Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2014 в 18:46, дипломная работа
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр.Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүргізеді.Сонғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларды дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді
КІРІСПЕ 3
1.КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ ЖАЛРЫ СИПАТТАМА
1.1 «Римет» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы 6
1.2 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері 7
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен есеп саясаты 9
2.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҚҰРУ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қаржылық есепке сипаттама және оның ақпараттарын
пайдаланушылар 13
2.2 Қаржылық есепті жасауды ұйымдастыру 20
2.3 Қаржылық есепті жасау негізі 27
2.4 Қаржылық есеп құрамы мен элементтері 32
2.5 Қаржылық есеп құрудың аудитін ұйымдастыру 37
2.6. Шетелдерде қаржылық есеп жүргізу ерекшелігі 39
3. «РИМЕТ» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚҰРУ
3.1 Қаржылық есеп берудің маңызы мен сипаты 42
3.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және
басқа да дайындық жұмыстары 44
3.3 Кәсіпорында қаржылық есепті жасау 49
3.4. Кәсіпорында қаржылық есепті жасаудың талдауы 52
4.КӘСІПОРЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҚҰРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ
ШАРАЛАРЫ
4.1 Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау ерекшелігі 54
4.2. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау 59 ҚОРТЫНДЫ 63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Балансты және басқа да барілген есептерді уақытында, әрі сапалы жасау ушін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басақа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Есеп беру жөніндудегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинқталады. Жасалган баланстқық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің ділдігің қамтамасыз ету ушін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстық сабақтастығын есепті кезеңнін басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңін осы баптағы дректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі.
№2'' Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету '' (2БЭС) ''Қаржылық –шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру ''(3 БЭС) '' Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру''( 4БЭС) арқылы жүзеге асады.
Жылдық есептік меншік иелерінде қатысушыларында, құрылтайшыларында немесе құрылтай құжаттарында, көрсетілген мәліметтер бойынша тиісті органдарға салық инспекциясына жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Тараптары бойынша кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар, жалпы белгіленгн тәртіпке біріккен есебін де береді.
Кәсіпорындар, егер Қазақстан Репупликасының заңдарында басқадай ерекшелігі ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті, есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорын иелері қатысушылары, құрылтайшылары белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажеті ақпараттарын нақты берген куні есептеледі, ол басқа қаладағы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі. Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлікпен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мудделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық. Бухгалтерлік сеепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейіңгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.
Бухгалтерлік қорытынды есеп берудің мақсаты бұл есепті пайдаланушылырға кәсіпорынның мулкі мен қаржылық жағдайы және олардың қозғалысы туралы, сондай-ақ кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы және олардың қозғалысы уралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінін қаржылық нәтижелері туралы әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кәсіпорынның бухгалтерік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушылардың барлығы бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сәйкес ілгеріде айтып өткеніміздей уш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа осы ұйымда қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатады. Оларды осы шаруашылықтық экономикалық тұрақ тылығы мен табыстылығы туралы ақпраттар қызықтырады. Сонымен қатар олар өздерінің орындарының сақталуы, сондайөақ уақытымен еңбек ақы және басқа да жәрдемақы, сыйақы алуы ушін мүдделі болып табылады.Қатаң бәсеке шартында кез келген кәсіпорынның өміршендігі оның басшылығының 2 негізгі міндетті, яғни пайдалы жұмыстың табыстылығы мен активтердің өнімділігін қамтамасыз етуді қаншалықты үздік шешуіне байланысты. Қолда бар капиталды сақтап және жаңасын арқылы кәсіпорынның жеткілікті пайда табу мүмкіндігі табыстылық (рентабельділік) болып саналады. Кредиторлар алдындығы қарыздарын өтеуі үшін ұйымның жеткілікті турде ақшаларының және басқа да қорларының болуы, ол кәсіпорын активтерінің өтімділігін білдіреді.
Екінші топты –осы ұйымда жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей ынталылар, мүдделілер құрайды. Бүл топқа кәсіпорынның инвесторларын, немесе беруші банк және басқа да мекемелерін, жабдықтаушы мердігерлерін және басқаларды жатқызуға болады. Инвесторларды олардың салынған капиталының табыстылығы қызықтырып және сонымен қатар алдағы уақытта осы ұйым үшін қолайсыз жағдайлардан болатын қатер жайлы ақпараттар алаңдатады. Бұл ақпараттар оларға қай кезде кәсіпорынның акцияларды сатып алуға, ұстап отыруға немесе сатуға болатындығын біліп, шешәм қабылдау үшін қажет. Несие берушілерді ұйымға берілген төлемді уақытымен қайтарып алу мүмкіншіліші және одан түсетін тиесілі процентті алу мүмкіндігі туралы ақпараттар қызықтырада.
Үшінші топқа-кәсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделілерге қор биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жузеге асырумен органдар және басқа да загңды тұлғалар жатады. Олар ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану арқылы елдегі адамдардың орташа еңбекақысын және басқа да статистикалық көрсеткіштерді есептеп отырады. Осыларды ескере келсек, кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері тек қана бір кәсіпорынның экономикасн көтеру үшін ғана еме,сонымен қатар елдің және сол елдегі халықтықң әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезендегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәлімметтерді қажет, етеді мысалға:
Инвесторлар-жасалған инвестициялық тәүкекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін, кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігі анықтауүшін; кәсіпорынның келешектегі кутілетін дивиденттерді төлеу қабілеттілігін анықтау ушін; қажет ақпаратты талап етед;
Кредитор- алған қарызын және төленетін пайзын өтеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді.
Жабдықтушылар- кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
Сатып алушы- кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
Қызметкерлер –кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысынжәне басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер –тұрақты түрде дивидент алып тұруын көздейді;
Мемлекеттік органдар- кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі,өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;
Жұртшылық-жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатты жасауға, несиелеу саяси дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі мүдде бойынша пайдаланылуы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сайкелуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. сондықттан оладдың негізгі талабы кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпрааттар оларды қанағаттандырыуы тиіс
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады. жалпы алғанда,пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүдделі болып келеді. Қаржылық есеп беру өзара байланыты,өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір усеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ол оны сол немесе басқаша куйінде шаруашылық жургізуші субъект пайдаланады.
2.2. Қаржылық есепті жасауды ұйымдастыру.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының
құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі
болған барлық өзгерістерді,шаруашылық
процестерін жәе олардың нәтйжесінтолықжәне
дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп
мәліметі қолда бар нақты шаруашылық құжаттарына
және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі
тиіс,бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері
шын мәліметтермен үйлесе бермейді,яғни
олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін.Аталған
алшақтық табиғи азаюдың,тасымалдаудың,қайта
сортталудыңнәтижесінде,
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді,және ол есеп айырысуды дәлдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу (немесе түгелдеу) деп атаймыз.
Түгендеу -бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі,ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы материалдық құндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың,нақты қолда барын тексеруін және олардың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне, қызмет, қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан,оны барлық кәсіпорын жургізеді.Ол құжаттаудың міндеті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара болып.
Толық түгендеу әдетте,
жылына бір рет жылдық есеп
берүдің алдында жасалады, оның
мақсаты кәсіпорынның барлық
активтерімен пассивтерін
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:
жоспарлы–алдын
ала белгіленген мерзімде, қойған
мақсатынажәне мүмкіндігіне
кезектен тыс-бұл
кәсіпорын басшысынын
Кәсіпорын басшысы
түгендеу жұмыстарын жүргізу
тәртібін белгілейді. Оның ішінде
түгендеу комиссиясының
Түгендеу жұмыстарын
жүргізу үшін әрбір
Түгендеу комиссиясының
істейтін жұмыстары сақтау
Түгендеу комиссияларының мүшелері кем шыққандарды және талдан-таражға түскендерді, бүркемелеу мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе артық шықан тауарлар, материалдар және басақ да құндылықтар туралы жазбаға біле тұра дұрыс еммес деректерді енгізбегені үшін Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
Мүліктің қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін немесе материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.
Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үші ішінара бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссияның мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.
Екі түгендае аралығындағы кезеңде құндылықтардың номенклатурасы бойынша үлкен кәсіпорындардың сақтау және қайта өңдеу жұмыстары іріктеу әдісімен тексеріледі.
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның деректері бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырылып, олардың арасындағы айырмашылықтары (ауытқулары) көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитеті бекіткен бірінші реттегі толтыратын есеп құжаттарының мынандай үлгілері қолданылады.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті жалға бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.
Түгендеу қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық құндылықтарды бірден санап, жазбаға мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге солардың тұрған орындарында сақталады.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық есебін қалыптастырудағы бухгалтерлік есеп және аудит