Білім беру философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 22:20, лекция

Краткое описание

1. Білім беру философиясы ғылым ретінде
2. Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде
3. Білім беру құндылық ретінде
4. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

Прикрепленные файлы: 1 файл

7 Введение лекция.doc

— 514.00 Кб (Скачать документ)

Авторитарлы  қарым-қатынас стилінде  педагог сынып ұжымына қатысты барлық шешімдерді өз қабылдайды. Ол өз ұстанымдарына сәйкес өзара әрекеттесудің мақсаттарын анықтайды. Авторитарлы стильде дидакт және қорғау такикасы қолданылады. Оқушылардың бастамасы құпталмайды. Сыныптағы жағымсыз әлеуметтік-психологиялық климат орнайды. Оқушы тұлғасын, оның өзіндік ұстанымын, көзқарасын, пікірлерін қалыптастыруға көңіл аударылмайды. Оқушы сабақты қарапайым тілмен айтқанда мұғалімнен қорыққаннан, яғни мұғалімнің талап етуінен соң оқиды. Көбіне жаттанды білім қалыптасады. Сыныпта тәртіп орнап, барлығы сабаққа дайындықпен келеді. Сырттай қарағанда бұл сыныпта барлығы жақсы сияқты көрінеді.  Бірақ бұл стильдегі қарым-қатынас көп қолданылған жағдайда оқушылар өмірге дайын емес, өзіндік бастама төмен, қорғансыз болып тәрбиеленеді деп жазады зерттеушілер.

Немқұрмайлық қарым-қатынас стилінде – педагог іс-әрекетке минимальды түрде араласады, өзінен нәтиже үшін жауапкершілікті алып тастауға тырысады. Педагог өзінің міндетін формальды түрде орындайды,  араласпау такикасын қолданады. Нәтижесінде педагог оқушылардың іс-әрекетін, олардың тұлғалық дамуына бақылау жасалмайды. Оқушылар мен педагог арасында дистанциялы қарым-қатынас орнайды.

Демократиялық қарым-қатынас стилінде – педагог өзара қарым-қатынаста оқушылардың субъективті ролін арттыруға тырысады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі - өзара қабылдау, өзара бағдарлану. Педагог пен оқушылар туындаған мәселелерді шешуде ортақ шешімге келіп, ынтымақтастық орнайды. Мұғалім оқушыларды шығармашылыққа ынталандырып, өзін-өзі дамытуға жағдай жасайды.

Әдебиеттерде педагогикалық қарым-қатынас стильдерінің басқа да түрлері де кездеседі. Мысалы, В.А.Кан-Калик қарым-қатынастың мынадай стильдерін көрсетеді:

- Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке  негізделген қарым-қатынас стилі;

- Достық қарым-қатынасқа негізделген қарым-қатынас стилі;

- Дистанциялық стиль;

- Қорқыту стилі;

- Әзіл-қалжыңға негізделген стиль.

Ал олардың мазмұнымен төмендегі әдебиетті оқу арқылы таныса аласыз.

Педагогикалық практикада аталған стильдер таза күйінде кездеспейді, яғни үнемі бір мұғалім бір ғана стиль түрін қолдануы мүмкін емес. Қарым-қатынас стильдері педагогикалық жағдайларға, сынып ұжымының жеке ерекшеліктері, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, сыныптың дайындығы, танымдық қабылдауы, олардың темпераменті мен мінез-құлықтары, мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктері, шеберлігі, тәжірибесіне байланысты ауысып өзгеріп отырады. Аталған стильдердің біреуі мұғалім қарым-қатынасында негізгі болуы мүмкін, бірақ ол педагогикалық ситуацияларға сай ауысып отырады. 

 

4. Педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы. (А.П.Черняевская)

Педагогикалық техника - мұғалімнің өзін-өзі басқара алу іскерліктері мен өзара әрекеттесу іскерліктерінің жиынтығы

Мұғалім шеберлігін зерттеу барысында әр түрлі практикалық міндеттерді шешуде педагогикалық өзара әсер ету тәсілдерінің алар орны ерекше екенін байқалады. Мұғалімнің өзара әсер ету тәсілдерін педагогикада педагогикалық техника қарастырады. Мұғалім өзіне әрқашанда оушыларды белсенді танымдық жұмысқа жұмылдыра алу іскерлігін, ұжыммен, жекелеген оқушымен жұмыс жасай алу іскерліктерін, өз көңіл-күйін, мимикасын, дауысын, қозғалысын басқар алу іскерліктерін меңгере алу іскерліктерін меңгере алу қажет.

Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:

1) Өзін-өзі басқару іскерліктері;

2) Ұжыммен жеке тұлғамен өзара  әрекеттесу іскерліктері.

1) Өзін-өзі басқару іскерліктері  құралады:

- өз денесін басқара алу (физикалық  денсаулық, мимика, понтомимиканы бақылай  алу, төзімділік )

- эмоциональды жағдайын басқара  алу (жағымды эмоциональды көңіл-күй, эмоцияларды білдіре алу т.б.);

- әлеуметтік перцепцтивті қабілеттер (зейін, әлеуметтік сезімталдық –  басқалардың көңіл-күйін сезіне  алу және олардың себептерін  білу және қабылдау); 

- сөйлеу техникасы (дауысты қою, дем алу, сөйлеу темпі мен тембірін басқара алу, дикция)

2) Ұжыммен және жеке  тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері  құралады: 

- дидактикалық іскерліктер; 

- ұйымдастырушылық іскерліктер; 

- коммуникативті іскерліктер; 

- талап қою іскерліктері; 

- бағалау іскерліктері; 

- конструктивті іскерліктері; 

- педагогикалық қарым-қатынасты  басқару іскерліктері

Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді. Дене қозғалыстарына жест, поза, понтомимика, мимика және т.б. жатады.

Понтомимика –дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін бөліп көрсетеді және бейне жасайды.

Жест – қол сермеуі, ол бейнелеуші және психологиялық жесттер болып бөлінеді.

Бейнелеуші жестер – ойдың барысын бейнелейді, иллюстрациялайды. Мұғалімнің сабақ барысында қол қозғалысымен әр түрлі  бейнелерді жасауы.

Психологиялық жестер – сезімді білдіреді. Мысалы, құптау, ишара білдіру, келіспеу және т.б. білдіретін жестер. Мұғалімнің қарым-қатынасы барысында бейнелеуші жестерден қарағанда псхологиялық жестер көбірек болуы тиіс. Олар берілетін ақпараттың мәнділігіне, ұғынықтылығына әсер етеді. Жест әрқашанда өз орынымен, белгілі бір нормадан шықпауы керек. Қарым-қатынасқа түскенде тым көп қол сермеуді қолдану оқушы зейінінің ауытқуына әкеліп соқтырады және де эстетикалық жағынан да әдемі болып көрінбейді.

Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын беттің бұлшықет қозғалысымен білдіре алу өнері. Мұғалімнің бет әлпеті тек мимикаларды білдіріп қана қоймай, сонымен бірге оларды жасыра да алуы керек.

Жест және мимика ақпараттың эмоциональды мәнін арттырып, оның жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды.

Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы ашықтық, нақтылық. 

 

5. Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасының тиіміді болуы мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне де байланысты. Мұғалімнің кәсіби қарым-қатынасына әсер ететін екі бөлікті байқауға болады:

- біріншіден, бұл жалпы қарым-қатынас  принциптері - ол қоғам дамуы барысында  қалыптасқан қағидалар, яғни ғасырлар  бойы мұғалімнің педагогикалық  іс-әрекетіндегі оқыту мен тәрбие  мақсаттарын жүзеге асыратын  құндылықтар;

- екіншіден, бұл қарым-қатынастың жекелеген принциптері - мұғалімнің өзіндік қарым-қатынас стилі - өзі қолданатын өзінің қабілеттері мен іскерліктері, білімі негізінде оқыту мен тәрбиелеудің нақты жағдайлары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын нақты тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Мұғалімнің іс-әрекеті барысында аталған бөліктерінің біреуінің болмауы мұғалімнің кәсібилігі мен кәсіби  қарым-қатынас мәдениеті деңгейінің жеткіліксізідігін көрсетеді.

Мұғалімнің кәсіби қарым-қатынас мәдениеті - педагогикалық іс-әрекетте нақты міндеттерді жүзеге асырудағы мұғалімнің әлеуметтік маңызды қабілеттерінің, басқа адамдармен өзара қарым-қатынасқа түсе алуы, оларды қабылдауы, түсінуі және өз ойларын, сезімдерін, ұмтылыстарын бере алу іскерліктерінің көрсеткіші.

Қарым-қатынас мәдениеті педагогикалық іс-әрекет барысында нақты бір міндеттерді жүзеге асыру барысында қалыптасады. Мұғалім қарым-қатынас барысында шығармашылық тұрғыда қолданатын тәсілдер мен құралдар түрлерінің көп болуы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін анықтайды. Осылайша, қарым-қатынас мәдениеті - бұл өзара қарым-қатынас барысында оқыту мен тәрбиенің қойылған мақсаттарына жете алу іскерліктері.

Американдық зерттеуші Уильям Фолкнер сөйлеу адамның ойлауының негізгі тірегі деп көрсетіп, сөз сөйлеу арқылы жеке тұлғаның мінезінің негізгі бір бөлшегі білінеді деген. Сөз сөйлеу барысында адам өз сезімдерін білдіреді және өз ойларын ортаға салады.

Сөйлеудің негізгі функциясы – қарым-қатынас орнату. Қарым-қатынасты орнату үшін сөйлеуші өз сөзін мәнерлі, тыңдаушыға сәйкестендіріп айтуы қажет. Егер сөйлеуші айналада тірі адамдар және олардың өз ойлары, қажеттіліктері бар дегенді сезінбесе жанды сөздің мәнін түсінбейді деген сөз.

Сөйлеген сөз сенімді болуы үшін оны дайындау керек. Ерте заман адамдары «Ақын болып туады, шешен жүре пайда болады» деген.

Сөйлеуді төмендегідей жіктеуге болады (Н.М. Тимченко):

-   ақпараттық;

-   сендіру;

-   ынталандырушы

Ал Толь Сопер сөйлеуді жалпы мақсатына байланысты:

-   ақпараттық;

-   сендіруші;

-   ынталандырушы;

-   әрекетке жұмылдырушы;

-   көңіл-көтерін сөйлеу деп жүйелейді.

Ақпараттық сөйлеудің мақсаты – білімді беру және байыту, пән туралы түсінік беру. Сондықтан, шешен сөздің ұтымды әрі логикалық ұйымдасқан түрде болуына өз зейінін аудару керек. Материалды ұтымды жеткізу үшін ол логикалық тұрғыда аргументацияланған, дәлелді болуы керек, себеп-салдарлы байланыстарды және шартты салдарлы өзара байланыстар ашылуы тиіс, әрі өз ойын бір ізді жетілдіруге назар аударуы тиіс.

Сендіру сөйлеуінің мақсаты – логикалық тұрғыда ұсынып оырған ойды дәлелдеу немесе жоққа шығару, тыңдаушыларда белгілі бір сезімдер тудыру. Сондықтан бұл сөйлеу түрінде эмоциональды аспектінің орны ерекше. Сөйлеген сөз дәлелді шешімді болуы керек, ол үшін шынайы даулы мәселелерді таңдау, мазмұнды мәселелерді қамту, қойып отырған мәселенің шешімі болуы керек.

Ынталандырушы сөйлеудің мақсаты – тыңдаушыларды ұжымның, қоғамның мүддесіне байланысты белгілі бір әркеттерге итермелеу, негізгі міндеті – тыңдаушының еркіне әсер етіп, пратикалық әрекеттерге дем беру. Бұл сөйлеу барысында қажетті фактілік мағлұматтар болуы, тыңдаушылардың психологиялық тұрғыдан қабылдаудың тууына әсер етуі, ынтымақтастыққа әкелуіне, ұсынылған істі жасауға қажеттілік тудыру сияқты әрекеттерге назар аудару керек.

Сөйлеудің тиімді болуы мынадай шарттарға байланысты:

-   сөз мазмұнына, оның логикалық тұрғыда құрылуына;

-   сөзді аудиторияға мәнерлі жеткізе алуына;

-   тыңдаушылармен байланыс орната алуы;

-   бет әлпет қозғалысының орнды болуы (мимикалардың орынды болуы);

-   жесті дұрыс қолдана ауы;

-   сөйлеушінің позасына (тұрған тұрысына);

-   сөйлеушінің сыртқы бейнесіне және т.б. шарттар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогикалық конфликт

 

1. Педагогикалық конфликтінің мәні

2. Педагогикалық конфликтінің түрлері  мен құрылымы

3. Педагогикалық конфликтінің өту  кезеңдері

4. Педагогикалық конфликтіні шешеу жолдары

 

 

 

1.Мектеп - тәрбиелеуші институт ретінде әр түрлі тұлғааралық қарама-қайшылықтардың сәйкес келуімен ерекшеленетін орта болып табылады. Мұғалімге күрделі кәсіби қарым-қатынастар жүйесінен, ата-аналармен, әріптестермен, әкімшілікпен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Қарым-қатынас барысында туған қайшылықтар конфликтілерге әкеліп соқытыруы мүмкін.

“Конфликт” сөзі латын тілінен аударғанда “Conflkt’s” – қақтығысу мағынасын білдіреді.

Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиетерде конфликт деп құндылық үшін күрес және белгілі бір статус, ресурстар үшін таласу барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру деп көрсетіледі. (Л.Козер)

Психологиялық тұрғыда конфликт дегеніміз қарама-қарсы қажеттіліктердің, мотивтердің, қызығушылықтардың, ойлардың, сезімдердің, мінез-құлық ерекшеліктерінің қарама-қайшы келуі. Конфликтінің қарама-қайшылықтардан айырмашылығы ол жоғары эмоциональды қысымның болуы. Ал қарам-қайшылықтар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ал ішкі және сыртқы қарма-қайшылықтарды жеңу диалектика заңына сйкес мұғалім мен оқушының дамуына жағдай жасайды.

Педагогикалық конфликтінің ерекшеліктері:

•  Проблемалық ситуацияларда мұғалімнің дұрыс шешім қабылдауға жауаптылығы;

•  Конфликтіге қатысушылар әр түрлі әлеуметтік мәртебеге ие;

•  Өмірлік тәжірибелері әр түрлі;

•  Конфликт тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс;

•  Мұғалім инициативаны өз қолына алуы керек;

•  Кез келген қателік жаңа проблема тудыруы мүмкін.

Педагогикалық конфликт күрделі процесс, ол даму логикасының болуымен және  объективті, субъективті факторлардың әсер етуімен ерекшеленеді. Сондықтан педагогикалық конфликтінің құрылымы да күрделі.

Педагогикалық конфликт құрылымы:

•  Объектісі;

•  Субъектілері;

•  Пәні;

•  Инцидент;

•  Конфликтілік қарым-қатынастар;

•  Мотивтері;

•  Нәтижесі. 

 

Объект - сыртқы әсерлер, мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының кез-келген кезеңінде болуы мүмкін. Субъект - конфликтіге қатысушылар, мысалы оқушы және мұғалім. Конфликтінің пәні ситуацияны және оппоненттің әрекеттерін тұлғалық қабылдауымен ерекшеленеді. Инцидент - бұл конфликтінің басталуына түрткі болған әрекеттер, жағдайлар. Конфликтілі қарым-қатынас - бұл субъектілердің конфликт кезіндегі қарым-қатынасы. Мотивтер - бұл конфликтіге түсушілердің    түрткілері, себептері. Нәтиже - конфликтінің соңғы көрінісі, түйіні, шешімі.

Информация о работе Білім беру философиясы