Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 18:02, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 Халықаралық экономикалық интеграция………………
1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……
1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
ерекшеліктері…………………………………………………………………….
1.3 Аймақтық экономикалық ұйымдар...............................................................
1.3.1 Солтүстік америкалық еркін сауда зонасы
1.3.2 Оңтүстік америкалық ортақ рынок
1.3.3 Африка және Араб елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы
2 ТМД елдеріндегі экономикалық интеграциялық процестер
2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті
ерекшеліктері
2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу
кезеңдері
2.3 ТМД елдерінің сауда қатынастары
2.4 ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының дамуы
2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі
2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық қатынастары
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс
ерекшеліктері
3.2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы инвестициялық
саясат
3.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелері
3.4 ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселері
мен ерекшеліктері
3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ
Сондықтан ТМД елдеріндегі пайда болған аймақтық бірлестіктердегі интеграциялық үрдістерді күшейту қажет. Ол үшін Достастық мемлекеттерінің экономикалық жүйелеріндегі өзара толықтырушылық сияқты және олардағы қажетті табиғи, өндірістік және интеллектуалдық ресурстар сияқты объективті қажетті шарттар әлі де болса сақталуда. Бірақ бұл жағдайларды тиімді пайдалану ТМД елдерінің аймақтық бірлестіктерінің ағымдық қызметі және олардың даму стратегиясы келісілген болу керек. Басқаша айтқанда, ТМД елдерінің ортақ экономикалық кеңістігіндегі тауар, қызмет, еңбек және капиталдардың еркін «құйылуы» олардың біріктірілген күш – жігер жұмсауларымен ағымдық және перспективалық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталуы арқылы жүзеге асады. Мұны ТМД елдерінің аймақтық бірлестіктері қызметін реттейтін, «одақтар одағы» ретіндегі Достастық концепциясына негіздей отырып, мақсатты түрде және бірте – бірте құру қажет мемлекетаралық реттеу жүйесі қамтамасыз ете алады.
Тек сонда ғана Достастық
мемлекеттері өздерінің экономикалық
әлуеттерін ұлттық мүдделерінде толықтай
пайдалана алады, дамыған Батыс
және Шығыс елдерінен кейін
3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі
ТМД – ның өмір сүруінің барлық кезеңі ішінде достастықтың дамуының қандай жолы неғұрлым басымдылықта екені дау жалғасып келеді. 1992 – 1994 жылдары бұрынғы бірыңғай мемлекетті құрудың алға апаратын мақсаттары мен шешімдері қабылданды. Практика көрсеткендей «барлығы бір сәтте» принципі бойынша интеграциялық құрылысқа көшу өзін ақтамады. ТМД – ның басқарушы органы қабылдаған шешімдер сипаты 1995 – 1997 жылдары достастық елдерінің құқықтық ақиқатына көбірек сәйкес келді. ТМД аясындағы мемлекет аралық экономикалық өзара қатынастар практикасы көрсеткендей, интеграциялық негіздер бірте – бірте ТМД – ның жекелеген аймақтарында әр түрлі интенсивтілікпен қалыптасатын болады. Басқаша сөзбен айтқанда интеграция ТМД өндірісінде «әр түрлі жылдамдықтармен» жүретін болады. «Әр түрлі жылдамдықтағы» интеграция моделі пайдасына ТМД аясындағы «екілік» (Ресей мен Белоруссия), «үштік» (Орталық Азия мемлекеттері одағы, 1998 жылы наурызда Тәжікстан қосылғаннан кейін «төрттік» аталды), кедендік одақ («төрттік» қосу Тәжікстан) түрінде тығыз, өзара енетін байланыстар пайда болды. Ақырында, Грузия, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан, Молдавияны біріктіретін ГУӨӘМ аймақтық бірлестігі пайда болды. Іс жүзінде ТМД барлық елдері (Түркіменияны қоспағанда) бірқатар аймақтық экономикалық топтарға бөлінді.
Алайда, бұл топтар әдеттегідей анклавтарды білдірмейді. Орталық Азия одағына кіретін елдер (Өзбекстанды қоспағанда) кедендік одаққа кіреді. Өз кезегінде «екеудің одағы» «бестіктің», яғни Кедендік одақтың неғұрлым белсенді мүшесі болып табылады.
«КСРО-ның қирауы — жаңа мемлекеттердің қалыптасуы (90-шы жылдар) — бұл мемлекеттердің интеграциялық жақындасуы» өзінің үшінші сатысында (ХХ ғасырдың соңы — ХХІ ғасырдың басы) ТМД құруда, 90-шы жылдардың басында алға қойылған мақсаттарға бірте-бірте қозғалатын локалды интеграциялық құрылымдар негізінде бәрінен бұрын бірыңғай, бір тектесэкономикалық кеңістік құруға, тауарлардың, қызметтердің, жұмысшы күшінің жалпы рыногына ағындайтын болады.
ТМД елдерінің өзара әрекеті практикасы нақ сондай сценарий туындатқандықтан, Достастық аясында көп деңгейлі интеграциялық модельді жүзеге асырудың жаңа механизмін жасау маңызды. Бұл модель интеграциялық процестердің әлемдік тәжірибесін есепке алып, икемді, стандартты емес, көп вариантты болуы тиіс.
Достастық елдері интеграциясы моделін негізгі құраушылардың бірі интеграциялық ынтымақтастықтың қазіргі және перспективалық басымдықтарын анықтау болуы тиіс. табысты интеграция моделінің маңызды негізі оны жүзеге асыру механизмін жасау болуы тиіс.
Бұл механизм мыналарды біріктіруі тиіс:
Бұл механизм шаруашылық, қаржы, валюталық-несие және басқа қатынастарда заңдылықтарды сәйкестендіру; елдер арасындағы келісімдер жиынтығын кіріктіру шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
ТМД сыртқы экономикалық байланыстары. ТМД елдері өз құрлысының ішкі проблемаларын шеше отырып 90 – жылдардың екінші жартысында бұл саладағы бірыңғай стратегиялық басымдылықтарды жасау қажеттілігі алдында, өзінің сыртқы экономикалық қызметін келісу проблемалары алдында тұрды. Негізінен Достастық елдерінің Бүкіләлемдік Сауда ұйымына кіруі туралы мәселе барынша актуалды болып табылады. Кедендік одақ елдері перспективада бірыңғай кедендік аумақ ретінде Бүкіләлемдік Сауда ұйымынабір мезгілде бірігу мүмкіндігіне ие. Бүкіләлемдік Сауда ұйымын құру туралы Келісім-шарттың 12 бабы бұл ұйымға тәуелсіз сыртқы экономикалық саясат жүргізуші кез-келген кедендік аумақтың қосылуына мүмкіндік береді.
ТМД елдері арасынан Қырғыз елі ЕВРАЗЭС ұйымы мен Кеден одағы Бүкіләлемдік Сауда ұйымына дербес қосылды. Одан кейін Грузия осы жолмен жүрді.
ТМД мен басқа халықаралық интеграциялық топталулар арасында ынтымақтастықтар бірте-бірте қалыпқа түсуде. 90-шы жылдардың ішінде Еуроодақ ТМД елдері тұрғысынан бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында рыноктық қайта құрылымдарды қолдауға бағытталған ТАСИС бағдарламасын жүзеге асырды. 1997 жылы МЕРКОСКУР және ТМД халықаралық экономикалық комитеті ресми өкілдері инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және өзара сауданы кеңейту туралы келісімге қол жеткізді.
ТМД аясында интеграциялық процестердің дамуы әлі де өзінің бастауында тұр. 30-дан 50 жылға дейін есептелетін аймақтық топталулардың әлемдік тәжірибесі толыққанды экономикалық одаққа барар жолда ТМД елдеріне қандай қиындықтар кездесетіні туралы ұғым береді. Алайда бірыңғай экономикалық кеңістікті қалпына келтіру ТМД елдеріне елеулі экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, қосымша инвестицияларсыз базалық салалар өнімдері өндірісін 1,5 еседен артық ұлғайту. Достастықтың жиынтық шығындарын электр энергиясы өндірісіне — 20%-ға, металлургияда — 15%-ға, машина құрылысында — 25%-ға дерлік төмендетуге мүмкіндік пайда болады. ТМД елдері сыртқыэкономикалық қызметін үйлестіруді жақсарту есебінен оның жиынтық сыртқы сауда балансын 15-20 млрд долларға ұлғайтуға жетуге болады. Бастысы, ТМД-ның қолданыстағы экономикалық интеграциясы олардың экономикасын тұрақты процеске айналдыру үшін қажетті шарттарды құрайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекетаралық экономиканың бәсекелестігі көптеген факторларға байланысты: экономикалық, ғылыми-техникалық, интеллектуалдық даму деңгейіне, геосаяси және географиялық орнына, табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейіне, дүниежүзілік қаржы және тауар рыногының аму тенденциясына, үкіметтің жүргізіп отырған экономикалық саясатқа, т.б. Қазақстан осы аталған факторлардың төрт-бесеуінен дүние жүзінде алдыңғы қатардағы орынды алады. Сондықтан, бар мүмкіндікті тиімді пайдалана білуді ғылыми тұрғыда негіздеуге Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси география ғылымының, онымен айналысатын ғалымдардың алдында көп мақсат күтіп тұр.
Қорытындылап келгенде, Қазақстан үкіметінің ХХІ ғасырдың басында ұстанған экономикалық саясатының барысында дүние жүзі экономикалық қауымдастығында орыны мыналар:
- аумақтық критерий
бойынша дүние жүзі
- демографиялық критерий
бойынша дүниежүзілік
- мұнай ресурстарына иелігі бар 92 елдің ішінде 48 позицияда тұр;
- географиялық критерий бойынша (мұхитқа тікелей шыға алмау) 48 елдің ішінде 14-ші позицияда тұр.
ТМД елдерінің әлемдік нарыққа шығуы, сондай-ақ шетелдік корпорациялардың жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық нарыққа кіруі көптеген мәселелерді тудырды. Олар шаруашылықта бұрын-соңды кездеспеген қиындықтар еді. Егемендікке қолы жеткен Қазақстан Республикасы да осындай қиындықтарға тап болды. Қорыта келгенде, мұның барлығы ТМД елдерінде нарық жағдайында теориялық және тәжірибелік біліммен қаруланған халықаралық деңгейдегі мамандардың жетіспеуінен деуге болады.
Әлемдік шаруашылық және оның бір бөлігі болып саналатын халықаралық еңбек қатынасының дамуы 80-жылдармен салыстырғанда, 90-жылдары жаңа жағдайда дами бастады. Біріншіден, әлемнің біртұтастығы айқындала бастады. Қазіргі әлемдік шаруашылық, бір жағынан, әлемнің бір бөлігі болып саналатындықтан, бүкіл әлемнің біртұтас заңдылықтары мен қағидаларына бағынады. Сондықтан экономикалық тұрғыдан толық шеттеу мүмкін емес. Екінші жағынан, дүниежүзілік шаруашылықтың негізіне нарық қатынасы жатады. Ал бұл жағдайда экономикасы жоғары деңгейде дамыған елдер ғана алға шыға алады.
Қазіргі кездегі халықаралық экономикалық қатынасқа тән қасиет оның сан және сапа жағынан өсуінің көрінуі.
Халықаралық еңбек қатынасының
негізгі формаларына
а) халықаралық сауда;
ә) капитал қозғалысы;
б) жұмысшы күші миграциясы;
в) халықаралық өндірісті кооперациялау;
г) ғылыми-техникалық айырбас.
ТМД экономикалық одағы интеграциялық және координациялық іс-әрекеттердің тереңдеуі арқылы құрылды. Осыған арналған іс-әрекеттер төрт кезеңнен тұрады:
Біртұтас ұлттық емес валютаға көшу ұлттық валюталардың толық конвертирленуіне дейінгі кезеңде Төлем одағын құру көзделген.
Еркін сауда ассоциациясы және оның жоғары органы – Кедендік одақ – кейбір жекелеген бағыттарда ғана қалыптасып жатыр.
ТМД көлеміндегі ішкі тарифтік бөгеттер энергия тасымалдаушы, шикізат және азық-түліктің кейбір түрлеріне белгіленген квоталар әлі де өз күшінде, біртұтас кедендік тарифтерге ортақ саясат жүргізу жөнінде ТМД-ның мемлекеттері көптеген мәселелер көтеруде.
ТМД мемлекеттері арасында тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалуының ұлғаюы, жұмыс күшінің және капиталдың еркін миграциялануы әкімшілік тиым салулар ТМД мемлекеттерінің экономикасының дамуына кедергілерін тигізуде.
ТМД мемлекеттерінің негізгі мәселелеріне мыналар жатады:
ТМД елдерімен экономикалық
интеграциялық процестерді
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі