Білім беру философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 22:20, лекция

Краткое описание

1. Білім беру философиясы ғылым ретінде
2. Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде
3. Білім беру құндылық ретінде
4. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

Прикрепленные файлы: 1 файл

7 Введение лекция.doc

— 514.00 Кб (Скачать документ)

•  Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;

•  Орта білім беру;

•  Орта арнаулы оқу орындары;

•  Жоғары білім беру;

•  Қосымша білім беру;

•  Біліктілікті арттыру және қайта даярлау.

Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері (Н.В.Кузьмина бойынша):

1-деңгей – продуктивті емес – педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады;

2-деңгей – аз продуктивті  – бейімделуші, педагог өз хабарламасын  аудитория ерекшелігне бейімдей  алады;

3-деңгей - орташа продуктивті –  педагог оқушыларды курстың әр  бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие;

4-деңгей – продуктивті –  жалпы пән бойынша оқушылардың  білім, іскерлік, дағдыларын жүйелі  қалыптастыру іскерліктерін меңгерген;

5-деңгей – жоғары продуктивті  – педагог оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін құралдарын меңгерген. 

 

2. Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет түрі құрылымы жағынан күрделі жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады: конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті іс-әрекеттер.  

Сызба 3. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы  

 

Педагогтың конструктивті іс-әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру тұрінде жүзеге асады. Конструктивті сі-әрекет конструктивті-мазмұндық, конструктивті-оперативті, конструктивті-материалдық іс-әрекеттерден құралады. Конструктивті мазмұндық іс-әрекет оқу материалын таңдау, педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау, сабақ, тәрбиелік шара жоспарын әзірлеу сияқты іс-әрекеттерден құралады.

Конструктивті-оперативті іс-әрекет педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін жомпарлау, қолданыл атын әдіс-тәсілдері таңдап, оларды құрастыру түрінде жүзеге асады.

Конструкивті-материалдық іс-әрекет педагогикалық іс-әрекетке қажетті материалдық техникалық базаны құрастыру, ұйымдастыр түрінде іске асады. Яғни мұғалім сабағына қажетті техникалық, көрнекілік құралдарды әр түрлі жабдықтарды анықтайды. Констриуктивті іс-әрекет мұғалім жұмысының жүйелі әрі нәтижелі болуының кепілі деп айтуға болады. Мұғалім өзінің және оқушылардың іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алса, ол нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

Педагогтың ұйымдастырушылық іс-әрекеті конструкитивті іс-әрекеттің жалғасы деп айтуға болады. Мұғалім өзі құрастырып, өзі жоспарлаған іс-әрекеттеріннақты іс-жүзінде жүзеге асарады. Оқушыларды білі алу процесіне, тәрбиелеу процесіне ұйымдастырады. Олардың жүйклі білім алуын, олардың таным процестерін басқарады. Оқушылардың сабақтаны тыс әрекеттерін, әр түрлі тәрбиелік шараларды, балалар ұжымының іс-әрекетін, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты іс-әрекеттерін және т.б. шараларды ұйымдастырады. Бұл педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы маңызды іс-әрекеттердің бірі болып табылады. 

Педаготың коммуникативті іс-әрекеті педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағыттылған іс-әрекеті. Мұғалім оқушылармен, мұғалімдер ұжымымен, ата-налармен тиімді қарым-қатынас орнатаалуы керек. Коммуникативті іскерлік мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі маңызды құралы деп айтуға болады. Мұғалім өзінің сөзі арқылы оқушыға білім беріп, оның тәрбиесін ұйымдастырады. Сондықтан да жақсы мұғалім болуы үшін педагогикалық қарым-қатынас құпияларын меңгеру маңызды болып табылады.

Бұл аталған педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдары өзара байланыстылықта, тұтастықта, бір жүйеде жүзеге асады. Оларды жеке-жеке алып қарағанмен, олар өзара тығыз байланыстылықта жүзеге асатын іс-әрекеттер.

 

 

 3.Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеу меттік маңызды іс-әрекеттердің бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше іс-әрекет түрлерінен құралады. Төмендегі 4-сызбада педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көрсетілген.  

 

Сызба 4. Педагогикалық іс-әрекет түрлері

 


 

Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуемттік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі. Тәрбиелеу іс-әрекеті педгог қызметіндегі басты іс-әрекеттердің бірі.

Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет түрі.  

 

Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көп болғаныдықтан оның атқаратын қызметтері де жеткілікті. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметерін келесі 5-сызбадан көруге болады. 

 

Сызба 5. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтері

 

Диагностикалық қызмет – бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелік деңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын нәтижелі, әрі жүйелі ұйымдастыру үшін психологпен бірлесе отырып, оқушыларды әр түрлі әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жұмысты диагностикалық қызмет деп атайды.

Бағыттаушы-болжаушылық қызмет – мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекеттің бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс-әрекеті. Мұғалім өз іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала болжап, анықтайды.

Конструктивті-жобалаушылық – педагогтың оқушылар меңгеретін білім мазмұнын таңдап, ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетін жобалау, өзінің болашақ әрекетін және мінез-құлқын жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл қызмет барысында мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен жобаларды әзірлейді.

Ұйымдастырушылық – педагогикалық процесті, оқушылар іс-әрекетін жүзег асыруға бағытталған іс-әрекет. Мұғалім нақты міндетерді анықтап, оларды ұйымдастыру формаларын таңдап, оқушлармен өзара байланыстылықты таңдап, өз іс-әрекетін ұйымдастырады.

Ақпараттық-түсіндірмелік – бұл өз іс-әрекетін қажетті ақпараттарды жинақта, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет.

Коммуникативті-ынталандырушы – бұл мұғалімнің педагогикалық прцеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, олардың іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған іс-әрекеті.

Талдау-бағалау – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің жеткен нәтижелерін мақсатпен салыстыруға, оның деңгейін анықтауға бағытталған іс-әрекет. Талдау-бағалау қызмет мұғалімге өзінің жіберген кемшіліктерін болашақта болдырмауға, нәтижелі жұмыс жүйесін жасауға және т.б мүмкіндік береді.

Зерттеу-шығармашылық -  педагогтың өз іс-әректін жетілдіре, дамыта түсуіне мүмкіндік беретін ізденіс жұмысы. Педагогтың зерттеушілік қызметі өзінің жеке зерттеу тақырыбы бойынша немесе оқушылардың ғылыми жұмыстарына басшылық жасау арқылы жүзеге асуы мүмкін.  

 

4.Педагогикалық іс-әрекет сапалық мәнге ие мамандықтың бір түрі болып табылады. Мұғалім еңбегінің ұйымдастырылуы мен мазмұны оның өз іс-әрекетіне деген шығармашылық қатынас деңгейі арқылы анықталады. Педагогтың іс-әрекетіндегі шығармашылық деңгей алдына қойған мақсаттарды шешудегі мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі арқылы анықталады. Сондықтан мұғалім мамандығының басты ерекшеліктерінің бірі шығармашылық сипат болып табылады. Мысалы, басқа да мамандық иелері (ғылым, техника, өнер т.б.) шығармашылық сипатқа ие болғанымен, олар жаңалық ашуға бағытталса, мұғалім мамандығы адамды дамытуға бағытталады.

Мұғалімінің шығармашылық мүмкінідігі жинақталған әлеуметтік тәжірибе, психологиялық-педагогикалық және пәндік білімдері, жаңа идеялар, дағды, іскерліктер арқылы анықталады.

Мұғалім шығармашылығы деп өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шеше алу процесін атауға болады.

Шығармашыл тұлғаның ерекше жеке іскерлік қасиеттерін ерекшелендіріп тұратын қасиеттерін креативтілік деп атаймыз.

Зерттеушілер Е.С.Громов және В.А.Мояко креативті іскерліктің мынадай белгілерін көрсетеді: ерекшелілік, эвристикалық, фантазия, белсенділік, анықтылық-нақтылық, сезімталдық және т.б.

Шығармашылық педагогқа бастамашылдық, дербестік, ойлау, сезіну, танымға деген құштарлық сияқты қасиеттерді меңгеруді қажет етеді.

 

 

 

 

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі

 

1. Педагогикалық кәсіби құзіреттілік ұғымы.

2. Педагогтың кәсіби құзіреттіліктің құрылымы.

3. Мұғалімнің теориялық дайындығының мазмұны

4. Мұғалімнің практикалық дайындығы

 

 

 

1. Педагогикалық мамандық бір уақытта өзгертуші әрі басқарушы ммандық болып табылады. Ал тұлғаның дамуын басқару үшін құзыретті болуы керек.

Құзыреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы  құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.

Ш.Таубаева: «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады.

«Құзыреттілік – білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін  сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері».   

Құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі деп педагогикалық іс-әрекетті атқару үшін оның теориялық және практикалық дайындығын және профессионализімін атайды. (В.А.Сластенин)

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы мүмкіндіктері. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалық теорияларды және оны практикада қолдануды білуі керек.

Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі (В.А.Мижериков).

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі үшін психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді меңгеруі керек, сонымен бірге ол білімдерін нақты бір ситуацияларды қолдан алуы қажет. кәсіби құзыреттілік мұғалімнің өз ісінде шебер болуын анықтайды деп айтуға болады.  

 

2. Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігін педагогикалық іскерліктер құрайды. Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығынан құралады. Ал мұғалімнің теориялық және практикалық дайындықтары педагогикалық іскерліктерден құралады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы

 

Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А.Сластенин).

Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің әр түрлі әрекетттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды (В.А. Мижериков).

Жоғарыда келтірілген сызбадан көріп отырғанымыздай мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі теориялық және практикалық дайындықтардан құралады. Теориялық дайындық өз кезегінде аналитикалық (талдау), болжау, жобалау, рефлексиялық іскерліктерден құралса, практикалық дайындық коммуникативтік және ұйымдастырушылық әскерліктерден тұрады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі үшін тек теориялық және практикалық дайындықтың болуы жеткіліксіз. Кәсіби құзіреттіліктің құрамын қолданбалы іскерліктер де толықтыра түседі. Оған шығармашылық іскерліктер – сурет салу, ән айту, музкалық аспаптарда ойнау, би билеу, спорт түрлерімен шұғылдану және т.с.с. іскеерліктер жатады. Әрине, педагогтың кәсіби құзыреттілігі тек аталған іскерліктер құрамымен анықталады деп айтуға болмайды.  

 

3. Мұғалімнің теориялық дайындығы педагогикалық ойлау іскерлігі түрінде көрінеді.

Педагогтың теориялық дайындығына:

-  Аналитикалық іскерлік;

-  Болжау іскерлігі;

-  Жобалау іскерлігі;

-  Рефлексивті іскерліктер кіреді.

Аналитикалық іскерлік мұғалімнің педагогикалық процесті талдауға бағытталған іскерлік түрі.

Аналитикалық іскерлік төмендегі іскерліктерден құралады:

-  Педагогикалық құбылыстарды талдай алу;

-  Зерттейтін құбылыстарға сәйкес пед.теорияларды, заңдылықтарды анықтау;

-  Педагогикалық құбылыстарды дұрыс болжай алу;

-  Негізгі педагогикалық міндеттерді құрастыру;

-  Міндеттерді тиімді шешу жолдарын анықтау

Болжау іскерлігі білім беру процесін басқарумен байланысты және ол басқару субъектісі мен күтілетін нәтижеге бағытталады.

Педагогикалық болжау педагогикалық процестің логикасы мен мәні туралы нақты білімге негізделеді.

Болжау іскерлігі құралады:

-  Білім берудің мақасаты мен міндеттерін анықтау;

Информация о работе Білім беру философиясы