Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 13:04, диссертация

Краткое описание

Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3
І. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ...............................................................................15
1.1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ САЛТ-САНА, ДӘСТҮР МЕН НАНЫМНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ ................................................................................................15
1.2. БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ КЕСТЕЛЕНУІ.................................56
ІІ. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................................................................................74
2.1. «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫНДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ...............................................74
2.2. «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТТІҢ КӨРІНІСІ ...................................................................................................................................84
2.3. «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР ............................................................................................103
2.4. «БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ», «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР» РОМАНДАРЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................114

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................138
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................143

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диссертация Асем 2+++.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

Өнер - өмір танудың, қоғам танудың, сол қоғамның негізі адамды- танудың теңдесі жоқ құралы. Қазақ қоғамының қадірін кетіретін, ұлттық менталитетіне жат, қоғамы, заманы «жұқтырған» адам бойындағы жағымсыз мінез-әрекеттер. Әбіш о бастан-ақ дүниедегі ештеңенің қадіріне жетпей, азғындық пен моральдық тұрлаусыздықты ерлік, жетіскендік санап, скептицизм мен цинизм бойларын жайлаған адамдардың әрекетін әшкерелеуді әңгімелерінің өзегі еткен. Эгоистік болуы мүмкін бе? Әрине жоқ. Әбіш «Көлденең көк атты» әңгімесінде Саматтың әйелі Жазира күйеуін менсінбей, қосағының көзіне шөп салып жүріп, ақыры шолақ белсенді Жанаспен жарасып, кімге де болса жақсылық жасауға әзір тұратын құдай қосқан қарлығаш пейіл қосағын қағынан, жар төсегінен жеруге мәжбүр етеді. Характер логикасы мен оқиға логикасының арасында еш қисынсыздық байқалмайды. Бәрі табиғи. Алдау, арбау, зорлық-зомбылық, әділетсіздік, көрсеқызарлық, тоғышарлық, зұлымдық пен менмендік жайлап, иістенген ортада намыс пен ыза адамды еріксіз тосын шешім қабылдатып, күйзелтіп, сана күресіне жетелеп әкелмек. Әңгімедегі сұлулығына табындырғандардың көптігіне Жазира алғашында «тойып секірсе», артынан «моласындай бақсының» жалғыздықтың, парықсыздықтың зардабын шекпеске амалы қалмайды. Самат рухани соққыдан жаны күйзеліп, жүрегі қабынғанмен, жаны «арам қаннан» тазарып, арманы биіктей, жаңа болмыс-бітімен айшықтана түскен [3,175-б].

Әбіштің қазақ даласының  өткен тарихи өмірін көрсететін шығармаларының бірі – «Бәсеке» хикаясы. Мұнда Балпан байдың даңғой, мақтаншақ, өзімшіл, өркөкірек, әсіре үркеппе мінезі көрінеді. Жазушы бұл хикаясында байлар өмірін шыншылдықпен суреттейді. Жазушы өткен замандағы әлуметтік қайшылықтар шындығын терең зерттеген және оны айна қатесіз көрсете алған.

Жазушы малы мыңғырған  байдың бірін басты кейіпкері етіп алады. Балпан байдың халыққа күлкі болған жайының тарихы қызы Ажардың бойжеткен кезінен басталады. Қызы бар үйде тыныштық жоқтың кері Балпан байдың шаңырағына келеді. Жазушы байды сынап-сыбамаған. Қатыгездік, бірбеткейлік, тәкәппарлық сияқты дәулеті асқанның бойындағы жағымсыз мінез-құлықтарын ашып көрсетеді.

Шығармада қызына құда түсе келген «әр сөзінен тәрбие, білік, кісілік» көрініп тұрған Байсал, жаман Можан да, даукес Даржан да, саудагер Шүрен де тілмаш Бекес, осы өңірді аузына қаратқан Алшағыр биді де, Сауытбайды да аяғына отырғызбай, қорлығын өткізіп, жанарымен жер шұқытып қайтарады.

Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай үкілеген асыл сүйек қызын  ерлігі асқан, күші тасқан палуан, өнерпаз жігітке ғана Күн астындағы Күнекейі - Ажарын беремін дейді.

Повестің өн бойынан  аңғарылатын автор позициясы қыз баланың тәрбиесіне қатысты ұлттық менталитет көрінетін осы қастерлі ұғымды алға тартады. Үйде қонақ отырғанда бой түзеп келе жатқан қыз баланың үй ішіне баса көктеп кірмейтінін, сәлем беру дағдысына қалай тәрбиелегені шығармада шынайы көрініс тапқан. Мәселен үй толы қонақтан айбынбай үстіне кірген қызының қылығына күйінген Балпан бай:  ««Қызды қырық үйден тый» деген қайда? Үйде қонақ отырғанда үстіне неге кіреді? Аға-жеңгесінің отауына бара тұрса болмас па? Енді оны тұлымын желбіретіп алдымызға алып отыратындай ес білмейтін бала емес қой. Ауылымыздың үстінің ат көпір боп жатқаны мынау. Көрмей ме, білмей ме? Білмесе сен қайда жүрсің, ана жеңгесі Жазыл қайда жүр? Апырау, адам өзінен туған бала түгілі, есігінің алдындағы итке де жөн үйретеді ғой?»[1,127-б] - деп тіксініп қалады.

Қыз абыройы қазақта – отбасының, елдің болашағы, босағасының беріктігі, өмірдің қызығы. Қазақ халқы «Қыздың жолы – жіңішке» деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Яғни, қыздың абыройын жоғары бағалайды. Оның абыройлы болуына көбіне ана жауапты деп қарап, анасын ардақтай білмеген қыз, ана абыройын да сақтай білмейді деп тұжырымдайды. Қыз абыройлы болу үшін оның мінез-құлқы ибалы, иманды болуы керек. «Қыз қылығымен жағады» деген мақал содан қалған. Халық өсіп келе жатқан қыздың алдына өмірлік міндеттер қойып, оны орындауын қыздың абыройы деп санаған. Ізетті болу, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, үлкеннің алдын кесіп өтпеу, ақсақалды атаны, ақ шашты әжені, ақ жаулықты ананы, жалпы жасы үлкенді сыйлап, алдынан кесіп өтпей құрметтеуді мұрат еткен. Бұл біздің ата дәстүріміз, ұлтымыздың озығын құрметтеу Кішінің үлкенге сәлем беруі сол озықтығымызды қастерлеудің қағидасы – тектіліктің негізі.

«Бәсекедегі» ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміздің көрінісін құда түсу салтынан көреміз. Повесте баяндалатын жай соған меңзейді. Құда түсуге келген қонақ: «Пенденің өнбегі-өспегі, бала сүймегі, баласының да өзіндей боп түтін түтеткенін көрмегі – бәрі қызық екенін, бұның өзі тек біздің, ата-бабамыздың ғана үрдісі емес, дүние жаралып су аққалы, он сегіз мың ғалам орныққалы, сонау ықылым заманнан бері адамзаттың өніп-өрбуінің тек осыған ғана байланысты екенін бір қайырып өтті. Құда түсуге келген адам  құдды бір құран оқып отырғандай әр сөзін бір ай созды. «Ұл - ұрпақ, қыз - өріс» деген. Жат жұртқа жаралса да, қыз баланың жалғыз бауырын жалқы қылмас. Іштен шыққан баланы кісіге қимақ та оңай емес, ойланыңдар деп көк сақал сөзін бітірді»[1,132-б]. Демек, «көк сақал» біреуге бала берудің ауырлығын ұзақ фәлсафалайды. Мұнан аңғарарымыз, құда түсу, құда күту, қыз ұзату сияқты дау-дамайы толып жатқан салт-дәстүрлерімізді Кекілбаев шығармаларында майын тамыза суреттейді.

«Бәсекеде» автор «қыз ұзатуға» қатысты халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді де әдемі баяндаған. Қазақтың бүгіндері ұмыт бола бастаған қолөнер әшекейлері де көпті тамсандырады. Алпыс үй лық толған «бәсекеге түсетін жігіттер де сайдың тасындай». Міне, жер қайысқан «күйеу балаларды» сынақтан өткізетін, мықтыларын жер қаптырып, осалын осқыртатын жарысқа толы оқиғалардың түйіні де бей-жай қалдырмайды. Осы өлкенің менмін деген би, бай, төрелерінің, үлкен ауылдың бетке ұстар бар жақсыларының ішінде есірік Есеннің де жүруі тегін емес. «Бір құлағы шұнақ, бір көзі әпірейіп аспанды санай біткен. Малдан басқа қара көрмей, әбден милау боп кеткен неме пәлендей бәсеке болып жатыр деген соң, алды-артына қарамай далақтап шаба жөнелген ғой»[1,152-б]. Жасы қырыққа таяп қалса да, әлі үйленбеген оны естілік емес, есірік дәме «айқас алаңына» сүйретіп әкелген деп суреттейді жазушы оны. Есеннің осы бәсекеден үміт күтуі күлкі тудырғанмен, сараң байдың астам пиғылына сай Алланың әмірі жағаңды ұстатады.

   Қазақ дәстүрінде ұзатылар қыздың киіміне  де ерекше мән берілген. Оны повестегі алынған үзіндіден аңғарамыз: «Үйлердің маңындағы қарбалас та олардан бір кем емес. Үй-үйдің бәрі төсек жайып, қонақтарды қарсы алуға жанталасып жатыр. Ауылдың алдында күн нұрымен жалт-жұлт етіп, ұзыннан-ұзақ самауырлар сап түзепті. Күн шыққан соң Жазыл бастаған бір топ келіншек нөкер қыздардың ортасына түсіп, қалыңдықты киіндірісті. Қыз аттанып кеткенге дейін басына асыл тастармен әшекейленген құндыз бөрік, үстіне төрт етекпен күлтелендіріп тіккен сарғыш қамқа көйлек киіп, сыртынан аймақы жасыл масатыдан желең шапан жамылмақ. Мойнына жақұт алқа тағып, екі қолына көзіне үр тасын қондырған алтын білезік салды».[1,149-б] Қаламгер оқырман назарына ұзатылып бара жатқа Ажарға дайындаған киім, салтанатын асырар асыл тастарды тақтыру, бардың шабылған тірлігін көзді қанықтыруды мақсат еткені байқалады.

Әлбетте,  қалыңдық киімі де он саусағынан өнері тамған ауыл шеберлерінің қолынан шығады. Оларға қыздың жеңгелері көмектесіп, жағдайларын барынша жасауға тырысады. Қыз киімін тігушілер түнімен көз ілмеуі керек және бұл процесте қарсы жақтың өкілдері де қатысады. Егер киім тігуші қыз жағы ұйықтап кетсе, құдалар жағы оны тігіп тастап, айыппұл төлеттірген. Сол үшін қыз беруші, қыз алушы да ішіп жеуге, ұйқыға да, өлең айтысуда да, төзімді, өткір, іскер табанды, салмақты болуды талап еткен.

Автор оқырманын осылайша ертегі, аңыздардағыдай сайыста бағы жанғандардың  мұрат – мақсатына жететініне дәмелендіріп қояды. Демек, ақылына келбеті сай Ажарды жігіттің сұлтанына тиетініне сендіреді. Оны аузы дуалы ақсақалдардың «Бәскеге аталы ауылдардың бәрі де ат қосыпты, мынау былай, мынауы алай дейтін ештеңесі жоқ, шетінен текті ауыл. Кім озатынын білмейміз, әйтеуір, балаңның бағы ашылғалы тұрғаны – анық» - деп күпіне сөйлеген сөздеріне қапысыз иланасыз. «Асқанға аспан да аласа» демекші, аспандаған көңілді тағдыр тәлкегі талқан етеді.

Жігіттер бірінші өнер салыстырады, кейін күш сынасып, ең соңынан жүйрік шаптырады. Көмбеден аттанған 20 жүйріктің алды болып есерсоқ Есеннің аты келеді, басқа сайыстарда да күші асқандардың іштарлығынан мықтыларды мысық тілеулі жер қаптырады. Құран ұстаған Балпан бай уәдесін бұза алмай, өң мен түстің арасында «бәсеке» оңбай сүріндіріп, Ажары есерсоқтың үлесіне тиіп, есінен айрылып қала береді.

Бұл шығармада үнемі байлық пен барлық есірткеннің жолы бола бермейтінін меңзеген қатал тағдырдың сабағын жазушы оқырманға сыншыл көзқараспен бейнелеп береді. Бала бақытын байлаған даңғой, үркеппе әкенің келеңсіз қылықтарын әшкерелейді. «Бәсеке» Ә.Кекілбаевтың түр жағынан да, мазмұны жағынан да, ұлттық құлық пен мінезді келістіре кестелеген қуатты туындысы, қазақ прозасына қосқан жаңа табысы болды.          

«Шеткері үй» повесінде жазушы бүгінгі замандасының бейнесін жасайды. Автор мұнда да иті екеуі бір дастарханнан тамақ ішетін кемпірдің өткен өміріне шегініс арқылы шолу жасайды. Кезінде үстіне шаң жуытпайтын, иіс-қоқысты сезіп қойғыш Зухраның ит қоңсысына үйренуінің себебі жақсы ашылған. Кезінде дүкеншінің сүйікті қызы болған Зухра әке дәулетінің арқасында ешқандай қиындық көрмей өседі. Бетінің әрі барында ертеңін ойламаған әйелдің бүгінгі күніне өзі кінәлі. Әлібек соғыстан келмей қалған соң ұлын алыстағы балалар үйіне жіберіп, аяғыма оралғы болады деп жалғызынан тірідей безінген ол, баласына аналық мейірім бере алмағанына кеш өкінеді. Әкесінен аумайтын соқталдай азаматтың өз баласы екені де оған түс секілді. Себебі, ол – баласының өсіп, ержеткенін көрмеген қайырымсыз, мейірімсіз жан. Жас кезінде уақыт шіркіннің жылдам екенін білмеген сұлу өзінің де қартайып кемпір боларын қайдан білсін. Күзембаев, Себепбаевтар сынды серілер – уақытша қызық, қу нәпсі үшін келіп-кеткендер оның тағдырына әсер ете алмайды. Автор мұнда да бір кейіпкердің монологы арқылы сыр шертеді. Оның жан дүниесіндегі арпалыс сезім, өмір үшін буырқаныс өңі мен түсінен шатастырады. Түнде жалғыздықтан елегізіп ұйықтай алмайтын ол таң ата көз ілетін болады. Осылай күн мен түнді ауыстырып алған әйелдің өз үйінің табалдырығында өліп жатқанын үш-төрт күннен соң хат тасушы әйел тауып алады. Автор қылығы қазақ менталитетіне үйлеспейтін қоғамды ластаушы адамдарды сынға ала отырып, әлеуметтік індеттің пенде бойына қалай мысқылдап жұғып, терең тамыр тартып, рухани құлдырауға апарып соқтыратын жезөкшеліктің себеп-салдарын оқырманның өзі іздеп, талдап, ойлануына мүмкіндік береді. Демек, жазушы шығарманы күлдіру не жылату үшін де жазбайтынын, тебіренту не жирену үшін жазатынын аңғарасың. Повесть трагедиялық коллизия дәрежесіне көтеріледі. Адам өмірінің әлеуметтік сыр-сипаттарын философиялық, психологиялық тұрғыда терең көрсетудің нәтижесінде күні кеше жап-жас, тепсе темір үзетін Жәнібектерді от көрген көбелектей үйіріп, профессор Себепбаевтарды үлектей арқырата үздіктірген, бұйдасын үздірген, сұлу қыз, қылықты келіншек ақыры солардың қармағынан жарыла-жарыла тозған сеңдей жалғыз қалып, қызық күндердің қарасы өшіп, енді ләззатты күлімсі иісі қолқаңды қабатын алжыған төбетінен телмеңдеп дәмететін трагикомедиялық күйге дейін құлдырайды. «Салт басты, сабау қамшылы сауық-сайрандарды аңсаудың» соңы, ащы сабағы бұл. Суреткер жезөкшенің жаныңды қаритын аянышты тағдырын мұншалықты неге қаза суреттеп, жүрегі қабына күйзеле отырудың гәбін біз оның Л.Толстой шығармашылығына қатысты мақаласынан табамыз. «Оның шығармашылығының қай-қайсысы да моральдық дағдарыстарға ұшырап, әлеуметтік өмірдің тығырығына тірелген ақыл иесі жандардың азапқа толы рухани ізденістерінен құрылады. Оларда қиян-кескі, шым-шытырық оқиғалар жоқ та, қиын тағдырлар жеткілікті-ақ, шарт та шұрт айқастар аз да, миыңды зеңітіп, жүрегіңді сыздатар сезім сергелдеңі мен ой арпалысы өте мол»,[3,175-б] - деп жазады. Зуһраны сол «сезім сергелдеңі мен ой арпалысы» демек, қайтсем әйел баласының бәрінен асқан көркім мен еркек біткенді соңымнан шегірткедей шұбыртып, бағымды асырамын деген ой ынтықтырған. Ақыры біреуге кіріптар, «тұрпайы», «озбыр жұптық өмірден құтылып», бас бостандығын қалаған өзімшілігі, «моральдық дағдарыс» түбіне жетіп, уақыт озып, ажары тозғанда шіріген салындыдай жағаға лақтырып тастады. Түптен қазсақ, Зуһра трагедиясының қанды бас кейіпкері «пісте мұрын, шанаш бет» шешесі. Бесіктен көрген тәрбиесі. Л. Толстой: «Әйел қанша сұлу болса, сонша адал болуы керек, өйткені оның сұлулықтан көкірек кесірін адалдық қана жеңе алады»[3,176-б], - деп өсиет қалдырғаны мәлім. Әбіш ұлы ұстазының асқан сұлулығы түбіне жетпес үшін пендесіне берген кеңесін негізге ала отырып, көз жасының күнәһарына меңзеген әдемі повесть жазған. Мұндай бетімен кеткен әдепсіздік, лас жыныстық қатынас қазақ менталитетінде жоқ, ұлттық тәрбиеге жат қылықтар.

Иә, кемеңгер Л.Толстой  әйел қанша сұлу болса, сонша адал болуы керектігін философиялық тұрғыда қозғап отыр. Онда сарабдал ой, сара парасат жатыр. Әйел - өмірдің тірегі, мазмұны, нәрі. Ол өз махаббатын тапқан кезде, оған кіршік жұқтырмай, адалдығын дар жібі, алмас қылыштың дірілдеген жүзінен де қаймықпай қасарыса дәлелдеп беруге бар

Қаламгердің әңгіме, повестерінде қаймағы сылынбаған ұлттық орта, қазақ ауылының шындығы негізінде жаңа характерлер ашуға құрылған. Оның әрбір кейіпкерінен қазақтың ұлттық мінез-құлқы анық көрінеді. Олар халықтық аңыздан бастап, бүгінгі заманда өзі көріп-таныған адамдар бейнесін жарқын суреттейді. Қазақ қоғамында орын алған әділетсіздік, күштінің әлсізге жасаған зорлығы, өнер иелерінің қорлықпен, азаппен жаншылуы, адамдар арасындағы бәсекеталастық тағы сол сияқтылар бұл повестің негізгі оқиғаларын құрайды. Бәріне тән ортақ идея – қараны ақтан, жендетті жаудан, күштіні әлсізден айыра білудің қажеттілігі, адамгершілік, жақсылық сияқты  мәңгілік құндылықтарды бағалай білуге үйрену тәлімі.        

Философиялық, аналитикалық суреттеу тәсілі Ә.Кекілбаевтың сүйіп қолданатын тәсілдері. Ұлтының кешегі, бүгінгі болмыс-бітімін, рухани әлемдегі психологиялық, әлеуметтік, этикалық, адамгершілік менталитетін суреттей отырып өз кейіпкерлерін барлық қырынан аударып-төңкеріп, қырнап-жонып, бүгіп-жазып дегендей жете танытып, қилы мінездер галереясымен армансыз жүздестіреді. Қаламгер шығармаларының жақсы оқылатыны, бізше, өмірлік шындықты, күрделі адамдық болмысты қылықтан емес, құлықтан іздейтіндігінде.

«Тасбақаның шөбі» әңгімесінде автор шығарманың басынан аяғына дейін екі кейіпкер Қарабала мен Онбайды алма кезек жүздестіріп, олардың жан сарайларының есік, терезесін ашып тастап, іс-әрекеті, сезіміне, көңіл күйі, амал-айласы, құлқы мен қылығына терең талдау жасайды.

Шығарма тақырыбы – жетпісінші жылдардағы ауыл өмірі. Жазушының ауыл өмірін терең  білетіндігі сондай, бар жайды  өз басынан өткендей мөлдірете көрсеткен.

Онбай – ата-бабасынан сіңірі шыққан кедейдің тұқымы. Табиғатынан өте пысық, еті тірі адам. Оның пысықтығы мектепте оқып жүргенде-ақ байқалған. Оқуға алғыр, мұғалім тапсырмаларына мұқият болған. Сонымен қатар қағілез, тентек, ұрыншақ. Бойы жігер-қуатқа толы, «он беске келер-келместен-ақ қызы бар үйге тайлақ боп сүйкенетінді шығарған». Қиқарлығы, ұрыншақтығы, сонымен бірге пысықтығы қартайғанша толас таппаған.

Қарабаланың көзімен беретін мына бір жолдарда: «Ауылдағы кісі үрікпес қыз біткеннің Онбайдың өлеңдетіп жазған хатын алмағаны кемде-кем. Ал Онбайдың қалтасы тола қыздар берген кестелі орамал. Алқалы жиын көрсе, арқасы қызып кетеді. Көзі шоқша жайнап, екі беті бал-бұл жанып шыға келеді. Жиналыс атаулыдан сөйлемей қалмайды. Мерекелік жиналыс па, есеп беруі ме, қой қырқуға, шөп шабуға, мал төлдетуге, күйек алуға арналған жиналыс па, - оған бәрі-бір. Басқарушы баяндамадан кейін-ақ соның есімін атайды. Жұрт дуылдатып қол соғады. Сол бір ду-ду залда отырғандар да, төрде отырғандар да бастарын шайқап, таңдайларын тақылдатады. Жоғарғы жақтан келген өкілдер болайын деп тұрған өткір жас жігіттің қолын қысып, арқасынан қағады. Соғыс кеп қыстырылмағанда, Онбай болса болып та қалар еді»[1,151-б]. Онбайдың жастық шағын жазушы тағы да Қарабала сөзімен былай баяндайды:

Информация о работе Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет