Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 17:01, курсовая работа

Краткое описание

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттердің орындалуын талап етеді:
 Нарықтық экономика жағдайындағы бюджетаралық қатынастардың мәні мен мазмұнын анықтау;
 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау жасау;
 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің жолдарын өңдеу.
Қурстық жұмысым кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бюджетаралық қатынас пен бюджет саясаты туралы түсінік
1.2 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамыту
1.3 Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі мен бюджеттік құрылымы
2.2 Қазақстан Республикасының бюджеттік процесін ұйымдастыру
2.3 Қазақстан Республикасының 2012-2013 жылдарға бюджетаралық қатынастарға талдау
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамытудағы өзекті мәселелер
3.2 Бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

1Финмен.docx

— 151.77 Кб (Скачать документ)

Республикалық бюджет туралы заң жобасында түсімдердің барлық түрінің сомасы, жалпы мемлекеттік салықты реттейтін бөлу нормативтері, сондай-ақ бюджеттік жіктеуге сәйкес  функционалдық топтар бойынша шығыстың шекті мөлшері тапшылық пен оны жабу көздерінің мөлшерін көрсету арқылы көрсетіледі. Республикалық бюджеттің жобасы мен ол туралы заңды Қаржы министрлігі Үкіметке қарауға ұсынады.

Үкімет қабылдаған Республикалық бюджет туралы заң барлық қосымшаларымен бірге  жоспарланған жылдың  алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға беріледі.

Қазақстан Республикасы парламенті палатасының бірлескен мәжілісінде  Үкіметтің тапсырмасы бойынша  республикалық бюджеттің жобасы бойынша баяндаманы Қазақстан Республикасының қаржы министрі жасайды және қосымша баянадамаларды Қазақстан республикасының экономика министрі және Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің төрағасы жасайды.

Егер ағымдағы қаржылық жылдың 15 желтоқсанына дейін алдағы қаржылық жылға арналған республикалық бюджет бекітілмесе, онда Қазақстан Республикасының Президентінің Республикалық бюджет туралы заңды парламент қабылдағанға дейін  күшінде болатын  алдағы қаржылық жылдың І тоқсанына арналған республикалық  қаржылық жоспар туралы Жарғыны қабылдауға құқы бар.

Қазақстан Республикасы Парламентінің жыл бойы республикалық бюджетті нақтылауы Үкіметтің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.  Нақтылау бюджетті бекіту үшін қабылданған тәртіпте және жағдайларда жүргізіледі.

Жерігілікті бюджеттерді жасау, бекіту мен орындау Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бекіткен бюджеттік жіктеулерге сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей  жергілікті атқарушы органдарға (республикалық маңызы бар облыстар мен қалалар)  жалпы мемлекеттік салықтан олардың бюджеттерінің кірісіне  аударылатын сомалардың жобаланған мөлшерін, жалпы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландаруға республикалық бюджеттен түсетін қаражат сомасын, трансферттер мен кредиттер сомасын, жергілікті органдар басқармасы аппаратын ұстауға кететін шығыстар лимитін  хабарлайды.

Республикалық маңызы бар облыстар мен қалалар бюджеттерінің негізгі параметрлері бойынша хабарланған көрсеткіштер мен өздері болжаған мәліметтер негізінде  жергілікті атқарушы органдар өз бюджеттерін дербес жасайды.  Жергілікті өкілдік және атақарушы органдар  тиісті жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының теңгерімдігі үшін жауап береді.  Жергілікті бюджеттерді  жасау, бекіту және орындау барысында жоғарғы мемлекет органдары мен жергілікті атқарушы органдардың араласуына жол берілмейді.

Облыстар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттері және аудандар бюджеттері арасындағы жалпы мемлекеттік салықтар мен кірістерді бөлу  қаржылық жылға аранлаған облыстық (қалалық) бюджет туралы олардың шешіміне сәйкес  облыстық, өкілдік  органдар жүргізеді.  Функционалдық топтар бойынша нақты бағдарламаларды жүзеге асыру үшін  төменгі бюджеттерге республикалық бюджеттен  субвенция түрінде берілетін ресми трансферттердің көлемі  Республикалық бюджет туралы заңда  анықталады.

Жергілікті бюджеттерде  қаржылық жыл бойы өтімділікті басқару үшін  жергілікті атқарушы органдар пайдаланатын  жоспарланған қаржылық жылдың басында жергілікті бюджеттердің қалған қаражаты есебінен  бар қаражаттың  айналымдағы резерві құралады.   Бар қаражаттың айналымдағы резерві тиісті жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде анықталады.

Республикалық маңызы бар облыстар мен қалалардың әкімдері қаржылық жылға арналған Республикалық бюджет туралы заң күшіне енгеннен кейін 2 апта мерзімнен кешіктірмей  облыстық және (республикалық маңызы бар қалалар) қалалық  бюджеттің жобасын тиісті мәслихатқа қарауға енгізеді, олар екі апта ішінде оны бекіту бойынша шешім қабылдайды.

Аудандар мен қалалардың (облыстық маңызы бар)  әкімдері облыстық бюджет бекітілгеннен кейін  екі апта ішінде бюджет жобаларын тиісті Мәслихатқа қарауға береді, олар  осындай уақыт ішінде бюджетті бекіту туралы шешім қабылдайды.

Республикалық бюджеттің орындалуын Қазақстан Республикасының Үкіметі ұйымдастырады. Бюджеттік бағыттарға сәйкес ұйымдар Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті берген қазынашылық рұқсат негізінде  шығыстарды жасайды. Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігінің  тиісті қаржылық жылға шығыстар сметасын ұсынбаған жағдайда  бюджеттік қаражатты бөлмеуге, қайтарып алуға, оны жұмсауға, бөлінген қаржыны мақсатсыз және тиімсіз пайдалануға тыйым салуға құқы бар.

Барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігіне республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп дайындау үшін  қажетті ақпаратты олар белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің бюджетті орындау процесінде  бюджеттік ұйымдардың құрылымы мен функцияларын жетілдіру бойынша іс-шараларға байланысты  бөлінген қаржыны қайта бөлуге құқы бар.

Республикалық бюджет есебінен ұсталынатын ұйымдар Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігінің келісімімен қаражатты бір бағдарламадан, бағдарламашалардан және ерекшеліктен екіншісіне аудара алады.

Бюджеттің орындалу барысында  орталық мемлекеттік органдар актілер қабылдайды, оларға сәйкес  облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің шығыстары көбейеді немесе кірістері азаяды,  немесе республикалық бюджет есебінен шығындардың орны толады, олардың шығыстары азаюы немесе кірістерінің көбеюі кезінде субвенция азаяды, ал олар болмаған кезде - өз ара есеп айырысуға жатады.

Жергілікті бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар жергілікті қаржы органдарының келісімімен бір бағдарламадан, бағдарламашалардан және ерекшеліктен екіншісіне аудара алады.

Облыстық және қалалық (республикалық маңызы бар) бюджеттерді төменгі бюджеттермен бірдей етіп бекіту кезінде тиісті облыстың аумағында және республикалық маңызы бар қалалар маңайында орналасқан арнайы экономикалық зоналар бюджеттерімен өз ара қарым-қатынасы да қаралады.

Арнайы экономикалық зона бюджеттерінің жергілікті бюджеттермен өз ара қарым-қатынасы кезекті жылда тиісті жергілікті бюджетте ескерілген және арнайы экономикалық зоналар туралы ережеде белгіленген арнайы экономикалық зона бюджетіне түсетін кірістердің жалпы сомасының ұзақ мерзімді тұрақты қаражат аудару нормативі арқылы анықталады, бірақ  республикалық бюджет туралы заң бойынша белгіленген облыс, республикалық маңызы бар қалаларға арналып жиналатын қаражат пен жалпы мемлекеттік салықтан аударылатын сома шегінде ғана болады.

Егер жергілікті атқарушы органдар бюджетті орындау барысында нормативтік актілер қабылдаса,  оларға сәйкес төменгі бюджеттің шығыстары көбейіп, кірістері азаяды,  осы бюджеттерге жоғары бюджеттерден қаражаттың орны толтырылады,  төменгі бюджеттердің шығыстары азайып, кірістері көбейген кезде тиісті сома  жоғары бюджетке беріледі немесе субвенция сомасы тиісінше азайтылады. Осындай тәртіп республикалық бюджет пен жергілікті бюджет арасындағы өз ара қарым-қатынаста да әрекет етеді.    

Өткен жылда кірістердің артық орындалуы немесе шығыстарды үнемдеу нәтижесінде  қаржылық жылдың басында алынған  бюджет қаражатының еркін қалдықтарын, сондай-ақ ағымдағы жылдың бюджетін орындау барысында өткен тоқсанның кірістері бойынша артық орындалған сомаларды атқарушы органдардың шешімі бойынша бюджеттің орындалу процесі кезінде туындаған қосымша шығыстарды қаржыландыруға жібереді.

Бюджет туралы есеп беру, яғни республикалық бюджеттің шығыстары мен кірістері бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қамтамасыз етеді.

Үкімет немесе оның тапсырмасы бойынша Қаржы министрлігі өткен қаржылық жыл үшін республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті, сондай-ақ  республикалық бюджеттің орындалу барысы туралы айлық және тоқсандық ақпаратты Парламентке ұсынады.

Жергілікті атқарушы органдар алдағы жылға арналған жергілікті бюджет туралы жобаны ұсыну үшін белгіленген мерзімде атқарушы органның шешімін бекіту үшін ай сайын жоғары атқарушы және өкілетті органға бюджеттің орындалуы туралы есепті ұсынады.

Қазақстан республикасының қаржы министрлігі  есеп беру уақытына республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттің орындалуы туралы жинақ есепті ай сайын жасап, оны өсу қорытындысымен Үкіметке ұсынады.

Министрліктердің, мемлкеттік комитеттердің, меншік түріне байланыссыз ведомствалар мен ұйымдардың  бюджеттік қаражатты дұрыс жасауға, бекітуге және тиімді де мақсатты пайдалануына бақылау жасауды  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасауды республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасау жөніндегі есептік комитет жүзеге асырады.

Жергілікті бюджеттердің құрылуына және орындалуына бақылау жасауды тиісті деңгейдегі өкілетті органдардың тексеру комиссиялары, сондай-ақ Қаржы министрлігі және оның аумақтық органдары тиісті жергілікті атқарушы және   өкілетті органдарды міндетті түрде хабарлай отырып жүзеге асырады.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын жоспарлау мен  пайдалануға ревизиялар мен тексерістер жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының министрлігі анықтайды.

 

 

2.3 Қазақстан Республикасының 2012-2013 жылдарға бюджетаралық қатынастарға талдау

 

Қазақстан Республикасы аймағының жеке бюджеті бұл – елдің бюджет жүйесінің дербес буыны, яғни жергілікті бюджет «Бюджет аймақшылдығы» принципімен Қазақстанда әлеуметтік мемлекет құру орталықтандырылған қаражаттар деңгейі  1 кестедегі мәліметтермен сипатталады.

3-кестені талдасақ, 2008 жылда 2012 жыл аралығында республикалық бюджтте орталықтандырылған қаражаттар деңгейі 2002 жылы 55,4 % дан 2012 жылы 69,7%-ға өсті. 2002-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасындағы әрбір бюджет деңгейлері бойынша табыстарды бөлу кестесіне бапйқайтынымыз, 2011 жылғы бюджетті 2012 жылға бюджетпен салыстырғанда 8 пайызға бюджет табыстарының ұлғайып отырғанын байқаймыз, яғни атап айтқанда 2011 жылы республикалық бюджет табыстарының мөлшері сол жылғы мемлекеттік бюджеттегі үлес салмағы 61,6 пайызды құрап отыр, сәйкесінше 2012 жылы бұл көрсеткіш 69,7 пайызды құраған.

Құрылымдық өзгерістердің өсу серпінін қарастыра келе, табыс бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің үлесі көрсеткіштерінің өсуінің нақты қарқынын анықтау маңызды болып табылады. 

 

 

Кесте 3 - Қазақстан Республикасындағы әр түрлі бюджет деңгейлері              бойынша табыстарды  бөлу құрылымы (млн.тенге)

 

Бюджет деңгейі

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Мөлшері

%

Мөлшері

%

Мөлшері

 

Мөлшері

%

Мөлшері

%

Республикалық

490045,6

55,4

565281,5

59,4

722033,9

59,8

978358,9

61,6

1723913,1

69,7

Жергілікті

394099,2

44,6

386013,1

40,6

486298,5

40,2

609379,5

38,4

749660,6

30,3

Мемлекеттік

884144,8

100,0

951294,6

100,0

1208332,4

100,0

1587738,4

100

2473573,7

100


 

Құрылымдық өзгерістердің өсу серпінін қарастыра келе, табыс бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің үлесі көрсеткіштерінің өсуінің нақты қарқынын анықтау маңызды болып табылады. 

4-кесте де көрсетілгендей, анағұрлым белгілі ауытқұды Қазақстан Республикасы бюджет жүйесі құрылымындағы 2011 жылдың 2012 жылмен салыстырғанда, яғни табыстар бойынша республикалық бюджеттің үлесі анағұрлым ұлғая түсті. Осы аталған кезенде өсу қарқыны 176,2%-ды құрады.[9, 20]

 

Кесте 4 -Қазақстан Республикасындағы оеспубликалық және жергілікті бюджеттердің өсу қарқынының серпіні, (%)

 

Бюджет деңгейі

2009/2008

2010/2009

2011/2010

2012/2011

Республикалық бюджет

115,4

127,7

135,5

176,2

Жергілікті бюджет

97,9

126,0

125,3

123,0


 

Жергілікті бюджеттің өзіндік табыстары бұл – нарықтық экономиканың дамуы жағдайындағы Қазақстан  аймақтарының дербестігінің қажетті шарты, жергілікті бюджет табыстары қалыптасуының жаңа үлгісінің элементі жергілікті билік органдары өзіндік қаражаттардың заңдық бекітілген көлемін  орналастыру керек, бұл табыстар аймақ бюджетін  ұзақ мерзім негізінде қалыптастыруы тиіс және жыл сайын қабылданатын республикалық бюджет туралы заңға тәуелсіз болуы қажет.

2012 жылы Қазақстан Республикасы жергілікті бюджетінің орындалу қортындысы бойынша бюджеттің табыс бөлігінің орындалуында елеулі ауытқұлар болған жоқ.

2010  жылдан бастап жергілікті  бюджетке түсетін салықтық түсімдердің саны қықарды, атап айытқанда 2002 жылдан бастап корпорациялық табыс салығы, яғни заңды тұлғалардың табысынан алынатын  салығы республикалық бюджетке түсетін болды. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік  тіркеу үшін алым және мемлекеттік тіркеуге жатқызылмайтын акциялар шығарудың ұлттық сәйкестендірме нөмірін  иемденуден түсетін түсім, жол салығы (алымы), халықаралық сауда және сыртқы  операцияларға салынатын салықтар түсіп қалды.

Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бюджеттік құрылғыны қайта үйымдастыру бюджет жүйесінің республикалық және аймақтық буындары арасындағы өзара қатынатсрды жетілдірумен шектелмейді, өйткені бұл төменгі тұрған билік органдарының дербес бюджетін құру және орындалу мәселелеріндегі нақты орталықсыздандырылған  шешімдерді қабылдауға алып келмейді. Осыған байланысты Қазақстанның бюджет құрылғысын демократияландырудың жетекші бағыттары болып қызметтерді және субсидиарлық  принципке сәйкес бюджет үдерісіндегі жауапкершілікті, өкілдікті бөлуге негізделген мемлекет пен жергілікті басқару органдарының арасындағы  қаржы ағындарын бөлу жүргізілуі тиіс. Аталмыш принцип бойынша жоғары тұрған деңгей шеше алмайтын мәселелер шеңберін шешуді, «бір деңгейлі» орталықшылдық жүйеден айырмашылықта , яғни төмен тұрған билік деңгеймен рұқсат етілген жағдайда ғана, көрсетілген принцип осындай қатынастар жүйесін ұйғарады.

Информация о работе Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау