Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 21:11, реферат

Краткое описание

Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін еспке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-есеп-айырысу-есебінің-дұрыс-жүргізілуін-және-ұйымдастырылуы.doc

— 549.00 Кб (Скачать документ)

Уақытша айырмашылық  мыналардың нәтижесінде пайда болады:

- бухгалтерлік  есеппен салық есебінде табыстар  мен шығындарды мойындау уақытын   белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан  (бухалтерлік есепте  — есептеу  принципі, ал салық есебінде — кассалық әдіс бойынша);

- бухгалтерлік   есеп   пен   салық   есебінде   амортизациялық   айырымды есептегенде  әр түрлі әдістерді қолданудан;

- негізгі құралдарды  бухгалтерлік есептен шығару  мен салықтық есепте оларды  есептен шығарудан болатын айырмашылықтан, тағы да басқалардан.

Бухгалтерлік  және салық есептерінің талаптарындағы өзгешеліктер нәтижесінде пайда  болған айырмашылықтар "Кейінге  қалдырылған корпоративтік табыс  салығы" деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге  қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі.

Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен  есеп айырысу 631 "Төлеуге жататын  ағымдағы табыс салығы" деген пассивтік шотында жүреді.

 

 

1-кесте

Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен  есеп айырысу

Корпоративтік табыс салығын төлеушілер

Салық салынатын  объектілері

 

Салық мөлшерлемесі

Салықтық кезең

1

2

3

4

Завды түлға, ҚР резиденттері

Салық салынатын  табыс

30%

Календар-лық  жыл

 

Төлем   көзінде  алынатын    та-бысқа   салына-тын  салықтар

15%

 

Заңды түлға, ҚР резиденттері, олар үшін жер өндірістің негізгі қүралы болып табылады

Салық салынатын  табыс

10%

Календар-лық  жыл

ҚР түрақты  үйымдар арқылы, қызметін жүзеге асыратын ре-зиденттер емес заңды түлғалар

Салық салынатын  табыс

30%

Календар-лық  жыл

 

Таза табыс

15%

 

ҚР-да төлем  көзінде табыс алатын рези-денттер  емес занды түлғалар

Төлем   көзінде  алынатын табысқа салынатын салықтар

15%- марапаттау  қатысу үлесінен   алынатын   та-быстар

10%-тәуекелділіктен  сақ-тандыру      келісім-шарты   бойынша   төленетін   сақ-тандыру   пайдасы 

5%-тәуекелділіктен  қайта сақтандыру келісім-шарты  бойынша төленетін   сақ-тандыру   пайдасы 

5% - халықаралық тасы-малдауда    транспорттық қызмет көрсетуден түс-кен табыс

20% - басқа да  табыстар

 

 

Корпоративтік табыс салығының салық салынатын  негізгі объектісі салық салынатын  табысы болып табылады, оның деңгейі  жыддық табыс жиынтығы мен шегерімнің (түрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы арқылы анықтайды:

Салық салынатын     =       Жылдық табыс     -        Шегерімдер  

                     табыс                           жиынтығы 

 

Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді (жүмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивидендтер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да занды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т.б. жатады.

Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығынан мыналарды шығарып тастау керек:

- дивидендтер,  ҚР заңды тұлға резиденттерінен  алынған бұрындары төлем көзінен  ұсталғандары;

- кәсіпорынның  меншігіндегі акциясының құны, олардың  номиналдық құнынан артқан деңгейі,  яғни эмитенттердің орналастыру кезінде және меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;

-  мемлекеттік  бағалы қағаздарды сатқаннан  түскен табыстары;

- әртүрлі апатты  төтенше жағдайына, душар болған  жағдайда, гуманитарлық көмек ретінде  алынған мүліктердің құны, егер де олар арналымы бойынша пайдаланылса;

- мемлекеттік  кәсіпорындардан тегін негізде  алынған негізгі құралдардың  құны;

-   зейнетақыны   қамтамасыз   ету  туралы   ҚР   заңына   сәйкес   алынған  инвестициондық табыстары.

Заңды тұлғалардың  жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және арнайы қорларға салынған шығындар.

Салық төлеушілердің  шегерімдерінің тиісті құжаттары бар  болса, яғни жылдық табыс жиынтығын  алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің жасалған салықтық кезеңінен шегеріледі, бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары қосылмайды.

Жылдық табыс  жиынтығынан келесі шегерімдер жасалады.

Қызмет  бабымен іс-сапарга кеткен шыгындары  және өкілеттік шыгыстары Қазақстан Республикасының Үкімет белгіленген нормалар шегінде шегеріледі:

- іс-сапарға  жіберілген жеріне дейін кеткен  нақты жолымен байланысты шығындары  (билеттің қүны), сондай-ақ броньға  жасалған шығындары жатады;

-  шетелдік  іс-сапарға жүрген   кезіндегі   мулік  шығындары  Қазақстан Республикасының үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.

Алынган сыйақы (мудде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйақы қатарына алынған несие (кредит, займ), мүліктер, дисконттар мен депозиттер жатады.

- несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса (немесе орналастырылса), онда     Қазақсан     Республикасының    Ұлттық     банкісі     бекіткен    қайта қаржыландырудың 1,5-ке еселенген ресми мөлшерелемесі бойынша шығарылған сомасы  шегінде   шегеріледі,   ал  ол  шетел   валютасында   берілген   (немесе орналастырылған) болса, онда ол Лондонның банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде шегерілуге тиіс.

 

 

 

 

 

  Жоғарыдағы шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы да шегерімге жатады:

 

        Заңды тұлға-                                                       Төлем көзінен ұсталынатын

      Резиденттеріне                 Төлеу көзінен                       табыс салығының

төлейтін, марапаттау            ұсталынған                         мөлшерлемесі (15%)

     және  шегерімге         =       марапаттау        х        ------------------------------------

жатқызуға болатын                   сомасы                       Корпоративтіксалығының

          сомасы                                                                      мөлшерлемесі (30%)

 

 

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондонның банкаралық рыногының депозиттерді, бағалы қағаз қарыздарды, мүліктерді, сондай-ақ несиені (қарызды) рәсімдеу кезіндегі мөлшерлемесі пайдаланады.

Келісім-шартқа сәйкес несие (қарыз) үшін марапаттау сомасын  есептеу кезінде қалқып жүретін  мөлшерлемесі және сол мәміленің (операцияның) нақты жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.

Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша  жасалатын шегерім. Егер де бұрындары күмәнді деп танылған табысты салық төлеуші кредиторға төлесе, онда оның сол төленген деңгейінде шегерім жасауға рұқсат етіледі.

Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы — негізінен Қазақстан Республикасының заң тұлғалары және жеке кәсіпкерлері көрсеткен қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға-резидент еместердің де және үш жылға дейін талабын қанағаттадырмаған кезде, немесе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес салық төлеуші-дебиторларды банкрот таныған жағдайда шығады.

Резервтік (провизиялық) қорларга аударымдар бойынша  шегеріс жасау. Өз қызметін зандарға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнына жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына (резервтік немесе провизиялық қорына) аударылған аударымдар сомасын шегеріп тастауға құқығы бар. Тап осындай құқықтар банктерге де, ұйымдарға да берілуі мүмкін, яғни олардың депозиттері, несиелері, (қаржылық лизингіні қоспағанда), дебиторлық қарыздары, аккредитивтері үшін жасалуы мүмкін. Бұл операцияларды күмәнді категориясына жатқызу тәртібін және жағдайын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бойынша анықтайды.

Ғылыми-зерттеу, жобалық және тәжірибе-канструкторлық жұмыстарына жасалган шыгындар бойынша  шегерім жасау. Негізгі құрал-жабдықтарды алу, оларды орнату және басқа күрделі сипаттағы шығындардан басқа, табыс алумен байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибеде-конструкторлық жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша ұстап қалуына болады. Аталған шығынды шегеруге жатқызу үшін жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актісі және басқа да құжаттар бойынша негізделуі керек.

Сақтандыру  жарналары (пайдасы) бойынша шыгыстарга шегеріс жасау. Жинақтау және қайтарым сипатындағы шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушылар төлеген сақтандыру жарнасын шегере алады. Бірақ сақтандыру қызметі Қаржы Министрлігінің қадағалануына болады. Банкі жүйесі де осы процесске қатысты болғандықтан, оларды календарлық, қосымша және төтенше жарнасын шегеріске жатқызуына құқысы бар.

Әлеуметтік  төлемдерге геологиялық зерттеулерге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсалган шыгыстар. Жер байлығын зерттеу, барлау, және пайдалы қазбаларды алуға даярлық жұмыстарына шыққан шығындар, бағалау, сақтау, жалпы әкімшілік шығындар және қол қойылған бонустарды, коммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығындарды қоса алғанда, жылдық табыс жиынтығынан амортизациялық аударым түрінде ұстап қалуға жатады және ол жеке топты құрайды, бірақ амортизациялық нормасының шегі 25 пайыз деңгейінен аспауы керек.

Геологиялық зерттеу  жұмыстары жасалған контракт аясынада жүзеге асады, ол кезде олардың:

-   пайдалы қазбаларды  сату кезінде алынған табыстары;

- жылдық табыс  жиынтығынан түзету ретінде алынып  тасталатын табыстар жеке көрсетіледі,  тасталған табыстары қосылмайды.

Теріс багамының айырмасы бойынша шегерім жасау салық төлеушінің оң бағамының айырмасы алатын табыс сомасымен шектеледі және осыған салық салынатын табыстың 50 пайыз деңгейін қосады, ал салық салынатын табыс өз кезегінде жылдық жиынтық табыспен салық төлеушінің бағамдық айырмасы бойынша шығыстар мен табыстарын қоспай алынған шегерім сомасының айырмасыннан шығады.

Ескерілмей  қалған теріс бағамының сомасы келесі салық кезеңінің шегеріміне жатқызылуы мүмкін. құрылысқа алынған кредиттер (занмдар) бойынша теріс бағамдық айырмасы құрылысты жүргізу кезеңінде төлем жасау барысында пайда болады, онда ол объектінің құнына қоса алынады.

Айыппұлдар  да, өсімдер де, олардың танылуына  қарап шегерімге жатқызылуы мүмкін, тек мемлекеттік бюджетке жататындардан  басқасы.

Салықтарды шегеріс  жасау. Бұл жерде мемлекеттік бюджетке есптелген шегіндегі төленген салық шегеруге жатады, яғни жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейінгі салықтар; Қазақстан Республикасының аумағында және сондай-ақ үстеме пайданың салықтары (яғни кәсіпорын рентабельді болған сайын, одан ұсталатын салықтың да деңгейі төмендейді). Сонымен қоса, өткен кезеңдер үшін ағымдағы салық кезеңінде төленген салықтар да шегерілуі тиіс.

Ағымдағы салықтық кезеңде өткен кезендер үшін төленген салық қай кезенде төленсе, сол  кезеңнің шегеріміне жатқызылады.

Тіркелген активтер бойынша шегеріс жасау. Тіркелген активтерге салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілген және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер жатады.

Негізгі құрал-жабдықтардың мынадай түрлеріне амортизациялық аударылымдар есептеленбейді: жер; өнім беретін малдар; мұражай құндылықтары; сәулет жэне өнер ескерткіштері; жалпы жұрт пайдалатын автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, скверлер; аяқталмаған күрделі құрылыс; фильм қорына жататын объектілер; бұрындары толығымен шегеріске жатқызылған негізгі құрал-жабдықтардың құны; инвестициялық жобалардың шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар.

Информация о работе Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі