Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 17:01, курсовая работа
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттердің орындалуын талап етеді:
Нарықтық экономика жағдайындағы бюджетаралық қатынастардың мәні мен мазмұнын анықтау;
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау жасау;
Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің жолдарын өңдеу.
Қурстық жұмысым кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерінен тұрады.
КІРІСПЕ
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бюджетаралық қатынас пен бюджет саясаты туралы түсінік
1.2 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамыту
1.3 Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі мен бюджеттік құрылымы
2.2 Қазақстан Республикасының бюджеттік процесін ұйымдастыру
2.3 Қазақстан Республикасының 2012-2013 жылдарға бюджетаралық қатынастарға талдау
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамытудағы өзекті мәселелер
3.2 Бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бюджетаралық қатьнастар жүйесі заңмен айқын тағайындалған мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттік пен фукнцияларды және бюджеттердің әр деңгейі бойынша шығындарды жіктеу, халыққа қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ету, түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бірыңғай тәртіпке бөлу және бюджетааралық қатынастарды анықтайтын әдістердің бірлікті және ашық болцына негізделеді. Сонымен қатар бұл жүйе келесі негізгі мақсаттарды шешуін қамтамасыз етуге тиісті:
- мемлекет көрсететін қызметтер минимумын елдің барлық аумағындағы барлық азаматтарға кепілдемелі қамтамасыз ету;
- бюджеттердің барлық деңгейінің өзін-өзі қаржы жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
- бюджет деңгейлері арасындағы қаржылық ағындарды ретке келтіру;
- аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқалыпты деңгейін қамтамасыз ету.
Қаржылық сияқты, бюджеттік қатынастар да тікелей қатысушысы мемлекеттік бюджетке, қаржы санатын тұтастай ерекшелейтін осындай жалпы қасиеттер тән. Қаржылық сияқты, бюджеттік қатынастар да тікелей қатысушысы мемлекет болатын беру үдерісінде пайда болады, әрдайым ақшалай түрде іске асырылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арналған мақсатты ақша қорларынының қалыптасуы мен пайдалануына себеп болады. Мемлекеттік бюджет әрқашан да әлеуметтік сала мен экономиканың дамуына әсер етуші маңызды құрал болып келді. Оның көмегімен мемлекет, ұлттық табысты қайта бөлуді іске асыра отырып, қоғамдық өңдірістің құрылымын өзгерте, шаруашылық етудің нәтижесіне әсер ете, әлеуметтік жаңартулар енгізі алады.
Қаржы жүйесінің орталық буына болатын бюджет оның экономикалық табиғаты мен қоғамдық бағытталуымен шартталған қоғамдық өңдірістің аумақтық және салалық үйлесімдерін реттеуге кең мүмкіндіктер алады.
Нарықты экономиканың тұрақты дамуы жағдайында мемлекеттік бюджет өз рөлін жоғалта алмайды және жоғалтпауы тиіс. Қоғамдық өндіріске бюджеттің ықпалының әдістерінде өзгерістер болуы мүмкін. Бұл өзгерістер бюджет қатынастарын түбегейлі қайта құру мен жаңа қағидалы бюджет механизмін қалыптастыру керек.[4, 64]
Бюджет қатынастары – мемлекепен, халық, мекемелер, кәсіпорындар арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ, онда бір жағынан мемлекет кәсіпорындар, мекемелер мен халық қаражаттарын ала отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің мемлекеттік қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы реттеу қызметіне пайдаланады.
Егер, бюджет көпшілік дауыс пен көптеген түзетулер нәтижесінде анықталса, онда мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай, үнемі өзгеру үстінде болады.
1.2 Нарықтық экономика жағдайында бюджетаралық қатынастарды дамыту
Қазақстанды тұрақты дамытуға қол жеткізу мақсатында қоғам мен экономиканы жүйелік қайта құрудың күрделі міндеттері мемлекеттік өкіметтің барлық деңгейінде басқарудың тиімді жүйесі болған кезде ғана шешілуі мүмкін. Өкіметтің әртүрлі деңгейлерінің өзара әрекеті нақты міндеттері мен мақсаттары бар жалпы мемлекеттік стратегияда жиналуы тиіс. Нақты және тиімді көріністері болмайтын осындай қатынастар елді дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарын жүзеге асыруда кері әсерін тигізеді.
Президенттің «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына жолдауындағы мемлекеттік басқару жүйесін құру стратегиясының негізгі принциптерінің бірі болып саналатын «барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» мемлекеттік функциялардың орталықтан аймақтарға децентрализациялауды анықтап берді.
Басқарудың әртүрлі деңгейіндегілердің қайта ойлау және ролді өзгерту, жауапкершіліктер мен өкілеттіктері сияқты децентрализациялау мемлекеттің тиімді іс-қызметіне қол жеткізу әдістерінің бірі болып саналады. Әртүрлі елдердегі, әсіресе Орталық және Шығыс Европа, ТМД елдеріндегі децентрализациялау экономика мен қоғамды демократизациялау мен трансформациялау процесінде маңызды роль атқарады. Бұл децентрализациялау мәнін дұрыс түсінуді, іс-әрекеттердің ойланып және таразыға салынып жасалынуын талап ететін өте күрделі процесс, өйткені қоғам өмірінің әртүрлі аспектерін қозғайды: саяси, құқықтық, әлеуметтік, әкімшілік, экономикалық және мәдени.
Децентрализациялау процесінің тізбекті түрде жүзеге асырылуы Европа, сондай-ақ ТМД елдерінің кеңейтілген тәжіріибесін үйренуді болжайды. Демократиясы дамыған елдерде өкімет органдары жүйесінің жұмыс істеуіне талдау жасау пайдалы болып саналады. Реформаларды жүзеге асыратын әртүрлі елдер арасында, сондай-ақ республика аймақтары арасында тарату мен бірлесіп пайдалану үшін ақпараттармен белсенді түрде алмаспаса біліммен қорлану және оларды талдау мүмкін болмайды. Ақпараттық жүйені құру қажет, сондай-ақ оларды қадағалап отыруға және әртүрлі деңгейде таратып отыруға мүмкіндік беретін мәліметтер базасын құру қажет. Ақпарат алмасудың осындай түрі жергілікті өзін өзі басқаруды дамытуда маңызды құрал болып саналады.
Салықтық – бюджеттік федерализмге арналған экономикңа саласындағы зерттеулерді шартты түрде келесілерге бөлуге болады:
-классикалық;
-жаңа.
Бұл жұмыстар толығымен теориялық жұмыстар болып келеді және осы уақытқа дейін одан әрі зерттеулер жүргізу үшін негіз ретінде өзінің құндылығын жойған жоқ.
Экономикалық мәтінде – ресурстарды аллокациялау (орналастыру) тиімділігінің нарықтық принципіне негізделген мемлекеттік қаржыны децентрализацияланған түрде пайдалану жүйесі.
Осы екі бағыттар бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ алғашқысы субсидиарность принципі шеңберінде міндеттер қойса, онда екіншісі децентрализациялау критерииін анықтауға және осы идеяны іс жүзінде жүзеге асыруға тырыса отырып, фискалды федерализм теориясы шеңберінде осы міндеттерді шешуге тырысады.
Ресурстарды тиімді аллокациялау принципі еңбекті, күрделі қаржыны, жерді және ғылыми потенциалды қоса алғанда өндіріс факторларын тиімді орналастыруды білдіреді. Экономикалық жүйенің тиімділігі – бұл қоғамдық жақсы тұрмыс теориясының экономикалық ғылымда таратылуына сәйкес бағалау категориясы.
Дж. Кейнс заманынан бастап бюджеттік шығыстардың бюджеттік кірістерге міндетті түрде сәйкес келуі анахронизм, мемлекеттік қарыздан қорқақтау – зиянды наным ретінде қаралып келді. Артық өндіріс дағдарысын Дж.Кейнс жекелеген түрлердің «шамадан тыс жиналуымен» байланыстырды, бұл «тиімсіз тапсырысқа» әкеліп соғады. Дж.Кейнс инвестицияның тұтас сұранысқа әсер етуін зерттеу кезінде «мультипликатор» категориясын пайдалана отырып, мынадай заңдылықтарды анықтады: тұтас сұраныстың қосымша өсірілуі мульпликаторға көбейтілген инвестицияның қосымша өсуіне тең болады, ол тұтынудың шектік бейімділігін анықтайды. Мультипликатор тұжырымдамасы мемлекеттік шығыстар мен салықтар нарығы және мемлекеттік қарыздар арасындағы, жинақталған тұтынылатын қорлар қозғалысы мен халықты жұмыспен қамту арасындағы сандық байланысты пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен, Дж. Кейнстің пікірі бойынша салықпен және заемдармен қамтамасыз етілген үкіметтік сұраныстар кәсіпкерлік қызметті жандандырады, қарқыны «мультипликатор» шамасына байланысты болатын ұлттық табыстың өсуіне әкеліп соғады. Үкіметтік шығындар алғашқы сұраныстарды кеңейту үшін түрткі болады. Дж.Кейнс өз қорытындыларымен келесі сұраныстардың негізгі компонентеріне әсер ете отырып, мемлекеттік шығыстардың антициклдік теориясының негізін қалады: жеке және инвестициялық тұтыну, тек тиісті салық саясаты ғана сұранысты пен ұсынысты сәйкестікке келтіре алады. Салық саясаты артық жиналған қорларды алуға бағытталуы тиіс, өйткені оның өсуі ұлттық табысты қысқарту тенденциясына ие болады және сонымен сұраныс пен жұмыспен қамтуды азайтуға себепші болады.
Экономикалық көтерілу кезінде салық шуын ұстап тұрады, өйткені кірістің үлкен бөлігі салық төлеуге кетеді және инвестицияның өсуін кідіртеді. Керісінше, дағдарыс кезінде кірістің түсуі салықтың азаюына әкеліп соғады және кірістің үлкен бөлігі өндірістік және жеке тұтынуға бағытталатын болады. Бұл ережелер Э. Хансеннің, Р.Харродның, П. Самуэльсонның, Г.Хеллердің және басқалардың жұмыстарында одан әрі дамуын тапты және «қосымша салынған бюджеттік тұрақтандырғыш» теориясы түрінде ресімделген болатын. Олардың пікірі бойынша мемлекеттік бюджет тұрақтандырғыштар тобын біріктіреді – ең алдымен, экономикалық циклге бір мезгілде әсер ететін салықты және мемлекеттік шығыстарды біріктіреді.
Э.Хансен шығыстар мен түсімдердің ара қатынасы қасымша салынған тұрақтандырғыш механизмін құрайды, оның көмегімен түсіп кетуді амортизациялайды және көтерілуді шектеп отырады.
Қаржы саясатының кейнстік теориясының негізіне, оның жаңаша түріне Нобель сыйлығының лауреаты ағылшын экономисі Дж.Хикс пен американдық П. Самуэльсонның тұжырымдамалары жатады. Бұл «неоклассикалық синтезде» ақша-кредиттік саясат құралы ретінде экономиканы реттеуді қарастыратын фискализмнің кейнстік идеясы мен неоклассиктер идеясы біріктіліген.
«Неокласикалық синтез» бұл «ескі құндылықтарды» қайта бағалауға әрекет жасады. П.Самуэльсон ұлттық табыстың өсуін зерттеуге бағалар қозғалысына, еңбек ақыға және пайдаға талдау жасаумен кейнстік тәсілді қоса отырып, зерттеудің макроэкономикалық әдістерін микроэкономикалық әдістермен біріктірді. Ол мемлекеттік монополиялық реттеудің жаңа теориясын құруға әрекет жасап қарады, онда ол ұлттық өнімді бөлу мәселесіне көп көңіл бөлді, бұдан халыққа трансферттік төлемдер төлеу және оның әлеуметтік функцияларымен байланысты мемлекеттік шығыстардың өсу жүйесін жасады.
П.Самуэльсон ХІХ ғасырда – ХХ ғасырдың басында маржиналистік мектептің өкілдері құрған «мемлекеттік қызметтер» тұжырымдамасын дамыта алатын «мемлекеттік шығыстардың таза теориясының» авторы ретінде белгілі. Ол спецификалық тауарлар мен қызметтер деп түсіндірілетін «қоғамдық игілік» терминін айналымға енгізді.
«Қоғамдық игіліктің» жеке меншік игіліктен айырмасы келесідей:
қоғамның бір мүшесінің тұтынуы тауардың тұтынушылық қасиетін азайтпайды, мысалы мұндай тауарға ақпарат жатады.
«Қоғамдық игіліктің ерекше табиғаты олардың тұтынуы бірлескен және тең болуы мүмкін, бір ұй шаруашылығына көп берілетін болса, екіншісіне де аз емес көп түседі, әрқайсы қоғамдық игілікке төлегеніне немесе төлемегеніне байланыссыз қоғамдық игіліктен пайда алады».(1., 542 б.)
Қаржылық саясаттың «қоғамдық игілік» саласындағы міндеттері олардың ұсыныстарын реттеуден тұрады, ал қатысудың негізгі мақсаты – мемлекеттік шығыстардың тиімділігіне қол жеткізу. Мемлекеттік қатысуға қол жеткізудің тиімділігі үкіметте қоғамдық молшылық дәрежесі туралы және қоғамның әр мүшесін жоғары бағалау саласы туралы ақпарат болған жағдай да ғана мүмкін болады. Ақпараттың осындай түрі мемлекеттік шығыстардың көлемін және құрамын анықтау үшін қолайлы бола қоймас.
Негізгі критерийіне берілетін игіліктің қоғамдық ерекшелігін анықтайтын критерий жатады. Егер бұл жартылай орын алса, онда нарық экономикалық жүйені әлеуметтік ең жақсы жағдайлар жиынтығына әкеле алмайды, яғни мемлекеттік қатысуын қажет етеді.
Қоғамдық игіліктер теориясының одан әрі дамуына Экономикалық (фиксалды) федерализм теориясы жатады. Экономикалық федерализм теориясының негізгі постулаты мемлекеттік үкіметті децентрализациялау ресурстарды аллокациялаудың (оңтайлы орналастыру) нарықтық талабын сақтаудың алғышарты болып саналады деп бекітуге негізделген.
Нәтижесінде, «әр тұтынушы оған белгілі қоғамдық игіліктерді ұсыну міндеті болатын белгілі бір қаржылық қауымдастықтың мүшесі болады».
Көршілес жергілікті қоғамдастықтың қызметтері бірін-бірі қайталауы мүмкін, сондықтан, аллокация принципі екі рет шығын болдырмау мақсатында өзара әрекет жасап жұмыс істеуді талап етеді. Ақырында, федеративтік мемлекетте әрекет ету радиусы бірдей қоғамдық игіліктерді барынша тиімді ұсыну мақсатында қаржылық жауапкершілікке ие үкіметтің барлық деңгейлерінің өз ара әрекет етулері қажет. Атап айтқанда, бұл фискалды федерализм (бюджеттік) түрінде болады.
«Қаржылық түзетулер» түсінігі соғыстан кейін ғана В.Биккеляның жұмыстарында одан әрі дамытылды. Өзінің бастаушылары сияқты Биккель әртүрлі деңгейдегі аумақтық бірлестіктер арасындағы мемлекеттік міндеттерді бөлудің басымды мағынасын атап көрсетті. Биккель бойынша міндеттерді бөлу федерациялар, жерлер және коммуналар арасындағы қаржылық көздерді бөлу үшін басты негіз болып қызмет етуі тиіс. Биккель бойынша «қаржылық түзетулер» - жариялық құқықтың, сондай-ақ осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында олардың дербес бюджеттік саясатты енгізу жөніндегі құқықтың мемлекеттік міндеттерін орындау бойынша құқықтар мен міндеттерді аумақтық корпорациялар арасында бөлу. Осы тұжырымдама қаржылық автономия құқын алатын федерация мен жерлер және коммуналармен бірдей «қаржылық түзетулер» жүйесіне қосуды қарастырады. Қаржы көздерін бөлуге байланысты «активті» қаржылық теңгерімдеу жүйесі және оларға жүктелетін міндеттерді бөлуге байланысты «пассивті» жүйелер бар.
Информация о работе Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау