Білім беру философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 22:20, лекция

Краткое описание

1. Білім беру философиясы ғылым ретінде
2. Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде
3. Білім беру құндылық ретінде
4. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

Прикрепленные файлы: 1 файл

7 Введение лекция.doc

— 514.00 Кб (Скачать документ)

• Оқушының күнделікті өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсіндіруде көмекші, кеңесші;

•  Сыныпта қолайлы моральдық-психолгиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдарды жасаушы;

•  Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші. 

 

2. Сынып жетекшісінің қызметі  жеке тұлғаның өзі-өзі дамытуына ықпал етіп, оның шығармашылық әлеуетін іске асырып, баланың әлеуметтік белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Сынып жетекшісі сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, жағымды психологиялық жағдай туғызуға, баланың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір баланың өзі-өзі танып, ашылуына жағдай жасауға көңіл бөлуі тиіс.

Р.Х.Шакуровтың тұжырымдамасы бойынша сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері үш деңгейден тұрады:

1) Педагогикалық және әлеуметтік- гуманитарлық қызмет;

2) Ұйымдастырушылық қызмет;

3) Басқару қызметі.

 

 

 

Сынып жетекшісінің аналитикалық қызметтері: 

 

•  психологтың көмегімен оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеу және талдау;

•  ұжымның дамуын зерттеу және талдау;

•  отбасындағы тәрбиені бақылау және талдау;

•  өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау;

•  ұжымның және жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейін талдау.  

 

Сынып жетекшінің ұйымдастырушылық-реттеушілік қызметтері: 

 

•  мектеп пен отбасы арасындағы байланысыты қамтасмсыз ету;

•  оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдасыру;

•  сыныбындағы пән мұғалмдері, үйірме, секция жекешілерімен, психологпен, тәрбиешілермен жұмыс;

•  жеке оқушы және ұжыммен жеке жұмыс жүргізу. 

 

Сынып жетекшісінің коммуникативті қызметі: 

 

•  Сыныпта позитивті өзара қарым-қатынас орнату;

•  «Оқушы- мұғалім», “оқушы-ата-ана”, “оқушы-оқушы” жүйесіндегі тиімді қарым-қатынасты қалыптасытыру;

•  Оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуына жағдай жасау.

Сынып жетекшісінің атқаратын қызметі (С.Ш.Әбенбаев бойынша) 

 

 

 

Педагогикалық және әлеуметтік гуманитарлық қызмет

• балаға барлық бағытта көмектесу, әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау,  тұлғаның рухани адамгершілік, рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

•  ұйымдастырушылық қызметі

•  тәрбие процесін ұйымдастыру;

•  cынып ұжымын қалыптастыру;

•  оқушылардың танымдық, эстетикалық қызығушылықтарын, қарым-қатынастарын, демалысын, өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру;

•  ата-аналар іс-әрекетін ұйымдастыру

Оқушылардың жалпы іс-әрекетін басқару қызметі

•  диагностика жүргізу - оқушылардың тәрбие деңгейі мен өзгеру барысын анықтау, зерттеу, талдау жүргізу;

•  мақсат қою -  жоспарлауды жүзеге асыру;

•  болжам жасау, жобалау;

•  бақылау, түзету.

Сынып жетекшісінің құқытары мен міндеттері  

 

3. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: 

 

•  сыныпта оқу тәрбие жұмыстарын жоспарлау, оның орындалуын қамтамсыз ету;

•  сыныпта жеке тұлғаның жағымды потенциалын дамытатын тиімді оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;

•  оқушыларды сыныптық және қоғамдық ұйымдардың іс шараларына тарту;

•  әр оқушының жеке бас қасиеттерін, қабілетін жан- жақты бақылап, зерттеу;

•  әрбір оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кәсіптік бағдарлылығын, қасиеттерін қалыптастыру;

•  оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайларын қорғау

•  оқушыға қиын мәселелерді шешуге көмектесу;

•  ата-аналармен байланыс орнату, оларды оқушыларды тәрбиелеуге жұмылдыру;

•  мұғалімдер мен отбасы тәрбиесіндегі талаптардың бірлігін қамтамасыз ету;

•  тәрбие жұмысының нәтижесін көрсететін құжаттармен жұмыс;

•  өзіндік білім деңгейін жетілдіру және т.б. 

 

Сынып жетекшісінің  құқықтары: 

 

•  баланың психологиялық, физиологиялық денсаулығы туралы мәлімет алу;

•  әрбір оқушының үлгерімін қадағалау;

•  оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау;

•  сынып мұғалімдерінің іс-әрекетін бір арнаға бағыттау және координациялау;

•  мектептің педагогикалық ұжымынан көмек алу;

•  ата-аналарды мектепке шақыру;

•  балалармен жеке жұмыс режимін бекіту;

•  өзінің міндетіне жатпайтын іс әрекеттерден бас тарту;

• «кіші педагогикалық кеңестер», «педагогикалық консилиум» сияқты тақырыптық шараларды өткізу арқылы оқушылармен тәрбиелік жұмысты ұйымдасытыру;

•  тәжірибелік эксперименттік зерттеу жүргізу 

 

4. Сынып жетекшісінің  атқаратын жұмыс түрлері:

-  Іс-әрекет түрлері бойынша – оқу , еңбек, спорт, көркем өнер т.б.;

-  Педагогтың ықпал ету тәсілі бойынша – тікелей, жанама;

-  Өткізу мерзімі бойынша – қысқа, ұзақ, дәстүрлі;

-  Дайындалуы бойынша – алдын-ала дайындықсыз, даярлық жұмыстары;

-  Ұйымдастыру субъектілері бойынша – ата-аналар, педагогтар, баларлардың қатысумен атқарылатын жұмыстар. 

 

Сынып жектешісі іс-әрекетінің жұмыс мазмұнын циклограмма арқылы көрсетуге болады.  

Күнделікті атқаратын іс-шаралары:

•  сабаққа оқушыларды ұйымдастыру, оларды дайындау,

•  сабаққа кешігіп келген, келмей қалған оқушылармен жұмыс;

•  оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;

•  оқушымен жеке жұмысты ұйымдастыру. 

 

Апта сайын атқатратын іс-шаралары:

•  күнделік тексеру;

•  сыныппен тәрбиелік іс-шара өткізу;

•  ата-анамен жұмыс жүргізу;

•  пән мұғалімдерімен жұмыс;

•  мектеп дәрігерімен кеңесу 

 

Ай сайын атқаратын іс-шаралары:

•  сабақтарға қатысу;

•  мектеп психологымен кездесу;

•  ата-аналар комитетімен кездесу;

•  жұмыс жоспарлауға қатысты мәжіліске қатысу 

 

Тоқсан сайын атқаратын іс-шаралары:

•  оқушының қозғалыс есебі жөнінде есеп беру;

•  сабақ үлгерімінің қорытындысы туралы есеп беру;

•  тоқсан бойынша тәрбие жұмысын қорытындылау;

•  оқушының жеке құжаттарын толтыру;

•  сынып журналын толтыру;

•  сынып жетекшілер оқуына қатысу;

•  сынып журналының жоспарын жасау, талдау.  

 

Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалдарын үйлестіріп, оларды мақсатты түрде сабақтан тыс әр түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды.

Сынып жетекшісінің маңызды жұмыстарының бірі – тәрбие жұмысы. Тәрбие жұмысы - бұл балаға мақсатты түрде ықпал жасауға бағытталған ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған педагогикалық іс-әрекет түрі.

Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыстары үш бағытта жүзеге асады:

1. Оқушыларға тікелей ықпал жасау:

-  Оқушының дара даму ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу;

-  Тәрбие ықпалын алдын-ала болжау, жобалау;

-  Жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;

-  Тәрбие ықпалдарының нәтижесіне талдау жүргізу. 

 

2.Тәрбиелік ортасына жағдай  тудыру:

-  Оқушылар ұжымын қалыптастыру;

-  Ұжымда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;

-  Оқушыларды әлеуметтік іс-әрекетке қатыстыру;

-  Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту  

 

3. Баланың әлеуметтік қатынасына  ықпал ететін әр түрлі субъектілерге  көмектесу, бақылау жасау:

-  Отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

-  Мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау жасау;

-  Бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;

-  Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің өзара бірлескен іс-қимылын жасау  

 

5. Ұжым -  бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, ортақ іс-әрекетімен сиаптталатын адамдар тобы.

Балалар ұжымы – бұл әлеуметтік маңызды ортақ мақсаттары бар және оларды іске асыруға бағытталған  бірлескен іс-әрекеттер біріктіретін балалар тобы.

Балалар ұжымы – тұлғаны мақсат бағдарлы әлеуметтендіру және тәрбиелеу факторы. Ұжымның тұлғаға ықпалы ұжымның мақсаты мен міндеттерінен ұжым мүшелері саналы ұғынуына  және оларды өзінің жеке міндеттері деп қабылдауына байланысты.  

Ұжымның функциялары:

•  Ұйымдастырушы – балалар ұжымы өзінің қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерін басқарудың субъектісіне айналады.

• Тәрбиелеуші – балалар ұжымы белгілі бір идеялық- адамгершілік көзқарастарды ұстанушы және оларды таратушы болып табылады.  

•  Ынталандырушы – балалар ұжымы барлық қоғамдық пайдалы істердің адамгершілік ынталарының қалыптасуына ықпал етеді, ұжым мүшелерінің тәлім-тәртібін реттейді, оларды өзара байланыстырады.

Сынып жетекшісі балалар ұжымын қалыптастыру үшін алдымен диагностикалық, яғни зерттеу жұмысын жүргізеді.

Сыныпты алғаш қабылдап алған сынып жетекші жүйелі түрде зерттеу жұмысын ұйымдастырады. Оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеу -  балалар ұжымын қалыптастыруда маңызды орын алады.

Сынып жетекшісінің оқушыларды зерттеу жұмысының мазмұны:

• Оқушы құжаттарымен танысу;

• Оқушының оқу іс-әрекеті мен қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылау;

• Пән мұғалімдерімен әңгімелесу;

• Ата-аналармен сұхбаттасу;

• Мектеп психологымен бірлескен зерттеу жұмысы 

 

Сынып жетекшісі ұжым қызметін ұйымдастыруда төмендегідей шарттарды есепке алады:

- оқушылардың қызығушылығын, ішкі  сезімдерін, көңіл-күйін тұрақтандыру  мақсатында іс-шараларды жоспарлау  мен жүзеге асыруда үзілістердің  болуы;

-  іс-шараны өткізуде оқушылардың міндеттерін, дәл нақты анықтау;

-  әр іс-шараның оқушыларың өзара қатынасының дамуына және рухани өсуіне қажетті тәрбиелік бағытта болуы;

-  сынып іс-әрекеті тұлға дамуының факторы ретінде ұйымдастырылуы;

-  іс-шараны жоспарлауда оқушылардың дербестігі мен ынтасын тірек етуі тиіс.  

 

Сынып ұжымын қалыптастыру кезеңдері:

1 кезең - сынып ұжымына педагогтың  еркін талап қоюы;

2 кезең – сынып белсенділерінің  ұжымға талап қоюы;

3 кезең – ұжымның әрбір мүшесінің  өзіне талап қоюы. 

 

Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды.

Талап іс-әрекеттің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттерді анықтайды. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйретеді, әлеуметтік тәжірибені меңгеруін ұйымдастырады.

Бұл кезеңде іс-әрекетті ұйымдастыру үшін ұжымдағы белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Бұл тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын кебейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етеді.

Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттерге қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А.С.Макаренко “ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет”,- деп атап өтеді. 

 

Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т.б. Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асады. 

 

Үшінші кезең - белсенді топтың және ұжым (сынып) іс-әрекетінің дамуымен сипатталады,  қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда ұжымдық  пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі.

Ұжым өмірінде, оқушылар арасында істі бірлесіп орындау барысында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, тілектестік, ілтипаттылық, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады. 

Информация о работе Білім беру философиясы