Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2014 в 18:46, дипломная работа
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр.Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүргізеді.Сонғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларды дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді
КІРІСПЕ 3
1.КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ ЖАЛРЫ СИПАТТАМА
1.1 «Римет» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы 6
1.2 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері 7
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен есеп саясаты 9
2.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҚҰРУ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қаржылық есепке сипаттама және оның ақпараттарын
пайдаланушылар 13
2.2 Қаржылық есепті жасауды ұйымдастыру 20
2.3 Қаржылық есепті жасау негізі 27
2.4 Қаржылық есеп құрамы мен элементтері 32
2.5 Қаржылық есеп құрудың аудитін ұйымдастыру 37
2.6. Шетелдерде қаржылық есеп жүргізу ерекшелігі 39
3. «РИМЕТ» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚҰРУ
3.1 Қаржылық есеп берудің маңызы мен сипаты 42
3.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және
басқа да дайындық жұмыстары 44
3.3 Кәсіпорында қаржылық есепті жасау 49
3.4. Кәсіпорында қаржылық есепті жасаудың талдауы 52
4.КӘСІПОРЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҚҰРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ
ШАРАЛАРЫ
4.1 Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау ерекшелігі 54
4.2. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау 59 ҚОРТЫНДЫ 63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Баланстың ликвидтік көрсеткіші – бұл көрсеткіштердің төлем қабілеттілігі.
Баланстың ликвидтті көрсеткіштерін анықтау үшін актив пен пассивті топтау керек. Баланс ликвидті дп есептеледі: егерде А1 ≥ П1; А2 ≥ П2; А3 ≥ П3; А4 ≤ П4, сонымен:
2003
Топ А1 = 1600; ≤ Топ П1 = 1791,8;
А2 =1680; ≤ П2 = 342,7;
А3 = 6978,7; ≤ П3 = 7419,7;
А4 = 1715,3; ≤ П4 = 2762,5;
2004
Топ А1 = 1703,1 ≤ Топ П1 = 1524,1
А2 = 1703,4 ≥ П2 = 283,8
А3 = 6445,9 ≤ П3 = 7895,5
А4 = 2402,9 ≤ П4 = 2835,7;
кестеде есептелуін көрсетейік:
4-кесте Баланстың ликвидтігін талдау
Көрсеткіш |
200 |
2005 |
Ауытқу |
Абсалютті ликвидті коэффициент |
0,2 |
0,2 |
- |
Жылдам ликвидті коэффициент |
0,44 |
0,43 |
-0,01 |
Ағымдағы ликвидті коэффициент |
1,6 |
1,5 |
-0,1 |
2003/2004 жылдардағы баланс абсалютті
ликвидті емес, өйткені бюджет
алдында көптеген борыштар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын есептеу керек: меншікті капитал мен зайымдық капиталдың қатнасы арқылы қарастыруға болады. Ол үшін капиталдың құрылымын талдай отырып, қаржылық тұрақтылық пен қаржылық тәуекелді бағалай отырып, көрсеткіштерді есптеуіміз қажет:
Кәсіпорынның пассивінің құрылымы
№ |
Көрсеткіш |
|||
2002 |
2003 |
2004 | ||
1 |
Баланстағы меншікті капиталдың үлес салмағы |
29,6 |
23,1 |
23,2 |
2 |
Зайым капиталының үлес салмағы |
70,4 |
76,9 |
76,8 |
3 |
Ағымдағы борыштың коэффициенті |
44,8 |
61,9 |
64,4 |
4 |
Ұзақ мерзімді қаржылық тәуелсіздік коэффициенті |
55,2 |
38,1 |
45,6 |
5 |
Борыштарды меншікті капиталмен жабу коэффициенті |
42,1 |
30 |
30,1 |
6 |
Қаржылық тәуекел коэффициенті |
2,37 |
3,33 |
3,32 |
Қорытындылай келе кестеден көріп отырғанымыздай меншікті капиатлдың тнденциясы төмендегені байқалады. Қарастырып отырған уақыт кезеңінде 8 % (23,2/29,6) кемігені белгілі, меншікті капиаталдың өсу темпі зайымдық капиталдың өсу темпінен анағұрлым төмен екені байқалады. Қаржылық тәуекел коэффициенті 71% (3,32/2,37) өсіп отыр, бұл дегеніміз жалпы кәсіпорынның қаржылық жағдайы тқмен емес екендігіне көз жеткізеді.
4. Кәсіпорында ќаржылыќ есепті жасаудың жетілдіру шаралары.
4.1. Кәсіпорында консолидалынған қаржылық есепті
Негізгі ұйымның және оның қосымша ұйымдарының қаржылық есебі активтер, міндеттемелер, өзіндік капитал, кірістер мен шығыстар туралы берілгендерді бап және жас бойынша қосу арқылы біріктіріледі. Конселденген қаржылық есептеулері топтарды тұтас ұйым ретінде қарастыру туралы қаржылық мәліметті көрсету үшін кейбір баптар бойынша қосымшалауды алып тастау керек. Ол үшін конселденген қаржылық есептеуді құрған кезде жүргізілген есептеулер негізінде корректировкаланған жазбалар жасайды. Корректировкаланған жазбалар конселденген қаржылық есептеулерді дайындау барысында жұмыс кестесінде жасалып, негізгі ұйымның да, қосымша ұйымның да бухгалтерлік есептеуінде көрініс таппайды.
Негізігі ұйымның жекелеген бухгалтерлік балансында көрініс табатын, қосымша ұйымға инвестиция тобының есебін құру үшін қосымша ұйымның активтері толығымен ауыстырылады. Бұл үшін әрбір қосымшадағы негізгі ұйымның және әрбір қосымшаның өзіндік капиталындағы негізгі ұйым үлесінің инвестициялық баланстың құнын шегеріп тастау керек. Иелену күніндегі негізгі ұйымның шығындары қосымшадағы инвестиция мынандай болуы мүмкін.
Иеленген активтердің ағымындағы құнына иеленуші ұйымның таза активтерінің үлесінен иелену құнының артуы келісім бойынша гудвилл (фирма бағасы) ретінде анықталып, конселденген бухгалтерлік баланста актив ретінде жекеленген бапта көрініс табады.
Егер иелену құны иеленген активтердің ағымдағы құнына иеленуші ұйымның таза активінің үлесінен кем болса, онда пайда болған айырмашылық теріс гудвилл болып табылады және ол конселденген бухгалтерлік балансында жекеленген бапта көрсетіледі.
Негізігі ұйымның және оның қосымша ұйымдарының қаржылық есебі активтер, міндеттемелер, өзіндік капитал, кірістер мен шығыстар туралы берілгендерді бап және жол бойынша қосу арқылы біріктіріледі.
Консулденген қаржылық есептеулер топтарды тұтас ұйым ретінде қарастыру үшін келесілер жүргізіледі.
1) - негізігі ұйымның
2) қосымша ұйымның таза
3) Негізгі ұйымға тиісті таза пайда сомасын анықтаған кезде топ табысын төмендететін қосымша ұйымның таза пайдасындағы азшылық үлесін орнату;
Негізгі ұйымның және оның қосымша ұйымдарының конселденген есебіне кіретін қаржылық есебі әдетте бір күнде жасалады. Бұл мүмкін емес жағдайда әртүрле есептік күндерде құрастырылған қаржылық есептеулерді қолдануға болады. Бірақ айырмашылық үш айдан аспауы керек. Әр түрлі күндерде жасалған қаржылық есептеулер консулденген кезде осы күндер арасында жасалған операциялар нәтижесі болып табылатын өзгерістерге корректировка жасалады.
Консулденетін есептеулер құрамына кіретін негізгі ұйымның және оның қосымша ұйымдарының қаржылық есебі әдетте бухгалтерлік есептеуде аналогтық операция мен құбылыстарды бейнелеу үшін ортақ есептік саясатты қолданыла отырып дайындалады.
Топ мүшесі конселденген қаржылық есептеуе қабылданғаннан өзгеше есептік саясатты қоднаған жағдайда оның қаржылық есептеулеріне сәйкесінше өзгертулер енгізіледі. Егер мұндай өзгертулерді санау мүмкіндігі болмаса, онда әртүрлі есептік саясат қолданылған конселдеген қаржылық есептеудегі керекті баптар бөлігімен ашылуы керек. Қосымша ұйымның шаруашылық әрекетінің нәтижесі иеленген күннен бастап, қосымша ұйымның иеліктері бойынша конселденген қаржылық есептеулерге қосылады.
Ұйымның қосымша ұйым анықтамасына сәйкес келмейтін күненен бастап, 14 бухгалтерлік есептеу стандартында көрсетілгенге «тәуелді ұйымдағы инвестиция есебі» сәйкес бұл ұйымды инвестициялау бухгалтерлік есептеу стандартына сәйкес ескерілуі керек.
Есептік кезең біткен соң шаруашылық жүргізуші субьект қаржылық есеп беруді жасайды. Шаруашылық жүргізуші субьекттің құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолидалынған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше заңды тұлғаның есеп беруін біріктіреді.
Заңды тұлға (коммандалық және толық серіктестік, жауапкершіліг шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа заңды тұлғаның өзінің жарлық қорына салған салымдарының басым көпшілігі иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады.
Заңды тұлға (коммандалық және толық серіктестік, жауапкершіліг шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (қатысушы, артықшылығ бар) заңды тұлғаның бар болғаны 20% дауыс беретін акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар болса, тәуелді серіктестік ретінде танылады.
Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беруі. Заңды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін; егер де ол сатып алынған акциясы 50%-тен астам болса онда инвестицияланған объектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорын негізгі заңды тұлға болып танылады, ал бақыланатын кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. негізгі кәсіпорында және барлық еншілес кәсіпорында бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консолидацияланған есеп беруін жасайды.
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар олардың топтасқан бөлігін емес, тұтас бөлігін білуге мүдделі болып келеді. Бұндай қажеттілік консолидацияланған есеп беруге қойылатын талапты күшейтеді.
Консолидацияланған есеп берудің құрамына: консолидацияланған бухгалтерлік балансы, консолидацияланған қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.
№13 БЕС сәйкес «Консолидацияланған есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестицияның есебі» негзігі заңды тұлға жергілікті және шетелдегі еншілес заң тұлғалардың консолидалынған қаржылық есеп беруі енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егер де нешілес серіктестік жақын арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатта болса нмесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекет етіп тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген серіктестіктердің мәліметі консолидалынған қаржылық есеп беруге қосылмайды.
Негізгі кәсіпорын өз кезегінде, еншілес кәсіпорында болуы мүмкін, егер де оны негізгі кәсіпорын талап етпесе.
Негізгі заңды тұлға және оның еншілес заңды тұлғасы қаржылық есеп беруді келесі жолмен консолидациялайды (яғни, біріктіреді):
Бірнеше заңды тұлғалардың есеп беруінен бір ғана қаржылық есеп беруді жасау үшін ішкі есеп, бағалы қағаздар, меншік капиталдар және т.б. мәліметтердің негізінде тиісті түзетулер жасалынады.
Түзету жазбалары консолидацияланған қаржылық есеп берудің дайындау барысы оның жұмысшы кестесінде жасалынады және ол негізгі кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде де, еншілес заңды тұлғада да көрсетілмейді.
Топтық есеп беру жасау кезінде еншілес заңды тұлғаның нақты таза активімен алмасытрылады. Баланста әрбір еншілес серіктестіктің және негзгі заңды тұлғаның үлесі бойынша меншік капиталы қалыптастырылады. Бұл жерде меншік капиталында негізгі заңды тұлғаның үлесінен оған енген (кірген) еншілес серіктестіктердің үлесі көп немесе аз болуы мүмкін.
Негізгі заңды тұлғаның таза активінен оған енген еншілес серіктестіктердің таза активтері асып түссе, онда оның ағымындағы сатып алынған активтерінің құнынан мәмілесі бойынша өтетін міндеттемесін шегеріп, келіп қосылған заңды тұлғалардың гудвиллі ретінде анықтайды және консолидацияланған бухгалтерлік баланста актив ретінде жеке бап болып көрініс табады.
Егер де негізгі заңды тұлғаның құрамына кіретін еншілес заңды тұлғаның құны оларды таза активінен кем болса, онда алынған активтердің ағымдағы құны мен сол күні алынған міндеттемелердің арасында теріс айырма, яғни гудвилл пайда болады, бірақ ол да консолидацияланған бухгалтерлік баланстың жеке бабы болып көрініс табады.
Жетілдіру шарасы |
Шараның мақсаты |
Экономикалық тиімділігі |
Консолтдацияланған Есеп беру |
1) Есеп беруді өзара сәйкестіру; 2)активтер, міндеттемелер,меншік капиталы,табысы, шығысы туралы мәлімет- тердің әрқайсысы жолы мен бабы бойынша қосу; 3)кейбір баптар бойынша қайталауға жол бермеу |
Заңды тұлғалардың арасында өнімнің өзара айналымы, дивиденті, пайызы шегеріліп тасталынады. |
4.2. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігіннің көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және қаржылық талдаудың қортынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорының өз қаражаттарын қаншалықты тиімді пайдаланатындығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффиценттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық есебін қалыптастырудағы бухгалтерлік есеп және аудит