Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 22:20, лекция
1. Білім беру философиясы ғылым ретінде
2. Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде
3. Білім беру құндылық ретінде
4. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары
Ал принциптер – белгілі бір адамгершілік нормалардың мазмұнын ашады, моральдық санаға сәйкес талаптарды білдіреді. Олар адам іс-әрекетіне бағыт-бағдар береді және мінез-құлқының негізі болып табылады. Принциптер мораль құрылымының маңызды бөлігі, ол моральдың мәнін анықтайды.
Педагогикалық этиканың негізгі принциптері:
• Ізгілік принципі;
• Педагогикалық оптимизм;
• Педагогикалық ынтымақтастық және ұжымшылдық;
• Азаматтылық, патриотизм;
• Тұлғаға талап қоя алу және оны құрметтеу;
• Профессионализм, шығармашылық;
• Сөз бен істің бірлігі
Кәсіби мораль – бұл мұғалімнің кәсіби парызы, оның адамгершілік міндеттері.
Мұғалімнің педагогикалық еңбекке қатынасының өлшемедері төмендегілер негізінде анықталады:
а) өмірдің басты мазмұны ретінде;
б) өзінің қажеттіліктері мен қабілеттерін іске асыру құралы ретінде;
в) іс-әрекет ретінде
Кәсіби моральдық принциптер педагогикалық процестің дұрыс ұйымдастырлуына және жағымды қарым-қатынастың орнауына негіз болатын бастау ережелер болып табылады. Ол мұғалім еңбегін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды.
4.Педагогикалық этика мұғалімге педагогикалық ұжымдағы конфликтерді шешуге көмектеседі, моральдық конфликтерді шешу тәсілдерін үйретеді, олардың алдын-алу жолдарымен қаруландырады
Педагогикикалық этиканың категориялары:
• Кәсіби парыз;
• Педагогикалық әділеттілік;
• Кәсіби ар-ождан;
• Педагогикалық ар-намыс;
• Педагогикалық такт;
• Жауапкершілік;
• Абырой;
• Бедел
Парыз - әлеуметтік стаус талап ететін адамның адамгершілік міндеттерін білдіретін этикалық категория. Бедел – біреудің, не қоғамдық ұйымның жұртшылықтың, қалың бұқараның қабылдауын көрсететін этикалық түсінік. Қоғамды, ұйымдарды, не адамдарды беделсіз ұйымдастыру қиынға соғады.
Кәсіби парыз – қоғамның тұлғаға немесе белгілі бір мамандыққа қоятын талап, моральдық ережелер жиынтығы.
Әділеттілік – моральдық сана ұғымы.
Кәсіби ар-ождан – тұлғаның жеке басы және кәсіби намысы туралы ұғым.
Ар-намыс – қоршаған ортаның адамның құқықтарын мойындауы, оның еркіндігін, әрекеттерінің моральдық құндылығын түсінуі, құрметтеуі.
Жауапкершілік – тұлғаның негізгі сапаларының бірі, адамның басты адамгершілік сапаларымен байланысты және оларды бақылайды.
Абырой – адамының өзінің немесе басқалардың жетістіктерін жоғары бағалауын, жоғары моральдық құндылықтарға өзінің сәйкестілігін түсінуін білдіреді.
Бедел – тұлғаның немесе адамдар тобының айырмашылық ерекшеліктері, соның арқасында сенім және басқа адамдарға ықпал жасауы жүзеге асады.
Педагогикалық мәдениет
1. Педагогикалық мәдениеттің мәні
2. Педагогикалық мәдениеттің
а) Пед. мәдениеттің аксиологиялық компоненті
б) Пед. мәдениеттің технологиялық компоненті.
в) Пед .мәдениеттің эвристикалық компоненті.
г) Пед. мәдениеттің тұлғалық компоненті.
1. “Мәдениет” термині латын тілінің “cultura” сөзінен аударғанда жерді өңдеу дегенді білдіреді. Кейін бұл ұғым кең мағынада қолданыла бастады.
Мәдениет (арабша «қала», «қалалық», латынша «өңдеу, өсіру» деген мағынаны білдіреді) – белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі және т.б. түрінде түсіндіріледі. Мәдениеттің мақсаты адам бойында пікір айту, ойлау, пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімін дамыту.
Қазіргі уақытта мәдениет ұғымы белгілі бір тарихи кезеңнің, нақтылы қоғамдардың, халықтар мен ұлттардың материалдық және рухани даму деңгейін сипаттау үшін қолданылады. Сондай-ақ, мәдениет жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылықтар жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы болып табылады. Ол әр түрлі әлеуемттік құрылымдардың, топтардың, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес қалыптасады. Мәдениет адамдықтың өлшемі бола тұра, адаммен тікелей қарым-қатынаста өмір сүреді, себебі адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп, өзінің білімін, адамдық мәнін қалыптастырады.
Мәдениет халықтың мыңдаған жылдар бойы жинақтаған шығармашылық мұрасы, онда қоғам мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік-жігері мен тарихи зейін-есі, философиялық жүйелері мен рәміз таңбалық сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты – барлығы мәдениетпен біте қайнасқан.
Кең мағынада мәдениет дегеніміз қоғамның, шығармашылық күштердің және адам қабілеттерінің дамуының тарихи белгілі бір деңгейі, ол адам өмірінің және іс-әрекетін ұйымдастыру формасы мен типі түрінде, материалдық және рухани құндылықтар түрінде көрініс табады. Тар мағынада мәдениет дегеніміз бұл адамның рухани өмірінің бір саласы, ол кәсіби және басқа іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі. Мәдениеттің мәні өмірлік іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәсілдерімен анықталады.
Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда білім беру мен тәрбиелеудің рухани және материалдық құндылықтары кең тұрғыда көрініс табады, ол тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар ауысуы тарихи процесіне қызмет көрсету үшін қажетті шығармашылық педагогикалық іс-әрекет тәсілдері болып табылады. (Е.В.Бондаревская, С.В.Кульнеевич).
Мұғалімнің жалпы базалық мәдениеттінің мазмұнына жатады:
- ақыл-ой және дене еңбегі мәдениеті;
- өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік білім алу,
- өзін-өзі ұйымдастыру
- тұрмыс мәдениеті;
- қарым-қатынас және демалыс мәдениеті және т.б.
Педагогикалық мәдениет педагогикалық теорияларды және практиканы, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды, педагогикалық іс-әрекеттегі тұлғаның шығармашылық өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгеру тәсілдері ретінде қарастырылады. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті тұлғаның мәндік сипаттамасы ретінде жүйелі білім беру түрінде көрінеді.
2. Педагогикалық мәдениет күрделі жүйе болып табылады. Сондықтан әдебиеттерде педагогикалық мәдениеттің құрылымын әр түрлі сипаттайды. Мысалы, В.А.Мижериков педагогикалық мәдениет мұғалімнің гуманистілік ұстанымы, педагогикалық құзыреттілік және ойлау, кәсіби мінез-құлық мәдениеті, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, пәні бойынша білімдері мен әр түрлі әдістемелерді және технологияларды меңгеруі сияқты құрамдас бөліктерден құралады деп тұжырымдайды. Төмендегі сызбада педагогикалық мәдениеттің компоненттері көрсетілген:
Зерттеуші В.А.Мижериков бұл компоненттер күрделі әрі ауқымды дей келе, педагогикалық мәдениеттің компоненттерін былайша жүйелейді: аксиологоялық компонент, технологиялық, эвристикалық, тұлғалық компоненттер. Төмендегі сызбада педагогикалық мәдениеттің компоненттері көрсетілген.
2. А) Аксиологиялық компонент – педагогикалық еңбектің құндылықтарын меңгеру және қабылдаудан тұрады:
• Кәсіби педагогикалық білім мен дүниетаным;
• Педагогикалық ойлау және рефлексия;
• Педагогикалық такт және этика
Кәсіби педагогикалық білім - бұл мұғалімнің жоғары оқу орынында игеретін барлық білімдер жүйесі. Педагогикалық білімдер жүйесі арнайы, жалпы базалық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдерден құралады.
Педагогикалық мәдениеттің құрылымында дүниетанымдық компонент маңызды роль атқарады. Дүниетанымдық компонент педагогикалық тұжырымдарды қалыптастыру процесі мен нәтижесінен, мұғалімнің қызығушылықтары, құндылық-бағдары, ұстанымдарын анықтау процесінен тұрады.
Педагогикалық ойлау мәдениеті педагогикалық талдау және синтездеуді дамыту қабілеттерінен және ойлаудың сапаларын (сыни ойлау, дербестік, белсенділік, жылдамдық, байқағыштық, есте сақтау, шығармашылық елестету) құралады.
Педагогикалық рефлексия - бұл мұғалімнің өз іс-әрекетін талдауы, оны бағалауына негізделеді. Рефлексия латын тілінен аударғанда өткенге қайта оралу деген мағынаны білдіреді. Рефлексия - мұғалім іс-әрекетін қаншалықты табысты болғандығын анықтайды.
Педагогикалық такт – бұл мұғалім мен оқушы арасындағы адамгершілік қатынастар мақсатына сәйкес ұйымдастырылған мұғалімнің өзін-өзі ұстауы және оларға әсер етуі. Педагогикалық такт мұғалімнің адамгершілік мәдениетін көрсетеді.
Педагогикалық такт - кәсіби парыз бен жауапкершілік сезіміне негізделген мұғалімнің әріптестері, ата-аналары, балаларымен өзара қарым-қатынасы. Бұл мұғалімнің мінез-құлқының жекелеген фактілері емес, ол мұғалім стилі, мұнда оқушылар мұғалімнің жақсы қарым-қатынасына сенімді болады.
Педагогикалық этика - бұл мұғалімнің педагогикалық процесс барысында ұстанатын моральдық (адамгершілік) нормалары.
2. В) Технологиялық компонент қарым-қатынас мәдениеті барысында білім беру процесіне қатысушылардың өзара әсер ету тәсілдері мен жолдарынан, сөйлеуден, ақпараттық және білім беру технологияларын қолдана алудан құралады. Бұл компонент педагогикалық қабілеттердің барлығын саналы түрде дамыту барысында қалыптасады. Технологиялық компонент практикалық жұмыс барысында және арнайы, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен озат тәжірибені шығармашылық тұрғыдан меңгерудің барысында қалыптасады.
Технологиялық компоненттің құрамдас бөліктеріне жатады:
• Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, жоспарлау туралы білім, іскерліктер;
• Педагогикалық ойлау;
•Педагогикалық іскерліктер (гностикалық, перцептивті, конструктивті, жобалау, болжау, коммуникативті, ұйымдастырушылық);
•Педагогикалық техника;
•Педагогтың өзі-өзі реттеуі
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра алу, оны дұрыс жоспалай алу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
А.С.Макаренко педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің бірі педагогикалық техниканың маңызын жоғары бағалайды. Ол педагогикалық шеберлік негізі қарым-қатынас техникасын меңгеру қажеттілігін атап өтеді. Ол "Надо читать на человеческом лице, на лице ребенка, и это чтение может быть даже описано в специальном курсе. Мастерство учителя заключается в постановке голоса, в управлении своим лицом. Педагог должен быть в известной степени артистом, он не может не играть, не соединья с этой игрой любовь к детям, свою прекрасную личность",- деп жазады.
Технологиялық компоненттің бірі -педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті тыңдаушыны тыңдай алу, есту, сұрақ қоя алу, басқаларды түсіну, қарым-қатынас ситуациясына бағдарлана білу және көре білуден және қарым-қатынасқа түсуге деген қажеттіліктен құралады.
2.С) Педагогикалық мәдениеттің эвристикалық бөлігі мұғалімнің шығармашылығына негізделеді. Эвристикалық білім беру іс-әрекеті төмендегілермен сипатталады:
• Мұғалімнің тұлғалық білім беру потенциалы, жеке ерекшеліктері, мотивтері, мақсаттары негізінде жүзеге асады;
• Мұғалімнің іс-әрекетіне сәйкес жаңа білім беру өнімін жасап шығаруына әкеледі;
• Мұғалімнің іс-әрекетінде оны орындауға қажетті әдістер, құралдар және тағы басқа жағдайларды меңгеруіне байланысты субъективті қиындықтар мен мәселелерді шеше алуы.
Мұғалім еңбегінің ұйымдастырылуы мен мазмұны оның өз іс-әрекетіне деген шығармашылық қатынас деңгейі арқылы анықталады. Педагогтың іс-әрекетіндегі шығармашылық деңгей алдына қойған мақсаттарды шешудегі мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі арқылы анықталады.
Мұғалімінің шығармашылық мүмкіндігі жинақталған әлеуметтік тәжірибе, психологиялық-педагогикалық және пәндік білімдері, жаңа идеялар, дағды, іскерліктер арқылы анықталады.
Мұғалім шығармашылығы деп өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шеше алу процесін атауға болады. Шығармашылық педагогқа бастамашылдық, дербестік, ойлау, сезіну, танымға деген құштарлық сияқты қасиеттерді меңгеруді қажет етеді.
2. Д) Педагогикалық мәдениеттің тұлғалық компоненті педагогикалық іс-әрекетті орындаудағы педагогтың өзінің қажеттіліктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын іске асыру барысында көрінеді. Өзін-өзі іске асыру процесі өзін-өзі танудан, өзін-өзі бағалаудан құралады, олар мұғалім тұлғасының кәсіби-адамгершілік, интеллектуалдық потенциалын ашады. Тұлғалық компонент өзін-өзі ұстау, кәсіби этикет, сөйлеу мәдениеті, киіну мәдениеті және тағы сол сияқтылардан құралады. Мұғалім кәсіби этикетті сақтай отыра, белсенді түрде кәсіби қарым-қатынасқа түсу іскерліктерін де білуі тиіс. Мұғалімнің сырт келбеті мұғалім мамандығына сәйкес ұқыпты, әсем, көрікті болуыды талап етеді.
Тұлғалық мәдениеттің маңызды бөлігінің бірі - мұғалімнің жеке басының рухани мәдениеті. Мұғалім басқа бір адам тұлғасын сомдаушы болғандықтан өзінің жеке рухани мәдениеті бай, оқушылар оған қарап адамзат жинақтаған мол әлеуметтік тәжірибе мен мәдениетті меңгеруге құштарлануы керек. Сондықтан мұғалім сыртқы мәдениетті ғана емес өзінің ішкі рухани мәдениетін жетілдіруге көңіл аударуы керек.