Білім беру философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 22:20, лекция

Краткое описание

1. Білім беру философиясы ғылым ретінде
2. Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде
3. Білім беру құндылық ретінде
4. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

Прикрепленные файлы: 1 файл

7 Введение лекция.doc

— 514.00 Кб (Скачать документ)

 

2.Әдебиеттерде педагогикалық конфликт түрлері өте көп аталады. Мысалы, конфликтіге түсуші субъектілерге байланысты педагогикалық конфликтінің төменедегідей түрлері кезедеседі.

Сызба 12. Қатысушы субъектілерге байланысты педагогикалық конфликт түрлері  

  


 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

   

Пратикада мұғалім-оқушы және оқушы-оқушы, мұғалім-ата-ана конфликтілері жиі кезедеседі.

 

 

  Сызба 13. Педагогикалық конфликт түрлері   

 

  


 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

Тұлға ішілік конфликт – бұл  тұлғаның мотивтері, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.

Тұлға аралық конфликт – бұл тұлғалар арасында бір-біріне қарама-қарсы келетін мақсатттарды орындау барыснда іс-әрекетте туындайтын конфликтілермен сипатталады.

Топаралық   конфликт – бұл әлеуметтік топтар арсында мақсаттар мен оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінен туындайтын конфликтілер.

Тұлғалық-топтық конфликт - тұлғаның мінез-құлқы мен тәлім-тәртібі топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде туындайды.

Конфликтінің туындау себептеріне байланысты конфликт түрлері(М.М.Рыбакова бойынша) :

• Іс-әрекет конфликтілері;

• Қарым-қатынас конфликтілері;

• Әрекет конфликтілері.

Іс-әрекет конфликтілері мұғалім мен оқушы арасында туындайды және оқушы белгілі бір тапсырманы орындаудан бас тартқанда немесе дұрыс орындамаған жағдайда пайда болады. 

Бұл конфликттер көбінесе оқуда қиындық көретін оқушылар мен мұғалім сыныпқа жаңадан келген жағдайда тунындайды. 

Әрекет конфликтілері мұғалімнің конфликтіні шешуде туындаған кез келген қателіктері жаңа мәселелер мен конфликттер туындатады. Педагогикалық іс-әрекеттегі конфликтілерді шешуден қарағанда оның алдын-алу жеңіл. 

Мұғалім конфликт барысында өзінің позициясын анықтап алғаны дұрыс, себебі сынып оның жағында болған жағдайда конфликтіден шығу жеңіл өтеді.

Қарым-қатынас конфликтілері – педагогтың проблемалы ситуацияларды шеше алмауы барысында туындайды, ол көбінесе ұзақ мерзімге созлады. Бұл конфликтілер тұлғалық сипатқа ие болады, оқушының мұғалімге деген жек көрушілік сезімін туындатады 

 

3.Педагогикалық конфликт динамикалы түрде өтетін құбылыс болғандықтан оның дамуының кезеңдері де болады.

Педагогикалық конфликтінің кезеңдері:

1)    қарама-қайшылықтардың пайда болуы;

2)    оларды сезіну;

3)    шиеленісуі;

4)    шешу жолдарын іздестіру;

5)    конфликтінің шешілуі.

Мұғалім үшін конфликтінің алғашқы белгілерін біліп, содан бастап оны шешуге тырысу маңызды болады. Бұл өте маңызды кезең, ол конфликтілі ситуацияның нағыз конфликтіге айналуына ықпал ететін, немесе жылдам шешілуіне әсер ететін кезең. Мұғалім конфликтінің аталған кезеңдерінің ерекшеліктерін біліп, оны тиімді басқаруға ұмтылуы тиіс.

Педагогикалық конфликтілерді басқару мүмкін болатын коммуникативті қиындықтардың алдын-алу, өз уақытында профилактикалық шараларды жүзеге асыру, тұлға аралық қарама-қайшылықтардың субъективті және объективті себептерін мақсатты түрде жою, оны конструктивті түрде шешуді талап етеді.  

Конфликтінің алғашқы кезеңінде оны тиімді шешуге болады. Сондықтан мұғалім өз іскерліктерін шеберлікпен қолдана алуы тиіс.

Австралиялық ғалымдар – Х.Корнелиус және Ш.Фейр конфликтіні шешу мұғалімнің байқағыштығына байланысты дейді. Педагогтың кәсіби іскерлігі конфликтіні басып тастау немесе одан қашумен емес, конфликтілі жағадайды басқар алуымен сипатталады. Конфликтіні тиімді басқара алу адекватты басқару технологиясын, яғни стратегия мен тактиканы бірлестіре алуымен ерекшеленеді. Стратегия ұзақ мерзімді оқу-тәрбие мақсаттарын іске асырудағы мұғалімнің мінез-құлқын анықтайды. Тактика оның құрамдас бөлігі ретінде нақты бір конфликтілік жағдайдағы педагогикалық реакцияны таңдауға, тікелей өзара қарым-қатынас алгоритмін белгілейді.

Стратегия мен тактика қалыптасқан ситуацияны терең талдау негізінде және субъектілердің ерекшеліктерін ескере отырып анықталады.   

 

4. Педагогикалық конфликтілерді басқару мүмкін болатын коммуникативті қиындықтардың алдын-алу, өз уақытында профилактикалық шараларды жүзеге асыру, тұлға аралық қарама-қайшылықтардың субъективті және объективті себептерін мақсатты түрде жою, оны конструктивті түрде шешу арқылы жүзеге асады.

Педагогикалық конфликтіні шешу мұғалімнің іскерлігі мен құзыреттілігін, оның басқару қабілетін көрсететін құбылыс болып табылады. Американ ғалымдары Р. Блейк және Д. Моутонның конфликтілі ситуацияларды басқару тұжырымдамасы өте қызықты. Олар тұлға аралық конфликтілерді басқарудың төмендегідей стратегияларын ұсынады: бейімделу, қашу, шегіну, келісімге келу, ынтымақтастық, басшылық жасау (доминирование).

Байланыстарды орнату барысында мұғалімінің өз оқушыларының ерекшеліктеріне бейімделу қажеттілігі туындайды, осылайша, тұлға аралық үйлесімділік пен ынтымақтастықтың орнауын қамтамасыз етеді.  Бұл стратегияның маңыздылығы сол,  ол оқушы қандай сол күйінде қабыладуға мүмкіндік жасайды. Бейімделу стратегиясының мәні – қарым-қатынас ситуацияларында педагогтың көп жақты бағдарлануы және оқушылардың тұлғалық көріністеріне кешенді бейімделу.

Бейімделу стратегиясына ұқсас келесі стратегия – конфликтіден қашу стратегиясы. Бұл педагогтың конфликтіден саналы түрде бас тартуымен ерекшеленеді. Бұл ұсақ түсінбеушіліктер, жағымсыз көңіл-күй, ызақорлық, баланың шектен тыс агрессиясы сияқты жағдайларда қолданылады.

Бала дамуының белгілі бір кезеңдерінде дағдарысты бастан өткізеді. Бұл жағдайларды мұғалім үнемі ескере отырып, конфликтілі ситуациядан тиімді шыға алуы керек.

Бейімделу және қашу стратегияларын жиі-жиі қолдану оқушылардың өз іс-әрекеттері үшін жауапсыздығын және тым шолжаңдығына да әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан да бұл стратегияларды ойланып қолдану қажет.

Шегіну стратегиясын қолданатын ситуацияларда болуы мүмкін. Кез-келген адам сияқты мұғалім өз шешімдерін қабылдауда, оқушының қызығушылықтары мен мінез-құлқын талқылауда қателесуі мүмкін. Мысалы, жасөспірімнің сыртқы тәртіпсіздігі оның өз-өзіне сенімсіздігі, қорқыныш негізінде болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім өзі таңдап алған ситуациядан бас тартатын жағдайлар да болады. Мұғалімнің өзі таңдап алған тактикасы дұрыс емес болған жағадайда оны мойындауы, одан бас тартуы оқушылардың тарапынан түсінушілікті қамтамасыз етеді. Мұғалім сондықтан да дер кезінде эмоционалды қысымды алып тастауға тырысуы керек.

Келісім стратегиясы екі жақты келісімге келу және шешімдерді бірлесіп қабылдау арқылы жүзеге асатын тактика. Бұл стратегия екі жақты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Оқушы тұлғасын құрметтеуге негізделген бұл стратегия жекелеген шығындар негізінде жеңіске жетуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің жеке үлгісі негізінде оқушы дұрыс шешім қабыладуды және қажет жағдайларда өз ұстанымынан бас тарта алуын қамтамасыз етеді.

Ынтымақтастық старегиясы – бұл маңызды реттеуші және тәрбиелеуші мүмкінідіктерінің болуымен ерекшеленетін стратегия. Бұл тактика шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдауға, өзара жауапкершілікке негізделетін стратегия. Қарым-қатынастың демократиялық сипаты, пікірлермен ашық алмасу, әр түрлі көзқарастарды қарап көруге мүмкіндік береді, оқушылар арасында көп жақты пікір – плюрализмнің қалыптасуына және проблемалы ситауацияның көп жақты жауаптарын табуға ықпал жасайды.  

Басшылық жасау стратегиясы – бұл мұғалімнің бір жақты өз позициясын қорғауға және барлық жауапкершілікті өзіне алуына негізделеген стратегия. Педагогикалық қарым-қатынас барысында осындай стратегияны қолдану қажеттілігі де туындайды. Бұл стратегияны тосын, күтпеген жағдайлар да, оқушының физикалық немесе психикалық денсаулығына қауіп төнгенде қолдануға болады. Немесе нақты бір шешім қабылдау қажеттігі туындайтын ситуацияларда қолданады. Басшылық жасау стратегиясы мұғалімдерді педагогикалық әсердің жылдамдылығымен қызықтырады. Мысалы, сабақ үстінде оқушы тәртіп бұзып отырса, оқушыға мұғалім ескерту жасау арқылы бұл жағдайдың ары қарай өрбуіне шектеу қояды.

Педагогикалық конфликтілерді тиімді шеше алу мұғалімнің іскерлігін, шығармашылығын қажет етеді. Сонымен бірге, конфликтілерді шешуге мынадай кешенді жағдайлар да әсер етеді:

1)    тәрбиеленушінің жекелеген және жас ерекшеліктері, оның медениеттілік деңгейі;

2)    эмоциональды жағдай, неврозды реакцияларға бейімділік;

3)    қақтығыс мотивтері;

4)    конфликт объектісі және оның өтуінің нақты жағдайлары (сабақта, үзілісте, сыныптастарымен бірге немесе мұғаліммен бірге өтуінде);

5)    қалыптасқан қатынастың ұзақтығы және сипаты;

6)    мұғалімнің тұлғалық психологиялық және кәсіби мүмкіндіктері және оның беделі.

Педагогикалық конфликтілерден тиімді шыға алу педагогикалық процестің тиімді, әрі сапалы болуының кепілі.

 

 

Педагогикалық этика

 

1. Кәсіби мораль және  этика

2. Педагогикалық этиканың пәні  мен міндеттері

3. Кәсіби моральдың принциптері

4. Педагогикалық моральдың мәні  мен өлшемдері

 

 

 

1. Этика – мораль туралы ғылым. “Этика” терминін б.з.б. ІV ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы ілім деп көрсетті.

Этика – мораль туралы түсінік береді, оны түсіндіреді және моральға үйретеді.

Моральдың мазмұны жүйе ретінде 4 компоненттен құралады:

•  Адамгершілік қатынас;

•  Адамгершілік мотивтер;

•  Адамгершілік сезімдер;

•  Моральдық сана

Моральдың атқаратын қызметі (Л.М.Архангельский бойынша):

•  Реттеуші;

•  Тәрбиелеуші;

•  Танымдық;

•  Бағалау;

•  Бағдарлаушылық;

•  Мотивациялық;

•  Коммуникативті

Педагогикалық моральдың атқаратын қызметтері:

•  Педагогикалық коррекция;

•  Диагностикалық және болжау функциясы;

•  Моральдық білімдерді шығару;

•  Моральға жат қылықтарға төтеп беруге дайындығын қалыптастыру;

•  Моральдық өзін-өзі қорғау;

•  Реттеуші;

•  Тәрбиелеу;

•  Бағалау-бағдарлаушылық.

Педагогикалық этика кәсіби этика түрінде көрініс табады.

Кәсіби этика – еңбектік моральдың бір түрі, ол әр түрлі мамандық иелеріне тән моральдық нормалар, мінез-құлық ережелері және моральдық бет-бейнесі туралы бағалау түрінде көрініс табады.

Кәсіби этиканың мәні мен маңызы – кәсіби міндеттерді сәтті орындауға әсер етеді, кәсіби мақсаттар мен міндеттерге жету әдістерін, құраладарын таңдауға мүмкіндік береді.

Әдептілік – белгілі моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау. Т.А.Ильина «Педагогикалық әдеп – мұғалімнің аса бағалы педагогтік қасиеті, бұл қасиетте оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен оқушылардың психологиясын терең түсініп, білуге негіз болады»,- деп көрсетеді.  Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. «Педагогтік әдеп, кең мағынасында педагогикалық процесте әрбір оқу-тәрбие мәселесін шешуде, жеке адамдармен не ұжыммен қарым-қатынас жасауда көрінетін кәсіптік сапа дейді.

Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі

1) Еңбек объектісі – адам;

2) Педагог адамның болашағы үшін үнемі адамгершілік жауапкершілікте;

3) Педагог еңбегі психологиялық  және ұйымдастырушылық жағынан  күрделі;

4) Педагог адамды адамгершілікке  тәрбиелеу үлгісі, ол жоғары адамгершілік  идеалы.

Кәсіби этика – ұжымда моральдық микроклимат орнатады, тұлғаның моральдық денсаулығын қамтамасыз етеді, қоғамда моральдық атмосфераның қалыптасуына әсер етеді.

Педагогикалық мораль – ұрпақтан ұрпаққа адамгершілік тәжірибені берудегі қоғамдық қажеттіліктермен негізделген педагогикалық ортада адамгершілік іс-әрекеттер мен адамгершілік қатынастарды реттеуші адамгершілік нормалар мен ережелер жиынтығы.  

 

2. Кәсіби этиканың зерттеу пәні – кәсіби мораль, оның ерекшеліктері, қалыптастыру жағдайлары, нақты тарихи жағдайлардағы даму заңдылықтары.

Кәсіби мораль белгілі бір кәсіби іс-әрекет түріне тән жалпы адагершілік принциптерді нақтылайды.

Кәсіби этканың міндеттері:

Теориялық міндеттер – тұлғаның адамгершілік қажеттіліктерін, моральдық құндылықтары және бағдарлануын қалыптастыру процесі туралы зерттейді, оны қалыптастыру механизмдерін, педагогтың бұл механизмге әсерін қарастырады.

Практикалық міндеттер – моральдық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді тәсілдері мен жолдарын таңдауға көмектеседі

Педагогикалық этика мұғалімге педагогикалық ұжымдағы конфликтерді шешуге көмектеседі, моральдық конфликтерді шешу тәсілдерін үйретеді, олардың алдын-алу жолдарымен қаруландырады  

 

3. Моральдық принциптер – адамгершілік сананың бір формасы, онда моральдық нормаларға жалпы түрде сипаттама беріледі. Нормалар адам әрекетінің қандай болу керектігін нақты талап етсе, моральдық сапалар тұлға мінез-құлқының жекелеген жақтарын сипаттайды.

Информация о работе Білім беру философиясы