қара металдар өнімдері 85 %-ды құрайды. Қазақстан экспортының барлық көлемінде 8-10 тауарлардың түрлеріне 85 % сыртқы сауда айналымы келеді (олар мұнай, газ, көмір, темір және түсті металл рудалары, жай және қымбат металдар, астық, мал шаруашылығы өнімдері). Қазақстан аймақтары экспортты потенциалының аумақтық айырмашылықтары бар. Облыстың табиғи-ресурстық, әлеуметтік-демографиялық және экономикалық потенциалының денгейіне байланысты болады, ол мына суретте көрсетілген [41].

Экспорттық потенциалдың аумақтық құрылымы бойынша Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары алдыңғы қатарда тұр, бұл аймақтардың экспорттағы үлесі 71,8%-ды алып жатыр. Әсіресе соңғы  жылдары, мысалы, 2000 жылмен салыстырғанда, мұнай өнеркәсібінің жылдам қарқынмен дамуы арқасында Қызылорда облысының үлесі 1%-дан 6,7%-ға, Ақтөбе облысының үлесі 5% -дан, 10,2%-ға, Маңғыстау 8%-дан, 13%-ға дейін өсті. Керісінше, Павлодар облысының үлесі 7%-дан 3,7%, Қарағанды 18%-дан 14,9%-ға, Оңтүстік Қазақстан 5%-дан 2,3-ға төмендеді. Қазақстанның экспорттық басты серіктестері (2003 ж.): Бермуд аралдары -17%, Ресей -15,2, Швейцария-13, Қытай-12,8, Италия -7,9, Виргин аралдары (Ұлыбритания) -4,7, Иран - 3,2, Украина – 3,2, Франция — 2,2%; 1% - дан 2%-дың аралығында;Германия, Қырғызстан, Нидерланды, БАӘ-ы, Польша, Түркия, Өзбекстан елдері сауда жасайды. Қазақстан ТМД елдеріне экспортқа шығаратын өнімдері 2390,4 млн. АҚШ долл. болып, үлесі 26% құрайды. Оның құрылымында: машиналары мен құрал-жабдықтары (5%),пайдалы қазбалар және оның жартылай фабрикаттары(болат,көмір,түсті металдар,тыңайтқыштар) – 66, химия және мұнай-химия өнеркәсібі өнімдері -11 және азық-түлік өнімдері – 11 және азық-түлік өнімдері – 17% елдерінің ішінде тарихи экономикалық байланыстарға тоқталсақ, Қазақстанның өнімдері пайдаланудың негізгі сауда серігі Ресей Федерациясы болып есептеледі. Ресейге шығаратын негізгі экспорттық тауарлар; минералдық отын (мұнай, газ, көмір), электр энергиясы, алюминий шикізаты және концентраты, қара және түсті металдар мен одан жасалған бұйымдар, астық. Экспорттық тауар айналымының жалпы көлемінде алыс шетелдердің үлесі 2003 ж. 74% болса, ТМД елдері үлесі 26%  болды Қазақстан негізгі экспорттық алыс шетелдік партнерлерінің үлесі 2003 ж. мынадай; Бермуд аралдары-20%, Виргин аралдары -16, Италия-13, Қытай-10, Германия-8, Швейцария-7, Нидерланды-4, Ұлыбритания-3, АҚШ-3%. Соңғы жылдары еліміздің тауарларын Азия елдеріне шығарудың көлемі біршама ұлғайып келе жатыр, мысалы, Қытайға-42%, Түркияға -78, Иранға 2 есе ұлғайды, алайда Корея республикасы -5%-ға, Жапониямен -58,Тайландпен-71%-ға азайды. Азия аймағына шығаратын тауарлардың үлесінде қара металдар -57% (2003 ж.), оның ішінде Қытайдың үлесі-37%, Иран-22, Түркия-5, Тайланд-2%.

Қазақстанның импорттық  саясаты үш бағытта: импорт тауарлары  мемлекеттік бақылау жасау, яғни ұлттық экономикаға зардабын тигізбеу, импорт тауарлар алмастыру өндірісін дамыту (мысалы, азық-түлік,жеңіл және фармацевт өнеркәсіп тауарларын). Екінші бағыт – экономиканың әрбір саласының импорттық саясатын білу және бағдарламасын жасау, үшінші -жаңа технологияны импорттау арқылы өңдеуші өндірісті дамыту, дүние жүзі рыногында бәсекелесе алатын тауарлар шығару, отандық тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету (4-сурет).

4-сурет

Суреттерден көргеніміздей, импорттық тауарлардың құрылымында өндейтін өндіріс тауарлары басым, яғни машина, құрал – жабдықтар, көлік, приборлар үлесі – 42%, химия өнімдер, пластмассалар, каучук 15, тауарлар мен оның шикізаттары – 8%. Бұл үш тауарлардың импорттағы үлесі 65%-ға жетеді. 1995ж. импорт минералдық өнімдер үлесі 30%-дан 12%- ға азайса, жаңа технология сатып алу үлесі 22 % - дан 42%-ға өскенін байқаймыз. Азық-түлік тауарларын шетелден сатып алу 11% - 8.% азайды.

 

 

5-сурет

 

Импорттық потенциалдың аумақтық ерекшеліктері халықтың әлеуметтік-экономикалық деңгейіне, өндіріс салалары мен кәсіпорындарының орналасуы мен сұранысына, географиялық орнына, т.б. факторларға тәуелді. Қазақстан импортының аумақтық құрылымында Алматы, Астана қалалары, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары жетекші роль атқарады. Осы сегіз аймаққа Қазақстанның 80,5 % импорттың үлесі тиесілі. Егер Алматы қаласында халық тұтынатын тауарлар басым болса, қалған аймақтарда машина, құрал-жабдықтар үлесі басым. Елорданың Астана қаласының да үлесі көп, аймақтардың алдында тұр, мысалы, халық көп орналасқан Оңтүстік Қазақстанда – 2 % болса, Астана үлесі – 5 % (5-сурет).

Импорттық тауар айналымындағы  басты серіктес-елдер (2003 ж.): Ресей – 39 % , Германия – 9, АҚШ – 6, Қытай – 6, Ұлыбритания – 3, Корея – 4,3, Түркия – 2,6, Нидерланды – 1,5, Швеция – 1,5, Польша – 1,4, Франция – 1,2, Беларусь – 1,1 %. 2003 ж. ТМД елдерінен машина және құрал-жабдықтар, көлік және оның құрал-жабдықтары, отын-энергетика, химия мен металлургия өнеркәсібі өнімдері, жеңіл өнеркәсіп және халық ұзақ тұтынатын тауарлар әкелінеді. Алыс шет елдермен импорттық үлес – 45 %. Импорттық тауарларды сатып алуда еуропалық елдерге 24,8 %, оның ішінде Еуропалық Одақта 20,1 % үлесі келеді. Негізгі импорт айналымындағы басты партнер елдер: Германия – 15 %, АҚШ – 13, Ұлыбритания – 10, Қытай – 7, Түркия – 6, Жапония – 4, басқа елдер үлесі – 38 %. Еуропа елдерінен 2003 ж. май және өсімдік майлары, химия өнеркәсібі өнімдері, машина, құрал-жабдықтар, приборлар мен аппараттар, тоқыма өнеркәсібі және ет өнімдері, Азия елдерінің үлесі – 12 %, негізгі импорттық тауарлар – машина, құрал-жабдықтар, көлік жабдықтары, шай, аяқ-киім, шиналар. Басты партнерлер: Қытай, Түркия, Жапония және Оңтүстік Корея Республикасы.

 

 

3.2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы инвестициялық саясат

 

Сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі – шетелдік инвестицияны тарту. Шетелдік тікелей инвестиция дегеніміз – белгілі бір елдің кәсіпкерлері, компаниялары, фирмаларының басқа елдердің кәсіпорындарын ұзақ мерзімге сатып алу немесе белгілі бір көлемде (10 %-дан кем емес) уставтық қорына кіру арқылы тұрақты жұмыс жасау, бақылау. Қазіргі кезеңде жас мемлекеттің экономикалық даму қарқыны мен тиімділігін арттыру, құрылымын өзгерту үшін мемлекет инвестициялық саясат құрып, оны іске асырады. Ішкі қаржы өздерінің тапшылығы және экономикалық реформаны тереңдету үшін Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды енгізу шет елдермен экономикалық байланыстың басты бағыттарының бірі болып есептеледі.

Шетелдік инвестицияны тарту және енгізу мынадай мәселелерді  шешуге көмектеседі:

    • өндірістік құрылымды жақсартады;
    • жаңа технологияға негізделген өндірісті дамытады;
    • кәсіпорындарды жаңа техникамен қамтамасыз етеді және негізгі қорды жаңартады;
    • білікті мамандар мен жұмысшылар потенциалын тиімді пайдаланады;
    • менеджмент, маркетинг, ноу-хау жетістіктерін енгізуге мүмкіндік жасайды;
    • ішкі рынокты сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз етеді;
    • экспортқа шығаратын өнімдерді ұлғайтады;
    • импорттық тауарларды алмастыру үшін отандық кәсіпкерлерге жол ашады;
    • мемлекеттік бюджетке салық түсіруді ұлғайтады;
    • қалыс қалған немесе шалғай аудандар экономикасын дамытады;
    • ұлттық экономикада жаңа жұмыс орындарын арттырады;
    • республиканың экономикалық тәуелсіздігін нығайтады.

Қазақстанға үлкен масштабта  шетелдік және отандық инвестициялық  ресурстарды тарту, оларды тиімді пайдалану үшін елімізде қаржылық-экономикалық саяси тұрақтылық, құқықтық жағдай жасалынды. Ол үшін 27 желтоқсан 1994 ж. «Шетелдік инвестиция туралы», 1997 ж. ақпанда «Шетелдік инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңдары қабылданды. Бұған байланысты ҚР Шетел министрлігі қарамағында Инвестиция туралы комитет құрылды [42].

Инвестициялық климаттың  ыңғайлы екені, халықаралық ұйымдар  мен компаниялардың сенімінің артуы  келесі факторларға байланысты болды: табиғат ресурстарының байлығы, саяси тұрақтылық, ұлтаралық қақтығыстардың болмауы. Сонымен бірге соңғы жылдардағы инфляциялық үрдістік тұрақталуы, қаржы қорының өсуі, кәсіпорындардың қаржылық жағдайының жақсаруы, ішкі рыноктың көлемі, халықтың тұтыну деңгейі, капиталдың қайтарылымы, интеллектуалдық меншіктің құқығын қорғау, сауда саясаты, мемлекеттік сүйемелдеу және реттеу, салықтық ынталандыру, инфрақұрылымның дамуы, т.б. факторлар әсер етті.

Қазақстан 2010 ж. дейін еліміздің экономикасын 150-200 млрд. АҚШ долл. жұмсауға жобалап отыр. Соңғы 11 жылда (1991-2002) біздің ел 21 млрд. долл. шетелдік инвестициясын тартты. Қазіргі уақытта Қазақстан инвестиция көлемі жағынан Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің ішінде төртінші орынды алады (Ресей, Польша, Венгриядан кейін). 1993-2003 ж.ж. шетелдік тікелей инвестицияның көлемін және өсу қарқынын 5-суреттен көруге болады.

 

 

 

6-сурет

 

1993 ж. салыстырғанда 1996 ж. бастап, шетелдік тікелей инвестицияның жылдық түсімі өсе бастады, яғни 1993-2000 ж.ж. аралығында шетелдік тікелей инвестицияның түсімі 1993 ж. салыстырғанда 10,8 есеге ұлғайды. Шетелдік тікелей инвестицияның шаруашылық салалары бойынша түсімі үлесіне талдау жасасақ, 1993-2000 ж.ж. аралығында бірінші орында мұнай-газ өнеркәсібі – 62,1 % (4318,5 млн.долл), екінші орында түсті металлургия – 16,8 (1178,2 млн.долл.), үшінші орында қара металлургия – 4,9 (340 млн.долл.), одан кейін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін салалар – 2,6 % (185 млн.долл.), басқа өндіріс салаларында, әсіресе дайын өнімді өңдейтін өнеркәсіп салаларының үлесі төмен.

Қазіргі кезеңде (2003 ж.) тікелей шетелдік инвестицияның 74,5 %-ы тау-кен өнеркәсібіне, оның ішінде мұнай және газ өндіруде 74,4 %-ы түсіп жатыр. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 6,8 %-ын алады, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге – 1,9 %, металлургия өнеркәсібіне 1,2 % шетелдік инвестиция түседі. Көліктің дамуына 3,3 % шетелдік инвестиция, оның ішінде мұнай құбырларын салуға 2,8 %-ы жұмсалады [43].

Қазақстан экономикасына 2001 ж. 1464,4 млн. долл. инвестиция салған АҚШ бірінші орында тұр, келесі орындарды: Канада – 739,8, Ұлыбритания – 595,7, Италия – 481,7, Ресей – 211,9, Қытай – 210,6, Нидерланды – 198,6 млн.долл. иемденеді. Бұл көрсетілген елдерге 88,4 % барлық шетелдік тікелей түскен инвестицияның үлесі тиеді. Қазіргі уақытта шетел капиталы қатысқан 5300 шетелдік кәсіпорындар (фирмалар, акционерлік қоғамдар, компаниялар) жұмыс жасайды. Оның ішінде Алматыда – 3404, Астанада – 345, Қарағанды облысында – 246, Атырау – 361, Шығыс Қазақстан – 160, Алматы – 107, Ақтөбе облыстарында 114 кәсіпорындар бар. Осы алты аймақтың еліміздегі үлесі 83 %-ға тең. Әрине, Қазақстан аймақтарының табиғи ресурстары, өндірістің құрылымы және даму қарқыны, географиялық орыны, көлік байланысының даму деңгейі т.б. факторлар экспорт пен импорттағы өзіндік үлестерінің әр түрлі деңгейде екенін көрсетеді.

Шет елдермен серіктесу  арқылы Қазақстанда шетел капиталы қатысып жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың  саны бойынша алдыңғы қатарда: Ресей  – 1042, Қытай – 744, Түркия – 653, АҚШ – 353, Германия – 266, Ұлыбритания – 254, Виргин аралдары – 151, Корей Республикасы – 153, Иран – 134, Нидерланды – 122, Швейцария 107 орын алады.

 

 

3.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелері

 

Қазақстан Республикасының  дүние жүзіндегі жаһандану сыртқы экономикалық байланысын жетілдірудің бір түрі – дүниежүзілік және аймақтық экономикалық ұйымдарға мүше болу, олардың жұмысына қатысу. Оның ішінде Қазақстан экономикасының дүние жүзілік жаһандану және интеграциялық үрдісіне қатысуда басты роль атқаратын ұйымдар: Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ), Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Орталық Азия экономикалық қауымдастығы [44].

 

3.3.1 Еуразиялық экономикалық қауымдастық

Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) – құрамына кіретін елдердің (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) ортақ сыртқы кедендік шекараларын құруға, біртұтас сыртқы экономикалық саясатты, тарифтерді, бағаларды және ортақ рынок қызметінің басқа да құрамдарын қалыптастыруға байланысты функциялар жүктелген халықаралық экономикалық ұйым. Ол 2000 ж. 10 қазанда Кедендік Одаққа мүше елдер басшыларының ЕурАзЭҚ құру туралы келісім-шартқа қол қоюы нәтиежесінде Астана қаласында дүниеге келді. ЕурАзЭҚ Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің Біртұтас экономикалық кеңестік құру процесін тиімділікпен ілгері бастыру, әлемдік экономикаға және халықаралық сауда жүйесіне интеграциялану барысындағы олардың ұстанымдарын үйлестіру үшін құрылған. Осы елдердің экономикалық жаңаруларын, олардың экономикалық әлеуметтік халықтардың тұрмыс деңгейлерін арттыру мүддесіне орай өзара сәйкестендіре отырып, қауымдастық елдерінің ырғақты дамуын қамтамасыз ету ұйым қызметінің басты тармақтарының бірі болып табылады [45].

Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа ол құрылған күннен бастап бес мемлекет – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше. Армения, Молодова Республикалары мен Украина бақылаушылар мәртебесіне ие.

ЕурАзЭҚ – ашық ұйым. Еуразиялық экономикалық қауымдастықты  құру туралы келісім-шарттан туындайтын міндеттемелерді өзіне қабылдайтын және оларды орындайтын кез келген мемлекет оған мүше бола алады.

3.3.2 Шанхай ынтымақтастығы ұйымы

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы – халықаралық экономикалық ұйым 2000-2001 ж.ж. құрылды. Бұған Ресей, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Бақылаушы елдер мәртебесіне: Пәкістан, Үндістан, Иран, Ауғанстан ие. Бұл ұйымға мүше елдердің сауда айналымы жылына 12 млрд. долл. жетеді. Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыс жетекші роль атқарады. Қытай экономикасының жылдам қарқынмен дами бастауы (ІЖӨ-нің соңғы 20 жылда жылдық өсу қарқыны 8-10 % ), сарапшылардың болжамдары бойынша 2015 ж. Қытайдың ІЖӨ-і 11-12 трлн. жетеді және дүние жүзінде бірінші орынға шығады. Сондықтан Қытаймен көрші Орта Азия және Қазақстан елдерінің болашақ экономикалық-әлеуметтік қарым-қатынасы экономикалық-географиялық ғылымының назарында болуы керек. Ұйымның басты мақсаттары – қауіпсіздік, энергия ресурстарды бірлесіп игеру, көлік-транзит потенциалын дамыту және өзіміздің мәдени-өркениеттік біртектілігімізді сақтау.

Информация о работе ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі