Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 17:01, курсовая работа

Краткое описание

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттердің орындалуын талап етеді:
 Нарықтық экономика жағдайындағы бюджетаралық қатынастардың мәні мен мазмұнын анықтау;
 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау жасау;
 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің жолдарын өңдеу.
Қурстық жұмысым кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бюджетаралық қатынас пен бюджет саясаты туралы түсінік
1.2 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамыту
1.3 Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі мен бюджеттік құрылымы
2.2 Қазақстан Республикасының бюджеттік процесін ұйымдастыру
2.3 Қазақстан Республикасының 2012-2013 жылдарға бюджетаралық қатынастарға талдау
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамытудағы өзекті мәселелер
3.2 Бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

1Финмен.docx

— 151.77 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 

 

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ  БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Бюджетаралық қатынас пен  бюджет саясаты туралы түсінік 

1.2 Нарықтық экономика жағдайларында  бюджетаралық қатынастарды дамыту   

1.3 Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар  саясаты

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК  ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА  ТАЛДАУ 

2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік  жүйесі мен бюджеттік құрылымы

2.2 Қазақстан Республикасының бюджеттік  процесін ұйымдастыру

2.3 Қазақстан Республикасының 2012-2013 жылдарға бюджетаралық қатынастарға талдау

 

3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЛАРЫНДА  БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ  ЖОЛДАРЫ 

3.1 Нарықтық экономика жағдайларында  бюджетаралық қатынастарды дамытудағы  өзекті мәселелер 

3.2 Бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің  негізгі бағыттары 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі - мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең маңызды факторлардың  біріне мемлекеттік бюджеттің басты звеносы болып саналатын қаржылық механизм – қаржылық жүйе жатады. Атап айтқанда мемлекет қаржылық жүйе арқылы орталықтандырылған қорлар құрады және мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз ете отырып, ақшалай қаражаттың бейорталық қорларын құруға әсер етеді. Әлеуметтік- экономикалық процестерді мемлекеттік реттеу жүйесінің негізін кірістерді қайта бөлу туралы қатынастар құрады.

Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстан Республикасында жүргізілген экономикалық және саяси реформалар мемлекеттік қаржы саласын, бірінші кезекте бюджеттік жүйені қозғай алмады. Мемлекеттік бюджет  мемлекеттік ресурстарды жұмылдыру мен жұмсаудың басты құралы бола отырып,  саяси үкіметке экономикаға ықпал етуге, оның құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, экономиканың басымды секторларын дамытуға ынталандыруға, аз қорғалатын халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге нақты мүмкіндіктер береді.

Өткен жыл Қазақстан үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды. Орталықта нәтижелілікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергілікті жердегі деңгейде де дамыту қажет. Тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуге тиіс.

Жаңа әлеуметтік нысандар: медициналық мекемелер, мектептер, спорт ғимараттары тұрғындарға сапалы, озық және ең бастысы, бұқаралық қызмет көрсету орталығына айналуға тиіс деп көрсетілген.

Бюджет – ұдайы өндіріс процесін жүзеге асырудың маңызды алғы шарты және құралы болып  табылады. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, өзге мемлекеттік міндеттерді орындау үшін жағдайлар жасалады. Соған сәйкес  бюджеттік қатынастарды жетілдірусіз, ғылыми түрде жасалған бюджеттік саясатты жүйелі жүргізусіз, бюджеттік процесті басқарудың тиімді жүйесінсіз шаруашылық механизмінің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Нарықты, корпорациялар мен мемлекетті басқарып отырған экономикаға өту  мемлекеттік бюджетті, кәсіпорындар мен салалардың қаржысын тереңдетілген түрде қайта жаңартуды, аймақтық және жергілікті деңгейдегі қаржылық қатынастардың, бюджеттен тыс қорлардың жаңа блоктарын секірмелі түрде дамытуды талап етеді.

Бюджеттің жаңа түрі  мемлекеттің қоғам мүшелеріне, салық төлеушілерге берген қоғамдық игіліктердің санаттары негізінде бюджет пен салық ыңғайында негізделеді.  Осындай тәсіл  жаңа заманда бюджетке, оның міндеттеріне және нарықтық көзқарасқа тән болады.  Мемлекет  бюджетті бірлескен қажеттіліктерді қанағаттандыруға талап ететін ерекше игіліктерді, қоғамдық тауарларды ұсынуға мүмкіндікке ие болу үшін құрады (қорғаныс сипатындағы өнімдер, инфрақұрылым, ғылым игіліктері, мәдениет, білім беру, басқару).

Курстық жұмысымның мақсаты - бюджеттің кірістері мен шығыстарын қоғамның қаржылық жүйесінің маңызды элементі ретінде талдау, оның құрылуын, орындалуы мен ұйымдастырылуын және бюджеттік жүйе мен бюджеттік құрылымның нгізгі ерекшеліктерін талдау жатады.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттердің орындалуын талап етеді:

  • Нарықтық экономика жағдайындағы бюджетаралық қатынастардың мәні мен мазмұнын анықтау;
  • Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау жасау;
  • Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің жолдарын өңдеу.

     Қурстық жұмысым кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерінен  тұрады.

Курстық жұмысты жазу барысында негізінен классик экономистердің еңбектерін, алдыңғы қатарлы мамандардың теориялық және әдістемелік әзірлемелерін қолдандым.

Зерттеуді алдымен нарықтық экономика жағдайындағы бюджетаралық қатынастардың теориялық негізінен бастаймын. Яғни біріншіден, бюджетаралық қатынас пен бюджет саясаты туралы түсінігіне тоқталып кетемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

 

 

1.1 Бюджетаралық қатынас  пен бюджет саясаты туралы  түсінік

 

Орасан көп әр алуанды қаржылық байланыста жекелеген жалпы ерекшеліктерімен ерекшеленетін оқшауланған салаларды бөліп алуға болады. Сонымен, жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен және халықпен жасайтын қаржылық қатынасы құрады. Бұл қатынастарға тікелей қатысушысы мемлекет болып саналатын бөлу процесінде туындайтын және  қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған  ақшалай қаражаттың орталықтандырылған қорын құруға және пайдалануға байланысты ортақ қасиеттер тән. Қаржылық қатынастардың осы жиынтығы мемлекеттік бюджет деп аталатын түсініктің экономикалық мазмұныны құрайды.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті ерекшелікке ие. Бөлудің дербес саласы ретінде оның болуы  қоғамдық өндірістің өзімен объективті түрде алдын ала анықталған, оның дамуы тиісті орталықтандырылған ресурстарда қажет етіледі. Мемлекет  басымды салаларды қаржыландыру, барлық қоғам масштабында әлеуметтік-мәдени іс-шаралар жүргізу, қорғаныс ерекшеліктеріндегі міндеттерді шешу, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жбу үшін орталықтандырылған қаражатты қажет етеді. Сонымен, мемлекеттік бюджеттің болуы  адамдардың субъективті тілегінің (еркі) нәтижесі емес, қайта кеңейтілген ұдайы өндірістің, мемлекеттің өзіндік табиғи ерекшеліктерінің және міндеттерінің талаптарымен түсіндірілетін объективті қажеттілігі.

Экономика дамуының жаңа кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен пропорциясын қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге қол жеткізуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қаражаттың қажетті мөлшерін құруға, ірі әлеуметтік қайта құруларды жүргізуге мемлекетке мүмкіндік туғызады. Қаржылық орталықтандыру арқасында ақшалай қаражат мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты жүзеге асыру үшін жағдайлар дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

Сонымен, мемлекеттік бюджет құндық бөлудің ерекше бөлігі ретінде спецификалық қоғамдық бағытты орындайды – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік бөлу қатынастары болуының экономикалық формасы бола тұра, құндық бөлудің белгілі сатыларынан өткен қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың сол спецификалық қоғамдық бөлігін орындай отырып, кеңейтілген ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемелекетке түседі. Бюджеттік қорды құру мен пайдалану оны бөлу және қайта бөлуге байланысты құнның қозғалыс процесін көрсетеді.

Бюджет экономикаға бюджеттік механизм арқылы әсер етеді. Мұнда бюджеттің ролі жалпы алғанда экономикаға әсер ету құралы ретінде көрінеді. Бюджеттік механизм-бұл мемлекеттің ақшалай қаражатының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы.  Экономиканы реттеу ақшалай қаражаттың орталықтандырылған қорының сандық мөлшерін белгілеу, оны құру және пайдалану формалары мен әдістерін белгілеу, бюджеттің орындалуы кезінде қаржылық ресурстарды қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бюджетке қаржылық қатынастардың белгіленген жиынтығы ретінде  жалпы алғанда қаржы категорясын анықтайтын ерекшеліктер тән: бюджеттік қатынастар бөлу ерекшелігіне ие,  әрқашан ақшалай түрде жүзеге асырылады,  мақсатты ақшалай қорларды құрумен және пайдаланумен жүргізіледі. Сонымен бірге, бюджеттік қатынастарға белгілі ерекшеліктер тән, алайда олар қаржылық ерекшеліктердің жалпы шегінен аспайды. Мемлекеттік бюджет құндық бөлудің спецификалық саласы ретінде келесі ерекшеліктермен сипатталады:

- жалпы қоғамдық өнім құнының  мемлекеттен бөлінген бөлігіне  және оның қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыруға пайдаланылуына  байланысты бөлу қатынастарының  ерекше экономикалық түрін көрсетеді;

- құнды құру процесін және  өндірістік тұтынуын жанама түрде  көрсететін материалдық өндірістің  қаржысымен және құнның тұтынылуына  қызмет көрсететін өндірістік  емес сала қаржысымен салыстырғанда  халық шаруашылығы салалары, аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық  қызметтер салалары арасындағы  құнды қайта бөлу үшін арналған;

- қоғамдық өнімнің қозғалысы  оның тауарлық түрімен тікелей  байланысты емес және материалдық  өндірісте және өндірістік емес  салада қаржылық қатынастар тауарлық-ақшамен  тығыз шырмалған сол уақытта  олардан белгілі түрде қол  үзумен жүзеге асырылатын  құндық  бөлудің осындай сатысын көрсетеді;  

Бюджетаралық қатынастар бюджеттік жүйенің қаржылық ресурстарын пайдалану және басқару тиімділігін арттыруды нысаналайды, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық құрылыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімділігін арттыруға қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің бюджеттік процестегі өзара қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады.

Бюджетаралық қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіктерді шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу тәртібі бойынша жоғарғы деңгей бюджеттеріненен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды арқылы және ақысыз негізде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржыландыру үшін аумақтарды біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктерді мынадай:

- біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген;

- екіншіден, берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған.

Бюджет жүйесі – мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық нышаны болып табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуеметтік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен, мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған.[8, 10]

Бюджетаралық қатынас – мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және өнімі өспелі ұлттық экономиканы құру аумақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады:

- жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға  негізделген шығыстарды тарату;

- бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне бекітілген өкілеттіктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу;

- барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздетін кірістерді тарату.

Бірден ескеретін маңызды жайыт, бюджеттік процесте республикалық бюджеттің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерімен өзара тікелей  қатынастарына жол берілмейді.

Мәселен, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бюджеттік процесс ауқынымындағы басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерімен өзара қатынастарына, сондай-ақ бюджеттік процесс ауқымындағы аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қатынастарына тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының үкіметі мен орталық мемлекеттік органдар және облыстардың жергілікті атқарушы органдары заңнамада көзделген жағдайларды еспеке алмағанда, тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік процесіне араласа алмайды.

Бюджетаралық қатынас мән-жайына орай шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру тек Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесі – ол басқару субъектілерінің әрекеттесуын реттейтін бас механизмдерінің бірі, яғни республикалық пен облыстық, облыстық пен аудандық билік деңгейлері арасындағы өзара әрекеті. Олар әр түрлі бюджеттердің кірістері мен шығындарын қалыптастыруда пайдаланады және солар арқылы мемлекет бюджеттік өзара байланыстар мен бюджеттік ағындарды тағайындайды және бір ортаға топталған ресурстарды таратады.

Информация о работе Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау