Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 17:01, курсовая работа

Краткое описание

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттердің орындалуын талап етеді:
 Нарықтық экономика жағдайындағы бюджетаралық қатынастардың мәні мен мазмұнын анықтау;
 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау жасау;
 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің жолдарын өңдеу.
Қурстық жұмысым кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бюджетаралық қатынас пен бюджет саясаты туралы түсінік
1.2 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамыту
1.3 Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі мен бюджеттік құрылымы
2.2 Қазақстан Республикасының бюджеттік процесін ұйымдастыру
2.3 Қазақстан Республикасының 2012-2013 жылдарға бюджетаралық қатынастарға талдау
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамытудағы өзекті мәселелер
3.2 Бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

1Финмен.docx

— 151.77 Кб (Скачать документ)

 

Кесте 5 - Қазақстан Республикасындағы жергілікті бюджеттің             салықтық түсімдерінің өсу қарқынының серпіні, (%)

 

Салық түрлері

2008/2009

2009/2010

2010/2011

2011/2012

Жека табыс салығы

112,8

120,5

105,6

124,8

Әлеуметтік салық

107,7

117,8

106,5

117,4

Мүлік салығы

116,8

111,2

116,1

118,2

Жер салығы

98,8

102,0

108,1

116,2

Көлік құралдарына салынатын салық

79,4

100,9

117,6

118,1

Бірыңғай жер салығы

94,3

99,5

93,6

99,5

Қосылған құн салығы

104,8

96,4

89,0

-

Акциздер

501,5

98,2

102,5

108,6

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер

1684,9

141,4

120,6

158,7

Кәсіби және кәсіпкерлік қызметтері үшін алымдар

56,2

128,0

121,7

118,4

Басқадай салықтар

329,6

128,7

147,9

263,7

Заңды мәні бар әрекеттерді жүргізгені үшін, лауазымды адамдармен немесе өкілдікті мемлекеттік органдармен құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

      -

159,9

119,8

88,0


 

5-кестеден көрініп тұрғандай бір ағымдағы жылмен келесі ағымдағы жылдың  жергілікті бюджетінің салықтық түсімдерін салыстырғанда бірыңғай жер салығы салыстырма ретінде алып отырған кезендерде үнемі төмен көрсеткіш көрсетуде. Ал, акциз салығы тіпті тұрақсыздықты көрсетеді, себебі акциз салығының жергілікті және республикалық бюджеттерге бөлінісуін арқасында деп түсінуге болады. Және де 2011 жылдан бастап қосылған  құнға салынатын салық тұтастай жергілікті бюджеттен республикалық бюджетке ауысып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстанда жергілікті басқару органдары өз деңгейінде салық салу бойынша өкілдікпен ие бола алмайды және бюджет табыстарына шектеулі әсер етеді, бұл дегеніміз жергілікті салықтық түсімдер арқылы әр кезде қарыздар бойынша төлемдерді қамтамасыз ете алмайды.

Жергілікті үстемақылар енгізу, салықтардың ставкаларын түрлендіру мүмкіндігі және осыған байланысты өзінің барлық табыстарының көлемі арқылы табыс бөлігін қалыптастыру бойынша нақты мүмкіндіктерді жергілікті бюджетке ұсыну жергілікті бюджеттің дербестігін ынталандырады және осыдан кейін ғана муниципалдық облигациялар сияқты қаржы құралдарын енгізу орынды болып табылады.

Қазақстандажергілікті бюджеттер бағалы қағаздар нарығына шықпастан бүрын ең алдымен бірқатар ұйымдастырушы-қаржылық шараларды іске асыру қажет. ¦сыныстар орталық және жергілікті басқару органдарының әрекеттеріне тікелей қатысты және ұсыныстарды жергілікті бюджетті нығайту үшін жүргізу қажет, оны жүргізгеннен соң жергілікті алыс -–берістерді тиімді дамыту төмендегілерге негізделеді:

1.үкіметтік деңгейде қаржы саласын  орталықсыздандыруға бағытталған  заңдарды қабылдау керек. Бұл  жергілікті әкімшіліктерге өзінің  табыстарын, оның ішінде жергілікті  қарыздарды ұлғайту үшін әр  түрлі құралдарды пайдалануға  рұқсат етеді.[12, 2]

2.Жергілікті басқару органдары  есептілік және өзінің жүмысының  «айқындылығын» қамтамасыз ету  бойынша міндеттемелерді сақтауы  тиіс. Халықпен теріс қарым-қатынас, бюджеттің «айқындылығының» жоқ  болуы ішінара шығындалуға және  жергілікті деңгейде сыбайлас  жемқорлықтың өсуіне және күдікті  мақсаттардың болцына алып келеді.

3. Жергілікті басқару органдарының  несиені өтеу қабілетінің рейтингін  тәуелсіз сараптауды бағалауды  алдын-ала жүогізу қажет.

4. Жергілікті басқару органдары  азаматтардың  өздері тұрып жатқан  аумақтардың дамуына жинақтарды  салуды ынталандыру үшін үгіт-насихат  жұмыстарын жүргізулері қажет.

Мемлекеттегі және аймақтардағы экономикалық және әлеуметтік үдерістердің  дамуындағы жергілікті бюджеттердің алатын орнын көру үшін жергілікті бюджеттердің жалпы ішкі өнімге қатынасын қарастыруымыз қажет.  4-кесте.

Егер, 2001 жылы жалпы ішкі өнімдегі жергілікті бюджеттердің үлес салмағы 12.1% болса,  2002-2009 жылдары бұл көрсеткіш 10,4%,  ал 2010 жылы 10, 6%-ды, 2011 жылы 10,3%-ды құрады.

Жалпы ішкі өнімді қайта бөлудегі жергілікті бюджеттердің рөлінің ұлғаюы жалпы мемлекетпен және аймақтардағы әлеуметтік-эконеомикалық үдерістерді дамытуға жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әсерін күшейтуді куәландырады. Жергілікті бюджеттердің қаражаттарын шоғырландыру  және пайдалану халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының, аймақтардың әлеуметтік және шаруашылық өмірін реттеудің негізгі қаржы құралы ретіндегі жергілікті бюджеттердің болуымен шартталатын әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпкерлік құрылымдар мүдделерімен байланысын ескеру керек.

Көрсетілген мәліметтер бюджет жүйесіндегі жергілікті бюджет рөлінің төмендеуі туралы қорытындыны растайды.

Қазіргі кезде жергілікті басқару деңгейіндегі бюджеттік қатынастар тұрақсыз қызмет етеді, үнемі өзгерістерге ұшырайды және бұл реттеуші қатынастардың нығаюына әкеледі. Сонымен, бюджеттік реформалар қаржылық ресурстарды бюджетаралық бөлу бойынша оңтайлы шешімдерді іздеуге бағытталады.

Жергілікті бюджеттерді атқаруды жетілдірудің негізгі бағыттарын қалыптастыру кезіндегі көптеген мәселелер бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша кірістік түсімдер және шығыстық функцияларды бөлу қағидаларына тіреледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

 

 

3.1 Нарықтық экономика  жағдайларында бюджетаралық қатынастарды  дамытудағы өзекті мәселелер

 

Мемлекеттік бюджеттің негізгі параметрлерін орта мерзімді болжауларға өту жүзеге асырылды, жергілікті атқарушы органдарға заңмен белгіленген деңгей шеңберінде шеттен алып пайдалануды жүзеге асыру құқы берілді.

Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру орталытар мен өңірлер мүдделерін теңгерімдеуге қол жеткізуге, мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейлерінің өңірлерді экономикалық дамытуда қызығушылығын арттыруға және жергілікті бюджеттерге тұрақты түсімдердің түсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бюджеттердің деңгейлері арасында кірістер мен шығыстарды бөлудің қазіргі қолданып жүрген жүйесі болып кеткен жүйелердің алдында бірнеше басымдылықтарға ие. Салықтың әр түрін ажыратпай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында кіріс көздерін нақты бөлуді қамтамасыз етеді және оларды пайдалану бағыттарына шеке қойылған. Жергілікті бюджеттерді теңгерімдеуге  жоғарғы бюджеттерден субвенция бөлу және төменгі бюджеттен бюджеттік алып тастауларды жүзеге асыру жолымен қол жеткізіледі.

Сонымен бірге, тез өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және жаңа функционалдық талаптарға үйрену қажеттілігіне сүйене отырып, мемлекеттік басқару жүйесін, оның жұмыс істеуінің құқықтық және қаржылық негіздерін одан әрі жетілдіруді талап етіледі.

Бүгінгі күнде төмендегі проблемалар негізгі болып саналады:

1. Жалпы алғанда мемлекеттік  басқару саласында мемлекеттік  функцияларды жүйелендіру мен  оңтайландыру аяқталмаған.

2. Мемлекеттік функцияларды бөлу  жүйесі мен мемлекеттік басқарудың  әр деңгейінің өкілеттігі жеткілікті  түрде тиісті заң актілеріне  бекітілмеген. Нәтижесінде мемлекеттік  органдардың функцияларын бақылауға  келмейтін кеңейтулер болады.

Экономикада нарықтық қайта құруларды тереңдету экономиканың жекелеген салалары мен қоғамның тіршілік етуін тікелей реттеуден мемлекеттің бұдан былай бас тартуы қажеттілігімен түсіндіріледі. Алайда, мемлекеттке тән емес және бәсекелестік секторына өткізуге жататын жекелеген функцияларды мемлекеттік органдар әлі де жүзеге асырып жатыр.

Сонымен қатар, өткен жылдары мемлекеттік басқару функциясының бөлігі бәсекелестік секторына өткен болатын. Кейбір функцияларды жүзеге асыру мемлекеттік тапсырыс негізіне ауыстырылған болатын. Тәжірибе көрсеткендей, бәсекелестік секторында жекелеген функциялар мен қызметтерді жүзеге асырудың тиімсіздігі олардың кейбіреуін мемлекеттік басқару саласына қайтаруды талап етеді.

Басымдылық дәрежелері бойынша мемлекеттік функцияларды нақты шектеу мен жүйелеудің болмауы негізгі мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру үшін басқарудың барлық деңгейіндегі мемлекеттік органдардың күшін шоғырландыруға және соған сәйкес олардың бірінші кезектегі бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз етуіне ықпал етпейді.

2. Мемлекеттік басқарудың орталық  және жергілікті деңгейлері арасында  функциялар мен өкілеттіктерге  нақты шектеулер қойылмаған, функцияларды  қайталаулар әлі сақталып отыр.

Мемлекеттік басқарудың жекелеген секторларында  «өкілеттіктің иерархиялық пирамидасы» - жүргізу мен жауапкершілік тақырыптарының қабаттасуы анықталып отыр. Қолайлы бағыттар бойынша жұмыс істейтін орталық мемлекеттік органдардың  аумақтық бөлімшелері мен мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары арасында функциялардың түйісуі де болады.

Жүргізу тақырыптарының қабаттасуы, функциялардың түйісуі жалпы алғанда  жауапкершілік және есеп беру мәселелерінде шайып кету мен ретсіздікке, бюджеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуына, мемлекет жүзеге асыратын функциялардың және олар ұсынатын қызметтердің сапасын төмендетуге әкеліп соғады.

Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері құзыретінде тұрған кейбір функциялар жергілікті мемлекеттік басқарудың төменгі звеносына (аудандық, ауылдық және кенттік деңгейде) бекітіліп берілген және бірлесіп жүргізу тақырыбына жатады. Жергілікті бюджеттердің міндетіне бірнеше қосымша шығындарды төлеу (әскерге шақырылғандарды қызмет орнына әкелу, шақыру пунктерінің материалдық-техникалық базасын нығайту) кіргізіледі.

Іс- тәжірибеде орталыққа бекітіліп берілген жекелеген мемлекеттік  функцияларды оларды жүзеге асыруға арналған қажетті қаржылық қаражатпен қамтамасыз етпей жергілікті мемлекеттік басқару органдарына берулер де орын алып отыр.

Жекелеген бақыла-қадағалау функциялары астанадан, ең жақсысы облыстық орталықтан жүзеге асырылады,  бұл  іскерлік белсенділік пен кәсіпкерлік ынтаның өсуіне кедергі болатын қосымша әкімшілік тосқауыл болады.

Жалпы мемлекеттік қызметтерді аумақтық деңгейде жүзеге асыруда жергілікті мемлекеттік басқарудың міндеттерінің өсуі өткен жылдары басталған, орталықтың  берген жекелеген функциялар мен өкілеттіктері процестерін жалғастыру қажеттілігімен, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейін аумақтық дамытудың көпшілік мәселелерін шешудегі жауапкершілікпен түсіндіріледі.

Сонымен бірге, кейінгі жылдардың тәжірибесі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жекелеген функцияларды жүзеге асыруының тиімсіздігін көрсетті, бұл олардың ішіндегі кейбіреуін қайта қарап, мемлекеттік басқарудың орталық деңгейіне өткізуді талап етеді.

Жергілікті мемлекеттік басқарудың деңгейлері бойынша жүргізу тақырыбы мен өкілеттіктерді шектеу қолданыстағы заңдармен жалпы шекте анықталған және нақты белгіленген.

«Қала –аудан» деңгейінде өкілеттіктерді бөлу нәтижесінде біртекті және тұрақты сипатқа ие болмады, олар облыстық өкіметтердің қарауына жіберіледі.

Бүгінгі күнде өкіметтің жергілікті органдарының функционалдық құрылымы өңірлерде әртүрлі және көбінесе әкімшілік-аумақтық бірлік басшылығы ауысқан сайын өзгеріп отырады.

Кейбір өңірлерде облыстық орталық деңгейінде жекелеген қалалық басқармалар облыспен біріктірілген, аудандық (қалалық) бөлімдер облыстық атқарушы органдарға қайта бағындырылған.

Сонымен бірге, қызметті көрсету жауапкершіліг аудандық (қалалық) звенода қалады, ал қаржыландыру соған сәйкес басшылық жасау мен орындалуын бақылауды облыс жүргізеді, жалпы алғанда жұмыс нәтижесі үшін мемлекеттік басқарудыі жауапкершілігін төмендетеді.

Жергілікті мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктерді нақты шектеудің болмауы сол немесе өзге шығындар қандай бюджеттен жүзеге асырылуы тиіс туралы мүдденің дауына әкеліп соғады. Соның салдарынан кейбір өңірлерде жергілікті мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейлері халыққа тиісті сапада қызмет көрсетпей, қайта өкіметтің облыстық органдары аумақтық бөлімшелерінің функцияларын орындайды, ал олардың бюджеттері транзиттік шоттарға айналады. Сонымен қатар, кейбір өкілеттіктерді оларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етпей төменгі деңгейлерге бере салу орын алып отыр.

Информация о работе Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау