Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 17:01, курсовая работа

Краткое описание

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттердің орындалуын талап етеді:
 Нарықтық экономика жағдайындағы бюджетаралық қатынастардың мәні мен мазмұнын анықтау;
 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау жасау;
 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің жолдарын өңдеу.
Қурстық жұмысым кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бюджетаралық қатынас пен бюджет саясаты туралы түсінік
1.2 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамыту
1.3 Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі мен бюджеттік құрылымы
2.2 Қазақстан Республикасының бюджеттік процесін ұйымдастыру
2.3 Қазақстан Республикасының 2012-2013 жылдарға бюджетаралық қатынастарға талдау
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамытудағы өзекті мәселелер
3.2 Бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

1Финмен.docx

— 151.77 Кб (Скачать документ)

Осыған байланысты бюджетаралық қатынастар мәселелерін шешу жолдарының негіздеуі болып:

-жергілікті және республикалық  билік органдарының тізбектеліп  бөліну жауапкершілігі және осының  негізінде жергілікті және республикалық  билік органдары экономика, қаржы  және салық  саясатында жеткілікті  кең дербестік алуы үшін әр  түрлі деңгейдегі бюджет шығыстарын  бөлу. Шығыстардың бөлінуі мынадай  түрде жүзеге асырылуы керек, шығыстарды халық мүддесі ушін  жүзеге асыратын және сол арқылы  олардың қажетсіз орталықтандырылуынан  алшақтатуды жүргізетін сол әкімшілік-аумақтық  бірлікке жақындату үшін жүзеге  асырылады;

- мемлекеттік қаржының тұрақтығы  және аймақтардың экономикалық  дамуына теңестіру үшін жалпы  мемлекеттік  және жекелеген аймақаралық  экономикалық және әлеуметтік  бағдарламаларды жүзеге асыру  мақсатында республикалық деңгейде  табыстарды орталықтандыруды жүзеге  асыру;

- жергілікті салықтар мен алымдар  және олардың ставкаларын енгізу  мәселесінде жергілікті басқару  органдарына заңдық рәсімдеу  бойынша құқық беру.

Осы айтылғандардың барлығы, аумақтарға қаржылық қолдау көрсетудің ұйымдастырылған және сандық жүйеленуін, сондай-ақ қаржылық көмекті қажет ететін аумақтық бюджеттерден негізделген шығындармен бюджеттік жоспарлау үдерісіне бақылауды күшейтуде іске асырады.

Бюджеттік құрылғы мен бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру проблемаларын шешу қазақстандық мемлекеттілікті тұрақтандырып, нығайтады, болашақта нарықтық экономика жүйесін басқаруды және объективтілікті жоғарыладытады.

Орта мерзімді бюджетаралық қатынастар саясатының  негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріне бекітіліп берілген мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріне бекітіліп берілген мемлекеттік қызметтерді толық көрсетуі және өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшін оларды жеткілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.

Бюджетаралық қатынастар Бюджет Кодексінде белгіленген қағидаттардан және тұсімдер мен шығыстардың бюджет деңгейлері  арасында  бөлінуінен бастау алады әрі өзара қатынастардың, ең алдымен, облыс-аудан деңгейіндегі анықтығы мен тұрақтылығын  қамтамасыз етуге, әрбір басқару деңгейінің дербестігін күшейтуге, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуге бағытталған. Бюдет Кодексіне   сәйкес бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы реттеледі, ал облыстық және аудандық  бюджеттер арасында бұдан басқа, кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.

Алдағы уақыттарда мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар мемлекеттік функциялар тізімін оңтайландыруға және  бюджетаралық қатынастардың тиісті моделін кейін құру арқылы мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері арасында  тиімді бөлуге арналған.

Осы бағытта іс-әрекеттің жинақтылығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету үшін жұмыстарды кезең-кезеңмен жүргізу қарастырылады.

Мемлекеттік функциялардың оңтайлы тізімін анықтау және оны жүйеге келтіру.

Осы кезеңде қолданылып жүрген мемлекеттік функцияларға функционалдық талдау, оларды қолданыстағы заң нормаларымен салыстыру жүргізіледі.

Функционалдық талдау жүргізу тәжірибесі осы процесс оның нәтижелерінің үлкен тиімділігіне қол жеткізу үшін үздіксіз және тұрақты болуы тиіс. Осыған байланысты оны жүргізу, бағалау және нәтижесін талдаудың жалпы әдістемесін құру бойынша бұдан әрі жұмыстар жүргізуге тура келеді.

Функционалдық талдау барысында келесілерді анықтау қажет:

 басқарудың мемлекеттік секторының  функциялары;

 бәсекелестік секторына өткізуге  тиіс мемлекеттік органдарға  тән емес функциялар;

бәсекелестік секторында жүзеге асыру тиімді емес және мемлекеттік басқару саласына өткізуге тиісті басқару мен реттеулердің функциясы;

кейін нақтылауды қажет ететін заң актілерінде нақты көрінісін тапқан мемлекеттік басқару функциялары.

Осы мақсатта қолданыстағы мемлекеттік функциялар тізімі жасалды және оларды жіктеу жүзеге асырылды.

Мемлекеттік функциялардың келесі жіктемелері қарастырылды:

саясатты құру функциялары (мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау);

атқарушы функциялар (мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша шараларды жүзеге асыру);

реттейтін функциялар (бақылау-қадағалау функциялары);

жалпы ерекшеліктегі қызметтерді ұсыну функциялары (жеке меншік секторы ұйымдары мен халыққа мемлекеттік мекемелердің тікелей қызмет көрсетуін ұсыну).

Бірмезгілде қолданыстағы мемлекеттік функцияларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізілетін болады.

Осы мақсатта қолданыстағы функциялар негізінде мемлекеттік функциялардың «құнын» анықтау ұйғарылды (түгендеу жүргізілгеннен және ескілер жаңарғаннан және жұмсаудың жаңа нормалары мен нормативтері жасалғаннан кейін).

Жүргізілген талдаудың нәтижесіне ең алдымен елдің Конституциясының нормаларына және олардың ережелерін жүзеге асыру үшін қабылдаған заң актілеріне негізделетін мемлекеттік функциялардың оңтайлы жобасын 2011 жылдың басында дайындау, сондай-ақ оларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жатады.

Осы тізім мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша функцияларды одан әрі шектеуге негіз болады. Оның базасында бюджеттің барлық деңгейлері үшін бірыңғай бюджеттік жіктеу жасалды.

Қазіргі кезде мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын, бірақ жоғарыда аталған тізімге кіргізілмеген функциялар бәсекелестік секторына беріледі.

Мемлекетік функцияларды жіктеумен бірге оларды басымдылық дәрежесі бойынша міндетті, негізгі және қосымша мемлекеттік функцияларға топтауды жүзеге асыру қарастырылады.

Міндеттілер тізіміне жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Конституциясымен және елдің конституциялық заңдарымен кепілдік берілген қызметтерді мемлекеттің халыққа ұсыну бойынша функциялар кіргізіледі.

Негізгілерге заң актілеріне және мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік дамудың жаңа кезеңінде мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдылықтарына сүйене отырып, мемлекеттің өзіне қабылдайтын функциялары жатады.

Қосымша функциялар негізінен мемлекеттік инвестициялық саясатты, бірнеше ағымдағы функциялар мен уақытша немесе бір жолғы сипаттағы қызметтерді жүзеге асыруға байланысты.

Мемлекеттік функцияларды осындай құрылымдау жалпы алғанда  міндетті және негізгі мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру кезінде барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың күштерін шоғырландыруға, қосымша функцияларды бәсекелестік секторына өткізу арқылы оларды қысқартуға бағытталады.

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктерді шектеу

1 Осы жұмысты жүргізу  функционалдық  талдаудың қорытындысына, осы тұжырымдамада  белгіленген мемлекеттік функцияларды  бөлудің жалпы критерийін ескере  отырып, мемлекеттік функциялардың  дайындалған тізімі мен олардың  жіктелуіне негізделген.

Өкіметтің деңгейлері арасында функцияларды шектеудің келесі критерийлері мен жағдайлары қарастырылады:

Жалпы мемлекеттік маңызы бар мәселелер, атап айтқанда: мемлекеттің тұтастай жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету (қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, сыртқы саясат), заңды шығармашылық әс-қызмет, конституциялық құқық пен азаматтардың еркіндігін сақтау, олардың мемелекет кепілдік берген әлеуметтік игіліктерді минимумын алу – мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінің құзыретіне жатады.

Мұнда орталық мемлекеттік органдар және олардың аумақтық құрылымдық бөлімшелері заңның бірдей және міндетті түрде сақталуын жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Конституциясы кепілдік берген базалық әлеуметтік маңызы бар қызметтерге  барлық аумақтар бойынша бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырады, оларды ұсыну стандарттары белгіленеді.

2. Жергілікті маңызы бар мәселелерді  мемлекеттік басқарудың жергілікті  органдары дербес шешеді және  реттейді. Сол  уақытта  олар заңдарды  орындау, жалпы мемлекеттік функцияларды  жүзеге асыру және Қазақстан  Республикасы Конституциясы кепілдік  берген және өкіметтің осы  деңгейіне орындауға берілген  қызметтерді ұсыну бойынша өкіметтің  жоғары органдардың бақылауында  болады және оларға есеп береді.

Мұнда басқарудың облыстық деңгейінің негізгі міндеттеріне аумақтарды жалпы әкімшілік басқаруды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтерге өңірдің барлық аумақтары бойынша  бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті басқарудың төменгі звеносы шеңберінде қамтамасыз етілмейтін жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жатады.

3. Басқару жүйесін тиімді ұйымдастыру  тұрғысынан  жалпы мемлекеттік  функцияларды орындау мен қызметтерді  ұсыну бойынша өкілеттіктер ең  тиімді жүзеге асырылатын мемлекеттік  басқару деңгейлеріне бекітіліп  беріледі.

Мұнда халыққа мемлекеттік қызмет көрсету оларды тиімді ұсынуға қол жеткізу, ең аз шығынмен оларға қызмет көрсету мақсатында осы қызметтерді ұсыну үшін қолда бар инфрақұрылымды  ескере отырып, оларға жақын әкімшілік деңгейінде ұсынылуы тиіс.

4. Бір әкімшілік-аудандық бірлік  шеңберінде шешілмейтін мәселелер  жоғарғы деңгейдің  қарауына беріледі.

5. Әр функция толық көлемде  мемлекеттік басқарудың бір органына  немесе деңгейіне ғана жатуы  тиіс. Мұнда  тік, сондай-ақ көлденең  мемлекеттік басқару бойынша  функциялардың ең аз қайталануы  немесе түйісуі болуы тиіс.

Жоғарыда аталған критерийлер мен жағдайларға сәйкес мемлекеттік функцияларды мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру  мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияға (бұдан әрі Мемлекеттік комиссия) оларды енгізу және тиісті заңмен одан әрі әрекетке келтіру үшін оларды мемлекеттік басқару деңгейлері арасында оңтайлы бөлу жөніндегі ұсыныстар дайындауға тиіс:

қазіргі уақытта өкіметтің орталық деңгейіне бекітіп берген жекелеген функцияларды  жергілікті мемлекеттік басқаруға жүргізуге беру;

орталық және жергілікті мемлекеттік басқаруды бірлесіп жүргізу функцияларын оңтайландыру;

жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері арасында, оның ішінде коммуналдық меншікті басқару бөлігінде де функциялар мен өкілеттіктерді нақты анықтау;

қазіргі уақытта мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына бекітіліп берілген бірнеше функцияларды  орталық иеилекеттік органдарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне жүргізу үшін беру;

орталық мемлекеттік органдардың тік бағыттағы шеңберінде тұрған әкімшілік, рұқсат беретін және бақылау – қадағалау жасайтын функциялар бөлігін аумақтық деңгейге бері;

Өкіметтің барлық деңгейлері арасында функциялардың анықталып берілуі, мемлекеттік функцияларды орындайтын жауапты органдардың анықталуы бойынша жасалған ұсыныстарды ескере отырып, жергілікті мемлекеттік басқарудың сызбасы мен типтік құрылымы жасалады, ол Мемлекеттік комиссияның қарауына беріледі.

Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру мемлекеттік басқарудың жұмыс істеуінің негізін қозғайды, сондықтан  ең алдымен маңызды заң өзгерістерін енгізуді, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері арасында құқықтық және қаржылық өзара қатынастарды жүйелі және дәйекті түрде анықтауды талап етеді.

Іс-әрекеттің жүйелілігі мен жинақтылығын қамтамасыз ету үшін бұл бағытта  жұмысты кезең-кезеңмен жүргізу қарастырылады.

Осы мақсаттар үшін Үкімет орта мерзімді уақытқа іс-шаралар жоспарын бекітеді, ал Мемлекеттік комиссияның жұмысы тұрақты негізге ауыстырылады.

Қажет  болған жағдайда  дербес мемлекеттік орган бөлінеді, оның функциясына әкімшілік реформалауды  жүргізу мәселелері кіргізіледі.

Мемлекеттік комиссия шеңберінде  барлық мүдделі мемлекеттік органдарды қатыстыра отырып, мемлекеттік басқарудың жекелеген секторларының іс-қызметін, салық-бюджет саласының мәселелерін шешетін жаңа заң актілерінің жобасы және / немесе қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобаларын дайындайтын болады.

2012 жыл бойы бюджетаралық қатынастар жүйесін құрудың жаңа принциптеріне бірте-бірте өту үшін  базалық жағдайларды жасау мақсатында басымды заң жобалары қабылдануы тиіс.

Жалпы алғанда жоспарланған шараларды жүзеге асыру мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, мемлекеттік функциялар тізімін жетілдіруге, оларды мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері арасында тиімді бөлуге, мемлекеттік өкіметтің барлық деңгейлерінің тұрақты және тиімді жұмыс істеуін қаматамасыз ететін бюджетаралық модельді құруға ықпал етеді.

Жоғарыда аталған топтамаларды негізге ала отырып,  төменгі бюджеттерге субвенция екі санаттар бойынша беріледі:

1. Мемлекеттік басқарудың міндетті  функцияларын қаржыландыруды қамтамасыз  етуге.

2. Өңірді дамыту бағдарламасын  қаржыландыруды қаматамасыз етуге.

Мұнда төменгі бюджеттерге субвенция бірініші кезекте олардың ағымдағы шығындарын жабуға бөлінітін болады.

Басқарудың төменгі деңгейлеріне берілетін субвенция мөлшерінің есебі негізіне тиісті аумақтағы халықты нормалар мен нормативтер негізінде есептелген ең аз әлеуметтік қызмет көрсету жиынтығымен қаматамасыз ету принципі салынған.

Информация о работе Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау