Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 17:01, курсовая работа
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттердің орындалуын талап етеді:
Нарықтық экономика жағдайындағы бюджетаралық қатынастардың мәні мен мазмұнын анықтау;
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау жасау;
Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің жолдарын өңдеу.
Қурстық жұмысым кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерінен тұрады.
КІРІСПЕ
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бюджетаралық қатынас пен бюджет саясаты туралы түсінік
1.2 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамыту
1.3 Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі мен бюджеттік құрылымы
2.2 Қазақстан Республикасының бюджеттік процесін ұйымдастыру
2.3 Қазақстан Республикасының 2012-2013 жылдарға бюджетаралық қатынастарға талдау
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамытудағы өзекті мәселелер
3.2 Бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі уақытта осы институттарды құру жергілікті өзін өзі басқаруда жүзеге асырылатын басқарудың ұйымдастыру түрі мен деңгейіне бір жақты келудің болмауынан кейінге қалып тұр.
Алайда, қазіргі күні өкіметтің ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар) деңгейлерінде басқарудың нақты механизмі қалыптаспаған, дербес кіріс көздері жоқ және меншік мәселелері әлі толық шешілмеген, оларсыз алдын ала жергілікті өзін өзі басқару туралы айтудың керегі жоқ.
Осыған байланысты бірнеше жыл бойы басқарудың механизмдері мен өкіметтің ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар) деңгейлерінде қаржыландыруды іс-жүзінде жасау елде жергілікті басқару институтарын кейін енгізудің базалық алғы шарттары болып саналады.
Қорыта келгенде келесілерді ескеру қажет деп айтуға болады:
Тұжырымдамада қарастырылған шараларды жүзеге асыру мемлекеттік басқарудың, бюджеттеік саланың жұмыс істеуінің негізін қозғайды, тиісті аумақтарда қолданыстағы заң өзгерістерін енгізуді талап етеді.
Сонымен бірге, өз шығыстарын жоспарлау мен орындау кезінде әкімдердің дербестігін кеңейту үшін басқарудың осы деңгейін сметалық қаржыландыру механизмі жетілдірілетін болады.
Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерді орындау барысында секветрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар бойынша оның шығыстарын қаржыландыруға ауысуды жүзеге асыру қарастырылады, оның администраторларына тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктердің әкімшілік аппараты жатады.
Сонымен бірге, жергілкті маңызы бар жекелеген мәселлерді шешу мақсатында қосымша қатыстырылатын қаражаттарды жинау үшін қазынашылық органдарда оларға арнайы есепшоттар ашу құқы берілетін болады.
Жоғарыда аталған шаралар шаруашылық және экономикалық салаларда шешімдер қабылдауда ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар) әкімдердің өкілеттіктерін кеңейтуге, аудандық (қалалық) звеноның жергілікті атқарушы органдарынан мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінің қаржылық дербестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өйткені олардың бюджеттік бағдарламаларын тиісті мәслихаттар аудандық (қалалық) бюджет құрамында бекітеді және солар ғана оны өзегерте алады.
Мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктерді шектеу бойынша жұмыстар аясында 2012 жылдан бастап басқарудың ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар) деңгейлеріне бекітіліп берілген функциялар тізімі кеңейтілетін болады, әсіресе оларды төмендегілермен толықтыру ұйғарылып отыр:
елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды орындау;
зират, бейіт бастарын тиісті жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыру;
елді мекендерді сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, суды, жерді пайдалану мәселелерін реттеу;
заңмен белгіленген тәртіпте тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімшілігіне берілген коммуналдық меншікті басқару.
Мемлекеттік басқарудың ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар) деңгейлерінің институцоиналдық қалыптасуы мен нығаю шаралары бойынша оларға бекітіліп берілетін функциялар тізімі кеңейтілетін болады, сондай-ақ басқарудың осы деңгейлерін дербес бюджеттермен бөлу мәселелері қарастырылатын болады.
Осы мәселелер бойынша шешім «функционалдық жүктемені» кеңейтуге және бюджеттік бағдарламаны басқаруға байланысты басқару мен қаржыландыру механизмінің кемінде екі бюджеттік циклы ішінде іс-тәжірибе жұмысының, оларды бағалаудың, сондай-ақ мәселлерді талдаудың қорытындысы бойынша қабылданатын болады;
әкімшілік аппаратын бюджетті құру мен орындау бойынша кәсіби дайындығы мен дағдысы бар құзыретті мамандармен жарақтау;
ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар) бюджетті жинау жұмыс көлемдерінің ұлғаюымен, төменгі бюджеттерге бөлінетін субвенцияларды беруді басқарумен байланысты аудандық қалалық қаржы бөлімдерінің штаттық сандық құрамын кеңейту;
осы деңгей бюджетін басқару мәселесін шешу, сондай-ақ олардық қаражатының қозғалысына бақылау жасауды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік басқарудың ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар) деңгейлеріне дербес бюджеттерді бөлу туралы мәселлерді қарау кезінде 195 аудандық және қалалық бюджеттердің 153 немесе 78 % субвенциялық болатыны ескерілуі тиіс, бұл басқарудың төменгі деңгейінде тереңдей түседі. Сондықтан осы басқарудың деңгейлеріне салықтық және салықтық емес түсімдерді бекіту олардың қаржылық өзі өзіне жеткілікті болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты басқарудың осы деңгейлерін дербес бюджеттерге бөлудің мүмкін болатын варианттарының біреуіне олардың шығындарын қаржыландыру үшін аудандық бюджетте қарастырылатын трансферттер есебінен ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар) бюджеттердің кіріс бөлігін құру жатады.
Орта мерзімді уақытта мемлекеттік басқарудың негіздерін одан әрі демократияландыру курсына сүйене отырып, елде жергілікті өзін өзі басқару негіздерін құру айтылады.
Қазіргі уақытта осы институттарды құру жергілікті өзін өзі басқаруда жүзеге асырылатын басқарудың ұйымдастыру түрі мен деңгейіне бір жақты келудің болмауынан кейінге қалып тұр.
Алайда, қазіргі күні өкіметтің ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар) деңгейлерінде басқарудың нақты механизмі қалыптаспаған, дербес кіріс көздері жоқ және меншік мәселелері әлі толық шешілмеген, оларсыз алдын ала жергілікті өзін өзі басқару туралы айтудың керегі жоқ.
Осыған байланысты бірнеше жыл бойы басқарудың механизмдері мен өкіметтің ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар) деңгейлерінде қаржыландыруды іс-жүзінде жасау елде жергілікті басқару институтарын кейін енгізудің базалық алғы шарттары болып саналады.
Тұжырымдамада қарастырылған шараларды жүзеге асыру мемлекеттік басқарудың, бюджеттеік саланың жұмыс істеуінің негізін қозғайды, тиісті аумақтарда қолданыстағы заң өзгерістерін енгізуді, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында құқықтық және қаржылық өзара қатынастарды жүйелі нақтылауды талап етеді.
Іс-ірекеттің жүйелілігі мен жинақтылығын қамтамасыз ету үшін осы бағытта жұмысты кезең-кезеңмен жүргізу қарастырылады.
Осы мақсаттарға Үкімет орта мерзімді уақытқа іс-шаралар жоспарын бекітеді, ал Мемлекеттік комиссияның жұмысы тұрақты негізге ауыстырылады.
Қажет болған жағдайда дербес мемлекеттік орган бөлінуі мүмкін, оның функциясына әкімшілік реформалауды жүргізу мәселелері кіреді.
Мемлекеттік комиссия шеңберінде барлық мүдделі мемлекеттік органдарды қатыстыра отырып, мемлекеттік басқарудың жекелеген секторларының іс-қызметін, салық-бюджет саласының мәселелерін шешетін жаңа заң актілерінің жобасы және / немесе қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобаларын дайындайтын болады.
2011 жыл бойы бюджетаралық қатынастар жүйесін құрудың жаңа принциптеріне бірте-бірте өту үшін базалық жағдайларды жасау мақсатында басымды заң жобалары қабылдануы тиіс.
Жалпы алғанда жоспарланған шараларды жүзеге асыру мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, мемлекеттік функциялар тізімін жетілдіруге, оларды мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері арасында тиімді бөлуге, мемлекеттік өкіметтің барлық деңгейлерінің тұрақты және тиімді жұмыс істеуін қаматамасыз ететін бюджетаралық модельді құруға ықпал етеді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республкасының заңына жергілікті мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен шығыс өкілеттіктерін нақты бөлуді қарастыратын тиісті өзгерістерді енгізу қажет. Қазіргі уақытта әр өңірлерде халықтың тығыздығы мен қажеттіліктерін ескеретін әлеуметтік саланың мемлекеттік мекемелер жүйесі әртүрлі болып жүр.
Бюджеттік түзетулердің құралы болып жүрген қолданыстағы бюджетаралық трансферттер (бюджеттік алымдар мен субвенциялар) жүйесі өкіметтің барлық деңгейлерінде облыстардың бюджеттерін түзетудің айқын емес механизмі ретінде қабылданып жүр.
Біздің көзқарас бойынша бюджетаралық қатынастардың келесі варианттарын қарастыру қажет сияқты:
Бірінші - тұрақтылық элементін беру, яғни орта мерзімді уақытқа субвенциялар мен алып тастаулар мөлшерін бекіту арқылы қолданылып жүрген тәртіпті сақтау қажет. Көрсетілген тәртіпте бюджеттер деңгейлері арасындағы салықтың әр түрін бөлшектемей бюджеттер арасында салық түрлері бойынша нақты бөлу сақталады. Сонымен қатар алып тастаулар институты сақталатынын айту қажет.
Екінші - нақты әр жеке өңірге жеке-жеке бөлу нормативтерін орта мерзімді уақытқа тұрақты түрде белгілей отырып, салықтың реттейтін түрлерін анықтау. Осы вариант бюджеттік алып тастаулар механизмін болдырмау мақсатында әртүрлі деңгейлердің бюджеттерін тігінен түзетуді қарастырады, яғни төлем көздерінен алынатын кірістердің жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттер арасында қайта бөлуді жүзеге асыруды айтады.
Салықты бөлудің ұсынылған механизмі бюджеттердің төменгі деңгейлеріне де қолданылады. Орындалатын функциялар мен шығыстар көлеміне байланысты жоғарыда көрсетілген салықтармен қатар бюджеттеің төменгі деңгейлерін реттеу мақсатында жергілікті бюджеттің кірісіне түсетін салықтардың бөлінетін, сондай-ақ басқа да түрін анықтауға болады.
Үшінші вариант - осы жағдайларда бюджетаралық қатынастар орта мерзімді уақытта тұрақты, республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін субвенцияларды белгілеу арқылы жасалады. Көрсетілген вариант бюджеттік алып тастаулар жүйесін толық қысқартады, бюджетаралық қатынастарда жеңілділік пен нақтылықты қамтамасыз етеді, орта мерзімді уақытқа жергілікті бюджеттердің тұрақты кіріс көздеріне кепілдік береді.
Егер жергілікті бюджеттерді теңгерімдеу проблемасы өңірлердің бюджеттік өзін өзі жеткікті болуын ынталандыру мақсатында орта мерзімді, тұрақты нормативтер принципінде құрылатын бюджетаралық қатынастарды реттеу базасында болса, онда жергілікті атқарушы органдардың сырттан алып пайдалану қажеттілігі болмай қалады. Мұның бәрі жергілікті атқарушы органдардың үшінші тұлғадан (республикалық бюджеттен басқа) алып пайдалануынан бас тартуын заңмен бекітуде шешім қабылдауды талап етеді.
Жергілікті бюджеттердің деңгейлері арасында кірістерді бөлу жүйесі, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жауапкершілігі, сондай-ақ облыстар бойынша бюджетаралық реттеулер жүйесі әртүрлі және тұрақты емес – 2011 жылы жергілікті бюджет 856 рет, ал 2012 жылы – 1216 рет нақтыланды.
Бюджетаралық қатынастардың тұрақты және айқын жүйесін құру келесі іс-шараларды орындау кезінде мүмкін болады:
- мемлекеттік функцияларды
- заң актілерінде дербес
- ең аз әлеуметтік стандарттар
негізінде әр бюджетті
Отандық қаржылық ғылым мен тәжірибенің методологиялық және әдістемелік шарттары дүниежүзілік нарық қоғамдастығының аясында Қазақстанды интегралды дамыту мақсатында қаралуы тиіс. Қаржылық жүйенің біртұтастығы бюджеттік – салықтық қатынастардың қоса баыныстылығын білдіреді, ендеше, оларды белгілеудің бірыңғай құқықтық актісі Мемлекеттік кірістер мен шығыстардың кодексі (МКШК) болуы мүмкін. Бұл құжат әдістемелік қасиеттері емес, қайта тек қана методологиялық шарттардан тұруы тиіс, өйткені ол бір жылға ғана жасалмайды және идеологиялық, не қандай да бір басқа әсерлерге байланысты болмауы керек. Осы құқықтық құжат бірте-бірте жасалуы тиіс, ал осы қозғалыс процесінде бюджеттік-салықтық қатынастарды дамытудың жағымды тенденциялары ескеріледі, экономикалық баспасөзде толық талқылануы, тәуелсіз сараптамадан өтуі және бөлік- бөлік бойынша әрекетке қосылуы тиіс. Мемлекеттік кірістер мен шығыстардың кодексі (МКШК) бухгалтерлік есеп жөніндегі нормативті ережелерді, кедендік және басқа заңдарды нақтыламай және қайталамай салықтардың, заемдардың құрамы мен құрылымының және бюджеттік қаржыландырудың бағыттарының негізгі әдістемелік ерекшеліктерін белгілеуі мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бюджет – қаржы жүйесінің орталық буыны, сондай-ақ мемлекетің экономикалық саясатын жүзеге асыратын маңызды құралү Оның көмегімен мемлекеттік билік ұлттық табысты қайта бөлуді жүзеге асыра отырып, қоғамдық өңдіріс құрылымын өзгертеді, шаруашылықтандыру нәтижесіне әсер етеді және әлеуметтік қайта құруларды жүзеге асырады. Нарықтық экономикаға өту барысында мемлекеттік бюджет өз рөлін жоя алмайды және жоймайды. Тек қоғамдық өндіріске бюджеттік әсер етулердің әдістері ғана өзгереді. Бұл өңдіріске бюджет қатынастарының түбегеәлі қайта құрулары мен ұстанымпазды жаңа бюджет механизмін құруға қызмет етуге шақырады.
Бюжеттік әсер етудің әрекеттілігін жоғарылату көбінесе осы жүйенің мәніне жету деңгейі, оның дамуын анықтайтын факторларды білумен байланысты болады. Кез-келген елдің бюджетінің қызмет етуінің ұйымдастырушылық нысаны болып әкімшілік-бөлу жүйесімен қатар нарық жағдайларында экономиканы басқарудың маңызды құралы ретінде шығатын бюджет жүйесі және бюджет ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің маңыздылығымен шартталған.
Информация о работе Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау