Екінші-банктік нарықтарда банктік емес мекемелердің
(сақтандару,брокерлік,жинақ,сенімгерлік
компаниялар,зейнетақы қорлары және т.б.)
енуі арқылы.Сонғылары бүгінгі таңда банктермен
инвестициялық қызметте,ақпараттық кеңестік
қызмет көрсетуде,сонымен қатар,таза банктік
сфера депозиттік қарыз операцияларымен
барынша бәсекеге түсуде.Қазіргі жағдай
өзгерді.Банктер пайызды коньюктура жағдайына
байланысты белгіленетін ақша нарығының
сертификаттарын шығару рұқсатына қол
жеткізді.Банктік қызметті бейреттеу
активтік те,пассивтікте операцияларға
ықпалын тигізеді. Коммерциялық банктердің
активтік операциялары біршама өзгерістерге
ұшырады.Бүгінгі таңда олар жанама несиелеуден
(кепілге беру және векселдерді есепке
алу) фирмалармен кәсіпорындарды тікелей
несиелеуге толығымен көшті.Мұнда бағалы
қағаздарды пайдалану арқылы рәсімделетін
несиелік мәмілелер кең тараған,осының
арқасында несиелік міндеттемелер нарыққа
сатылуы мүмкін,ал несиелік мекемелер
тәуекелділерді белсендірек бөлшектеу
мүмкіндігіне ие болды.Бұл тенденция банктердің
өз несиелерін нарықтық бағалы қағаздарға
конвертациялау талпынысында нақтылай
көрініс табуда.
Коммерциялық банктер
өз активтерінің сапасына мұқиат
қарай бастады,өйткені активтер
сапасын дәл және уақытылы
бағалау банктер сенімділігінің
кепілі.Банктік операциялардың дамуында ерекше рольді ақпаратпен
комуникацияның қазіргі техникалық құралдары
атқарады.Банк ісі бұрын соңды болмаған
ақпаратты дер кезінде беру,оның тез өңделумен
мәліметтердің растылығына,экономикалық
жағдайды талдаумен ақша нарығының даму
перспективаларын дұрыс бағалауға байланысты
болып отыр.Қаржылық нарықтық қатысушылары
өз істерін жургізу үшін барынша көп ақпарат
қажет етуде.Сондықтан банк ісі ғылыми
техникалық ревалюцияның соңғы жетістіктерін
енгізіп комьпютерлік,техниканы енгізіп
өз операциялық қызыметтерін жүзеге асыруда.Банк
жүиесі дамуындағы маңызды құбылыс ретіндегі
несиелік мекемелердің көтерме операциялардан
бөлшек операцияға өтуін атап көрсетуге
болады,бұл олардың клиенттері шеңберінің
кеңейюіне әкеледі.Екінші дүниежүзілік
соғысқа деиін банктер сақтық танытып,тек
таңдаулы “ерекше сенімді” клиенттерге
ғана қызымет көрсететін,ал қазір ірі
банктер өз стратегиясын өзгертті олар
кәсіпкерліктің барлық сферасына белсенді
түрде араласумен қатар,шағын бизнестіде
қамти отырып,жаппай клиентураға,соның
ішінде тұрғындардың тұрмысы төмен топтарына
да бағдарлануда.Бұл қазіргі ірі банктің
келбетін оның саясатын өзгертеді.[17,186б]
Сондықтан кеиінгі
кезең нарықтық қатынастары дамыған
елдер экономикасындағы өндірістің
шоғырлануының жоғары деңгеймен сипатталады,бұл өз кезегіне банктік
капиталдың шоғырлануы мен орталықтануына,аталған
процестің жаңа формаларының пайда болуына,ел
ішіндегі және әлемдік қаржы нарықтарында
да күшті позитцияларға ие-банк алпауыттар
ең алдымен Жопония,Германия,КанадаАҚШ
пен араб әлемінде пайда болды,мұнда олардың
активтері 100млрдАҚШ долларынан көп соманы
құрайды.
Біз тек дамыған
нарықты экономикалы елдердегі
қазіргі несие жүйесін сипаттайтын
кейбір маңызды жағдайларға ғана
тоқталып өттік. Өз экономикасын
нарықтық жолға құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесі
дамуының мұндай тенденциялары ерекше
қызығушылық тудырады,себебі нарықтық
экономикаға өту өзіндік нарықтық несие
жүйесін құруды талап етеді.Республика
ушін шетелдік тәжірибені толығымен көшіру
орынды емес,өиткені оның экономикасы
нарыққа өтудің ең бастауында тұр,ал Батыс
болса,мұнда бұрыннан қызымет етуде.
Алайда бұл тәжірибеден
өтпелі кезең жағдайында қолданыс
табу мүмкін барлық позетивті
жайларды қабылдау қажет.
1.3.Несиелік қатынастарды құруда пайыздың экономикалық
мәні.
Несиелік қатынастарды
құруда пайыз несиенің негізгі
атрибуты ретінде несие бағасының
ироционалды формасы болады.Қарыз
пайызының абсалютті шамасы қарыз
алушының несиені пайдаланғаны
үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық
сома деп аталады.Форманың ироционалдығы
біріншіден,қарызға берілген құн ақшалай
формада бола отырып, тағы да ақшалай формада
екінші бағаны алғандай болады; екіншіден,
пайыз сомасы ретінде қарыз алушы төлейтін
сома оған бастапқыда қарызға берілген
құнның шамасына тең келмейді. Қарыз пайызы
тауар өндірісі негізінде пайда болды.
Тауар айырбасы жағдайында қоғам
пайызы пайдаланбаған кезең де
болды және тек қоғамдық дамудың
белгілі бір экономикалық жағдайы
белгілі бір сатысында несие үшін
төлем өндірістік қатынастардың ажырамас
бөлігі болды. Қарыз пайызы, демек, қоғамда
тұрақты ақша айналысы және ақша капиталының
қызмет етуі бар болған кезде пайда болды.
Қарыз пайызы үшін несиенің бар болуы
қажет.[6,134б]
Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық
категория ретінде тіркелетін тікелей
негіз болып табылады. Қарыз пайызының
мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық
принципімен пайдалану негізінде пайда
болатын экономикалық қатынастар ретінде
түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың
субъектілер – қарыз пайызын тиісінше
алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор
және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты
экономикалық қатынастар ерекше, оларды
несиелік қатынастармен араластыруға
болмайды.
Олардың айырмашылықтары
арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні
ашылады, айырмашылығы төмендегідей болып
келеді:
- қарызға берілген құнның және несие пайдаланғаны
үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының
сипаты;
- несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-
құқықтық айырмашылық;
- қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы
қозғалысының әр түрлі бастамасы;
- несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс
процесінің әр түрлі сатыларында пайда
болуы.
Бұл айырмашылықты толығырақ қарастырамыз.
- Егер несие – бұл қайтарымдылық негізінде
құнның қозғалысы болса,онда пайыздық соманың төленуі
құнның белгілі бір бөлігінің эквивалент
алмай берілуін сипаттайды. Несие пайдаланғаны
үшін төленген пайыз қайтарылмайды, оның
сомасы толығымен субъектіге көшеді, яғни
пайыздық соманы алушыға. Пайыздық соманы
төлеуге байланысты қатынастарда оның меншік
иесі өзгереді: алынған құнға иелік ету
құқығы қарыз алушыдан кредиторға өтеді,
ал несиелік қатынастар кезінде меншіктік
құқық өзгермейді, құн қарыз алушыға
тек уақытша пайдалануға беріледі және
белгілі бір мерзім өткеннен кейін өзінің заңды бастапқы орнына
қайтып келеді.
- Несие мен қарыз пайызы арасындағы экокномикалық
– құқықтық айырмашылық шарт бойынша
қарызалушы мен кредитор арасындағы екі
міндеттемеде көрсетілген: несиені қайтару
міндеттемесі және оны пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеттемесі. Кредитор
үшін қаражаттарды авансылау тән болса,
ал қарыз алушы үшін пайыз сомасын төлеу
құнның щеңбер айналымының аяқталғанын,
қаражаттардың белгілі бір сомасының
қарыз алушыдан кредиторға өткенін білдіреді.
- Несиеге және пайызға байланысты қатынастарға қозғалыстың
басталуы әр түрлі сияқты. Қарызға берілген
құнның қозғалысы кредитордан қарыз алушыға
қарай басталса, пайызды төлеу кері бағытта
– қарыз алушыдан кредиторға қарай жүреді.
Несиелік және пайызға қатысты қантынастарды
салыстырғанда қозғалыстағы құнның сапасы
жағынан басқа шамадағы айырмашылықтарын
көру маңызды. Несиенің аяқталу сатысы
– бұл құнның қайтарылуы болса, ал пайыз
– бұл қарызға өсімнің қозғалысы болады.
Кейде несие сомасының қайтарылуы және
қарыз пайызын төлеу, уақыт бойынша сәйкес келмейді. Қарыз алушы алдымен несиені қайтару мүмкін сонан соң оны пайдаланғаны үшін қарыз пайызын төлейді.Былай болуыда мүмкін,қарыз алушы несиені қайтаруға жағдайы келмей қарыз бойынша ұзартылған төлем орын алады.Бұл жағдайда алдымен қарыз пайыз төленеді,сонан соң жеткілікті
көз табылғанда қарыз өтеледі.
- Несие және пайыз бір бірінен олардың
ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында
пайда болатындығымен де ажыратылады.Егер
несие айырбас сферасында пайда болса
ал пайыз бөлу фазасында пайда болады.Егер несие қайта бөлу
категориясы ретінде болса,ал пайыз бөлу
категориясы ретінде болады.Қарыз пайыз
төлеудің көзі,пайда бөлігі болып табылатын
қосымша өнім.Демек,пайда және пайыз бірегей
бүтіннің бөлігі.Осыдан басқа жәйт келіп
шығады қарыз пайызы банк қызметінің нәтижесі емес,ол өзінің пайда болуы өндіріс сферасындағы жұмыскерлердің еңбегіне байланысты.[24,109б]
Қарыз
пайыз пайданың бөлігі түрінде
бола отырып одан оның мөлшерін
анықтайтын факторлар мен ерекшеленеді.Мысалы,егер
пайданың қалыптасуы жұмыскердің санына
және еңбек өнімділігіне байланысты болса,ал
төленетін қарыз пайызының шамасы-пайыздық
мөлшерлеме деңгейін және қарыз алушы
алған несиенің сомасына байланысты.Қарыз
пайызы өзіне тән ерекше белгілі бір белгілерді
білдіре отырып,пайдадан ғана өзгешеленбейді,сонымен
қатар басқа да экономикалық категориялардан,мысалы
бағадан да өзгешеленеді.
Бағалар тауар
айналысымен,айырбас пен тығыз
байланыста екені белгілі,оның
бөлу фазасында пайда болатын
қарыз пайызынан өзгешелігі,ол-қайта
бөлу категориясы болып табылады.Екінші
өзгешелігі мынада,тауар бағасы тауар
айналымы негізінде,ал пайыз-мүлдем басқа,несиенің
қозғалысы негізінде пайда болады.Алайда,несиемен
сауда жасау мүмкін.Несиелік мәміледе
саудалық себеп банк ісіндегі сауда-саттықпен(коммерциализация)
байланысты.
Осылайша,қарыз пайызының
мәніне талдау жүргізу-несиені
пайдаланғаны үшін пайыздық соманы
төлеуге қатысты пайда болатын
экономикалық қатынастар ретінде
келесі сипаттауға мүмкіндік
береді.Қарыз пайызы экономикалық
категория ретінде екі функцияны орындайды:үлестіру
және банктің несиелік потенциялын өсіру.Бірінші
қарыз пайызының үлестіру функциясы-барлық
құнның үлестіруімен емес,оның жаңадан
құрылған құнды білдіретін бөлігімен
байланысты.Пайыз арқылы үлестіру салалық
емес,жалпы шаруашылық сипатта.
Халық шаруашылығы
деңгейінде қарыз пайызын төлеу
ұлттық табысты бөлумен байланысты.Пайданың
бөлінуі пайызында қарыз пайызын
алушы және төлеушінің орындары
ауысуы мүмкін.Экономикалық қатынастардың
сол және сол тәрізді субъекті
бір мезгілде кредитор да,қарыз алушы
да болуы мүмкін,яғни пайыздық сомалардың
алушысы және төлеушісі ретінде жүре алады.Қарыз
пайызы арқылы пайданың үлестірілуі меншік
иесінің ауысуымен қатар жүреді.Жоғарыда
айтылып өткендей,пайданың бір бөлігі
өзінің иесінен кетіп, кредиторға өтеді.[24,111б]
Екінші функция
банктің кредитор ретіндегі несиелік
потенциялының ұлғаюымен және
сақталуымен байланысты.Банктің
несиелік потенциялының ұлғаюы-алынатын
пайыз бен төленетін пайыз
арасындағы айырмашылық есебіне
болады.
Кредитор мен
қарыз алушы арасындағы өзара
қатынаста қарыз пайызы пайыздық
мөлшерлеме түрінде болады.Қазіргі
уақытта қарыз сипатына және
ұзақтығына,несиелеу объектісіне,қарыз
алушының несиелік қабілетіне,несиелік
ресурстарға сұраныс пен ұсынысқа
байланысты пайыздық мөлшерлемелердің
көптеген түрлері бар.
Пайыздық мөлшерлеме
тұрақты және өзгермелі,номиналды
және нақтылы дисконтты болуы
мүмкін.
Тұрақты пайыздық
мөлшерлеме қарызды пайдаланудың
барлық мерзімі бойынша өзгеріссіз
қалады.
Өзгермелі пайыздық
мөлшерлеме несиелік ресурстарға
деген сұраныс пен ұсыныс арқылы
қалыптасатын ақша нарығының
жағдайына байланысты,сонымен қатар
экономикалық және қарыз алушыны
қаржыландыру жағдайында несиелік
немесе депозиттік шарттың барлық
әрекет ету мерзімі бойында банк арқылы
өзгертілуі мүмкін.Мөлшерлеменің өзгертілу
шарттары тараптардың өзара келісімімен
анықталады.Олар үнемі қайта қарастырады
және әдетте қарыз капиталы нарығындағы
қандай да бір қаржылық актив бойынша
пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты
ауысып отырады.[24,113б]
Номиналды пайыздық
мөлшерлеме екі факторға байланысты
қалыптасады:несиелік ресурстарға
деген сұраныс пен ұсыныстың
ара қатынасына және инфляция
қарқынына қарай.
Нақты пайыздық мөлшерлеме
есептеу жолымен табылады-номиналды
мөлшерлемеден инфляция қарқыны алынып
тасталынады.Кредитордың көз қарасы тұрғысынан
нақтылы пайызды мөлшерлеме табысының
көзі-несиелеу және инвестициямен байланысты
шығындардың орнын толтырудың негізі
болып табылады.Нақтылы пайыздық мөлшерлеме
мынандай құрамдас бөліктерден тұрады:ағымдық
шығындар(тартылған қаражаттар құны,әкімшілік
және заңды шығындар,төлем қабілетсіз
қарыз алушылардан келетін шығындар),салық,тәуекел
үшін төлем,пайда.
Экономикалық ғылымда
номиналдық және нақтылы пайыздық
мөлшерлемелер арасындағы өзара байланыс.И.Фишердің
формуласымен өрнектеледі,яғни
I=r+r.U+U, (1)
Мұнда:
I-несие(депозит)үшін номиналды пайыздық
мөлшерлеме;
r-несие (депозит)үшін
нақтылы пайыздық мөлшерлеме;
u-белгілі бір кезең(бір жыл)ішіндегі
инфляция деңгейі;
Бұл формулада[r.U+U] сомасы инфляциялық
шығынның орнын толтыру үшін нақты пайыздық
мөлшерлемеге қосылатын шама болып табылады.Бұл
шама инфляциялық сыйақы деп аталады.
Банктік тәжірибеде барлық пайыздық
мөлшерлемелер номиналды шамада белгіленеді.
Математикалық пайыздық мөлшерлеме қарызға
берілген құннан келетін табыстың осы
құнның шамасына қатынасы ретінде анықталады.Мысалы,1995ж
18 мамырда Ұлттық банк бекіткен пайыздарды
есептеу тәртібі жіне олардың Қазақстан
Республикасы банктерінде бухгалтерлік
есеп шоттарындағы орналастыру тәртібі
туралы Ережеге сәйкес пайыздарды есептеудің
келесі техникалары пайдаланылады: