Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 13:04, диссертация

Краткое описание

Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3
І. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ...............................................................................15
1.1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ САЛТ-САНА, ДӘСТҮР МЕН НАНЫМНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ ................................................................................................15
1.2. БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ КЕСТЕЛЕНУІ.................................56
ІІ. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................................................................................74
2.1. «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫНДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ...............................................74
2.2. «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТТІҢ КӨРІНІСІ ...................................................................................................................................84
2.3. «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР ............................................................................................103
2.4. «БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ», «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР» РОМАНДАРЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................114

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................138
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................143

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диссертация Асем 2+++.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)
    ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ
І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

ТУРЫСБЕКОВА АСЕМ ЕРИКОВНА

 

 

Ә.Кекілбаев  пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы

ұлттық менталитет

 

 

        10.01.02- қазақ әдебиеті

 

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

       дайындалған  диссертация

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:

филология  ғылымдарының

докторы, профессор  Т.С.Сыдықов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Талдықорған, 2010

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................................  3

 

І. Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев әңгіме, повестеріндегі ұлттық менталитеттің алатын орны...............................................................................15

 

1.1. Әбіш Кекілбаев әңгіме, повестеріндегі  салт-сана, дәстүр мен нанымның  бейнеленуі ................................................................................................15

 

1.2. Бексұлтан Нұржекеев әңгіме, повестеріндегі халқымыздың УАҚЫТ СЫНЫНАН  ӨТКЕН  МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ  кестеленуі.................................56

 

ІІ. Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев романдарындағы ұлттық менталитеттің бейнеленуі....................................................................................74

 

2.1. «Аңыздың ақырындағы» ұлттық  тағылым ...............................................74

 

2.2. «Үркер», «Елең-алаң» РОМАНДАРЫНДАҒЫ қазақы менталитеттің көрінісі ...................................................................................................................................84

 

2.3. «Күтумен кешкен  ғұмыр» романындағы өнерге құрмет пен ұлттық мінездегі керағарлықтар ............................................................................................103

 

2.4. «Бір өкініш, бір үміт», «Ерлі-зайыптылар» романдарында отбасылық қатынастар  негізінде қазақ менталитЕТІНІҢ  БЕЙНЕЛЕНУІ....................114

 

Қорытынды.........................................................................................................................138

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................143

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады. Жаһандану тізгіні алпауыт елдердің қолында. Мәңгі өмір сүргісі келмейтін халық жоқ. Сондықтан ұлттығын сақтап қалу үшін тіпті айдарынан жел есіп отырған құдіретті елдер де аяқ-қолын жиып, «төс айылын мықтап тарта бастады». Халықтың бірлігі, ынтымағы жарасып, біртұтастық, туыстықтың шынайы үлгісін көрсете білсе, өзінде барын ұқсатып, өзгеге бағалата, таныта білсе ғана тарихтан өшпесі, мықтап орнын сайлап алары анық. Осыларды біріктіретін қуатты күш – ол ұлттық менталитетке тәуелді. «Қабырғалы халқы болмаса, қандай басшының да тауы шағылмай, тауаны қайтпай қоймайды»[57,41-б],-деп Елбасымыз Н.Назарбаев «қабырғалы халықты» берік қалыптастыратын ұлттық менталитетсіз ешкім ешнәрсені түбегейлі шеше алмайтынын, ұлы мұратқа жетпейтінін еске салады. Сол менталитеттің уызын жас ұрпақтың бойына ғасырлар сынынан өткен бай салт-сана, әдет-ғұрпымыз, ән-күй, телегей-теңіз ауыз әдебиеті, жазба әдебиетіміз сіңірері, дарытары әлмисақтан аян. Ұлттың батыр, қайсар, еңбекқор, өнерлі, ақылды, парасатты, сегіз қырлы, бір сырлы боп өсуіне, шешен, алғыр көсем боп қалыптасуына, жауыздық, азғындықтан безініп, халықшыл, мәрт, ірі мінездерді меңгеруіне көркем әдебиеттің қосар үлесі шексіз. Оны Абай, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Мұхтар Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Х.Есенжанов, І.Есенберлин, Т.Әлімқұлов, С.Мұратбеков, М.Мағауиндермен т.б. оңаша ойдың отауында жүздескендер жақсы біледі. Демек, қаламы қуатты, ойы аспанды құшқан, ұлтжанды жазушының қаламы ұлттық менталитеттің озық үлгілерін кейіпкер характері арқылы қалай насихаттайтынын көрнекті жазушыларымыз Әбіш Кекілбаев пен Бексұлтан Нұржекеевтің жұртқа кеңінен танымал кейбір әңгіме, повесть, романдары негізінде зерттеп, талдап беруді диссертациялық жұмысымыздың нысаны еттік.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі ғылым мен техника дамыған              заманда әлемге өзінің саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени артықшылығын, халқының саны мен соғыс қару-жарақтарының қуаттылығын басты жетістіктері санап, ұсақ, әлсіз елдерді өздеріне тәуелді етуге ындыны құрыған алпауыт мемлекеттердің тіміскі, зымиян пиғылынан сақтанбаса болмайды. Көмейі кең, әлсізге, ұсаққа, әлжуаз, момынға, өзінде барын игеруге құлшынысы кемге мәңгі жібімес сеңге айналатын жаһандану саясаты сақтанғанды ғана, өзімен текетіресіп тас шайнайтын болат азулыға ғана оң қабағын беріп, жер бетінде өз қуатын, мемлекеттігін, ұлттық болмысын сақтап қалуға еріксіз көнері хақ. Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлануы керек. Бұл - әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінген деген сөз. Бұл әрбір азамат тарих қойнауына  ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кеңбайтақ жердің лайықты мұрагері бола білуге ұмтылсын деген сөз»[58,27-б]-, деп сонау коммунистік империя күйреп, Одақтас республикалар қалай беттерін білмей теңселіп тұрған елең-алаң шақта көрегендік танытты. Кеше кім болғанымызды, бүгініміз қандай күйге тап қылғанын, енді шапшаң ес жинап, Алла мына ата-бабамыз қалдырған осындай кеңбайтақ, асты-үсті байлыққа толы құтты жерімізді қайта мұрагеріне сыйлағанда мүлт кетпеуге шақырды. Тарих ырғалып-жырғалуды, қиындықтан қорқып, кешеуілдетуді кешпейді. Сондықтан, өткенге салауат, қабырғалы халық енді тарих тасқынының астында қалмай, ел тізгіні берік өз қолына тигенде тұлпардай қайта түлеп, «ертең кім болатынымыздың» қамын жеуіміз керек. «Мың өліп, мың тірілген» феномен-феникс жұртымыз тарихтың азапты кешулерінен өткенімен, ұлан-ғайыр жер берген, асты-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақкөңіл, адал ер берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген»[57,170-б],- деп халқымыздың ұлылығын, «тауымыз шағылмай, тауанымыз қайтпауының» граниттей берік негізі қайда жатқанын нақты көрсетіп берді. Күш қуатымыз сарқылмас байлығымыз не деген сауалға тағы да тұңғыш Президентіміз: «Ең бастысы, тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Ел дегенде, жер дегенде – білегін сыбанып, іске дайын тұрған азаматтарымыз бар. Ол сан ғасырлар бойы талай теперішті көрсе де, жайсаң жанын, әсем әнін, күмбір күйін, әдемі әдет-ғұрпын, таза тілін сақтаған ұлтымыз бар. Міне, басты байлығымыз – осы»[57,36-б],- деп өзіне тән кемеңгерлікпен келістіре жауабын көлденең тартады. Шынында да, ежелден мемлекеттігіміз, бай тарихымыз, ұлы халқымыз, ғасырлар тоғысындағы сын сағатта бастап шығар жанкешті, дана, көсем азаматтарымыз, бай болмысымыз (материалдық, рухани) бар, олар сонау көне заманғы ата-бабаларымыз, қуатты тамырымыз: скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақтардан бері болат шынжырдай тізбектеліп бүгінгіге жетсе, біз кімнен кембіз, осалмыз деп қиянға құлаш сермемеске құқымыз жоқ қой.

Жаратушы қанымызға бірліктің, ынтымақтың, туыстықтың берік үлгісін  дарытқанын қазір дос та, дұшпан да мойындап отырғаны айдай әлемге аян. Ұлан-байтақ жер, материалдық байлықтың сол халыққа түпкілікті, мәңгі бұйыруы, ата-бабамыздың өсиетіне адал болудың ізгі жолынан айнымауға жеткізетін құдіретті күшті мойындауға, жүрекке сіңіруге байланысты. Ол - ата- бабаларымыздан бізге жеткен ғибратты тағлымы, мәдени құндылықтары, тарихтан сүзіліп жеткен салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрі, демек, ұлттық менталитеті.

Менталитет сөзінің ауқымы өте кең. Ол адамдардың нақты ісінен, өмір сүру тәсілінен, ойлау жүйесі, дүниетанымы, бір-біріне ілтипаты, салты, дәстүрі, ән-күй, ойын-сауығы, ең ақыры, өзін қоршаған ортаға қарым-қатынасынан да сол менталитеттің мазмұны, мәні, құнарын аңдаймыз. Сонау көне дәуірде біздің ата-бабаларымыз отырықшы болып, өркениетті басынан кешкенімен, көршілерінің жиі-жиі шабуылынан мазасы кетіп, қалалары қирап, бақшасы өртеніп, жаппай қырылу қасіретіне шыдамай, көшпенді өмірге мойынұсынғаны тарихтан мәлім. Сондықтан, біздің бергі аталарымыз объективті жағдайлардың салдарынан европалықтарға көшпенділер атанды. Осы себепті біздің менталитетіміз европалықтардан өзгеше көшпенділер менталитеті деп аталады. Белгілі философ ғалым Д.Кішібеков көшпенділердің менталитеті қалай болғанын зерттей келіп мынандай ғылыми тұжырым жасайды: «Көшпелі халықтардың менталитетін европалықтарға ұқсата алмаймыз. Көшпенділер менталитетін тек санадан шығармай, кеңінен алып қараған жөн. Негізінен ол мағынаға көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайынан, қоршаған ортасынан туындап, бірте-бірте қалыптасқан мінез-құлқын, әдет-ғұрпын, ойлау жүйесін, салт-санасын  бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығын жатқызуға болады»[59,6-б],-деп анықтама береді. Менталитет жөніндегі әлемдік ғылымның жасаған тұжырымдарын қорыта келе философ-ғалым сол менталитеттің қалай қалыптасатыны жайлы мынандай түйін жасайды: «...алдымен ол географиялық ортаға, сондай-ақ материалдық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық жағдайларға сәйкес және сонымен тығыз байланыста қалыптасады. Ол факторларға сәйкес адамның рухани дүниесі, ойлау жүйесі, мінез-құлқы, қайрат-жігері, әдет-ғұрпы, ойын-сауығы т.б. өзіне ғана тән қасиеттері тұрақталады. Солар арқылы бір ұлт, бір ұлттан ерекшеленеді. Сол ерекшеліктер арқылы адамның рухани байлығы артады».[59,6-б] Сонымен менталитет ұғымы белгілі бір ұлттың басқа ұлтпен салыстырғанда оған ұқсамайтын қасиеттерін түгел қамтитынына еш күмәнданбайсыз, өйткені, бар қалыптасқан өзгешелік  ғылыми жағынан дәлелдеуді қажетсінбейтініне шәгіңіз қалмайды. Осы уақытқа дейін біз менталитетті ғылыми айналымға келтірмей, оның ұлтты қалыптастырып, дамытудағы орнына көңіл бөлмей келдік. Осы енжарлығымыз бен салақтығымыз, қосалқы жай мен негізгінің мәнін ажырата алмай жүрген немқұрайлығымызды Елбасымыз бірінші болып түсініп, бәрімізді үлгілі жолға, тың өріске шақырды: «Өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін сақтап, өзі азаматы саналатын елдің патриоты болу - Қазақстанның өз ішінде де күллі диаспораларды өркендетудің басты үлгісі болмақ. Демократиялық мемлекет үшін бұл лайықты қағида. Өзге қағидалардың бәрі апатқа ұрындырады»[58,143-б]. Ғалымдар менталитетті қазақтың болмыс, сипат, қасиет, діл деген сөздерімен алмастырып қолдануды ұсынады. Бірақ олардың әрқайсысының жеке тұрғандағы мағынасы кең ұғымды білдіретін менталитетпен  тепе-тең білмейтінін аңғару қиынға соқпайды. Айталық, орыстың «лошадь», «конь» сөзінің қазақ тілінде 40-тан, «верблюдь» сөзінің 30-дан астам баламасы бар. Ақтөбеліктер тарыдан, Қызылордалықтар күріштен әзірлейтін тағамдарының саны басқа аймақтағылардың ақылы жетпейтін жаңалық. Қазақ тұрмысы яки рухани әлеміне қатысты жайлар, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, отбасы мүшелерінің ынтымақ-бірлігін нығайтатын факторлар басқа ұлттарда жоқ, қазаққа ғана тән менталитеттер. Қазақ халқының сәндік, ою-өрнек өнеріндегі көшпелі тұрмыс белгілері, этнографиясы жайлы да осыны айтуға болады. Демек, республикамызда өмір сүріп жатқан диаспораларды былай қойғанда, кешегі тоталитарлық жүйеде тәрбиеленген, отаршылдар қазақтығынан айырған, бүгінгі тілмен айтқанда, өзіміздің қандастарымызды «мүйіздеп»: мәңгүрттер, шала қазақ, таза қазақ деп түстеп-түгендеушіліктен құтылудың емін қарастырмай болмайды. Асылы, қазақтың өз ішіндегі патриоты болдырудың төте жолы - көркем шығармаларды оқыта отырып, ондағы менталитеттің бейнеленуіне көңіл аудартып, кейіпкерлер бойындағы озық ұлттық қасиеттерді оқырманның бойына сіңіру, дарыту. Әрине, жазушы шығармаларындағы менталитетті талдағанда өткеннің күл-қоқысын емес, «қоғамның рухани байлығын арттыратын», «күллі диаспораларды» ынтымақ, бірлікке ұйыстыратын озық қасиеттерімізді жеткізе дәріптеп, насихаттауға баса назар аудару қажет. Туған халқымның өткенін, бүгінгісін де жетік білетін, қазақ менталитеті бойында тұнып тұрған кейіпкерлер галереясын жасаған жазушылар, шүкір, бар. Солардың қатарына аса талантты, барынша ұлтжанды көрнекті қазақ сөз  зергерлері Әбіш Кекілбаев пен Бексұлтан Нұржекеевтерді жатқызуға болады. Ұлттық менталитет қамтитын қай сала болмасын олардың туындыларында мол ұшырасады. Негізінен бұл қаламгерлер «Хрущевтің жылымақтан» кейін қолдарына қалам алған толқын болғандықтан, ұлтының бойындағы асыл қасиеттерді де, уақыт жұқтырған сұрықсыз мінез-құлық, әдет-салтты да жасқанбай батыл бейнеледі. Ұлттық әдебиетіміздің алдында тұрған ең басты мәселе сол империялық пиғылды жоққа шығарып, «табанына таптаған», бірақ ата-бабаларымыздың бойына құт, жолына нұр, алысқанда аруағын асырар сарқылмас күш қарапайым тірлікте абыройын асқақтатқан халық руханиятының бастауларын біз осы Әбіш пен Бексұлтанның шығармашылық ерлігінен танып, көбірек ғибрат алып, кеше кім едік, бүгін кімбіз, болашақта кім болуға тиістілігімізге жауап алатындаймыз. Коммунистік империя ұлтымыздың бар менталитеті еркін жетіліп дамуына қаншалықты тосқауыл қойып, барын тамырымен жұлып, құртуға өшіге кіріскен зұлым саясатты қаншалықты «апатты», қауіпті болғанын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттық сипаттың барлық көріністері үшін тоталитаризм әсіресе апатты болды. Жүздеген және мыңдаған жылдар бойындағы ұлттық тарих оның небір нәзік, небір ретін айтқыштарымен қоса соншалықты өрескел озбырлыққа душар болды. Небір кемеңгер билік иелері мен небір ғажайып өнерпаздары бар қазақ даласының нақты тарихы бүкіл дүниені түп-түгел қайта құрудың доктринасы шеңберінде түк құны жоқ қайдағы бір «жабайы тағылық » ретінде қайта жазылды. Ұлттық сананы қорлап жер қылған осы содырлы нұсқадан біз әлі арыла алмай келеміз»[57,12-б],- деп ащына, ой шырағын маздата жаққаны мәлім. Тоталитарлық жүйе «жабайы тағылық» санап, қорлаған ұлттық сана-менталитет халқымыздың бары, нәрі, алып даланың құты, қуаты, мемлекеттігінің, елдігінің «реттеуші тетіктері» бола білгенін оқырман Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеевтің әңгіме, повестері мен романдарын саралап оқып, астам пиғылды отаршылдардың неден қауіптеніп, өшіге ядролық қарудан да қатерлі идеологиялық содырлы нұсқауларды пайдалануының астарлы саясатын, түп-түгел «қайта құрудың доктринасын» жүзеге асыруға арпалысуының зымияндығын салқын санамен саралайтынына еш күмәніміз жоқ. Әрине, мұнан біз Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеевтерді басқа қазақ жазушыларынан жоғары қойып, дәріптегелі отырғамыз жоқ. Халыққа мәшһүр қаламгерлеріміздің кез-келгені ұлттық менталитетті өз шама-шарқынша бейнелеп, жұртының ыстық ықыласына бөленгенінен де хабардармыз. Демек, солардан дарыған ұлтжандылық аталған екі қаламгерімізді қандай шыңға көтергенін өз мүмкіндігімізше талдап берсек аз олжа болмаса керек.

Диссертация тақырыбының  зерттелу деңгейі.  Ұлттық әдебиет болғаннан кейін оның ең басты объектісі, мұраты ұлттық характерді жасауға саяды. Ал, сөз кезегінде ұлттық характер ұлттық менталитеттер негізінде тұғырына берік орнықпақ. Олай болса әдебиеттану, әдебиет тарихына қатысты зерттеу еңбектерінде олардың үлесіне аз сабағы тимесі ақиқат. Сәкен Сейфуллин шығармашылығын зерттеген С.Қирабаев, Т.Кәкішев; Ілияс Жансүгіров шығармашылығын зерттеген Т.Әбдірахманова, М.Дүйсенов; Бейімбет Майлин шығармашылығын зерттеген Қ.Жармағанбетов, Б.Наурызбаев, Т.Бейісқұлов; Мұхтар Әуезовті зерттеген З.Қабдолов, Ә.Байтанаев, Т.Жұртбаев; Ғабит Мүсіреповті зерттеген Х.Әдібаев, Н.Ғабдуллин; сондай-ақ, Ғабиден Мұстафин, І.Есенберлин, Х.Есенжанов, Ә.Әлімжанов, Қ.Аманжолов, Т.Айбергенов, М.Мақатаев, Ж.Дүйсенбаева т.б. зерттеген ғалымдарды еңбектерін елеп-ескермеу қиянатқа құрық бермек. Кейінгі кезде Д.Неталиева «Д.Исабеков повестеріндегі ұлттық мінез сипаттары», Қ.Уразбаев «Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық дәстүрлер көрінісі» деген тақырыптарға зерттеу жүргізіп, ұлттық менталитеттің жекелеген салаларын жазушыларымыз шығармаларында қалай кейіпкерлер образы арқылы ашқанын саралап берді. Сондай-ақ, М.С.Горбачевтің «қайта құру» реформасы кезіндегі еркіндікті мүлт жібермей философ ғалымдарымыз да ел назарын өзіне аударар, менталитеттің мемлекет, қоғам деңгейіндегі, ұлттық сана, ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін, тарихи-философиялық мәні, мазмұны, менталиттетің қамтитын ауқымы, өрісі, оның теориялық негізін ғылыми тұрғыда терең байыптаған бағалы зеттеулерді дүниеге әкелді. Олар: философия ғылымдарының докторы, академик Досмұхамед Кішібековтің «Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең», философия ғылымдарының докторы Төлеуғали Бурбаевтың «Ұлт менталитеті» атты еңбектері ешкімді бей-жай қалдырмайтын, монография, философия ғылымына қосылған бағалы қазына. Әсіресе, академик Д.Кішібековтің еңбегі көп оқып, көп тоқыған, ғылымның әр саласынан терең білімі бар, тәжірибесі мол, ғалым екенін танытқан. Әлемдік философияның соны табыстарымен қаруланған Д.Кішібеков, менталитет термині қай елде туып, қалай қалыптасқаны, дамығаны, оның қамтитын объектісі, кейін әлемге таралып, объектісі мәні мен маңызы күрделене түскенін нақты мысалдармен қапысыз сендіре дәлелдей алған. Ғалымның менталитетті батыстың және көшпелі халықтардың менталитеті деп екіге бөліп, қарастыруы да көңілге қонады. Мәселен, ол Батыста менталитет деген ұғым: «... жеке адамның, не топтардың «ақыл» сапасы мен сананың қабілетін, күшін, ақылдың бастауын, мазмұнын, құрылымын, ойлау түрін, бағытын, сондай-ақ мүмкіндігін бейнелеп, олардың басқа физикалық құбылыстардан ерекшелігін ажыратып береді»[59,3-б],- деп анықтама береді. Демек, Батыстың менталитеті тек адам санасы, ақылына қатысты ғана мәселемен шектеледі екен. Европа халықтарының бір-бірінен айырмашылығы ойлау жүйесі мен мінез-құлқында ғана, ал тұрмыс жағдайлары өзара жақын, ұқсас көрінеді. Көшпенділерге жататын қазақ елінің жері қандай кең болса, менталитеті де сондай мол, рухани жағынан өте бай деген тұжырым жасайды ол. Ғалымның менталитет қатып қалған, өзгермейтін құбылыс емес, ол да заман талабына сай өзгеріп, байып отыратынын да дәлелдеуінің аргументі берік: «Нарық қатынасына сай халықтың әдет-ғұрпында, салт-санасында да өзгерістер болатыны сөзсіз. Бірақ, бұл бірден емес, бірте-бірте енеді. Онсыз ілгері даму мүмкін емес. Егер әдет-ғұрып халық менталитетінің бір көрінісі екені рас болса, онда қазақ менталитеті де жағдайға сәйкес өзгереді. Онсыз прогресс жоқ»[59,37-б],- деп академик Д.Кішібеков қазақ менталитетінің де өзгеріп, байып отыратынын, бармен шектеліп, тұйықталып қалса, ұлттық менталитет қасиетін, құнын түсіретінін жоққа шығармайды. 

Академик Д.Кішібеков  менталитет терминін қазақ ұғымына лайықтап, болмыс, сипат, қасиет, діл деп те айтуға болады деген тоқтамға келеді. Кітабының ішінде менталитетті «болмыс» сөзіне алмастырып қолданып та көреді. Сөйтіп, осы термин жөнінде: «Болмыс ауқымды ұғым. Ол материалдық дүниені де, рухани дүниені де қамтиды. Бір жағынан оған географиялық орта, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыс жағдайы жататын болса, екінші жағынан рухани дүние ән-күй, әдет-ғұрып, жазу, ауыз әдебиеті, саяси құқықтық жағдай  бәрі әсер етеді»[59,37-б],- деп болмыс – менталитеттің материалдық дүниені де, рухани дүниені де қамтитын «ауқымды ұғым» екеніне аргументі берік мысалдар келтіріп, санаңа құяды. Академик Досмұхамед Кішібековтің «Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең» деп аталатын еңбегі менталитеттің мазмұны мен мәнін, бүгінгісі, кешегісі, ертеңі жайлы мол мағлұмат беретін ұзақ жылғы философиялық зеттеудің құнарлы, салмақты жемісі. Ал, Төлеуғали Бурбаевтың «Ұлт менталитеті» еңбегі - өзіне дейінгі осы ғылыми ұғым төңірегінде ғалым философтар: Д.Кішібеков, А.Х.Қасымжанов, Ә.Н.Нысанбаев, Ғ.Е.Есімов, М.С.Орынбеков, А.Қ.Қасабек, Ж.Ж.Молдабеков, М.Ш.Хасанов, Ж.Алтаев Қ.Ш.Нұрланова, І.Е.Ерғалиев, С.Е.Нұрмұратов, Ә.Қалмырзаев, С.Н.Ахатай; әдебиеттанушылар: А.Сейдімбек, С.Қасқабасов, Р.Бердібаев, З.Серікқалиев, Ә.Қодар, Б.Адамбаев; тарихшы ғалымдарымыз: Ә.Марғұлан, М.Қ.Қозыбаев, К.А.Ақышев, К.М.Байпақов, Х.А.Арғынбаев, М.Н.Масановтардың ғылыми зерттеулерін табанды зерделей отырып, ұлт менталитетін философия, әдебиет, тарих ғылымдары жетістіктерімен сабақтастыра зерттеуге ұмтылыс жасаған. Сөйтіп, менталитетке тұтастық, интегралдылық, синкреттілік тән екенін, оған объективтілік, мәмлелік те жат еместігін дәлелдеу барысында әлеуметтік-философиялық тұрғыда талдауға тырысқан. Ол да менталитет терминінің табиғаты, өрісі мен өресі, мазмұны мен мәні жойылуына себепкер құбылыстарды анықтап беруге күш салады. «Менталитет мәселесі» - деп жазады ол - табиғаты жағынан күрделі құбылыс. Менталитет дегеніміз – синкретті рухани тұтастыққа негізделеген адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, ойлау ерекшелігі, дүниені сезінуі мен қабылдауы, саналылық пен бейсаналылықтың тұтастығы. Ұлт менталитетін де осы қасиеттер айқындайды. Олар ұрпақтан-ұрпаққа бейсаналық түрде жеткізіліп, ұлт өкілдерінің мінез-құлқы мен дүниеге көзқарасында, өмір салты мен әдетінде, дәстүрі мен салтында, философиясы мен ғылымында, мәдениетінде, өнері мен музыкасында, жалпы рухани болмысында көрініс табады. Советтік дәуірде ұлттар менталитеті коммунистік идеология тұрғысынан қаралып, «Совет адамын» қалыптастыру теориясы ұлт ерекшеліктерін жоюға тырысты»[96,23б]. Бурбаевтың бұл теориялық тұжырымы диссертациялық еңбегімізде Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев әңгіме, повесть, романдарын ұлттық менталитеттің бейнеленуі тұрғысынан талдауда басшылыққа алынды. Алайда, Т.Бурбаев көп жағдайда менталитеттің Батыстық үлгісіне жығылыңқырап кетеді. Академик Д.Кішібековтің теориялық ұғымдарының практикалық тұғыры берік. Сондықтан Т.Бурбаев та Д.Кішібековтің теориялық зерттеулерін назарынан тыс қалдырмай, кейде оның түйінді ойларын алып, өз тарапынан оны «кәдесіне» асыратын тұстар да кезігеді. Әйтсе де ғалымның еңбегін жоққа шығарудан аулақпыз, өйткені, онан біз ұлт менталитетінің қалыптасу жолдары, қазақ философиясы ұлт менталитетінің негізі екенін, қазақ менталитетінің әлеуметтік табиғатын, нарық және қазақ менталитетінің келешегі жайлы аршынды ойларын құптауға тиістіміз. Орыс әдебиеттану ғылымында да ұлттық менталитет төңірегінде К.Биязарти, В.Оскоцкий, И.С.Кон, В.Н.Гвоздей, Н.И.Утехин, М.Чимпой, Б.Бурсов, Э.В.Сокол, Ю.И.Суревцев, С.Ф.Крипченко, А.О.Большев, З.А.Серебряк,ова, қырғыз ғалымы А.И.Мусаев, азербайжандық ғалым А.Мамедовалар өз зерттеулерінде ұлттық мінез, ұлттық ерекшелік, тарихи-философиялық, әлеуметтік психология, ұлттық мінез бен көркем ойлау, ұлттық мінез бен әдебиет тип арақатынасы, ұлттық мінезді ашуда тарихи принципке сүйену, этнопсихология, ұлттық мінездің қалыптасу, даму диалектикасын, ұлттық мінездің халықтық тарихи өмірі арқылы қалыптасуын зерделеп, кейінгі зерттеушілерге менталитетті танып-білуге нұсқайтын мол білім көзін жасады. Әрине, белгілі жазушылар Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев әңгіме, повесть, романдары бұрын ұлттық менталитет тұрғысынан сөз болмай, зерттелінбей келгені аян. Біз жоғарыдағы зерттеу принциптерін басшылыққа ала отырып, алдыға қойған ғылыми міндеттерімізді жан-жақты шешуге күшімізді, білім-білігімізді жұмсамақпыз.

Информация о работе Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет