Білім беру философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 22:20, лекция

Краткое описание

1. Білім беру философиясы ғылым ретінде
2. Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде
3. Білім беру құндылық ретінде
4. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

Прикрепленные файлы: 1 файл

7 Введение лекция.doc

— 514.00 Кб (Скачать документ)

 

Балалар ұжымы мен сынып жетекшісі арасындағы өзара әрекеттестіктің негізгі түрлері:

• Күнделікті өмірде ұжым мүшелеріне үздіксіз және жан-жақты көмек көрсету;

• Ұжымда және оның мүшелерінің өміріне жағымды әсер ететін жағдай қалыптастыру;

• Өзін-өзі басқару органының іс-әрекетін жетілдіру;

• Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың ықпалын біріктіру;

• Ұжым динамикалы жүйе болғандықтан онымен әсерлесу формаларын үнемі жетілдіру.  

Сынып жетекшісі балалар ұжымының өзін-өзі басқаруын ұйымдастыруға, іскерлік қарым-қатынас, жауапкершіліктің қалыптасуына педагогикалық ықпал етеді.  

Сынып жетекшісінің балалар ұжымына педагогикалық ықпал етуі өзара сыйластық, өзара талап, ықылас білдіру, өзара көмек, әділеттілік ұстанымдары негізінде жүзеге асады. 

 

Сонымен, сынып жетекшісі тәрбие процесінің мазмұнына, оның гуманистік, демократиялық тәрбие мақсаттарына сәйкес келуіне, оқушылардың оған белсенді қатысуына жауап береді.

Сынып жетекшісі - жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырушы, оның өмірлік жолын, мақсаттарын анықтауына жағдай жасаушы, баланы тәрбиелеуде тәрбилік ықпалдарды біріктіруші тұлға. 

 

 

 

Педагогикалық іс-тәжірибенің мұғалім тұлғасын қалыптастырудағы орны

1. Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

2. Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері

3. Тәрбие жүйесі туралы түсінік және оның мәні

 

1. Жоғары оқу орынында болашақ мұғалімдер теориялық дайындықпен қатар, практикалық дайындықтан өтеді. Мұғалімдердің кәсіптік даярлығына қойылатын талаптар ұдайы өсіп отығандықтан студенттердің практикасы үнемі жетілдіріп отырады. Жоғары оқу орынындағы педагогикалық практика 1-4 курс аралығын қамтиды. 1-3 курстарда үздіксіз педагогикалық практика болады. Бұл практика студенттерді мектеп өмірімен таныстыратын, оларды мұғалім қызметінің ерекшеліктерін үйрететін, оқушылар ұжымымен жұмыс жасау дағыдыларын бақылап үйрететін практика.

Үздіксіз педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешіледі:

- психологиялық-педагогикалық  және арнайы білімдерді жалпылау және бекіту, оларды нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қолдану;

- болашақ мұғалімдердің бойында  педагогикалық біліктер және  дағдыларды, жеке тұлғалық кәсіби  мәнді сапаларды қалыптастыру;

- студенттердің мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылықтары мен сүйіспеншілік сезімдерін, педагогикалық өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік сезімдерін тәрбиелеу;

- педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық, зерттеушілік тұрғыдан келуге жаттықтыру;

- балаларды, олардың жас және  жеке ерекшеліктерін зерттеу  және зерттеу әдістерін меңгеру.

Педагогикалық іс-тәжірибе төмендегідей іскерліктерді меңгеруге негіз болуы қажет:

- ұжымның жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;

- дамыту және тәрбиесін диагностикалау, жобалау мақсатында оқушы жеке тұлғасын және оқушылар ұжымын зерттеу;

- педагогикалық іс-әрекетті ағымдық  және перспективті жоспарлау,  әрі жүзеге асыру;

- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау, психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша зерттеу жұмысын жүргізу; 

- әдістемелік әдебиетпен, мектеп  оқулықтары және бағдарламаларымен  жұмыс істеу, шығармашылықпен материал  таңдау, сабаққа және сыныптан  тыс іс-шараларға көрнекі құралдар дайындау;

- оқушының дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімнің жұмыстың ең нәтижелі формалары мен әдістерін таңдауын бақылау;

- оқушының даму деңгейіне диагностика жасау;

- өз іс-әрекетінің қорытындысын  өзіндік талдауды жүзеге асыру;

- сыныптаға өзіне-өзі қызмет  етуді ұйымдастыру;

- сыныптағы редколлегия жұмысына  жетекшілік жасау (қабырға газетін, сынып бұрышын, стенд т.б. өңдеу );

- экскурсия, мәдени саяхат, оқырмандар конференциясын ұйымдастырып, өткізу;

- балалар шығармашылығының көрмесін, ең жақсы ән айту, өлең оқу сайысын, көрнекі құралдарды дайындауды ұйымдастыру;

- оқушылардың күнделіктерін тексеру;

- үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу;

- жеке ұжымдық шығармашылық  істерді жоспарлау;

- қызығушылықтарын ескере отырып, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру (ойын, еңбек, коркем-шығармашылық, туристтік-өлкетанушылық);

- балалармен, оқушылардың жеке  топтарымен қарым-қатынас жасау;

- мұғалімдермен, дотарымен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату.  

 

Үздіксіз педагогикалық практика барысында студент - мектеп, сынып ұжымының негізгі бағыттарымен, оқу жылына арналған жұмыс жоспарларымен, мектептің санитарлық- гигиеналық жағдайымен және мектептің пәндік кабинеттерді ұйымдастыру тәжірибесімен, әдістемелік кешенмен, дидактикалық материалдармен танысады. Студент практика нәтижесінде оқушыларды зерттеу әдістемелік кешенін меңгереді (бақылау әдісі, әңгімелесу, сауалнама, іс- әрекет нәтижелерін талдау), алған нәтижелерді талдауды меңгереді. Студент оқу- тәжірибе жұмыстарына қатысу арқылы балалармен, жасөспірімдермен, ата- аналар қауымымен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді. Өз пәні бойынша оқушылармен жұмыс, сабақтан тыс тәрбие жұмыстары, қоғамдық- ұйымдастырушылық жұмыстары, кәсіби- бағдарлау жұмыстарын жүргізу әдістемесімен танысады. 

Ал 4 курста студент белсенді педагогикалық практикадан өтеді. Бұл практика барысында студент өзін болашақ мұғалім ретінде теория жүзінде меңгерген білім іс жүзіне жүзеге асарады. Ол мұғалім ретінде сабақ беріп, сынып жетекші ретінде өзін сынап көреді. кейбір курстарда белсенді практика оқу жоспарына байланысты 3 курстарда да басталады. Бұл мамндықтың еркшеліктеріне байланысты. Әрбір курста өткізілетін педагогикалық іс-тәжірибелердің мазмұыны да әр түрлі, ондағы тапсырамалар мазмұны да сәйкесінше өзгеріп отырады.

Студенттердің педагогикалық практикасы оқутәрбие проацесінде маңызды роль атқарады. Барлық оқу жылының барысында оның өзі болашақ мұғалімді теориялық және практикалақы даярлаудың арасындағы байланыстырушы буын болып саналады.  

 

2. Студент-практиканттың міндеттері:

- Мектептің жұмыс мерзімін, кестесін сақтау.

- Өзінің сыныбына  сабақтың басталуына дейін келу, ерекше жағдайлар болмаса (сынып сбаағы, қосымша сабақ, есеп беру т.с.с.) сабақ аяқталғаннан кейін шығу;

- Өз сыныбың балаларын тосып алып, шығарып салу.

- Өз сыныбындағы істердің жағдайларымен таныс болу ( балалардың сабақ босату себебі, қоңырау кезіндегі жағдайлар).

- Мұғалімдерге, студент-практиканттарға аты- жөнін атап сөйлесу, ізет білдіру.

- Оқушылармен, мұғалімдермен, ата-а аналарымен, оқушылармен, студенттермен қайырымды, сыпайы болу.

- Практика бойынша барлық тапсырмаларды орындау. Жоспар бойынша барлық тапсырмаларды орындау. Жоспар бойынша белгіленген  уақыт мерзімінде оқытушыға есеп беру.

- Жоспарда көрсетілген барлық  қосымша кеңеске, сыныптық шараларға , сабақтарға қатысу.

- Сабаққа келе алмай қалған  жағдайда ( ауырып қалу, басқа себепті  жағдайлар), кешігіп қалған жағдайда  алдын- ала оқытушыға студенттер  арқылымектепке хабарлау, келген  беттепрактиканың басқарушысына  себептерін түсіндіру. Өзінің сабақта екендігі туралы мұғалімге ескерту.

- Сынып жетекшісімен бірге мектепте  болған кезде оқушылардың денсаулығы  мен өмірі үшін жауап беру.

- Студент практиканттың соңғы  күні – соңғы есеп беру күні  екенін есте сақтау (қалған  күндерде құжаттар да, басқадай ақталушы жағдайлар қабылданбайды).  

 

Студент-практикантқа тиім салынады:

-  мектепте сырт және бас киіммен жүру;

-  сыныпқа қоңыраудан кейін кіру;

-  сабақ кезінде сыныптан шығу;

-  сабақта сөйлесу;

-  мектептен тыс (саяхат т.с.с.) кезде баларға өз бетімен басшылық жасау;

-  мектепте немесе оның айналасында шылым шегу;

-  дөрекі қылықтар мен жат мінездер көрсет;

-  кезекші мектеп басшылығына ескертпей сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру;

-  жұмыс дәптерін жоғалту немесе басқа біреуге беру. 

 

Студентке жасауға болады:

-  сынып жетекшісімен бірге оқушының отбасына баруға, мектептен тыс шараларды өткізуге;

-  бірнеше сыныптарды біріктіріп сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда басқа студенттермен бірігіп өткізуге болады;

-  мектеп басшылығынан, мұғалімдерден, сынып жетекшісінен, оқытушыдан көмек сұрау

-  педагогикалық практика әдіскерінен көмек алу, ақыл кеңес сұрау;

- сынып жеткшісінің және мектеп әкімшілігін рұқсатымен әр түрлі сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбиелік шаралар ұйымдастыру;

-  өзі практикадан өтетін сыныптың сабақтарына қатысып, бақылау жүргізу;

-  педагогикалық практиканың тапсырмаларын орындау мақсатында оқушыларды зерттеу, олармен жекелеген әңгімелер жүргізу және т.б.  

 

3.Тәрбие жүйесі - бұл мектептегі оқушыларды тәрбиелеу ортасы. Зерттеуші В.А.Караковскийдің анықтауынша тәрбие жүйесі дегеніміз мектептегі өзін-өзі ұйымдастыруда жүзег асатын, өзіндік қызмет ететін және даму логикасы бар, әлуметтік тұтас ағза.

Л.И. Новикова тәрбие жүйесі - бұ өзара байланыс жағдайында қызмет ететін тәрбиенің негізг құрауыштарынан тұратын және ұжым өмірінің келбеті, психологиялық ахуалы ретінде кіріктірілген сипаттарға ие әлеуемттік ағза.

Ал қазақстандық зерттеуші Б.И.Иманбекованың анықтауынша тәрбие жүйесі - тұлғаның рухани адамгершілік, шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуемттік шындық құрауыштарының жиынтығы. Мектепте екі жүйесі жұмыс жасайды: дидактикалық жүйе және оқу-тәрбие жүйе.

Тәрбие жүйесінің құрауыштары:

- мақсат - иедеялар;

- іс-әрекет;

- субъектілер;

- қарым-қатынас;

- игерілген орта;

- басқару.

Тәрбие жүйесінің құрауыштарындағы мақсат - бұл мектептің тәрбие процесінің болашақтағы нәтижесі туралы ой-болжамы. Мектеп тәрбие мақсатын мемлекеттік тәрбие бағдарламаларын ескере отырып, өзіндік ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Жалпы мақсат жүйенінің негізгі жүйе құрушы маңызды компоненті болады. Іс-әрекет компоненті - бұл анықталған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған амал-тәсілдер, әрекеттер жүйесі. Ал субъектілері - осы жүйенің іс-әрекетіне қатысушылар, яғнм оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар. Қарым-қатынас - ол жүйе ішіндегі субъеектілер арасындағы байланыс орнату құралы болып табылады. Игерілген орта - ол тәрбие жүйесінің өз іс-әрекетін іске асыратын ортасы.

Тәрбие жүйесінің атқаратын негізгі қызметтері:

- кіріктіруші - тәрбие ықпалдардың  бірлігін қамтамасыз етеді;

- реттеуші - бұл тәрбие жүйесін басқаруға бағытталған қызмет;

- дамытушы - бұл тәрбие жүйесін  үнемі динамикада, яғни даму үстінде  болуын қамтамасыз ететін қызмет.

- қорғау;

- түзету;

- компенсациялау.

Тәрбие жүйесінің негізгі өзегі - оқушылар мен мұғалімдер ұжымы.

Мектептің тәрбие жүйесін құру үшін не керек?

1) тәрбиелік әрекет субъектілерінің  ықпаладарының кіріктірілуі, педагогикалық  процестің құрауыштарының өзара  байланысын қамтамасыз ету;

2) мектеп ұжымы игерген әлеуемттік  және табиғи ортаны қамтыған  тәрбиелік жүйе құру, тұлғаға деген ықпалдың ауқымын кеңейту;

3) тұлғаны тәрбиелеуде педагогикалық  ұжымның күшін, уақытын үнемедеу;

4) тәрбиелік жүйеде оқушы, мұғалім, ата-ана тұлғасы өзін-өзі іске  асыруы және өзіне-өзі сенім  артуы үшін арнайы жағдай туғызу, оны модельдеу.

Мектептің тәрбие жүйесі - бұл туындайтын, жетілдірілетін, жаңаратын, ескіретін, жойылатын динамикалы құбылыс.

Тәрбие жүйесін қалыптастыру кезеңдері:

1. Тәрбие жүйесін құру.

2. Тәрбие жүйесінің қалыптасуы, құрылымы, әрекет мазмұыны анықталуы, қызмет ету.

3. Қорытындылау кезеңі.

4. Жүйені жаңарту, қайта құру.

 

Атақты педагог, ғалым В.А.Сухомлинский “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білуді талап ететін мамандық. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп, ұстаздық өнерге ерекше баға берген.

 

 

 


Информация о работе Білім беру философиясы