Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 18:02, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 Халықаралық экономикалық интеграция………………
1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……
1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
ерекшеліктері…………………………………………………………………….
1.3 Аймақтық экономикалық ұйымдар...............................................................
1.3.1 Солтүстік америкалық еркін сауда зонасы
1.3.2 Оңтүстік америкалық ортақ рынок
1.3.3 Африка және Араб елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы
2 ТМД елдеріндегі экономикалық интеграциялық процестер
2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті
ерекшеліктері
2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу
кезеңдері
2.3 ТМД елдерінің сауда қатынастары
2.4 ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының дамуы
2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі
2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық қатынастары
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс
ерекшеліктері
3.2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы инвестициялық
саясат
3.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелері
3.4 ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселері
мен ерекшеліктері
3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ
* Тәуелсіз Мемлекеттер
ТМД елдерінің әлемдік сауда жүйесіне қосылуы — олардың тәуелсіз шаруашылық жүргізуінің басты жетістігі болды. ТМД-дан үшінші елге экспорттың жалпы көлемі 90-жылдардың орта тұсында 80 млрд. доллар құрады. Алайда сыртқы сауданың жалпы көлемі олардың экономикалық әлеуетіне сәйкес келмейді. ТМД елдеріне әлемдік экспорттың 2,0% ғана келеді. ТМД елдері экспорты негізінен ресурс өндіретін салаларға — отын-энергетикалық және минералды-шикізаттық өнімдерге сүйенеді. Достастықты әлемдік рыноктың ресурстық сегментіне айналдырудың қауіпті перспективасы туындауда. ТМД ішіндегі бағаның әлемдік деңгейге бірізділікпен жақындауы құрылымы бұзылған процестерді бұрынғыдан да күшейте түседі. Өз өнімдерімен сыртқы рынокқа шыға отырып, ТМД елдері өздеріне зиян келтіре отырып, өзара бәсекелесуді бастады.
90-жылдары ТМД елдерінің
Кедендік одақты құру еркін сауданың өзара қолайлы режимін жолға қоюға көмектесті. Алайда кейін мемлекеттердің әрқайсысының өз кедендік саясатын жүргізуі 1995-1996 жылдардағы елдердің кеден салығының келісілген деңгейіне алып келді.
Кедендік тариф сыртқы сауда ағындарын оперативті реттеумен байланысты тек қана экономикалық сипаттағы шара болып табылады. Реттеудің екінші бір маңызды құралы тауар ағынын әкімшілік әдістермен шектеумен байланысты тарифтік емес шаралар болып табылады. Ұлттық шығарылымдағы тауарларды өзара сату аясында Кедендік одақта импортты сандық шектеу қарастырылмайды. Акциздік саясатты сәйкестендіру және акцизді келісу тізімі бойынша да, сондай-ақ ставка деңгейі бойынша да жұмыстар жүргізілуде.
2.4 ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының дамуы
ТМД елдері өндірістік кооперациясы. ТМД интеграциясының материалдық негізі шағын және орта кәсіпкерлік, ірі экономикалық құралымдар деңгейінде кооперациялар мен ортақ өндірістік инфрақұрылым болуы тиіс.
Достастық елдері салалары мен кәсіпорындары арасындағы тікелей байланыстар мен өндірістік кооперацияларды дамыту шарттарын қамтамасыз ету олардың ғылыми-технологиялық және өнеркәсіптік кешендері арасындағы технологиялық және өндірістік байланыстарды сақтауда шешуші роль атқарады.
60-80 жылдары құрылған
бірыңғай энергетикалық,
Бұрын одақтық бағыныстағы өнеркәсіп кешеніне кірген кәсіпорындар бөлінісі бұрынғы технологиялық өзара байланыстарды ыдыратты. Рыноктық экономика жағдайында кеңестік кезеңде құрылған кооперациялар бірқатар жағдайларда тіршілік етуге қабілетті емес және экономикалық жағынан мақсатсыз болып шықты. Сондықтан да бұрынғы болған байланыстарды бірлесіп қалпына келтіру туралы мәселе қолға алынбайды. Кооперациялық байланыстар қазіргі уақытта және перспективада экономикалық тұрғыдан тиімді жерлерде сақталуы тиіс.
ТМД мүшелері — мемлекеттердің салалары мен кәсіпорындарын, сондай-ақ өндірістік кооперацияны дамытуды қолдау мен жалпы шарттары туралы келісімге және оны жүзеге асыру механизмі туралы хаттамаға қол қойылған 1993-1994 жылдары ынтымақтастықтың құқықтық негізі қаланды.
Бұл құжаттар өндірістік кооперацияның ұйымдық схемаларын, сондай-ақ кіру және шығу кедендік алымдарын, салықтарды, акциздерді олардың шекаралары арқылы өтуде, ТМД елдері шаруашылық жүргізуші субьектілері арасындағы есептесулерде салықтар мен акциздерді өзгертумен байланысты экономикалық принциптерді біріктірді. Келісімді тоғыз мемлекет (Грузия, Тәжікстан, Түркмениядан басқасы) бекітті. Өндірістік кооперациялар бойынша тауарларды жеткізу мен кедендік ресімдеу тәртібі туралы сәйкестендірілген нормативті актілерді 10 мемлекет қабылдады (Түркмения мен Өзбекстаннан басқасы).
Қазіргі уақытта өндірістік
кооперация ТМД шаруашылық кешендерінің
сақталып қалған өзара бірін-бірі толықтыруына
негіз ұстауда. Неғұрлым тұрақты
кооперациялық байланыстар
Өндірістік кооперациялардың
келісімдері мен шарттарын
Мұндай жағдайды жою үшін ТМД елдері шаруашылық жүргізуші субьектілері арасында есептесуде өндірістік кооперациялардың тауарларын (қызметтерін) жеткізуге акциздер мен қосымша құнға салық қолдану тәртібі туралы ереже қабылданды. Ереженің мәні өндірісті мамандандыру мен өндірістік кооперациялар туралы мемлекетаралық салалық және салааралық келісімдер негізінде жасалған, келісімдерге (шарттарға) сәйкес ТМД елдері жеткізетін тауарлар (қызметтер) үшін есептесулер акциздер мен қосымша құнға салықтар алусыз тарифтар және еркін рыноктық бағалар бойынша жүргізілуге әкеледі. Бұл өндірістік кооперацияларға қатысатын кәсіпорындар қызметін жандандыруға, айналым қаржыларын толтырудың қосымша көздерін алуға, өнімді өткізу мен көлемі өсуіне жағдай жасауға, ТМД елдері бюджетіне пайдаға салықтар түсуіне мүмкіндік береді.
2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі
ТМД интеграциясы идеологтарының жалпы мойындауы бойынша, Достастық елдерінің интеграциялық өзара әрекетерінің маңызды катализаторларының бірі аймақтық интеграцияға қосымша корпоративті ахуалды жүзеге асыратын трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтар құру болуы мүмкін.
Әлемдік тәжірибе дәлелдегеніндей, қазіргі
заманғы трансұлттық
1998 жылдың наурыз айында
* корпорация құрылуы мен тіркелуі тәртібі;
* оның қызметін мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;
* қатысушылардың жауапкершілігі,
оның қызметінің есептілігі
* пайда мен өндірістік өнімге меншік құқығы.
ТМД мемлекеттері арасында трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтарды құру процесі Ресей мен Белоруссияда мысалы, автомобиль құрылысы, химия өнеркәсібі мен электронды техника саласында неғұрлым белсенді жүруде.
90-шы жылдардың соңында ТМД
аумағында бірнеше ондаған
Ресейлік «Мостекс» концерні» АҚ Өзбекстан агроөнеркәсіп кешені тауар өндірушілерімен бірлескен кәсіпорын құрды. Ресейдің металлургия зауыттары мен металлургтердің халықаралық одағы ТМД бірқатар елдерінің металлургиялық кәсіпорындары мемлекетаралық құрылымын құрудың жобасын дайындады. ТМД мүше-елдерінің көп жақты қатысуымен бірқатар перспективалы жобалар жасалды.
Отанды өндірушілерді қолдау Достастықтың әрбір елінің экономикалық саясатының басты негізі, ал ТМД аясында құрылатын қаржы-өнеркәсіптік тобы мен трансұлттық корпорацияны қолдау — Достастық елдері экономикасының құрылымдық қайта құрылулары мен келісілген өзара тиімді дамуының түп қазығы болып табылады.
Трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтарды құруға негізгі кедергі келтіретіндердің бірі бұл мәселелер бойынша ұлттық заңдылықтардағы сақталып келе жатқан алшақтықтар болып табылады. Егер Ресей мен Украинада қаржы-өнеркәсіп тобы туралы заңдар қабылданса, ал Белоруссияда олар Президент Жарлығы негізінде, Қырғыз елі мен Өзбекстанда — Үкімет қаулысы бойынша әрекет етеді; Тәжікстанда Ресеймен топты құрудың негізгі принциптері туралы келісім жасалған. Қазақстанда оны құрумен байланысты айырықша қиындықтар туындады — қаржы-өнеркәсіп тобы республикалық Азаматтық кодекске енбейді.
Ортақ базалық нормативтік-құқықтық құжат болып 1994 жылы қол қойылған өндірістік, коммерциялық, несиелік, қаржылық, сақтандыру және аралас трансұлттық бірлестіктерді құру және дамытуға ықпал ету туралы келісім болып табылады. Оның ережелерінің дамуына Ресей Белоруссиямен, Қазақстанмен, Өзбекстанмен, Қырғыз елімен және Тәжікстанмен екі жақты келісім жасады. Алайда қолданыстағы нормативті құжаттар көптеген позициялар бойынша өзара қиылыспайды. Мысалы, украин заңы трансұлттық қаржы-өнеркәсіп тобына өздерінің қатысуына орталық компания Украинада орналасқанда ғана жол береді. Трансұлттық корпорациялардың қатысушыларының бірыңғай бухгалтерлік есептілігі мен біріктірілген балансын жүргізу проблемасы мейлінше өткір күйінде тұр. Корпоративті бизнес қызметінің бір ыңғайдағы режимі үшін Бірыңғай корпоративті акт (ТМД компаниялары туралы Заң) жасау талап етіледі.
2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық қатынастары
ТМД елдері арасындағы сауда, экономикалық қатынастарды тиімді жүзеге асырудың басты шарттарының бірі валюталардың өзара конверттелуі, өзара төлемдер мен есептесулердің қалыптасқан жүйесі, бір-бірінің ішкі рыноктарына кәсіпкерлер мен капиталдың еркін енуі болып табылады. Ресей мен ТМД-ның басқа да елдері өзара экономикалық байланыстарды жүйелеуде есептесулер мен төлемдер жүйесінің ролін жете бағаламады. Бірыңғай рубль кеңістігі қирағаннан кейін (1993 жылдың жазында) есептесулер мен төлемдердің сенімді жүйесінсіз тиімді жұмыс істеуге болмайтын құжаттар — Экономикалық одақ туралы келісім-шарт, сосын сауданың еркін аймағы туралы келісім жасалды. 1994 жылдың қазан айында төлем одағы туралы келісім жасалды. Алайда ол оған бөлінген ролді атқармады. ТМД кеңістігінде есептесулер мен төлемдердің бей-берекет қалыптасқан және тиімсіз жүйесі жүзеге асырылды. Есептесулердің үштен екісіне дейін айырбастық негізінде жүзеге асырылады. 90-жылдардың екінші жартысында ТМД елдерінде ұлттық валюталық-қаржылық жүйелердің қалыптасу процесі аяқталды. Ұлттық валюталар енгізілді. Қаржылық институтар — ұлттық және коммерциялық банкілер құрылды. Ұлттық валюталарды ТМД елдерінің еркін конверттелетін және ұлттық валюталарына конвертациялау жүзеге асырылуда.
Кедендік одаққа кіретін елдер ұлттық валюталардың бағамын тұрақтандыру және өзара конверттелуін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы (Қырғыз елі мен Белоруссия арасындағы келісімдерді қсопағанда) және қосарлы салық салуды жою туралы (Қырғыз елі мен Ресей арасындағы келісімді қоспағанда) келісімдерге қол қойды. Шаруашылық жүргізуші субьектілер арасында өзара есептесулер қандай да шектеу салусыз ұлттық валюталарда жүргізіледі. Алайда сыртқы сауда операцияларының басым бөлігі СКВ мен ресей рублінде жүргізіледі. Бағамдарды реттеу мемлекеттердің ұлттық банкілері арқылы, АҚШ долларына қатынасы бойынша валюталық бағам арқылы жүзеге асырылады.ТМД құрылған сәттен бастап күн тәртібінен ресей рублін Достастық аясында сыртқы сауда қатынастарында резерв валютасы, төлем-есептеу құралдары ретінде пайдалану идеясы күн тәртібінен түспей келеді. 90-жылдардың екінші жартысында рубль өз тұғырын елеулі түрде нығайтты. Алайда рубльдің ТМД аясында толыққанды резервті валютаға айналуы үшін Ресейде инфляция деңгейін жылына 5 пайыздан аспайтын белгіге дейін жеткізу қажет. Сондай-ақ оны басқа ұлттық валюталарға қатынасы бойынша толық конверттелетін жағдайға жеткізу қажет.
Сауда-өндірістік интеграцияның қарапайым жетістіктері көрінісінде 90-шы жылдардың соңынан ТМД елдері қаржылық интеграциясы процестері бәрінен бұрын кедендік одақ аясында бірізділікпен дамуда.
Қазақстанның, Қырғыз елінің
және Ресейдің валюталық рыноктары
валюталық операцияларды
Ресейдің Ұлттық банкі
мен Белоруссияның Ұлттық банкі
арасында ұлттық валюталардың айырбас
бағамы саясаты саласындағы
2000 жылдың басында
Достастық елдері валюталық