Білім беру философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 22:20, лекция

Краткое описание

1. Білім беру философиясы ғылым ретінде
2. Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде
3. Білім беру құндылық ретінде
4. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

Прикрепленные файлы: 1 файл

7 Введение лекция.doc

— 514.00 Кб (Скачать документ)

Педагогикалық талаптарды анықтауда педагогикалық қабілеттердің алатын орны ерекше. В.А. Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді көрсетеді. Ал зерттеуші А.И.Щербаков негізгі педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, конструктивті, перцептивті, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеттерді жатқызады.

Мұғалім мамандығы тек әлеуемттік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық  емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:

- жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуеметтік белсенділік;

- балаға деген сүйіспеншілік, оларға  өз жүрек жылуын сыйлауға деген  қажеттілігі мен қабілетінің  болуы;

- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға  деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;

- жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық  ойлаудың инновациялық стилі, жаңа  құндылықтар тудыруға және шығармашылық  шешімдер қабылдауға дайындық;

- үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге  және өзін-өзі жетілдіруге деген  қажеттілігі мен дайындығының болуы;

- психикалық және физикалық  денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға  қабілеттілігі және т.б.

Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда мұғалімнің бағыттылығы да маңызды роль атқарады. Мұғалім тұлғасының құрылымында кәсіби-педагогикалық бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық призваниесінің болуы. Педагогикалық призвание негізі мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа мұғалімнің өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып табылады. Мұғалімнің негізгі сапаларының қатарынан педагогикалық парыз және жауапкершілікті ерекше атап өту керек. Педагогикалық парызды басшылыққа ала отырып мұғалім үнемі балаға қамқорлық жасауға ұмтылады.

Мұғалімге оқушылар, ата-аналар тарапынан қойылатын субъективті талаптар да бар. Оларға мыналар жатады:

- балаға деген сүйіспеншілік;

- эмпатия;

- қарым-қатынасқа жылдам түсе  алу,

- ізгіліктілік;

- талап қоя алушылық;

- қайырымдылық;

- рухани байлықтың болуы;

- әділеттілік;

- өз сөзінде тұра алу және  т.б. 

 

3. Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.

Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.

Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. 

Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:

-   гуманистік сипаты;

-   ұжымдық сипаты;

-   адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;

-   шығармашылық сипаты;

-   қарым-қатынас жүйесінде болуы;

-   мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.

Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.

Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.

Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.

Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.

Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін,  терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.

Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рольдерді меңгеруге дайындайды.   

 

 

  

4. Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары туралы 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында сипатталып өткен. Бұл заңның 50-бабында педагог қызметкердiң мәртебесi туралы былайша баяндалады: «Бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi азаматтық қызметшiлер болып табылады. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердiң ерекше мәртебесiн таниды және кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасайды». 

Ал, осы заңының 51 бабында педагог қызметкердiң төмендегідей құқықтары, мiндеттерi мен  жауапкершiлiгi туралы баяндалған:  

1. Тиiстi бейiнi бойынша арнайы педагогтiк  немесе кәсiптiк бiлiмi бар адамдар  педагогтiк қызметпен айналысуға  жiберiледi.  

 

2. Педагог қызметкердiң құқықтары:

1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-эксперименттiк  жұмыспен айналысуға, педагогтiк  практикаға жаңа әдiстемелер мен  технологияларды енгiзуге;

3) жеке педагогтiк қызметке;

4) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сақталған кезде педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;

5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың  алқалы органдарының жұмысына  қатысуға;

6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға; 
       7) санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға;

8) педагогтiк қызметтегi табыстары  үшiн мемлекеттiк наградалар, құрметтi атақтар, сыйлықтар мен атаулы  стипендиялар түрiндегi моральдық және материалдық көтермеленуге;  

9) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен  қадiр-қасиетiнiң қорғалуына;

10) әскери қызметке шақырылу  мерзiмiнiң кейiнге қалдырылуына;

11) ғылыми қызметпен айналысу  үшiн педагогтiк стажы сақтала  отырып, шығармашылық демалыс алуға;

12) бiлiм беру ұйымы әкiмшiлiгiнiң  бұйрықтары мен өкiмдерiне шағымдануға  құқығы бар.

 
      3. Педагог қызметкердің міндеттері:

1) өзiнiң кәсiптiк құзыретi саласында  тиiстi теориялық және практикалық  бiлiмдi және оқыту дағдыларын  меңгеруге;

2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын қамтамасыз етуге;

3) бiлiм алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға  құрмет көрсету рухында, қоршаған  дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

4) бiлiм алушылардың өмiрлiк дағдыларын, бiлiктiлiктерiн, өздiгiнен жұмыс iстеуiн, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға;

5) өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми  деңгейiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға;

6) бес жылда кемiнде бiр рет  аттестаттаудан өтуге;

7) педагогтiк әдеп нормаларын  сақтауға;

8) оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң  және олардың ата-аналарының абыройы  мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге  мiндеттi.

Мiндеттерi мен педагогтiк әдеп нормаларын бұзғаны үшiн педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.  

 

4. Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлердi өздерiнiң  кәсiптiк мiндеттерiн орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлерiне тартуға жол берiлмейдi.  

 

5. Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге педагогтiк қызметiне сот  үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен  тыйым салынған адамдар, сондай-ақ  заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген  немесе алынбайды.

 

 

 

Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субьектісі ретінде

 

1.Педагогикалық іс әрекеттің  мәні.

2.Педагогикалық іс әрекеттің  негізгі түрлері.

3. Педагогикалық іс әрекеттің  құрылымы.

4. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетіне  сипаттама 

 

1. Педагогикалық іс-әрекет ұғымын түсіндірместен бұрын іс-әрекет ұғымына тоқтала кетейік. Іс-әрекет – адамның қоғамдық тарихи болмысының ерекше формасы. Бар болудың және даму тәсілі ретінде іс-әрекет бұл адамның табиғи және әлеуемттік шындықты мақсатты түрде қайта жаңғырту тәсілі ретінде түсіндіруге болады. Іс-әрекет ұғымын бірнеше мағынада түсіндіруге болады: ғылыми білім категориясы, қоғамдық тарихы болмыстың ерекше түрі, бар болудың және даму тәсілі ретінде түсіндіруге болады.  

 

Сызба 1. Іс-әрекет категориясының түсініктері

 


 

 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

Адам іс-әрекетінің құрылымы қажеттілік, мотив, мақсат, міндет, әрекет, операциялар жиынтығынан құралады. Ғылыми білім категориясы ретінде іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар, соның бірі педагогикалық іс-әрекет.

Педагогикалық іс-әрекет –адам іс-әрекетінің ерекше түрі, басқа іс-әрекет түрлерімен салыстырғанда ол мақсатқа бағыттылық сипатқа ие болады.

Педагогикалық іс-әрекет – аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.

Педагогикалық іс-әрекет дамудың шарты мен негізі ретінде оқушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруіне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіндіру үшін оның құрылымына талдау жасау қажет. Педагогикалық іс-әрекетті іс-әрекеттің мақсаты, мотивтері, әрекеттер (оперативтер), нәтиженің бірлігі ретінде көрсетуге болады. Төменде педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері көрсетілген:

Сызба 2. Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері

Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктерінің бір бөлігі – мақсат. Мақсат – педагогикалық іс-әрекеттің жүйе құрушы факторы ролін атқарады (А.Н. Леонтьев). Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты іс-әрекеттің мазмұны, әдіс-тәсілдері, нәтижесін анықтайды, олар тікелей мақсатқа тәуелді.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты. Бүгінгі уақытта тәрбиенің негізгі мақсаты – үйлесімді дамыған жан-жақты тұлғаны қалыптастыру.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – ол тарихи құбылыс. Ол әлеуеметтік даму қарқынына байланысты өзгеріп отырады. Ол қоғамдық дамудың объективті тенденциясы ретінде пайда бола отыра, қоғамның қажеттіліктеріне қарай педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы және әдістеріне сәйкестендіре отырып, ең жоғары мақсатқа жетудің кезеңдік бағдарламасы құрастырылады.

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциональды бірлігі –педагогикалық әрекет. Педагогикалық әрекетті мақсат пен мазмұнның біртұтастығы ретінде түсіндіруге болады.

Педагогикалық іс-әрекеттің мәні – мақсат, мотив, әрекет, нәтиженің біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы сипатқа ие болады (А.Н.Леонтьев).

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет қоғам арнайы ұйымдастырған келесі мекемелерде жүзеге асады:

Информация о работе Білім беру философиясы