Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 13:04, диссертация

Краткое описание

Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3
І. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ...............................................................................15
1.1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ САЛТ-САНА, ДӘСТҮР МЕН НАНЫМНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ ................................................................................................15
1.2. БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ КЕСТЕЛЕНУІ.................................56
ІІ. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................................................................................74
2.1. «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫНДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ...............................................74
2.2. «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТТІҢ КӨРІНІСІ ...................................................................................................................................84
2.3. «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР ............................................................................................103
2.4. «БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ», «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР» РОМАНДАРЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................114

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................138
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................143

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диссертация Асем 2+++.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

Философ ғалым А.Тайжанов: «Ұлттық рухтың құнын түсіретін тағы бір нәрсе – қазаққа тән емес құбылыстардың көптеп етек алуы. Олар жағымпаздық, жарамсақтық, жандайшаптық, пайдакүнемдік, дүниеқоңыздық, мансапқорлық» [23,4-б], - деп жазады. Философқа айтар уәжіміз жоқ, алайда бұл қоғамды ластайтын жайсыз ұғымдар қазақта бұрын жоқ еді, енді жайлап кетті деу біржақтылау. Бұрын да ел арасында бірен-саран әлгі мерез мінез-құлықтар орыс отаршылдығымен, олардың елді бүлдіріп, бүлінген елді сол арқылы бағындыруға тырысқан қитұрқы, зұлым,  аяр саясаты бар індетті ушықтырып жіберді. Сол орыс империализмінің мұрагері коммунистік империя да әлгі мерезді саясатымен күллі қоғамды ластап, жаманға «жал бітіреді», жүйріктің аяғына қан түсіріп, тұлпардың тұяғын мұқалтты. Б.Нұржекеев «Күләштің соңғы көктемі» әңгімесінде СССР Халық әртісі, «халқымыздың маңдайына біткен бағы», «бұлбұл» қызы - Күләш Байсейітованың түбіне жеткен дүниеқоңыздық, мәнсапқорлық, күншілдік, іштарлық, жағымпаздық, өсекшілдік адалды арамдап, тазаны былғап, асауды жүнжітіп, бұлбұлды қарғаға айналдырып, асқынғанда оның халықтық трагедияға ұласып кететін сұмдығына түршіктіреді. Жиырма төрт жасында КСРО Халық әртісі боп, әншілік өнері күллі одаққа таралып, бұратана елден шыққан ерекше құбылыс ретінде әлем сахнасының көркіне айналған Күләштің бағын күндеп, артына түсіп, бұралқы иттей өкшесін жалап, өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай өршітіп, беделін түсіріп, бұлбұлдың орнына қарғасын өткізіп, жүйріктің аяғын жабыға кестіріп, сұңқардың орнына тұғырға бөктіргені қондыруға тырысқан өлермен тірлік өршіп кетті. Бір кезде Сәкеннің, Ілияс, Бейімбеттің ізіне түсіп, «халық жауы», «жапон тыңшысы», «буржуазиялық ұлтшыл» санап, айттырып тынған жандайшап, мансапқұмар, күншілдер енді Жамбылды көп ақынның ортасында ақынға айналып, «жүзге келгенше шабысынан жаңылмаған жүйріктің жүйрігі етіп, әдейі таңғажайып құбылыс етіп көрсетуге өліп-талған біреулердің қолдан жасаған амал-айласы ретінде қалың жұрт арасында пыш-пышты гулетіп, жоғарыға арызды тоғыта бастаған. «Әулие Жакем», «жебеуші Жакем» деп пір тұтқан Жамбыл атасы жайлы улы сөз құлағына жеткенде Күләш басы зеңіп, жүрегі қабынып қатты қиналады, есінен танады. Дәл осындай күй КазАПП-ты құрған Кеңес үкіметін құрған Сәкендерді ұстағанда кешкендері бар-ды: «Сондағы Сәкен ағаны талап жегілері келген «ел ағаларының түрін» көз алдыма елестетсем, өне бойым әлі түршігеді. Жағасына жармаспай-ақ, «Сәкеннің орны - әне, біздің орнымыз – міне»-деп, өз жөнін, өз бағасын өзі біліп, бір-бірімен тату жүрсе қайтетін еді  солар? Бірінің-бірі беделін түсіру үшін ғана дүниеге келгендей бет тырнасты. Бір баласы бір баласын қудалаған жұрттан не береке, не қайыр? Іштен түңілуші ем...»[2,421-б], - деп басқа емес «ел ағалары» өзі бас болып, өздерінен атақ-даңқы, мәнсабы, таланты асқанды аяқтан шалып, Қосабадан тосуға, реті келсе көзін жоюдан тартынбаған. Ол елінің мақтаны, алтын қазынасы, бетке ұстар бағыланы, ел бастар серкесі, жұрт үйірілер беделді екеніне ішітар, ұсақ мінезділердің бүйрегі бүлк етпеген. Күләшті қарадай күйдіріп, қан қысымын көтертетіні – қазаққа кіріптарлыққа душар болғанынан «қонған» жұғымсыз, жағымсыз менталитетсымақтар.

К.Маркс: «Невежество – это демоническая сила и мы опасаемся что она послужит причиной еще многих трагедий. Недаром величайшие греческие поэты в потрясающих драмах из жизни царских домов Микен и Фив изображают невежество в виде трагического рона»[20,112-б] – деп жазған-ды. Істеген істері, ел арасына сумаңдап енген сөздері қасиеттіңнің ең қасиеттісін жоққа шығарып, ластап жатса, қасиеттіңнің өз өзіне сенімсіздікпен қарап, дүниеден безіп кетуі мүмкін ғой. Оның соңы ет пен сүйектен жаралған пенденің жұдырықтай жүрегін қағанақтай қақ айыруы да мүмкін. К.Маркстың «невежествосы» - білімсіздік, мәдениетсіздік жайлаған пенде, ол өзінің қара басының қамын күйттеп көздегеніне жету үшін жын-періден арман жүрген жерін ойрандап, алысқанының шаңырағын ортасына түсіріп, өзенді арнасынан аударуы да ғажап емес. Ал, әзәзіл мансап биігінде отырған көкең болса, оның тілі А.С.Грибоедов айтпақшы: «... злые языки страшнее пистолета»[68,69-б]. Мәселен, Құрманбек Жандарбековтың үйінде достарына жасалған дастархан басында биліктің жоғарғы сатысында отырған «томпақ бет жігіт», көзінің шелі өскен әкімқара, әзілден әзіл, сөзден сөз өршітіп отырған ортаны пайдаланып: «Қалайда, Қанабек бағың бар жігітсің. Біздің қарындас сенің қолыңа бақ құсы боп қонған ғой. Соның арқасында сен өз шамаңмен өлсе шыға алмайтын биіктерге де көтеріліп кеттің»[2,423-б], - деп жалпақ жұрттың көзінше, онда да құдай қосқан сүйген жарының көзінше, онсыз да «күлкілдеп тұрған» шиқанның аузын жұлып алады. Астам көкірек шенеуніктің «улы оқпен атқан пистолеті» қақ жүректің басынан, талма жерінін тиеді... Бірақ басынан сөз асырмайтын әрі артист, әрі әнші, әрі ұлы талант Қанабек Байсейітов «пистолетеке» қарсы ағаш оғын  қақ жүректің басынан қадайды. «Ой, ағасы – ай: » деді Қанабек күліп, - сіз де, біз де, әйтеуір, бір-бір биікке өрлеп келеміз ғой. Өз биігінен асып, басқа біреудің биігін бермей жүрген адамның басы айналады деуші еді, басыңыз айналып отырған жоқпа өзі?» Ал, күйеуіне әзілдей отырып әзәзілдің сүңгісін сұғып-сұғып алғанын көтермеген намысшыл Күләш, мықтының өзін мақтағанына түкірмей: «Біреу мақтанғанды біреуіміз даттап, ағысқа қарсы жүргенімізді қашан қояр екеміз, осы? Жаңағы сөзді де қара қылды қақ жарған әділдігім деп айтып отырсыз ба? Оның аты менімше қатын өсек»[2,423-б],-деп дастархан басындағы ұлт-зиялыларының көзінше абыройын айрандай ақтарады. Әрине, Күләшті ашындырып, Канабекті «қақалдыратын» жіптік көз шенеуліктің өзегіне қорғасын құйған қамшысымен қарақұстан осып түскен. Плутарх оны: «...клеветы и злоречия надо остерегаться, как ядовитого червя на розе – они скрыты за тонкими и лощеными оборотами»[68,201-б],- деп қайтіп сеспей қатыратынын өрнекті тілмен әселі жеткізген. Ия, жылан шаққан ала жіптен қорқады. Күләш та, Қанабек те «жіптік көздің» мысқылына одан да уытты мысқыл кескінмен жауап қайтарамыз деп «жаудың үстіне жау жамап алғанын» сезбей, қолында тұрған қонышынан басатынын аңғарып жүрекке салмақ түсе бастайды. Осы оқиғаның алдында ғана Мәдениет министірлігі Күләшқа Құрманғазы оркестірімен шет елге гастрольге барып келуге өтініш білдірген-ді. «Бұлбұлымыз» ол құрметке көңілі өсіп, үлкен сапарға дайындалып жүрген. Енді ол сапар Күләштің үстінен Орталық Комитетке алты адам жазған арыз түсуіне байланысты доғарылыпты. Онда: «Күләш күн көрсетпейтін болды, басты ролдердің бәрін бір өзі ойнайды. Ойына келгенін істейді, соның сөзі сөз, соның дегені деген. Менменсіп кетті, ішеді, Қанабектің көзіне шөп салады»[2,425-б],-деп баяғы «жіптік көз» ағасының ұйымдастыруымен өнерде де, өмірде де тыраштанғандарымен қолы есеге жетпей жүрген жағымпаз, жарамсақ, дүниеқоңыз, пайдакүнем күншілдер шамалары келгенше, тілдері жеткенше пілге үріп баққан. Даңқы жер жарған халқының бұлбұлы, әлемді сұқтандырған ұлы әншінің жаулары айдың-күннің аманында осылай намысына тиіп, істемегенін істеді, көрсетпегенін көрсетті, жібектей сызылып «тұратын болмасынан мін тапқан, күншілдерді жалмауыз кемпірдей «жалақтатып» қойғанға төзбеді. «Жақсы ит өлігін көсетпейді» демекші, ірі мінезді ұлы әнші бықсығы мен надандығы, білімсіздігі, күншілдігі тұншықтырған тымырсық ортадан қашып, Москваға сұранып барып, тағы да бір өсекші «ілмиген арық әрі сырықтай ұзын сары» жігіттің Жамбылдың тарихи орны жайлы жайсыз әңгімесінен кейін бағаланбаған атақ, ел ұстағандардың аярлығы, қаніпезер кекшілдігі, төңірегін қоршағандардың ішітарлығы, дос-жарандардың ізін баққан ұсақтығы, сатқындығы, құдай қосқан қосағының шыншылдығы, ел басқарушылардың қырық құбылған табансыздығы бұл опасыз жалғаннан жирендіріп, қырық бес жасқа толған нағыз өз еңбегі, тәжірибесі молығып, ел игілігіне өзін біржолата жегіп риясыз қызмет қылар тұста, тегі, түс қазаққа жат менталитет, жексұрын, сатқын құлқы мен аяр жүрекке дәлдеп соғылған «қанжарынан» демі үзілді. «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, әуре етеді ішіне қулық сақтап, өзіңе сен өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап...»,-деп ұлы ақын жүйрік, тұлпар, шешен, палуан, әнші, күйші, ғалымдардың – «жақсының жауы көп» болатынына меңзеген. Ұлттық сана, ұлттық рухты қастерлеп, халықтың көзі, жүрегінен, құлағы, тілі, қайнар бұлағынан қараптан қарап тұрып айырылып қалмауды өсиет етеді. Олардан айырылған халық – жапырақтан, бұтақтан, тамырдан айырылып, семген ағашпен бір есеп. Ұлыға «соңғы көктемді» бұйыртқан ұлт бойындағы қатерлі ісіктей қауіпті, бірақ ұлт болған соң ұры күшіктей еріп, жақсының балағынан алған кейбір жексұрын салт, сана менталитетінен арылмасақ, әлі де сорымыз қайнай берері ақиқат. Б.Нұржекеевтің «Күләштің соңғы көктемінен» ағытылған жұмбақ сыр осылайша жебір ойлардың жымына салып қояды.

Тамаша ақынымыз, белгілі мемелекет, қоғам қайраткері О.Сүлейменов «В литературном институте Горького со мной вместе учились представители всех пятьнадцати Республик Союза. Каждый из нас представлял свой народ, его культуру, характер, традиции, жизненную философию. Тем, с кем ты встречался могли больше некогда не увидит казаха. По тебе судили о твоем народе и о сознание этого накладывало особую ответсвенность. Если ты умен, весел, добр и мужествен, значит все казахи такие. Если ты лжив, коварен, труслив, не держишь слово – все казахи такие! Вот такая моральная нагрузка ложится на каждого из нас с уличного действа, где тебя в ребяческих драках приучили не только себя защищать, но оказывается и отстаивать достойнство своего народа»[48,6-б], - деп жүздің бірінің ғана парасатына шақ пікір айтады. Қазаққа тән менталитет дегеніміз не деген сауалға осыдан артық қандай жауап керек. Б.Нұржекеевтің «Жайлаудағы жиырма күн» повесінде халықтың салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, психологиясы сақталған ауыл өміріне бойлап барады. Бас кейіпкері журналист Жекей араласқан адамдар, олардың ата-бабадан мирас боп қалған ежелгі мәдениеті, түр-тұрпаты даланың өзіндей кеңқолтық, дархан характері, өмірдің, тұрмыстың бар саласын қамтитын берік дәстүрі, сонда тағдырын байлағандардың өмірлік философиясы қаз-қалпында алдыңыздан тосып алады. Повестің эпиграфы: «Есті адам ешкімнен... «Анаңды неге жақсы көресің?»-деп сұрамайды, өйткені оның себебін өз басынан біледі. Туған жер туралы сондай»,-деп сарабдал сырға, әркімнің-ақ көңіліндегі көкейкесті ойының көмбесінен түсіреді. Туған анаң - мына жарық дүние, ауа, жер, су, қоршаған әлем, тілі, ділі, иманға шақырған дініңіз де. Сол анаңыздың да, сіздің де шыр етіп өмірге келіп, кіндік қаныңыз тамған туған жерді пір тұтып, табынатын ең қасиетті, қастерліміз. Туған анаң, туған жер қандай болса, соның уызын еміп, суын ішіп, торқа топырағын басқан перзенті де сондай. Академик М.Жолдасбековтың: «Қара орман қазақтың әлі күнге жабылмай келе жатқан құшағы, кең қолтық, мейірбан, адал, аса төзімді, текті мінезі, бұрынғы қиын заманда ғасырлар белесінде қалыптасып үлгерді»[22,6-б], - деуіне толық қосыламыз. Әзілінен тау самалы есетін Жекей де, ісінен сары қарын бәйбішенің кең саба мінезі, жалпақ шешей пейілі табылатын, төңірегін құшағына алудан ләззат табатын бес баланың анасы – Кәмеш те сол даланың қызы. Жекей биыл демалысын жайлауда өткізуге бекініп, бала-шағасымен жолға шығуға қамданап жатқанда, дегбірі қалмай, абыр-сабыр көбейіп кеткенде Кәмеш балаларына: «Әй, өңшең далбаңдаған иттер-ай, әкелеріңе мұндай тартамысыңдар, командировка десе, әншейін жаяу кетіп қала жаздайтын, жайлаудың не екенін  сендер түгіл мен де білмеймін, көрмей жатып сонша желігулерін, ...»[2,356-б],- балаларын тәртіпке шақырған боп Кәмеш сөзбен бір түртіп күйеуіне еркелеп, назданады. Ақыл, сабыр мінез, алғырлық қонған от анасы бар үй – бұл фәнидің жұмағы. Даланы сүйген кеңдікті, дархандықты, тазалықты, мейірбандықты сүйеді, сол даланың иесі – бүгінгі ұрпаққа, оны сыйлаған кешегі мал баққан момын, жау қуған батыр-бабалар, әкелер, аруақтарды сүйеді. Қазаққа өзінің қаласы да, даласы да ыстық. Өйткені, екеуінде де қазір өз отының өкілдері басым және оның үстіне: «қаладағы қазақ интелегенциясының басым көпшілігі ауылда туғандар. Олар ауылды аңсамағанда, кімді аңсайды?» Сонан соң әкеміз өлгенмен, шешеміз өлгенмен өзіміз тірі жүргеннен кейін әлсін-әлсін, анда-санда оларды да еске аламыз, сондайда өздерін көрмесек те, солар өсіп өнген өле өлгендерінше өмір сүрген ауылды көрсек, сәл де болса сағынышымызды басқандай боламыз. Ауыл-біздің әке-шешеміз сияқты»[2,361-б], - деп Жекей ағынан жарылады. Аруақты сыйлау ол үшін кешегі өмір, тәрбие беріп, алаңсыз білім алып, отбасын құруына дейін шарапатын тигізген әке-шешеңді сыйлау. Кешегіні бүгінге сабақтай білетін ұлттық тәрбиенің уызына жарығанның тірлігі. Жекейлер сол осы уақытқа дейін ауылдан кіндігін үзбей, балаларын да қасиетті туған жердің қадірін білуге баулап жүр. Бұл да туған жерді туған ата-аналарымен бірдей көріп, сағынып, табынып тұратын қазақ менталитетінің жасампаз бір көрінісі.

Еркек ұрпақты тәрбиелесе, әйел ұлтты  тәрбиелейді. Жүрегінен мейірім, көңілінде  көктем орнаған асыл жанды аналар, мінезді, инабатты қыз-келіншектер, ізгі пейілді әйелдер – отбасының  күні, киесі. Танымайтын адамдарды табыстырып, қазақтың шаңырағын биіктетіп, керегесін кеңітетін, қызы үйде, қылығы түзде мәшһүр болатыны да солардың мінез-пейілінен. Б.Нұржекеевтің «Жайлаудағы жиырма күн» повесінде совхоздың бас бұғалтері Адай жайлауға бала-шағасымен келе жатқан досы – Жекейлерді ел жата «Қызыл гвардия» совхозының бас жылқышы Нұрлықожа отағасының Үйгентас жайлауының төсіндегі киіз үйіне алып келеді. Жайлаудың бұл тұсы жанға жайлы көрінгенімен, Дай қоңсылас болсын деп алып келген үй иелері мына мезгілсіз уақытта қалай қарсы алар екен деп, жүрегі май ішкендей толқиды: «Үйге кірген бетте Жекей үй иелеріне бірден зер сап қарады. Біздің келгенімізге қалай қарар екен деп қабақтарын аңдыды. Отағасы жезқұмандай ғана жіңішке, күнге тотыққан жүзінің сары екенін де, қоңырқай екенін де ажырату қиын, бірақ мінезі де, қимылы да жылдам кісі көрінді. Ондық шамның жарығынан үй іші қоңыр күңгірт. Әйелінен гөрі егделеу екендігін самайындағы күміс қыраулардан аңғарды. Аққұба, толық мықын келіншектің күйеуін қатты сыйлайтындығы қас-қабағы мен жүріс-тұрысынан сезіліп те үлгерді. Нұрлықожа Салиханы ыммен ғана жұмсап, қымыз құйдырды, жүктің асытындағы жасырып қойған бөтелкені алғызды, күндегі үйреншікті стақандарды ысырып қойып, жозыға қынай бел рүмкелерді қойғызды. Ерлі-байлылардың үнсіз сөйлескендеріне Жекей іштей сүйсінді»[2,372-б]. «Мезгілсіз келген қонақ, мезгілсіз шақырған тауық жаман» демекші, қонақты қызыр деп ұғып, жатырқамай, күйеуінің ығы мен ымына қарай қас-қабағын толықсыған айдай ашық-жарқын ұстап, елмен емірене табысып кететін ұлтымыздың кең қолтық, көнтерлі, сабырлы да келісті әйелдерінен айналып кетпейсің бе?.. Әйел ұлтты тәрбиелейді дегенде Салиханың тосын жұртты жатырқамай шапшаң табысып, қуырдағын да қуырып беріп, қымызын ішкізіп, қызыл күрең шайымен шөлдерін қандырып, көңіл айдынында жүздірген тегін көрсеткен сыйы, қызметі ұлттық дәстүріміздің өміршеңдігін танытса керек.

Повесте туған жерге  деген перзенттік махаббаттың қызуы  өте жоғары. Иә, шындығында әсемдіктің арасында өскен адамның басқа  жерде өскен адамдардан қайтсе де бір артықшылығы бары рас. Адай, Нұрлықожа, Салиқа, Матай, Қожахмет, Теңес, Әмірқазы, Зина, Жұмабек, Кәрім, Шәлипа өздері құшағында құлын-тайдай шұрқырасып өскен табиғаты өзге табиғаттан қалай ерекшеленсе, осында өскен әлгі ұрпақтар адамдық табиғаты, кескін-келбеті, пейіл-ниеті, өнер бітісі, адамгершілік салты жағынан басқалардан солай ерекшеленеді. Қожахмет, Нұрлықожадай көнекөз қариялары, көрікті ойларды келелі сөздермен зерлеп, жеткізетін Матай қай кеңеске салып, қай төрге шығарсаң да уысың толатын кісілер. Мәселен, мал маманы Матай: «Әкеге тартып бала тууы үшін, әкесі туып өскен табиғатта баласы да туып өсуі керек. Ұрпақтардың сабақтастығын осы туған жер, оның табиғаты жасамағанда басқа қай құдірет жасайды? Туған жер – ата-бабаның көзі, тастап кеткен сыйы. Жер де сенікі, табиғат та сенікі. Бүгін сенікі, ертең балаңдікі. Бұл - жай ғана сылтау, әншейін шөп, әйтеуір топырақ емес. Бұл – ата-бабаң. Өлсең сен де сол ата-бабаңның біріне айналасың. Қазақ үшін өз жеріңде өлу де әулиелік»[2,375-б],-деп көсіледі. Міне, халқының саны аз болғанымен, жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған жеріміздің шекарасынан құмырсқа енбей, бүтін тұруы үшін «мың өліп, мың тірілген» ауыр тағдыр бұйырған қаһарман елі сол батыр туған ұлдарына пана болған асу бермес тауларымыз, өткел бермес асау өзендеріміз, Орбұлақтай елу мың елеуреген қолды бес жүз  сарбазбен екпінін тоқтатқан қызыр қолдап, пайғамбар бастаған киелі шатқалдарымызды Алла оң қабағымен қазаққа бұйыртқанынан шығар. Журналист Жекей Матайдың туған жер жайлы жүрек жарды толғанысына сезімнің ырқымен сан түрлі ой кешіп, жата қап топырағын сүюі, туған жер қадіріне көзі жеткеннен ғой, әрине. Қазақтың байлығын, жомарт, кең қолтық дархан, батырлығын, дарындылығын әлемнің мойындап отыруы көбік мақтаннан гөрі мәңгілік мүдде жатқанынан шығар. Қазақ ақынын құрметтеп, әншісін еркелеткен, батырына бас иген халық қой. Осы уақытқа дейін ақ найзасын өңгеріп, қиянға қылыш сермеген, елін қорғаған батыры жайлы жырды жылап отырып тыңдап, аруағына құран бағыштап, ескерткіш қойып, әлек боп жататыны сондықтан. Соңғы кезге дейін тоталитарлық жүйе қазақтың ханы, биі, батыры, молдасы десе ежірейе қарап, оларды «езушілер» деген бір-ақ сөзбен барыңды жоқ етіп келді. Сондықтан, төл тарихымызға шыр бітпей, баға жетпес бағландарымызды көпе-көрнеу жатырқауға тура келді. Тәуелсіздік таңы атқан соң, атағы жалпақ қазаққа мәшһүр ұлы батырларды, ұлы хандардың сіңірген еңбегін, тарихи орнын жас ұрпаққа жеткізе насихаттаудың орнына әр ауыл, әр рудың бұрын беймәлім боп келген «таңғажайып батырларын» тірілтіп, солардың мазарын тұрғызу, ас беру «ауруы» демдеп алды. Үйгентас, Қызылқия өңірін шарлап, белгісіз зираттарға құран бағыштатып жүрген белгілі журналист-жазушы Жекей Нұрлықожаның Қабанбай батырдың зиратына тоқтатып, құран оқығанда оның кім екенін білмей басы қатады. Ақыры сол «сауатсыздығын» бойына мін санап: «Қабанбайдың бейіті» деген үюлі тасқа тағы бір рет бұрылып қарады. Бойын үрей тәрізді бір беймазалық биледі. Қазақ деген ел жер бетінде қала ма, жоқ па деген қилы кезеңде қолына найза ұстап жаудың жебесіне көкірегін тосқан Қабанбай батыр жайында жарытып ештеңе білмегеніне қорланды. Өзінше қазақ тарихын тәп-әуір білетін шығармын дейтін ол білетіні әншейін әр жер-әр жерден жұлып тартқан бірдеңе екен. Қабанбайдың батырлар тізімінде бар екендігі болмаса, нақты ерлігі есінде қалмапты»[2,385-б],-деп Жекей өкініш білдіреді. Туған халқың басынан кешкен тарихың – ол да өзіңе тән менталитетің. Мектеп балалары Қабанбай, Бөгенбай, Батыр Баян, Наурызбай, Қарасай, Райымбек тағы басқа батырлар дегенде бойларын мақтаныш сезімі кернеп, ерлік жырларын жатқа соғатыны, олардың ұлттық рух, санаға шөлдеп жүргенін аңғартады, ал республикалық журналдың ортаңқолдай қызметкері салақұлаш тізімнен атын ұшырататына мәз болып оқыранады. Ұлттық менталитетке салақтық - өзіңді жоғалта бастауыңның басы. Сол ұлттың ұраншысы, насихатшысы саналып, «таулардың биіктігін байқамасаң» атыңды кім деп қоюға болады!?... Черчиль: «Ұлыбританияның мәңгілік досы да жоқ, мәңгілік жауы да жоқ, мәңгілік мүддесі ғана бар» деуінің жөні бөлек. Демек, мәңгілік батыр жоқ, мәңгілік ерлік тарихы бар, мәңгілік ерлікті, оны жасаған біртуар қаһармадарды насихаттау арқылы ұлттық патриотизмнің өрнегін жас ұрпақтың тал бойына берік егеміз. Көпке мәлім емес, қолдан жасалған «батырларды» дәріптеу әурешілдігі – жершілдік, рушылдықтың отына май құйған билікке, лауазым басқышына ұмтылған топтардың айла-шарғысы. Тарихты тануды, сол арқылы халқын танудың үлгісін, оған тән менталитетті білгіңіз келсе, президентіміз Н.Назарбаевтың еңбегін мұқият зерделеңіз: «Менің бабалары батыр, аналары дана халқым бар; тағдырдың талай тауқыметін мойымай көтерген, өмірдің небір шырғалаң кезеңдерінде небір аласапырандарды басынан кешірген төзімді халқым бар; өздерінің халі мүшкіл бола тұрып, өзінікі түгіл өзге ұлттың жетімін тентіретпеген қаншама ұлт пен ұлыстарға пана бола білген мәрт халқым бар; жүрегі жомарт, ақылы дария, ниеті пәк, көңілі кіршіксіз қардай ақкөңіл халқым бар; талай жаудың меселін қайырып, ел іргесін сөгілтпей, жерін жауға бермей аман алып қалған батыр халқым бар; күмбірлете күй төгіп, тамылжыта ән салып, қырық күн қырық түн жырланатын дастандарды дүниеге келтірген өнерпаз халқым бар; қаншама данышпан-даналарды, кемеңгер ғалымдарды, алып батырларды, сұңғыла шешендерді, тура билерді дүниеге келтірген тәкәппар да паң халқым бар. Мені де осы халықтың дүниеге келтіріп, менің де ұлы даланың қасеитті топырағына кіндік қанымның тамғанына ризамын. Айналайын, жомарт халқымнан, дана халқымнан, көнтерілі халқымнан»[58,5-б]. Тегі, бақ бағалай білгеннің басына қонады ғой. Елбасымыз халқын бағалап, алтын басын иіп еді, басына бақ қонды. Міне, Б.Нұржекеевтің біз талдап отырған повесінде хан жайлауда жиырма күн болып, ел аралап, жер көріп, ел тарихын, жер тарихын, жеке адамдар тағдырын көркем кестелегендегі жазушының образдар арқылы бейнелегенін халқын шексіз сүйетін Елбасымыз ойылайша кеңінен толғап кестелі тілмен түгендеп берген.

Қазақтың ойын да, бойын да, ақыл-парасатын, ұстанымын өмірдің аптабы мен аязын бастан кешіп, бүгін өткенінің зейнетін көріп отырған қарияларымыз, ардагерлерімізден сезінеміз. Асылы, өзін өзі ұстау, өзгеге қайырымдылық жасау, халқының мәңгілік мүддесін ойлау, іс-әрекеті, сөзімен, құлқы, ниетімен өз характерін таныту, ұстанған дәстүрі, өмірлік философиясына үңіліп, шындығында да, олардан қазақ деген халық қандай, несімен басқа ұлттардан ерекшеленеді тәрізді кең құрсақ сауалдарға жауап табамыз. Б.Нұржекеев «Жайлаудағы жиырма күн» повесінде Матайдың әкесі Қожақмет қарияны жылы бейнелейді. Ол кісінің портреті типтік деңгейге көтеріледі: «Қартайып қалыпты-ау», - деп Жекей шалдың жүзіне енді ғана жөндеп зер салды. Мұның бала күнінде бұл кісі бригадир еді, асықпайтын, саспайтын сырбаз мінезіне бола жұрт оны «Жайбасқан» дейтін. «Жайбасқан Жәкем көріп қалады» деп келіндері де алдынан қия өтпейтін. «Қой, Қожақмет ағадан ұят болады»,-деп інілері де қаймығатын. Соғыстан кейінгі жылдарда үйі қаралымен де, көңілі жаралымен де бет жыртыспай жүріп бар жұмыстың жөнін тапқан ғой бұл. Оны өзінен үлкендер де сыйлы орынға отырғызатын. Елдің қамын жеп, жетім мен жесірдің жағдайын түсіне білгені үшін сөйтетін. Сол сабырынан, сол сыйынан әлі айырылмай абыроймен қартайып келеді екен, жарықтық. Жетпіс жыл бойы дүр етіп бір ашу, бір жанжал шығармаған мінез, әй, әулиелерде де бола қойған жоқ шығар. Ішінен боқтап, ішінен күйініп, бар жамандықты өз ішінде өлтіріп үйренген данышпан ғой, қан көріп тұрып та қаны тасымайтын, зорлық көріп тұрып та кек сақтамайтын кемеңгер ғой»[2,387-388-б]. Демек, Қожақмет қария Ұлы Отан соғысын да басынан өткеріп кеп колхоз басқарған. Тылдың бар ауырпалығын көтерген. Жетім-жесірлерді жебеп, қиянатқа бармаған. Мінезге бай, кісілігі жоғары. Сыртын бүтін ұстап, ішінде жанартау бықсығанымен, сабыр сақтап, қиянаткерлерден де сан таяқ жейді, бірақ, ақылды алдыға сап, соңынан ашу ерткен. Мұндай дана қария қазақтың құт дарыған кез-келген ауылында бар, олар болмаса ел азып-тозып кетер еді. Қожақмет қарияның болмысында еш жасандылық жоқ, пайғамбар өсиетіне берік, құдайға құлшылығынан жаңылмаған. Сондықтан бұралаң жолман жүріп көрмеген Қожақмет - көпке үлгі әке, аға, абыз, нағыз  сұлу қартая білген адам. Қожақмет тәрізді сұлу қартая білген қария жайлы Н.Назарбаев: «Адам сұлу қартаюға тиіс. Бабаларымыздың дана және дара психологиясын ұмытпаумыз керек. Сұлу қартаю, әдемі ақсақал болу деген сөз. Ал ақсақал болудың көтерер жүгі де, атқарар міндеті де ошақ қасында емес, елі мен жерінің, халқының алдында үлгі боларлық өмір сүруінде жатыр. Мәселен, биліктен кетсе бедел биігінен түспеген Бәйкен Әшімовті алыңызшы. Ол ел тілегін тілеген нағыз абыз ақсақалға айналды. Сұрасаң-ақылы, шақырсаң-мақұлы, келіссең кемел сөзі дайын»[58,7-б]. Демек, көпті көрген, көптің аузын баққан, бедел биігінен түспеген, ел тілегін тілеген Қожақмет қария – «ақылы», «мақұлы», «кемел сөзі дайын» бүгінгінің абызы. Қазақтың қазіргі қариялары тоталитарлық жүйе дәуірлеп тұрғанда дүниеге келіп, соның тәрбиесін алды, интернационализм, советтік өмір салты басты ұраны, өрісі болды. Қызметті де сонда істеп, тоқырау жылдарының қызығы мен шыжығына батты. Біртұтас совет халқына айналмақшы боп, ұлтшылдықа қарсы өршелене тас атты, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүріне, ұлттық менталитетке іш тартқандар қара қарғалардың ішіне еніп кеткен ақ қарғадай қудаланып, аластатылды, қайтіп оралғанда туған әкесін танымастай кейіпке түсті. Кеңестік өмір салтының әрін кіргізген арақ, темекі, анаша қазақтың асыл қанын ластап, «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» жаңа тұрпатты орыстанған нәсіл пайда болды. Қожақметтер сол заман індетін бойына жұқтырмай, қазақтығын сақтаған бекзат болмыс ретінде жазушы қазіргі ұрпаққа үлгі ретінде ұстанады. Бәйкен, Қожақмет тәрізді «қариялар азайып бара жатқанымен», олардың жолын сын сағаттарда сақтап қалған ұлттық сана, менталитетін көзімен көріп, сабақ алған, рухын бойына сіңірген қатары әлі де қалың. Елбасымыздың тамсана отырып, артқан жүкті де ауырсынбай, сеніп тапсырған қызметті де халқының мүддесі мен мұраты үшін атқарып, «бедел биігінен» жаңылмаған, бабаларының дана, дара психологиясын» сақтай білген қарияларымыздың болашағы да жарқын. Бақытымызға тәуелсіздігімізге қолымыз жетіп, бүлінгенімізді түзеп, сынығымызды бүтіндеп, жоғалтқанымызды тауып, сарқылғанымызды тың ағыстармен толтырып жатырмыз. Үйрене білгенге, іздене білгенге, игере білгенге ұстаным да, «қор» да жеткілікті. Тарихымызға, ұлттық мүдде, жаңаша көзқарас, әдебиетімізге жаңаша көзқараспен қарап көреген Президентіміз дер кезінде ұсынған «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде атқарылып жатқан асқаралы істер – сол жоғалтқандарымызды қайтарып, олқыларымыздың орнын толтыру, обыр жаһандандыру саясатына жұтылып кетпей, әлемдегі алып ұлттардың қатарынан тиесілі орнымызды ойып алу.

Информация о работе Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет