Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 21:11, реферат

Краткое описание

Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін еспке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-есеп-айырысу-есебінің-дұрыс-жүргізілуін-және-ұйымдастырылуы.doc

— 549.00 Кб (Скачать документ)

-    кез  келген мемлекеттік пайдаланушылардан  алынатын айыппұл мен өсімдер;

-     контракті қызметіне жатпайтын  басқа да шығындары.

 

     2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу

Кәсіпорын өз өндірісінің  тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске  қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды  жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім-шартқа отырады.

Демек, кәсіпорын  жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 671 "Төлеуге шоттар" шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (аддын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 671-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша-есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

Өнім жеткізушілермен  есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Келіп түскен шот-фактураларды алдымен "Келіп түскен жүктер есебі журналына" тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс қүжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы корлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың деректерін 671 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдықтау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне қарай жазып отырады. "Ескерту" бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцепттелген шот-фактурасы ғана жазылады.

Есеп журналы  бойынша тіркеу нөмірін көрсете  отырып, түскен жүктердің акцептелген  шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді (журнал төменде келтіріліп отыр).

Бірінші кезеңде  журналға акцептелген шот-фактура  және басқа да есеп айырысу құжаттары  келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларының (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының    шот-фактурасын    жергілікті    жабдықтау-шыдан немесе станциядан  (айлақтан)  өзге  қалалардан  түскен  құндылықтарды  алу  үшін экспедиторға шот-фактураны береді.

Екінші кезенде  журналға қоймадан бухгалтерияға келіп  түскен құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлі-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік немесе келісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.

Кіріс құжаттары  мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар  санына сәйкес келуі тиіс. Егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 671-шоттың кредитінен 334-шоттың дебетіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін, яғни төлем құжаттарын акцептеуге дейін анықтайтын болса, онда оның сомасына тиісті есеп-айырысу төлем құжаттарында акцепті азайтады.

Сондай-ақ журналда жұмыстар мен қызметтер (негізгі  құрал-жабдықтарды жөндеу, жүктерді тасымалдау, су, электр энергиясы) берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша операциялар да көрсетіледі. Жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін берілген шот-фактура мәліметтері журналға жазьшған кезде, оның не үшін берілгені көрсетіледі.

Үшінші кезеңде  журнадда шот-фактурасының төленгені  көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа да шоттар бойынша үзінділері (көшірмелері) бойынша расталады.

Айдың аяғында  журналдың жиынтығы есептелінеді жөне төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.

Журналдың қорытындысы  төрт қатар бойынша шығарылады; ай ішіндегі жиынтығы, айдың басындағы, жол үстіндегі материалдар шегеріліп тасталынады; айдың аяғындағы жол үстіндегі материалдар және журнал бойынша барлығы ретретімен көрініс табады.

Кез келген кәсіпорын  үзіліссіз және ырғақты жұмыс  істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық-қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісім-шарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

Осы жоғарыда аталған  ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысуының есебі "Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу" деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. "Жабдықтаушы және мердігерлер мен есеп айырысу" деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша "Ақшалар" деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленген сомалар жазылады. "Жабдықтаушы және мердігерлер мен есеп айырысу" шоты бойынша есеп нөмірі 6-шы журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің әрбір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материаддық-құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-кесте

Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу шоты бойынша  жүргізілетін операциялар

Операциялардың  мазмұны

Дебиттеле-тін  шот

Кредиттеле-тін  шот

1

2

3

4

 

 

 

1

Келіп     түскен     тауарлық-материалдық қорлар үшін, жабдықтаушы мердігерлердің шот-фактурасы акцептелді:

 

-  сатып алу  құнына:

- сатып  алынған   тауарларға  есептелген (жүмыс, қызмет) қосылған құн салығының сомасына

 

 

 

201-208,222 331

 

 

 

671

671

 

 

2

Жабдықтаушы    мердігерлердің    шоттары акцептелді:

- материалдарды  жеткізу және өңдеу                                                                    қызметтерінің құнына;

-   қосылған  құн салығының құнына

 

 

201-208,222,331 331

 

 

 

671

671

 

3

Орындалған   құрлыс-монтаж   жұмыстары үшін   мердігерлердің  талап   еткен   шот-тарына: жұмыстың құнына;

              қосылған құн салығы сомасына.

 

 

126

331

 

 

671

671

 

 

 

4

Тасымалдау   ұйымдарының   өнім сату бойынша  көрсеткен қызметі үшін талап   еткен  шоты(егер тасымалдауға байланысты        көрсетілетін     қызмет, келісімшартта   өнім   берушінің   есебінен болған жағдайда):

-   көрсетілген  қызмет құнына;

-   қосылған  құн салығы сомасына.

 

 

 

 

 

 

811

331

 

 

 

 

 

 

671

671

 

 

 

 

5

 

Жабдықтаушылар    мен    мердігерлердің, орындалған   жүмысқа,   көрсетілген   қыз-метке, оның ішінде, негізгі және қосалқы өндіріс цехтары, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық қажеттері үшін беріл-ген электроэнергиялары, булары, газдары, сулары және байланыс қызметтері үшін талап еткен шоттары:

-   жұмыстың  және қызметтің құнына;

-   қосылған  құн салығы сомасына.

 

 

 

 

901, 911,

921, 934

 

 

821 т/б

331

 

 

 

 

 

 

 

 

671

671


кестенің жалғасы

 

6

Жабдықтаушы   мердігерлерден   материал-дарды   қабылдаған   кезде   кем   шыққан (бүлінген)     және     бағасының     сәйкес келмеуіне, арифметикалық жіберген қатесі және т.б. (қосылған қүн салығы қоса) үшін қойылған шағым талап сомасына.

 

 

334

 

 

671

 

7

Жабдықтаушылардан келген шот-фактураға сәйкес бұрынғы  шот фактурасыз кіріске алынған  материалдардың құны сторно етіледі (қызыл сиямен).

 

201-208

 

671

 

 

 

8

-   Құны  төленген бірақ айдың аяғында  жолда қалған материаддардың  немесе қоюшылардың қоймасынан  әкетілмеген материалдардың құнына (бүл материал-дарды қоймаға кіріске  алмай-ақ);

-   келесі  айдың басында бұл сомалар қызыл жазумен жазылып шығарылып тасталады (сторно етіледі).

201-208

 

 

 

 

201-208

671

 

 

 

 

671

 

9

Мердігерлік әдіспен  жөндеу жүргізілген не-гізгі құралдардың:

-   жөндеу  құнына 

-   қосылған  құн салығы сомасына.

 

 

934

331

 

 

671

671

10

Жабдықтаушы-мердігерлердің шоттары төленгенде

671

441

11

Жабдықтаушы-мердігерлерге  алдын ала берілген аванс сомасы есептелді

671

351, 352


 

 

                        2.3. Басқа да кредиторлық борыштардың  есебі

Жалдық  міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі "жалдық міндеттеме" деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жылға алушы ұйымның негізгі құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табылады. Ал "Жалдық міндеттеме" деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық(аналитикалық) есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.

Төленуге  тиісті сыйақы есебі. Алынған несие, жалдық келісім-шарт және шығарылған бағалы қағаздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың (проценттердің) есебі "Төленуге тиісті сыйақы" деп аталатын шотта жүргізіледі.

Жинақтаушы  зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі. Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі "Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу" деп аталатын шотта жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сонда-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайдларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайда айыппұлдар салынуы мүмкін.

Жарналар белгілі  бір кәсіпорынның ережелерімен жарғыларымен және қолданылып жүрген зандарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік  актілерімен белгіленген еңбекақының  барлық түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға, материаддық көмек ретінде берілетін жәрдемақыларға зейнетақы қорына, сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау туралы нұсқауда белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.

Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен  қызметкерге есептелген еңбекақы сомасынан  салықтар сомасы есептелініп ұсталған дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% (он пайыз) мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-жұлдызынан кеш қалмауы керек. Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қоры – бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетақы жарналарын тарту және тартылған қаражаттарды инвестициялап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізітен заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің еңбекақысынан ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қалаған қорға салуына құқығы бар. Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру қырының Ұлттық банк мекемесі белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

10-кесте

Жинақтаушы  зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялардың  мазмұны

Дебеттелетін

шот

Кредиттелетін

шот

1

Жұмысшылар  мен қызметкерлерге есеп-телген еңбекақы сомасынан жинақтаушы зейнетақы  қорына ұсталған сомаға

 

681

 

686

2

Жинақтаушы  зейнетақы қорына есептел-ген сомалар  есеп айырысу шотынан аударылуы

 

686

 

441

Информация о работе Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі