Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 13:04, диссертация
Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады.
КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3
І. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ...............................................................................15
1.1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ САЛТ-САНА, ДӘСТҮР МЕН НАНЫМНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ ................................................................................................15
1.2. БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ КЕСТЕЛЕНУІ.................................56
ІІ. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................................................................................74
2.1. «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫНДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ...............................................74
2.2. «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТТІҢ КӨРІНІСІ ...................................................................................................................................84
2.3. «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР ............................................................................................103
2.4. «БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ», «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР» РОМАНДАРЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................114
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................138
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................143
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ұлттық менталитеттің теориялық, тарихи-философиялық, этнопедагогикалық негіздерін шынайы өмірдің арнасынан сүзіп алынған Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев әңгіме, повесть, романдарындағы кейіпкерлер болмысынан тауып, олар оны қалай бейнелегенінің сырына қанықтыру. Ұлттық менталитеттің уызын тал бойына сіңірмей нағыз қазақты көз алдыңызға елестете алмайсыз. Өмір – күрес. Сол сұрапыл күрес айдынында ұлттық сипатқа айналған дәстүріміз бен дүниетанымымызды, әдетіміз бен әдебімізді, арманға жету жолында қайыспас қайсар қаһармандық ұстанымымызды, даламыздай дархан бітімімізді айғақтап тұрар ерекше ұлттық мінезіміз, тұлғамыз дараланып, оқшау бітімімен бұлтты жарып, жаһанды жадыратар нұрын төгіп шыға келмек. Ұлттық мінез - күрделі ұғым. Ақ пен қара, күн мен түн, ізгілік пен зұлымдық бір-біріне қалай керағар ұғым болса, өмір болған жерде жақсылық пен сұмпайылылық өзара айқасып барып, жанды жадыратар озыққа жол ашылмағы ақиқат. Талантты жазушылар Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев барынша ұлтжанды, ұлттың озық қасиеттерін де, артқа тартар жексұрын әдет-ғұрып, мінездерді де жетік білетін, соларды тереңінен қозғап, әр қырынан суреттеуде ел ықыласына бөленіп келеді. Біз өз зерттеуімізде солар жасаған рухани мұрадағы ұлттық менталитет көріністерін байыптап, саралап беруді мақсат етіп отырмыз. Осы зерттеу еңбегімді жүзеге асыру жолында мынандай міндеттер қойылады:
- Шығармалары талданып отырған жазушылардың туындыларынан ұлттық салт-сана, дәстүр, әдет-ғұрып – менталитет көріністерін байыптауда оның көркемдік негізін (генезисін) тауып, игерулеріне баса мән беру;
- Дәстүр – халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани көзі, ұлттық танымның бастау бұлағы екенін қаламгер әңгіме, повесть, романдарын талдау үстінде байыптау;
- Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев әңгіме, повесть, романдарында отбасы ынтымағы мен бірлігін берік қалыптастыруда туысқандық институттардың атқаратын рөлін көркем кестелей алуын анықтау;
- Ғасырлар көшінде халқымыздың бойына тамырын терең жіберген ұлттық менталитетін отаршылдық қанау, тоталитарлық езгі, идеологиялық қысымға төтеп беріп, жоғалтпаған жанкештілігін Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеевтің бейнелей алуы;
- Ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жексұрындық, күн мен көлеңке бір-бірімен теке-тіресе өмір сүрулеріне сәйкес әдет-ғұрып, салт-сана, менталитетінің керағар тұстары да болмай тұрмайтынын Әбіш пен Бексұлтан суреткерлік талғам таразысынан қалай өткізгенін саралау;
- Әдет-ғұрып, салт-сана, ұлттық менталитет халық жер бетінде ғұмыр кешіп жатқанда оның бары мен нәрі, тамыры мен тағдыры, күллі болмысы екенін ескеретін болсақ, ұлттық суреткер санатындағы қалам иелері өз творчестволық күш-қуаты, дүниетанымы негізінде сол туған жұртының халықтық қасиеттеріндегі ерекше белгілерін басқа жұрттың менталитеттерімен салыстыра отырып кестелеп бере алды ма, адамзаттық ортақ қасиеттерді сабақтастыра, үндестіре бейнелеуге таланттары жеткен-жетпегенін қадағалап, таразылау;
- Жазушылар әңгіме, повесть, романдарында халықтың қанына сіңген әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр, мінез-құлық, ұлттық кәсіп өзінің қиындығы мен қызығы арқылы шарапатын, шырынын кейіпкерлердің жан-жүрегіне сіңіріп, сындарлы ұлттық характер жасаудағы шеберлік қырларын зерделеу;
- Ә.Кекілбаев, Б.Нұржекеев шығармаларында ежелгі ұлттық менталитетті бастан кешіп отырған қоғамдық формация тигізіп отырған ықпалы, соның әсерінен адамдардың мінез-құлқы, болмысы құбыла бастауын олар қалай көре білгеніне, ескі мен жаңаның күресін реалистікпен бейнелеуіне назар аудару;
- Жазушылар өмірдің тұтас панорамасын қотара қарастыратын романдарында ұлттық менталитет талабына сай кейіпкерлерін моральдық, этикалық, қоғамдық, мемлекеттік тәрбие ықпалымен тұлғаландырып, азаматтық келбетін көркемдік қалыптан шығарудағы зергерліктерін салмақтау;
- Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық психологияның орнын анықтау;
- Шығармалары зерттеу объектісіне айналып отырған қаламгерлердің әңгіме, повесть, романдарында ұлттық менталитеттің бейнеленуі тәрбиеге тигізер мәніне, қазақ менталитетінің тақырыптық диапазонына, ұлттық сипат пен интернационалдық сипат бірін-бірі толықтыру мүмкіндігіне, ұлттық кейіпкерлерді мінез-құлқына, әдет-машығына, сөйлеген сөзіне, сезім белгілеріне қарап ажыратуға, ұлттық менталитет диалектикалық даму, кемелдену процесін бастан кешіре отырып жалпы адамзаттық мұратқа қызмет ететініне қаншалықты жауап беретінін сараптан өткізу.
Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні. Диссертациялық жұмыстың нысаны – көрнекті, ұлтжанды жазушылар Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев әңгіме, повесть, романдарындағы ұлттық менталитеттің бейнелену шеберлігі. Ұлттың ұлт болып қалуы, оны әлемдегі ең қуатты, өркениетті ел қатарына қосатын құдіретті күштер: жерінің байлығы, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрі, ауыз әдебиеті, жазба әдебиеті мен өнерінің қуаттылығы, тілінің өзге ұлт өкілдерін төңірегінде тұтастыра олар қабілеті, саясаты мен құқығының ізгілік сипаты т.б. Аталған жаушылардың шығармаларындағы халықтық, ұлттық, мемлекеттік қуатымыз, елден бөлектеп тұратын ерекше қасиеттеріміз көрінетін ұлттық менталитетті талдап, танытып, ғылыми жаңалық ашу үшін этнопсихология, этнопедагогика, қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихы, әдебиеттану ғылымы, ұлттық тарих, психология, этнография, география, жаратылыстану, ислам дінінің тарихымен қаруланып, олардан алған білім зерттеп отырған тақырыптың құрамдас бөліктері ретінде қарастырылды.
Зерттеудің теориялық, әдіснамалық негізі. Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде әдебиеттану және фольклортану, әдебиет тарихына қатысты монографиялар, сыни мақалалар, психология, педагогика, философия, этнография, дінтануға қатысты кейбір еңбектер кешенді түрде зерттеудің ғылыми - әдістемелік негізіне алынды. Сондай-ақ, ұлттық менталитеттің теориялық-практикалық өрісіне бойлататын шетелдік ғалымдардың зерттеулері де қағыс қалмады. Атап айтқанда, отандық әдебиеттанушы ғалымдар А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, А.Сейдімбек, Р.Нұрғалиев, Р.Бердібай, М.Жолдасбеков, С.Қасқабасов, Н.Ғабдуллин, Т.Сыдықов, Б.Әбдіғазиұлы, Т.Тебегенов, Т.Рахымжанов, Г.Піралиева, Д.Неталиева, Қ.Әбдезұлы, Қ.Уразбаев және т.б; елімізге кеңінен танымал философтар: Д.Кішібеков, А.Х.Қасымжанов, Ғ.Е.Есімов, Ә.Н.Нысанбаев, А.Қ.Қасабек, Ж.Алтаев, Ж.Ж.Молдабеков, Т.Бурбаев, Ә.Қалмырзаев, М.Ш.Хасанов; көрнекті тарихшы ғалымдарымыз: Ә.Марғұлан, М.Қ.Қозыбаев, А.К.Ақышев, К.М.Байпақов, Х.А.Арғынбаев т.б. ұлттық менталитетке, қазақ халқының халық болып қалыптасуы дамуына қатысты ғылыми-теориялық тұжырымдарын ғылыми еңбегімізде пайдаландық. Ал шетелдік ғалымдар: К.Биязарти, В.Оскоцкий, И.С.Кон, В.Н.Гвоздей, Н.И.Утехин, М.Чимпой, Б.Бурсов, Э.В.Сокол, Ю.И.Суревцев, С.Ф.Крипшенко, А.О.Большев, З.А.Серебрякова, А.И.Мусаев, А.Мамедовалардың ғылыми еңбектері мен монографиялары ретіне қарай кәдеге асты.
Зерттеу әдістері. Ұлттық менталитеттің көркем шығармада бейнеленуі қарастырылатындықтан, отандық, шетелдік әдебиеттану ғылымындағы үздік әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Диссертацияны жазу барысында негізінен салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау әдістері кеңінен қолданылды. Сондай-ақ, мазмұны күрделі, қамтитын мәселелері көп, құрылысы
күрделі ұлттық менталитеттің
көркем туындыларында бейнеленуін
Зерттеу жұмысының ғылыми
жаңалығы. Ұлттық менталитетті кейіпкерлер
іс-әрекеті, ойлау жүйесі, психологиясы,
туған табиғатпен,
- Қазақ менталитеті деген терминге теориялық талдау жасалып, оның қалыптасуына ықпал ететін салалардың генезисі анықталды;
- Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев әңгімелері, повестері мен романдарында ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрып, ән-күй, өнер салалары, құқықтық саяси дүниетанымның ұлттық болмысын танытудағы рөлі байыпталды;
- Туған жер, Отанға
деген көзқарастан,
- Ұлттық мінез бен ұлттық кейіпкерді жаңа дүниетаным тұрғысынан бейнелеуде Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеевтердің ізденістері жан-жақты пайымдалды;
- «Семья – шағын
мемлекет» демекші, қуатты
- Ұлттық мінезде сол ұлт өкілдерінің болмыс-бітімі жататыны сараланды;
- Ұлттық менталитетті бейнелеудегі алдыңғы буын жазушылардың дәстүрін Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев қалай жалғастырғаны, дамытқанына баса назар аударылды;
- Ұлттық менталитетті қастерлеудегі Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеевтің сол ауыр да аса құнды қасиеттерімізді бойына жинақтаған кейіпкерлер галереясын жасаудағы суреткерлік шеберліктері ашылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Қазақ ұлттық менталитетінің ұлттық әрі жалпы адамзаттық мұраттарымен үндестігі;
- Халық бойындағы патриоттық сезімді тәрбиелеуде өлең, жыр, толғау, күйлердің алатын орнын Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларынан пайымдау;
- Қоғамды бұзатын құлық пен мінез. Соның жайсаңдығы мен жантүршігерлігін Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларынан тауып, оның ұлттық менталитетке тигізер зияны мен беделін асқақтатар сырын сараптау;
- Адам бойындағы ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын, адамның іштей екіге жарылуын таразылайтын диолог пен монологты Ә.Кекілбаевтың басты көркемдік компоненті етіп пайдалануының себебін анықтау;
- Белгілі қаламгер Б.Нұржекеев әңгіме, повестері мен романдарында отбасы менталитеті, ерлі-зайыптылар қатынасы, қыз бен жігіт арасындағы сүйіспеншілікті бейнелеуді суреткерлік кредосына айналдыру мен ұлттық менталитетке қосқан үлесін саралау;
- Адам қоғамдағы нәпсіқұмарлық, іштарлық, күндестік, дүниеқоңыздық, жағымпаздық, жылпостық, қызғаншақтық тәрізді жағымсыз мінез-құлықтарды Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев тамырын бойлай қазып, иірімін сүзе жүйелі бейнелеудің ұлттық менталитетті байыту, жетілдіруге тигізетін пайдасын таразылап беру;
- Талантты суреткерлердің шығармаларында ұлттық менталитетті дәріптей отырып ұлттық көркемдік ойлау мен эстетикалық көркемдік танымды дамытудағы ізденіс өрісін анықтау;
- Жас ұрпақты ұлттық тәрбиенің уызына жарытуда Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеевтің жоғары көркемдік пайымдауларымен ерекшеленетін тұжырымдарын қазіргі педагогикалық ақыл-ой, талаптар негізінде талдап, бағалау.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Әдебиет – адамтану ғылымы. Ал қоғам – адаммен ғана қоғам. Әр ұлт - өз алдына қайталанбайтын құбылыс. Сондықтан жазушы, ақын-қоғамның мүшесі, өз ұлтының перзенті. Өз ұлтының бойында қайталанбас менталитеті болмаса онда ұлт жоғалады. Ұлт жоғалған жерде ұлттық менталитет те жоқ. Коммунистік империя, тоталитарлық жүйе орыстандыру үшін ұлттың ең жанды жері: тілі, ділі, дініне, салты мен санасына, әдеті мен ғұрпы, менталитеті тұнып тұрған рухани әлеміне идеологиясының улы оғын жұмсады. Әйтсе де ұлтымыздың абызы ұлы жазушы, ақын, композиторларымыз қаны сорғалаған қылыштың астында жүріп, шығармаларында ұлттық менталитетті дәріптей, насихаттай білді. Бірақ ұлттықпен күрескен отаршылдар ақын-жазушы, композитор туындыларындағы, менталитетті зерттеп, талдап, ғылыми еңбектер жазуға жол кесілді. Міне, тек Тәуелсіздік таңы сібірлеп атқан соң ғана ғалымдарымыз осы бір қымбатты, ыстық, қастерлі, жауапты да, бар ғылым саласын бірегей пайдалану арқылы ғана діттеген мақсатына жететін мәселеге бет бұра бастады. Иә, менталитет күрделі ұғым, кешенді зерттеулердің нәтижесінде ғана күрмеуі қиын әлеміне ендіреді. «Әбіш Кекілбаев пен Бексұлтан Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет» атты бұл ғылыми зерттеуді жоғары оқу орындарының филология, журналистика, тарих, философия факультеттеріне оқылатын дәрістерде, практикалық сабақтарда, білімгерлердің өз беттерімен жұмыс істеуіне берілетін тапсырмаларға қосымша ұсынуға болады. Ұлттық менталитеттің небір озық үлгілері тұнып тұрған ақын-жазушылар творчествосын талдау барысында бұл еңбектің теориялық тұжырымдары ауадай қажет. Осы зерттеу негізінде арнайы курс, семинарлар өткізу тиімді. Бұл ғылыми ізденіс педагогика, психология, философия, тарих пәндерінен оқылатын дәрістер мазмұнының теориялық тұғырын бекіте түсуге қосатын үлесі қомақты. Мектеп, колледж, лицейлерде өткізілетін сабақтар, жүргізілетін тәрбие сағаттарында ұстазға шәкірттеріне ұлттық менталитеттің маңызын қасиетін танып-білулеріне көмектеседі.
Зерттеуге негіз болған материалдар. Ұлттық менталитеттің Ә.Кекілбаев, Б.Нұржекеев шығармаларындағы көрінісін ғылыми жағынан жан-жақты талдап, зерттеп, алдыға қойған мақсат-міндеттерді тыянақтап беру қиынның-қиыны. Кейбір ғалымдар Д.Исабековтың ғана творчествосын, енді бірі Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін ғана объекті етіп алып, ұлттық менталитет салалары бойынша диссертация қорғады. Біз оны құптаймыз, егер зерттеуге материал жеткілікті боп жатса, стилі, дүниетанымы, бір-біріне ұқсамайтын жазушылардың басын қосып, қиналудың қанша қажеті бар. Дегенмен, біз тақырып таңдағанда күрделі ой айтып, кеңінен күрмеп байлауды қаладық та, олардың бар шығармасын қамтуды міндет санамадық. Әбіш пен Бексұлтанның жекелеген әңгіме, повестерін сұрыптап алып, романдарын зерттеуге негіз еттік. Қазақ әдебиеті тарихына қатысты жазылған, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, дәстүрлерін талдаған ғылыми зерттеулерді мүмкіндігімізше қазетімізге жараттық. Шетел әдебиеттану ғылымыдағы тақырыбымызға қажетті танымдық мәні бар еңбектерді, отандық философтарымыздың ұлттық менталитетті арқау еткен монографияларын ретіне қарай пайдаландық.
Информация о работе Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет