Кәсіпорынның қаржылық есебін қалыптастырудағы бухгалтерлік есеп және аудит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2014 в 18:46, дипломная работа

Краткое описание

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр.Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүргізеді.Сонғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларды дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді

Содержание

КІРІСПЕ 3
1.КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ ЖАЛРЫ СИПАТТАМА
1.1 «Римет» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы 6
1.2 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері 7
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен есеп саясаты 9
2.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҚҰРУ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қаржылық есепке сипаттама және оның ақпараттарын
пайдаланушылар 13
2.2 Қаржылық есепті жасауды ұйымдастыру 20
2.3 Қаржылық есепті жасау негізі 27
2.4 Қаржылық есеп құрамы мен элементтері 32
2.5 Қаржылық есеп құрудың аудитін ұйымдастыру 37
2.6. Шетелдерде қаржылық есеп жүргізу ерекшелігі 39
3. «РИМЕТ» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚҰРУ
3.1 Қаржылық есеп берудің маңызы мен сипаты 42
3.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және
басқа да дайындық жұмыстары 44
3.3 Кәсіпорында қаржылық есепті жасау 49
3.4. Кәсіпорында қаржылық есепті жасаудың талдауы 52
4.КӘСІПОРЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҚҰРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ
ШАРАЛАРЫ
4.1 Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау ерекшелігі 54
4.2. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау 59 ҚОРТЫНДЫ 63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДР Кәсіпорынның қаржылық есебін қалыптастырудағы бухгалтерлік есеп және аудит.doc

— 497.50 Кб (Скачать документ)

 

Жоғарыда көрсетілген кестенің мәліметтері бойынша сатылған өнімнен түскен табыс көлемі 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда +177292,96 мың тенгеге өскенін көреміз немесе 23 пайыз,сатылған өнім көлемі 2005 жылы өткен жылға қарағанда +108167,26 мың тенгеге немесе +17 пайызға  өсті, жалпы табыс +69125,1 мың тенгеге  немесе +35 пайызға өссе, таза табыс +10159,4 мың  тенгеге немесе +54 пайызға  көбейді. Сондай-ақ  жұмысшылардың орташа тізімді саны 2005 жылы 6-адамға көбейіп, ол еңбек ақының 2005 жылы 2004 жылға қарағанда +2490 тенгеге  немесе +24 пайызға көбеюіне әкеп соқты.Негізгі қорлардың орташа жылдық құны 2005 жылы өткен 2004 жылмен салыстырғанда -366 мың тенгеге немесе -2 пайызға азайды. Алашақ қарыздары 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 9717,1 мың тенгеге немесе +185 пайызға өскендігінен, берешек қарыздары 2005 жылы өткекн 20004 жылмен салыстырғанда -40 пайызға кемігендігін көреміз. Қор қайтарымдылығы 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 0,65 тенгеге немесе +24 пайызға өсті. Қор сиымдылығы  керсінше 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда -0,08 тенгеге немесе -77 пайызға азайды. Кәсіпорынның пайдалылығы (рентабельділігі) 2005 жылы өткен 2004 жылмен салыстырғанда +2 пайызға өскендігін көреміз.

Жалпы технико-экономикалық көрсеткіштеріне қарап, біз кәсіпорынды табысты мекеме деп бағалауымызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

                   1.3    Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен есеп саяасты

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелеріүшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Мекеменің қаржылық жағдайы бухгалтерлік баланс бойынша және «Мекеме балансына қосымшасы» бойынша талданады. Талдаудың бұл кезеңінде мекеменің іс-әрекеті туралы, мүліктік құрамы, олардың қайнар көзі туралы және көрсеткіштер арасындағы байланыстар туралы алғашқы түсінік пайда болады.

Капитал жалпы кәсіпорында меншікті және заемды капиталдардың нәтижесінде пайда болады. Меншікті және заемды капиталдардың қаншалықты оптималды екендігі кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық тұрақтылығына байланысты.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы дегеніміз – ол кәсіпорынның ішкі ортадағы экономикалық саласының сипаттамасы.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы сол мекеменің бәсекелестікке қарсы тұру қабілетін анықтайды және мекеменің экономикалық көзқарасын бағалайды.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін міндетті түрде кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау керек.

 Кәсіпорынның каржы жағдайына  талдау жасау оның қаржылық  жағдайы мен қаржы тұрақтығын анықтап қана қоймай, болашақта мекеменің жұмысын жақсартуға бағыт береді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы дегеніміз – ол кәсіпорынның ішкі ортадағы экономикалық саласының сипаттамасы.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы сол мекеменің бәсекелестікке қарсы тұру қабілетін анықтайды және мекеменің экономикалық көзқарасын бағалайды.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін міндетті түрде кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау керек. Кәсіпорынның каржы жағдайына талдау жасау оның қаржылық жағдайы мен қаржы тұрақтығын анықтап қана қоймай, болашақта мекеменің жұмысын жақсартуға бағыт береді.

«Римет» ЖШС капитал көздерінің динамикасы мен құрылымы

2-кесте

Капитал

Көздері

 

Қолма-қол қаражат

(мың тенге)

Ауытқу

(+,-)

Қаражат құрлымы %

2003ж

2004ж

2005ж

(2003-2004)

(2004-2005)

2003ж

2004ж

2005ж

Меншікті

Капитал

45192

50470

51200

+3276

+1700

100

100

100

Жиыны:

45192

50470

53455

+5278

+2985

100

100

100


 

Көрсетілген кесте бойынша, «Римет» ЖШС-де  капиталдың негізі көзі болып меншікті капиталдар табылады.,ал заемды капиталдар мен кәсіпорында пайдаланбайды. Меншікті капиталдар 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 5278 мың тенгеге көбейсе, ал 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда  2985 мың тенгеге өсті.

Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік нұсқауларда басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдісткрі, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлерінің біліктілігіне қарап нақтыланған.

Есеп саясаты Қазақстан Республикасының Президентінің 26.12. 1996 жылғы  бұйрығы бойынша жүзеге асуда (ҚР заңдарына қосылған өзгерістер мен қосымшалар 11.07.97ж. №154-1 және 16.07.1999ж. № 436-1).Оның қалыптасу жолында бухгалтерлік есептің Қазақстандық Стандарттары, олардың әдістемелік нұсқаулары және басқа да бухгалтерлік есептің жүргізілуін реттейтін нормативтік құжаттар негіз болады.

Есептік саясат – бұл кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, басқаша айтқанда  бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

Кезкелген шаруашылық жүргізу сияқты «Римет» ЖШС –де  өзінің есеп саясаты бар.Ол кәсіпорынның есеп саясатында бухгалтерия заңдары, міндеттері, бухгалтерияның құрылымы  және бухгалтерлік есепті жүргізудің әдістері көрсетілген:

  1. жалпы заңдары

а) бухгалтерия өзінше жеке бөлімше болып табылады және бас бухгалтерге бағынады;

б) Бухгалтерия өз саласын «ҚР бухгалтерлік есеп туралы заңына» және №24 БЕС жүргізеді;

в) Басқарушы бухгалтерияның барлық жұмыстарына мүмкіндік тудыруы керек;

2. Бухгалтерия құрылымы.

а) бухгалтерия есебінің құрамына келесі топ есептері кіреді:

-негізгі құралдар және материалды  емес активтер есебі;

-қаржылық капитал есебі;

-өндіріс шығындарының және өнімнің  өзіндік құн есебі;

-персоналдармен есеп айрысу;

-дайын өнім есебі.

Бухгалтердің жұмысының сапасын бағалау кезіндегі бухгалтерге қойылатын талаптар:

  • нарықтық қатынастар кезіндегі бухгалтерлік есепті жүргізудің жаңа әдістерін білуі;
  • типтік шоттар жоспарын және бухгалтерлік есептің корреспонденциясын білуі;
  • Құжаттардың толтырылу тәртібін және олардың бухгалтерлік есеп жүйесіне әсер етуін білуі;
  • Кәсіпорынның шаруашылық-саласының қаржылық талдауының экономикалық әдістерін білуі т.б.

«Римет» ЖШС-гі бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда, шаруашылық операцияларын орныдаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.

«Римет» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Егер де кәсіпорынның дербес бухгалтерлік қызметі болмаса, онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім-шарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.

«Римет» ЖШС-нің есеп саясатына байланысты бухгалтерлік есебі келесі жүйе бойынша жүргізіледі:

1. «Римет» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық операцияларын тіркеу және жинақтау үшін Бас Жоспар шотына сәйкес өндеген Жұмыстық жоспар шоты қолданады.

2. БЕС-1 «Есептеу саясаты және оны ашу» есептеу саясатын  қалыптастыру келесі 12 принцип: есептеу, үздіксіздік, түсініктілік, маңыздылық, бейтараптық, сақтық көрсету, аяқталғандық, кезектестік, шыншылдық және алаламайтын көріністілік арқылы жүзеге асады.

3. БЕС-2 «Бухгалтерлік баланс» толығымен қабылданады.

4. БЕС-3 «Қаржылық іс-әрекеттің қорытынды есебі».

5. БЕС-5 «Кіріс»

 

 

 

2.  ҚАРЖЫЛЫҚ  ЕСЕПТІ ҚҰРУ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ 

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Қаржылық есепке сипаттама және оның

ақпараттарын пайдаланушылар

     Есеп  беру деп  кәсіпорынның өткен кезендегі  қаржылық – шаруашылық қызметін кешенді турде сипаттаитын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

    Қаржылық есеп берудің  мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның  қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы  ақпараттарды  беру болып табылады. Қаржылық есеп берудін пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар  еңбеккерлер,сондай-ақ мемлекеттік органдар, тағы басқалары кіреді.

    Қаржылық есеп  беру басқарушы органдардың жұмысын  және субъектің ресурстарын,міндеттемелерін  және ақша қаражаттарынның болашақтағы  ағындарын  бағалауға, несие беру  бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

    Есеп беру мәліметтерін  кәсіпорынның тиімділігің  бағалау  үшін сондай-ақ шаруашылық қызмтін  талдау үшін сыртқы пайдаланушылар  пайдаланады. Осымен  қоса есеп  беру  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметін жедел басқару үшін қажет  және ол болашақ кезендерді  жоспарлау мен  болжау басты база болып табылады. Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар кәсіпорынның нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірінен қатаң турде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық  есеп берудін сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады. Бұрмаланған  есеп  бергені ушін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтрі Қазақстан Респупликасының әрекет етіп тұрған заңдарыңа сәйкес жауап жауап береді. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып: 

     Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес жөнелтілген жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлеу нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған  кезден басап танылады. 

     Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетрлік болашақта пайда болуын да  мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға тусінікті болуы тиіс.

Маңыздылығы. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы   тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылдаған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік.Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімлер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстау: Есеп беру негізінен оның мәліметтердің көрсеткіштерінен құрылады, егерде онда мәнді қателер немесе куні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәлімуттерді ұсынуы тиіс.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар куні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық денгейін сақтаған жөн, белгісіз ждғдайда активтер мен табыстын, сондай ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалауына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпарпттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында оңдағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үщін бір есептік кезеңі енінші біре септіккезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің  қаржылық есеп беруің, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мумкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демекұабылдаңған шешімдердің жуйелілігін сақтау мумкіңдігі артады

Есеп беруге қойылатын ең басты талап- оның тазалығы болып табылады, яғни акционерлер мен  инвесторларға есеп берудің мәліметі тусінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны  жөн. Кәсіпорынның есепберуі бухгалтерлік, статистикалық және жедел болып бөлінеді. Жедел – статистикалық есеп беру  кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел –статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметің бастпақы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған  деректерден жасалады. Қандай кезкең үшін берілгендігіне қарай есеп шуғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық есебін қалыптастырудағы бухгалтерлік есеп және аудит