Қазақстан Республикасындағы шетелдік несиелендіру тәжірибесінің қолдануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 14:16, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтың несиенің қандай да бір түріне деген қажеттілігіне банктік пайыз деңгейі мен ұсыну мерзімі бойынша несиелердің құрылымы тәуелді болады.Бұл жерде басты шарт болып қарыз алушы,оның несие қабілеттілігі ғана емес сонымен қатар оны қолданғаны үшін табыс әкелуі саналады.Жиынтық банктік табыстың өсу шарты ретінде несиелік тетік жүзеге асырудың осындай тәсілі тек Қазақстанның екінші деңгейлі банктері ғана емес,сонымен қатар шетел коммерциялық банктерінің қызмет ету тәжірибесінде несиелік тетікті ұймдастыру және жүзге асыруда бірінші орынға клиенттің несие қабілеттілігін бағалау мәселесін алға қояды.
Шынында да,банктің несиелік қоржынын қалыптасуынада несие қабілеттілікті бағалау несиені беруді ғана емес,ең бастысы оны қайтаруды қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе

I-Тарау Несиелік тетіктің теориялық негіздері.

1.1.Несиелік тетіктің мағынасы мен қызметтері.

1.2.Несиелік жуйенің қалыптасуы және оның қалаушы буындары.

1.3.Несиелік қатынастарды құруда пайыздың экономикалық мәні.

II-Тарау Несиелік саясат және несиелік тетіктің дамуы.

2.1.Банктердің несиелік саясаты және даму стратегиясы.

2.2.Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелендіру операциялары.

III-Тарау Қазақстан Республикасындағы шетелдік несиелендіру тәжірибесінің қолдануы.

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Несие саясаты.doc

— 525.00 Кб (Скачать документ)

        Осы бағыттардың  түсініктемесінің айрықша белгілерін мынадан көрсетті,қор теориясын жақтайтындар қоғамдық өнім құнын қайта құру үшін несие негізін мойындап отырсада,осы сатыдағы несие құн категорйясы ретінде өзінің мәнділігін көрсететін бір кезеңін ескермей отыр.

        Несие бүкіл  ұдайы өндіріс процесін қамтып отырған кезде қайта бөлу концепциясы ресурстары қайта бөлу және айырбас сатысымен шектеледі.Әдетте несиенің қайта бөлу концепциясы несие қатынастарын қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары мен банк қатынасы түрінде қарастырылады.Қор трактовкасын жақтаушылар зерттеудің негізі бағытында несиені экономикалық категория ретінде қарастыру қажеттілігіне сүйенеді.

         Несиені  қайта бөлу болжамын жақтаушылар  табыстау объектісі халықта және  банк шоттарында жиналған,сондай-ақ,айналымдағы  уақытша бос ақша қаражаттарынан  құрастырылады деп есептеуге  бейім.

         Несие теориясына  сәйкес,несие қозғалысының алғашқы  сатысы ретінде қаражат аккумуляциясы болып табылады.Қор теориясын жақтаушылар ссудаланған құнның орналастырылуын несиенің бастапқы қадамы ретінде қарастырады.[10,106б]

         М.М.Ямпольскидің  айтуынша экономиклық әдебиетте  бар несие анықтауларының сараптамасы бойынша,қайтарылатын ресурстарды ұсыну және осы міндеттерге орай туындаған өтеуге байланысты қатынастар ретінде қарастырылатын несиенің анықтамасы ең қолайлы болып табылады деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді деп есептейді.

Несие дегеніміз қарыз капиталының яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасы.Несие ақша капиталының қарызға айналуын және несие беруші мен қарыз алушы арасындағы қатынасты көрсетеді.Қазіргі кезде біздің экономикамыздың дамуына байланысты банктердің несиелендіру операциялары және несие түрлері кеңінен дамуда.Сол сияқты несие формалары және түрлері өзіндік мақсаттары мен қызметтерін атқаруда.

      Несие көптеген  түрлерге бөлініп әр қайсысы  жеке-жеке қызмет атқарады олар;

-Коммерциялық несие 

-Банктік несие

-Тұтыну несиесі

-Халықаралық несие

-Ипотекалық несие

-Мемлекеттік несие

Коммерциялық несие-бұл жеткізушінің алушыға ұсынған тауары нмесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызметін атқарады.Комерциялық несиенің құрылымы вексель-жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады.Ол вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді.Коммерциялық банктердің өзінің шектелген деңгейі бар.Біріншіден,ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген,яғни олардың әр қайсысы коммерциялық несиені тек өзіне  сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады.Екіншіден,коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал-жабдықтарды тұтынатын салаларға береді,бірақ керісінше емес.Мысалы,машина құрылыс кәсіпорынның иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады,ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере алмайды,өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал-жабдығы бола алмайды.

     Комерциялық несиенің  ерекшелігі қарыз келісімі аясы  тар мақсат емес,ол сатып алу-сату  келісіміне қосақталып жүреді.Қарыз  келісім тауарларын жеңілдетеді.[2,67б]

          Банктік несие-бұл банктердің,арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие.Банктік және коммерциялық нсиенің динамикасы әр түрлі.Банктік несие әмбебап болып келеді,өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады.Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес,оған өнеркәсіптік компаниялар,жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді.

         Банктер өз саясатын қайта  қарастыра отырып және несиенің  берілуі мен қызметтің басқа  түрлері арасындағы қолайлы арақатынасты  табуға тырысады.Осылайша несиелік  жүйенің негізін ірі банктер  құрайды,ал банктік несие өзінің  басымдық жағдайында қалады.

         Тұтыну несиесі-бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып тауарды сату және банктік тұтыну мақсатына қарыздар формада берілетін несие.Тұтыну несиесі негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде:автомобилдерді,электір тұрмыстық құралдарды,жиһаздарды және т.б.пайдаланылады.АҚШ-пен және Ұлыбританияның коммерциялық банктеріжеке тұлғаларға дербес несиелер беруді қолдана бастады.[6,109б]

         Дербес  несиелер-бұл жеке тұлғаларға  ақшалай формада берілетін банктік  қарыздар;екіншіден,бұл несиелер  нақтылы коммерциялық мәмілеге  бекітілген,сондықтан олар сатып  алынған тауарлар ушін төлемді  кейінге қалдыруға қарағанда  анағұрлым икемді болып келеді.Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен рөл атқарады,сондықтан ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды.Бұл реттеуді екіге бөлуге болады беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша.Беру сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолда,кей кезде тежейді.Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне несиелік шектеу әрекет таралады.Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға үй алуға және салуға берілуі мүмкін.Қазақстанда осы үшін мамандандырылған млекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттің бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін тұрғын үй құрылыс банкінде қарыз-жинақ шоттары ашылады.Қарыз жинақ шоттарын құрылысты бастауға,аяқталмаған құрылысты жалғастыруға жарналарды жинақтау мен,тұрғын үй сатып алуға және осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланылады.

           Халықаралық несие-валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер,жеке тұлғалар,кәсіпорындар,мемлекеттік мекемелер,сонымен қатар халықаралық

және аймақтық ұйымдар қатынасады.[8,205б]

            1993 жылы Халықаралық қайта құру  және даму банкімен 1993 жылы құрылымдық  реформалардың үкіметтік бағдарламасын  қолдауға бағытталған 180 млн АҚШ доллары сомасында медетті зайым бөлу туралы және Қазақстанның экономикалық қаржылық,әлеуметтік қорғау,денсаулық сақтау,ауыл шаруашылығы сияқты техникалық көмек бағытталған.Қысқа мерзімді бағдарламаның жетістікті орындалуы ХВҚ-ның 1996-1998 жылдары орта мерзімді бағдарламасы туралы келісім жасауға мүмкіндік берді.Ал халықаралық зайымдарды пайдалануды екінші деңгейдегі банктерде белсенді қолдануда.

             Ипотекалық несие –жылжымайтын мүліктерді жерді,тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.

             Мемлекеттік несие-азаматтарға және  заңды тұлғаларға қатысты қарыз  алушы немесе кредитор ретінде  мемлекет және жергілікті билік  органдары болатын несиелік қатынастар  жиынтығы.Мемлекеттік несиенің негізгі  форамсы-мемлекеттік зайымдар,сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер,тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады.Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және де басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады,бірақ іс жүзінде-бюджет тапшылығына байланысты шығарылады.Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп тұрады.[8,208б]

             Неселік теорияның негізіне сүйене  отырып несиенің функцияларын қарастырамыз.Экономикалық теорияда функция деп құндық категориялар мәнінің көрінісі түсіндіріледі.Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орындалады.Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе отырып орындайтын белгілі бір жұмыстың көрінісін сипаттайды.Екіншіден,несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру қажет:несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес,олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді.

             Үшіншіден,функция-бұл қатып қалған  емес,өзгермелі категория.

Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді.Төртіншіден,

функция несиенің біртұтас процес ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.Бұл функцияның жеке кредиторға немесе қарыз алушыға емес,жалпы несиелік қатынасқа жататындығымен түсіндіріледі;несиенің көрінуі,тек егер ол тең дәрежеде несиелік мәміленің екі қатынасушысына да қатысты болса ғана,оның функциясы ретінде анықталуы мүмкін.Несие арқылы ресурстардың қайта бөлінуін әр түрлі деңгейде қарастыруға болады.Несиелік қатынастардың субъектілер деңгейінде қарастыруға болады.Несиелік қатынастардың субъектілері деңгейінде құнның жеке шеңбер айналымында және айналымында тауарлық-материялдық құндылықтардың да ақшалай қаражаттардың да қайта бөлінуі жүреді.Халық шаруашылығы деңгейінде құнның жиынтық шеңбер айналымында оның қозғалысы несие арқылы жиынтық ұлттық табыстың қайта бөлінуіне ұласады.[18,87б]

             Несиенің тағытағы бір функциясы  ретінде нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы болып табылады.Тауар шаруашылығында нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған.Қарызға берілген құнды тауарлық-материялдық құндылықтар,қызметер,өзара талаптарды есептеуді аяқтау,аккредетивтер ашу,тұрғындардың тұтыну тауарларын алуы үшін шоттарды төлеуге пайдалану,қолма-қол ақшалай төлемдерді қысқартуға,ақша айналымының құрылымын жақсартуға,төлем айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді,осылайша айналыс шығындарын азайтады.Қазіргі тауар шаруашылығында қарызға берілген құнның шаруашылық айналымына ену ақшаның жалпылама орнын басу функциясын орындамайды,ал экономикалық айналымда олардың уақытша орнын басу функциясын орындайды.Қарыз алушының алған және шаруашылық,айналымына енген қарызға берілген құн ақшаға тән жұмысты орындай бастайды (тауарлық-материялдық құндылықтарды алу үшін жалақыны төлеу және т.б пайдалынылады.)                           

 

1.2.Несиелік жүйенің қалыптасуы  және оның қалаушы буындары.

 

Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан:біріншісі несие-есеп қатынастары,оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы:екінші-несие-қаржы  институттарының мекемелерінің жиынтығы.Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап,несиенің барлық формаларымен түрлерін қамтиды.Несие жүиесі несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып,оларды кәсіпорындарға,үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.

       Несие жүйесінің қызыметінен  несие қатынастары туындайды.Несие  қатынастарының мазмұнын несие  мекемелерінде әр түрлі субъектілердің  уақытша бос ақша капиталдарын  шоғырландырып және оларды белгілі  бір мерзімнен кеиін және белгілі  бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды.Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың,ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуымен төлемдері жүргізіліп,сондай-ақ әр түрлі несиелік,сақтандыру,делдалдық,инвестициялық,сенімділік,кеңес беру және сол сияқты көптеген операциялар өтеді.[24,121б]

    Несие жүиесінің маңызы мен  ел экономикасындағы рөлі біраз көрсеткіштермен;атап айтқанда:ақша салымдарының жалпы көлемімен,кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен,жиынтық төлем айналымымен және тағы басқа.сипатталады.Мысалы:әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге  және қоғамдық-экономикалық формация ның өзіне тән несие жүйесінің құрылымы болады.Мысалы:хх ғасырдың 20-жылдарынан 90-жылдардың бас жағына дейін КСРО-да жоспарлы орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң орталықтанған несие жүйесі құрылды.

    Несие қатынастарының  даму дәрежесі,несие мекемелерінің  көбеюі,өндіріс пен тұтыну салаларының  банк операцияларын пайдалануы  жөнінен дүниежүзіндегі дамыған  мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы  қатарда келеді.Оған дәлел,ол елде ақша капиталының орташа алғанда ¾ бөлігінің несие жүйесі арқылы өтуі.   

    Қазіргі кезде экономикасы  дамыған мемлекеттердің несие  жүйесінде көптеген өзгерістер  кездеседі.

   Біріншіден,банк  капиталының шоғырлануы мен орталықтануы  нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы:19-ғ аяғы 20-ғ басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады.Бұл ірі банктер қарыз капиталы нарығында үстемдік етеді.Олардың капиталының мөлшері ір іклиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып,нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті.Несие жүйесінде ірі банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізуімен ғана емес,сонымен қатар капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.

    Капиталды шоғырландыру  мен орталықтандырудың ашық және жасырын түрлері кездеседі.Біріншісіне ұсақ банктердің күйбреуі,олардың бір-бірімен қосылуы,бөлімшелерінің дамуы,ал екіншісіне корреспонденттік қатынастар  мен көп банктік жүйелердің дамуы жатады.Корреспонденттік қатынастар деген несие мекемелері арасындағы келісім бойынша жүргізілетін операциялар,олардың мақсаты-бір-бірінің тапсырмасы бойынша төлемдер мен есеп айырысуды жүзеге асыру.Кореспонденттік шоттар: Лора-олардікі Ностра-біздің қаржы деп бөлінеді.Оларда орасан зор сома жинақталады.[24,125б]

Мысалы,АҚШ-тағы барлық коммерциялық банктердің арасынан бірнеше ірі банктердің ресурстары  басқа банктердің ресурстарының сомасынан шапшаң өсуімен көзге түсуде.1960-1970жж-да 50 ірі комерциялық банктердің депозиттік сомасы 88,8млрд-тан 230,4 млрд доларға жетіп,яғни 2,5 есе өсті ал осы уақытта басқа комерциялық банктердің депозиттік сомасы 141,7 млрд-тан 255,1 млрд доларға жетіп,яғни тек 1,8 есе ғана өсті.1970 ж осы ірі банк-тер 13705 барлық коммерциялық банктердің депозиттік сомасының 47%-ін биледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шетелдік несиелендіру тәжірибесінің қолдануы