Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 22:20, лекция
1. Білім беру философиясы ғылым ретінде
2. Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде
3. Білім беру құндылық ретінде
4. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары
Семинар - оқыған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатымен жүргізілетін оқыту формасы.
СОӨЖ - бұл студенттің мұғалімнің басшылығыментапсырмаларды өз бетімен орындайтын оқыту формасы. СОӨЖ сабақтары сабақтың ерекшелігіне байланысты әр түрлі формада өтуі мүмкін.
3. Мұғалім қызметінің бір ерекшелігі - ол үнемі өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуы. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі, яғни өзінің кәсіби сапаларын, іскерліктерін, дағдыларын жетілдіріп отыруы керек. Педагогика ғылымының негізін салушы Я.А. Коменский "Күн астында мұғалімнен жоғары тұрған ешкім жоқ",- деп мұғалім мамндығының маңыздылығын көрсеткен.
Мұғалім өзін-өзі әрқашан дамытқан жағдайда ғана нағыз мұғалім бола алады. Көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап өткен. Белгілі швейцар педагогы А. Дистервег Мұғалім үшін қастерлі міндет өзінің жек басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыру деп көрсеткен". Көренекті кеңес педагогы А.С. Макаренко өз шеберлігін жетілідудегі тәжірибесіне сүйне отырып, былай деп жазған: " ... Менің педагогикалық талантым болған емес және де педагогикаға еш әуестенбестен кездейсоқ келдім... Бірақ мен үйрендім. Мен өз ісімнің шебері болуыға тырыстым. Ал әркім-ақ өз ісінің шебері бола алады, ол үшін оған көмектесу керек, ол өзі де жұмыс істеуге ынталы болуы керек". Бұл пікірлерден педагогикалық қабілетті қалыптастыруғаболатынын байқаймыз. Ол мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуінен басталады.
Белгілі Ресей педагогы К.Д.Ушинксий (презентация) өзін-өзі тәрбиелеуді былайша жүзеге асырған:
"1. Барынша сабырлық, ең болмағанда сырттай байсалдылық.
2. Сөз бен істегі турашылық.
3. Әрекеттегі болашақты
4. Батылдық.
5. Ешбір қажетсіз өзі туралы сөз айтпау.
6. Уақытты босқа өткізбеу, кез-келген істі емес, өзі қалаған істі атқару.
7. Өз қылығыңа әр кеш сайын әділ есеп беру.
8. Болғанына да, барына да, болатынына да мақтанбау".
Мұғалім үнемі өзін-өзі тәрбиелеумен, дамытумен айналысуы керек, себебі ол бала алдында үнемі үлгі-өнеге көрсететін тұлға.
Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші – мақсаттар мен мотивтер арасындағы қарама-қайшылықтар. Қарама-қайшылықтарды жеңуге деген мұғалімнің қажеттілігі туындауы қажет, Сондай жағдайда ғана мұғалім өзін-өзі тәрбиелейді. Төмендегі сызбада өзін-өзі тәрбиелеудің іске асу түрі көрсетілген.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу
Мақсаттар мен мотивтер арасындағы қарама-қайшылық
Жеке белсенділік көзі
Әрекеттер жүйесі
Кәсіби идеал
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі мақсаттар мен мотивтер арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы басталады. қарам-қайшылықтарды жеңу үшін мұғалім белсенділік танытуы қажет, белсенділік қарама-қайшылықтарды жеңетін іс-әрекеттер жүйесін таңдап алу арқылы іске асады. Мұғалім өзінің іс-әрекетін кәсіби идеалмен салыстыра отырып, өзін-өзі тәрбиелейді.
Өзін-өзі тәрбиелеу өз еркі мен мінезін тәрбиелеуден басталады. Өз еркін тәрбиелеу - өзін ұстай білу, жақсы көңіл-күйде бола білу, өзіне-өзі бұйрық беру, өзін-өзі иландыруды пайдалану, дербес күн тәртібін орындауы іс-әрекеттерінен құралады.
Педагогикалық қарым-қатынас
1. Педагогикалық қарым-қатынас ұғымы және оның мәні.
2. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері
3. Пед. қарым-қатынас құралдары
4. Педагогикалық техниканың мәні
5. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
1. Қарым-қатынас ұғымы пәнаралық ғылыми категория. Бұл ұғымды философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдар қарастырады. ХХ ғасырдың 60-жылдардың соңында әлеуметтік және педагогикалық психология ғылымдарының тоғысында “педагогикалық қарым-қатынас” ұғымы пайда болды.
ХХ ғасырдың 70-жылдары Т.Н. Мальковский қарым-қатынастың коммуникативті аспектісін, А.В.Мудрик мектептің өзара әрекеттесуі мен тәрбиелеуші әсерлерін, В.В. Течет ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеді.
ХХ ғасырдың 80-жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық қарым-қатынасты ғылымның жаңа саласы деп көрсетті. Педагогикалық қарым-қатынас “педагогикалық шеберлік” пәнінің аясында оқытылды.
Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелеуші әсер жасау,коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты орнатуға бағытталады.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің әлеуметттік нормативті формасы.
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру құралы қызметін атқарады.
Қарым-қатынастың құрылым үш бөліктен құралады: қарым-қатынастың коммуникативті жағы, интерактивті жағы, перцептивті жағы. Коммуникативті жағы қарым-қатынасқа түсушілер арасында ақпарат алмасу қызметін атқарады. Ал интерактивті жағы қарым-қатынасқа түсішлер арасында бірлескен өзара әрекетесу тән. Перцепциялық жағы қарым-қатынасқа түсушілердің өзара қабылдауын, түсінуін, бағалауын қамтамасыз етеді. Қарым-қатынастың барлық құрамадас бөліктері өзара байланысты, біртұтасықта жүзеге асады. Тиімді ақпарат алмасу бұл сәттілікке жетейтін бастау. Дұрыс әрі нақты өз ойын жеткізе білу, тыңдай білу – бұл қарым-қатынастың коммуникативті жағының құрамдас бөліктерінен тұрады.
Қарым қатынас барысында педагогтың оқушыны тыңдай білуі де маңызды роль атқарады. Тыңдау әдістері екіге бөлінеді: рефлексивті және рефлексивті емес. Рефлексивті емес тыңдау әріптестің сөзіне аз араласуды, оны зейін қойып тыңдауды қажет етеді.
Рефлексивті тыңдау бірнеше тәсілдерден құралады: анықтау, сезімді білдіру, резюмелеу (түйіндеу), қайта өзгертіп айту.
Мұғалімнің қарым-қатынасының кәсібилігі қарым-қатынас кезінде кездесетін қиындықтарды жеңіп, оқушыларға сенімділік ұялатып, тең қарым-қатынас орната алуымен сипатталады. Мұғалім үшін қарым-қатынастың тиімділігі – тәртіпті сақтап тұру емес, олардың ойлауын ынталандыру, ізденімпаздығын арттыру болып табыалды.
Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер:
- Ақпаратты беру іскерлігі;
- Оқушы жағдайын түсіну;
- Балалармен өзара қарым-қатынас орнату;
- Қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;
- Өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.
Қарым-қатынастың кезеңдері:
1. Болашақта болатын қарым-
2. Қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы кезеңі) – “коммуникативті шабуыл”
3. Педагогикалық процесте қарым-
4. Өткен қарым-қатынасты талдау
және келесі педагогикалық
1. Қарым-қатынасты модельдеу кезеңі барысында жүзеге асады:
- тақырыпқа қатысты материал сұрыпталып, сабақтығ мақсаты мен міндеттерді анықтайды;
- Өзара әрекеттесудің коммуникативті құрылымы жоспарланады;
- Педагогикалық міндеттер коммуникативті міндеттерге ауыстырылады.
2. Қарым-қатынасты ұйымдастыру - "коммуникативті шабуыл" кезеңінде жүзеге асады:
- сыныппен бастапқа байланысты ұйымдастыру;
- сыныптағы әлеуемттік-
- сыныппен тұтастай байланыс жасауды ұйымдастыру;
- өзара әрекеттің сөздік және
жазбаша құралдарын жүзеге асыр
3. Педагогикалық қарым-қатынасты басқару кезеңінде:
- коммуникативті міндеттер
- оқушылардың зейіндерін
- қарым-қатынас жасап отырған
оқушылардың мінездеріндегі
Педагогикалық тәжірибені талдай отыра тәрбие және оқыту міндеттерін шешуде туындайтын қиындықтар қарым-қатынасты дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді.
4. Өткен қарым-қатынасты
талдау және келесі
- қарым-қатынастың басым және
осал жақтарын айқындау, кеткен
кемшіліктердің себептерін
- өз іс-әрекетін талдау, оқушылардың
әрекетіне қаншалықты
- болашақтағы қарым-қатынасты
Педагогикалық қарым-қатынас барысында кездесетін қиындықтар:
- Байланыс орната алмау:
- Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;
- Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;
- Оқушының ішкі психологиялы қ позициясын түсінбеу;
- Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас коммуникативті міндеттер түрінде жүзеге асады. Коммуникатвті міндеттер дегеніміз бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер. А.А.Леонтьев коммуникативті міндетті проблемалық ситуацияларды бағыттау нәижесі деп анықтап, оның мақсаты серіктеске әсер ету дейді.
Коммуникативті міндеттерді атқару төмендегі мақсаттарды көздейді:
- Оқушыларға ақпарат беру;
- Оқушыларға әсер ету; әрекетке ынталандыру.
Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері:
1) қарым-қатынас жағдайына
2) зейінді аудару;
3) объектінің “жанын жаулау”;
4) вербальды қарым-қатынас орнату;
5) эмоциональды және мазмұнды кері байланысты ұйымдастыру
Педагогикалық қарым-қатынастың түрлері де сана алуан. Педагогикалық қарым-қатынастың мынадай түрлері болады (Сызба 9 ):
Сызба 9. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері
Қарым-қатынас тиімді орнауы үшін оның құрылымына талдау жасаған дұрыс. Сызба 10. педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы көрсетілген. Қарым-қатынас коммуникативті, интерактивті, перцептивті құрылымдардан тұрады. Коммуникативті жағы бұл қарым-қатынасқа түсушілермен байланыс орнату іс-әрекеті, яғни оқушылармен алғашқы байланыс орнап, олармен қарым-қатынас жасалады. Интерактивті жағы қарым-қатынасқа түсушілермен кері байланыстың орнауы, олардың өзара әрекеттестік жасауымен сипатталады. Перцептивті жағы бұл қарым-қатынасқа түсушілерді қабылдауы, оларды түсіну, олардың орнына өзін қоя білу іс-әрекетімен сипатталады. мұғалім қарым-қатынаста тиімді болуы үшін осы аталған құрылымдардың толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
Сызба 10. Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы (Г.М.Андреева бойынша)
Педагогикалық қарым-қатынас бірнеше функция атқарады: білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Әдебиеттерде әлеуемттік, психологиялық және инструментальды функциялары да көрсетілген.
2. Педагогикалық қарым-қатынас стилі дегеніміз – педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жеке типологиялық ерекшеліктерін білдіретін қарым-қатынастың сыртқы көрінісі. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, педагог пен оқушы арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастың сипатын, педагогтың шығармашылық ерекшелігін, оқушылардың ерекшелігін көрсетеді.
Қарым-қатынас стилі педагог пен оқушылардың әлеуметтік -психологиялық өзара әрекетіндегі дербес-психологиялық ерекшеліктер.
Қарым-қатынас стилінде мынадай көріністер байқалады:
а) мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктері;
ә) педагог пен пен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасындағы жеткен деңгей;
б) педагогтың шығармашылық дербестігі;
д) оқушылар ұжымының ерекшеліктері.
Әдебиеттерде педагогикалық қарым-қатынастың төмендегідей стильдері жиі аталады:
- Авторитарлы стиль (Өктемшілдік стилі);
- Либералды стиль (Немқұрайлық стиль);
- Демократиялық стиль (Ынтымақтастық стиль).