Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 13:04, диссертация
Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады.
КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3
І. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ...............................................................................15
1.1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ САЛТ-САНА, ДӘСТҮР МЕН НАНЫМНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ ................................................................................................15
1.2. БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ КЕСТЕЛЕНУІ.................................56
ІІ. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................................................................................74
2.1. «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫНДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ...............................................74
2.2. «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТТІҢ КӨРІНІСІ ...................................................................................................................................84
2.3. «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР ............................................................................................103
2.4. «БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ», «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР» РОМАНДАРЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................114
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................138
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................143
- Қалай, мынау біздің қатынға сияр ма екен?
- Оны менен неге сұрайсың? Сенің қатыныңның сауырын сипап көрді ғой дейсің бе?
- Мына біреуі немене? Әйелдікі ме, еркектікі ме?
- Алды тілік, түймелі болса – еркектікі, бітеу болса - әйелдікі.
- Қатып кеткен жоқ па? Мұндағыдай сақтиян етікті Хиуа мен Бұхардан таба алмайсың?
- Әттеген-ай, ұрын баратын жастан асып кеткеніңді қарашы! Әйткенмен мынандай көк етікпен барша балдызыңды оң жақта отырғанда-ақ тоқал қылып қайтар едің?
- Көп былшылдамай көзіңе қара! Ышқыр бауың салбырап кетіпті. Әрлі-берлі өткендердің біреуі аяғымен басып қалса, айдай жұрттың алдында масқара боп жүрерсің? Жан-жағың толы әйел...
- Ештеңе етпес, көп болса, көрімдік берер...
- Мынау қауға сақалдың иегінде қанша бит жүр екен?
- Немене, тұқымға алып кетейін деп пе ең?
Мұндай көңілге қарамай,
ойына келгенін әдейі жанға батыра
тигізе, опыра қалжыңдау, қалжақтасу
қазақтың менталитетіне әбден үйлесетіні
- Әй, сығырақ, сен неге бүлкілдейсің? Немене, қайыненең қарсы алдыңнан күнтимесін қайшылап жалаңбұт отырып қалып па?»[1,118-б] - деп тарпа бас салады. Әбіш сахарада еркін, ерке өскен дала перзенттерінің арсы-гүрсі аңғал мінезін, шолжаң баладай аржағында зілі жоқ кедір-бұдыр тілін, білетінін өзгемен бөлісуге асығып тұратын аласыз пейілін, шамына тисе ештеңе қарамай бас салатын тарпаң асау болмысын кейіпкердің диалогы, әрекеті, жан құбылысы арқылы-ақ талдап, танытып береді.
Ұлтжанды Әбіш Кекілбаев қазақ даласының табиғат құбылысын сипаттағанда ұлттық теңеулерді шебер пайдаланып, қоршаған табиғат құбылысын, оның адамға тигізер ықпалын оқырманның көкірек көзімен көруіне, аллегориялық мәнін танып-білуіне мүмкіндік жасайды. Табиғаттың төрт мезгілінде біле білгенге көшпенді өмірдің бар қиыншылықтарымен бірге, қойнында күн кешкендердің көретін қызығы, мерейін үстем етер шақтары да жеткілікті. Бала тәрбиесіне де көшпенді көретін қызығы, мерейін үстем етер шақтары да жеткілікті. Бала тәрбиесіне де көшпенді өмірдің жазылмаған заңдары, тигізер шарапаты шаш етектен. Малшы, жылқышы, түйеші, қойшылармен көш-жөнекей табысып, ұзақ сапар бірлесе шаруаны қатар атқарысқан балалар аттың жалында ойнап, қару-жарақпен қалай шайқасып, ауа райының алуан құбылысын бастан кеше шынығып, елінің ертеңгі еңіреген еріне айналуының бар қаракеті, амал-тәсілдері керек десеңіз сол жылқышы, малшы, қойшылардың көш-қоңында, белуардан көк шөп төселген, туырлығынан жұлдыздар жамырай көрінген қосында түнеп жатқанда шымырлап бойларына сіңген. Әлемдегі экологиялық жағынан ең таза, нәрлі, қуатты, сіңімді, дәру астың түрлері қазақ дастарханына біткен. Аптаның әр күніне тән гидромелиоративтік ерекшеліктерін жұртымыз жете бақылап, төрт түлік малдың жайына қатысты бабы қиын, шаруашысының қыбында ауа райының қас-қабағына, жұлдыздардың қозғалысына қарап ыңғайластырудың амалына мәтіби. Ел мен елді табыстырып, достастырып, бір шаңырақтың астына ниет-пиғылын қосу, мақсатымен қазақ, түркі халықтары қыз алысып, қыз берісуді ата-салтына айналдырған. «Судың алдын шым, даудың алдын қыз бөгейтінін қиын сәтте бекем ұстанған. Ас, жеңсік тағамдарды әзірлеуде қазақ әйелдері алдына жан салмаған. Ең ақыры, шәй-екеш шәйді демдеуде де дала гүлдерінің жапырағын, гүлін кептіріп, үгіп, қошиісті болуын, тәнге жұғымдылығын, емдік қасиетін ескерген. Сондай-ақ Әбіш күллі түркі жұртына қасиетті саналатын наурыз мерекесін тойлаудағы ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүріміздің оны қалай байытып, жаңа мазмұн, мағына бергенін; қазақта ант беру рәсімінің қаталдығын, бірақ оның әділет жолын ұстанғанның абройын асқақтататын құдіретін жазушы философиялық тұрғыда пайымдайды. Қазақы әзіл-қалжың арқылы кейіпкерлерді мінездеудің ұтымды тәсілінде жазушы сәтті диалогтармен берген. Қалың-мал қазақ қызының тағдырын табанға таптауына себепкер болған кейбір кеселді жайларды тереңнен байыптап, саралап көкейіңе құяды. Қызды теңдігінен айырып, сүйгеніне қоспай, малға сатып қорлаған қоғамда отбасында ізгілік, адалдық, тазалық, өзара түсіністік болмай, құрған шаңырақтың ірге тасы осал қаланып, зорлықпен қосақталған жандардың тағдыры түбі трагедиялы кепті киетінін қаламгер Торғын бақытсыздығын жүрегі сыздай бейнелеу арқылы ауыр ойға шомдырады. Халқымыздың күллі тарихын жетік білетін сұңғыла суреткер романдарында ұлттық менталитетіміздің азығы мен тозығын зерделеп, жас ұрпақты жұртының өткенімен қауыштырып, тарихпен тәрбиелеуді басты мақсаты санаған.
2.3. «Күтумен кешкен ғұмыр» романындағы өнерге құрмет пен ұлттық мінездегі керағарлықтар
Қазақ жазушыларының ішінде ұлттық менталитетті өзінің кез-келген шығармасында басты тақырыбы ететін жазушының бірі - Бексұлтан Нұржекеев. Өйткені, тисе терекке, тимесе бұтаққа қаламын тербеп жүргендер-нысанасынан жаңылып, оңай олжа іздеп, ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүруге кәнігіленіп кеткендер. Ал нағыз қаламының қамау тері алынып, алысқа шабатын дарындар ең көкейкесті, басты тақырыпты көздеп, халқының арман-аңсарын темірқазығы етпек. Ғалым М.Неведомский: «Толстой спокойно и уверенно вводит нас в душу каждого своего героя, и мы вместе с ним глядим изнутри этой души на окружающий мир, глядим-глазами героя, слушаем-его ушами, ощущаем каждое движение его мускулов, каждое движение его нравов. Нет тайн. Все ясно, все известно, до последней психологической черты. Толстой вводит в нашу художественную литературу особый прием-трактовать каждую сцену с точки зрения интересующего в данный момент лица»[38,73-б], - деп ұлы жазушының қолы жеткен биік шеберлігіне тәнті болады. Сол айтпақшы, қазақ жазушысы ұлттық кейіпкердің бойындағы ұлттық өнерге деген құлшынысты, сол ұлттық өнерден қалың тыңдарман тыңдағанда әннен алған әсерлері әлемет, құдды, ұлы Абай жырлағандай: «шырқап, шалқып, сорғалап, тамылжиды, жүрек тербеп оятар баста миды, бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда, ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды»... Қазақ филормониясы, қазақ концерті, Опера және балет театры, драма театрлары жоқ заманда жалпақ жұртты халық арасынан шыққан әнші-сазгер, ақындары олқының орнын толтырып, бір өздері қаншама өнердің басын қосып, барған жерлерін әнмен де, күймен де бөлеп, артистік шеберлікпен орындап, думанға қарық қылған. Соның бірі әрине, «Күтумен кешкен ғұмырдағы» Әтіке-әнші, сазгер, ақын. Қазақ әншілік өнерді жоғары бағалаған. Сал – серілерді еркелетіп, олармен қауышуды асыға күтіп, кездестіруді үлкен мәртебе, қол жетпес арман санаған. Сондықтан, олардың халқымен қауышуының сән-салтанаты, көрсетілетін құрмет, жұртына жасар еркелігіне қарай сал және сері деп жіктеп, екеуінің арасына айтарлықтай қошамет-құрметтің түрлерін де халық өзі ойлап тапқан. Өнер де - маңдайдың терімен келетін киелі құбылыс. Соны ескермеген ыстық суға тоғытылған тасбақадай өзін өзі жоғалтып алары кәдік. Қапал, Баркөрнеу, Аққайқы өңірінен басқа жерге аты шықпаған өнерлі жігіт Әтіке жолы түсіп албандардың арасына барып қайтады. Барша албан жасы, жасамысы, кәрісі бар жиырма беске толмаған күміс көмей әншіні жатырқамай, бір жеті құмары қанғанша тыңдап, Айсары болыстан бастап аяғынан тік тұрып құрметтеген. Сол сәтті Бексұлтан: «Қонақ еткен ауылдар, қошамет көрсеткен қыз-қырқын, батагөй қарттар мен сауыққой жігіттер есіне солар түссе, бүйрегі бүлк етіп бір қозғалып кеткендей болады: оларды еске алғанның өзі соншалық рахат. Көзін жұмса-ақ бәрі қаз-қалпында көз алдына дөңгеленіп келе қалады... Қазаққа көш жердегі ауылға дейін көрші, олардың бас-аяғы жиналғанша, мал сойылып, одан қазан көтерілгенше әнге де, әңгімеге де уақыт кең-молынан жетеді... «Әнші келіпті», - дегенді естіген жұрт дәп біреу тегін ақша үлестіріп жатқандай ентелейді. Соншалық құрметке бөленіп отырып, ондайда салмаған ән өзі де әдіре қалсын»[2,5-б], - деп бейнелейді. Әншіге керегі – қошамет. Күллі ауылдың қоғадай жапырылып, ұлықтан әрман күтіп, әннің әуезін, сөздің шырынын сіміріп, кірпік қақпай, аузын ашып беріле тыңдауы Әтікенің арқасын онан арман қоздырып, әсіресе жас қыздар мен қасы-көзі қиылған албанның кермаралдай керілген сұқсыр келіншектерінің найзадай кірпіктері әлдебір сезімнің кілегейін шайқаса жас әнші ол ыстық сәттерді қалай сөндіре салмақ?.. Қазақ үшін «өмірдің алды – ыстық, арты – суық, алды ойын, арт жағы мұңға жуық, жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, өмір сәуле көрсетер судай тұнық» (Абай). Сондықтан жұртымыз қарын тойдырып, тәннің талабымен хайуанша күйсегеннен, рухани ағзасын тойдыратын, алпыс екі тамырына ағыс беріп, қатып қалған тамырларына қуат-күш, ыстық толқын ойнатып, түлететін, «құлақтан кіріп бойды алатын, жақсы ән мен тәтті күйді» аңсаған. Тыңдарман «Әнші келді» деген ұзынқұлақ жеткенде, күнделікті таусылмайтын қу тірлікті доғара тұрып, әншіні көзбен көріп, жүздесіп, тыңдағанша сабыры қалмаған. Өзін аңсап, әнін көктемгі ағысқа қарсы жүзген балықтай толқынға мініп жеткен халыққа Әтіке қалай еміренбесін, «көңілге түрлі ой салар» отты, назды әндерін қалай шырқамасын! Әнмен табысу, әншімен табысу – қазақ үшін Қызыр баба ауылына қонғанмен бірдей, мал сойылып, қазан көтеріліп, қымыз ақ бұлақтай ақтарылмақ, өйткені, «әннен баһра алудың» сәтінен қазаққа қымбаты жоқ.
Көрнекті жазушы К.Федин: «Чтобы понять характер, надо понять его рость, понять из чего этот рост складывался. В какой семье жил, в каком доме, школе, обществе, государстве формировался герой... это не значит, что мы должны непременно биографически рассказывать о каждом герое все, что сложило его биографию, но это не значит, что мы можем понять его в данную секунду, не зная, как он формировался, чтобы прийти к этой секунде»[49,28-б], - демекші, Б.Нұржекеев «Күтумен кешкен ғұмыр» романында бас кейіпкер ретінде бейнеленетін Әтікені Суанның Солтанқұл бұтағынан шықты деп мәлімет бергенімен, нағыз өнер адамдары руымен емес, шыққан өңірінің намысын жыртуымен аты шыққан. Өңірі, кейін атағы күллі қазақ даласын шарлағанда елі боп әспеттеп, мақтанған. Әзірге Әтікені туған өлкесінің сөзін ұстаған, ешкім алдын кесе өтпеген, ауыл ардагері Байтарақ қария: «Егер шындап өнер қуам десең, ел арала, жақсылармен жолық, жайсаңдармен жүздес; үйренерсің, ой түйерсің, әйтеуір, есейіп қайтасың»[2,6-б],-деп кеңес береді. Өйткені, Әтіке Қапал өңірінен сонау Кеген аймағы, Қарқара жайлауы асып Албандарды ән бұлағымен суарғанда, өнер десе ішкен асын жерге қоятын, ояу, жаны жомарт Айсара болыс Әтікенің өнеріне құлап, Қапал уезінен көшіп кеп, Қарқараға қоныс тебуін өтінеді. Осы жақтың қызына үйлендіретінін, басына үй көтеріп, алдына мал салатынын айтып, жік-жапар болады. Бірақ, «ит тойған жеріне, ер туған жеріне» деген ата-баба өсиетіне берік әнші жігіт жайсаң, жақсы ағаның ыстық ілтипатына ерігенімен, өтінішіне келісе алмай еліне оралады. Жоғарыдағы Байтарақ қарияның өнерпаз, қанатты інісіне ел арала, жер көр, кеудесі алтын сандық қариялармен, ел қамын жеген жақсылар, халық мүддесін ойлаумен шашын ағартқан жайсаңдармен әңгіме дүкен құр, жаның жаңарады, жүрегің нұрланады, қаның асылданады, сөйтіп, рудың сойылын соғатын, ұрдажық, оспадар, тар ойлап, кем пішетін мысық тілеушіліктен, халқыңның мұратын армандаған биік, тұлғалы азаматқа айналасың, әкенің емес халықтың ұлы боласың деуі тегін емес. Шындығында, Айсары болыс қолқа салайын десе ән айтып, домбыра шертер жігіттерден сол аймақтың өзі құралақан емес шығар деген, ағалық кеңесі көңілге қонады. Өйткені, ой тоқтата, төңірегіне барлап қараса абыз ақсақалдың божалы қолмен қойғандай. Албанда жүріп Әтіке қарт әнші Дүйсенғалиды көріп, ақыл-кеңесін тыңдайды, өзін біраз сынатқан-ды. Бабына қан түкіріп барып келетін, даусы ашылған соң «бақи қоймас, фәнидің мінін көрмейтінін» айтарына алтын арқау етіп, таңды таңға ұластырып, кешті кешке жалғастырып, өлеңнің селін қаптатып, бұлтын жаудырмай тынбайтын Зәру әнші жайлы аңызды да төңірегіндегілердің егіле шерткен әңгімесінен естіген. Жүйріктің алдына қара салмай қарақшыға жетуін қосқан елі үздіге тілегенімен, даңқы қызғаншақ Күнес әншінің күншілдігін қозыдырып, аңдыған жендет шың басында алаңсыз өзімен-өзі сырласып тұрған біртуар талантты құзға құлатады. Жабы Сальери тұлпар Моцарттың түбіне осылай жетеді. Сондықтан үздік талант, даусыз жүйрік жалғыз жүрмей, қасына өнері өнерімен үйлес, жаны жанымен мұңдас, азаматтығы досының сырын шашпайтын, басына іс түссе, кеудесін оққа төсеуден де қашпайтын сыңарын бірге ерте жүргені жөн. Аузы дуалы, көзі қырағы Байтарақ қария Әтікеге: «Бірақ тынық та, Жүнісбекті де қасыңа ертіп сапарыңа қайта шық. Айсары дұрыс айтыпты: «Жүйрікті жүйріктермен ғана жарыстырып сынайды. Бекер адам болыс болмайды, балам. Тәтті қылығы, алдайтын тілі бар болғасын болады. Сыйлапты, бағалапты – бәріне рахмет. Өлеңіңе қызығып қия алмаған шығар, қасыма ертіп барып жәрмеңкеде ән шырқатсам деп қиялдаған шығар, оның несі сөкет»[2,17-б] – деп бағын ашайын деп тұрған сапарына жалғыз аттанбай, бала күнінен бірге өскен, өңірге аты, өнері мәлім Жүнісбекті ерте кетуге кеңес береді. Тегі, қазақ қарияларының ерекшелігі аулындағы бітімі бөлек жасты бөтенсінбей бауырына тартқан, жұрты үшін жаралған аймаңдай ұлды баулып, жамандықтан жасқап, құдды бір жеміс ағашындай түзеп, өміршеңдікті бойына сіңіруден жалықпайтын дарқандығы дер едік. Бұл да – ұлттық менталитет. Жаугершіліктен, бөтеннің қырыс қылығынан көп таяқ жеген халық ұрпақ тәрбиесінде өзінікі, өзгенікі деуден аулақтау жүргенді жөн санаған. «Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ, ең болмаса кеттің ғой мал баға да алмай» (Абай), - деп ұлы ақын налығаны жөн шығар, ал Байтарақ қария еңбекке де, мал бағуға да икемді өнер десе жанып тұрған жасты бөтеннің ызғарлы қабағынан, ішітарлардың тырнағынан, ағайынның табасынан, құздың тайғанақ жағасынан сақтандырады: «Күні бұрын күпінбей іштей әзірлен. Әйгілемей, бәйге әндеріңді құпия сақта. Жиын-той-жігітке сынақ. Көпшілік отырып-тұрғаныңа дейін талғайды. Ән арасында әзіл сөз – ол да жұрттың жүрегін табады. Тапқыр қалжың – танымайтындардың өзін бауырға тартады. Батыр, балуан емессің, озбыр сөйлеуден аулақ бол. Сызылған әніңе ондай оспандарлық үйлеспейді»[2,17-б] – деп ғұмырына жетерлік ақыл-кеңесін қосады ақылман қария Байтарақ. Егер мұхит топаның тас-талқанын шығарса, жер бетін топан су қарап қылары анық. Күллі жұртты аспан астына жинап, ләззатқа бөлеп отырған ән, оның сөзі адамның қан тамырын қуалап, жүйкесін құрт қосқан сорпадай жібітіп, ақиқатқа имандай ұйытпаса, онда өнердің құны көктиын. Өнер ешқашан қайталанбас сазы, сөзі, орындау шеберлігімен, философиялық тереңдігімен, тапқырлығы, жан-дүниеңді жібек орамалмен сипағандай жайлы әзіл-қалжыңымен, шешендік үйірімдерімен баурауы қажет. Ал, бөтен сөзбен бұлғанып, жаныңды өтпес пышақпен қинап, дөкір мінез-әрекеттерімен, қимылымен намысыңа тиіп, заңды ашу-ызаңды тудырса, ондай әншісымақтардан жұрт теріс айналып, көктемді дәметіп, аязды қыстан жаурап оралғандай жиренішті сезімге бөленбек. Байтарақ қария Әтікенің әні эстетикалық биіктен табылуын «көңілге түрлі ой салар» дәрежеден төмендемеуін өлшеу етеді. Сол «өлшеу еткен» әнді орындау үстіндегі Әтіке әншінің психологиялық жан құбыласын Б.Нұржекеев: «Әтікеннің ең ажарлы кезі ән салғанда сияқты. Ақ сұр реңі алакүрең тартып, жүдеу жүзіне жұқа қызғылт әдемі жарасады. Көз шарасы қарашыққа ғана толып, жанарын жалт аударғанда, жел шайқаған тұнық көл құсап, кемерінен асып төгіле жаздағандай әсер қалдырады. Қас қағымның ішінде көз жанарының аясында қиямет өзгерістер болып өтеді. Ән сазымен септестіріп қойған өзгермелі сурет құсап бет келбеті де әуенге орайлас құбылады. Сақпанның тасындай көкке зырлаған дауыс шырқау биікке барып әсем, дірілдеп, көпке дейін төмендемей тұрып алды»[2,45-46-б],-деп поэтикалық бояуын келістіре жағып, әнші мен әннің гармониялық үйлесімінен тұратын сәтті Нұржекеев дәл ұлы Абайдың: «Көбінесе ән басы келеді ащы, «Кел тыңда!» деп өзгеге болар басшы, керім толғап, тауысар қаңғыр-күңгір, сол жеріне ойыңмен араласшы» деген өлшемін айнытпай жүзеге асырғандай. Қазақ әнді-көңілдің ажарына балап, әнсіз ғұмырдың мәнсіздігін ежелден-ақ ұққан дана халық. Тек ұйып тыңдауды місе тұтпай, әншінің мерейін өсіріп, төккен теріне лайық бағасын беріп, қоштап, делебесін қозыдырып, шабыттандыра, аруақтандыра түскен. Әтікенің өзі шығарған «Баркөрнеу» әнін тыңдап болып, көзі шоқтай жанып, ойға батқан Байсиқ шал бастасы Байтарақ қарияға қарап басын шайқай: «Ән емес, ақыл ғой айтқаны. Жақсылар дейміз, садаға кетсін бәрі! Бүтін елді бұтарлап қалай бөліп аларларын білмей, өзді-өзі өлісе жаздап жүрген жоқ па, түге. Білген құлға бұл әніңнен артық не айтарсың. Бәрі осы Баркөрнеудің бауырында туса да, әрқайсысы өз алдына жеке Баркөрнеу болғысы кеп жүрген мына бауырларың тағы бір тыңдасын, қайта бір айтшы, айналайын!.. «Мына» дегенде, неге екенін, иегі Жайту жақты меңзеді»[2,47-б], – деп әннің сазына да, әсіресе сөзіне риза болып, толқиды. Қуатты да үнді, кең тынысты даусына таңқалады.
Қазақтың менталитетіне қатысты тағы да бір сұңғылалығы - ол қарсыласының күші асса, өнері асса мойындап, қошемет көрсетуге тайсалмайтын кісілігінен де көрінеді. Үмбетей қажы жасаған аста-төк тойда жиналған жұрттың алдында әншілігімен көзге түскен Әтікеннің қайталанбас қабілетіне осы қуанышқа алыстан ат арытып Теріскейден арнайы шақыртумен келген екі әнші Сақан мен Түсіп қатысып, Алла бойларына дарытқан дарынына Жетісулықтарды таң-тамаша етпек еді. Алайда Әтіке жарыста соңына қара ертпей, дарабоздығынан жаңылмады. Атақты әнші Түсіп өзінің «күндесі» Әтікеннің өнерін мойындап, «астыңа мінгізген атым болсыншы» деп қақпақ бетін сүйекпен өрнектеген домбырасын сыйлады. Екінші мықты әнші Сақан да ағасының мәрттігінен үлгі алып, «бәйге берсеңдер, Әтікеге беріңдер!» деп атадан келе жатқан жолдан жаңылмайды. Бірақ Сақан да, Түсіп те одан кішірейіп қалған жоқ, қайта өнерді өнерпаз ғана мойындайтын алыптығына жұртты бір теңселтіп алады. Француз жазушысы Ф.Ларошфуко: «О достоинстве человека нужно судить не по его великим дарованиям, но по тому употреблению, которое он делает из них»[40,295-б], - демекші, Әтікенің сазгерлігі, ақындығын елемеген күнде, тек әншілігімен –ақ топ жарды, ал қалған екі қырын үстемелеп қосса жұлдызы онан да жоғарлап, жарығы маздап жанары ешкімге күмән қалдырмады. Қазақ ұрпағына тастан сарай салып, Қытай қорғанын жүргізіп, өнер-білім бар жұрттардай сусыздан сусын ішкізіп, мың шақырым жерлерден жылдам хабар алғызбағанымен, бай ауыз әдебиетін, мәңгі өлмес, құлалас қазына қалдырып кетті. «Баркөрнеу» әнін бастағаннан-ақ Байсиық шал мұндай кереметті тудырған жігіттің жаралған топырағының басқаларға ұқсамайтынын бірден мойындайды. Ел соңынан ерді деп санайтын Жайту, Байту, Үмбетей қажы, Жұмабек, су жұқпас Сүлеймен, Елшібек Темірәлі, Дастарбек, Нүсіпбек, Темірәлі, Құдайберді, Бекмұқан т.б. «бүтін елді бұтарлап», «ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деп билікке таласып, басына моншақ көтерген жұртын алатайдай бүлдіріп, қажының тойын ырың-жырыңға айналдырып, соңын бітіспес кекке, таусылмас дауға ұластырып, өшіруі қиын өрт тастап кетті. Қазақты қазақ етпей жүрген қасиетсіз қылықтар да романда бой көрсетеді. Үйгентастың белінде отырған Үмбетей қажы өзінің қуанышын алыс-жақында тұратын ағайын-туған, құда-жекжаттарымен бөлісу үшін үлкен бір той жасауды көңіліне алады. Ас беру, той өткізу үрдісі сонау сақ заманынан келе жатқан көшпенді бабаларымыздың жомарттығын көрсететін әдемі, елді ынтымақ-бірлікке шақыратын әдеті. Көптің басын қосатын той ырың-жырыңсыз өтуіне мазасызданған Үмбетей қажы өзінің ең жақын, сенімді жігіті Жұмабекке: «...біз-тойдың иесі, түзік жүрсін. Дау-дамайсыз өтер деймісің, біз бірақ бәріне ара ағайын: бәйгіге таласпаймыз, билікке араласпаймыз. Ашу үстінде әлдекімнің тілі тисе, төзіңдер, қол жұмсаса, оған да көніңдер. Кішік боп құрдай жорғалап атқарыңдар. Кеткен еселерің болса, кейін де қайтарып аларсыңдар. «Қажы той жасағанда төбелес болып, бәленше басын жарып еді, түгенше таяқ жеп еді», - дегенді атақ қып аңсамай-ақ қойдым», - деп қонаққа шақырып, қол қусарған елдің ұстанатын ұстанымын қатал ескертеді. Бірақ сырттай көлгірсіп, беттері жылтырағанымен, қойнына тыққан тастары да бар ру жуандары көп жиылған жерде қай бір ұры қалтасын көрсетпей қалсын. Жайтудың арамза ойы Елқонды шалдың намысын оятады – оның арты белгілі, аралары онсыз да сыздаған жараға толы ағайынның арасы ырсиып ашылап кетеді. Абай айтқандай: «... бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең көп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр»[41,4-б], - дегенге келіп тіреледі. Жайту – бұл өңірдегі шонжарлардың қолтақпағы. Тек қара күшіне сеніп, біреуге жасаған зорлығынан ләззат алатын Жайтудың, тойында топалаң ұйымдастыратын Үмбетей қажы-туған інісі Байтудың әйелі Әуес сұлудың әкесі, мұның құдасы. Жайтудың ендігі көксегені: «Дәурені жүріп, тасы өрге домалап тұрған салтанқұлдардан есесін қайтару үшін Әтікедей айтулысының, атақтысының жағасына жабыспағанда, кімге жабыспақпын енді». Бұл өлкедегі жуандардың ішінде төңірегіне сөзі жүретін тереңі, нәрі бары Достарбектің пайымдауынша бар пәленің басы, елді ынтымаққа емес, іріткіге бастап отыратын Жайту емес, қысқа күнде қырық жерге қойма қоятын залым, сұмы Жұмабек екенін дәл анықтайды. «Осы даудың арғы төркінін қуап қарасам Жұмабекке барып тірелетін сиқы бар... Жайтудың қолтығына су бүркіп сүпектеп жүрген – осы. Үмбетей де осыған бола қырсығып отыр, әйтпесе қызын қайта әкеп салудан ұялып отыр ғой деймісің. Монтайымсып, жәбір көріп жүрген немедей Жайтудан кеп паналай қапты бүгін. Бір қарын майды шіріткен бір құмалақ құсаған кісілігіңді ұрайын ит! Ана қара дақ мұның мұрнында ғана емес, ішінде де бар»[2,79-80-б], – деп оны атарға оғы жоғына күйінеді. Жер дауы, жесір дауы, ердің жарылған басының дауы, билік дауы өршіп, төңіректі бықсыған шала тұншықтырып, сұрапыл өртке айналар шақта да Жұмабек осы өлкенің тізгінін ұстап, байлығын қолына жинаған «ауқаттыларды» уездік қалада тұратын ұйғыр Құрбан саудагердің үйіне жинап, қарнын тойдырып, сыбағасын қолтығына тығып, баталасуға шақырады. Сонда «баталасудың» мақсаты, тоқетер түйіні мынау: «Мен иісі суанның алдына жүгінбекпін. Өйтпесем, біздің Тұрлымбет болысында Қарабектің сөзі сөз болудан қалды. Болысымыз – Қайымбөлек – ақша, төбе биіміз Досқали – Солтанқұл. Ханкелдінің екі баласы ханнан кем болып тұрған жоқ. Маған мына сендердің сөздерің керек. Оған көнбеген қазаққа заңды мен өзім-ақ іздеп тауып алам. Ағайынның алдында арылып алғым келеді тек»[2,72-б], –деп тамағынан асын өткізіп, нәфақасын түгендеп берген соң Суанның сүбелілеріне міндеттей, шіріне үкім айтады. Бір Суанның балаларын біріне бірін айтақтап сап, атыс-шабыс, жаға жыртысумен есеңгіретіп, өз қолдарымен өзін өзіне буындыртуға Жұмбек қорқау қымсынбайды. Керісінше, өзіне мүйізін шайқайтын Әтікені, Жайтудың өз інілері Сәдірбекті, Әлжанды, Досқали бидің інісі жылқышы Төребекті, ұры Нұрғалиларды тападай тал түсте көзін құртып, Суанның бар билігін қолына алуға айла-шарғысын, ақылын сарқуда. Қазақ қоғамын артқа тартып, елдің қайғысы мен қасіретінен байлық жиып, шен-шекпен киіп, билік жүргізуді өмірлік мақсаты, мұраты санайтындардың қылығы, құлқы қай заманда да ұлтымызды тұралатқан жазылмас дерт. «Қызылшыл семіз, жас қымыз – бір үлкен борыш басыңда. Жуасты мін де айран іш, жоқ немеге шатылма, ұры, залым құларға, нысанаға шаншылма!», - дейді ұлы Абай. Басында миы, өзінде ойы жоқ, еңбекке қырсыз, біреу берген бақырға әкесін сатып жіберетін бойкүйез нақұрыстарды тегін ет жегізіп, жас қымыз ішкізіп ұры, қорыға айналдыратын зұлымдардың тұзағынан сақ болуға үндейді қазақтың бас ақыны. Тек жүрсең, тоқ жүресің, қымызы сатулы айлакердің тұзағына шырмалып, шынжырлы төбетке айналғанша, үйіңдегі айраныңды ішіп, «жоқ немеге шатылмай», айылыңды қыса тартып, төрт аяғыңды тең басып, алшаңдап жүргенің несіп емес пе? Шаруасын баққан момын елді қораға түскен көк бөрідей бөрліктірген ел басы, пысық төрелер, билер Қапал, Жәркент өңірін онан әрі қайтерін кім білген? Тек тындырғаны 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы өкпеден оқтай қадалғанда өздері де үйірлі қасқырдай ұйлығып көзіне қан толған, ызалы арыстан орыс империясының жазалаушы, мұздай қаруланған әскеріне көрсетер лажы болмай, барын алып, бақанын сүйретіп, жанын сағалап, ұлап-шулап шекара асып жатты. Отаршыл езгіге патша өкіметінің қаһарлы маусым жарлығына қарсы халықтың басын қосып құрулы зеңбірекке жолбарысша атылған Елқонды қария, Әтіке әнші, Сейітбаттал, кешегі ел жуандары бастарын бәйгеге тіккен жылқышы Төребек, «ұры» Нұрғали, албан Айсары болыстар қилы кезеңнің бар ауыр жүгін арқалап, азаттық, тәуелсіздік жолындағы қасиетті шайқастың бел ортасында жүріп, халық намысы, кегін қолынан бермей арпалысты. Қолға түскені жаудың қаһарына ілікті, қайыспай ерлерше өлді, татар дәмі таусылмағандар тажалдың аранына жұтылғаннан гөрі, Жоңғар асып, әзірше бой тасалмай тұруды қалады. Сол ажалсыз, аржаққа асқанның бірі - Әтіке әнші еді...
Информация о работе Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет