Білім беру философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 22:20, лекция

Краткое описание

1. Білім беру философиясы ғылым ретінде
2. Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде
3. Білім беру құндылық ретінде
4. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

Прикрепленные файлы: 1 файл

7 Введение лекция.doc

— 514.00 Кб (Скачать документ)

Мұғалімнің тұлғалық мәдениеті педагогикалық оқу орнына түскен кезде ғана басталады деп ойлауға болмайды, ол отбасылық мәдениеттен, яғни балалық кезден бастау алып, өмір бойы жалғасатын үздіксіз процесс болып табылады. Мұғалім тек оқу орнында ғана емес, барлық қоғамдық ортада, тұрмыста өзін мәдениетті ұстай алуы керек. Оның мәдениеті жасанды болмауы қажет. Әсіресе, оның сөзі мен ісі әрқашан үйлесімділік тауып жатуы керек. Мұғалім үлгі-өнеге көрсететін тұлға болғандықтан оған қойылатын талаптар да жоғары.

 

 

Педагогикалық шеберлік

 

1.Педагогикалық шеберліктің мәні  мен маңызы.

2.Педагогикалық шеберліктің құрамдас  бөліктері.

3. Мұғалімінің креативті қабілеттерін  дамыту - кәсіби педагогикалық шеберлікті  қалыптастырудың негізі

4. Педагогикалық шеберлік және  мұғалім беделі

 

1.Педагогикалық шеберлік ұғымына қатысты педагогикада әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Бұл ұғымды әр педагогтар өздерінше қарастырады. Жаңа дәуір педагогы А.Дистервег педагогикалық шеберлікті шынайы оқыту, істі білу, өз ісін, және оқушыларды жақсы көру, педагогикалық қабілеттерден құралады деп тұжырымдайды.

Педагогикалық шеберлік – кәсіби педагогикалық іс-әрекетті өзіндік ұйымдастыруда жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттер кешені. (И.А.Зязюнь)

Педагогикалық шеберлік - қоғамның әлеуметтік мәдени құндылықтарын шығармашылық тұрғыда меңгерудегі жеке тұлғаның рухани-адамгершіліктік, интеллектуалдық дайындығын бейнелейтін және кәсіби іс-әрекетте білім, іскерлік, дағдыларды шығармашылық тұрғыда қолдана алудағы практикалық дайындығын қамтитын жеке тұлғалық қасиеттері. (И.П.Андриади)

А.И. Щербаков педагогикалық шеберлікті – ғылыми білім, іскерлік, дағдылардың, әдістемелік өнер және мұғалімнің  тұлғалық сапаларының синтезі деп көрсетеді.

А.И.Щербаков педагогикалық шеберліктің қалыптасуына тұлғаның өзінің толық мәнді қалыптасуы да әсер етеді деп көрсетеді. «Педагогикалық шеберліктің қалыптасуының алғышарты мен негіздері жалпы тұлғаның өзіндік қалыптасуы»,- деп жазып кетеді.

Н.В. Кузьмина шеберлік деп маманға ситуацияны сәтті зерттеуге мүмкіндік беретін кәсіби білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, осы ситуациядан шыға отырып, кәсіби міндеттерді құрастыруы, оларды ғылым мен өндіріс мақсаттарына сәйкес шеше алуы деп көрсетеді. Ол шеберліктің құрылымы кәсіби білім, іскерлік, дағыдалар және оларды меңгеруі деп анықтайды.

Ю.П.Азаров педагогикалық шеберлік негіздері балаларды тәрбиелеу заңдылықтарын білу деп көрсетеді. Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктері «сезімдер мен техниканың өзара әсерлесуі педагогтың тұлғаға образды эмоциянальды ықпалына әкеледі. Бұл біртұтастық – шеберліктің күші. Сезім мен техниканың арасындағы қашықтағы шекті жеңу шеберлікке жету жолы»,- деп пайымдайды.

В.А.Сластенин бірқатар кәсіби іскерліктердің жоғары деңгейлі дамуы шеберлікті береді дейді. «Теориялық білімдер және оларға негізделген іскерліктер – барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық шеберліктің объективті мазмұны және ең бастысы»,- дейді. Мұғалімнің шеберлігі  - педагогикалық процестің жоғары тиімділігін анықтайтын тұлғаның тұлғалық-іскерлік сапалары мен қасиеттерінің синтезі.

Н.Н.Тарасевич «Педагогикалық шеберліктің мәні  - кәсіби іс-әрекеттің жоғары деңгейіне қажетті мұғалімнің тұлғалық сапаларының кешені деп қарастырады. Педагогикалық шеберліктің құрылымы мұғалім тұлғасының педагогикалық бағыттылығы, кәсіби білімдер (педагогикалық шеберліктің қалыптасуының фундаменті), педагогикалық іс-әрекетке қажетті қабілеттер, педагогикалық техника.

В.Г.Куценко «Педагогикалық шеберлікті біртұтас әлеуметтік-психологиялық тұтастық ретінде қарастырады, ол белгілі бір, өзара байланысқан және өзара мәндескен компонентерден тұрады, өз кезегінде ол жүйенің арнайы құрамадас бөлігі».

Педагогикалық шеберліктің мәні – әлеуметтік-психологиялық тұтастық, яғни ол педагог тұлғасына қатысты.

Педагогикалық шеберліктің құрылымы  психологиялық –этикалық эрудиция, тұлғаға қажетті сапалар жатады.

Педагогикалық шеберлік кәсіби іс-әрекетті ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тұлға сапаларының кешені. (Н.А.Морева). Педагогикалық шеберлік  оқытушының кәсіби бағыттылығына тікелей тәуелді кәсіби іс-әрекеттердің жиынтығынан құралады. Педагогикалық шеберлік мұғалім тұлғасының белгілі бір сапаларының жиынтығы, олар мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығының жоғары деңгейімен, әр түрлі педагогикалық ситуацияларда жылдам шешім таба алуына негізделеді.

Педагогикалық шеберлік негіздері – педагогикалық техника. Педагогикалық шеберлікті «мақсаттар ағашы» ретінде қарастыруға болады, олардың әрбіреуін шешу (мақсаттарды) жиынтығы педагог өнерін дамытады.

Педагогикалық шеберлік  педагогтың кәсіби іс-әрекетінде байқалады. Педагогикалық шеберлік – ол қозғалыстағы жүйе, себебі онда қоғамдағы жеке тұлғаның объективті және субъективті жағдайлары жеке тұлғаның ерекшеліктері бейнеленеді.

Педагогикалық шеберлік негізі бұл адамның жеке басының таланты мен осы талантты дамытуға бағытталған қажырлы еңбегі болып табылады. Әрбір маман шебер болып туа бермейді, бірақ еңбектену барысында шебер болуға болады. Мұғалім мамандығының басты ерекшелігі оның үнемі үлгі-өнге бола білуінде. Сондықтан нағыз мұғалім болуы үшін үнемі шеберлікке ұмытылып отыру керек. Шебер мұғалім атанудың алғашқы қадамы -жоғары оқу орынында басталады, студент өзінің пәнін жетік білуі керек, яғни теориялық материалды терең меңгеруге және оны нақты практикада орындай алуға дағдылануы қажет.   

 

2. Педагогикалық шеберлік неге негізделеді, оның компоненттері қандай?- деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерінің бірі білім, іскерлік, дағдылар – олар өз кезегінде шеберліктің негіздері болады.

Білім, іскерлік, дағдылардың кәсіби-педагогикалық мазмұнының құрамдас бөліктері:

1. Кәсіби педагогикалық білім

2. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру тәжірибесі;

3. Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық тәжірибесі.

4. Педагогтың қалыптасқан тұлғалық сапаларының болуы.

Көріп отырғанымыздай педагогикалық шеберлікті зерттеушілер арасында ортақ пікірдің жоқтығын байқауға болады. Бір авторлар - педагог тұлғасының сапалық ерекшеліктері десе, екіншілері -  білім, іскерлік, дағдылар, үшіншілері – сапалық ерекшеліктер мен білім, іскерлік, дағдылардың жиынтығы, төртіншілері – тұлға сапалары мен кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыру деңгейі деп қарастырады.  

 

Келесі бір авторлар педагогикалық шеберліктің құрылымы төмендегідей компоненттерден құралады деп көрсетеді:


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Гуманистілік бағыттылық – қызығушылығы, құныдылықтар жүйесі, идеалы;

- Кәсіби білім – педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, арнайы, жалпы базалық білімідері;

- Педагогикалық қабілеттер – коммуникативті, перцептивті, эмоциональды тұрақтылық, жоспарлау, жабалау, креативті, аналитикалық және т.б. іскерліктер

- Педагогикалық техника – мұғалімнің өзін-өзі басқара алу іскерлігі (жест, мимка, понтолмимика, поза т.б.) және өзара әрекеттесу іскерлігі (педагогикалық қарым-қатынас орната алуы, кері байланысқа түсе алуы т.б.).  
 

Педагогикалық қабілеттер:

- Конструктивті қабілет – оқу-тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру, оқу-тәрбие жұмыстарының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, терең ойлап, педагогтік тапқырлықты таныту қабілеті.

- Перцептивті қабілет – оқушының ішкі жан-дүниесін тани білуі. Қабілетті ұстаз өз оқушыларының көңіл-күйлерінде болатын өзгерістерді бірден байқап, соған сәйкесінше іс-әрекет бағытын өзгертіп отырады.

- Дидактикалық қабілет – оқушыға оқу материалын түсінікті етіп жеткізе білу, олардың білім дәрежесін, іскерлігі мен дағды дәрежесін дұрыс анықтай білу, пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамыту, өз пәнін жақсы білуі.

-  Комуникативті қабілет – бұл мұғалімнің педагогикалық процесс барысында қарым-қатынас жасай алу қабілеті.

- Ұйымдастырушылық қабілет – оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білу, оқу-тәрбие міндеттерін орындауға байланысты оқушыларға бағыт беріп, олардың өзін-өзі басқару ісіне басшылық жасау, ата-аналар мен жұртшылықты оқушыларға педагогтік ықпал жасау құралына айналдыру және т.с.с. іс-әрекеттерді қамтиды.  

- Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына тікелей қатысы жоқ түрлі спорт түрлерімен, көркем өнер, бейнелеу өнері және өнермен айналасып, оған оқушыларды қызықтыра білуін қамтитын қабілеттер кешені. 

 

3.Ұстаз беделі педагогикалық процесс барысында маңызды орын алатын фактор. Бедел – біреудің, не қоғамдық ұйымның ықпалын жұртшылықтың, қалың бұқараның қабылдауын көрсететін этикалық ұғым. Беделді мұғалімді бір жағынан шебер мұғалім деп те айтуға болады. Бедел мінез арқылы байқалады. Мінез – адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндік әрекетінің артықшылығын сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Ұстаздың беделі көптеген іс-әрекеті, мінез-құлқы, білімділік қасиеттерден байқалады:

А) адамгершілік, қайырымдылық, рақымдылық және т.б. қасиеттердің болуы;

Б) рухани байлық, азаматтық сенім, ашық-жарқын мінез.

С) ұстаздың интеллектісі дамыған, білімді, жан-жақты болуы, өмірде болып жатқан жаңалықтарды талдай білуі, өз ойын, көзқарасын шәкірттерге жеткізе білуі және т.б.

Ұстаз беделі, абыройы шәкірттерге бірнеше қырынан көрінуі мүмкін: ұйымдастырушылық, кеңесші, бақылаушы, ақылшы, сырлас, талап ете білетін, басшы, қолдаушы, демеуші және т.б.

 

 

Сынып жетекшісі және оның атқаратын қызметтері

 

1. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің  мәні.

2. Сынып жетекшісінің атқаратын  қызметтері

3. Сынып жетекшісінің құқықтары мен міндеттері

4.  Сынып жетекшісі іс-әрекетінің жұмыс мазмұны.

5. Сынып жетекшісінің балалар ұжымын қалыптастырудағы іс-әрекеті

 

 

 

1. Сынып жетекшісі - бұл өзіне тапсырылған сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы мұғалім, мектептің сыныптағы әкімшілік өкілі.

Сынып жетекшісі институты ертеде білім беру мекемелері қалыптасқанда пайда болды. Кеңес үкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде тәрбие жұмысын арнайы ұйымдастыратын мұғалімдер болмады. Ол тек ХІХ ғасырдың 70-жылдары пайда болды. Дегенмен, тәрбие ісімен кәсіби айналысушылар ертеректе пайда болған, мысалы ақсүйектер отбасында күтушілер, кейіннен гувернанткалар болды.

1804 жылы “Университеттік мекемелердің”  Жарғысына сәйкес тәрбиелеу ісі  үйретуші-ұстаздарға (ерлер гимназиясында) және ханымдарға (қыздар гимназиясы) тапсырылды. 1871 жылғы “Гимназиядағы сынып тәрбиесі” Жарғысы бойынша сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде бекітілді. Міндеттері: тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау, мектептің іс-қағаздарын жүргізу, оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу.

1917 жылға дейін оларды сынып  наставниктері, сынып ханымдары деп атап келді. Олардың құқықтары мен міндеттері білім беру мекемесінің Жарғысымен анықталды.

Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңінде сынып жетекшісі қызметі болмады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру барлық пән мұғалімдеріне жүктелді. Оларды топ жетекшілері деп атады.

1928 жылы жалпы мектептік өзін-өзі  басқару ұйымдарының ықпалын  жоғарлатуға байланысты сынып  жетекшілік қызметі жойылды. Бірақ  ол күткен нәтижені бермеді. 1930-жылдары  сынып сабақ жүйесі енгізілуіне  байланысты топ жетекшілерінің  жағдайы өзгерді.

1934 жылы 28 маусымда РСФСР Халық  ағарту Комиссариатының “КСРО–дағы  бастауыш және орта мектеп  құрылымы туралы” жарлығына сәйкес  сынып жетекшісі қызметі енгізілді.

1947 жылы тәрбие жұмыстары туралы  жаңа ереже қабылданып, оны тағайындаудың тәртібі белгіленіп, қызметі нақтыланды.

Сынып жетекшісі қызметі мектеп мұғалімдерінің біріне жүктелді, ол сыныптағы тәрбие жұмысына жауап берді. Бұл қызметке мектептегі ең жақсы мұғалімдер таңдап алынып, оны мектеп директоры тағайындады.

1971 жылы “Сынып жетекшісі ережесі” қабылданды. Құжатта сынып жетекшісінің құқықтары мен міндеттері, қызметтері сипатталды.

Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінің жаңа типтерінің  (гиназия, лицейлер) пайда болуына және әлеуметтік өмірдегі реформаларға  байланысты сынып жетекшілік институтында  өзгерістер болуда.  

 

Қазіргі заманғы сынып жетекшісі типтері: 

 

•  Пән мұғалімдері сынып жетекшісі қызметін бірге атқарады;

•  Аздаған оқу жүктемесі бар сынып жетекшілер;

•  Тек қана тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;

•  Сынып тәрбиешісі;

•  Сынып кураторы (латын тілінен аударғанда попечитель), тьюторлары (латын тілінінен аударғанда қорғаушы)

Қазіргі уақытта сынып жетекшісі әр бағытта оқушылардың әрекетін ұйымдасытырады, әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасайды, сыныпта туындаған мәселелерді шешуге балаға көмектеседі.

Сынып жекетшісінің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамдық белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал жасау.  

 

Бүгінгі күнгі сынып жетекшісі кім?

•  Жалпы адамзаттық мәдениетті меңгертетін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

•  Сынып ұжымының алуан түрлі шаралар барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынастың қалыптасуын ұйымдастырушы;

•  Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне түзетулер жасаушы;

Информация о работе Білім беру философиясы