Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 13:04, диссертация

Краткое описание

Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3
І. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ...............................................................................15
1.1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ САЛТ-САНА, ДӘСТҮР МЕН НАНЫМНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ ................................................................................................15
1.2. БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ КЕСТЕЛЕНУІ.................................56
ІІ. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................................................................................74
2.1. «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫНДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ...............................................74
2.2. «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТТІҢ КӨРІНІСІ ...................................................................................................................................84
2.3. «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР ............................................................................................103
2.4. «БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ», «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР» РОМАНДАРЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................114

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................138
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................143

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диссертация Асем 2+++.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

«Күй» повесін автор Абыл күйші аруағына ескерткіш дейді. Шығарманың негізгі идеясы – бейбітшілік пен адамгершілік үшін күрес. Әбіш оны күй өнерінің құдіретімен шеше білген. Бұл туынды жөнінде қаншама оңды пікірлер айтылды. З.Кедрина ол жөніндегі мақаласында. 18-19 ғасырларда өмір сүрген Абыл күйші туралы музыка танушы А.Жұбановтың, ақын Ә.Тәжібаевтің, жазушы Ә.Кекілбаевтың шығармаларын салыстыру нәтижесінде ой түйеді. Басқа сыншылыр мен әдебиетшілер аңыз негізінде жазылған повесті әр қырынан зерделеп зерттеді. Оның көркемдігі, тілі, әдіс-тәсілдері, жазушының жетістіктері, бәрі-бәрі де сөз болды.

Сырым дейтін геодезист  жігіттің Қақпақты жерін картаға  түсіруге барып, ол жерден ешқандай белгі  таба алмай, Түркіменнің Қосаба деген  жерінен Құрбан есімді көне көз қарияны тауып алып, қағаз бетіне белгі түсіре бастайды. Сырым Қақпақтының картасына  «Қанжар жаныған», «Қол қырылған» тағы басқа жерлерді түсіре бастағанда өлі далаға жан бітіп тіріледі. Құрбан қарттың айтуымен шегініс арқылы өрбіген хикая шымырлылығымен оқырманын баурап әкетеді. Бұл повесть жайында М.Сқақбаев: «Ә.Кекілбаев дәл манағы Құрбан қарияның өзі іспетті осынау кішкене әдемі штрих жазушы қаламына тегінен – тегін ілінбеген шығар. Әбіште шежіреші дана қариялардың мақамы бар»[12,3-б], -  деген еді.        

Қазақ халқында «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген өте жақсы мақал бар. Бұл мақалдың астарында, өлі аруақтарды құрмет тұтып, құран оқып, мінәжәт ету. «Күй» повесіндегі мына бір жолдарда: «Құрбан қария анадайдан мола көрінсе болды, машинаны тоқтатып, жерге түседі. Сосын үшеуі шығып зиратқа беттейді. Құрбан қауымның құбыла жақ алдына шығып, дұға оқиды. Дұға оқып болған соң, қасынан бір уыс топырақ алып, қара молаға ішіндегі топырағы ойылып, қымыздық шыққан ескі көрдің үстіне тастайды. Сосын машинаға жеткенше артына қарамайды, тырс үндемейді»[1,57-б]. Бұл дегеніңіз, өлі аруақтарды сыйлау, құрметтеу.

Жазушы еш уақытта қоғамнан тыс өмір сүрген емес. Оның суреткерлік дүниетанымын қалыптастыратын да өскен-өнген орта, қоғам, заманауи оқиғалар мен саяси-идеологиялық ұстанымдар. Осы тұрғыдан келгенде шығармашылықтағы дүниетанымның маңызы Ә.Кекілбайұлы шығармалары негізінде, анық көрінеді. Ата, әже тәрбиесі, қазақ ауылындағы саф алтындай сақталған ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптан сусынын қандырып өскен жазушы  ұлттық менталитетті терең біліп қана қоймайды, оны сақтап, қорғау қажеттігін де биік ой талғамымен ұғынады. Қаламгер туындыларының тек жалаң, суреткерлік қиялдан ғана емес, өмір материалын терең зерттеу, оны талдап, таразылау нәтижесінен туғандығы осының айғағы.

Сондай-ақ, жазушы ғұмыр кешкен қоғам  және оның саяси-идеологиялық жағдайы  да оның суреткерлік қалыптасуына үлкен  әсер еткендігі байқалады.

Тағы бір жолдарда түркімендер мен қазақтардың  әдет-ғұрпын салыстыра келіп, ата-бабаларына ас беру салтын мына бір жолдарда былай көрсетеді: «Алты тұтқын бір сәт уайымды ұмытып, түркімендердің асы қандай болады екен деп, айналасына қызыға қарасты. Қазақтардағыдай ашылып-шашылып жатқан бұлар жоқ. Қазақтың асындағыдай қарқ-қарқ күлкі де, өжеңдескен дау-жанжал да, шырқырап көкке сермеген ән де, тартылған күй де жоқ. Беліне шарқыт буып, қыз-келіншек жиылған жерлерді төңіректеп, жер бетіне сыймай желпініп жүрген жігіт-желең де көрінбейді. Қатар-қатар үй де тігілмеді, шолпылары сылдырлаған қыз-келіншектер де әкелінбеді. Шапса шашасына шаң жұқтырмас арабықан ағызба арғымақтар да ертеден қара кешке дейін қаңтарулы тұрды»[1,62-б]. Бұдан көретініміз, ешбір жұртпен салыстыруға келмейтін қазақ халқының кеңпейілдігін, даладай дархан көңілін, қонақжайлылығын  салыстыра көрсеткен.   

      Әлем әдебиетінде миф аңызға ден қоюшылық – оны көркем әдебиетте пайдалану әуелден бар, жиі пайдаланып жүрген үрдіс. Тіпті шығыс дастандарында аңызсыз мифсіз оқиға суреттелінбейді, дамымайды. Қазақ қаламгерлерінің ішінде де Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкеев, С.Санбаев тағы да басқалар аңызды жиі пайдаланған. Аңызды пайдалануда көсіліп қалам тартып, өзінің көркемдік шешімін әлемге танытқан үлкен суреткердің бірі - Ә.Кекілбаев. Оның «Күй», «Ханша-дария хикаясы», «Бәсеке», «Шыңырау» повестері аңыздық желіге құрылғанымен, арғы түбі шын өмірде болған оқиғаларға, ақиқатқа негізделген. Жазушының «Күй» повесі - батырлық адамгершілік, өнер рухын, құдіретін асқақтата, суреттеп, үлкен әлуметтік мәселелерді көтере білген шоқтығы биік туындысы. Повестің «Күй» атаулының да үлкен мәні бар. Мұнда суреттелетін барлық оқиғаны күй айтып тұр. Оның күрделі болатыны да сол себептен. Тіпті «Нар идірген» күйінде күй құдіреті адам түгіл айуанды елітіп, байланып қалған 62 тамырды босатып, тасемшекті жібітпейді ме? Әрбір күйдің өзіндік тарихы бар екені даусыз.

Халық басынан қандай күй кешсе  де, қазақтар оны айна қатесіз күй тіліне түсіре білген. Сондықтан, қазақ халқы күйдің мәнін терең түсінеді және оны қастерлей біледі. Сондықтан да күй, қазақтың халықтық өнер дәстүрінде үлкен орынға ие алдымен аңызға негіз болған тарихи дерек – Абыл күйшінің түркімендердің қолына түсіп (тұтқын болып) өнері арқылы азат болуы. Екіншіден «Күй» повесінде негізгі арқау болған - Қарақалпақтың дөңіне байланысты айтылатын бүкіл Маңғыстау білетін аңыздар. Осы екеуін қаламгер бір-бірімен баланыстыра, сабақтастыра отырып, көптеген аңыздарды қабығынан аршып, өмірдің шындығына қарай бұрып әкелген.

Қазақ күйінің құдіретін жазушы анық мына бір жолдарда көрсеткен: «Күйші қадалып алған. Домбыраның қос ішегін еміне сауып, есілтіп отыр. Қара шанақтың көйгөйі көкірегіңді қысып ырқыңды алып барады. Қанша қатты болсаң да иліктірмей қоймайтын өз көкірігінен шыққан ерке сәбидей еліктіріп, ерітіп барады. Жүрегі шымырлады. Көмейі бітіп, көзінің алды жыбырлап кетті. Даулетжаны тап осындай қылқылдаса қабағынан қар жауып отыра алар ма еді. Мына күй қыршын кеткен боздақтарын, қаңырап қалған қара шаңырағын, жападан-жалғыз қуарып қалған қу басын бәрін-бәрін есіне салды»[1,102-б]. Міне, оқиғаның шарықтау шегі - осы. Құдай-ау өмір бойы ат үстінде жорықта бірде жеңіп, бірде жеңілгенде де мұндай күйге түспеп еді. Айналасындағы адамдарға білдірмегенімен, дәл қазір жұмыртқадай қара домбырадан оңбай жеңілгенін сезіп-ақ отыр. Жүйке-жүйеңді босатқан қара шанақ онымен қоймай отырғандардың барлығын бітімге, бірлікке, татулыққа шақырғандай. Қазақ күй арқылы өзінің өткені мен бүгінін таниды. Төл өнерінің қатпар-қалтарысын қапысыз ұғатын ұлттық рух, менталитетінің құпиясын күйінен аңғарасыз.

Жауларының арасында отырып, өз өнерінің асқақтығын мойындатқан күйшінің құдіретін өнер рухын қаламгер жоғары биікке көтереді. Жауының өзін жуасытып, жеңіліс тапқызады. Жеңіс - өнердікі, өнер - рухынікі.

Повестің соңында күйшіні  жазалау Жөнейттің өз басына сор  болып жабысады. Жан дүниесіндегі арпалыс оны күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырады. Көзін жұмса көретіні – бір түс. Ол – күйшіні тірідей көмгеннінің өкініші. Түс арқылы жазушының озық көркемдік табысын зерттеуші Г.Прәлиева: «Ә.Кекілбаевтай түске терең мән берген, оның мағыналық мәнін, табиғатын, поэтикасын танып, оны бояуы қанық көркем психологиялық көріністерімен кестелей білген суреткер сирек»[12,3-б],-деп бағалайды. Жазушы повестің басынан соңына дейін осы түсті қайталайды. Себебі, ол – негізгі шешуші деталь. Түсінде ол қу бастан қашып келе жатып шошып оянады. Төсектен атып тұрып, қос құлағын қолымен баса есікке қарай қашады. Әлденеге сүрініп, маңдайын есіктің маңдайшасына ұрып алған ол табалдырық үстінде жан тапсырады. Жер үшін өмір бойы бір-бірімен шайқасып келген түркімен, қазақ халқы магиялық тылсымға сенген. Жаманшылығын сол түстен сезініп, іштей күйзелетін әдет екеуіне де тән.

Жазушы кейіпкер психологиясына талдау жасау негізінде философиялық ой түйген. Ол – «кек», «намыс» деп жазықсызға тырнағын батырған жендеттің аруақ түгендейміз деп жүріп, өзінің аруаққа айналғанын, көл – көсір жерге тірісінде сыймай,  өзара қырқысқан адамның тағдыры туралы ой.  Осының бәрі де бір Жөнейттің  басынан табылады. Ол – сол типтес жуандардың жиынтық бейнесі. Аруақты сыйлау, аруақтан қорқу, табыну екі халықтың да менталитетіне тән. 

Жазушының аруақ алдындағы тірінің күнәсін ойлап аласұруын: «Жөнейт бір күннің ішінде жақ сүйегі салдырап, сылынып шықты. Буын – буынын діріл алып, қолы қалтырайтынды шығарды. Кейде қараптан - қарап отырып, өзімен - өзі күбірлеп сөйлеседі. Ұйқыдан шошып оянғанда да сөйлеп оянатын болып жүр. Қазір ұйықтасам, түсімде күйшінің өлгенін көремін деп түнімен көз ілмей, бақырайып жатады да қояды»[1,117-б],- деген сынды жолдардан көруге болады. Бұл – Жөнейтті мазалаған ар – ождан, жан азабы. Ол өзін кек қайтардым  деп жұбатқанмен, істеген ісіне оның бүкіл жан дүниесі қарсы. Оның тағдыры, өлімі – соның көрінісі. Автор Аннадүрдің баласы Құрбанның Адай күйшінің күйін бір естігеннен қағып алып, сол күйді тартуы арқылы өнердің өміршеңдігін көрсеткен. Күйшіні тірідей көмгенмен, оның өнерін өлтіруге Жөнейттің құдіреті жетпейді. «Күйдің» бас кейіпкері де өнер адамының зұлмат дүниедегі аянышты тағдырын елестете отырып, өнердің мәңгілік екенін, қашанда рухы биік тұратынын паш етеді.        

Жазушы аңыздық деректен ауытқи отырып, күйшіні өзінше азаптап, өзінше шешім шығарады. Жөнейт онсыз да өзі қолға түсіп, қасқа, соры қайнап, кісенде отырған тұтқынды айдаладағы түлейге апарып көмдірді: «Тұтқын күйші аттан түсірілді. Екі жігіт оны кісендеулі күйінде шұқырдың ішіне салды. Күйші айналасына алақ-жұлақ қарағанмен, ешкім оның жүзіне назарын тіктемеді. Қызыл төмпекті шұқырдың ішіне қайта ата бастады. Жігіттер басын жерден көтермей шұқырды тез көмді. Қызыл төмпек жым – жылыс жоғалды. Жігіттер атына мінді. Айдалада айдау қара жолдың бойында жаутаңдаған қос жанар тасұр – тұсыр шауып бара жатқан аттардың соңынан көз алмай қарап қала берді»[1,107-б]. Көшпенділердің жауына ерімейтін қатыгездігі де сорын қайнатқан жексұрын менталитет еді.

Бұл осылай болу керек  деп ұйғарған жазушының өз шешімі.

Қай кезде де өнер адамының өмірі  мұңсыз, қиындықсыз болмаған. Бір кезде өзінің туысына жасалған қиянаттың кегін кектеп, оның домбырасының үнінен шындықты естігені үшін сұмдық жаза кесті. Содан барып Жөнейт өзі өкінді. Оны өкіндіріп отырған күйшінің кінәратсыздығы. Ол жерде Дүйімқараның өзі, не інісі болса, Жөнейт түк те өкінбес еді. Оның санасын өлерінің алдында «Соным бекер болды-ау, қиянат жасадым – ау, соның қаны нақақ төгілді-ау»[12,3-б] деген өкініш түзетеді. Күйшіні көмгенмен, өзіне жау болған өз ісінен, ар ісінен, дөп басып айтқан күйдің өршіл үнінен айыға алмады. Күй рухы оны өле-өлгенше жеп бітті. Тіпті ажалы да содан болды. Қанша күштеп қару ұстатқанмен, марқұм күйші Дәулеттен мықты күйші шықпады. Жазушы бұл кезде өнер мен қатігездіктің үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын аңғартады. Оның еркек кіндікті бүкіл ұрпағы қылыш пен қару ұстаудың жолында құрбан болған еді. Сөйтіп оның енді қалған ұрпағы Құрбан қолында қылыш емес дутар ұстады. Өлім себетін қарудан өнермен жүректі емдейтін дутар артық қой.

«Күй» хикаятында жазушының  кредосын – нысанасын айқын танытар  мынандай жолдар бар: «Адамшылықтың  басы – аяушылық». Аяушылық жоқ жерде адамшылық та жоқ. Өзің бөтен елге жасанып барсаң, жараланып қайтқаныңа ызаланба! Ол үшін көктегі құдайды да, жердегі жауыңды да қарғама, өзіңді-өзің қарға!... Айуан екенің бар, өзгеден адамшылық күтпе!? Кейіпкеріне осынау ауыр сөз айтқызған қаламгер оқырман алдында өзінің өмірлік нысанасын ашып салған секілді. Ол нысана – ханнан да, қолбасыдан да, батырдан да, қарадан да, адамшылық мұратын іздеу. Демек, жауына да, досына да адамшылықты бірінші жасауға тырысу – қазақ менталитеті.

Қай аурудың болса да емі бар. Ел мен елдің, көрші халықтардың осындай ойсыз жауласушылығын тоқтатар күшті зорлыққа зорлықпен жауап беруден іздеу мүмкін емес еді. Ол өмірі бітпейтін зорлықтарды тудырар еді. Сондықтан, жазушы қол күшіне емес, ой күшіне жүгінеді. Ол зорлықшының санасына сәуле түсіріп, ойландыратын өнер күшін таңдайды. Бұл жазушының ойдан шығарған дүниесі емес. Халық ұғымына сіңген, ізгілікті уағыздайтын аңыздық сипаттағы сюжеттер болатын. Әбіш Кекілбаев осыны Маңғыстау қазақтары мен түркімендер арасындағы ғасырларға созылған жауласушылық оқиғаларынан алып, ұлттық санаға ыңғайлап жазды. Хикаяттың көркемдік жетістіктері оның идеясында ғана емес, Маңғыстау даласы мен түркімен құмдарының суреттерінен, жер дауы, жесір дауы сияқты сылтаулармен шабысқан ел психологиясынан, өздері күресіп жүрген сылтауды шындық деп ұғып, соның жақтаушысы болып, намыс пен кек қуып жүрмін деп ұғынатын адасушылық сезімнен көрінеді. Ақыры қазақтың ұлттық рухы ескен күйші өнері барлық оқиғаларға тоқтау береді де, негізгі зорлықшы Жөнейіт ханның өзі ойланып қалады. Ол өткен күндердің ащы шындығы қалай туғаны жайында, алыс-жұлыс, тартыс, адамға деген өшпенділік кекшілдік не үшін жасалатыны, оның қайдан туатыны туралы ой тоқтатады. Адамшылық басы жек көруде, жауласушылықта емес, достасуда, аяушылықта екені «Күй» хикаяты арқылы көрінген. Халықтық сананың, парасаттың жемісі «Күй» ұлы Даланың құдіреті не деген философиялық ой түйгізеді. 

       Қай заманда болсын, зорлықты тудырушы – билік иесі, не соған жақын топ. Олардың қалың халықпен табыса алмауы да ұғым-түсінігінің сәйкеспейтіндігінен, рухани жақындықтың жоқтығынан. Өйткені, өзгені құлдықта ұстағысы келген адам - өзін жер тәңірісі санайтын астам көкіректің адамы.

Жазушының аңызға негіз делінген екінші шығармасы «Ханша-дария хикаясы». Мұның алдындағы «Күй» повесі және осы хикаят жөнінде, Мұрат Әуезов, Г.Бельгер, Л.Аннинский, Е. Сидоров сияқты сыншылар, жазушыға шығармашылық табыс тілеп, әдебиетке ерекше дарынды өкіл келгенін айтқанды. Суреткедің «Ханша-дария хикаясы» - әйгілі монғол жаулаушысы Шыңғыс хан өмірінің соңғы сәтін (жорығын) бейнелеген шығармасы. Монғол шапқыншылығы, Шыңғыс хан туралы аңыздармен Әбіш Кекілбайұлы бала кезінен таныс. Тарихтан Шыңғыс шапқыншылығы Таңғұт деген елді жер бетінен жойып жібергені белгілі, жазушы хикаятта баллада жанрына сәйкес соңғы рет Таңғұт патшалығын талқандауындағы Шыңғыс өмірінің ақырғы сәтін бейнелеген. Хикаяда Қасар мерген аузынан айтылатын Таңғұт патшасының ханшасы Гүрбелжін сұлуға байланысты айтылатын аңыз сөз болады.  

Енді сол аңыздан үзінді келтірейік: «Шыңғыс хан соңғы рет таңғұт елін жаулап, сол елдің әкімінің ханшасы Гүрбелжін сұлуды алдырады. Ханшаның сұлулығын көріп, хан есінен танып қала жаздайды. Сонда сұлу сызылып: «Тақсыр, менің келбетімді сіздің әскерлеріңіздің ат тұяғының шаңы басып, реңім солғындап қалды. Өзенге барып жуынып, шайынып келсе рұқсат па екен?» дегенде, дегбірі кеткен хан оны күтушілерімен өзенге қоя берді. Сонда ханшайым:  «Мен қара өзенге түсіп өлемін менің сүйегімді ағынға қарай емес, ағысқа қарсы іздеңдер», - деп жазған хатын тістетеді. Сол түні әккі сұлу ханды өлтіреді де, өзенге түсіп өледі. Содан кейін, Қара өзенді «Қатын» өзені, немесе «Ханша-дария» деп атап кетеді[1,213-б].

Аңыз бен жазушы суреттеуі арасында бәлендей айырмашылық жоқ, жазушы тек көркем суреттеп берген. Шығармаға көңіл аударсақ: «Күтушілер Гүрбелжін аруды шатырдың тасасына шешіндіре бастайды. Ар жағынан айдай нұрлы аппақ мүсін жарқ етті. Жеті еркек ауыздарын ашып, аңырады да қалды. Тіпті сұлудың көйлегінен сусып түскен көйлегінің астынан пыр етіп көгершін ұшқанын да көрмеді. Өзінен-өзі үркіп тұрған аруға қарай төне түсті... Құмарлықтың дүлей желігіне бір жолата беріліп, құдды бір жағаға шығып қалған балықтай тынысы тарылып, елден ерек сұлулықтың хош иістері аңқып, сұлуға енді төне бергенде, ұлы әмірші оқыс ышқынып, сылқ етіп, сұлу үстінен ауып түсті.

Гүрбелжін ханым төсектің аяқ жағына түсіп қалған желең көйлегін қолына іле-міле сыртқа сып берді. Ұлы әмірші екі санын жауып бара жатқан қызыл жоса қанға шошына қарап отырып қалды.»[1,215-б]

Информация о работе Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет