Кәсіпорынның қаржылық есебін қалыптастырудағы бухгалтерлік есеп және аудит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2014 в 18:46, дипломная работа

Краткое описание

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр.Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүргізеді.Сонғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларды дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді

Содержание

КІРІСПЕ 3
1.КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ ЖАЛРЫ СИПАТТАМА
1.1 «Римет» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы 6
1.2 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері 7
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен есеп саясаты 9
2.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҚҰРУ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қаржылық есепке сипаттама және оның ақпараттарын
пайдаланушылар 13
2.2 Қаржылық есепті жасауды ұйымдастыру 20
2.3 Қаржылық есепті жасау негізі 27
2.4 Қаржылық есеп құрамы мен элементтері 32
2.5 Қаржылық есеп құрудың аудитін ұйымдастыру 37
2.6. Шетелдерде қаржылық есеп жүргізу ерекшелігі 39
3. «РИМЕТ» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚҰРУ
3.1 Қаржылық есеп берудің маңызы мен сипаты 42
3.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және
басқа да дайындық жұмыстары 44
3.3 Кәсіпорында қаржылық есепті жасау 49
3.4. Кәсіпорында қаржылық есепті жасаудың талдауы 52
4.КӘСІПОРЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҚҰРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ
ШАРАЛАРЫ
4.1 Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау ерекшелігі 54
4.2. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау 59 ҚОРТЫНДЫ 63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДР Кәсіпорынның қаржылық есебін қалыптастырудағы бухгалтерлік есеп және аудит.doc

— 497.50 Кб (Скачать документ)

 


 


М.О Әуезов атныдағы Семей университеті

«Информациялық технологиялар және экономика» факультеті

«Экономика және бухгалтерлік есеп» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жұмыс

Тақрыбы: «Кәсіпорынның қаржылық есебін қалыптастырудағы бухгалтерлік есеп және аудит»

 

 

 

 

 

Орындаған :                                                   Тоқтарбаева Г.Ж

                                        (қолы)                                       (Аты-жөні)

Дипломдық                                     

жетекші:                                                              Яуденова А.М

                                       (қолы)                                       (Аты-жөні)

Рецензент:                                                                Аманова Г.Д                       

                                          (қолы)                                       (Аты-жөні)

 

Диплом қоғауға                                            профессор

босатылды                                                Северин Ф.И

                                        (қолы)                                       (Аты-жөні)

 

Семей-2006ж.

 

 

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ                                                                                                                        3

1.КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ ЖАЛРЫ  СИПАТТАМА

   1.1 «Римет» ЖШС-нің  қысқаша даму тарихы                                                   6

   1.2 Кәсіпорынның  технико-экономикалық көрсеткіштері                             7

   1.3 Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы мен есеп  саясаты                              9

2.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҚҰРУ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ

   ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

   2.1 Қаржылық есепке  сипаттама және оның ақпараттарын                        

         пайдаланушылар                                                                                               13

   2.2 Қаржылық есепті  жасауды ұйымдастыру                                                   20

   2.3 Қаржылық есепті  жасау негізі                                                                        27

   2.4 Қаржылық есеп  құрамы мен элементтері                                                    32

   2.5 Қаржылық есеп  құрудың аудитін ұйымдастыру                                        37

   2.6. Шетелдерде қаржылық есеп жүргізу ерекшелігі                                      39

3. «РИМЕТ» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

     ЖӘНЕ ҚҰРУ

   3.1 Қаржылық есеп  берудің маңызы мен сипаты                                            42

   3.2 Қаржылық есеп  беруді жасау бойынша түгендеу  және              

        басқа  да дайындық жұмыстары                                                                     44

   3.3 Кәсіпорында қаржылық  есепті жасау                                                          49

   3.4. Кәсіпорында қаржылық есепті жасаудың талдауы                                  52       

4.КӘСІПОРЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҚҰРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ  

  ШАРАЛАРЫ

   4.1 Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау ерекшелігі                   54

   4.2.  Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау          59    ҚОРТЫНДЫ                                                                                                             63                                                                                                       

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр.Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүргізеді.Сонғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларды дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді

Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты орын алады.Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық- шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетігінің бірі ретінде пайдаланады.

Тақрыптың өзектілігі -қаржылық есеп берудің өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның  қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы  ақпараттарды  беру болып табылады. Қаржылық есеп берудін пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар  еңбеккерлер,сондай-ақ мемлекеттік органдар, тағы басқалары кіреді.

    Қаржылық есеп  беру басқарушы органдардың жұмысын  және субъектің ресурстарын,міндеттемелерін  және ақша қаражаттарынның болашақтағы  ағындарын  бағалауға, несие беру  бойынша шешімдерге және инвестициялық  шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Экономикалық саласының мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа да нормативтік актілердің қатаң сақтаулары қажет.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізуде, сонымен қатар қаржылық-шаруашылық талдаудың да орны ерекше. Кәсіпорынның  қаржылық жағдайына қаржылық- шаруашылық талдау жасау арқылы, сол кәсіпорынның  бәсекеге қарсы тұру қабілеттілігін анықтайды. Сонымен қатар қаржылық-шаруашылық талдау кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін қажет. Қаржылық-талдау кәсіпорынныңқаржылық жағдайы мен оның қаржылық тұрақтылығын анықтап қана қоймай, болашақта кәсіпорын жұмыстарының жақсаруына бағыт береді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы- ол мекеменің ішкі ортадағы экономикалық саласына сипаттама болып табылады.

Дипломдық жұмыс жалпы 4- бөлімнен тұрады. Дипломдық жұмысты жазу барысында бірінші бөлімде: «Римет» ЖШС-нің даму тарихы, технико-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты мен қаржылық жағдайы туралы ашылған, екінші бөлімде қаржылық есептің  теориялық мәні, құрамын,   оның құрылу мақсаты қарастырылды, үшінші бөлім толықтай «Римет» жауапкершілігі шектеулі меріктестігіндегі қаржылық есептің құрылуы, аудиті және оның талдаулары бойынша жазылған.Төртінші бөлімде осы қаржылық есепті құрудағы жетілдіру шаралары қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың осы тақрыпқа жазылу мақсаты-Зерттеліп отырған кәсіпорынның қаржылық есебінің дұрыс құрылуы мен оның есебі, аудиті және оған дұрыс талдаулар жасау болып табылады.

Жалпы бұл дипломдық жұмысты жазудың мақсаты – кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің, аудитінің, қаржылық-шаруашылық талдауының іс жүзінде дұрыс, нақты, толық жүргізілуін  зерттеу болып табылады.

Дипломдық жұмыста зерттеліп отырған объект – ол «Римет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
    1. «Римет» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы

 

«Римет» ЖШС 2004 жылы құрылып, 01.04.2004 жылдан бастап құрлыс материалдарын өндіріп шығарумен айналысады: құм, құрлыс тастарын,бетон, темірбетон өнімдерін және тағы басқалары. Сонымен қатар өзінің жақсы өндіріс базасы бар:

  1. әкімшлік корпусы
  2. өндіріс цехтары

-арматуралық;

-бетон жасайтын;

-компрессорлық;

-ағаш өңдеу.

Жылу және буды «Римет» ЖШС  Семей ЖЭЦ арқылы , ал суды қалалық су каналдары арқылы қамтамасыз етіледі.

«Римет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Каримов С.И. Қазіргі уақытта «Римет» ЖШС-де 121 жұмысшы жұмыс істейді.

«Римет» ЖШС  АҚ «Туран-Алем» банкінде №015467490 есеп шоты ашылған, СТН  № 1827002190000,  МФО № 193801307.Куәлік № 0245687463.

«Римет» ЖШС-нің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, Семей қаласы, Әуезов даңғылы 83 -1.

Қазіргі уақытта «Римет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылдық қуаты 28 мың м/куб құрайды. Сонымен қатар осы «Римет» ЖШС құру негізінде 86,0 млн. тенге меншікті капитал , 34,0 млн. тенге жеке меншік капиталдары жұмсалды.

Болашақта «Римет» ЖШС-нің алдына қойған мақсаты –ол кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.

 

 

 

1.2. «Кәсіпорынның технико-экономикалық  көрсеткіштері

Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері сол кәсіпорынның табыстылығын, қаржы жағдайын .оның тұрақтылығын, несиеге қабілеттілігін Шаруашылық жүргізуші субъектінің сипаттайтын шамалар болып табылады.

    «Римет» ЖШС-нің мақсаты-болашақта осы технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту болып табылаы.

1-кесте   «Римет» ЖШС-нің 2004-2005 жылдардағы технико-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

өлшем

бірлігі

2004ж.

2005ж.

Ауытқулар

соммасы

%

1

2

3

4

5

6

7

1

Сатылған өнімнен

түскен табыс

Мың

тенге

54828,2

232121,16

+177292,9

+23

2

Сатылған өнімнің

Құны

Мың

тенге

43686,0

151853,26

+108167,2

+17

3

Жалпы табыс

Мың

тенге

11142,8

80267,9

+79125,1

+35

4

Таза табыс

Мың

тенге

2789,2

12948,6

+10159,4

+54

5

Жұмысшылардың орта тізімді саны

Адам

115

121

6

5

7

Еңбекақы қоры

Мың

тенге

1151

1512,5

+361

+31

8

Орташа еңбекақы көлемі

Мың

тенге

10010

12500

+2490

+24

9

Негізгі қорлардың орташа  жылдық құны

Мың

тенге

30390

30024

-366

-2

10

Алашақ қарыздар

Мың

тенге

8232

17949,1

+9717,1

+185

11

Берешек қарыздар

Мың

тенге

25466,7

71142,5

+45675,8

+40

12

Қор қайтарымы

тенге

2,65

3,3

+0,65

+24

13

Қор сиымдылығы

тенге

0,38

0,3

-0,08

-77

14

Рентабельділігі

%

6,6

8,6

+2

+2

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық есебін қалыптастырудағы бухгалтерлік есеп және аудит