Мемлкет және құқық туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 19:36, реферат

Краткое описание

«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың салаларын, олардың әдіс-тәсілдерін біліп түсінуге мүмкіндік беретін, пән. Сонымен қатар бұл пән қазіргі кезеңде қалыптасып келе жатқан мемлекеттің жаңа түрі құқықтық мемлекетті, оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге, бұндай мемлекттік дамудың демократия мен азаматтық қоғам орнатуға алғы шарттар жасауға көмектесетінін түсіндіретін қоғамдық пәннің бір саласы.

Содержание

1.Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі.
2.Мемлекет ұғымы, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері.
3.Құқық ұғымы, құрылымы, жүйесі және теориялық негіздері
4.Құқықтық норма, оның құрылымы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық лекция.docx

— 134.61 Кб (Скачать документ)

2. Жеке еңбек шарты  мен ұжымдық еңбек шарты және  оның мазмұны

Жалпы еңбек шарты деген түсінікті 3 түрлі мағынада қарастыруға болады: біріншіден, еңбек шарты дегеніміз – азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асыру жолы ретінде; екіншіден, еңбек шарты еңбек құқық қатынастарының пайда болу негізі болып табылады; үшіншіден, еңбек шарты - азаматтарды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босатуды реттейтін нормаларды біріктіретін еңбек құқығының институты. Сондай-ақ, еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес, оның өзгеруіне, жайылуына себепкер болады. Жеке еңбек шарты дегеніміз – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушіге белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген басқа да ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндеттенеді.( ЕК 24-бап) Еңбек шартын жасасу кезiнде құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiн бұзуға тыйым салынады. Жүктiлiк, үш жасқа дейiнгi балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектiк еңбек шартын жасасу құқығын шектей алмайды. жұмыс берушi еңбек жасаудан бас тартқан жағдайда, оның себебiн аталған адамдар санатының талабы бойынша жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi.  Еңбек шартын жасасу кезiнде құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiнiң бұзылу фактiсi анықталған жағдайда, жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады. (ЕК 24-бап) ҚР Еңбек кодексінің 28 бабында жеке еңбек шартының мазмұны анықталған. Онда:1) екі жақтың реквизиттері(жұмысшының аты жөні тұрғылықты жері, құжаттары негізінде;жұмыс берушінің атауы, орналасқан жері, мекен жайы,мемлекеттік тіркелу нөмірі т.б.) жазылады; 2)жұмысшының мамандығы, кәсібі, қызметі; 3) жұмыс орыны;4)жеке еңбек шартының мерзімі; 5) жұмыс уақыты мен демалыс уақыты; 6) жалақы мөлшері; 7) еңбек жағдайларына сипаттама; егер жұмыс ауыр немесе қауіпті болса кепілдіктер мен жеңілдіктер, 8) жұмысшының құқықтары мен міндеттері;9) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;10)кепілдіктер мен компенсациялық төлемдер , оларды төлеу тәртібі; 11)Еңбк шартына байланысты екі жақтың жауапкершілігі; Еңбек шартының мерзіміне қарай 1)белгілі мерзімге;2)белгілі бір жұмысты орындауға; 3)негізгі жұмысшыныі орнын уақытша ауыстыруға;4)мерзімдік жұмыстарға; 5) мерзімсіз(егер жасалу мерзімі көрсетілмесе); Жеке еңбек шартын 16 жасқа толған адамдармен жасасуға жол беріледі. Жеке еңбек шартының міндетіне сол шарттың мазмұнын құрайтын еңбек жағдайлары, еңбек орны, қызмет түрі, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, жұмысшының еңбек ақысы жатады. Ал қосымша жағдайларға қызметкер иен жұмыс берушінің қосымша тілектерінен туындаған жағдайлар жатқызылады. Мысалға сынақ мерзімін тағайындау немесе коммерциялық құпияны сақтау міндеті. Еңбек шартында қызметкердiң тапсырылатын жұмысқа бiлiктiлiгiнiң сәйкестiгiн тексеру мақсатымен сынақ мерзiмi туралы талап белгiленуi мүмкiн. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзiмiнсiз қабылданды деп есептеледң. Сынақ мерзiмi қызметкердiң жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауға тиiс. Жеке еңбек шартын жасасу барысында жұмыс беруші қызметкерден еңбек қатынасын, жеке басының куәлігін, білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжаттарын талап етуге құқылы. Ал жеке еңбек шартын тараптардың еркіне байланысты емес, мынадай мән-жайларда бұзуы  ҚР ЕК 59 бабында көрсетілген: 1)қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде немесе құжатын көрсеткенде;қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда; 2)қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған жағдайда; 3)сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда тоқтатылуы тиіс. Жеке еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша Еңбек кодексінің 54-бабында көрсетілгендей мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:

1) жұмыс берушi - заңды тұлға  таратылған не жұмыс берушi - жеке  тұлғаның қызметi тоқтатылған кезде;      2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған;

3)бiлiктiлiгiнiң жетiспеуi салдарынан  қызметкер атқарып жүрген лауазымына  немесе орындайтын жұмысына сәйкес  келмеген; 

4) өзiнiң жұмысын жалғастыруына  денсаулық жағдайының кедергi келтiруi салдарынан қызметкер атқаратын  лауазымына немесе орындайтын  жұмысына сәйкес келмеген;

5)сынақ мерзiмi кезеңiнде жұмыс  нәтижесi дұрыс болмаған;

6) қызметкер бiр жұмыс күнi (жұмыс  ауысымы) iшiнде дәлелдi себепсiз үш  және одан да көп сағат бойы  жұмыста болмаған; 

7)қызметкер жұмыста алкогольдiк, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық  масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында  болған, оның iшiнде жұмыс күнi iшiнде  алкогольдiк, нашақорлық, уытқұмарлық  масаңдық (соларға ұқсас) жағдай  туғызатын заттарды пайдаланған;

8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды  қоса алғанда, ауыр зардаптарға  әкеп соққан немесе соғуы мүмкiн, еңбектi қорғау немесе өрт қауiпсiздiгi не көлiктегi жүру қауiпсiздiгi ережелерiн  бұзған;

9)қызметкердiң жұмыс орнында  басқаның мүлкiн ұрлау (оның iшiнде  ұсақ ұрлық), оны қасақана жою  немесе бүлдiру әрекетi заңды күшiне  енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен  анықталған;

10)ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға  қызмет көрсететiн қызметкердiң  кiнәлi әрекеттер жасауы немесе  әрекетсiздiгi, егер бұл әрекеттер  немесе әрекетсiздiк жұмыс берушiнiң  тарапынан оған деген сенiмнiң  жоғалуына негiз болса;

11)тәрбиелiк функциялар атқаратын  қызметкер осы жұмысын жалғастырумен  сыйыспайтын, адамгершiлiкке жат  қылықтар жасаған;

12)қызметкер еңбек мiндеттерiн  атқаруға байланысты өзiне мәлiм  болған мемлекеттiк құпияларды  және заңмен қорғалатын өзге  де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткен;

13) егер тәртiптiк жазасы бар  қызметкер еңбек мiндеттерiн дәлелдi себепсiз қайталап орындамаған  немесе тиiсiнше орындамаған;Өндiрiстiк  жарақат алуына немесе кәсiптiк  ауруға шалдығуына байланысты  еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылған  қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабiлеттiлiгi қалпына келгенге  дейiн немесе мүгедектiк белгiленгенге  дейiн сақталады

Жеке еңбек шартының бекітілу мерзімі:1)белгілі мерзімге; 2)белгісіз мерзімге; 3)белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалады

Жұмыс уақыты дегеніміз - қызметкердің еңбек міндеттерін орындау   барысындағы уақыты. Еңбек заңына сәйкес жұмыс уақыты қалыпты қысқартылған және мерзімінен тыс жұмыс уақыттары болып үш түрге бөлінеді. ЕК 76- бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. 14- жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан, 16 жастан 18 жасқа дейінгілер үшін 36 сағаттан аспайтын, және ауыр дене жұмыстарында, зиянды жұмыстарда істейтіндер үшін аптасына 36 сағат жұмыс уақыты белгіленген. Демалыс уақыт дегеніміз - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан босатылған өз еркімен пайдаланылатын күн сайынғы уақыты. Заңмен демалыс уақытының мынандай түрлері белгіленген: 1) жұмыс кезіндегі үзіліс (бір сағаттан аем болмауы тиіс) 2)  күн сайынғы демалыс; (жұмыс біткеннен келесі күнгі жұмысқа шейін 12 сағаттан кем болмауы керек) 3) апта сайынғы демалыс; 4) мерекелік күндер; 5) ақы төленетін жыл сайынғы демалыс; 6) жалақы сақталмайтын демалыстар; 6) жүктілігі мен босануға байланысты демалыс; 8)бір жарым жасқа дейінгі балалары бар аналар үшін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс (ЕК 92 б.); 9) оқу демалысы Ақылы демалыс 24 календарлық  күнен кем болмауы керек. (ЕК 101 –бабы)

Жалақы жеке еңбек шартының негізінде орындалған қызметкердің еңбегі үшін төленетін міндетті ақы (ҚР ЕК 120-бабы) Жалақы мөлшері заңда көрсетілген ең төмен жалақыдан кем болмауы тиіс (ҚР ЕК 121 бабы)ең төмен жалақының мөлшері, сыйақы, қосымша төлемдерді қоспағанда ең төменгі күнкөріс деңгейңнен кем болмауы керек. Ең төменгі жалақы және күнкөріс деңгейін ҚБюджеті туралы жыл сайынғы заңымен белгіленеді (ҚР ЕК 122 бабы) Еңбекке ақы төлеудін екі жүйесі бар. Олар: мерзімді және кесімді жалақы. Еңбекке мерзімді жалақы төлеу іс жүзінде жұмыс істелген уақыт пен оның тарифтік ставкасына (айлық ақысына) байланысты болады. Тарифтік ставкалар, кестелер, тарифтік біліктілік анықтамалары тарифтік жүйенің элементтерін құрайды. Кесімді жалақы- дайындалған бұйымджар немесе жасалған опреациялар санына сәйкес кесімді бағалар бойынша қызметкердің жұмысына ақы төлеу жүйесі. Еңбекақы төлеудің мерзімді және кесімді жүйелері еңбектің сыйлықақы жүйесімен толықтырылуы мүмкін. Ол ынталандырушы роль атқарады.

3.Еңбек даулары, оны құқықтық  реттеу.

Еңбек даулдары- еңбек жағдайларын белгілеу, еңбек шартын жасау,еңбек заңдары нормаларын қолдану мәселелері бойынша еңбек құқығы субъектілерінің арасындағы келіспеушіліктер туғызатын даулар.     Жеке еңбек дауларын келiсiм комиссиялары және (немесе) соттар қарайды. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтiнiшi бойынша келiсiм комиссиясы қарайды. Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшiн өз қалауы бойынша тiкелей сотқа жүгiне алады. (ЕК 170-бап).Келiсу комиссиясы тепе-теңдiк негiзiнде жұмыс берушiнiң және қызметкерлердiң өкiлдерiнiң бiрдей санынан құрылады. Келiсу комиссиясының  сандық құрамы, оның жұмыс iстеу тәртiбi және келiсiм комиссиясы өкiлеттiгiнiң мерзiмi жұмыс берушi мен қызметкерлердiң арасындағы келiсiм бойынша қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) белгiленедi (ЕК171-бап). Комиссия арыз берушінің өтнішін үш күн мерзім ішінде қарап шешім қабылдайды. Шешім қабылданғаннан бастап үш күн ішінде орындалуы керек. Еңбек дауларын сотта қарау ҚР заңдарынмен белгіленеді. Ұжымдық келiссөздер жүргiзу және ұжымдық шарттың жобасын әзiрлеу үшiн тараптар тепе-тең негiзде комиссия құрады. Комиссия мүшелерiнiң саны, оның жеке құрамы, жобаны әзiрлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзiмдерi тараптар келiсiмiмен айқындаладыЖұмыс берушi тараптардың келiсiмi бойынша ұжымдық шартты әзiрлеу мен жасасу үшiн қажеттi жағдай жасауды қамтамасыз етедi.(ЕК 282- бап). Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзiмге жасалады.      284-бабында. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы айқындалған     тараптар айқындалған.Ұжымдық шартқа: 
1)еңбекке ақы төлеудi нормалау, оның нысандары, жүйелерi, қызметкерлерге, оның iшiнде ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге тарифтiк ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшерi туралы; 
2) еңбекке ақы төлеудi индекстеу туралы, жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерiн төлеу туралы, оның iшiнде жазатайым оқиғалар кезiндегi қосымша өтемақылар туралы; 
3) тиiстi мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгi жалақысы мөлшерлерiнiң арасындағы жол берiлетiн арақатынас туралы;                                                             4) разрядаралық коэффициенттердi белгiлеу туралы;5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы; 6) салауатты және қауiпсiз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауiпсiздiгi  және еңбектi қорғау денсаулық сақтауды жақсарту туралы, қызметкерлердi және олардың отбасы мүшелерiн медициналық сақтандыру кепiлдiктерi туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы; 
7) тиiстi саланың разрядаралық коэффициенттерiн белгiлеу туралы ережелер енгiзiлуге тиiс. 
 Ұжымдықшартқа:  1) еңбектi ұйымдастыруды жақсарту және өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру туралы; 
 2)еңбек тәртiптемесi мен еңбек тәртiбiн реттеу туралы; 
 3) босатылатын қызметкерлердiң жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету туралы; 
4) жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер мен жеңiлдiктер туралы; 
5) қызметкерлердiң тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы; 
6) қызметкерлердi сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың тынығуы туралы; 
7) кәсiподақ мүшелерi болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзған кезде ұйымның кәсiподақ органының дәлелдi пiкiрiн ескерудiң тәртiбi туралы;8) кәсiподақ органына сайланған қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер туралы; 
 9) қызметкерлердiң өкiлдерi қызметiн жүзеге асыруға арналған талаптар туралы; 
10) кәсiподақ қызметi үшiн жағдай жасау туралы; 
11) қызметкерлердi сақтандыру туралы; 
12) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы;                                                                                                                                                        13) еңбек шарттарын ереуiлдi желеу етiп жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуды болдырмау туралы; 
14) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерi келтiрген залал үшiн жауаптылығы туралы; 
15) тараптардың ұжымдық шартты орындауға жауаптылығы туралы; 
16) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы; 
17) тараптар айқындаған басқа да мәселелер бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiнiң өзара мiндеттемелерi енгiзiлуi мүмкiн. 
 Ұжымдық еңбек даулары бiтiмгерлiк рәсiмдер тәртiбiмен және (немесе) сот тәртiбiмен шешiледi. Жұмыс берушi қызметкерлердiң қойған талаптарын алған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей қарауға және оларды шешу үшiн шаралар қолдануға, ал шешуге мүмкiндiк болмаған кезде туындаған келiспеушiлiктердi одан әрi қарау үшiн өз өкiлдерiн көрсете отырып, өздерiнiң шешiмдерi мен ұсыныстарын аталған мерзiм iшiнде қызметкерлерге жазбаша түрде жеткiзуге мiндеттi.(ЕК 290-бап)                                                                                                                      1)Ұжымдық еңбек дауларын бітімгерлік комиссияда қарау. Бiтiмгерлiк комиссиясын тараптар жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) өз шешiмiн қызметкерлерге (олардың өкiлдерiне) хабарлаған не хабарламаған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде құрады. Бiтiмгерлiк комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнен тепе-тең негiзде құрылады. Бiтiмгерлiк комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс берушiнiң актiсiмен және қызметкерлер өкiлдерiнiң шешiмiмен ресiмделедi.Бiтiмгерлiк комиссиясы құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын қарайды.Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және оның тараптар үшiн мiндеттi күшi болады.(292 бап) 
Бiтiмгерлiк комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмегенде, оның жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшiн еңбек арбитражы құрылады.

2) Еңбек дауын еңбек арбитражында қарау. Ұжымдық Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бiтiмгерлiк комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық, салалық немесе өңiрлiк комиссия мүшелерiнiң қатысуымен құрады. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қараудың тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Еңбек арбитражы кемiнде бес адамнан құрылуға тиiс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, мемлекеттiк еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар енгiзiледi. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелерi қатарынан сайлайды. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделi адамдар өкiлдерiнiң де қатысуымен қарайды. Дауды қарау рәсiмiн еңбек арбитражы белгiлейдi және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткiзедi.Еңбек арбитражының шешiмi құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрiлмей арбитраж мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Шешiм дәлелдi әрi жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерiнiң барлығы қол қоюға тиiс.Бiтiмгерлiк комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмiне қол жеткiзiлмеген кезде, заң бойынша ереуiлдер өткiзу тыйым салынған немесе шектелген ұйымдарда, еңбек арбитражы мiндеттi түрде құрылуға тиiс.Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешiмiн орындауға мiндеттi болады.(ЕК 293 бап).                                           

3)Ұжымдық еңбек дауын делдалдың  қатысуымен қарау .Тараптар өздерiне  қатысты тәуелсiз ұйымдар мен  тұлғаларды делдал ретiнде белгiлейдi. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу  жөнiндегi республикалық, салалық, өңiрлiк  комиссиялар ұжымдық еңбек дауы  тараптарының келiсiмiмен ұжымдық  еңбек дауларын реттеу жөнiндегi жұмысқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, қауымдастықтардың  және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң  басшылары мен қызметкерлерiн, жұмыс  берушiлердi, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды  тарта алады. Делдалды таңдау  жағдайларының бәрiнде олардан  делдалдық етуге жазбаша келiсiм  алынуға тиiс. Ұжымдық еңбек дауының  тараптары арасында дауды делдалдың  қатысуымен немесе онсыз шешу  туралы келiсiмге қол жеткiзiлген  барлық жағдайларда аяқталмай  қалған бiтiмгерлiк рәсiмдерi тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келiсiмнiң  талаптары дауды шешудiң талаптары  деп есептеледi.Ұжымдық еңбек  дауының тараптары қол жеткiзген  келiсiмдер жазбаша түрде рәсiмделедi. Тараптар арасында даудың шешiлуi туралы келiсiмге қол жеткiзу, егер  ереуiл жарияланған болса, оның  тоқтатылуына әкеп соғады.(ЕК 295 бап) Егер бiтiмгерлiк рәсiмдер арқылы  ұжымдық еңбек дауын шешуге  қол жеткiзiлмесе, сондай-ақ жұмыс  берушi бiтiмгерлiк рәсiмдерден жалтарған  не ұжымдық еңбек дауын шешу  барысында қол жеткiзiлген келiсiмдi орындамаған жағдайларда қызметкерлер  ереуiл өткiзу туралы шешiм қабылдай  алады.(298 бап). Ереуiл өткiзу жөнiндегi шешiм қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) жиналысында (конференциясында) ұйым қызметкерлерi жалпы санының кемiнде жартысы болғанда қабылданады және жиналысқа (конференцияға) қатысушылардың кемiнде үштен екiсi сол үшiн дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледi. Ереуiлдi қызметкерлер (олардың өкiлдерi) уәкiлеттiк берген орган (ереуiл комитетi) басқарады.Ереуiлге қатысу ерiктi болып табылады. Ешкiмдi ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды. Қызметкерлердi ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлейтiн тұлғалар Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады. қызметкерлердiң ереуiл кезiндегi жалақысы сақталмайды. Ереуiл өткiзу кезеңiнде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды бiтiмгерлiк рәсiмдер жүргiзу жолымен шешудi жалғастыруға мiндеттi.(ЕК 301 бап).

4.Азаматтардың әлеуметтік  қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік  қамсыздандырудың түрлері

Әлеуметтіәк қамсыздандыру құқығы- еңбекке қабілетсіз азаматтарға материалдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ олармен тығыз байланыстызаңдық фактілерді анықтау мен дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатнастарын реттейтін құқық саласы. әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәнін азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру барысындағы қалыптасатын құқықтық қатнастар; Зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер мен түрлі қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері болып табылады.Әлеуметтік қамсыздандыру азаматтарды қартайғанда және еңбекке қабілетсіз болған жағдайдақамсыздандырумен, аналар мен балаларға қамқорлық жасаумен, азаматтарды сауықтыру мен профилактикадан өткізу негізінде еңбекке қабілеттілігін қалпына келтірумен байланысты мем лекет жүргізіп отырған әлеуметтік- экономикалық шаралардың жиынтығы болып табылады. Әлеуметтік қамсыөдандыру құқығының принциптарі:

1)Қамсыздандырудың жалпыға бірдейлігі;

2)Оның түрлерінің жан-жақтылығы  және алуан түрлілігі;

3)азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру  құқығын қорғау;

4)Мемлекеттік бюджет және өзге  ды түсімдер есебінен қамсыздандыру;

5)Еңбек үлесінің миөлеріне,мұқтаждығына  және әлеуметтік маңызы бар  факторларға байланыстыәлеуметтік  қамсыздандырудың жағдайлары мен  деңгейлерін саралау;

6) Еңбекке қабілетті жастағы  әрбір азаматтың зейнатақыны  жинақтауға міндетті түрде қатысуы;

7) Әрбір азаматтың ерікті қосымша  зейнетақылық қамсыздандыруға құқығы;

Аталған принциптердің жүзеге асырылуы өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан сияқты мемлекеттің әлеуметтік саясатының кемелдігін айқындайды.

Әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатнастарға:

1) қамсыздандырудың жекеленген  түрлері бойынша құқықтық қатнастар;

2) зейнетақылық (ынтымақтастық және  жинақтаушы зейнетақы жүйелері)

3)жәрдемақылар және өтемдік  төлемдер бойынша) уақытша еңбекке  қабілетсіздік бойынша жәрдемақылар,мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақылар),;

4) әлеуметтік қызмет көрсету  бойынша (мүгедектерді оқыту мен  жұмысқа орналастыру);  Әлеуметтік  қамтамасыз ету құқықтық қатнастарының  ерекшелігі олар олар күрделі  заңды құқықтан туындайды 1) заңдық  фактілер негізінде (зейнеткерлік  жас, еңбекке қабілеттіліктен айрылу  т. б.);

2)оған ие адамның өз қалауын  білдіруі;  3)құзіретті органдардыңқамсыздандыру  түрін тағайындау туралы актісі;

 Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері:

1.Зейнетақылар. Зейнетақымен қамсыздандыру 1997 жылғы20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»заңына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру үш түрге бөлінеді: 1) мемлекеттік зейнетақы (зейнетақы жөніндегі орталықтан төленеді) 2)мемлекеттік емес )жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленеді) 3) әскери қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы; Аталған заң бойынша мүгедектігі бойцынша және асыраушысынане айрылуына байланысты әлеуметтік зейнетақылар жасына байланысты зейнетақылар тағайындалған.

Информация о работе Мемлкет және құқық туралы түсінік