Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 13:04, диссертация

Краткое описание

Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3
І. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ...............................................................................15
1.1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ САЛТ-САНА, ДӘСТҮР МЕН НАНЫМНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ ................................................................................................15
1.2. БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ КЕСТЕЛЕНУІ.................................56
ІІ. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................................................................................74
2.1. «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫНДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ...............................................74
2.2. «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТТІҢ КӨРІНІСІ ...................................................................................................................................84
2.3. «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР ............................................................................................103
2.4. «БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ», «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР» РОМАНДАРЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................114

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................138
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................143

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диссертация Асем 2+++.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

Алланың қазаққа берген абройы шығар. Нақұрыс, араққа салынып азғындаған отбасынан шығып, соның солақай тәрбиесін көрген немесе ішімдік қанды сұйылтқан ерлі-зайыптыдан туған қыз болмаса, бәрі де барған жеріне сіңіп, өмірдің ләззатын басынан кешетіні ақиқат. Қазақ отбасының ешкімді жатырқамайтын кеңқолтық, мейірімді, дархандығынан шығар, басқа ұлт қыздары да қазақ  отбасына келін боп түскеніне өкінбейді. Оған мысал да жеткілікті. Мәселен, «Қазақтың кейбір салтын күйеуімнен де жақсы білемін»[49,5-б]  газетінде Қазалылық (Қызылорда облысы) Арман есімді жігіттің келіншегі Светлана Владимирқызы жайлы мақала басылды. Қызылорда облысы Қорқыт атындағы Қызылорда университетінің журналистік бөлімін бітірген Света отбасының ырысы мен берекесін арттырып  отырған көрінеді. Қайынатасы мен енесінің, қайынағалары, қайынінілері, қайынсіңілілері мен қайын әпкелерінің атын атамай, қайындарына әтеуірлеп ат қойып, үлкендерге  сәлем салып, алғысын алып жүрген, үйде басынан орамалын тастамайтын бір мыңболғыр көрінеді. Тек өз ұлтымызға ғана тән, әрі жарасымды сыйластықты берік сақтап, қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін жетік үйреніп жүрген ол, бір топ  қонақты бір өзі күтуге мәтіби көрінеді. Бауырсақ та пісіреді, етті де бабымен асады, наурыз көжені жасауды да үйреніп алған. Бесаспап. «Қазақ отбасына келін болу маған қиын соққан жоқ. Өйткені мен қазақы ортаға сіңісіп кеткенмін. Тілге жетікпін.  Өмірлік керек болар қажеттіліктің бәрін үйреніп жатырмын» дейді екен жымиып. Қазағы бар, басқасы бар Ақотауға оң аяғымен аттап кірген келіннің бәрі тік аяқ,  айыр тұяқ болмай, енді «алтын алқадан» да қашпайтын Светлана Владимирқызындай күн боп  кіргеніне не жетсін!..

Ә.Кекілбаев болсын, мейлі, Б.Нұржекеев  болсын романдарында ұлттық сипат арқылы халқымызға тән ұлттық ерекшеліктер саралана талданады. Ұлтымыздың тарихи санасын, дүниетанымы, әдет-ғұрыптарын, кейіпкерлердің ұлттық тілді меңгеруін, дәстүрлерін және этнографиялық сипатты құрайтын  ерекшеліктерін көркемдік деңгейге жеткізе бейнелеген. Б.Нұржекеевтің «Ерлі-зайыптылар» романы тікелей «үйлену оңай, үй болу қиын» демекші, отбасының ынтымағы жарасып, сүйкімді де, білімді, өнерлі, еңбекққор,  ақылды, халқын, оның көнеден келе жатқан салтын, әдет-ғұрпын, дәстүрін сүйіп, соны бойларына сіңіре отырып, жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеуде ананың  орнын қапысыз мүсіндеуге көп тер төккен. Жоғарыда біз романда атқаратын  қызметін саралай бастаған Ілескүл, шындығында да, барша қазақ келіншектері мен  қыздарына үлгі болатын көп қасиеттерді талбойына жинақтаған аса аяулы бейне, жаны құнарлы келіншек. Оның пиғылы, ниеті, іс-әрекеті, құлқы, адамдармен қарым-қатынасында, ой-арманы, жалпы әйелдік болмысы, мінезінде қазақы менталитет тұнып тұр. Енді жазушы бейнелеуіндегі Ілескүлдің характерін ашатын шырыны сорғалаған биік қасиеттеріне назар аударалық. Алтын  асықтай бес баласы, ақылды әйелінен айырылып  қала жаздап, әке-шешесінің алдынан өткен Мұқа «ес жинап», бұрынғы  қамшы салдырмас қалпына келеді. Ақылды әйел Мұқа бүгін несімен жүйкеңде ойнайды екен деп, «оң қолын сол қолы ұстап» отыратын халден біртін-біртін арыла бастайды. Жазушы Ілескүлге  өмірдің ыстық-суығын басынан кешірте жүріп, өз қадірін кетірмей,  төңірегінділердің құрметіне бөленіп, сыйлы, беделді әйел ретінде танылуына себепші қылық-мінездерді  пайымдауларымен береді: «Жақсы ниет, адал пиғылдың адамды ажарландыра  түсетін құдіреті бар. Жүзің нұрланып, жайдары жүресің. Өзіңнің адал еңбегіңді білу, соны сезіп рахаттану адамды арқаландырады. Қанат біткендей жеңілденіп,  айналаңдағыларға мейірленіп кетесің»[47,149-б]. Досыңа да, жауыңа да жақсы ниет, адал пиғылыңнан айнымай, өзіңнің сүйікті кәсібіңді биік деңгейде меңгеріп, жұрттан жылы сөз естіп,  шынайы құрметке бөленсең, еңбегіңнің жемісін жеп, алты балаңның күміс күлкісін  естіп, құдай қосқан қосағымен жарасып жүрсең, одан артықты тілеп қажеті қанша. Сонда есіктегі басыңды төрге оздыратын жақсы ниет, адал пиғыл,  беріле атқаратын қызмет екен ғой. Қазақ әйелінің атын алты алашқа жаятын басты қасиеттері осылар  болса керек.

«Қызға қырық жігіт  сөз айтады, бірақ бұйырғаны алады» дейді дана қазақ. Сол сияқты, «Ел  мақтаған жігітті қыз жақтағанды»  айтқан да сол. Жақсы жігіт жар етуге ұмтылатын арулар да аз бола қоймас. Өмірлік жар іздеген бозбала қырықтың,  алпыстың, тоқсан қыздың ішінен «сүйгенін» таңдап алуы заңды ғой. Ілескүл де бірнеше жігіттің ішінен  Мұқаны бармақпен басып жүріп таңдап тапқаны іспетті, Мұқаны төңіректегені, төңіректеп,  жүргендерінен ол Ілескүлді ғана «алтын қармағына» іліндіргені ақиқат. Сол «ақиқатты»  Мұқа қызына жазған имандай сырына: «Сенің шешең – менің бағыма жолыққан жар.  Оған баға беріп жатқанша, баға жетпейді деген жөн.  Әйелінің шексіз сүйетінін сезіну-еркек  үшін үлкен бақыт. Басқа бақыт содан балалайды. Мен сол ең үлкен  бақытқа Ілескүлдің арқасында ие болған адаммын... Шешеңнің кісілігі,  кеңпейілділігі менің  кінәмді көлденең көз түгіл, үйде жүрген балалар сендерге де сездірмей жібереді, менің жақсы атымды сақтап жүрген – сол. Шешеңге тартсаң, қор болмайсың, қызым, ертегідегідей әйел деген – сол өзіңнің шешең. Отбасы, меніңше, өмір бойы үйренумен өтетін мектеп, сол үйренудің негізіне шешеңді ал: өзегі мықты тәрбие қателікке ұрынсаң да құлатпайды» [47,279-б]. Демек, отанасының кісілігі, көнтерілігі, сырға берік, жарға адалдығы, сүйгенінің  жаманын жасырып, жақсысын асыратын тектілігі сөзсіз оған  баға жетпесін, басқа қонған бақыт арман әйел екендігін мойындатып басыңды  идірмек. Тегі «ел қорғаны», ел көзінде жүрген азаматтардың берендігі, бәлкім, осы сүйгендерінің мықты тіреу бола білгендігінен де шығар. Сол «тіреудің» беріктігі оның «материалының» сапасына да қатысты. Еркек те ет пен сүйектен, сезімнен жаралған пенде. Күрделі өмірдің күрмеуін шешімін деп жүріп басқаға басы айналып, ауып  кететін шақтары да аз болмас, сонда құдай қосқан қосағы өзін ұстап, ерін қалай «жар басынан» қайтарып алуы қажет? Соның шайтан емес, жайсаң жолын да Ілескүл ұсынады: «Мен тек сол бәсекелестерімнің  бәрінен де биік тұруым керек. Бір кезде Мұқа үшін ең биік  қыз мен емес пе едім, сол  биіктігімді әйел күнімде де сақтауым керек. Жер бетінде ешбір әйел дәл мендей сүйе  алмайтынын, сыйлай алмайтынын Мұқа сезінуге тиіс. Содан кейін  де сатып кетсе,  онда Мұқаның да Мұқа болмағаны» [47,185-б]. Сол Мұқасы өзінің  имандай сырын ақтарған хатында Ілескүлі жайлы толғана келіп: «Бөтен келіншек сенен сұлу болуы мүмкін,  бірақ ол мені сендей сүйе алмайды ғой» [47,182-б], - дейтінін ұшыратамыз. Құдды екеунің үні өзара сырласу үстінде  туғандай. Себебі,  бізше, екеуінің  бір-біріне махаббаты берік, жүрек бір, ниет, пиғыл, арман-аңсары да бір. Бірі үшін бірі өмір сүрді. Ондай жерде әйел  ешқашан өзіне енжар қарамай, талантты, өнерлі, мінезді,  сыртқы бітімі көзтартарлық күйеуінен айырылып қалмас үшін үнемі өзін-өзі күтіп,  дұрыс киініп, дұрыс сөйлеп, үй шаруасын да тап-тұйнақтай етіп, ол үйге оралғанда хор қызындай жұтынып отырғаны жөн. Есті жігіт сырт пен өзінікін салыстырып,  таразы басы өзінің жүрегі,  жаны, пиғыл-ниеті қосылып кеткен қосағына еріксіз ауып отырса, отбасының  береке-бірлігіне саңылау түспесі хақ.  Өзінің әйелінен сұлу, мінезді, сонымен қатар «жер бетінде Мұқаны өзіндей» сүйе де алмайтын, сыйлай да алмайтын бөтен  аруларға көңілі кеткенімен, қолда бар алтынын бақырға айырбастаймын деп  барын тонатуға жүрегі  дауаламасы белгілі. Өйткені, отбасының, күйеуінің қамын ойлау пешенесіне  жазылған қазақ әйелі ғана: «Мен өзімді де, жеті баланың өмірін де, Мұқаны да ойлауға міндеттімін. Енді менің әйелдік міндетімнен аналық  борышым ауыр. Әйелдік қызғаныштан гөрі енді менің Мұқаға қамқорлығым қажет. Оған істеген қамқорлығым – бала-шағама жасаған жақсылығым, айналып келгенде, өзіме істеген қызметім» [47,185-б]. Әке – отбасында еменнің тамыры десек, ана-еменнің діңі,  ал бала-шағасы – бұтағы, жапырағы. Сонда Ілескүл өзінің құнар тартқан тамыры шабылмай,  бұтағы жайылып, жапырақтары күміс теңгедей күлім-күлім қағып, өміріне мән,  ажарына сән кіргізіп мына дүниенің рахатын көргеніне іңкәр. Сүйіп қосылған қосағымен 16 жыл отасып, 6 бала көріп, 37-ге келген әйел «алтын алқа» алуға жеткенде желігі басылмаған жел еткен әйел емес, өзін ана санайды. Ананың үлкен арманы, мақсаты-күйеуі Мұқаның, бала-шағасының, елінің амандығы. Көз тойса да, көңіл толмайтын есер шақты армандамайтын Ілескүл, кәдімгі  қазақы менталитетте ерекше  бағаланатын отағасына деген құрметке бас иеді. «Қандай жағдайда да қазақ әйелі, - дейді ол, - еріне  қол жұмсамауға тиісті. «Ерін сыйлаған есікте қалмайды», - дейді.   Меніңше, өте жақсы әдет. Бұрын еркектер сабайтын, енді біз  сабайтын болдық», - деп мақтануға бола ма? Ондай әдепсіздік әйел үшін емес, әйел күйеуінің інісімен, еркек әйелінің  сіңлісімен әзілдесіп, сөйлесуге міндетті. «Аузында әзілі жоқтың қойнында қолшоқпары бар»[47,88-б], - дейді халқымыз. Алдыңғы келтірілген үзіндіде  күйеуіне, бала-шағасына жасаған жақсылығы айналып келгенде өзіне өзі жасаған жақсылық екенін философиялық тұрғыда түсінеді. Шындығында күйеу өзінікі болса,  бала-шағасы да өзінікі, оларды жатырқап, жатсынудың қандай реті бар. Қазіргі  өркениет талабы бойынша ер мен әйел тепе-тең құқықты. Алайда, теңдікті құдай қосқан қосағынан есе қайыруға, жоғары тұруға, бағындырып, өз үстемдігін жүргізуді қалауы оң ба? Ілескүл қазіргі «кейбір басында ми жоқ, өзінде ой жоқ, күлкішіл, кердең надандардың» шығарып, жұртты шатастырып жүрген ұлтқа жат әдетсымақтар ұлтты аздыратын еріккеннің ермегі екенін сынайды.  Біле білгенге - еркек қорғаның, киең. Ал, киені үркіткенің екі дүниеде жолы болмасы белгілі. Әйел есті еркекке есені көбірек беріп, кішілік, сыпайылық сақтаса, солғұрлым басын құрметтетіп, «есікте қалдыртпайды». Балдыз бен қайын, жезде мен жеңге ұғымдары қазақта бұрын сыйластықтың, жақындық, жанашырлық, өзара сырластық, көңіл жақындықтың,  риясыз бауырластық өлшемі саналған. Жеңге мен қайын, жезде мен балдыз арасындағы  таза әзіл-қалжың көңілді жадыратып, шаңыраққа шаттық ұялатқан. Қазір ол тіптен  тереңдеп, жеңгеге қайын баласындай, жездеге балдыз қарындасындай қатынасқа ойысып кеткенін жаманшылыққа жоруға болмайды. Ол – уақыттың еңгізген жаңалығы.  Ілескүл балдыз бен қайынның бұрынғы мән-мазмұны өзгермеуін қалайтын тәрізді. Бірақ ол оның анайы формасын емес, адамзаттық мағынасы барын қалайды. «Әлемдегі ең үлкен сезім», - дейді ол, - бауырмалдық – үй ішінен басталады. Үй ішінде жоқ татулық ел ішінде де болмайды.[47,190-б]. Яғни, Ілескүл әйелдің даналығы, еркектің сырбаз, кеңдігі, дарқандығы бала-шағасын асыл мінездерге баулиды, іні-балдызды да екі туып бір қалғанына айналдырады. Ұрыс-керіске орын жоқ отбасында әзіл-қалжың, мейірімділік нұры үстемдік етпек. Әрбір шаңырақ күннің нұрымен арайланып жатса,  ел іші де нұрлы. Сондықтан отбасының ұябасары – Ілескүл қазақы ортада туып, қазақы ортаға  қымбат ұлттық менталитет нәрін бойына терең сіңіргендіктен күйеуі Мұқаға: «Жоқ, сені балалардан бұрын ойлаймын. Өйткені, сен менен басқаларға да, әке-шешеңе де,  іні-қарындастарыңа да керексің. Менің керек қылатын әке-шешем жоқ, іздейтін аға-жеңгем жоқ, мен сенен басқаға керек емеспін. Мен үшін сен жалғызсың,  сондықтан сенен артық мен үшін ешкім жоқ. Балаларымды да мен  сенің  балаларың болғаны үшін жақсы көрем»[47,188-б], - деп ағынан жарылады. Мұндай сөзді есту есі бар еркекті қырық жасқа жасартары анық қой. Бұл қызыл сөз емес, нағыз өмір. Жеті балалы ана, әрі Қызылорда педтехникумның  үздік оқытушысы бола жүріп Ілескүл бәріне үлгереді. Күйеуі ақылды, мейрімді, қол астындағыларға қамқор, ел қамын жейтін есті, тырнақ бүкпесі, іш қалтасы жоқ  азамат, балаларына сүйікті әке болса, әйелдің құдайдан тілегені сол ғой. Таңның  атқанын,  күннің батқанын сезбей, жарына, балаларын, еліне еңбек еткеніне ішпей-жемей тойып, қанатына мініп,  жүреді «арман әйел». Ілескүлдің түсінігінде, еркегінің жүрген-тұрғанын қазбалап сұраған қатын оңбайды, ол өзіне сорды өзі іздеп  алатын жарыместің қылығы. Оның еркекті танып-білуінде де ұлттық  менталитет бекем. Ол күйеуінің жасанды қылығына, тіліне, қас-қабағына алданбайды. «арман әйел» Ілескүлдің түсінігінде,  еркегінің жүрген-тұрғанын қазбалап сұраған қатын оңбайды, ол өзіне сорды өзі іздеп алатын жарыместің қылығы. Ол күйеуінің жасанды қылығына, тіліне, қас-қабағына алданбайды. «Әйелдің күйеуінен талап ететін ең түпкі нәтижесі жақсы көре ме, жоқ па деген мәселе.  Әйел күйеуінің көңілін қасында жатқандағы қылығынан, сөзінен, үнінен, алақанының аясынан,  еміренісінен айырады. Жарының аңсап тұрғанын білген әйел, әрине, бақытты»[47,203-б], -  деп жарастық тінін тарқатады сұңғыла әйел. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар». Бір-бірінсіз өмірдің қараңғы түн екенін сезінетін тең қосылған ерлі-зайыптылар ертеңгі күніміз қалай болады деп бал ашпай, қайтсек үбірлі-шүбірлі, қанат-құйрықты боламызбен басын қатырып жүр. Қазақ менталитетіндегі тағы бір ерекшелік – балажандылығы. Қазақ әйелдерінің ішінде жиырмаға дейін құрсақ  көтергендері ұшырасады. Бірақ жұқпалы ауруға қарсы ем қолданылмағандықтан, жиырманың бәрі жер томпайтқан. Қазақ отбасы көп балалы болғанын дабырайтып, елге жаймаған. Астамшылық құдайдың  құлағына жетіп,  сазайымызды тартамыз деп қорыққан. Бойға біткен баланы аман-сау дүниеге әкелу міндетті саналған. Романның бас кейіпкерінің бірі Мұқа – сол балажан әкелердің бірі. «Баланың қылығына,  сөзіне Ілескүл екеуміз айрықша құштармыз. Нәрестенің сүт иісі – ешбір иіске ұқсамайтын пәк,  періште иіс. Қазір мен сол иісті аңсағанда, аңсарым ауып нәрестелі болғым келіп кетеді. Түбі сүйтпесек, Ілескүл екеуміз де тынши алмаспыз тегі»[47,271-б], - дейді. Бұл – сөзін желге шашпайтын абзал әкенің көкірегін жарып шыққан имандай сыры. Құдай аузына салған шығар көп кешікпей Ілескүлі 1984 жылы  сегізінші баласын дүниеге әкеліп, «алтын алқалы» ана дәрежесіне көтеріледі. Құдай бергенге  береді ғой.  Бауыржанның келіні жазушы Зейнеп Ахметова: «Қазіргі  келіндерге ұлттық өнегені  көрсетіп,  тәрбие беретін енелер азайды. Өйткені бүгінгі  енелер мен әжелер-кешегі  Кеңес өкіметінің келіндері. Олар  көпбалалы болудан гөрі қызмет қуғанды қалады,  ерлермен теңқұқықты болуға ұмтылды, осылай ерікті және еріксіз түрде ұлттық құндылықтан, тәрбиеден ажырады»[50,5-б], - деп күйзеліп, бүгінгі әйелдердің  бала тууға, тәрбиелеуге көзқарасы, психологиясы дұрыс пайымдалғанымен көпке топырақ шашу жайсыз-ақ. Күні бүгінге дейін баспасөз бетінде жиі-жиі  берілетін, қатары  қалың «алтын алқа», «күміс алқа» иегерлерінің есімі қазақ бала туу жағынан ежелден қанға сіңген дәстүрден тая қоймағанын аңғартады. Санымыз бір түсіп, бір өсіп отыруына  қыз-келіншектеріміз кінәлі емес, «мың өліп, мың тірілген» тарихымыз «кінәлі». Десе де,  ауыл-біздің алтын құрсақты аналарымыздың құтты мекені. Мемлекет басты байлығымыз – адам ресурсын орнына қоямыз десе, жұртты күн-көріс, тұрмыс қамымен қалаға жалтақтайтын дәрменсіз саясаттан бойды аулақ салдыруы қажет. Ауылды құртпай, қайта қай жағынан да  елді  өзіне тартып тұратын жұмақ мекенге айналдырмайынша қазақ көгермейді. Ұлттық менталитеттің өліп-өшкен жаһандану процесі жүріп жатқанда сау қалуы,  кемелденуі де сол ауыл тағдырын оңды шешуге тәуелді.

Орыс халқының ұлы интеллигенті Глев Успенский: «Интеллигенция! И  слова – то этого множество  разглагольствующего народа даже и  не понимают путем,  тогда как  оно должно бы иметь самый определенный, глубокий смысл... Интеллигенцию надобно понимать вне звании и состаяний, вне размеров благосостояния и общественного положения. Интеллигенция среди всяких положений, званий и состояний исполняет всегда одну и ту же задачу. Она всегда свет,  и только то, что светит, или тот, кто светит, и будет исполнять интеллигентное дело, интеллигентную задачу»[68,13-б], - деп қоғамның алтын тамыры интеллигенттер екенін мойындатуға тырысыпты. Қазақ университет, институт есігін ашып, арнайы аристократтық мектептен өтпесе де интеллигенттіктің уызы ежелден бар. «Интеллигенттік іс», «интелигенттік мақсат», интелигенттік  дархандық қазақ менталитетінің мазмұнын құрайды. «Ерлі-зайыптылар» романында Б.Нұржекеев қызының  кедей баласына құлағанынан қорқып, Қырмызыға күш көрсетіп, салық жинайтын агентке ұзатып жібереді. Амалы сарқылған, қорғансыз қыз сүйген жігітіне: «Тағдырыма мен көндім, енді сен де көн. Сенің балаңды туам. Басқа  ерлік қолымнан келмеді»[47,132-б],-деп сүймек түгілі, өңінде түсін көрмеген бөктергіге жем боп, гөй-гөйге басып кете барған.  Бір ащының бір тәттісі бар.  Ақылды, ұстамды, сертке берік, білімге, еңбекке құштар, биікке қол созып, өмір ағысына қарсы жүзуге қажыр-қайраты мығым жігітті көретін көз мүлт кетпейді емес  пе? Бір мектепте оқып, бір ауылда өскен Ақтоты ару Қабышпен осы «қара көз, имек қас, қараса жан тоймас, аузың бал, қызыл гүл, ақ тісін кір шалмас» (Абай) қыздан айырылып, жер соғып күйзеліп жүргенде табысады. «Менің махаббатым, - жылап оянған махаббат қой, - деп бүгін жимия еске алады Ақтоты бәйбіше, - өзі сүймеген жігітті өзім сүйдім. Ағаңның сүйіспеншілігінен менікі әлдеқайда артықтау еді, теңдессе,  енді-енді ғана теңдескен шығар. Алғашқы жылдары ағаңды мен ауруды емдегендей емдедім. Қырмызы салған күйікті махаббатыммен емдедім» [47,133-б]. Көздері шуақ шашып, кім-кімге де жақсылық жасауға әзір тұратын, ойындағысын күлбілтелемей тура айтатын турашыл,  тапқыр, төгіп айтатын, дестелеп сөйлейтін шешен, пайымы терең, зейіні мықты Ақтоты жігіттің дүлдүлін өзіне осы қасиеттерімен қаратып, мәңгі махаббатқа өріс ашқан.  Неміс ойшылы, саяси қайраткер А.Бебель: «На нармальном соединеии полов основывается здоровое развитие человеческого рода. Удовлетворение половой потребности является необходимостью для здорового физического и духовного развития мужчины и женщины. Но человек не зверь: для высшего удовлетворения его самой сильной потребности недостаточно удовлетворения одной только физической стороны,  ему необходимо так же и духовное единение с тем существом, с которым чисто механически и тогда оно безнравственно» [52,150-151-б],- деп қай уақытта әйел мен еркектің махаббаты бекем болатынына дәл анықтама береді. Демек, Қабыш пен Ақтоты кездейсоқ қосылған жұптарға жатпайды, бірін-бірі іздеп жүріп, сүйіп, таңдап барып, махаббатқа шөлдеп жүріп, аңсары ауып табысқан шынайы ғашықтар. Өмірдің сан өткелеңдерінен өте келе,  тұрмыстың аязы мен аптабын бастан кешіп, кімнің кім екенін сезінген тұста Ақтоты  күйеуіне назданып, өзі сүйген, бірақ  зорлықпен басқа біреуге қосылуға мәжбүр болған Қырмызы мен екеуі оның жүрегінен қандай орын алғанын сұрағанда Қабыш: «Сен менің бағыма туған әйелсің. Сенің маған істегеніңді Қырмызы да, басқа да істей алмайтын еді. Егер Қырмызының орнында болсаң, онда сен өлсең де менен  өзге біреуге әйел болмайтын екенсің. Көзім соған жеткеннен кейін мен сені Қырмызыдан жоғары қоятын болдым» [47,192-б], - деп ағынан жарыла әділін айтады. Мұнда көлгірлік жоқ, бастан кешкен қилы  жағдайлардың бәрін байыптай келе, кімнің кім екеніне көзі жеткен адам, бүгінгі биігінен  өткенін таразылап барып осындай ой түйеді. Қазақ әйелдері қызба сезімге шапшаң алдырмай, бәрін саралап, санада пісіріп барып тәуекелге бел буады. Тәуекелге бел  буу деген сөз-сүйгеннің қалауын құптап, өлімге де бірге қасқайып барудан тайсалмау. Қатыгез заманда Еңлік пен Кебек тағдырын қайталаған мұңлық пен  зарлықтардың саны аз болмаған шығар. Ол заман болса, Ақтоты Қабышына қосылуда қандай қыл көпіріңнен де тайсалмасына бас тігеріміз анық. Ақтоты - Б.Нұржекеевтің бейнелеуінде алған бетінен таймайтын қайсар, табанды, әрі екінің бірінің қолынан келмейтін ерлікке де тайсалмай баратын адамгершілігі зор адам. Қырмызы сұлу зорлықпен қосылған агенті қайтыс болып, ерте жесір қалады. Ол да әлсіз кезінде  дүниеқоңыз әкесі мен ағаларының қолжаулығына айналғанымен, Алданышын  туған әкесі Қабыштан жатбауыр етпеуге күшін салады. Сол Алданыш кәмелетке толып, туған әкесі Қабышты іздеп үйіне келгенде, Ақтоты оны жылы қабылдап, қысылып-қымтырылып отырған оған: «Сен енді қонақсың, қайтпайсың... Бүгін әкеңнің қасында бол, қазір інілерінің мектептен келеді. Солармен таныс. Тағдырдың бұлай болғанына сен де кінәлі емессің, мына әкең де кінәлі емес, Қырмызы мен менде де кінә жоқ. Бұл үй де өз үйің, мен де сенің бір шешең.  Әкең екеуің ойлас та, өздерің шеш. Осыдан әкемнің қасында біржола қалам десең де мен қарсы емеспін. Және сені үш баламнан ешқашан кем көрмеймін»[47,192-б], - дейді елжіреп. Осы үзіндіні оқығанда іш қалтасы жоқ, сүйген жарына қатысты қандай мәселені де кеңінен ойлап келістіре пішетін, көңілінде қылдай кіршік жоқ, ұлы жүректі қазақ әйелінің  дархандығына еміреніп, көзіңе жас үйірілері заңды. Сол Ақтоты Қабышы ер жасы 50-ін  мейрамханада тойлап жатқанда Алданышын Қабыш екеуі ортасына алып, бетінен елжірей сүйеді, сосынғы жерде Ақтоты Қырмызыны құшағына көміп тұрып,  жиналған жұртқа оның кім екенін таныстырады... Апалы-сіңілідей  жұптарын жазбай, жұртқа қатар жүріп қызмет етеді. Білім, білік, көргендік, жоғары мәдениеттілік қазақ менталитетінің өрісін осылайша кеңітеді. Өз амбициясынан аса алмай,  күндесінің басына қонған заманақырға мерейі өсетін күн өткен. Қырмызы Қабышын  жоғалтқанымен, Алданышы асқартауы - әкесінің құшағында, өзі жаны сыздап тұратын аяулы әпке  тапты. Кемеңгердің кемесі алысқа бет алғанымен, кедергісі кем келері ақиқат.

Қазақ опасыз бес күндік өмірде тату-тәтті, бірлігі жарасқан,  ынтымақты  ғұмыр сүруді замандастарына да, ұрпағына да өсиет етуден шаршаған емес. Сол  ата-баба өсиетіне берік жанның  бірі - Қабыш. Ілескүл Мұқаға тұрмысқа шықпақ боп, ата-енесі ағасы Мардан мен жеңгесі Майгүлдің алдынан өтеді. Осыдан біраз уақыт бұрын Ілескүлдің  анасы дүниеден қайтқан-ды. Бірақ ол кісі өлер алдында қызына өзіне қарайламай, ұнатқан жігітінің етегінен ұстауға рұқсат береді. Өйткені, бір биеден ала да, құла да туары белгілі.  Ертең өзінің көзі жұмылған соң, дүниеқоңыздау ағасы күштеп басқа біреуге беріп жібере ме деп қорқады. Айтқандайын–ақ, ағасы мен жеңгесінің түпке тыққан жымысқы ойларын  қарындасы жүзеге асыртпай, өз сүйгеніне қосылғанына  қандары қарайып,  тойына өздері де, өздеріне қараған ағайынды да «Ілескүл шешесінің жылын өткізбей күйеуге қашып кетті» деген  сылтаумен қоқан-лоқы жасап жібермейді. Өмірінде бір-ақ рет болатын үйлену тойына төркінінен бірде-бір адам келмегеніне күйзелген Ілескүл келініне Қабыш ағасы: «...кекшілдік жасама. Тойға келмегендеріне  өкпелегенін орынды, әрине. Бірақ кек пен өкпені өмір бақи сақтауға болмайды. Бірлік пен бауырмалдықтың жауы солар. Тіпті сонау қантөгіс замандарда да халық  кек қайтарған батырдан кешірім жасай білген батырды артық санаған»[47,127-б], - деп ағайынға өкпелеп, кекке тұншықпауға кеңес береді. Өз отбасында өзін сүйген екі аруды бір-бірімен атыстырып-шабыстырмай, апалы-сіңілілердей табыстырып, балаларын өбістіріп жіберген Қабыш, жалғыз қарындасының қуанышын бөлісуге жарамаған кеудемсоқ,  нақұрыстарды да кешіртіп, ағайын ортасындағы алауыздықты парасатқа жеңдіреді. Ағайын мен ағайын, әулет пен әулет, ру мен ру арасындағы бықсыған шаланы дер кезінде көріп, өшіріп, елдігімізді сақтап жүрген мұндай  кемеңгер мәмлегер Қабыштар кешегі ауыл  ақсақалы, сарытіс би, абыздардың сарқыты. Бұлар да ешкімнен қара бақыр  тілемей, жұртының жыртығын жамап тыныш ұйықтауын,  айы оңынан, жұлдызы соңынан  тууын тілеуге жаратылған жандар. Демек, бұлар да қазақ менталитетінен тараған шуақ.

Отбасының тыныштығын тілеп, шаңырақтың шаттығын, балаларының  алаңсыз ержетуін басты тілегі санаған ақылды ана ерінің еркіндігіне шектеу қоймай, адамгершілігі мен  азаматтық ар-ұятына тапсырған. Ілескүл  бөтен әйелмен қыдырып, үйіне түн ортасында оралған Мұқаға: «Жолыға бер. Мен сені кісендеп қоямын ба? Ақымақ әйел емес шығар, ақыр бастап сөйлескеннен кейін бәрібір аяғын да  білгің келіп тұрады ғой. Алты балаңды алтын әйелге де айырбастамассың деп  ойлаймын,  басқа не айтамын?» [47,304-б], - дейді жайбарақат. Міне, ұябасар, отбасының қамын жеген, балаларының тыныштығын ойлаған-бәріне де шыдаған көнпіс әйел ләмі.  Кеңкелеске кемел әйел енді не десін. Ілескүлдің төзімділігін шыңдап, жүйкесінде ойнауға кәнігіленген бөспе, ұркеппе, исалмас, адамгершілік қасиеттен жұрдай, балаларына жаны  ашымайтын еркексымақтың «фокусы» бұл. Б.Нұржекеев Мұқа сияқты шиеттей   бала-шағасын бағып-қағып, бір жағы қызмет істеп шаршап жүрген, ұяты,  аналық парызы опасыз байсымақпен айқасуға, әкелік, күйеуілік борышын талап етуге жібермегенін құптайтын да тәрізді. Ақ неке, әкелік парыз асыл жардың көңіліне күдік, балаларға азғын деген суық сөзді естітіп, түңілдіру, жиіркендіруден сақтандыруға тиіс. Нұржекеевтің сол ақын, аудандық газеттің  білдей редакторы Мұқасы аннан-мыннан жиналған ақын-жазушы, әнші-күйшілермен түннің  бір уағына дейін әркімнің  үйінде думан құрып, әйеліне қай уақыта келетініне ерін, қанша адаммен келетіндерін ескертпей, шиеттей бала-шағасы шырт ұйқыда жатқанда, тобымен өлеңдетіп-әндетіп сау ете қалатыны бар. Жалғызілікті әйеліне «жаны ашыған» ма, әлде ас-суды шапшаңырақ әзірлесін дегені ме  Мұқа келіншегіне  көмектеспек боп ас үйге енгенде Ілескүл оған: «Немене, астанадан келгендерге мәдениетті болып  көрінгің келіп тұр ма? Қазақтың өз мәдениеті бар: қатыны қазанның басында, байы қонақтардың қасында болады. Бар, маған көмегіңнің қажеті жоқ!» [47,307-б], - деп қуып жібереді. Қазақ менталитетінде жақсы әйел сырт көзге сырт сыр бермей, қонағын өліп-талып күтіп, еркегін қазан-аяққа араластырмай, сыншыл-меншіл көздердің сөзіне қалдырмай, қазақтың қонақ күтісі әйеліне қатыстылығын тағы да бір танытып, сыннан сүріндей өтеді.  Қызына  жазған бір хатында Мұқа шешесінің итжанды, беріктігі, күйеуіне кінә тақпайтын тектілігі, әйелге тән қызметке күйеуін араластырмайтын тәртіптілігі,  қонақжай, жайсаңдығын мақтан етеді: «Сүйген жандардың бір-біріне деген азғана ілтипаты бұрыннан орныққан сүйіспеншілікті қайта лаулатады. Шешеңнің шексіз сыйлап тұрғанын көріп мен де оны сыйлаймын. Сөйтіп ол мені сыйлау арқылы  өзін сыйлатады. Керек десең,  менің айтқаныма бағынып отырып,  сол арқылы мені бағындырады. Ел көрсе, Ілескүлдің  сыртқы келбетін, жүріс-тұрысын,  ептеп мінезін көреді, ал мен оның сыртына қоса ішкі жан дүниесін де көріп тұрам [47,315-б],- деп аса ризашылдық көңілін жайып салады. Әрине, жаныңды тындырып, ойыңнан шығатын, сені рахатқа бөлеп, өзі өліп-талатын  адал да асыл жардың  риясыз болмысына жанының есік-тересезін ашып тастап, ләззатқа бөлену де қажет шығар. Бірақ сол қызметті «кіріптар» адамның атқаруға тиісті үйреншікті шаруасы деп қарамай, жүрегі мен жүрегі қатар соғатын, оған шыбын жаның үзіліп тұратын жанашырлық сезімді ұмытпау керек. Бексұлтанның Мұқасы жарына төрт-бес  әйелі бар бай-батшаша қарайды екен. Куприннің «Махаббатың да, мен сізге айтайын, миллионның ішін де жекелеген біреулер ғана қол жеткізе  алатын өз шыңы бар» деуіне Мұқаны лайық санамайсыз. Шыңға шығу үшін сол шыңға шығаратыныңыздың биікке жетуіне баспалдақ бола білген жөн. Ілескүл – екінің  бірінің қолына қона бермейтін бақыт құсы. Ұлы Л.Толстой: «... цель обеда есть питание и цель  супружества – семья. Если цель обеда – питание тела, то тот, кто съест вдруг два обеда, достигнет, может быть, большего удоволствия, но не  достигнет цели,  ибо оба не переварятся желудком. Если цель брака есть семья,  то тот, кто захочет иметь много жен и мужей, можеть быть, получит много удовольствия, но ни в коем случае не будет имет семьи» [53,433-б], - деп артық ішкен тамақтың да бойға сіңе бермейтіні тәрізді, ер адамды да, жеңіл жүрісті ұнататын әйел баласын да ол  азғындық жолға жеткізгенімен, отбасында абұйырға жеткізбейтінін қатал  ескертеді. Мұқа жақсы - жаманның жетегіне жегіліп, жыртығын жамап, бас жарылса бөрік ішінде деп отбасын  Ілескүлдің бүтін ұстап отырғанын сезбейді. Жазушы Мұқаның аузына  еңбекті бағалай білетін естінің сөзін салғанымен, істеген ісі, басқамен  қарым-қатынасы, Ілескүлге әдейі кеудемсоқтықпен ітсейтін пасық амал-әрекеттері оның  топырағы шикі, адамшылығын арақ жеңіп кеткен, сыртын сылап ұстайтыны беделді қызметінен айырылып қалмауының амалындай қабылданады. Мұнан шығатын  қорытынды, Б.Нұржекеев Мұқа образын табиғи қалпында төбеден шоқыға, шоқыдан  шыңға көтеруде схематизмге, жасандылыққа бой алдырған. Ісі күмәнді, сөзі жалған дүбәралау адам боп көрінеді. Оны жуып-шайып, жоқы бардай, түймедейді  түйедей етіп  отырған Ілескүлдің парасаты. Ол кәдімгі қазақ менталитетін бойына мол сіңірген,  төңірегіне нұрын төгіп өткен Ұлпан, Айғаным, Зере, Ұлжан, сүйгенімен  кездесер шақты түсінде көріп, асықтығы жазылмас дертке ұшырататын Ақлимаға ұқсайтын әйел. Ал Мұқада қазақ менталитетін өркениеттендіріп тұрған Есенай, Құнанбай,  Игілік Еркебұланға тән ірі мінездер жоқ. Көргені көп болғанымен, тоқығаны  тапшы. Сондай-ақ, «Ерлі-зайыптылар» романына кіріспе сөз жазған ақын Р.Нұрпейісов: «Бізде, қазақта, әке-балаға, шеше қызына асыл арман, қымбат сырларын бұлай тұтас баяндап, хатқа жазып қалдыру болмаған үрдіс» [47,321-б], - деп тым асыра дәріптеген. Пенде өмірде қайда жүріп, не істемейді, өмір ағысы қайда апарып, қайда соқпайды – соның бәрі үлгі-өнеге деу; балаларға «қызық-шыжығыңызды», не есірген еркелердің ағат іздері,  сүйкімсіз қылығын әке-шешесіне, жалпы жұртқа тәлім аларлық татымды дүние есебінде қымсынбай ұсынуды  өзіміз көріпкелдік, озық үрдіс санамадық. «Мінсіз жігіт іздеген қыз, мінезді қыз іздеген жігіт, махаббатқа өртенген, құмарлыққа күйген» Ілескүлдің тәрбиесінен шыққан Зеріп, оның таңдап тапқан досы Нағима қылықтары, дүниеге, махаббатқа, төңірегіне, отбасына  көзқарастары өмір-өзеннен жүзіп  өтпек түгілі,  арықтан өте алмай тұншығып жатқанына  налисың. Студент келіншектер бармайтын жердегі тойсымаққа барып, шарапқа қызара –бөртіп, мезгілсіз  шақта болмай жолға шығып, өздеріндей еріккен жігіттердің қолына түседі. Алайда, әйелден айла артылған ба, солардың ісігін басуға сол айлаларын пайдаланбай, құтырғандарға «құтырып» жауап беріп,  көпе-көрнеу қара күштің  «құрбанына» айналады.  Өздері «сұрап алған» аурудан емделіп, жүйкелерін қалпына келтіріп, қайтіп мұндай тосын «бақытсыздыққа» тап болмау күллі өміріне сабақ етудің орнына, өзімен өзі, тып-тиыш қызметін атқарып алыста жүрген күйеулері Ақтан мен әскери қызметін атқарып жүрген Берікке еріккен келіншектер бастарынан өткен хикаясын айтып, «ұшпаққа» жетеді. Нәтижесінде, рухы берік Ахтан жүйке ауруына шалдығып, Берік араққа салынады, Нағимасын кешпей, ажырасып тынады. Осы да  адалдықтың үлгісі, білгендік, кісілік пе? Өмірдің тосқан тосын қасіретінен емделудің, басқаға «жұқтырмаудың» ұлттық менталитетте қандай «диагнозы» бар?.. Бексұлтан «болған» жайды кілкітіп жеңіл баяндап бергеннен гөрі тосын «күнәдан арылудың «Л.Толстой, Ф.Достаевский, Л.Леонов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Ж.Аймауытов ұсынған психологиялық, жоғары көркемдік компонентерін  іздестіре түссе нұр үстіне нұр болар еді.

  Бексұлтан Нұржекеев «Бір өкініш, бір үміт», «Күтумен өткен ғұмыр», «Ерлі-зайыптылар» романдарында «Отан-отбасынан басталады» демекші, бала тәрбиесі, болашақта  ел тізгінін қолына ұстайтын қаны да қазақ, жаны да қазақ, тілі, ділі,діні, ұстанған салты, дәстүрі, ұстанымы да қазақ, елім десе еңіреп тұратын қазақ менталитетін жүрегіне  сіңіргендерді ұлттық тәрбие бесігінен қалай ұшырып шығару  тұрғысында көп нәрсені пайымдауға  мүмкіндік жасаған. Романдар - негізінен орыстан өзге ұлттар өзінің ұлтын ұмытып, қайдан келіп, қайда тұрғанын сезбейтін деңгейге жетуін тоталитарлық жүйе идеологиясы басты саясатына айналдырған, ұлттық менталитет көздерін жою шаралары өлермендікпен насихатталып жатқан  шақтың жемісі. Бұл тұрғыда жазушыны құптамау,  қаламгерлік батылдығын елеп-ескермеу әділеттілікке жатпайды. Халықты қанша темір тордың ішінде ұстап, өзін өмірге әкелген ұлтын сүю, туған Отанын құрметтеуден, тілінен, ділінен, дінінен бездіру, ата-бабасынан келе жатқан ізгі, қуатты ұлттық менталитет көздерінен бас тарттырып, бағынышты құлына, мәңгүртіке, көзқаманға айналдыруға ол төзбейді. Ұлттық тәуелсіздікті талап етіп, ұлттық езгі мен қорлауға наразылық көрсетіп, ұлт-азаттық  қозғалысына намыс жетелеп шыққан жастарымыздың Желтоқсан оқиғасы – сол үстемдігін жүргізген  социалистік империя, орыс отаршылары тарапынан қатаң жазаланғаны тарихтан мәлім. Жазушы Б.Тілегенов қазақ ұлтының өкілін туған республикасын басқаруға рұқсат етпей, Москвадан жіберілген кезекті волонтëрі Г.В.Колбиннің жаны ауырмағанның қасында басы ауырмайтын іс-әрекетін: «Осының бәрі ұлтшылдыққа қарсы күресудегі ұранды желеу етіп, халықтық ғасырлар бойы қалыптасқан  дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұждандық ұғымдары мен үлгілерін қиратып, өзіндік  мәдениетінің түлеп өскен сан-салалы  бұтақтарын қырқып, ұлтының негізін шайқау еді. Мұндай саясат қолдаған жерде халықтық мұң-мұқтажын, ұлттық талабын  ескереміз, қолдаймыз дегеннің бәрі жалған сөз еді. Әйтпесе қан-жоса болып,  соққыға жығылған жасөспірім балаларға жаны ашып араша түспек пе еді. Тіпті ең  реакцияшыл керітартпа өкіметі бар  елдердің демонстрацияға қатысқан бірде-бір адамды өлім жазасына кескен емес. Ал біз екі жасты, екі бірдей азаматты  өлімге қидық»[31,323-б], -  деп «кемелденген социализмнің» тізгінін қолына берік ұстап отырған, отаршыл, шовинист орыс билігінің момын халқымыздың бар байлығын жұтып жатқаны аздай, ұлы Даласын ядролық жарылыстардың сынақ  алаңына айналдырғанын, ашса-алақанында, жұмса-жұдырығында ұстап отырған азып-тозған отар ел енді  ұлттық қыспақтан азат етуді қалағаны үшін көрсеткен қоқан-лоқысын осылайша  ашына ашық айыптайды. Ұлттық менталитет ұрпақ  бойына сіңіретін ұлттық сананы жойып,  үстемдік құрып отырған ұлттың мәдениетін, тілін, ділін, дінін зорлап міндеттеудің реакцияшыл мәнін сол «қайта құру» кезеңінде-ақ Ә.Нұрпейісов: «Ни одна культура, усвоенная взамен  националной, какой бы она богатый и сильной ни была, не заменит родной. Гладко обструганный «интернационалсит» с космополитической психологией как бы современ, как бы современен, как бы умен, как бы учен он ни казался  в этом смысле будет бесспорно, нищ духом»[54,2-б], -  деп ақ пен қараны ажыратып, ұлтты сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттен  басқаның дәрменсіздігін жоққа шығарады. Ұлттық менталитетті насихаттап ой  кеңітіп, өріс ашатын Б.Нұржекеевтің  «Бір өкініш, бір үміт», «Күтумен кешкен ғұмыр», «Ерлі-зайыптылар», Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар, «Мәңгі махаббат жыры» романдары барлық жағынан мінсіз туынды саналмағанымен, қазақтың  болмысын, иісін, қандай ұлт екенін сездіретін менталитетін танытып тұрған туындылар. Әрине, ұлттық сана, ұлттық менталитетті насихаттап, жас ұрпақ бойына ізгі қасиеттерімізді дарытуды көздеген жазушыға «білгірлік те, зерделі сергектік те, ұшқыр сезім, қырымдағыны қылт еткізбей басар қырағы көз», сәулелі көкірек, ұлттық намыс, бетінен қайтпайтын қайсарлық, терең білімдарлық қажет. Өйткені, ол отбасы  жайлы, жастардың тәрбие алған ортасы, қызмет істеп жүрген саласы, қоғамдық санасымен тыныстап жүрген өрісі жайлы туынды болғандықтан, әлеуметтік маңызын  теріске шығара алмаймыз. Томас Манн Л.Толстойдың отбасы, жеке адамдардың махаббат сезімін бейнелейтін «Анна Каренина» романы жайлы толғана келіп: «Я без колебанкий назвал «Анну Каренину» величайшим социальным романом во всей  мировой литературы»[55,264-б], - деп оны отбасылық, жеке адамдардың махаббаты деңгейінде  қалдырмай», әлем әдебиетіндегі ұлы әлеуметтік роман» санауы адамның тағдыры тұйыққа тіреліп, сол болат құрсаудан шыға алмай арпалысқан, бақытты болу жолында у араласқан уақытша ләззатқа басы айналып, күн ашықта жолынан адасқан иман жүзді жандардың тірлігі өкініш пен тәлкекке айналған  бейбақтардың тығырықтан шыға алмай зеңіп, қалған ғұмырын тәрік еткен шешімі-адамзаттық адамгершілік  ережемен үндесіп жататынымен мәнді, қуатты, мәңгілік. Біз ұлттық менталитет тұрғысынан талдап өткен Бексұлтан Нұржекеев романдарын да осы адамзаттық өріс  деңгейінде танып, көркемдік, тарихи маңызын бағалай  білгеніміз жөн.    

Информация о работе Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет