Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 21:11, реферат

Краткое описание

Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін еспке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-есеп-айырысу-есебінің-дұрыс-жүргізілуін-және-ұйымдастырылуы.doc

— 549.00 Кб (Скачать документ)

кестенің жалғасы 

23

Есептелген  мүлік салығы сомасы

821

637

24

Есептелген  мүлік салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударыдды

637

441

25

Есептелген  көлік құралдарына салық сомасы

821

638

26

Есептелген  көлік құралдары салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударыдды

638

441


 

 

Жер салығы.

Бюджетке төленетін  жер салығының есебі 636 шотта көрініс  табады. Салық салу мақсатында барлық жер Қазақстан Республикасының  актілеріне сәйкес арналым мақсатына  және белгілі бір категорияға  жататындығына қарап қарастырылады.

 

5-кесте

                          Жер салығының категориялары

 

Салық салуға жататын, жердің категориясы

Салық салуға жатпайтын, жердің категориясы

Ауыл шаруашылығына  арналған жерлер

Айырықша қорғалатын табиғи аймақтар, сауықтыру, дем алатын, тарихи-мәдениетті мақсатқа арналған жерлер

Елді мекеннің жерлері

Орман қорлары

Өндіріс,  транспорт,  байланыс,  қорғаныс және   басқа   да   ауыл   шаруашылығына  арналмаған жерлері

Су қорлары

 

Жер қорлары


 

 

Жер салығы олардың  меншік құқын, тұрақты пайдалану құқын, уақытша тегін пайдалану құқын растайтын құжаттардың негізінде есептелінеді және әр жылдың 1-қаңтарына жердің сапасы бойынша есебі мен мемлекеттің үлесі бойынша мәліметін жер ресурстарын басқаратын өкілетті органдарға ұсынады.

 

 

 

 

 

6-кесте

                                         Жерге салынатын салық

 

Жер салығын  төлеушілер

Салық салына-тын  объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезені

Салық салынатын  жер объектілері бар занды  тұлға (заңмен қарасты-рылған,  кейбір жеке категория-ларын қоспағанда);

- меншік құқына;

- жерді тұрақты  пайдалану құқына; - жерді уақытша   пайдалану құқына

Жер төлемдері  және олардың көлемі, салық салуды анық-таудың базасы болып табы-лады

Салық мөлшер-лемесінің  база-сы жердің сапа-сына, бонитеті-не, жер төлем-дерінің арна-лымына тәуелді болып келеді

Календар- лық  жыл

Салық салынатын  жер объектілері бар жеке тұлға  (заңмен қарас-тырылған кейбір жеке категория-ларын  қоспағанда):

-меншік құқына;

-жерді тұрақты  пайдалану құқына;

-жерді уақытша  пайдалану құқына

     

 

Темір жол транспорттың ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте темір жол транспортын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер төлемдері, темір жол қарауына алынған жерлері, станциясы, вокзалы, жолдары салық салынатын объекті болып табылады.

Энергетика  мен электростанция жүйесін ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымның жұмысын ұйымдастыру объектілеріне берілген   жер   төлемдері,   электр   сымдарын   ұстап   тұратын   бағаналармен байланысты жер төлемдері, станциялары салық салынатын объекті болып табылады.

Қазба байлықты, газ бен мұнай өнімдерін тасмалдайтын кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру  үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымға берілген жер төлемдері, газ бен мұнай құбырларымен байланысты жер төлемдері, салық салынатын  объекті болып табылады.

Байланыс сферасының балансында түрған жер төлемдері  салық салынатын объектісі болып  табылады.

Жердің әрбір  төлеміне тиесілі салық мөлшерлемесін  пайдаланады.

Жер салығын  есептегенде 821 шоты дебеттеліп, 636 шоты кредиттеледі. Салықты төлеу салықтық кезеңнің 1-ші шілдесінен кешіктірмей тіркелген объектілер бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Ол кезде 636 шоты дебеттеліп, 441 шоты кредиттеледі.

Қөлік құралдарына салынатын салық.

Мемлекеттік есепте түрған меншік және меншікті сенімді  басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке түлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Көлік құраддарына  салынатын салық жыл сайын  төленеді және Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген кезінде  төлем жасалады және олар көлік қүралдары  қуааатының әр киловатттынан алынатын айлық есептеу көрсеткіші бойынша алынады.

7-кесте

                                Көлік құралдарына салынатын  салық

 

Көлік құралдарына  салына-тын салықты төлеушілер

Салық салынатын  объектісі

Салық

мөлшерлемесі

Салық кезеңі

Меншігінде  және шаруа-шылығын жүргізуіне неме-се оперативті басқаруына алған (заңмен қарастырыл-ған, кейбір жеке категория-ларын қоспағанда) салық салынатын объектілері бар, заңды тұлғалар

Салық салынатын  объектісіне көлік (транспорт) құрал-дары жатады, тек мемлекеттік тір-кеуге жататын тір-кемелерін және өкілетті органдар-да есепте тұратын-дарын қоспағанда

Салық Кодексі  белгілеген айлық есептік көрсет-кіштің негізінде есептелген түзету коэффициенттері  мен салық мөл-шерлемесі көлік  түрлеріне, қүат-тылығына, двига-тельдің көлеміне, жүкті көтеру сый-ымдылығына, пайдалану мерзі-міне байланысты алынады.

Календар

лық жыл

Меншігінде  және шаруа-шылығын жүргізуіне неме-се оперативті басқаруына алған (заңмен қарастырыл-ған, кейбір жеке категория-ларын қоспағанда) салық салынатын объектілері бар, жеке тұлғалар


 

 

40 тонналық және  одан да жоғары жүк көтеретін  самосвалдар жэне арнайы жабдықталған  медициналық транспорттық құралдары  салық салу объектісі болып  табылмайды.

Көлік құралдарына  салынатын салықты есептеген  кезде 821 "Жалпы және әкімшілік шығыстарының" шоты дебеттеледі де жөне 638 "Бюджетпен басқа да есеп айырысулар" шотының "Көлік құраддарына салынатын салықтар" деп аталатын субшоты кредитттеледі.

Салықтардың барлық түрлері бюджетке аударылады, ол кезде 638 "Бюджетпен есеп айырысулар" шотының тиісті субшоттары дебеттеліп, және 441 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты кредиттеледі.

Мүлікке салынатын  салық. Бюджетке төленетін мүлік бойынша салынатын салықтың есебі 637 шотында көрініс табады. 

8-кесте

                                      Мүлікке салынатын салық

Мүлік салығын

төлеушілер

Салық   салынатын  объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

Заңды тұлға-ре-зиденттерінің  меншігінде салық салынатын объек-тілері (заңмен бегіленген кейбір

категориясынан  басқасы)

Салық салынатын объектісі негізгі құралдар (үй-пәтер қорларын қоса ал-ғанда) және мате-риалдық емес ак-тивтер болып сана-латындар жатады1. Заңды және жеке кәсіпкерлердің ба-лансында тұрған объектілердің бух-галтерлік есеп мәліметтері бой-ынша анықталған орташа жылдық қалдық құны

Салық салынатын  объ-ектінің жылдық орташа қүнынан 0,1% алынады коммерциялық емес ұйымдардан, өлеумет-тік сферадан, кітапхана  саласымен байланысты қызметтерден; мемле-кеттік ғылыми қадр-лерді аттестациялаудан, су қоймаларымен шұ-ғылданатын занды тұл-ғалардан, мемлекеттік бюджеттің есебінен қар-жылындырылатын ұйымдардан

Календар-лық  жыл

Заңды тұлға-резидент еместер-дің меншігінде салық салынатын  объектілері (заңмен белгіленген кей-бір  категориясы-нан басқасы)

Жеке кәсіпкер-лердің меншігін-дегі салық салы-натын объекті-лері

Салық салынатын  бъектінің жыддық орта-ша құнынан 1% мөл-шерінде алынады

Жеке тұлғалар-дың  меншігіндегі салық салынатын объектілері (заңмен белгілен-ген кейбір кате-гориясынан бас-қасы)

 

 

 

1

Салық   салынатын объектісіне,  кәсіп-керлердің    менші-гіндегі және  мен-шігінде емес    мү-ліктері жатады.

-үй-пәтер қорлары,   сая   жайы, гаражы т.б. 

- аяқталмаған  құ-рылыс  объектілері 

2

Салық мөлшерлемесін  салық салынатын объек-тінің құнына қарап, Салық Кодексі белгі-лейді

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

Жеке тұлға  үшін, әр жылдың басына анықталған объек-тінің  құны салық салынатын   объек-тісі болып табы-лады

   

 

Әрбір салық  төлеуші өздігінше есептейді, бірақ  ол кезде салық базасына тиесілі  салық мөлшерлемесін пайдаланылады. Есептелген салыққа 821 шоты дебеттеледі де, 637 шоты кредиттеледі. Салықты бюджетке төлеу сол объектілердің тұрған жерлері бойынша жасалынады.

Бонустар. Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шартта белгіленген мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шартарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол қою бонусы; коммерциялық табу бонусы.

Қол қою бонусы жер қойнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіпке сай келіміс-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелген (тұрақты) төлемі болып табылады. Қол қою бонустарының бастапқы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Өкілетті органдары белгілейді, немесе тендер өткізудің шарттары бойынша белгіленеді. Қол қою бонусының түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының (аумақтардың) экономикалық құндылығына қарай келісім-шарт негізінде белгіленеді. Қол қою бонусы төлеу мерзімі тараптардың келісім-шартымен немесе келісімімен белгіленеді, бірақ ол келісім-шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.

Коммерциялық  табу бонусы тіркелген төлем болып табылады және оны келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс табу үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейді Коммерциялық табу бонусы бұдан былайға өндіру процесі көзделмеген пайдалы қазбалардың кен орындарына барлауды жүргізуге арналған келісім-шарттары бойынша төленбейді. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Коммерциялық табу бонусының мөлшері салық салынатын объектісінің, төлем есептелінетін базасының және мөлшерлемесінің негізінде анықталады.

Роялти. Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарды роялти, әдетте, ақшалай түрде төлеу белгіленеді. Келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісім негізінде роялтиді төлеудің ақшалай түрі белгіленген мерзімде ақшалай түріне балама төлем жасауына, яғни заттай нысанында төлеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады.

Пайдалы қазбаларды жүзеге асырып жатқан және жер қойнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық төлеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіне, салық базасына және мөлшерлемесіне байланысты анықталады.

Роялти көмірқышқылы қалқап жүретін шкаласы бойынша  пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады:

-  контрактіде   қаралған   қызметінің  барлық    кезеңінде    өндірілетін көмірқышқылдық  көлемінен алынады;

- контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады.

Алтын, қолакүміс  тағы басқа қымбат металлдар мен  тастарды өндірген кезде роялтидің    тұрақты мөлшерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді.

Өнімді  бөлу туралы контрактісі. Бұл жерде мынадай шарттар қаралады:

- бөлуге жататын  өнімнің жалпы көлемі;

- Қазақстан      Республикасының      үлесі     және      жер      қойнауын пайдаланушылардың пайдалы  (табыс әкелетін) өнімін анықтау;

- пайдалы өнімді  бөлудің нысаны (ақшалай, заттай);

- контракті бойынша орындалған жұмысқа кеткен өтеу      үшін жер қойнауын пайдаланушыларға меншігі ретінде берілетін өнімнің үлесін анықтау;

- алынған үлестің  ақшалай эквивалентіне өнімінің  құнын және бағасын белгілеу;

Жер   қойнауын   пайдаланушылардың   үлесі   жалпы   өндірілген   қазба байлықтың 80 %-тен аспауы керек. Өтелетін шығынның құрамына:

- контракт күшіне  енгенге дейінгі жер қойнауын  пайдаланушылардың нақты жұмсаған  шығындары енеді, яғни: жобаның  техникалық-экономикалық негіздеу, әзірлеу, дайындау шығындары; осы жобамен байланысты іздестіру, бағалау, барлау жұмыстары.                                                               - контракг күшіне енгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушылардың жұмсаған шығындары жатқызыла бастайды,  бұл осы контракт мерзімінің аяқталған уақытына дейін созылады.

Компенсациондық өнімінң есебінен өтелмейтін шығындардың  қатарына:

-  жер қойнауын  пайдаланушылардың құқын алу  мақсатында конкурсқа қатысуы  үшін төленген жарнасы;

-  геологияық  ақпарттарды алуға кеткен шығындары;

- жер қойнауын  пайдаланушылардың компенсациясы  ретінде алған өнімді сатумен  байланысты шығыстары;

-  шаруашылық-қаржылық    қызметін    аудит    жасаумен    байланысты шығыстар;

-    экскурсияға  және саяхат жасауға кеткен  шығындары;

-    соттың ісін қарауыымен байланысты шығындары;

- қарыз қаражаттарын  пайдаланған үшін төленетін пайыздық  төлемдері;

Информация о работе Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі