Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 13:04, диссертация

Краткое описание

Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3
І. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ...............................................................................15
1.1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ САЛТ-САНА, ДӘСТҮР МЕН НАНЫМНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ ................................................................................................15
1.2. БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ КЕСТЕЛЕНУІ.................................56
ІІ. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................................................................................74
2.1. «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫНДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ...............................................74
2.2. «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТТІҢ КӨРІНІСІ ...................................................................................................................................84
2.3. «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР ............................................................................................103
2.4. «БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ», «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР» РОМАНДАРЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................114

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................138
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................143

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диссертация Асем 2+++.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

Адал еңбегіне сеніп, адал жүріп, адал тұратын, халықтың қамын  жеуден басқаға  бұра тартпайтын Мәті би ауа райын қапысыз болжайтын  әулиедей қоғам тынысын, оны басқарып отырған, басқарғысы келетін ел иелеріне анықтама, бағаны дәл береді. Тәуке хан өліп, орнына баласы Болатты ортақ таққа отырғызғанда осы Мәті би: «Жақсы хан таққа мінсе, өзі талапайға түсер, жаман хан таққа отырса, елі талапайға түсер. Осы немеңді бала кезімнен білетін едім, тоңқаңдап жырадан шықпаушы еді, көк төбенің басына шығып, белін көтере жүріп, бетін желге бұрып шабына қарап түзге отырғанын бір көрмеп едім. Иә, жасық шығар. Иә,  пасық шығар. Қайсысы болғанда да айдарларыңнан  жел есе қоймас»[1,91-б], -деп әліне қарамай беліне шоқпар байлап жүрген сұлтандардың биік мансапқа өңменін созғанымен,  көксегеніне жетсе, халықтың жұлынын үзетінін бетке баса айтады. Ел билеуге ақыл-парасаты жетпейтін, мұрнынан әріні көрмейтін, тоқпақпен, айқаймен халықты мұратына жеткізе алмайтын кеудемсоқ, шенқұмар, дүниеқоңыз, жыртқыш  пиғылды сұлтандардың ірі іске қабілетсіз, ұсақ-түйектен әріге аспайтын тоңмойындығын Мәті Әбілқайырға осылай образды тілмен жеткізеді. Мәті бидің іс-әрекеттері, өмір сүру салты,  адамдармен қарым-қатынасы, дарқандығы, өткір ақылы, парасатты шешімі, әділет жолынан айнымайтын қайсар, принципті байламдары ел басқару институттары  қалыптаспаған қазақ  қоғамында өмірдің өзі туғызған ерекше менталитетімізді   білдіретін  беріге жеткен үрдіс.

Қоғамды азып кетпеуден, жаудың табанында тапталудан сақтап қалған қатал тәртіп, ел қолдаған жол.  Сол жолдың көшбасшысы,  ел тағдыры  қабырғасын қайыстырған, жалпақ жұрт ісі  мен ақыл-парасатын, ерлігін мойындаған  кемеңгер билер мен жүрек жұтқан батырлар болған. Билер мен батырлардың көңілінен шықпаған ханның күні қараң, талапайға түседі, өйткені оның кемпарықтығы тар өрістілігі, кеудемсоқтығы, өзімбілемдігі елді  «талапайға» түсірмек.  Әділ билер мемлекеттің барометрі, компасы саналған. Хан мен билер, батырлардың бірлігі бекем жерде алынбайтын қамал, шешілмейтін мәселе жоғын тарих айғақтап берді. Батырлар мен билердің әділдік жолынан  айнамайтын берендігі, ел ісін септеуде біліктілігі, тәжірибесі мығым болса, хан есептесіп, бірін-бірі қолдап отырған, сыйластығы, кемелдіктері үлкен достыққа ұласып,  мемлекеттің көсегесі көгерген. Бұл да өзін жердегі құдай санаған  монархтарды  тәубасына келтіріп, халыққа жақындастырудағы қара халықтан шыққандардың елжандылығы, кеудесі алтын сандық кемеңгерлігінің  шарапатынан. Риясыз, есепсіз достық қазақи менталитет тұрғысынан  келгенде, бір-бірінің көңіліні аулап, көңілінен су ішуден көрінеді. Мәселен, Бөкенбай батыр қанша әйел алғанмен бір перзенке зар болады. Сол Бөкенбайға белгісіз бір тіленші балпанақтай бала сыйлап кетеді. Бөкенбайдың  тілегін құдай береді. Жиғанын шашып, той жасайды. Батырлар, елдің игі жақсылары ағылып, қуанышын бөліседі. Төңірегіндегі  ығайлар мен  сығайларын – нөкерін ертіп  Бопай ханым мен Әбілқайыр кілем жапқан арғымақ ат жетелеп келіп, кіндік әке атанады. Кейіннен Тіленші 4 жасқа толғанда Кіші жүз ханы бәйбішесі мен Мырзатай, Бәйбекті ертіп  тоқым салар тойына ат арытып жетеді. Кіндік әкесі мен шешесінің келгеніне басқадан бұрын Тіленші қуанып, мәз-мейрам болады. Ойнап жүрген шаң-шаң қалпы «қара шұнақ бала»  төрде отырған ханның мойнына бір-ақ ырғып мініп алады. Әкесінің зекіп «доңыз түс, шапшаң түс» дегеніне қыңбайды. Әлден уақытта барып Әбілқайыр да әкелік мейірімі  шуақ шашып, екірене: «Апырай, қазақ пен қалмақта ешкімді иығыма шығармаспын деп жүргенде мына қара сирақ табынның қылғанын қарашы» [1,153-б], - дейді. Кіндік әкесіне еркелеп, өз әкесіне дес бермеген отты, қайсар бала  Әбілқайырдың мойнынан түспей қасарысып: «Қамшысын бермесе түспеймін» - деп сары ала қамшысын қалайды.  Ол баланың меселін қайтармай, қалағанына келіскен соң барып, аунап түсіп, қамшыны ұстай-мұстай көрімдік сұрап ауылды кезіп кетеді. Л.Толстой: «Великая литература  рождается тогда,  когда пробуждается высокое нравственное чувство»[34,156-б], -демекші, Ә.Кекілбаев «Елең-алаң», «Үркер» дилогиясында  халық ретіндегі қазақтың ғасырлар бойы бірлігіне,  татулығына сына қақса да бөлінбес  үздік мінез, қасиеттерін көрсетуді мақсат еткен. Кіші жүздің ханы - Әбілқайырға Бөкенбай батыр нағашы-жиенді.  Әкесі Абдолла сұлтан  қара найза қара батырға Құттыбикені беріп қолын ұзартқан.  Құттыбикеден Бөкенбай туған. Әкесінің жолын қуып, жау қайырған алып батырдан  батырлығын еншілеген сол Бөкенбай қазір ызғындай, сен шап, мен атайын, «кілең алмас қылыштай жалаңдаған» Жеті рудың тізгінін мығым ұстап отыр. Батырлығының үстіне  қара тілге де, ақыл-парасат, ел билігіне де өресі мен өрісі олқылық танытпаған ел ағасы. Сұңғыла Әбілқайыр басқадан кетсе де,  Бөкенбайдан, Мәтіден екі елі  ажыраспасы хақ. Қуанышта денесін еркін жазса-басына жастық, қасіретте тоңдырмайтын қойны мамық-осылар. Мұндайда қалай «жоғарғы адамгершілік қасиет», есепсіз  сияпат елжіреген жүректен туып жатпауға тиіс?.. Демек, жеке адамдар арасындағы  сыйластық, құрмет өз кезегінде олар тізгінін ұстаған руға, тайпа, халыққа жасалғаны деп ұққан жөн. В.Шкловский де Л.Толстойдың адамгершілік шарапатының нұрынанан «жаратылған» әдебиет жайлы әйгілі түсінігін: «Искусство – это попытка понять,  анализировать изменяющуюся нравственность»[45,105-б], - деп кеңіте түседі. Ә.Кекілбаев та басқаға көп жанаса, сырын аша бермейтін болат езу, сұсты ханның Мәті, Бөкенбай десе шілденің күніндей атпапты екенін характерлік бояуын келістіре жағып, шүбәсіз талдап жеткізеді.

Қазақ қаны таза, жаны жомарт, ұлтжанды, ақыл, жүрек, қайраты бекем  азаматты жерге қараптаған. Түптің түбінде ондай шүлен жаратылған азаматқа  адамнан қайтпайтын жақсылықты Алладан тілеген. Өйткені, Алла көптің тілегін қолдап, сүйген құлын алтынмен аптамаса да күміспен шомылдырмақ.  Ол да – қазақ пейілінің менталитетінен өркен жайған шындыққа бергісіз аңыз. Сол аңызды тарқатайық. Ханға да,  қараға да,  мұсылман мен «кәпірге» де сыйы өткен Бөкенбайды жаратқан бір перзенттен тарықтырады. Неше әйел алса да, балалары тұрақтамай, ерні жібімейді. Жас келіп қалды, артымда ізбасарым жоқ, құраған ағаштай, бұтақсыз жап-жалаңаш күйімде бұл опасыз жалғаннан өтемін бе деп күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалған күндері туған еді...

Адами сезім арпалысымен  біраз уақыт өтеді. Бөкенбай қалмақтармен қидаласқан  көп жорықтардың бірінен  мол олжамен оралып келе жатқанда, тау-тау шағылдың арасынан алба-жұлба біреу төбе көрсетіп, ақтанау тұлпарының жалына жабысады: «Бөкенбай батыр, жаудан алып келе жатқан олжаңды мойнымдағы мына дорбама айырбастайсың ба? – деп жолын кес-кестейді. Мына ойда жоқта тап болған қайыршыға, оның төбеден түскендей  қитұрқы сөздеріне, қалауына, оның үстіне айырбасқа ұсынатын затының «татымсыздығына» ақылы айран болған Бөкенбайдың абыржыған кейпін аңдап,  жұмбақ бейтаныстың  тілегін де құлағы шалып қалған күйеу баласы, жорықтас серігі, батыр Есет:

- Бөке, қайда қалмай жатқан дүние.  Жауға кеткенше мына  пақырға кетсін. Патихасы тиер. Аузына құдай салып тұрған шығар», - дейді. Бөкенбай Есеттің ақылына жығылып, жаудан олжалап келе жатқан малдан өзіне тиесілісін қайыршыға сабақ жібін қалдырмай алдына салғызып береді. Қалағаны қылшығы құрамай тиген пақыр алғанын  місе тұтпай, жомарт батырға қайырыла  тіл қатып: «Ау, батыр, мен сенен  садақа сұрап тұрған жоқпын, саудаласып тұрмын. Алдыма жылқы салсаң,  астыма ат мінгіз. Қанжығама қоржын іл. Қолыма қару бер. Әйтпесе, ол жылқыңды жал асқасын бір қарақшы қуып кетсе қайтем?! Ат мінгізгенде де, астындағы ақ танауды түсіп бересің, қоржын ілгенде де мынау қанжығаңдағы қоржынды ілесің.  Қару бергенде де  де беліңдегі бес қаруды түгел сыпырып бересің», - дейді. Батыр айтқан бетінен  қайтқан ба, қайыршының сұрағанын сөзге келмей қолына ұстатады. Бірақ пақырың анау айтқандай өлермен дүниеқоңыз, қызыл сөзден қуырдақ қуырған сұйық болмай шықты. «Елге барғанда ұлан-асыр той жасайсың соның байғазысы деп батырдың  берген жылқысын тастап кетеді. Қайыршы дорбасын Бөкенбайдың әйеліне ұсынып тұрып: «Қызырдың бергеніне тіл өтпейді, қайыршының ұстағанына көз тимейді. Бірақ бұл сырды ешкімге айтпа. Тіпті, төсектес күйеуіңе де айтпа»[1,155-б], - дейді құпиялап. Сол «қайыршы» дорбасындағы  «құпия» - қызылшақа күйіндегі қазіргі 4 жасар Тіленші. Қызыр сыйлаған Тіленшінің дүниеге келгенінен жұрт бейхабар, Бөкенбайдың өз белінен жоралған жаны үстіндегі «мырзасы». Міне, қазақ ғұрпында елге еңбегі сіңген біртуар ұлына тілеген жалғызды осылай табыстырған. Бөкенбайдың  бары – халықтікі, халықтың ниет,  пиғылы Бөкенбайда, ханынан бастап қарашысына дейін құдайдан бір,  қызырдан екі тілеп сұрап алған Тіленшіні «төбелерінде ойнатыуының» осындай аңыздық сипаты бар.

Қазақтың денсаулығы мықты, қажыр-қайраты берен болуының сыры ашық аспанның, таза ауаның ортасында өмір сүріп, тап-таза мөлдір суды пайдаланып,  түгі сынбаған қалың шөп, алуан гүлдердің аясында күн кешіп,  тыныстауынан. Тамағы да экологиялық жағынан таза, қуаты жоғары, сүт, айран, қатық, құрт, ежігей, шұбат, кілегей, қымызды ұдайы тұтынып, даланың шұрайлы  шөбіне жайылған малдың етін жеген. Қымызды дайындау  технологиясы да күрделі, түрлері де көп. Үй иесі әйелдің еңбекқорлығы, ізденуіне қарай қымыз ашытудың әдістері жетілдіріле, байи түскеніне І.Есенберлиннің «Көшпенділер», Ә.Кекілбаевтың  «Елең-алаң», «Үркер», Х.Есенжановтың «Ақ Жайық», «Жүнісовтер трагедиясы» романдарында мысалдар жеткілікті.  Естеріңізде шығар, «Елең-алаң» романында  Санкт-Петербургтан келе жатқан елшілерді Әбілқайырдың баласы ханзада Нұралы қарсы алып, шөлдеген қонақтарына қымыз ұсынады. «Тевкелев зереңнің  бетінде жүрген қозының құмалағындай қап-қара майлақы домалақтардан тіксініп, ерніне әзер апарды. Бірақ, дәм татып көріп еді, мейілі тартып барады.  Маңдайына суық тердің қалай шып еткенін білмей қалды [1,162-б]. Бұл – тобылғымен ысталып, сүр қазымен сіңіре майланған, әбден бабымен пісілген қымыз, бетіндегі қарашақтай қара түйіршік – майы. Қазақ шәйді да бабымен шығарып, оны шөл қандыру ғана емес, емдік үшін де ішкен. Қонағы, елші М.Тевкелевке шәй ұсына отырып Әбілқайыр хан: «Ас алыңыз! Мен шәйға Басқаланың  қалампыр, талшық, зәнзәбілін салып дәрмектеп ішкенді жақсы көрем. Дәмі ұнамаса айтыңыз. Сізге басқа дүмшеден құйсын!» [1,225-б], - дейді. Асылы, Әбілқайыр хан шәйді баптатып,  сүйсіне ішкен. Дүмшедегі шәйдың  ішіне оның дәмін кіргізетін, жүйкеге, асқазанға, жүрекке мың да бір ем қалампыр,  талшық, зәлзабілдері кептіріп, үгітіп қосуды талап еткені байқалады. Қазақ-емші  халық. Алтайдан Еділге дейін алып далада өскен мың сан шөптердің дәрілік қасиетін олар жетік біліп, бірін-бірі емдеп, еш аурухана, емханасыз-ақ  сан түрлі аурудың бетін қайтарып, тәні саудың, жаны саулығын қатаң ескерген. Шәй әзірлеудегі бұл да қазақтың өзіне ғана тән менталитеті.

Тіршілігі төрт түлік малға телулі ата-бабамыз қысқа арнап шөп  жинамағандықтан, қыстауға деп қалдырған жайылымды барынша  ықтиятты пайдаланып, әйтеуір еңбекпен өсірген малын қыстан аман алып шығып,  төл алу науқанын сәтті өткізуге күшін салған. Кейде қыс қатты болып,  қар қалың түсіп, жаңбыр араласа жауғаннан, көк мұз қатып, малдың тұяғы кетіп, жұтқа айналатын жылдар да ұшыраспай қоймаған. Наурыз туа күн мен түн теңеліп, қар кетіп,  көк қаулап көтеріліп, малдың аузы шөпке тиіп, төл аяқтанып, қыстан қысылып шыққан  жұрттың арқа-басы кеңіп, көңілін демдей бастамақ.  Сол кезде  наурыз мерекесі де келіп жетеді. Наурыз мерекесі – діни мереке емес,  қазақ халқының жыл басы, тіршіліктің жанданып, аққа ауыз тигізетін шағы. Наурыз мерекесін көрген де,  көрмеген де арманда.  Сондықтан наурыз айы өткенше дастархан жиылмай, аста-төк аспен сыңсытып қояды. Енді Әбіштің  бейнелеуіндегі ХҮІІІ ғасырдағы діни мереке- құрбан айт қалай өткізілгеніне  назар салайықшы. Әрине, құрбан айт-діни мереке: «Ол кезде әншейінде құлазып бос жататын құба сұр дала әрлі-берлі жөңкілген қыдырма жұрттан қызылды-жасылды шалқар  теңізге айналып кетуші еді.  Жал-жалдың басына  жарқырай қанған ақ  жұмыртқа ауылдардың арты қаңтарулы аттан, алды асулы қазаннан көз тұнатын. Үй-үйдің арасына адал бақан керіліп, үйге төселіп, тұтылып ұсталған жиһаздардан ауысқан дүние-мүліктің бәрі соған жайылатын. Қалы кілемдер, жібек,  торғын патсайы, қырмызы, шұға-сан алуан маталардан, бұлғын, сусар, құндыз, түлкі,  жәннат – сан алуан асыл терілерден тігілген  жағалы киімдер, көйлектер мен  орамалдар – бәрі самсап ілулі тұратын. Ауылдардың желкелерінде алтыбақан қазып, қыз бен жігіт мәз-мейрам күлкі, әдемі әнге қарық болатын. Ақсақалдар жағы ду-ду мәжіліс құрып, кеудесінде жаны бардың бәрі бір жадырап қалатын... Ауыл мен ауыл, ру мен ру, ұлыс пен ұлыс бәсекеге түсіп,  бір-бірінен сән салтанат асырып бағатын»[1,334-335-б]. Автор ежелгі дәуірде қазақ наурыз мерекесіне  қалай әзірленіп,  қалай мән бергенін, өткізгенін өте дәл сипаттап  беруге күш салған. Біздіңше, Әбіш Кекілбаев қазақ құрбан айтты өткізуге мұншама өліп-талып әзірленіп, барын киіп, бақанын ұстап, үйіндегі барын жұрт назарына жайып, албақанына дейін құрып, бәйге, жорға аттарын жаратып,  палуандарын сынақтан өткізуге баптап шабылуының себебін, тәптіштеп бейнелеуінде гәп жатыр. Сонау Алтайдан Атырауға дейінгі 3  миллион шаршы километрді алып жатқан ұлы даланың жергілікті тұрғындары қазақтар ұшағы, поезы, темір тұлпары жоқ заманда бірімен-бірі араласып-құраласып,  қарға тамырланып кеткені соншама, тілінде, салтында, ғұрпында, ділінде, дінінде  бір бөліп-жарылған  алшақтықты айырмайсыз, «құдасын құдайындай сыйлап», бар жиған-тергенін бір той жасап беруге шашып, үш жүздің  қазағын түгендеп шығатын дархандығының өзі,  бір есептен,  бар қазақтың басын қосып, тоғыстырып жіберуге Алла тағалланың өзі басшы  болғандай да көрінетін тәрізді. Ас, Наурыз, Құрбан айт  мерекесі осындай  қасиетті миссия атқарғанын Әбіш тереңнен толғап, көкейімізге құятын тәрізді. Мұндай халықты ұйыстыратын, береке-бірлікке шақыратын жылына бірер рет қана сағынтып  барып табыстыратын, отбасына қыдыр ырыс дарытып кететін қасиетті мерекеде неге « ауыл мен ауқыл, ру мен ру, ұлыс пен ұлыс қонақ күтуде бәсекеге түсіп, сән-салтанатын асырып»,  ақ түйенің қарны жарылмасқа!?. Жазушы халыққа терең сіңісіп кеткен әдет пен салт-сана, ғұрыпты бейнелегенде ұлттың бойындағы өзіне ғана көрініп тұратын жанға жақын, жүрекке ыстықты ғана бөліп алып, сол қимас, елдікті аңғартатын жасампазды дәріптеуді алдына мақсат етіп қояды. Үлкен жазушымыз Ә.Нұрпейісов: «...я себя отношу к трезвым. По этой причине мне более нравится произведения где ярко и честно показан народный характер, где дышит природа, земля с ее безбрежными просторами, милая, родная сердцу писателя, в недрах  которой спрятана для его  творчества золотоносная жила, и проблемы,  затронутые им, убеждают в том, что они не высосоны из пальца и не являются следствием модного поветрия, а выдвинуты логикой и течением самой народной жизни»[36,2-б], - демекші, Әбіш Кекілбаев өзіне біткен қуатты дарын, суреткерлік шеберлігін қашанда сол ұлттық характер,  туған дала, асқақ таулардың ұлылығын танытатын көшпелі алтын ұялаған жерді  белден де терең қазып, маңдай терін сорғалата еңбек етіп келе жатқаны әмбеге аян. Демек, ол жасаған характерлерде  ұлттық  менталитеттің бар інжу-маржаны көзіңді арбап,  көңіліңе шуағын төгеді. Қазақта достықты, ағайын ауызбірлігін бірініші орынға қоятын үрдіс бар. Жігіт пен жігіт достасса, ат алмасатын,  жақсы мен жақсы достасса, қыз беріп, қыз алысып кіндік байланатын  дәстүр  қазақтың ғана бойына шақ. Өйткені, пиғыл, ниет тазалығынан жаралған озық үрдіс ол.

Қазақ ешқашан сөзінен  таймаған, уәде-құдай сөзі саналып,  малы жанының, жаны арының садақасы болған, антқа, уәдеге беріктік азаматтық тұлғасын   асқақтатқан. Азамат адам алдында, аруақ  алдында күнәлі  саналса  ақтығын дәлелдейтін қиямет-қайымды бастан кешіруге  тиісті болған. Мәселен, Кіші жүз ханы Әбілқайыр орыс елшісін бодандыққа ант бермек болған шешіміне қазақтың күншіл шонжарлары қарсы боп Әбілқайырдың сыртынан қылмысты әрекет ұйымдастырады. Зердебай шебердің бойжетіп отырған мылқау да асқан сұлу қызы Торғын тезек теріп жүргенде Батыр сұлтан бір сұлу жігітті тауып, арудың артынан салып қояды. Әлгі жігіт қызды арбап қолға  түсіреді, арын төгеді. Осы сұмдықты жүзеге асырып алған Батыр сұлтан енді Зердебайды азғырып, шапшаңырақ күйеу баласын ұрын келуге шақырту жібертеді. Күйеу келіп, қалыңдығының ары төгілгенін  айдай әлемге жария етеді. Дұшпандары Торғынның ары төгілуіне бірден-бір кінәлі елшіліктің бір мүшесі Зердебай шебердің қасынан шықпайтын Сарытайлақ деген алып-қашпа өсек таратады ел арасында. Зердебай да екі оттың арасында тұншығып, Барақ сұлтандардың  сойылын соғып, жетегіне жүрмеске лажы қалмайды. Тек Әбілқайыр ешкімге қылдай қиянаты жоқ, Зердебайдың қолынан шыққан дүниеге этнограф ретінде аузынан суы құрып төңіректен еш сезік сезінбейді. Жаулары Әбілқайыр ханнан  Костюков-Сартайлақтың сүттен ақ, судан тазалығына көзің жетсе, ата аруағы жатқан қызыл үйіктің (Дәурен биік - Ә.Т.) басына барып ант беруін талп етеді. Әйтпесе басынып, қорлаған  елшіні ұстап беруін қалайды. Иманына берік, төңірегін жауға бермейтін Әбілқайыр ханға: «Бірақ  бір ескеретін жағдай, ант беруге бел бусаң, антқа басыңдағы бағыңды,  алдыңдағы малыңды, кеудеңдегі жаныңды тігесің. Ағайынды ренжіткен жәбірің емес, аруақты апшытқан  кесірдің тұсындағы анттың шарты сол... Ол деген сөз бағым деп басыңдағы тажыңды антқа ұстайсың, малым деп астыңдағы тұлпарыңды антқа ұстайсың, жаным деп өзіңнің ғана жаныңа бататын емес, күллі елдің қабырғасы қайысатын ең қадірлі,  ең аяулы кісінің балиғатқа толмаған періште перзентін антқа ұстайсың. Өз тұқымың, Есет пен Бөкенбайдың тұқымы ол санатқа кірмейді»[1,417-б], - деп Қонысбай би «елшіліктің күнәсіне» бола өздері құрған тұзаққа,  өздері жасаған қиянатқа Әбілқайырды қанды бас айыпкер етіп,  орға жақпаққа белді бекем буады. Бірақ Отыз би аруақты қанша күңірене шақырып, «айыптыларды» жазалауды дауыстары қарлыққанша жер-көкті тырмалап тілегендерімен, баба  зиратын айналдыра тартқан ала арқан міз бақпай жатып алады. Әншейінде жер сабалап топырақ бората суырыла соғатын Дәурен биіктің долы желі де сұмдыққа назаланып,  ішін тарта қояды. Ақыры  дұшпанның арам ниетін аруақ қолдамай, Әбілқайыр, Тұяқ аман қалып, Барақ пен Батырдың зұлым айласы бейшара Торғын қыздың түбіне жетеді. Міне, қазақтың «ант беру» рәсімі  осылайша істің, қылмыстың ақиқатын жорамалдап емес, адамгершілік жолымен шешуге, ашуға жұмылдырылады. Қазақ «Тек жүрген тоқ жүреді» деген мақалды әлгі жағдайға байланысты тудырса керек. Нағыз, «аруақты апшытқандарға» су тимей, күнәсіз бейбақтар қатыгез, қарабеттердің айтағына еріп, мазағына қалып, шалғысына түседі. Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылғанның  ең сорақысы бұл.

Романда сондай-ақ, қазақ қоғамын  ластап,  қыздарды қорлап, өзіне-өзі  қол жұмсауға, не өмір бойы сүймеген адамның басы байлы күңі болып  күңірене  жылаумен күнін өткізуге мәжбүрленген қалың малдың кесірі де қатты сынға алынады.  Үріп ауызға салғандай, тілі жоқ болғанымен, хаса сұлу Торғынның «сабау кірпік, қиғаш қас аққұба жігітпен» табысуы да азғындар қолымен жасалған «махаббат сахнасы» боп шықты. Барақ зұлымның жылмыңдаған тазысындай «сабау кірпіктің» іші-бауырына кіріп,  мың құбылуы еркек атаулыдан мұндай ілтипатты бұрын сезініп,  көрмеген бойжеткен арудың буын-буынын  әлдебір құдіретті күш билеп, жігіттің құшағына құлатады... Сырты жылтыраған, іші лас жігітсымағығыңыз жендеттердің жетегіне еріп, арудың  өзіне деген асықтық сезімін лайлап, кемтар қыздың көз жасы, махаббат киесінен де шімірікпейді, «Шімірікпеуіңіз» не, «сүзетін бұқадай аларған көзі бар, шоң мойын» күйеу жігіттің жолдасы боп сол сүмелек  ұрын  келген «досының» қасында отыр. Өзін «сүйгендіктен» әрі сенгендіктен, есі кеткен қыз байқұстың  жігіттің мыстандығын, ібілістігін аңдамай от басқанын сезіне отырып, «сабау кірпіктің»  мұнша қаніпезділікке баруы қаныңды қайнатады. Еңліктің тосынан кездескенмен,  өзін сүйіп, жалындап табысқан асықтың сезімін жанымен ұққан Кебек, айттырған  қалыңдығынан айнып, ғашығымен тағдырдың тосқан тозағын қарсы алады... Махаббат киесін үркітпеген қос ғашықтың рухы ғасырдан ғасырға жетіп, қасиетті есімдері мөлдір сезім иелерінің аузында жатталуда. Өмірлік қосағын өзі іздеп тауып, қызығына  тоймай, өтудің орнына, «сүзеген бұқадай көзі аларған, шоңмойын»   Сүлей, әкесі малына сатып әперген, әлі түсін де түстеп танымаған бейтаныс қызбен, оңаша кездесе сап: «Жыртық тоқашын шелпек деп сатып көңілімді арамдағаным-ай!», -  деп жер төбелеп  өкіріп отыр, өкіріп отыр...»[1,414-б]. Ұлы Абай: «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым, ұстарасыз аузыңа түсті мұртың...» деп еңірегенде етегі жасқа толуы осындай өз сөзі, өз ісі жоқ, өнерсіз, надан, хайуан кейіпті жігіттердің бақытын өзі іздеп таппай, өзгенің жетегін малданып жетесіз боп күн кешіп жатқан жабайы тірлігіне күйінгенінен шығар. Өзгенің жетегіне ерген, өзімшілдігі асқынған өзгенің қасіретінен рахат табады, қанын ұрттаудан шімірікпейтін қорқаулығы оянады. Дүлей Сүлей мен ібіліс «сабау кірпік, қиғаш қас, аққұба жігіттің» қылығы  қазақ қоғамын ластаған сол надандық, көрсоқырлық пен өнерсіз, малша күйсеп, малша сүйкене өмір сүруді дағдысына айналдырғандардың жыртқыш, қорқаулық салты.

Көрнекті орыс жазушысы Ю.Н.Тынянов: «Никогда писатель не выдумывает  ничего более прекрасного и сильного, чем правда. «Выдумка» - случайность, которая не от существа дела, есть необходимость, начинается роман. Но взгляд должен  быть много глубже, догодка и решимость много больше, и тогда приходит последнее в искусстве – ощущение подлинной правды: так могло быть, было»[37,9-б], -  деп шындық пен ойдан құрастырудың арасындағы «Абылай аспас асуын» дәл пайымдапты. Ә.Кекілбаев кейіпкерлерін өз заманына лайық тұлға етіп бейнелеу үшін шындыққа көбірек жығылады. Ойдан  шығарғанның өзі де ұлттық болмысымызды жете білетіндіктен шындықтай  қабылданады. Заманы баяғыда өтіп кетсе де, тарихи кейіпкерді бүгінгі күннің  адамдары   бөтенсімей өз ата, әке, ағасымен табысқандай риясыз табысады. Сөздерін де,  өздерін де жатсынып, жатырқамайды. Өйткені, тарихи қаһарман  ол біздің өткеніміз, іс-әрекеті, қылығы, мінезінен де бізге «жұққаны» көп. Ұқсаспыз, олардың өскініміз, жалғасымыз, бүгініміз. Сондықтан өткеннің мінезі, әрекеті, адами болмысында ешбір жалғаны жоқ, жақсысы өркен жаюда, жаманы да жақсының қадірін таныту үшін бірге итжандықпен еріп келеді. «Елең-алаң» романында Санкт-Петербург қаласына Әбілқайыр хан Құттымбет би бастаған елшілерді жібереді. Олар аман-есен жетіп, патша қабылдауда болып, көңілдері жайлана бастаған соң, қаламен танысуға көшеге шығады, магазин аралайды. Кезекті бір магазин аралауда Бәйбет Төлеңгіт пен Құттымбет бидің жолы түйісіп қалады. Сондағы жасы құрдас, әлеуметтік жағдайы бір-біріне жақын, өзара қажасып, қалжақтасып жүретін екеуінің диалогіне көңіл аударалық:

Информация о работе Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет