Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 17:01, курсовая работа

Краткое описание

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттердің орындалуын талап етеді:
 Нарықтық экономика жағдайындағы бюджетаралық қатынастардың мәні мен мазмұнын анықтау;
 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау жасау;
 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің жолдарын өңдеу.
Қурстық жұмысым кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бюджетаралық қатынас пен бюджет саясаты туралы түсінік
1.2 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамыту
1.3 Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі мен бюджеттік құрылымы
2.2 Қазақстан Республикасының бюджеттік процесін ұйымдастыру
2.3 Қазақстан Республикасының 2012-2013 жылдарға бюджетаралық қатынастарға талдау
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Нарықтық экономика жағдайларында бюджетаралық қатынастарды дамытудағы өзекті мәселелер
3.2 Бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

1Финмен.docx

— 151.77 Кб (Скачать документ)

Бұл фактілер елдің бюджеттік жүйесін құрудың заңмен белгіленген принциптерін,  атап айтқанда  бюджеттің дербестігін, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлерінің бекітілген өкілеттіктер шегінде бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттарын дербес анықтау құқын бұзу болып саналады.

Осы қызметтерді халыққа тікелей көрсететін өкіметтің аудандық (қалалық) деңгейлерінің шығыс өкілеттіктерін жоспарлау мен жүзеге асыруда және соған сәйкес шешім қабылдауында дербестіктің жетіспеушілігі жалпы мемлекеттік функцияларды сапалы жіне тиімді жүзеге асыруға әсерін тигізеді.

4. Жергілікті мемлекеттік басқарудың  деңгейлері бойынша коммуналдық  меншікті шектеу мәселелері шешілген  жоқ.

Коммуналдық меншікті иелену мәселесі мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары үшін өзекті мәселе болып саналады.  Бүгінгі күнде коммуналдық меншікті облыстық, аудандық және ауылдық заңмен бөлулер болған жоқ, сол уақытта ол бюджетпен қатар меншік ретінде мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінің негізгі қызметі болып саналады. Жергілікті жерлерде мемлекеттік функцияларыд жүзеге амыру тиімділігі әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бойынша меншікті шектеу ерекшелігіне байланысты болады.

5. Өкіметтің ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар) деңгейлерінде  мемлекеттік басқарудың толыққанды  институттары мен механизмдері  жоқ.

Ауылдық жерлерде 6,6 млн адам тұрады, алайда, ауылда өкіметтің белгілі вакуумы білінеді:жергілікті басқарудың органы қалыптаспаған, әкішілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шаруашылық және экономикалық салаларда шашімдер қабылдауда дербестіктері жоқ.

Өкіметтің осы деңгейінде тиімді мемлекеттік басқаруды құруда болатын объективті қиыншылықтарға қаржылық міндеттерді орындауда және бірдей бюджеттерге операция жасау кезінде мүмкіндіктердің шектелуі, іс жүзінде әкімшілік қызмет тәжірибесінің болмауы жатады.

Қазір республикада көпшілік аудандардың бюджеттің кіріс бөлігіне түсетін түсімдердің жеткілікті деңгейін дербес қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жоқ, мұның өзі шамамен ауылдық деңгейде ұлғая түседі.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тиімділігін арттыру қажеттілігіне сүйене отырып,  жергілікті маңызы бар жекелеген мәселелерді дербес шешу бойынша оларға өкілеттіктерді бере  отырып, басқарудың осы деңгейінде мемлекеттік өкіметтің толыққанды институтын жасауды талап етеді. 

6. Бюджетаралық қатынастардың қолданыстағы  жүйесі орта мерзімді уақытта  бюджетердің деңгейлері арасында  кірістерді, шығыстарды бюджетаралық  трансферттерді бөлудің нақты  және түсінікті принциптерінің  тұрақты болмауымен ерекшеленеді.

Аумақты экономикалық дамытудың күшті диференцияциясы салдарынан өңірлер арасында кіріс базасын бөлудің бірқалыпты еместігі мемлекеттік сектордың қызметтерін халық бірдей пайдалануға қол жеткізу үшін өңірлерді бюджеттік қамтамасыз етуді түзетудің белсенді саясатын жүргізу қажеттілігін алдын ала анықтайды.

Мұнда осы саясаттың негізгі мақсатына орта мерзімде болашақта өкіметтің әр деңгейінің оларға бекітіліп берілген мемлекеттік қызметтерді толыққанды ұсынуды қамтамасыз ететін заңмен бекітілген тұрақты кіріс көздерін қамтамасыз ету жатады.

1999 жылы  бюджетаралық реттеудің  бюджеттік механизмдері арқылы  әсіресе, кірістерді бөлу нормативтері  мен бюджетаралық трансферттердің  мөлшерін жиі нақтылау жолымен  төменгі бюджеттерден алып тасатуларды  жүзеге асыру нәтижесінде енгізілген  алып тастаулар мен субвенциялар  қазіргі уақытта бюджетаралық  қатынастарда қажетті тұрақтылықты  қамтамасыз етпейді.

Осыған байланысты, мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде бюджеттік түзетулер құралы болып қызмет ететін бюджетаралық трансферттердің қолданыстағы жүйесі өңірлерді дамытудың экономикалық ынтасын шектейтін жергілікті бюджеттерді түзетудің айқын емес механизмі ретінде қабылданады.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттер деңгейлері арасында кірістерді бөлу жүйесі, бюджетаралық реттеулер механизмі іртүрлі және тұрақсыз болып келетінін атап айту қажет.  Жергілікті бюджетерді орындау кезінде оларды жиі нақтылаулар орын алып отыр.

Облыстарда кірістерді бөлудің әртүрлі және бір ізге салынбаған әдістер қолданылады.

Бірінші -  бөлінетін кірістер мен олардың нормативтерінің түрлерін жеке-жеке әр аудан және қала үшін белгілеу.

Екінші – қалалар мен аудандар бойынша бөлінетін кірістердің бірыңғай түрін, бірақ бөлу нормативтері әртүрлі етіп белгілеу.

Үшінші – кірістерді бөлу нормативтері бойынша бірыңғай, төлеушілер бойынша әртүрлі етіп белгілеу.

Төртінші – бұдан әрі бюджеттік алып тастауларды немесе бірыңғай блу нормативтерін белгілей отырып, аудандар мен қалалар бюджеттеріне барлық кірістерді есептеу.

Мемлекеттік шығыстарды ұтымды етуді қамтамасыз ету жергілікті бюджеттердің кірістері мен «қажеттіліктері» арасында қолданылатын теңгерімдеу принциптерінен бас тартуды және бюджеттік қажеттіліктерді бағалаудың нормативтік әдістерін негізге ала отырып, бюджетаралық трансферттердің мөлшерін анықтауға ауысуды талап етеді.

7. Жергілікті атқарушы органдардың  шеттен алып пайдалану тиімділігінің  жеткіліксіздігі.

Мемлекеттік бюджет қаражатын шектеу жағдайларында  жергілікті бюджеттердің теңгерімсіздігін реттеу үшін бюджеттік заңдармен жергілікті атқарушы органдарға өз өңірлерінің экономикасын көтері және дамыту үшін шеттен алып пайдалануды жүзеге асыруға мүмкіндік берілген болатын.  Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдардың алған заемдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің беретін заемдарымен салыстырғанда сыйақының ең жоғарғы дәрежесімен  және оны қайтарудың ең қысқа мерзімімен жасалатынын талдау көрсетіп берді. Мұнда бірнеше жергілікті атқарушы органдар заемдарды алуды жүзеге асырып, облыстық бюджеттен бюджеттік алымдар көлемін азайтуға, қарызға реструктуризациялау жүргізу немесе жергілікті атқарушы органдардың заемдарына қызмет көрсетуге және оны өтеуге байланысты шығындарды республикалық бюджет есебінен теңгерімдеу мақсатында мақсатты трансферттер бөлуге ұсыныс жасайды.

Сонымен, алда болатын орта мерзімді уақытта жоғарыда белгіленген проблемеларға сүйене отырып, елдегі мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар мемлекеттік  функцияларды оңтайландыруға және оларды мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері арасында тиімді бөлуге бағытталуы тиіс.

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің негізгі мақсаттарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері арасында функцияларды,өкілеттіктерді және жауапкершіліктерді  оңтайлы бөлу есебінен халыққа қоғамдық қызмет көрсету, сондай-ақ бюджетаралық қатынастардың тиімді жүйесін жасау жатады.

Аталған міндеттерге қол жеткізу үшін келесі міндеттерді жүйелі түрде шешу ұйғарылады:

1) мемлекеттік функциялардың оңтайлы  тізімін анықтау, оларды жүйелеу  мен жіктеу;

2) мемлекеттік басқарудың барлық  деңгейлері арасында функцияларды, өкілеттіктерді және жауапкершіліктерді  нақты шектеу;

3) Оларға жүктелген міндеттерді  жүзеге асыру үшін мемлекеттік  басқарудың барлық деңгейлерін  жеткілікті қаржы қаражатымен  қамтамасыз ететін бюджетаралық  қатынастардың оңтайлы моделін  жасау. Бұл мақсаттарда келесілер  қарастырылуы тиіс:

мемлекеттік басқару деңгейлеріне шығыс өкілеттіктерін бекітуді реттеу;

жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлеріне кіріс көздерін заңды түрде бекіту;

бюджетаралық трансферттердің тиімді моделін анықтау;

4) мемлекеттік басқарудың ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы  бар) деңгейлерін институционалдық  және функционалдық нығайту.

Қазіргі кезде жүріп жатқан Қазақстан Республикасындағы терең саяси-экономикалық қайта құрулар ұстанымпазды жаңа бюджетаралық қатынастар жүйесін құру мен бюджет құрылғысының проблемаларын шешіге дәлелді көзқарастарды жасау және бюджет жүйесін реформалауға бағытталған белгелі бір шаралар жиынын жүргізу қажеттілігін шарттады. Бюджетаралық қатынастар жүйесі арқылы жүзеге асатын бюджет мәселелерін шешу бойынша әдіснамалық ұсыныстар мен теориялық зерттеулердің негізделуі өз уақытында және маңызды болып көрінеді.

Қазіргі бюджет-салық саясатының бірден-бір басты мәселесі болып республикалық және жергілікті бюджеттердің табыс базасын кеңейту  мен нығайту, қолданыстағы салықтар мен  төлемдерді  қысқарту арқылы салық ауыртпалығын төмендету, салық салудың халықаралық тәжірибесінің үдемелі әдісіне жақындау болып табылады.

Республикадағы қазіргі қолданыстағы салық механизмінде бюджет жүйесі ұтымды қызмет ете алмайды, ал салықтар болса мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі  ретінде оның табыс бөлігін қамтамасыз ететіні белгілі. Республикадағы  өндіріс көлемінің ұлғаюы, жалпы ішкі өнімнің өсімі, мемлекеттік бюджетке түсетін табыстар деңгейінің жоғарылауы тікелей қаржы ресурстарын пайдаланатын кәсіпорындармен қатар, жеке тұлғалардың қызметін ынталандыратын тұтқаларды тандауға байланысты.

Жаңа бюджет және салық саясатының жүзеге асуының алғы шаралары болып әр түрлі  деңгейдегі  бюджетте шоғырландырылатын қаржы ресурстары көлемінің  оңтайлы жағдайы және әрбір бюджет деңгейінен қаржыландырылатын шығындар көлемі және билік деңгейлері арасындағы бюджетаралық қатынастар механизмінің іс-әрекетке қабілеттілігін құру табылады.

Қазақстанда жаңа бюджетаралық қатынастар жүйесін қалыптастыруда анағұрлым елеулі мағынаны келесі мәселелер көрсетеді:

  • барлық бюджет жүйесінің тұрақтылығының кепілдігі ретінде мықты мемлекетік бюджетті қалыптастыруды, нарық экономикасын реттеудің қуатты құралы және мемлекеттің жалпы ұлттық функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік және инвестициялық бағдарламаларды бірлесіп қаржыландыруға жергілікті және республикалық  бюджет ресурстарын аумақтарға шоғырмландыру, мақсатты қаржылық трансферттерге өту.

Қаржы ресурстарын қайта бөлудің қолданыстағы жүйесінің кемшіліктері мұқтаж аймақтарға қаржылық көмек көрсету, жергілікті бюджетті тиімді реттеуді жүргізетін бюджетаралық қатынастардың ұстанымпазды жаңа механизмін жасау қажеттігін келтіреді. Егер, қазақстандық дәстүрлер мен жағдайлар жергілікті басқару органдарын Орталықпен бюджетаралық қатынастарда тең құқылы серіктес болуға рұқсат етпесе, онда олардың өзара қатынастарындағы бағынышты міндетті заңды түрде ресімдеу, жоғары тұрған бюджеттермен қарым-қатынастарда олардың құқытарының кепілдігі мен құқытарын тұжырымдау қажет. Қандай жағдай болмасын, бюджеттік өзара қатынастардың үлгісіне тәуелсіз, төменгі бюджет деңгейіндегі үлкен тапшылықтың шоғырландырылуы мемлекеттік аймақтық саясат пен аймақтарға бюджеттік көмек жүйесін, аймақтардың объективті бюджеттік қажеттіктерімен олардың анағұрлым  тығыз үйлесуін талап етеді.

Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейкесті және күрделі мәселеге айналып отыр. Бюджетаралық қатынастардың жетілдірілмеуіне байланысты әртүрлі деңгейлердегі билік органдарының көптеген қаржылық мәселелері өршуде. Қаржыларды орталық бюджетке шоғырландыру, әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында  қаржылық ағымдарын болуы, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері деңгейінің төмендігі – осылардың  барлығы жергілікті билік органдарының, халықтың өмірлік маңызды мәселелерін шешу мүмкіндігінен айырады, сонымен қатар сәйкес аумақтарда тиімді салықтық-бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды.[9, 20]

Қазіргі бюджеттік мәселелерді шешу және деңгей аралық бюджеттік қаржылық ағындарды оңтайландыру үшін бюджеттік жүйенің барлық деңгейлеріне   салықтардан бөлулер немесе салықтарды бекіту жүйесін жетілдіру қажет.

Салықтарды бекіту жүйесінің негізін салушы қағидаларды анықтамайынша, әртүрлі деңгейлердегі бюджеттерге салықтардан бөлулер және оларды бекітудің оңтайлы түрлеріне қол жеткізу не тәжірибелік, не теориялық тұрғыдан мүмкін емес. Қағидаларды таңдау бюджеттік жүйе шешуге негізделген міндеттерден тәуелді.

Деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағымдарды оңтайландыру кезінде бюджет жүйесінің қандай да бір деңгейін жетілдіруге басым күш жұмсау өте қауіпті, ал мұндай үрдістер қарастырылуда. Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша көптеген ұсыныстарды авторлар бюджет жүйесінің  тек қандай да бір деңгейінің жұмысы үшін бюджетаралық қатынастардан тиімді моделін жасауға ұмтылады. Деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағындарды оңтайландырудың мұндай бір жақты көзқарасы елдің бюджет жүйесндегі сәйкессіздіктің тереңдеуіне әкеледі. Бюджеттік нормалар және ережелер, тек қандай да бір белгілі билік деңгейінің мүддесін көздемей жалпы бюджеттік жүйе алдында тұрған проблемаларды шешу қажеттілігінен  шығуы қажет.

 

 

3.2    Бюджетаралық  қатынастарды жетілдірудің негізгі  бағыттары

 

Бюджет жүйесінің проблемаларын олрадың серпінінде зерттеу, Қазақстанның нарыққа өту жағдайында, оның ішінде экономикалық реформаларды терендетуде бюджеттік  құрылғыны  қалыптастырудың ерекшеліктері мен жалпы заңдалықтарын көрсету және бюджетаралық қатынастардың проблемаларын шешуде осы реформаларды жетілдіру  жолдарын белгілеу табылады және олардың негіздері болып:

  1. Қаржы-бюджет және салық  заңнамасын әзірлеуді жетілдіру. Бұл жағдайларды объективті қажеттілік болып: а) ақша қорланымдарын реттеуге  мемлекеттің  араласуы, қаржы ресурстарын салық жүйесі арқылы қайта бөлу мен инвестицияларды қаржыландыру, ал қажетті жағдайларды бюджет жүйесінен операциялық  шығыстарға да араласу; б) салық төлеушілерге инфляцияға қарсы көзқарас қалыптастыру, жинақтарды капиталдандыру және өндірісті дамытуға салықтардың ынталандырма рөлін күшейту;
  2. Осы кезеңде бюджет жүйесі шығыстарын қалыптастырудың жолдарын ынықтайтын үнемдеу режимін сақтау және мемлекеттік шығыстарды оңтайландыру қаржы ресурстарының тапшылығы болып табылады.
  3. Халықты әлеуметтік қорғау. ¤йткені, осы мақсаттарғы бөлінетін бюджеттік қаржы бөлулер жалпы әл-ауқаттық кепілдік бола алмайды, мемлекеттік шығысдарды оңтайландыру мақсатында оларды бюджет жүйесіне жұмылдыру қажет және республикалық және аумақтық бюджеттерден олардың мақсатты әрі тиімді жұмсалуының пәрменді бақылау жүйесін құру маңызды боып табылады.
  4. Қазақстан Республикасы Конституциясымен көзделген, республикалық және жергілікті билік органдары өілеттігі мен енгізу іс-әрекеттерін бөлуден шығатын жергілікті басқару органдары бюджетімен және республикалық бюджет арасындағы шығыстарды заңдық деңгейде нақты бөлуді жүргізу;
  5. Жергілікті бюджетке республикалық салықтардың аударымдардың белгіленген сараланған нормативтеріне бірдей есептеу принциптері мен біртұтас әдіснаманы қолдану, өйткені әр түрлі салықтық әлует, әр түрлі халық саны бар, басқарма мен олардың билік органдарының сіңірген еңбегіне немесе оның кінәсі бойынша емес әр түрлі аймақтарда бірдей емес бастапқы шарттар қалыптасқанын ескермеуге болмайды.[1, 6]

Информация о работе Казақстан республикасының бюджеттік жүйесіндегі бюджетаралық қатынастарға талдау