Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 13:04, диссертация

Краткое описание

Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3
І. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ...............................................................................15
1.1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ САЛТ-САНА, ДӘСТҮР МЕН НАНЫМНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ ................................................................................................15
1.2. БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ КЕСТЕЛЕНУІ.................................56
ІІ. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................................................................................74
2.1. «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫНДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ...............................................74
2.2. «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТТІҢ КӨРІНІСІ ...................................................................................................................................84
2.3. «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР ............................................................................................103
2.4. «БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ», «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР» РОМАНДАРЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................114

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................138
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................143

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диссертация Асем 2+++.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

Оған саяқ жүру, еркін жүру әуелде пендешілік эгоизм болғанмен келе-келе өзіндік дүниетаным көзқарасына, күнделікті тіршілігі мен күресінің мақсатына айналған. Еркіндігіне қол сұққан жанды өмірем қаптырудан әсте тайынған емес. Жұрт оны аттың құлағына ен сала білетін мергендігін, аңшылығын құрметтейді. Кеңес үкіметі ағайынды екеуін бітіспес жауға айналдырып, Әбікенді бауырына ажал оғын аттырып қояды. Кеңес үкіметі өзінің қанішер, қатыгез, саясатынан таймай, бәлшебек Әбікен жолында тұрған Жұмекенді аямай, көзін құртуға жүрегі шімірікпейді. Қазақ менталитетінде біреудің жиған дүниесіне көз сату, жазықсыз, қарусыз жанға қол көтеру азғындық саналған.  Зорлықшыл күш, зорлықшыл идеялогия саяси санасы төмен адамдарды ата-ана дәстүрінен адасып, менталитетін бұзуға мәжбүрлеген.

Жазушы әңгімесі социалистік  реализмнің идеялық тақырыбы мен  эстетикасына толық жауап беретін  әрі сол жылдардағы күрес барысында  өріс алған қарама-қайшылықты да, ширыққан драматизм мен өршіген трагизмді де бүкпеген. Қайта идеялақ тартыс апофеозының қаншалқты қымбатқа, қаншалықты қиынға түскенін де көркем жеткізген. Әңгіменнің мына бір жолдарына назар аударып көрейікші: «Шалқалай артына бұрылып, әлденені сұрағысы келген адамша алақанын жая беріп, шыр айналып бара жығылды.

Әбікен ес-түссіз. Көзінен жасы қалай ытып кеткенін білмейді. «Не үшін аттың? Не үшін? Кім үшін?» - деп алақанын жайып Жұмекен орнынан тұра сап жүгіретін сияқтанды. Жартасты құшқан жансыз дене соншалық ыстық қимас көрініп, бір өксік қылғынта буындырып, булықтырып барады. Туыстық сезімнің жегісіне шыдай алмай, көз жасын қолымен сілкіп, бесатардың ұңғысын өзіне қаратты. Көз қиығын қарсыдан қараң еткен адамды шалды. «Ойпыр-май, екеумізді Үмбет атты деп жүрер ме екен?..» [ 26,68-б], - деп оқиға аяқталады. Сөйтіп, бәлшебиктердің ұранына көзсіз берілген Әбікен інісінің қанын мойнына жүктеп, қазақ діліне жатпайтын қылмысқа барды.

Жазушының «Кінәлі махаббат» повесі Зерен сұлудың басынан өткен оқиғаларды суреттейді. Іңкәрлік, құштарлық, өкінішке, мұңды сырды оқи отырып, кейіпкерлердің қызық та қайғыға толы тағдырына ортақтасқан оқырман бей-жай қала алмайды. Әйел жанының қатпарын,  нәзік қалтарыстарын, ішкі сезім пернелерін дөп басып суреттеуде жазушы қаламы жүрісінен жаңылмайды.

«Кінәлі махаббат» повесі оқушы жұртшылықты, әдеби қауымды елең еткізгені мәлім. Апыр-ау, кінәлі махаббат бола ма? Махаббаттың бұл арадағы жөн-жосығына жол болсын... Әу баста адамдардың өзі кінәлі екендігі бесенеден белгілі емес пе? Бұл арада қаламгер ұтымды жол тауып кеткен. Әйтпесе, сол дәуірдің тәлім-тәрбиесін алған Зерен сияқты әйел бірнеше рет күйеуге тие ме? Махаббат кінәлі болса болған шығар, бірақ, кеңес қоғамының Зерен сияқты өкілі ешқандай кінәлі емес. Жазушы Зерен тағдырын сол Зеренннің атынан баяндай отырып, жұртшылық аңсап-шөлдеп жеткен жеңіске ие болады.

«Кінәлі махаббат» повесін оқып отырып Зеренді сол қалпында қабылдайсың. Оның берік тұстары да, осал тұстары да кеңестік қоғамның идеологиясымен тыныстап, екіжүзді заманның илеуімен қырық құбылған адамның құбылысы психологиялық, логикалық көркемдік тұрғысынан ешқандай күдік тудырмайды.

Жалпы Бексұлтан Нұржекеұлы адам бойындағы  қасиеттің бәріне заманы, замандастары кінәлі екенін есте ұстап, оны идеол етуді мұрат тұтпайды. Немесе адамдарды жағымды, жағымсыз кейіпкер ретінде екіге бөліп тастап, араларындағы бітіспес күресті де өз шығармасына өзек етпейді. Адам бойындағы ұлттық сипаттарды бекем сақтатып, қарама-қайшылық қасиеттердің диалектикасына көбірек ден қояды.

Қаламгердің әңгімелері тартымды, әрі қызықты, әрі әдемі болып шығуына кемел суреткердің нұрлы жан-шуағы мейілінше асқақтыққа ие болған. Мәселен, «Қырғыз келіншек», «Екі қырсық», «Күю», «Өш алудан өршіген әдет», «Қамыт жағалы қоңыр көйлек», «Қыз сезімі», «Құпия махаббат» тағы басқа туындылары уақыт пен заман шындығына суырылып, әйелдердің бір қалыпқа сыймайтын қилы тағдыры арқылы сендіре бейнеленеді. 

Белгілі сыншы Аян  Нысаналин сөзімен айтсақ: «Бексұлтан Нұржекеұлының «Әйел жолы жіңішке» атты кітабы әсерлі әуезімен, сиқырлы әлемге жетелеп, қилы-қилы күй кешкізеді»[27,4-б], - деуінде де көңіл қояр пікір бар. Қазақ әйелінің ағысы қатты өзеннің иіріміндей тылсым құшағы кім-кімді де естен тандырарын сыншы дұрыс пайымдапты.

«Сағынғаным-ай» атты әңгімесін оқыған сәтте кейіпкер Ержан мен Көкеннің балаң да тым ұяң сезімдерін көреміз. Жазушы Зияштың «Жастық жыл құсы емес», Күлдәрінің «Құпия махаббат», Үбәйдің «Өш алудан өршіген әдет», Бегеннің «Күю» өмір жолдарын, бір сәттік алдамшы күйдің тауқыметін тартқан өкінішті тіршіліктерін баппен баяндай отырып, жастарды ата-ана тәрбиесінен, ұлттық салт-дәстүрінен айнымауға шақырады. Көркем шығарманың да алға қойған мақсаты - кім екеніңді, кімнен не алғаныңды, кім боп қалуға тиісті екеніңді ұмытпауға тәрбиелеу ғой.

Бексұлтан Нұржекеұлының  диалог құруға, әсіресе, қыз бен жігіттің жарасымды әзіл-қалжыңын жазуға келгенде, кәнігі жүйріктей көсіле жөнелетіні сүйсіндіреді. Соншалықты табиғи, кәнігі қазақы қалжың. Әр кейіпкерлері әр сөзге астар беріп, ақылды ой айтады. Мәселен, «Кәріс қызы» әңгімесіндегі мына бір жолдарда:

- Маған қарамай өзің шомыла бер, - дедім өйтпейтініне сенсем де... Арамдығымды біліп қойғандай Нэлли басын шайқады.

- Ол қулығыңыз жүзеге аспайды...

- Қайтейін енді, менен гөрі бала ғой, алданып қала ма десем.

- Әйел ешқашан алданбайды, алданып қалғансиды.

«Сен де сөйт», - дей  жаздап, тілімді тістей қойдым.

Немесе, «Қырғыз келіншектегі» Тұрсынбүбінің, «Қыз сезіміндегі» Ләззаттың ойлы да ойнақы сөздеріне риза болып отырасың. Мәселен мына бір орайда:

« -    Сіздің қызыңыз  бар екені мен де білдім.

    • Қой, өтірік айтпа, менде қайдағы қыз?, Кім ол?
    • Бақытжамал.
    • Оны кім айтып жүр? Ол екеуміз осында келерде ғана таныстық қой...»

Әңгіме тілінің әсерлігі, табиғилығында. Әр ұлт өкілі өз ұлтының үздік қасиеттерін бойына жинап, соның шырынын тамсандыра татқызады. 

Махаббаттың ұлылығы  тазалығында. Сезімнің құдіреттілігі- шексіздігінде. Ұлы махаббатты өлтіру, құрбандыққа шалу мүмкін емес. Адам бойындағы үш құмарлық қана махаббатты тудырады. Бұлар - жан құмарлығы, сана құмарлығы және тән құмарлығы. Осы үш құмарлық біріккенде ғана махаббат дейтін ұлы сезім салтанат құрмақ. Үшеуінің бірі кемшіл болса, онда махаббат жоқ. Жазушының кейіпкерлері бізге «Махаббатсыз дүние бос» (Абай) екендігін дәлелдейді, түсіндіреді. Ұлы сезімді аялауға, мәпелеуге үндейді, үйретеді. Бұл жалаң ақыл түрінде емес, кейіпкерлердің мың құбылған сезім шарпысуларын, шиыршық атқан жан толқыныстарын шебер суреттеуі арқылы жүрекке ұялатады.

Б.Нұржекеұлы әйел жанын бейнелеуде ұлттық тәрбиемен астасқан нәзік иірімдерден тұратын қазақ әйелдерінің реалистік бейнелерін жасайды. Қай туындының кейіпкерлерін алсақ та, ақылдылығымен, назды қылығымен дараланып, солардың жанынан жаныңа жұмақтың жұпар иісті самалы соғып тұрады. Ділінен қай ұлттың өкілі болса, сол ұлттың озық не тозық менталитеті қапысыз көрініп, сендіруіне жазушы аянбай тер төгеді, ізденеді.

 

 

 

 

II.  Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

 

2.1.  «Аңыздың ақырындағы» ұлттық тағылым

Ықылым заманнан бері жұмыр жердің бетінде, Ұлы Даланың  құнарлы саурында бала-шағасын өсіріп, малын өргізіп, Алланың құдіретіне шүбә келтірмей, тіршілік кешіп келе жатқан ата-бабамыз өзін қоршаған  табиғаттың төрт мезгіліндегі әрбір  құбылысын астындағы атындай, қойнындағы әйелінің қас-қабағындай бағып, небір ақ ниет, адал пиғыл, биік адамгершілік,  ізгілікке

жетелейтін киелі әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрді қалыптастырған. Философия  ғылымдарының докторы, профессор Алтай  Тайжанов: «Қазақ идеясының негізінде қазақ халқының ұғым-түсініктері, философиялық, этикалық қағидаттары, гуманизмі, т.б. ұлт менталитетіне тән ерекше бояулары жатады.  Қазақ идеясын ұлт шеңберінен жоғары көтеріп, бүкіл елге, сан түрлі ұлыстарға ортақ қазынаға айналдыру үшін  ұлтымыз бойындағы рухани қуатты таныту – басты мақсат»[23,4-б]. Міне, Тәуелсіз ел болып, есіміз кіріп, етегімізді жапқан шақта «қазақ идеясын», «ұлт идеясын» жоғары көтеріп, ақыл-ойы отаршылдықтың үстем идеясымен лайланған, қайдан шыққанынан, қандай жағдайға жеткенінен, болашағы не күтіп тұрғанынан бейхабар жас буынды енді адастыруға тиісті емеспіз. Асылы, әлгі үш сауалдың мәнін түсініп, қазақ екенін мойындатып, бар тағдыры туған елі, туған халқымен  байланыстылығын, ендігі жерде арман-мақсатына, бақытқа сонымен жететінін сезіндірген,  ұлттық идеямен уланған санасын емдесе ғана басын торлаған бұлты сейіліп, айы оңынан, күні соңынан тумағанына көзін жеткізген абзал. Демек, «ұлттық бойындағы рухани қуат» оның ғасырлар бойы қалыптасқан мінезі, құлқы, тәрбиесі, поэзиясы, бай ауыз әдебиеті, салты мен санасы,  әдеті мен ғұрпы, дәстүрі, дастарханы мен пейілі, жауынгерлік рухы, қайсарлығы, достыққа берік, құшағы кеңдігі, алғыр, адалдығы. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан бермен қарай жазушыларымыз халқымыздың бойына рухани нәрді тереңірек сіңіріп, ұлттық сананың жетіліп, өсіп-өркендеуіне мол үлес қоса бастады. Өйткені,  әдебиет-өмір мектебі, тағлым дарытатын қуаты қайнар. Сол «қуатты қайнардың» Тәуелсіздік таңы сібірлеп атқаннан кейін әсіресе қажет болуының заңдылығын философ-ғалым Алтай Тайжанов жоғарыдағы біз үзінді келтірген мақаласында: «Қазір ұлттық сананың өсу кезеңінде – адамның рухани дүниесін байыту көкейкесті мәселеге айналды. Себебі, руханилық азайған сайын өмір қатаңданып барады. Өмір мен ортаға деген салғыртық, мейірімсіздік-жастардың рухани кедейленуінен»[23,4-б], - деп түстеп,  таңбалап береді.

Ұлттық сана ана тілін  жетік меңгеруден басталады. Рухани байлық көздеріне сол тілдің арқасында  жетесіз. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақырында»  көне ұғымдарды «тірілту», ежелгі сөздерді меңгертуге көп күш салады. Айталық, «тасбақаның дауылы» деген сөз тіркесін бұрын әдеби туындылардан көп ұшырастырмайтынбыз. Әбіш осы жорықтан Байтақ шаһарына оралып келе жатқан Алмас ханның ойын өрістете келе: «бұрын тасбақаның дауылы мен қазанның кірісінде жолға шықпаушы еді. Осы жол елге көктем басында оралым деп амалсыз ұрынып отыр». Сонда «жарық жалғанның астынан үстіне келтіретін» Алмас хан Отамалының қарлы боранында, құм суырған дауылды көктемінде – наурыз айында, сосон қара жаңбырдан көз ашпайтын, дауылды, жайсыз қараша айында жолға, жорыққа шыққанды оңды санамаған. Көктемнің аты – көктем. Қанша қарлы боранды, дауылды болғанымен, көктем өз күшіне енбек. Көктемгі дауылдың да пайдасы бар, «тасбақаның дауылынан» «Бесқонақтың бес күні өткен соң, дүние жынынан айырылған бақсыдай жым-жырт бола қалды. Жер беті айғыз-айғыз жарылып кетіпті. Жарықтың арасынан шықса керек, мына жерде де, ана жерде де, теңкиіп-теңкиіп тасбақалар жатыр. Кейбіреулерін жер аударып тастапты, төрт аяғы көктен кеп үйелеп қапты»[29,43-б]. Дауылдың қаттылығынан топырағы бос жер тілініп, онда тасбақалар бой тасалап өніп-өседі. Көшпелі құм басқа жаққа аунап – көшкенде тасбақалар жарықшақтардан шығып, «масайрамақ». Жазушы бізді «тасбақаның дауылы», «тасбақаның шөбі», «бесқонақ» деген көне сөздердің этимологиясына бойлатып, жаңа сөз үйретіп, сөздік қорымызды байытуға мүмкіндік жасайды.

Ата-бабамыздың тіршілігі  – төрт түлікке телулі болғандықтан, табиғатпен күнделікті бетпе-бет келіп, оның тылсымын жете меңгерген. Аспандағы  күн мен ай, жұлдыздардың жылжуын бағып жұлдыздардан табиғат құбылысын дәл анықтап, көктеуге, жайлауға, күзеуге, қыстауға қай уақытта көшуге болатынын ескертіп отырған. Жылдың төрт мезгілінің қалай құбылып, қандай ауа райы күтіп тұрғанын да халық дәл бақылап, бай өмірлік тәжірибе жинақтаған Жазушы Төкен Ибрагимов: «Қазақтың табиғаттанымы аса ұшқыр. Асау табиғаттың аясында, ашық аспан астында жүріп, көп нәрсені көңілге тоқыған. Айтқыштығы да содан болса керек, ал сөз ойдың жемісі ғой, ендеше сол ой да ғажап екені анық»[30,4-б],-деп жазушы Ә. Кекілбаевтың ел тарихының қойнауына сүңгіп, тірнектеп тапқан сөздері сол халқының «айтқыштығын» мойындата түседі. Ізденімпаз журалист Айнара Ашарова жаратылыстың тылсымын ел аузынан жинай келіп, табиғат жайлы жұрттан біраз сөздердің мағынасын[30,4-б] анықтап берді. Ол кісінің айтуына қарағанда, наурыздың ортасы мен жиырмалары аралығындағы жауынды күндері «бес қонақ» та, сәуірдің (көкектің) бірінші жартысынан кейін найзағай ойнап, үзбей жауатын нөсерді «Қызырдың қамшысы» атаған. Көктемнің жылуынан жердің тоңы жібіп, соңғы жауынның аппақ қар боп жерге түсуін қазақ «құс қанаты» атаған. Жерді қараңғылық баса батыстан пайда болатын Шолпан жұлдызын халық «Жарық жұлдыз», ал сол Шолпанның таң атарда шығыстан жарқырап тууын «Таң жұлдызы» дейтін көрінеді. Ежелгі аңыз бойынша «Құс жолы» деп аталатын аспандағы бозарған үлкен жолақ «бір ананың емшегінен төгілген сүт» саналып, ол «Сүт жолы» деген киелі атауды иеленіпті. Жазғұтыры желді «өкпек жел», күзгі суықта «қара суық», күн шығып тұрғандағы жаңбырды «соқыр жаңбыр», төніп келгенмен, тізіліп өте шығатын, жаумайтын бұлтты «қысыр бұлт», наурыздағы күннің ұзаруын «ұзынсары», ал мамыр айының аяғына таман киіктің лақтайтын тұсында соғатын желді «Құралайдың салқыны» деп атаған. Сондай-ақ, қаһарлы қыстан малды зорға алып шыққан халық ол төлдейтін шақта да, басқа кезде де ауа райына қатты алаңдаған. «сүмбіле туса су салқындайды», «таразы тумай таудан түспейміз» немесе «таразы туса таң суыр», «сүмбіле туса су суыр» деп аспандағы жұлдыздардың тууына, жылжуына қарап шаруасының қамын жейтін қазекеңнің қиналысын ұқпасақ кім болғанымыз? Көктемгі күннің күркіреуінен егіннің қалай шығатынын, кәдімгі суық торғайдың ерте жұмыртқалауынан күннің ерте жылынатынын, көктемде жылқының ықтай беруінен келер қыстың қатты болатынын болжаған ата-бабаларымызды қалай осал санаймыз? Бізге сыры бимәлім Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Босаға, Сүмбіле, Таразы т.б жұлдыздармен мал соңында таңы айырылған еңбекқор бабаларымыз табиғатпен етене жақындығына еміреніп, сол еміренуінің негізінде олардың сөздік қорындағы бағалы «қазынаны» бүгінгі иелеріне «жібекке орап» ұсынуына асығатынын байқаймыз.

«Аңыздың ақыры» романында  көп әйел алудың зардабын шамалатып, Сарай ішіндегі бақай есеп киікілжіңдердің  сырына араластырады.  Бес жылға созылған жорықтан жеңіспен оралған хан өз Сарайында оңаша қалып, тынығып жатады. Ұлы ханшаның  балалары атжалын тартып мініп, бір-бір уалаятты басқарып, үйілі-баранды болған шағы. Жорыққа аттанар алдында нағашы жұртынан  анасының кеңесімен 16 жастағы қызға үйленіп, Кіші ханшаны құтты орнына қондырған-ды. Жасы келген хан, бойы салқын тартқандықтан демалып, әл жинап жатқан еді. Тамақ әзір боп, дастархан басына шақырылады. Хан «есік жабылған соң ғана  дастарханға қарады. Көзі қақ алдында жатқан манағы  нарт қызыл  алмаға түсті.  Бұл жолы пышақпен кесілген сызығы ақиып анық көрінеді. Өзін  өзге тағамдардан  бөлектеп  оқшау қойыпты. Әлгі әйел бәрін біледі екен!..

- Мына алманы осындағы  бақтан үздіңдер ме?

- Жоқ, тақсыр ием,  сізге әдейі  ұлы ханым жіберіпті.

- Бара бер!

Қызметші әйел жалт бұрыла бергенде, жымқыра тістеген езуінен    жымиған күлкі қылаң берді»[29,163-б]. Мұнда әңгіме болып отырған - «пышақпен сызығы анық көрінетін пышақпен кесілген» нарт қызыл алма, даяшы әйелдің «жымқыра тістеген езуінен жымиған күлкінің қылаң беруі». Демек, сары қарын бәйбішесі өзін өзінен «тартып алған»  тоқалының соңынан «өсек ергенін» тұспалдап күйеуінің өзегіне құрт түскен нарттай қызыл алма жібереді. Онысы тоқалың саған арнап «асық көңілін білдіретін» көгілдір мұнара тұрғызғанымен, ол оның емес, кіші ханшаға мұнара тұрғызған шебердің  оған махаббатын әйгілеп тұр. Демек, тоқалың да, өзегі құрт түскен алма да бір деген тұспалын ханға жеткізеді. Даяшы әйел де ұлы ханшаның тұспалын бірден сезініп, әміршіні бір жағынан аяп, екінші жағынан жас ханыша патшаның  қаһарын да пішіту қылмай, көзіне шөп салғанына жаны кіреді.  Бұл жерде мұндай мінез әркімге-ақ аян болғанымен, қазақ әйелдерінің ері алдында ашық айтуға дәті шыдамайтын, көкейіндегісін тұспалдап жеткізетін алғыр да инабатты болмысын байыптап береді. Екіншіден, күндесінен кек қайыру үшін ұлы ханша қолайлы сәтін мүлт жібермейді.  Ақыры «тұспал» кіші ханшаның түбіне жетіп, «ғашық» шебердің екі көзі ойылып, тілі кесіледі, аңыздың ақыры жазықсыз жандардың трагедиялы тағдырымен аяқталады.

Қазақ қоғамында отбасын  ойрандайтын басты жау, ол – күндестік. Ұлы ханша - сол күндестік індеті  асқынған әйел. Бұрын да осындай  бір амалы төбе көрсеткен-ді. «Ұлы ханымның алалайтыны бұның өлген  әйелінен қалған үлкен ұлы еді. Оны  сонау көз көрмес алысқа, жау аймаққа билеуші етіп жіберткізген де сол болатын... Пірдің аузын алып,  тақтың мұрагерлеріне қоярда – қоймай жүріп өзінен туған ұлын белгілетті»[29,166-б]. Ұлы ханша күйеуі сөзін тыңдайтын болғандықтан, өзін, өзінен туған балаларының ғана қамын ойлап, басқа әйелдері мен өгей балаларының жолын кеседі, менмендігі мен өзімшілдігі асқынған. Қазақ қаламгерлері сөйтіп қоғамымыздың айрандай ұйып отырған береке-бірлігін тас-талқан ететін ең ауыр істі нәзік жандылардың  қасқойлікпен жүзеге асыратынын сынайды. «Бәйбіше-тоқал» - қазақ қоғамының ірге тасын шайқалтқан зілзаладан кем саналынбаған. Күндестік індеті  ұлы ханшаны меңдегенін Алмас ханның туған шешесі ертерек аңдап, ұлының қартая келе тағдыры тұйыққа тірелетінін болжаған анасы баласына: «Сенің әкең, ұлы жалғыз өзің болған соң, ертерек аттан түсіп, билікті саған берді. Ал сенің балаң көп, өз күшіктеріңді өз көзіңше қырқыстырып қоймай, өле-өлгенше ешқайсысына  тағыңды берме. Тұғырдан түскен соң, балалы қатыныңды сағалама – балаларына арқа сүйеп,  басыңның қадірін кетіреді; баласыз әйелді сағала-балалы әйелдеріңнің алдында  баласыздығынан қорғалақтап, өзіңді пана тұтып,  өле-өлгенше сыйлап өтеді»[29,170-б],-деп көп әйелді еркектің басы қайтсе  «сыйлы» боп, бақиға аттанғанша «қадірін кетірмеудің» аксиомасын ұсынады. Өзі де көп әйелдің бірі болған анасы көп әйелді баласына қойма толы алтынына бергісіз  ақыл айтып орындатқанмен, бәрі ханның ақыл-ойы, парасаты, адамды түсініп,  бағалай білетін, ел сөзіне ермейтін салқын санасына қатыстылығын  ескермей  болмайды.

Информация о работе Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет